Главная / История / Қазақстан тарихы пәнінен "Бейбітшілік пен татулық - Қазақстан халқының басты байлығы" тақырыбында әдістемелік әзірлеме

Қазақстан тарихы пәнінен "Бейбітшілік пен татулық - Қазақстан халқының басты байлығы" тақырыбында әдістемелік әзірлеме

Сабақтың тақырыбы:

«Бейбітшілік пен татулық – Қазақстан халқының басты байлығы»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға Отан туралы, ұлтаралық, дінаралық қатынастар туралы жалпы мағлұмат беру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту, шығармашылық жұмыс істеу, іздену қабілеттерін арттыру.

3. Тәрбиелік: Отансүйгіштік, ұлтжандылық, гуманисттік, ұлтаралық татулық пен бірлік, толеранттылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу. Достық, ынтымақтастық сезімдерін ояту

Сабақтың көрнекілігі:

Тақта, плакаттар, газет-журнал, ұлттық белгілерді сипаттайтын элементтер-ұлттық киімдер, тағамдар, көріністер

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың типі: қайталау, бекіту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, деңгейлік тапсырма беру,интерактивті тақтамен жұмыс,шығармашылық тапсырмалар ,сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу.

2. Түгендеу.

3. Сабаққа дайындықтарын тексеру.









Мұғалім: Армыссыздар, құрметті ұстаздар мен студент жастар Тәуелсіздік Қазақстанның 20 жылдығы қарсаңында, ұлтаралық келісім мен достықтың аясында өтетін «Бейбітшілік пен татулық – Қазақстан халқының басты байлығы» атты ашық сабағымызды бастаймыз.

Мұғалім: Қазақстан – көп ұлтты мемлекет . Оның басты байлығы – халықтың татулығы мен ел тыныштығы болып табылады. Қазақстанда тұратын әр-бір ұлттың өз тілін, әдебиетін, төл мәдениетін дамытуға толық мүмкіндіктері бар. Еліміздің мемлекеттік тілін, барлық ұлттардың ана тілін одан әрі дамыту – барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылады. Ал, енді Саткенова Сандуғаштың орындауында «Менің Қазақстаным» атты өлен шумақтарын қабыл алыңыздар.

Оқушы 1:

Анамыздай тілеуі – ақ

Отан бізде біреу ақ,

Ол біздің – Қазақстан

Алтай – Жайық арасы

Кең даланың айнасы

Ол біздің – Қазақстан

Оқушы 2:

Приветствую тебя, мой Казахстан

Страна степей, лесов и гор высоких

Ты родина моя, ты мой Отан

Люблю простор лугов, простор степей

Где дышится приятно и свободно

Люблю леса, озера, реки, горы и людей

Живущих мирно на земле твоей!

Мұғалім: Ел егемендігінің жиырма жылдығы - мемлекетіміздің тұрақтылығының, халықтар арасындағы достық пен татулықтың тарихы деп айтуға болады. Жоғарғы мәдениет пен төзімділік қана ел бірлігін, ынтымағын сақтап қала алады. Осы төңіректе келесі оқушылардың өлен шумақтарын қабыл алайық.

Оқушы 1: Әнұраным – жан ұраным,

Айтар әнім – сөйлер сөзім,

Туған жерім – сағынарым,

Мәнгі бақи табынарым.

Оқушы 2: Я люблю Казахстан, за прекрасные степи

За высокие горы и шумные реки

За орла, что парит в высоте надо мной

И за солнце люблю и за небо покой

Оқушы 3: Атын айтсам, бүкіл қазақ қосылар

Атын айтсам, аттылы жаяу жосылар

Төле, Қазыбек, Әйтеке би ел сүйген

Даналарым, бабаларым осылар

Терең ойдың бар інжілін тергендей,

Үш би отыр халқым сенгендей

Тәуелсіз ел, «Ата-заңын» жасарда

«Жеті жарғы» негіз жасап бергендей

Оқушы 4: Казахстан – край родной,

Ты свободен от тяжких степей

Не забудь, что нам свобода досталась

Ценой жизни многих людей

Мұғалім: Қ.Р. Президенті Назарбаевтың бастамасымен 1991 жылы Семей полигонын жабылуы туралы жарлық шығарды, ол да бір бейбіт саясаттың бір негізі болып табылады. Ұлттар арасында бірлік пен татулықты орнату мақсатында, дінаралық, конфессияаралық, ұлтаралық келісімдерді жүргізу мақсатында Ұлттық Ассамблея құрылды. Сол жайлы Жакенов Дамирдің баяндамасын тындайық.

Оқушы1: Қазақстан Ұлттық Ассамблеясы жайлы баяндама оқылады

Мұғалім: Ия, түрлі ұлттар мен дін өкілдерінің бір шанырақ астында бейбіт өмір сүруге жағдай жасап, осылайша ұлтаралық, дінаралық қатынастардың сақталуына жол ашып отырған біздің мемлекетіміз әлемнің кез келген еліне үлгі бола алатының көріп отырмыз.

Мұғалім: Ендігі кезекте, біздің іс-шарамыз аясында мақал-мәтелдер сайысын өткізейік. Болат Таншолпан мен Сапаров Темирланды ортаға шақырайық.

Мұғалім: Достық, татулық туралы ұлы ғұлама ойшылымыз Абай Құнанбайевта өз ақыл-нақыл сөздерін айтқан. Оған 6-шы қара сөзін мысалға келтіруге болады. Осы орайда Суйеубаева Алтынайды ортаға шақырайық.

Жүргізуші 1:

Ана-тілін – арың бұл

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тілінді құрметте

Қадыр Мырзалиевтың өлең шумағымен, өз тілімізді, мәдениетімізді дамытуға өз үлесімізді қосуымыз керек. Төл мәдениетіміз туралы Шарипова Арайлым мен Айым баяндап береді.

Екі оқушы: «Мен қазақпын – мың өліп, мың тірілген» өлені оқылады. Қазақтың мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары, ұлттық киімдері, ұлттық тағамдары жайлы ақпарат береді. Ұлттық тағам – бауырсақ таратылады. Шарипова Арайлымның орындауында қазақ ұлттық биі және Алиева Тиштықтың орыс биі орындалады.

Мұғалім : Ал, енді сұрақ-жауап сайысына көшейік.

Оқушылар 2 топқа бөлінеді, сұрақ-жауап сайысы өтеді

Сұрақтар:

  1. Қ.Р. Конституциясы қашан қабылданды?

  2. Қазақстанның жер көлемі қанша шаршы километр?

  3. Қазақстанда қанша облыс бар? Қандай?

  4. Диуани Хикметтің авторы?

  5. Қазақстан халықтарының бірлігі күні?

  6. «Қазақ» деген соз қандай ұғым білдіреді?

  7. «Номадизм» дегеніміз не?

  8. Кем дегенде 3 жырауды атаңыз?

  9. Қ.Р. заң шығарушы органы?

  10. Шынғыс ханның ұлдарын атаңыз?

  11. Президент болу үшін қойылатын талаптар?

  12. Еліміздің тұнғыш астанасын атаңыз?

  13. А. Құнанбаевтың шын атын атаңыз?

  14. «Оян қазақ» өленінің авторы?

  15. Кимоно қай ұлттық киім?

Коллаж жасау сайысы 2 топ арасында болады

IX. Үйге тапсырма: Еркін жазу әдісі бойынша кесте толтыру: Бүгінгі сабақта нені білдім? Нені білгім келеді?

X. Бағалау. Сайыстың қорытындысын шығарып, сол арқылы бағалау жүргізіледі



Қазақстан тарихы пәнінен "Бейбітшілік пен татулық - Қазақстан халқының басты байлығы" тақырыбында әдістемелік әзірлеме
  • История
Описание:

Сабақтың тақырыбы:

                                         «Бейбітшілік пен татулық – Қазақстан халқының           басты        байлығы»

Сабақтың мақсаты:

                                      1. Білімділік: Оқушыларға Отан туралы, ұлтаралық, дінаралық     қатынастар туралы жалпы мағлұмат беру.

                                      2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту, шығармашылық жұмыс істеу, іздену қабілеттерін арттыру.

                                       3. Тәрбиелік: Отансүйгіштік, ұлтжандылық, гуманисттік, ұлтаралық татулық пен бірлік, толеранттылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу. Достық, ынтымақтастық сезімдерін ояту

Сабақтың көрнекілігі:

                                       Тақта, плакаттар, газет-журнал, ұлттық белгілерді               сипаттайтын элементтер-ұлттық киімдер, тағамдар, көріністер

Сабақтың түрі:     сайыс сабақ    

Сабақтың типі: қайталау, бекіту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, деңгейлік тапсырма беру,интерактивті тақтамен жұмыс,шығармашылық тапсырмалар ,сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу.

2. Түгендеу.

3. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

 

 

 

 

Мұғалім: Армыссыздар, құрметті ұстаздар мен студент жастар Тәуелсіздік Қазақстанның 20 жылдығы қарсаңында, ұлтаралық келісім мен достықтың аясында өтетін «Бейбітшілік пен татулық – Қазақстан халқының           басты байлығы» атты ашық сабағымызды бастаймыз.

Мұғалім: Қазақстан – көп ұлтты мемлекет . Оның басты байлығы – халықтың татулығы мен ел тыныштығы болып табылады. Қазақстанда тұратын әр-бір ұлттың өз тілін, әдебиетін, төл мәдениетін дамытуға толық мүмкіндіктері бар. Еліміздің мемлекеттік тілін, барлық ұлттардың ана тілін одан әрі дамыту – барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылады. Ал, енді Саткенова Сандуғаштың орындауында «Менің Қазақстаным»  атты өлен шумақтарын қабыл алыңыздар.

Оқушы 1:

Анамыздай тілеуі – ақ

                                                Отан бізде біреу ақ,

Ол біздің – Қазақстан

 Алтай – Жайық арасы

                                                Кең даланың айнасы

Ол біздің – Қазақстан

Оқушы 2:

Приветствую тебя, мой Казахстан

Страна степей, лесов и гор высоких

Ты родина моя, ты мой Отан

Люблю простор лугов, простор степей

Где дышится приятно и свободно

Люблю леса, озера, реки, горы и людей

Живущих мирно на земле твоей!

Мұғалім:   Ел егемендігінің жиырма жылдығы - мемлекетіміздің тұрақтылығының, халықтар арасындағы достық пен татулықтың тарихы деп айтуға болады. Жоғарғы мәдениет пен төзімділік қана ел бірлігін, ынтымағын сақтап қала алады. Осы төңіректе келесі оқушылардың өлен шумақтарын қабыл алайық.

Оқушы 1:                      Әнұраным – жан ұраным,

                                       Айтар әнім – сөйлер сөзім,

                                       Туған жерім – сағынарым,

                                       Мәнгі бақи табынарым.

Оқушы 2:                      Я люблю Казахстан, за прекрасные степи

                                      За высокие горы и шумные реки

          За орла, что парит в высоте надо мной

     И за солнце люблю и за небо покой

Оқушы 3:                     Атын айтсам, бүкіл қазақ қосылар

Атын айтсам, аттылы жаяу жосылар

Төле, Қазыбек, Әйтеке би ел сүйген

Даналарым, бабаларым осылар

Терең ойдың бар інжілін тергендей,

Үш би отыр халқым сенгендей

Тәуелсіз ел, «Ата-заңын» жасарда

«Жеті жарғы» негіз жасап бергендей

Оқушы 4:                    Казахстан – край родной,

                                    Ты свободен от тяжких степей

    Не забудь, что нам свобода досталась

                                    Ценой жизни многих людей

Мұғалім:   Қ.Р. Президенті Назарбаевтың бастамасымен 1991 жылы Семей полигонын жабылуы туралы жарлық шығарды, ол да бір бейбіт саясаттың бір негізі болып табылады. Ұлттар арасында бірлік пен татулықты орнату мақсатында, дінаралық, конфессияаралық, ұлтаралық келісімдерді жүргізу мақсатында Ұлттық Ассамблея құрылды. Сол жайлы Жакенов Дамирдің баяндамасын тындайық.

 

Оқушы1: Қазақстан Ұлттық Ассамблеясы жайлы баяндама оқылады

Автор Имбердиева Марина Сайдуллаевна
Дата добавления 25.02.2015
Раздел История
Подраздел Другое
Просмотров 736
Номер материала 57056
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓