Главная / Начальные классы / Қазақстандағы пайдалы қазбалармен танысу.

Қазақстандағы пайдалы қазбалармен танысу.

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gif

Бастауыш сынып мұғалімі: Г.Ж. Мұхамедрахимова

Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалар.

Сабақтың мақсаты: 1. Қазақстан аймағында таралған пайдалы қазбалар

түрімен таныстыру.

2. Балаларды ізденушілікке баулу, сабаққа деген

қызығушылығын аттыру.

3. Қазақстан елінің байлығы мен әсемдігін ұштастыра

отырып, оқушының өз еліне деген сүйіспеншілігін ояту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс- тәсілдер: ізденушілік, көрнекілік, шығармашылық.

Көрнекілігі: Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы, слайдтар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық тұрақтылық. «Ақ тілек. Әсем күлкі».

  • Көңіл –күйлеріңіз қалай?

  • Керемет! (Қолдарын көтереді)

  • Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?

  • Тамаша! ( Алақандарын шапалақтайды)

  • Ынтаңыз ше?

  • Ғажап! ( Қолдарын көтереді.)

  • Ендеше бастайық!

Бүгінгі сабақта топпен жұмыс жасайсыңдар. 1- топ «Экологтар», 2- топ «Ғалымдар», 3- топ «Шеберлер». Топпен жұмыс істеу ережесін қайталап жіберейік: 1. Тапсырмаға берілген уақыттан аспау.

2. Басқаларды тыңдай білу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Пайдалы қазбалар, олардың түрлері туралы 3- сыныпта өткенді пысықтап келу. Әр топқа тапсырмалар беру.

  1. топқа: – Пайдалы қазбалар деген не?

  • Пайдалы қазбаларға нелер жатады?

Пайдалы қазбалар















2- топқа: Қолданылуына қарай пайдалы қазбалар қандай топтарға бөлінеді?

Пайдалы қазбалар











Кен орны дегеніміз не?



3- топқа: Кестені толтырыңдар.



Кенді пайдалы қазбалар

Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

Жанғыш пайдалы қазбалар








ІІІ. Жаңа сабақ.

1) Кіріспе.

Н. Назарбаев: «Қазақстан өзінің табиғат байлықтарын тиімді пайдалану арқылы уақытша қиындықтарды жеңіп, қарқынды экономикалық даму сатысына көтерілуге қабілетті».

Елбасымыздың осы сөзі туралы ой қозғау, оқушылардың пікірлерін тыңдау.

  • Табиғат байлықтары деген не?

  • Оны тиімді пайдалану дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Экономикалық даму сатысына көтеретін кімдер?

  • Бүгінгі тақырыбымыз - біз еліміздегі ең басты байлықтың бірі –«Пайдалы қазбалар». Бұл тақырыпты меңгеру үшін алдымызға мынадай міндеттер қоюымыз керек: іздеймін және табамын; ойланамын және біліп аламын.

Бүгінгі тақырыпты оқулық, энциклопедия және қосымша мәліметтер, карталар көмегімен өзіміз іздеп, тауып, ойланып, біліп алуымыз керек.



2) Тапсырмалар беру. Ой бөлісу

«Экологтарға»:

  1. Қазақстан облыстарын атап, ол облыстарда не өндірілетінін картадан табыңдар.

  2. Зауыттың, фабриканың директоры болсаң, сен қоршаған орта таза болу үшін не істер едің?

  3. Қазақстандағы мұнай туралы қандай мағлұмат берер едің?

«Ғалымдарға»:

  1. Қара металл кен орындарын тауып , картадан көрсет.

  2. Қазақстанның көмір өндірістері туралы әңгімеле.

  3. Темір мен көмір сіздерге қажет пе? Олардан не жасар едіңіздер?

«Шеберлерге»:

  1. Түсті металл және полиметалл кендері туралы әңгімеле.

  2. Мыс рудасының қоры жөнінде қандай мағлұмат бере аласың?

  3. Пайдалы қазбалар мен өсімдіктер арасында байланыс бар ма? Ол туралы не айтуға болады?



  1. Ойын «Не? Қайда? Қашан?»

    1. топқа: Пайдалы қазбалар жер қойнауында шексіз бе?

    2. топқа: Өз облысың туралы не білесің?

    3. топқа: Қазақстанды неге «пайдалы қазбалар қоймасы» деп атайды?

  2. Топтық жарыс.

Сәйкестендіру.

Алюминий Қызғылт, жұмсақ

Жез Ақ түсті, жеңіл

Мыс Сарғыш, қатты



ІV. Сабақты бекіту.

Жұмбақтар шешу.

  1. Мұнаймен қоса жер астынан шығатын қоспа. ( газ)

  2. Күміс сияқты жалтыраған, өте жеңіл, ақ түсті металл. ( алюминий)

  3. Майлы, қоймалжың зат. ( мұнай)

  4. Қатты, көбінесе қара түсті зат. Жер қойнауында үш түрі кездеседі. ( көмір)

  5. Тыңайтқыш алынатын қоңыр түсті тас. (фосфорит)

  6. Талшықты тау жынысы, халық арасында әдетте оны тас зығыр деп атайды. ( асбест)

  1. Қорытынды.

- Бүгінгі сабақтан не үйрендік? Не білдік?

VІ. Бағалау. Топ жетекшілері өз тобындағы оқушыларды бағалайды.

Аты- жөні

Үй тапс.

Ой қозғау

Ой бөлісу

Не? Қайда? Қашан?

Сәйкес-тендіру

Жұмбақ

Баға

1









2









VІІ. Үйге тапсырма:

Тақырыпты оқып, қосымша қызықты деректер жинау







Қазақстандағы пайдалы қазбалармен танысу.
  • Начальные классы
Описание:

Сабақтың мақсаты:  1. Қазақстан аймағында таралған пайдалы қазбалар

                                       түрімен таныстыру.

                                  2. Балаларды ізденушілікке баулу, сабаққа деген 

                                      қызығушылығын аттыру.

                                  3. Қазақстан елінің байлығы мен әсемдігін ұштастыра 

                                     отырып, оқушының өз еліне деген сүйіспеншілігін ояту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс- тәсілдер:  ізденушілік, көрнекілік, шығармашылық.

Көрнекілігі:  Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы, слайдтар

                                    Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық тұрақтылық. «Ақ тілек. Әсем күлкі».

-         Көңіл –күйлеріңіз қалай?

-         Керемет! (Қолдарын көтереді)

-         Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?

-         Тамаша! ( Алақандарын шапалақтайды)

-         Ынтаңыз ше?

-         Ғажап!  ( Қолдарын көтереді.)

 

-         Ендеше бастайық!

Автор Мухамедрахимова Гульжанар Жаскайратовна
Дата добавления 10.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел
Просмотров 818
Номер материала 52412
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓