- 02.12.2020
- 674
- 8
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Біз 7-сыныпта дербес компьютерлердің құрылымдары және олардың атқаратын міндеттерімен таныстық. Енді дербес компьютердің жұмыс істеу принципін толығырақ қарастырайық. Біз осыған дейін компьютер дегеніміз – ақпараттарды жинау, өңдеу және беру үшін қолданылатын әмбебап электрондық машина деп айттық. Олардың ішінде жеке жұмысқа арналған дербес компьютерлер кең тараған. Дербес компьютер – кез келген жұмыс орнына орнатуға болатын машина. ДК-дің тізіміне мыналар жатады: 1. Жүйелік блок 2. Монитор 3. Пернетақта Компьютердің маңызды элементтерінің бірі – монитор (дисплей). Монитор – компьютердің программасы жұмыс істеген кезде шығаратын ақпараттарды бейнелеуге арналған негізгі құрылғы. Принтер – компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы. Жылдамдығы және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің үш түрі кеңінен тараған: матрицалық, бүріккіш, лазерлік. Олардың ішіндегі ең қарапайымы және сапалысы – лазерлік, ал бүріккіш принтерлер арзан принтерлердің ішіндегі ең сапалысы. Тасымал компьютерлер – жеңіл, ықшам, жұқа экранды дербес компьютерлер. Оны ноутбук деп те атайды. Тасымал компьютерлер – батареямен жұмыс істейтіндіктен, оны адам өзімен бірге алып жүре алады. Тасымал компьютердің дербес компьютерден айырмашылығы – оның микропроцесоры, экраны және клавиатурасы бір корпуста орналасқан. Жұмыс істеп экранды клавиатураға жақындату арқылы оны кітап сияқты жинауға болады. Қалта компьютерлер, оны жиі сандық көмекші деп атайды. Олар батареямен қоректенеді және тасымал компьютеріне қарағанда өте ықшам болады. Қалта компьютерлері дербес және тасымал компьютерлер сияқты қуатты болмаса да, оны телефон нөмірлерін, мекен-жайды, ойындарды сақтау үшін қолдануға болады. Қалта компьютерде пернетақтаның орнына сенсорлық экран жабдықталған, оны саусақпен немесе арнайы қарандашымен басқаруға болады. Планшеттік дербес компьютерлер – тасымал және қалта компьютерлерінің қасиеттерін жинақтаған. Компьютердің процессоры. Компьютердің басты элементі оның «миы» немесе процессор болып табылады. Процессор дегеніміз – корпусқа орнатылған, өлшемі бірнеше квадрат миллиметр болатын электрондық схема. Процессор құрамына мыналар кіреді: - Басқару құрылғысы – компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқарады; - Арифметикалық-логикалық құрылғы – мәліметтерді өңдеуге арналған. Процессор жадысының регистрлері – бұл процессордың ішіндегі жады ұяшығы. Компьютердің жадысы. Жедел жады – бұл өзгеретін ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. Бұл компьютердің жұмыс жадысының көлемін бір мезгілде орындалатын программалардың саны мен өлшемін анықтайды. Қатқыл дискілер – бұл ЭЕМ-ында ақпараттарды, программаны және мәліметтерді ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы. Жұмсақ магнитті дискілердегі ақпарат тасымалдаушылар. Компьютерде жұмыс істеу барысында сыртқы жады ретінде иілгіш дискі немесе дискета кеңінен қолданылады. Дискета – ақпаратты тасымалдаушы, оларда программалар мен мәліметтерді компьютерден тыс сақтауға болады. Кеңінен қолданылып жүрген дискеталарда жады көлемі 1,4 Мб-ты құрайды. Компакт дискі. CD-R/RW, DVD-R/RW – алтын түсті, (R – жазатын, RW – қайта жазу) болып келеді. CD-R, DVD-R-ге ақпаратты тек бір рет қана жазуға, ал CD-RW, DVD-RW дискілеріне көп жазуға болады. Флэш – жады – бұл энергияға тәуелсіз, мәліметтерді микросұлбаларда жазуға және сақтауға мүмкіндік беретін жадының түрі. Ол қазіргі заманғы компьютерлердің әрқайсысында болатын арнаулы USB порты арқылы қосылады. Флэш жады жылдам жадыдан энергияға тәуелсіздігімен ерекшеленеді, яғни, энергияны өшіргеннен кейін де жадының ішіндегі мәлімет сақталады.
6 609 727 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Зиберова Инна Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
36/72 ч.
Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Мини-курс
2 ч.
Мини-курс
3 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.