Главная / История / Қазақстандағы ғылым білімнің дамуы

Қазақстандағы ғылым білімнің дамуы

8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ХVІІІ ғасырдағы ғылым мен білім және мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

  • XVIII ғ. Қазақстандағы ғылымның, ағарту ісінің және мәдениеттің даму ерекшеліктері жөнінде түсінік қалыптастыру, орыс және шетел ғалымдарының ғылыми зертеулері негізінде адам өмірінде білім мен мәдениеттің қандай рөл атқаратынын көрсету;

  • Оқушылардың танымдық, шығармашылық көзқарастарын дамыту, жауапкершілікке, шешім қабылдауға үйрету;

  • Білімді үнемі жетілдіріп отыруға, мақсат қойып,оған жетуге ұмтылуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: мәдениет, ғылым, ағарту ісі, патша әкімшілігінің қазақ халқын ағарту саласындағы мақсаты, халықтың ағарту ісіне көзқарасы, шетел зерттеушілері, Қазақстанның табиғи байлығын зерттеу ісінде бұл зерттеулердің қандай маңызы болды, халықтың экономикасы мен мәдениеттің дамуы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

Үй тапсырмасын тексеру материалды игеру сапасын, қандай кемшіліктер бар екенін және оны шешу үшін не қажеттігін көрсетеді.

  1. Кестенің толтырылуын тексеру.

  2. Қазіргі кездегі Қазақстанның көрші елдермен сауда байланысын әңгімелеп беріңдер

  3. Сабақ тақырыбына қатысты қандай мақалдар мен мәтелдерді білесіңдер?

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Қазақстан аумағындағы ғылыми зерттеулер, орыс зертеушілері Қазақстан туралы.

  2. Қазақстанды зерттеген шетел зерттеушілері.

  3. Қазақ әдебиеті

  4. Музыкалық өнер мен айтыс.

  5. XVIII ғ. аяғында мектептердің ашылуы.

Сабақтың басында Қазақстанды ғылыми зерттеудің неге осы кезде басталғанын, Ресей бұл реформаны жүргізгенде алдына қандай мақсат қойғанын және оның қазақ халқы үшін қандай маңызы болғанын айтып кетемін. Сонан соң оқушылардың танымдық қызығушылығыншығармашылық машығын дамыту, ұжыммен жұмыс істеуге, өз көзқарасын қорғауға, ел алдында дұрыс сөйлеуге үйрету үшін практикалық жұмыс ұйымдастыру керек.

1 тапсырма:

  1. Оқулықтың 84-86-беттеріндегі «Қазақстан аумағындағы ғылыми зерттеулер», «Қазақстандағы шетелдік зерттеушілер» атты бөлімдерді оқыңдар және кестені толтырыңдар

    Авторлар

    Ғылыми еңбек

    Не жөнінде жазылған

    Маңызы





  2. XVIII ғ. біздің еліміздің тарихын зерттеген Ресей ғалымдарының рөліне баға беріңдер.

2 тапсырма:

  1. Оқулықтың 86-89-беттеріндегі «Қазақ әдебиеті», «Тарихи әңгімелер», «Шежіре» бөлімдерін оқып, кестені толтырыңдар

Авторлардың аты-жөні

Қайда туған?

Шығарманың аты

Шығарманың тақырыбы

Автордың қай шығармасы сендерге «Қазақ әдебиеті» курсынан таныс?

Күйші әрі ақын Байжігіт





Абылай хан

(1711-1781)





Ақтамберді жырау

(1675-1768)





Тәттіқара





Үмбетей жырау (1706-1778)





Бұқар жырау (1684-1781)





Тілеп Аспантайұлы (1757-1820)





3 тапсырма:

  1. XVIII ғ. аяғындағы қазақ музыка өнерінің даму ерекшеліктері жөнінде хабарлама дайындау.

«Музыка өнері»:

  • Қазақтың музыкалық аспаптары

  • Өлеңдер, күйлер, айтыстар

  • Белгілі қазақ орындаушылары

4 тапсырма:

  1. XVIII ғ. аяғында мектептердің ашылуы

Бөлімін оқыңдар. Сыныпта ұжымдық талқылау өткізу үшін сұрақтар дайындаңдар.

Сабақты бекіту:

  1. XVIII ғ. Қазақстан аумағын зылыми зерттеудің рөлі мен маңызына баға беріңдер.

  2. Қазақстанды қай елдің ғалымдары зерттеді?

  3. XVIII ғ. қазақ ақын-жазушыларының есімдерін атаңдар. Олардың шығармаларының тақырыптары.

  4. XVIII ғ. қазақ музыка өнерінің дамуы жөнінде не айта аласыңдар?

Үйге тапсырма:

  1. Өз отбасыңның шежіресін дәптеріңе жазып кел. Олардың ішінде белгілі билер, батырлар, музыканттар, емшілер бар ма?

  2. Олар жөнінде қысқаша хабарлама жазыңдар.

  3. Тарихи әңгіменің ерекшелігін түсіндіріп беріңдер.


«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 9 орта мектебі» ММ тарих пәнінің мұғалімі Әлім Назгүл Әлібекқызы








Қазақстандағы ғылым білімнің дамуы
  • История
Описание:

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ХVІІІ ғасырдағы ғылым мен білім және мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

  • XVIII  ғ. Қазақстандағы ғылымның, ағарту ісінің және мәдениеттің даму ерекшеліктері жөнінде түсінік қалыптастыру, орыс және шетел ғалымдарының ғылыми зертеулері негізінде адам өмірінде білім мен мәдениеттің қандай рөл атқаратынын көрсету;
  • Оқушылардың танымдық, шығармашылық көзқарастарын дамыту, жауапкершілікке, шешім қабылдауға үйрету;
  • Білімді үнемі жетілдіріп отыруға, мақсат қойып,оған жетуге ұмтылуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

 

Негізгі түсініктер: мәдениет, ғылым, ағарту ісі, патша әкімшілігінің қазақ халқын ағарту саласындағы мақсаты, халықтың ағарту ісіне көзқарасы, шетел зерттеушілері, Қазақстанның табиғи байлығын зерттеу ісінде бұл зерттеулердің қандай маңызы болды, халықтың экономикасы мен мәдениеттің дамуы.

Автор Алим Назгул Алибеккызы
Дата добавления 06.01.2015
Раздел История
Подраздел
Просмотров 1460
Номер материала 36227
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓