Бағдаршам!!!

Бағдаршам!!!

  Бастаушы:Балалар бүгін бізде ерекше күн.Біз кәзір орманға саяхатқа барамыз.Жол қашық сондықтан,көлікпен баруымыз керек.Мен жұмбақ айтам,соның шешуін тапсаңдар,біз сол көлікпен саяхатқа шығамыз.

Бұл тұлпар су ішпейді.жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам емдемейді,

Жүк емес жануарға жүз адам да,

 Киіп ап төрт  дөңгелек дөңгелейді .

Бастаушы:Енді жол ережелерін есімізге түсірейік.Өйткені,жолда түрлі жол белгілері кездеседі. (кеуделеріне белгі ілген5 бала ортаға шығады:бағдаршам, ескерту,тыйым,анықтама,көрсеткіш белгілері)

Бағдаршам:Менің атым- бағдаршам

  Бар әдемі үш көзім,

  Алдамаймын,аңғарсаң,

  Ақылдымын тіпті өзім.

Ескерту белгісі: Қызыл шеңбер ішінде

                             Үшбұрыш боп тұрамын

                             Қателеспес үшін де,

                             Көз сал маған,шырағым!

                             Құрар үйде сауықты,

                             Жолдан аман келсе адам-

                             Жолда күткен қауыпты

                             Ескертемін мен оған.   

Тыйым салу  Болмау үшін қиын күн,

белгісі:           Қажеті бар тыйымның.

                       Қызыл шеңбер ішінен

                      «Болмайды!» деп бұйырдым.

                       Тұрады әркез сапта аман-

                       Сол тыйымды сақтаған.

                       Тыйым көрсең,тұра қал-

                      Әрі қарай аттама!

Анықтама        Түнде,күндіз,кеште де

белгісі:              Жөн сілтеймін жолға сай-

                          Аңғармайсың ештеңе

                          Анықтама болмаса.

                          Ой-шұңқырды алдағы,

                          Қалай өту керегін,

                          Жылдамдықты,ал,көні

                         Анық айтып берейін!

Көрсеткіш          Жол созылмақ қаншаға,

белгісі:                Қайда асхана,монша бар,

                            Қонақүй,бар қай жерде,

                            Қайда музей,қай көрме...-

                            Көрсетемін саған дәл,

                            Не көрсетсем,соған бар!

  Арнұр:         Шофер біткен бүгінде.

                     Жол тәртібін біледі

                     Бағдаршамның түбінде

                     Ережемен жүреді.

Бастаушы:Ал балалар,қане атобусқа жайғасайық.Ал қозғалдық.Сәт сапар!Біз казір қаланың көшесімен келе жатырмыз.Көше қиылыста

рының бәрінде бағдаршам тұр екен.Бағдаршамның қай түсі жанған

да біздің автобусымыз жүру керек.

         Ашса кезек үш көзін,

          Айтты деп ұк ,уш сөзін

         -Тоқта!

           -Сақтан!

          -Жол ашық!

        Жүрме жолға таласып.

Бастаушы:Балалар жүргізүші неғып жүрісін баяулатты?

Асемгуль:Бұл жерде «Абайла» деген белгісі тұр.

Бастаушы:Ол белгінің ішінде неге жануардың  суреті тұр?

Мухамбетжан: Бұл «Абайла!», «Жануарлар!» деген белгі.

Жүргізуші байқап жүрмесе,жануарды басып кетуі мүмкін

Бастаушы: Ондай белгіні қалада қай жерлереде көрүге болады.

Аида:         Мектептердің  жанындағы көшеде балалардың суреті  салынған белгі тұрады.Көзі көрмейтін зағип адамдар өтетін жерде көзілдіріктің суреті салынған белгі тұрады

Бастаушы:Ендеше «Жануарлар » деген ескерту белгісі тұрса,біз ор- манға да келіпқалған болдық қой.Әне қараңдар Аю мен Қонжық кетіп жатыр.

              Көрініс «Аю мен Қонжық»

Аю  :     Көшеден өтеред әуелі сол жаққа,содан соң оң жағына қарау керек.Әйтпесе,маши на басып кетеді.

Қонжық:  Жоқ ,мен оңға да ,солға қараймын. Апай бізге көшеден өткенде тура бағдаршамға қараңдар деген.

Аю :        Ақымағым-ау,ормандағы жолда қандай бағдаршам болуы Мүмкін?Бағдаршам тек қала көшелерінде болады.

Бастаушы: Біз тоқтап ,Қонжыққа бағдаршам жоқ жерде жолдан

қалай өту керек екенін түсіндірейік.Қонжық сен бері кел.

 Бағдаршам жоқ кезде мынадай белгі салынған жерден өту керекБұны «Зебра»- яғни, жолақты белгі салынған жер дейді.

Дінмұхаммед:Әуелі жолдан өтерде сол жағыңа қарайсын.Жолдың ортасын келгесін,оң жаққа қараймыз.Бұндай белгі бар жерде машиналар жаяуға жол береді.

Қонжық:Рахмет,енді түсіндім.

Аю:  Балалар,қонжығыма көмектескендерің ушін сендерге рах-

 мет!Жолдарың болсын!

Бастаушы:Ал біз әрі қарай кеттік жол қысқару үшін біз орман ішінде дыбыстарды тыңдап,айналамызға назар аударайық.Қараң- даршы,орман іші қандай әдемі,түрлі гүлдер өскен,құстар сайрап,қө-

белектер гүлден .гүлге қонады (Жаралы түлкі мен қоянды көріп қалады.)

Түлкі:Мына қыли қоянның кесірі.Мені велигіне отырғызып,алдымыздан машина шыға келгенде,рульді бура алмай,құлатып тастады.

Қоян:ой!,суайт!Қалай өтірік айтасын.Өзін емес пе, «мен куштіі тебем, мен кушті тебем» деп мақтанып,рульге отырған. Неге маған бале жабасың?

Бастаушы :Жарайды,дауласпандар.Кел,автобусқа отыра қойың  дар.Жолда сендерді Айболитке апарамыз.Балалар байқадың-

дар ма мына жерде қандай белгітұр?                                                                 

 Балалар: «Велосепед тебуге болмайды!»-деген белгі.

Бастаушы:Мына қасқырға не болған,бұл неге жылап келе жатыр? Ау,қасеке,саған не болған,бетің көгеріп,аяқ-қолын жара болыпты .біреу ренжітті ме?

Қасқыр:Жоқ мені кім ренжітуші еді.Бір машина үстіне қой мен ешкі      тиеп  кетіп бара жатыр екен.соның біреуін  алып қалайыншы деп,машинаның артына жабысып едім, құлап түсіп,аяқ-қолымды жаралап алдым.

Бастаушы:Балалар,жүріп бара жатқан машинаға жабысу дұрыс па?Жарайды,Қасеке,автобусқа кіріп,ана түлкі мен қояның жанына отыр,Айболитке барасың

-.Балалар сендер Айболиттің кім екенін білесіңдер ғой?

Айдана:Айболит атамыз,барін де емдейді.Ауырса адамды,аңды да емдейді.Қадірлі,мейрімді,Айболит атамыз.Айтыңдар қанекей,оған кім келмейді.

Бастаушы:Балалар,Айболит атаны қалай табуға болады?

Айболит:мына қасқырға не болған,бұл неге жылап отыр?

Қасқыр:айтайын мен сізге шынымды жасырмай,Жармасып малы бар машина артына Домалап түстим де,шыңғырдым құлындай.

Айболит:Бір сәтке тойып жер мал үшін тәртіпті бұзыпсың    Қарынның қамы үшін міне,енді еніреп тұрғаның,ұят-ай аяқты сындырып,басынды жарыпсын?

Аңдар:-Айболит ата,енді «жолда жүру ережесін» үйренеміз.-Машинаға жабыспайтын боламын. Рахмет,Айболит ата.

Дастан:Апай,ана жерде кафе бар екен,міне,белгі тұр.

Бастаушы:Балалар,онда кафеде тамақ ішу үшін бірнеше жұмбақ-ты тамақтар туралы жасырайын:

Үсті тас,асты тас,  Ортасында піскен ас. (нан)

Алыстан қарасам аппақ

Татып қарасам тәтті-ақ      (қант)

       Айдалада ақ отау,

       Аузы,мұрны жоқ отау,

       Отыз күнде сол отау,

       Айдалада жоқ отау.  (жұмыртқа)

                   Сылдыр сүйық,су емес,

                   Ішсең сусын қанады,

                   Ақ болса да қар емес,

                   Шешуін кім табады? (сүт)

 Бастаушы:Балалар,енді бақшаға ораламыз.Қане автобусқа отырайық.

Ән:«Бағдаршам» «байқа!Балалар!»белгісі корінеді).Мынау-не белгі,балалар?

Балалар:Бұл «байқа,бұл жермен балалар жүреді» деген белгі.

Бастаушы:міне,біздер бақшаға да келіп қалдық.Саяхат ұнады ма,сендерге?бүкіл саяхат барысында біз сендермен қанша жол ережесін есімізге түсірдік, білімімізді толықтырдық.

 

            Шуақты өміріміз кундей куліп,

           Жүректе бүршік атып,гүлдейді үміт,

          Арманға сапар тарту мүмкін емес,

         Жол жүру ережесін білмей тұрып.      



Бағдаршам!!!
  • Начальные классы
Описание:

Бастаушы:Балалар бүгін бізде ерекше күн.Біз кәзір орманға саяхатқа барамыз.Жол қашық сондықтан,көлікпен баруымыз керек.Мен жұмбақ айтам,соның шешуін тапсаңдар,біз сол көлікпен саяхатқа шығамыз.

Бұл тұлпар су ішпейді.жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам емдемейді,

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Киіп ап төрт дөңгелек дөңгелейді .

Бастаушы:Енді жол ережелерін есімізге түсірейік.Өйткені,жолда түрлі жол белгілері кездеседі. (кеуделеріне белгі ілген5 бала ортаға шығады:бағдаршам, ескерту,тыйым,анықтама,көрсеткіш белгілері)

Автор Утеулина Молдир Ерболовна
Дата добавления 01.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другое
Просмотров 207
Номер материала MA-064318
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы