Инфоурок Математика Конспекты«Бағдаршам еліне саяхат». открытое организованная учебная деятельность

«Бағдаршам еліне саяхат». открытое организованная учебная деятельность

Скачать материал

 

 

 

 

 

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

                          Тақырыбы: «Бағдаршам еліне саяхат».

                          Орал қаласы №9 «Еркемай» бөбекжайы тәрбиешісі

                                                         Байзуллина Әсел  М

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу  іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы:Вариативтік компонент.

Бөлімі: ӨҚН.

Тақырыбы:Бағдаршам еліне саяхат.

Мақсаты:Жаяу жүргіншілердің жолаушылардың және жүргізушілердің 

жол ережесін нақты білу керектігі туралы балалардың білімдерін бекіту.

Көлік түрлерін ажырата білу.Үш тілде санауға үйрету.Балалардың ойлау қабілеттерін арттыру.

Алдын-ала жұмыс: «Жол қозғалыс ережелерін үйренеміз атты көркем әдебиет оқу.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,ойын.

Қажетті көрнекті құралдар:автобус макеті,көлік түрлері жердің,судың,ауаның суреттері,жол белгілері,ала жолға қажетті қағаздар,интерактивтік тақта.

Қостілдік компонент:Жол белгілері-дорожных знаки,бағдаршам-светафор

-Сәлеметсіздер ме,қонақтар!

-Здаствуйте!

 -Good morning                            

 Шаттық шеңбері:

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға,

Ойынымызды бастаймыз сәлемменен.

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде мен сіздерді саяхат жасауға шақырамын.Бұл үшін автобусқа отыруымыз қажет.Тез жету үшін бірге ән айтайық.   Жүргізуші  баламыз,               Басқышты  біз  басамыз,

          Шырқап  әнге  саламыз.                 Асулардан  асамыз,

         Сақтықпенен  жайменен,                 Ережені   сақтаймыз.

        Автобусты  айдаймыз                        Аялдамада   тоқтаймыз.

                                  Бағдаршамда сақтықпен

                                  Жасыл  жанса  айдаймыз.

                                  Сары  жанса  дайындалып

                                  Қызыл  жанса  тоқтаймыз.

-Балалар міне бәріміз «Бағдаршамдар еліне келдік.Бұл барлық адамдармен қатар балалардыңда  жол қозғалыс ережелерін біліп,оны күнделікті қолдану елі.-Айтыңдаршы жол қозғалыс ережесі не үшін  және кімдерге керек. Адамдарға керек.Қалай ойлайсыңдар,неліктен Бағдаршамдарда жол оқиғалары болмайды.

–Олар жол қозғалыс ережелерін сақтайды.

Осы елдің құрметті  тұрғыны болу үшін бірнеше қиын тапсырмаларды орындауға тура келеді.Солардың бірі мына тапсырма !Слайд  көрсету.

1.«Көлік түрлерін ажырат».а)-Қараңыздар мынау көлік түрлері.Осы көлік түрлерін қайда жүретінін ажыратуымыз керек .Көлік түрлерін және қай жерде жүретінін атап айту. ә) –Бұл суретте қандай көлік түрлері жетіспейді. б)-Мына суретте ертегілер кейіпкерлері олар қандай көлік түрлерімен жүрген.-Жарайсыңдар ,балалар  алғашқы  тапсырманы сәтті орындадыңдар.Енді ары қарай жүру үшін өткінші жолдан өту керек.Балалар жолдың қай жерінен өтуге болады?-Жаяу жүргіншілер өтетін жолдан жүруге болады. Мен ешқандай   жаяу  жүргіншілер жолын көріп тұрған жоқпын,оны өзіміз жасап алайықшы.- Кім біледі,жаяу жүргіншілер жолын қалай ажыратуға болады?- Ақ жолақ.-Балалар ақ жолақтарды алып ала жол жасайдыБұл жерде жаяу жүргіншілердің жолы бар екенін білу үшін белгі орнатамыз. -Бұл жерде көптеген белгілер бар,маған керектісін таңдауға көмек беріңдер!                          

2.Тапсырма: «Керекті белгіні таңда!» Тәрбиеші белгілерді көрсетеді,балалар оларды атайды,керегін таңдайды.      

 –Енді міне алға батылдықпен жүруге болады!                

 -Балалар келесі тапсырманы орындау үшін жұмбақ шешейік. 

 Бұйырмапты бас та,

 Ауызда да,құлақ та,

 Бақырайған үш көзі бар, бірақта   

 Бұл не екен балалар ?     

Бағдаршам-светофор-traffic light.    

 –Бағдаршамның неше көзі бар?       

  Бір,екі,үш,     

  Один,два,три,

  One, two, three.  

–Бағдаршам түстерін атайықшы?      

-Қызыл,сары,жасыл.

-Красный,желтый,зеленый .                

 –Red ,yellow ,green .                                                      

3.-Балалар ендеше бағдаршам туралы ертегі тыңдайық.

Ертеде бір қалада қызыл,сары және жасыл түсті үш көзі бар бағдаршам өмір сүріпті.Бірде осы үш көз қайсымыз ең маңызды екенбіз деп  өзара таласқа түседі.-Мен қызылмын,ең маңыздымын. Мені адамдар көрсе-алдында қауіп төніп тұрғанын біледі.

-Жоқ,-сары ең маңызды менмін.-Мен   «Тоқтаңдар»! «Асықпаңдар»! деген ескету беремін.          

 –Сендер не деп тұрсыңдар,-деді жасыл.Жасыл түс-мен ең маңызды.Мен сіздерге қауіпсіздік пен тыныштықты еске саламын.           

Олардың тартысқа түскені соншалық  қатты болып,сынып, жан-жаққа шашылып қалады.                  

 Ал бағдаршам оларды шақырып өтінді. –Достарым,келіңдер маған.     Сендер мен үшін өте маңыздысыңдар.Егер  бәріміз бірге болсақ онда қала жолдарында тәртіп  болады.         

Сергіту жаттығуы.Балалар музыкамен қимылдар жасайды.

-Сөйтіп бағдаршамдар көзі ажырамастай дос болыпты.

-Балалар орындарына отырады.                                                                                                  

4.-Кәне балалар Бағдаршамдар елінің тұрғындарына барлық бағдаршамдарды керекті түстерге бояп  көмектесейік. (Балалар үстелге отырып бағдаршамдарды  бояйды).Бағдаршам туралы көңілді ән қосылады.

 –Енді айтыңдаршы бағдаршамның әр белгісі нені білдіреді.

      Қызыл-тоқта. 

      Сары-күт.

      Жасыл-жүр.

Балалар  мен сендерге  жұмбақ жасырамын, тыңдаңдар.

           Алатаяқ  ұстаған ,

          Жол  тәртібін  нұсқаған.

          Өміріңді    күзеткен,

Ысқырығы  күшті  адам.  ( МАЙ  қызметкері).

-Балалар бүгінгі біздің оқу іс-әрекетімізге  « МАЙ қызметкері» келді.Бізге әкелген тапсырмасы бар екен.(Интерактивтік тақтадан суреттер көрсетеді).

-Балалар суреттен дұрыс және бұрыс  суретті табу.  

-Балалар суретке байланысты тақпақтар айтады. 

1.

 Жол көліктің жүрегіМашинадан қаш мына.                   Машина көп жүреді.

  Түсіп кетпе асығып,                        «Қауіп жоқ»-деп ойлама,

  Дөңгелектің астына.                         Жолда футбол ойнама.

5.Ата-ананың сенімін,                        6.Жол тәртібін білеміз,

Еске ұстап  ақтай біл.                            Сол жағынан жүреміз.

Жолдан өтер жаяудың,                         Қарсы келе жатқан көп,

Ережесін сақтай біл!                             Машинаны көреміз.

7.Көшенің тар соқпағы,                        8.Жұмысына таң қалған,

 Құлағыңды асырма                                  Көшеде бар  бағдаршам.

Тежегішпен тоқтады ,                               Қалып жүрме алаңдап,

Зулап келген машина                                Қызыл шам жанса  «жол жабық»,

Ұқыптырақ болсаңшы,                              Сонда болсын ойың бар,

Аман қалған бақытты                                Сары шам жанса «дайындал»,

 Бізге ескертті жол сақшы                        Шаталады білмеген,

«Үнемдеме» уақытты.                               Жасыл жанса  «жүр»деген.

  9.Ештеңе жоқ алаңдар,                             Жол шетінде тұратын,

     Өте берер адамдар,                                Жол белгіге қараңдар.

МАЙ қызметкері: -Міне балалар сіздер барлық тапсырманы жақсы орындадыңдар.Мен сендерді  «Бағдаршамдар елінің құрметті тұрғындары» арнайы төсбелгімен марапаттаймын.(балаларға төсбелгіні үлестіреді.) 

МАЙ қызметкері:Балалар жолда апатқа ұшырамау үшін жаяу жүргінші де, жүргізушілер де жол ережесін сақтау керек,есте сақтаңдар.Сау болыңдар. Тәрбиеші: -Балалар енді бізде Бағдаршамдар еліне кіретін рұқсат қағазы бар.

Сабақты қортындылау.

-Балалар біз қайда саяхатқа бардық?

-Бағдаршамдар еліне.

-Сендерге тапсырмалар ұнады ма?

-Жолдан өтерде қайда қарап өтуіміз керек?

-Бағдаршамға.

-Адамдар қандай жолдан өтуге болады?

Жаяу жүргіншілер жолынан өту керек.

-Міне біздің саяхатымыз аяқталды.Қонақтармен қоштасарда:

 «Жол ережесін білу әрбір адамның міндеті»!-дегіміз келеді.

    -Біздің балабақшаға оралатын кезіміз болды.( балалар  автобусқа отырып,     «Жол жүргізушілер жыры» әнін орындайды).

-Сау болыңыздар!

-До свидания!

-Good bye!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Бағдаршам еліне саяхат». открытое организованная учебная деятельность"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Интернет-маркетолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Тақырыбы: «Бағдаршам еліне саяхат». Орал қаласы №9 «Еркемай» бөбекжайы тәрбиешісі Байзуллина Әсел МҰйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.Білім беру саласы:Вариативтік компонент.Бөлімі: ӨҚН.Тақырыбы:Бағдаршам еліне саяхат.Мақсаты:Жаяу жүргіншілердің жолаушылардың және жүргізушілердің жол ережесін нақты білу керектігі туралы балалардың білімдерін бекіту.Көлік түрлерін ажырата білу.Үш тілде санауға үйрету.Балалардың ойлау қабілеттерін арттыру.Алдын-ала жұмыс: «Жол қозғалыс ережелерін үйренеміз атты көркем әдебиет оқу.Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,ойын.Қажетті көрнекті құралдар:автобус макеті,көлік түрлері жердің,судың,ауаның суреттері,жол белгілері,ала жолға қажетті қағаздар,интерактивтік тақта.Қостілдік компонент:Жол белгілері-дорожных знаки,бағдаршам-светафор-Сәлеметсіздер ме,қонақтар!-Здаствуйте! -Good morning Шаттық шеңбері:Жалғайтын достастырып бар елменен,Жолдардан тұрады ғой әлем деген.Бүгінгі бізге келген қонақтарға,Ойынымызды бастаймыз сәлемменен.Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде мен сіздерді саяхат жасауға шақырамын.Бұл үшін автобусқа отыруымыз қажет.Тез жету үшін бірге ән айтайық. Жүргізуші баламыз, Басқышты біз басамыз, Шырқап әнге саламыз. Асулардан асамыз, Сақтықпенен жайменен, Ережені сақтаймыз. Автобусты айдаймыз Аялдамада тоқтаймыз. Бағдаршамда сақтықпен Жасыл жанса айдаймыз. Сары жанса дайындалып Қызыл жанса тоқтаймыз.-Балалар міне бәріміз «Бағдаршамдар еліне келдік.Бұл барлық адамдармен қатар балалардыңда жол қозғалыс ережелерін біліп,оны күнделікті қолдану елі.-Айтыңдаршы жол қозғалыс ережесі не үшін және кімдерге керек. Адамдарға керек.Қалай ойлайсыңдар,неліктен Бағдаршамдарда жол оқиғалары болмайды.–Олар жол қозғалыс ережелерін сақтайды.Осы елдің құрметті тұрғыны болу үшін бірнеше қиын тапсырмаларды орындауға тура келеді.Солардың бірі мына тапсырма !Слайд көрсету.1.«Көлік түрлерін ажырат».а)-Қараңыздар мынау көлік түрлері.Осы көлік түрлерін қайда жүретінін ажыратуымыз керек .Көлік түрлерін және қай жерде жүретінін атап айту. ә) –Бұл суретте қандай көлік түрлері жетіспейді. б)-Мына суретте ертегілер кейіпкерлері олар қандай көлік түрлерімен жүрген.-Жарайсыңдар ,балалар алғашқы тапсырманы сәтті орындадыңдар.Енді ары қарай жүру үшін өткінші жолдан өту керек.Балалар жолдың қай жерінен өтуге болады?-Жаяу жүргіншілер өтетін жолдан жүруге болады. Мен ешқандай жаяу жүргіншілер жолын көріп тұрған жоқпын,оны өзіміз жасап алайықшы.- Кім біледі,жаяу жүргіншілер жолын қалай ажыратуға болады?- Ақ жолақ.-Балалар ақ жолақтарды алып ала жол жасайды. Бұл жерде жаяу жүргіншілердің жолы бар екенін білу үшін белгі орнатамыз. -Бұл жерде көптеген белгілер бар,маған керектісін таңдауға көмек беріңдер! 2.Тапсырма: «Керекті белгіні таңда!» Тәрбиеші белгілерді көрсетеді,балалар оларды атайды,керегін таңдайды. –Енді міне алға батылдықпен жүруге болады! -Балалар келесі тапсырманы орындау үшін жұмбақ шешейік. Бұйырмапты бас та, Ауызда да,құлақ та, Бақырайған үш көзі бар, бірақта Бұл не екен балалар ? Бағдаршам-светофор-traffic light. –Бағдаршамның неше көзі бар? Бір,екі,үш, Один,два,три, One, two, three. –Бағдаршам түстерін атайықшы? -Қызыл,сары,жасыл. -Красный,желтый,зеленый . –Red ,yellow ,green . 3.-Балалар ендеше бағдаршам туралы ертегі тыңдайық.Ертеде бір қалада қызыл,сары және жасыл түсті үш көзі бар бағдаршам өмір сүріпті.Бірде осы үш көз қайсымыз ең маңызды екенбіз деп өзара таласқа түседі.-Мен қызылмын,ең маңыздымын. Мені адамдар көрсе-алдында қауіп төніп тұрғанын біледі.-Жоқ,-сары ең маңызды менмін.-Мен «Тоқтаңдар»! «Асықпаңдар»! деген ескету беремін. –Сендер не деп тұрсыңдар,-деді жасыл.Жасыл түс-мен ең маңызды.Мен сіздерге қауіпсіздік пен тыныштықты еске саламын. Олардың тартысқа түскені соншалық қатты болып,сынып, жан-жаққа шашылып қалады. Ал бағдаршам оларды шақырып өтінді. –Достарым,келіңдер маған. Сендер мен үшін өте маңыздысыңдар.Егер бәріміз бірге болсақ онда қала жолдарында тәртіп болады. –Сергіту жаттығуы.Балалар музыкамен қимылдар жасайды.-Сөйтіп бағдаршамдар көзі ажырамастай дос болыпты.-Балалар орындарына отырады. 4.-Кәне балалар Бағдаршамдар елінің тұрғындарына барлық бағдаршамдарды керекті түстерге бояп көмектесейік. (Балалар үстелге отырып бағдаршамдарды бояйды).Бағдаршам туралы көңілді ән қосылады. –Енді айтыңдаршы бағдаршамның әр белгісі нені білдіреді. Қызыл-тоқта. Сары-күт. Жасыл-жүр.Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, тыңдаңдар. Алатаяқ ұстаған , Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен,Ысқырығы күшті адам. ( МАЙ қызметкері).-Балалар бүгінгі біздің оқу іс-әрекетімізге « МАЙ қызметкері» келді.Бізге әкелген тапсырмасы бар екен.(Интерактивтік тақтадан суреттер көрсетеді).-Балалар суреттен дұрыс және бұрыс суретті табу. -Балалар суретке байланысты тақпақтар айтады. 1. Жол көліктің жүрегіМашинадан қаш мына. Машина көп жүреді. Түсіп кетпе асығып, «Қауіп жоқ»-деп ойлама, Дөңгелектің астына. Жолда футбол ойнама.5.Ата-ананың сенімін, 6.Жол тәртібін білеміз,Еске ұстап ақтай біл. Сол жағынан жүреміз.Жолдан өтер жаяудың, Қарсы келе жатқан көп,Ережесін сақтай біл! Машинаны көреміз.7.Көшенің тар соқпағы, 8.Жұмысына таң қалған, Құлағыңды асырма Көшеде бар бағдаршам.Тежегішпен тоқтады , Қалып жүрме алаңдап,Зулап келген машина Қызыл шам жанса «жол жабық»,Ұқыптырақ болсаңшы, Сонда болсын ойың бар,Аман қалған бақытты Сары шам жанса «дайындал», Бізге ескертті жол сақшы Шаталады білмеген,«Үнемдеме» уақытты. Жасыл жанса «жүр»деген. 9.Ештеңе жоқ алаңдар, Жол шетінде тұратын, Өте берер адамдар, Жол белгіге қараңдар.МАЙ қызметкері: -Міне балалар сіздер барлық тапсырманы жақсы орындадыңдар.Мен сендерді «Бағдаршамдар елінің құрметті тұрғындары» арнайы төсбелгімен марапаттаймын.(балаларға төсбелгіні үлестіреді.) МАЙ қызметкері:Балалар жолда апатқа ұшырамау үшін жаяу жүргінші де, жүргізушілер де жол ережесін сақтау керек,есте сақтаңдар.Сау болыңдар. Тәрбиеші: -Балалар енді бізде Бағдаршамдар еліне кіретін рұқсат қағазы бар.Сабақты қортындылау.-Балалар біз қайда саяхатқа бардық?-Бағдаршамдар еліне.-Сендерге тапсырмалар ұнады ма?-Жолдан өтерде қайда қарап өтуіміз керек?-Бағдаршамға.-Адамдар қандай жолдан өтуге болады?Жаяу жүргіншілер жолынан өту керек.-Міне біздің саяхатымыз аяқталды.Қонақтармен қоштасарда: «Жол ережесін білу әрбір адамның міндеті»!-дегіміз келеді. -Біздің балабақшаға оралатын кезіміз болды.( балалар автобусқа отырып, «Жол жүргізушілер жыры» әнін орындайды).-Сау болыңыздар!-До свидания!-Good bye!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 359 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.09.2020 748
    • DOCX 19.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Петрова Вера Дмитриевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Петрова Вера Дмитриевна
    Петрова Вера Дмитриевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 79508
    • Всего материалов: 247

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика обучения математике в основной и средней школе в условиях реализации ФГОС ОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 431 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 5 549 человек

Курс повышения квалификации

Применение математических знаний в повседневной жизни

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель математики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 42 человека

Мини-курс

Стратегии брендинга и лояльности потребителей: изучение современных тенденций и подходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов