Инфоурок География Другие методич. материалыҚазақстандағы ұлт азаттық көтерілістер.

Қазақстандағы ұлт азаттық көтерілістер.

Скачать материал

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 9 орта мектебі» ММ

 

 

 

 

 

 

 

XVIII- XX ғасырлардағы ұлт- азаттық көтерілістер.

Қолданбалы курс бағдарламасы

 

 

 

 

 

Құрастырушы: тарих пәнінің мұғалімі Әлім Назгүл Әлібекқызы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік хат

Қазақстан тарихынан 10-11 сыныптарға арналған қолданбалы курс білім берудің әдістері мен  түрлерін жетілдіру және білім сапасын көтеру арқылы жүзеге асырылады. XVIII- XX ғасырлардағы ұлт- азаттық көтерілістер, олардың басталу себебі,  барысы туралы және көрнекті  тұлғалар жайында толық деректер беру , заман талабына сай бірқатар  өзгерістер мен саяси- әлеуметтік мәселелердің мәні көтерілістердің ерекшеліктерімен сәйкестендіріледі. Оқушылардың Отандық тарихтағы оқиғалар бойынша білімін дамыту  мақсатында , тарихи білімді пайдаланып, қоғамда  болып жатқан оқиғаларға баға беруге , қоғамдық өзгерістерге арналған жобалар құрастыруға бағыттау.

 XVIII- XX ғасырлардағы ұлт-азаттық көтерілістерге КСРО құрамында болғанда басқаша баға беретін болса,  еліміз егемендік алғаннан кейін  Қазақстан тарихына жаңа деректер қосылуда, көлеңкелі тұстары қайта жаңғыртылып толықтырылуда. Осыған байланысты таңдаулы курсқа XVIII- XX ғасырлардағы басты ұлт-азаттық қозғалыстар  енгізілді.

Өз ойлау қабілетін дамытып, оқиғаға өз көзқарасын білдіріп, көпшілік алдында ұтымды пікір айтып,  дәріс сабағына машықтану.

Заман талабына сай білімін жетілдіріп, біліктілігін тексеруде танымдық зерттеу  сабақтары маңызды.

Бұл курстың өзектілігі  патриоттық  тәрбие беруге негізделеді. Берілген курс география, елтану ғылымдарымен тығыз байланысты.

Таңдаулы курстың мақсаты: оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасу үрдісінде  олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру және тарихты құрметтей білуге тәрбиелеу.

Таңдаулы курстың міндеттері:

-ұлтты өзге мемлекеттің экономикалық,  саяси және  басқа езгісінен азат ету,  елдің  табиғи ұлттық мүддесін қорғауға қабілетті мемлекеттілігін қалпына келтіру әрекеті екенін білу.

-ұлт-азаттық күрес – отарлық тәуелділіктегі халықтардың жат- жұттық езгіге қарсы азаттық күресі екенін  түсіну.

- ұлт –азаттық күрес отар халықтардың  отарлық езгіге қарсы жалпы халықтық күресі екенін түсіндіру.

-ұлт-азаттық қозғалыс- бұл ұлттық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, діни, рухани қайшылықтардың түйіні екенін ажыратуға үйрету.

- отандық тарихты құрметтеуге қажетті білім мен білікті меңгерту.

-оқу еңбегіне қатысты білік пен дағдыны қалыптастыру, логикалық ойлауды, есте сақтау, суреттеу, сипаттау және үнемі өз білімін шығармашылықпен көтеру.

Оқушыларға сабақ беру барысында  көтерілістермен таныстырумен бірге,     көтеріліс жетекшілермен, көтеріліс болған аумақтармен  жан-жақты түсінік берген жон деп ойлаймын. Өйткені, оқушылар  ұлт- азаттық көтерілістің себебі, барысы,шарықтау шегі, нәтижесі, маңызы, мәні туралы ақпараттарды білуі тиіс.

Шығармашылық  тапсырмаларды орындау кезінде  өз бетінше жұмыс істеудің өз орны бар.

Бағдарламаны өтілу барысында білім алушылар сыныпта және сыныптан тыс жұмыстар , яғни талдау, баға беру, кемшіліктері мен жетістіктерін атап көрсетеді.

Курс10- 11 сыныптарға арналған 68 сабақтан тұрады.Оқытылған бағдарламаның өту барысында  төмендегідей қорытынды жасалады.

Оқытылып жатқан курстың көтеріліс кезеңдерін білу қажет, ұйымның картамен жұмыс істеу принциптері, жылдар мен оқиғаларды ажыратып,салыстыру, талдау және картадан анықтау, қосымша әдебиеттерді қолдану, тіл мәдениетін дамыту.Осы мақсатқа қатысты курстың өтілуі білім алушылардың тарихи картамен және кескін картамен жұмыс істеуді қалыптастыра білу және жаңаша  жұмыс жасау, тарихи деректерді пайдалану, есте сақтау қабілетін дамыту, жадын қалыптастыру.

Білімді бағалау, меңгеру, жаңашылдығын анықтау, курстың негізгі  бөлімдері бойынша қорытынды тест алынады.

 

 

 

 

 

Бағдарламаның мазмұны.

Кіріспе. (1 сағат)

 Бағдарламаның мақсат- міндетін  таныстыру, жылдық тақырыптық – күнтізбелік жоспарын таныстыру. 

Бірінші тарау

«Ұлт-азаттық қозғалыс» ұғымының  жалпы сипаттамасы. (3 сағат)

 «Ұлт-азаттық қозғалыс» дегеніміз не? Ұлт-азаттық қозғалыстардың туу  себептері. Ұлт азаттық қозғалысты қайталау.

І бөлім

XIII ғасырлардағы ұлт-азаттық көтерілістер-13 сағат

Екінші тарау

Е.Пугачев бастаған ұлт – азаттық көтеріліс. (6 сағат)

 Е.Пугачевке сипаттама. Көтеріліске Кіші жүздің қатынасуы. Көтеріліске Орта жүздің қатынасуы. Көтерілістің жеңілуі, салдары, маңызы. Е.Пугачев  бастаған ұлт-азаттық көтерілісті қайталау. Е.Пугачев бастаған ұлт-азаттық көтеріліс туралы тақырыптық тест.

Үшінші тарау

Сырым Датұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліс. (7 сағат)

 (Сырым Датұлының мінездемесі. Игельстром реформасы. Сырым Датұлының шешендік сөз  өнеріне қосқан үлесі. Кіші жүз хандарының Сырымның кезіндегі іс- әрекеті. Көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызы. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісті қайталау. Сырым Датұлы  бастаған ұлт-азаттық көтеріліске тақырыптық тест.

ІІ бөлім

XIX ғасырдағы ұлт-азаттық көтерілістер-38 сағат.

Төртінші тарау

Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі. (8 сағат)

Бөкей Ордасының құрылуы. Бөкей Нұралыұлының өміріне сипаттама.Исатай мен Махамбет өмірбаяндары. Махамбеттің көтеріліске  байланысты өлеңдері. Шаруалар көтерілісінің  басталу  себептері және оның барысы. Патша үкіметінің  көтеріліске қарсы шаралары. Көтерілістің  жеңілуі, салдары және маңызы. Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісін қайталау. Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі тақырыбында тест.

Бесінші тарау

XIX ғасырдың 20-30 жылдарындағы ұлт-азаттық көтерілістер.

(6 сағат)

Саржан Қасымұлына сипаттама. Саржан Қасымұлы  бастаған қозғалыс. (1825-1836 жж.) Жоламан Тіленшіұлына сипаттама. Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіұлы бастаған ұлт- азаттық қозғалыс. Саржан Қасымұлы және Жоламан Тіленшіұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістерді қайталау. Саржан Қасымұлы және Жоламан Тіленшіұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістер тақырыбы бойынша тест.

Алтыншы тарау

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. (8 сағат)

Кенесары Қасымұлының тұлғасына сипаттама.Көтерілістің басталу себептері және барысы. Көтеріліс барысында хандық биліктің қалпына келтірілуі. Көтерілісшілердің Қоқан және Қырғыз манаптарымен соғысы. Хан Кененің басы қайда тұрғандығы туралы ақпараттар беру. Көтерілістің  жеңілу себептері мен тарихи маңызы. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісті анықтау. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс тақырыбында тест.

Жетінші тарау

XIX ғасырдың 50- жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі. (10 сағат)

 Жанқожа Нұрмұхамедұлына сипаттама. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. Көтерілістің жеңілу себептері. Есет Көтібарұлына сипаттама. Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің қорытындысы. 1858 жылғы қазақ шаруаларының  көтерілісі.1858 жылғы көтерілістің тарихи маңызы. Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы  бастаған ұлт-азаттық көтеріліспен 1858 жылғы қазақ шаруаларының  көтерілістерін салыстыра отырып қайталау. Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы  бастаған ұлт-азаттық көтеріліспен 1858 жылғы қазақ шаруаларының  көтерілістері тақырыбында тест.

Сегізінші тарау.

1868-1870 жылдардағы Орал, Торғай және Маңғыстау қазақтарының отаршылдыққа қарсы күресі. (6 сағат)

1868-1869 жылдардағы Орал, Торғай және 1870 жылғы Маңғыстау қазақтарының көтерілісінің алғышарттары. 1868-1869 жылдардағы Орал, Торғай облыстарындағы көтеріліс. 1870 жылғы Маңғыстау қазақтарының көтерілісі. Көтерілістің жеңілу себептері мен салдарлары. 1868-1869 жылдардағы Орал, Торғай және 1870 жылғы Маңғыстау қазақтарының көтерілісін қайталау. 1868-1869 жылдардағы Орал, Торғай және 1870 жылғы Маңғыстау қазақтарының көтерілістері тақырыптарында тест.

ІІІ бөлім

ХХ ғасырдағы ұлт-азаттық көтеріліс-11 сағат

Тоғызыншы тарау

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. (11 сағат)

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің алғышарттары. Торғайдағы көтеріліс. Амангелді Имановтың рөлі. Жетісудағы көтеріліс. Жетісудағы көтеріліс жетекшілері Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов, Ұ. Саурықовқа сипаттама. Қазақ зиялы қауым өкілдерінің  көзқарасы. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс бөлімін қайталау. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс бөлімінен тест.

Оныншы тарау

 Қорытынды қайталау. (2 сағат)     

XVIII- XX ғасырлардағы ұлт- азаттық көтерілістер тақырыбындағы қолданбалы курс бағдарламасынан алған білімдерін жинақтап, қайталау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

XVIII- XX ғасырлардағы ұлт- азаттық көтерілістер.

(10-11 сыныптарға арналған қолданбалы курс бағдарламасы)

 

 

 

 

Аннатация

Курс бағдарламасы 68 сағатқа есептелген  және 10-11 сынып оқушыларына Қазақстан тарихын  тереңдетіп оқыту  мақсатында ұсынылып отыр.

   Курстың кейбір тұстары Қазақстан тарихына қызығушылығы  бар  оқырмандардың назарын аударары сөзсіз.

Қолданбалы курс  түсінік хаттан , бағдарламадан, тақырыптық – күнтізбелік  жоспардан, сабақтар үлгілерінен, оқушыларға арналған  жұмыс дәптерінен және хрестоматиядан тұрады.

 

 

 

Құрастырушы: тарих пәнінің мұғалімі Әлім Назгүл Әлібекқызы.

 

Бет саны: 120

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай қаласы, 2014 ж.

 

XVIII- XX ғасырлардағы ұлт- азаттық көтерілістер.

(10-11 сыныпқа арналған қолданбалы курс бағдарламасы)

Құрастырушы: № 9 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Әлім Назгүл Әлібекқызы.

Рецензент: Байшина Гулжихан Жаңбыршықызы.

«XVIII- XX ғасырлардағы ұлт- азаттық көтерілістер» қолданбалы курс бағдарламасы – 10-11 сыныптарына арналған оқу- әдістемелік құрал. Оқу әдістемелік құралында бағдарлама бойынша  сабақ үлгілері , тақырыптық мазмұндаулар, тест тапсырмалары, кесте, сызба нұсқа, сурет, әр түрлі  тапсырмалар  түрінде берілген. Оқу – әдістемелік құрал пән  мұғалімдеріне және оқушыларға арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны:

1.Түсінік хат.

2.Бағдарламаның мазмұны.

3.Тақырыптық күнтізбелік жоспар.

4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

5. Сабақтар үлгісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыптық жоспар

р/с

Тақырыбы

Сағат саны

Уақыты

1

Кіріспе

1

 

 

«Ұлт азаттық қозғалыс» ұғымының жалпы сипаттамасы.

3

 

2

«Ұлт-азаттық қозғалыс» дегеніміз не?

1

 

3

«Ұлт-азаттық қозғалыстардың туу себептері.

1

 

4

Қайталау.

1

 

 

Е.Пугачев бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

6

 

5

Е.Пугачев.

1

 

6

Кіші жүздің қатынасуы.

1

 

7

Орта жүздің қатынасуы.

1

 

8

Көтерілістің жеңілуі, салдары, маңызы.

1

 

9

Қайталау.

1

 

10

Е.Пугачев бастаған ұлт-азаттық көтеріліс тақырыптарынан тақырыптық тест.

1

 

 

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

7

 

11

Сырым Датұлы.

1

 

12

Игельстром реформасы.

1

 

13

Сырым Датұлының шешендік сөз өнеріне қосқан үлесі.

1

 

14

Кіші жүз хандарының Сырымның кезіндегі іс-әрекеті.

1

 

15

Көтерілістің жеңілу себептері мен  тарихи маңызы.

1

 

16

Қайталау.

1

 

17

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс бөлімінен тақырыптық тест.

 

 

 

Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі

8

 

18

Бөкей ордасының құрылуы.

1

 

19

Бөкей Нұралыұлы.

1

 

20

Исатай мен Махамбет өмірбаяндары. Махамбеттің көтеріліске байланысты өлеңдері.

1

 

21

Шаруалар көтерілісінің басталу себептері және оның барысы

1

 

22

Патша үкіметінің көтеріліске қарсы шаралары.

1

 

23

Көтерілістің жеңілуі, салдары және маңызы.

1

 

24

Қайталау.

1

 

25

Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі бөлімінен тақырыптық тест

1

 

 

XIX ғасырдың 20-30 жылдарындағы ұлт-азаттық көтерілістер.

6

 

26

Саржан Қасымұлы.

1

 

27

Саржан Қасымұлы бастаған қозғалыс (1825-1836 жж.)

1

 

28

Жоламан Тіленшіұлы.

1

 

29

Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіұлы бастаған қозғалыс.

1

 

30

Қайталау.

1

 

31

XIX ғасырдың 20-30 жылдарындағы ұлт-азаттық көтерілістер бөліміне арналған тақырыптық тест.

1

 

 

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

8

 

32

Кенесары Қасымұлы

1

 

33

Көтерілістің басталу себептері және барысы

1

 

34

Көтеріліс барысында хандық биліктің қалпына келтірілуі.

1

 

35

Көтерілісшілердің  Қоқан және Қырғыз  манаптарымен соғысы.

1

 

36

Хан Кененің басы қайда?

1

 

37

Көтерілістің жеңілу себептері мен  тарихи маңызы.

1

 

38

Қайталау.

1

 

39

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс бөлімінен тақырыптық тест.

1

 

 

XIX ғасырдың 50- жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі.

 

10

 

40

Жанқожа Нұрмұхамедұлы.

1

 

41

Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

1

 

42

Көтерілістің жеңілу себептері.

1

 

43

Есет Көтібарұлы.

1

 

44

Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

1

 

45

Көтерілістің қорытындысы.

1

 

46

1858 жылғы қазақ шаруаларының көтерілісі.

1

 

47

Көтерілістің тарихи маңызы.

1

 

48

Қайталау.

1

 

49

XIX ғасырдың 50- жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі бөлімінен тақырыптық тест

 

1

 

 

1868-1870 жылдардағы Орал, Торғай және Маңғыстау қазақтарының отаршылдыққа қарсы күресі.

6

 

50

Көтерілістің алғышарттары.

1

 

51

Орал, Торғай көтерілістері.

1

 

52

1870 жылғы Маңғыстау қазақтарының көтерілісі.

1

 

53

Көтерілістің  жеңілу  себептері  мен  салдарлары.

1

 

54

Қайталау.

1

 

55

1868-1870 жылдардағы Орал, Торғай және 1870 жылғы Маңғыстау қазақтарының отаршылдыққа қарсы күресі тақырыптарынан тест

1

 

 

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

11

 

56

Көтерілістің алғышарттары.

1

 

57

Торғайдағы көтеріліс.

1

 

58

Амангелді Имановтың рөлі.

1

 

59

Жетісудағы көтеріліс.

1

 

60

Б.Әшекеев.

1

 

61

Ж. Мәмбетов.

1

 

62

Ұ. Саурыков.

1

 

63

Қазақ зиялы қауым өкілдерінің көзқарасы.

1

 

64

Көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы.

1

 

65

Қайталау.

1

 

66

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс бөлімінен тақырыптық тест.

1

 

 

Қорытынды қайталау.

2

 

67

Қайталау.

1

 

68

Жинақтап  қайталау.

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Қасымбаев Ж. Қазақстан тарихы. 8- сыныпқа арналған оқулық. Алматы. «Мектеп», 2004.

2.     История Казахстана. С древнейшых времен до наших дней. 1,2 том. Алматы, 1996.

3.     Қазақстан тарихы. 1,2,3 томдар. Алматы,1996,1998,2002.

4.     Қазақстан Ұ лттық энциклопедиясы. 1-4 томдар .Алматы,1999.

5.     Қозыбаев М . Қ.   Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы,1992.

6.     Қозыбаев М . Қ.   Тарих зердесі. 1-2 кітап. Алматы ,1998.

7.     Қойгелдиев М.,  Омарбеков Т. Тарих  тағылымы не дейді? Алматы, 1993.

8.     История Казахстана : белые пятна (сборник статей). Алма-Ата,1991 .

9.     Кан Г. История Казахстана. Алматы, 2002.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Ұлт-азаттық қозғалыс» дегеніміз не?

Сабақтың мақсаты: 1. Ұлт –азаттық қозғалысқа жан-жақты түсініктеме беру.

2. Қосымша материалдар арқылы дамыту

3. Оқушылардың Отанды сүюге сүйіспеншілігін ояту.

Оқыту құралдары: XIX ғасырдағы көтерілістерге арналған карта, суреттер, газет- журналдар.

Негізгі ұғымдар: ұлт-азаттық көтеріліс.

Оқыту іс- әрекеттері  мен әдістері: «ұлт-азаттық қозғалыс » деген ұғымды еске түсіру.

Сабақ барысы

ББҮ жұмыс жасау

1.Оқушылар бүгінгі  тақырып туралы не білесіңдер?( тақтаға бір оқушы жазып тұрады, оқушылар сөйлейді)

2. Бүгінгі тақырып бойынша не білгілеріңіз келеді? ?( тақтаға бір оқушы жазып тұрады, оқушылар сөйлейді)

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 

 

 

 

 

 

 

3. Ұлт-азаттық қозғалыс – түсінік беру.

Ұлт-азаттық қозғалыс-отар елдерге тән тарихи құбылыс. Ұлт-азаттық қозғалыстың басты мақсаты- ұлтты езгіден азат ету, оның ұлттық мүддесін қорғайтын  мемлекеттілігін қалпын келтіру және отаршылдық  билікті  жою арқылы ұлттық дербестікке қол жеткізу. Демек, ұлт-азаттық  қозғалыс- отар  халықтардың отарлық езгіге қарсы жалпы халықтық күресі.

Оның басты мақсаты- ұлтты өзге мемлекеттің экономикалық ,саяси және басқа езгісінен азат ету, елдің табиғи ұлттық мүддесін қорғауға қабілетті мемлекеттігін қалпына келтіру.Отаршыл жүйені жою және отарсыздандыру шараларын іске  асыру арқылы шынайы дербестікке қол жеткізу. Яғни,ұлт- азаттық қозғалыс дегеніміз- отарлық тәуелділіктегі халықтардың жат- жұрттық  езгіге қарсы жалпыұлттық күресі.

XVIII ғасырдағы қазақ халқының жоңғар  басқыншыларына  қарсы азаттық жолындағы күресі- Отан қорғау  мақсатын көздеді. Елдің  бір бөлігі  жау қолында  қалған  жағдайда  оны азат  ету ісі жалпы- ұлттық міндетке  айналды. Отан соғысы мен ұлт-азаттық қозғалыстың мақсаты ортақ- елдің мемлекетік тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сыртқы қауіптен қорғау.Сондықтан бұл ұғымдар бір-біріне жақын, мазмұны жағынан өзара астасып жатыр. Дегенмен ұлт-азаттық қозғалыстың мазмұны тереңірек. Ұлт-азаттық қозғалыстың қоғам өмірінің  барлық салаларымен  байланыста дамиды. Мұндай байланыстылық  тек саясат пен экономикадан ғана байқалып қана қоймай, қоғамның мәдени- рухани жағын да қамтиды. Ұлт- азаттық қозғалыс- бұл ұлттық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, діни, рухани қайшылықтардың  түйіні.

Қазақ халқының төл тарихы  революцияға дейін де, кеңестік дәуірде де отаршыл саясат, таптық идеология, еуроцентристік  қағидалар тұрғысынан  зерттелді. Отаршылдық дәуірде ұлт-азаттық күрестерге  «бүлік» деген айдар тағылды. Ал оған қатысушылар «бүлікшілдер», «тонаушылар» аталды. Ресейдің империялық пиғылдарына қарсы, жалпы  адамзаттың өркениет көшінде өз этносын сақтап қалу жолындағы халықтың азапты күресі жоққа шығарылды. Осылайша  ұлт-азаттық қозғалыстардың толыққанды шынайы тарихына қатысты талай шындықтар бұрмаланды.

Ұлт- азаттық қозғалыстың туу себептері.Аса қиын сыртқы саяси жағдайлар Әбілқайыр мен Әбілмәмбетке, Абылай ханға Ресейдің Кіші жүз бен Орта жүзді өзіне қосып алуы күрделі де қайшылықты жүрді. Мысалы, Кіші жүздің ханы Әбілқайырды Орта жүздің  белгілі сұлтандарының  бірі Барақтың өлтіруі қазақ қоғамындағы дағдарысты аңғартады. Ал Абылай ханның қайтыс болуы Орта жүз бен Ұлы жүз аумағында  саяси дағдарыс туғызып, хандық биліктің  әлсіреуіне әкелді. Патша үкіметі бұдан былай қазақ хандарының іс-әрекетіне  бақылау жасап, хан тағына қабілетті, беделді үміткерлерді жібермеуге күш салды. Керісінше, Ресей бағытын жақтаушы  хандарды  тағайындап,  қазақ қоғамын  жікке  бөлуді  одан әрі жалғастырды.  Сондықтан отаршылдыққа  қарсы күрестің  бастапқы  кезеңіндегі  көтерілістерге  Ресей бағытына  қарсы рубасылар , билер, батырлар басшылық етті.

Ресей империясының XIX ғасырдың 20- жылдарындағы реформалары  қазақ мемлекеттілігін  түпкілікті жоюды  көздеді. Бұл өз кезегінде  Қазақ жерінің тұтастығын көздеген сұлтандар Саржан және Кенесары Қасымұлы  бастаған кең ауқымды ұлт-азаттық қозғалыстарды тудырды.

XIX ғасырдың ортасы мен  екінші  жартысы қазақ жерлерінің  Ресейге қосылуының  аяқталу кезеңі болып есептелінеді. Қазақстанның Ресейге түпкілікті  қосылу дәуіріндегі  қозғалыстарға К.Қасымұлы, Ж.Нұрмұхамедұлы, Е.Көтібарұлы бастаған  көтерілістерді жатқызуға болады. Отаршыл Ресей үкіметінің  әр түрлі  әкімшілік- саяси шаралары қазақ көшпелі қоғамының дәстүрлі  құрылымын бұзды. Мұныңөзі  оның қоғамдық өмірінде  үнемі  дағдарыстық  құбылыстар туғызып отырды. Бұл фактор өз кезегінде мақсат – мүдделері мен  табиғи  құқығы аяқ  асты болғандардың табанды қарсылығын туғызды. Бұл фактор  өз кезегінде  мақсат- мүдделер мен табиғи құқығы аяқ асты болғандардың  табанды қарсылығын тудырды. Қоғам дамуындағы тепе- теңдіктің бұзылуы сол  қоғамның барлық әлеуметтік элементтерін азаттық күрес  аясына  тоғыстырды.

4.Термин сөздермен жұмыс. (Оқушылар термин сөздерге анықтаманы, кестеге өздері толтырады)

Термин сөздер

анықтама

толқу

 

наразылық

 

қозғалыс

 

ереуіл

 

көтеріліс

 

ұлт-азаттық қозғалыс

 

халық –азаттық қозғалыс

 

 

5.Қорытынды.Оқушылар бүгінгі сабақтан  не үйрендіңіздер? ( тақтаға бір оқушы жазып тұрады, оқушылар сөйлейді).

Үйге тапсырма: Ой- толғау. «Ұлт –азаттық күрес және ұлт мүддесі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Қазақстандағы ұлт-азаттық күрестің даму кезеңдері, ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты:

1. Ұлт- азаттық қозғалыстың кезеңін, ерекшеліктерін анықтау,қарастыру.

2. СТО элементін қолдану арқылы, көтерілістің 3 кезеңін анықтау.

3. Отанға құрмет, сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.

Үй тапсырмасын сұрау: Ой- толғау. «Ұлт –азаттық күрес және ұлт мүддесі»

Сабақ барысы

ББҮ жұмыс жасау

1.Оқушылар бүгінгі  тақырып туралы не білесіңдер?( тақтаға бір оқушы жазып тұрады, оқушылар сөйлейді)

2. Бүгінгі тақырып бойынша не білгілеріңіз келеді? ?( тақтаға бір оқушы жазып тұрады, оқушылар сөйлейді)

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 

 

 

 

 

 

 

3. Қосымша  материалдармен жұмыс. Хабарламалар (оқушыларға деректі материалдармен жұмыс жасауға уақыт беріледі)

1 хабарлама: Қазақ халқының Ресей отаршылдығына қарсы тәуелсіздік жолындағы күресі ұзаққа созылып, XVIII  ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 80- жылдарын қамтыды.Яғни, атап өтетін болсақ:

1.1783-1797 жылдардағы  Сырым Датұлы бастаған қозғалыс.

2. 1820-1830 жылдардағы Саржан Қасымұлы мен Жоламан Тіленшіұлы бастаған қозғалыстар.

3. 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс.

4. 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыс.

5. 1856-1847 жылдардағы Жанқожа Нұрмұхамбетұлы мен 1847-1857 жылдардағы Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістер.

6. 1868-1870 жылдардағы Орал, Торғай облыстарындағы және Маңғыстаудағы көтерілістер.

7. 1916 жылғы ұлт- азаттық күрес.

8.  XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының  ұлттық-демократиялық қозғалысы.

9. XX ғасырдың 20-80 жылдарындағы наразылықтар, көтерілістер, қозғалыстар (Кеңестік билікке қарсы)

2 хабарлама: Халық бұқарасының алғашқы әрі тегеурінді әрекеттерінің  бірі- Сырым Датұлының қолбасшылығымен болған көтеріліс.Кіші жүз қазақтарының  көтерілуіне патша өкіметінің қазақтардың «ішкі жаққа», «Жайық сыртына» өтуіне тыйым салуы, қазақ билеушілерінің бір блігінің  құқықтарымен санаспауы негізгі себеп болған еді. Ресейдегі шаруалар  көтеріліснің көптеген қолбасшылары  сияқты Сырым батырға да «жақсы ханға» деген сенім тән еді.Сырым билердің қазақ қоғамындағы  рөлін көтеру мақсатын көздеді. Сонымен қатар хандық билікті қалпына келтіруге де өз келісімін  берді. Дегенмен  қозғалыстың  отаршылдыққа  және хандар зорлығына қарсылық сипаты соңғы кезеңге дейін  сақталды.

3 хабарлама: 1863-1838 жылдардағы старшын Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс халық бұқарасының  отаршыл билікке , сондай- ақ сол билікке  сүйенген Жәңгір хан бастаған феодалдар  тобына қарсы ашу- ызасының сыртқа шығуы еді. Бұл ретте Исатай бастаған қозғалыс қазақ топырағындағы ашық әлеуметтік – таптық сипат алған алғашқы қоғамдық қарсылық болды.

4 хабарлама: Қазақстан тарихындағы қуаттылығы, ауқымдылығы  жағынан ең ірісі-1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс. Көтерілістің басталған уақыты патшалық  Ресейдің қазақ жеріне тереңдей еніп, әкімшілік- әскери шараларымен әлі де болса дербестігін  сақтап  тұрған аудандарға жеткен кезеңіне тұспа- тұс келді. Орта жүздегі округтік басқару жүйесіне қарсы басталған бұл көтеріліс Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасымұлының  басшылығымен жүзеге асты. Қозғалыс 10 жыл бойы Ресейдің саясатына қарсы ықпал ете отырып, Орта жүз бен Ұлы жүздердің  басым бөлігінің  Ресейдің қол астына еріксіз кіру мерзімін біраз уақытқа болса да кейінге шегерді.Көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейін Орта жүз толығымен Ресейдің құрамына енген.

5 хабарлама:Қазақстандағы ұлт-азаттық  көтерілістерді 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады. 1-ші кезең- XVIII ғасырдың соңы мен  XIX  ғасырдың екінші жартысы аралығын қамтиды. Қазақ қоғамындағы қалың бұқара атсалысқан  азаттық қозғалыстың бұл кезеңінде белгілі объективті  себептерге  байланысты билеуші әлеуметтік топ жетекші рөл атқарды. Сырым Датұлы (1783-1797 ж.ж), Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы (1836-1838 ж.ж), Кенесары Қасымұлы (1837-1847 ж.ж), Есет Көтібарұлы (1847-1858 ж.ж), Жанқожа Нұрмұхаметұлы (1856-1857) бастаған көтерілістер, ең алдымен орталық езгіге қарсы наразылықтың көрінісі болатын.2- ші кезеңі – зиялылар тобының қызметімен байланысты. 1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформасы ,1886 жылы және 1891 жылы күшіне енген әкімшілік реформалар  қазақ жерін орыс мемлекетінің  меншігі деп жариялады. Столипиннің аграрлық  реформасы тұсында  жүргізілген  орыс шаруаларын қазақ жеріне  әкеліп қоныстандыру шаралары қазақ қоғамының  дәстүрлік құрылымына  әсер етпей қоймайды. Міне, осындай жағдайда  ұлт тағдыры мен оның табиғи сұраныс- тілектерін, сондай- ақ  ұлттық  мүмкіндіктерді  ортақ мақсаттарға жұмылдыра  алатын  заман талабына сай қабілеттіәлеуметтік күш өзін  көрсете бастайды. Ә. Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы бастаған  бұл топ ұлттық құндылықтарды қорғау және негізгі  мұрат ретінде  алға тартты. Газет- журнал  және кітап бастыру ісі қолға алынды. Заман сұранысына  жауап  реакция ретінде өмірге  қазақ ұлтшылдығы келді.Ұлттық күрестің негізгі  идеялық тіректері қазақ жерінің тұтастығын сақтау, ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру. 3-ші кезеңі – Кеңестік  билік жағдайында жүрді. Жер мәселеснің толық шешімін  таппауы, ішкі Ресейден қазақ жеріне  қоныс аударудың толастамауы, өнеркәсіптің шикізаттық сипат алуы, орныстандыру үдерісі, қазақ ұлтының өзін-өзі мемлекеттік басқару үмітінің ақталмауы азаттық  үшін қозғалыстың жаңа мазмұн алуына негіз болды. XX ғасырдың 20-30 жылдары мемлекет  тарапынан  тынымсыз жүргізілген  саяси  қуғын- сүргін алашшыл  ұлт зиялыларының аталған екі буынын да жойды. 20-30 жылдар аралаығындағы күштеп ұжымдастыруға қарсылық ретінде көрінген 372 шаруалар көтерілісі саяси жетекшісіз қалған бұқара халықтың зорлықшыл саяси жүйеге көрсеткен  ашық қарсылығы болды.1959 жылы Теміртаудағы әлеуметтік жағдайдың ескерілмеуінен болған  жұмысшылар толқуы,1979 жылғы Целиноградтағы оқиғалар  да сондай қарсылықтардың бірі еді.1986 жылдғы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының тәуелсіздік үшін жүргізген ғасырлар бойғы  күресін аяқтады.

4.Төменде берілген көтерілістер мен қозғалыстардың  дұрыс уақытын бағыт сызығы арқылы сәйкестендіріңдер.

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс

1836-1838 ж.ж.

Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс

1837-1847 ж.ж.

Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс

1783-1797 ж.ж.

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

1856-1857 ж.ж.

Сырым Датұлы бастаған  ұлт- азаттық қозғалыс

1847-1858 ж.ж.

Саржан Қасымұлы мен Жоламан Тіленшіұлы бастаған қозғалыстар

1820-1830 ж.ж.

 

5.Қорытынды.Оқушылар бүгінгі сабақтан  не үйрендіңіздер? ( тақтаға бір оқушы жазып тұрады, оқушылар сөйлейді).

Үйге тапсырма:Қосымша материалдармен жұмыс.

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Бөкей ордасының құрылуы

Сабақтың мақсаты:

1.Ішкі орданы құру және патша үкіметінің жүргізген саясаты туралы  түсіндіру.

2.Оқушыларға тірек сызбаны қолдану арқылы талдау жасай отырып, қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру, еске сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Өз елінің тарихына сүйіспеншілігін ояту, ұлтжандылыққа тәрбилеу.

Сабақтың көрнекілігі: карта

Әдісі: тірек сызба

Сабақтың барысы:

Тірек сөздедмен жұмыс:

·        1801 жылы, 11 наурызда  Жайық пен Еділ өзенінің   төменгі  ағысында  Кіші жүз қазақтарының  көшіп- қонуына  І Павел патша рұқсат берді.

·        Бөкей Ордасының жер аумағы : Еділ мен Жайық аралығы.

·        Кіші жүздің жер аумағы 850 мың шақырым.

·        1801 жылы Ішкі Орда деп аталынды, басқарушысы Бөкей сұлтан болып тағайындалды.

·        1812 жылы  Бөкей сұлтанға  хан лауазымы берілді.

·        1815 жылы Бөкей хан қайтыс болды.

·        1815-1824 жылдары Шығай сұлтан Бөкей Ордасын басқарды, Бөкейдің заңды мұрагері Жәңгір болатындығын, ол кәмелеттік жасқа толған жоқ, Астрахан губернаторының үйінде тәрбиеленді.

·        1824-1845 жылдары Жәңгір хан билік жүргізді.

·        1827 жылы «Хандық кеңес» ұйымдастырылды, оның құрамына  12 би кірді.

·        1832 жылы  Жәңгір хан  Бөкей Ордасында  өз жәрмеңкесін  ұйымдастырды.

·        1835 жылы Жәңгір ханның нұсқауымен  мешіт  ашылды.

·        1841 жылы  Жәңгір хан  алғашқы зайырлы мектеп ашты.

·        1845 жылы Жәңгір хан қайтыс болғаннан кейін  Ішкі Орданы басқару үшін  Әділ сұлтан төрағасы  болып тағайындалған  Уақытша Кеңес құрылды.

·        1872 жылы Ішкі Орда Астрахан губерниясының құрамына қосылды.

Картамен жұмыс: Бөкей Ордасының жер аумағының шекарасын көрсетіңіздер?

Проблемалық сұрақ:

1.Патша үкіметі бұл Орданы құруға не себепті мәжбүр болды?

2. Билеушілерінің жүргізген саясаты.

3. Не себепті Ішкі Орда деп аталынды?

Қорытынды: Бөкей Ордасына сипаттама жасау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақстандағы ұлт азаттық көтерілістер."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Копирайтер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Түсінік хат

Қазақстан тарихынан 10-11 сыныптарға арналған қолданбалы курс білім берудің әдістері мен  түрлерін жетілдіру және білім сапасын көтеру арқылы жүзеге асырылады. XVIII- XX ғасырлардағы ұлт- азаттық көтерілістер, олардың басталу себебі,  барысы туралы және көрнекті  тұлғалар жайында толық деректер беру , заман талабына сай бірқатар  өзгерістер мен саяси- әлеуметтік мәселелердің мәні көтерілістердің ерекшеліктерімен сәйкестендіріледі. Оқушылардың Отандық тарихтағы оқиғалар бойынша білімін дамыту  мақсатында , тарихи білімді пайдаланып, қоғамда  болып жатқан оқиғаларға баға беруге , қоғамдық өзгерістерге арналған жобалар құрастыруға бағыттау.

 XVIII- XX ғасырлардағы ұлт-азаттық көтерілістерге КСРО құрамында болғанда басқаша баға беретін болса,  еліміз егемендік алғаннан кейін  Қазақстан тарихына жаңа деректер қосылуда, көлеңкелі тұстары қайта жаңғыртылып толықтырылуда. Осыған байланысты таңдаулы курсқа XVIII- XX ғасырлардағы басты ұлт-азаттық қозғалыстар  енгізілді.

Өз ойлау қабілетін дамытып, оқиғаға өз көзқарасын білдіріп, көпшілік алдында ұтымды пікір айтып,  дәріс сабағына машықтану.

Заман талабына сай білімін жетілдіріп, біліктілігін тексеруде танымдық зерттеу  сабақтары маңызды.

Бұл курстың өзектілігі  патриоттық  тәрбие беруге негізделеді. Берілген курс география, елтану ғылымдарымен тығыз байланысты.

Таңдаулы курстың мақсаты: оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасу үрдісінде  олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру және тарихты құрметтей білуге тәрбиелеу.

Таңдаулы курстың міндеттері:

-ұлтты өзге мемлекеттің экономикалық,  саяси және  басқа езгісінен азат ету,  елдің  табиғи ұлттық мүддесін қорғауға қабілетті мемлекеттілігін қалпына келтіру әрекеті екенін білу.

-ұлт-азаттық күрес – отарлық тәуелділіктегі халықтардың жат- жұттық езгіге қарсы азаттық күресі екенін  түсіну.

- ұлт –азаттық күрес отар халықтардың  отарлық езгіге қарсы жалпы халықтық күресі екенін түсіндіру.

-ұлт-азаттық қозғалыс- бұл ұлттық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, діни, рухани қайшылықтардың түйіні екенін ажыратуға үйрету.

- отандық тарихты құрметтеуге қажетті білім мен білікті меңгерту.

-оқу еңбегіне қатысты білік пен дағдыны қалыптастыру, логикалық ойлауды, есте сақтау, суреттеу, сипаттау және үнемі өз білімін шығармашылықпен көтеру.

Оқушыларға сабақ беру барысында  көтерілістермен таныстырумен бірге,     көтеріліс жетекшілермен, көтеріліс болған аумақтармен  жан-жақты түсінік берген жон деп ойлаймын. Өйткені, оқушылар  ұлт- азаттық көтерілістің себебі, барысы,шарықтау шегі, нәтижесі, маңызы, мәні туралы ақпараттарды білуі тиіс.

Шығармашылық  тапсырмаларды орындау кезінде  өз бетінше жұмыс істеудің өз орны бар.

Бағдарламаны өтілу барысында білім алушылар сыныпта және сыныптан тыс жұмыстар , яғни талдау, баға беру, кемшіліктері мен жетістіктерін атап көрсетеді.

Курс10- 11 сыныптарға арналған 68 сабақтан тұрады.Оқытылған бағдарламаның өту барысында  төмендегідей қорытынды жасалады.

Оқытылып жатқан курстың көтеріліс кезеңдерін білу қажет, ұйымның картамен жұмыс істеу принциптері, жылдар мен оқиғаларды ажыратып,салыстыру, талдау және картадан анықтау, қосымша әдебиеттерді қолдану, тіл мәдениетін дамыту.Осы мақсатқа қатысты курстың өтілуі білім алушылардың тарихи картамен және кескін картамен жұмыс істеуді қалыптастыра білу және жаңаша  жұмыс жасау, тарихи деректерді пайдалану, есте сақтау қабілетін дамыту, жадын қалыптастыру.

Білімді бағалау, меңгеру, жаңашылдығын анықтау, курстың негізгі  бөлімдері бойынша қорытынды тест алынады.

 

 

 

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 866 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.01.2015 8519
    • DOCX 54.6 кбайт
    • 95 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алим Назгул Алибеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алим Назгул Алибеккызы
    Алим Назгул Алибеккызы
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11307
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 220 человек

Курс профессиональной переподготовки

Технологии географического образования

Педагог в сфере географического образования (учитель географии)

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Игровые приемы и методы обучения в школьном курсе физической географии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 178 человек

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Маркетплейсы: организационные, правовые и экономические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе