Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыҚазақстан тарихы пәнінде сын тұрғысынан ойлауды қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру

Қазақстан тарихы пәнінде сын тұрғысынан ойлауды қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру

Скачать материал

 

 

Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру.

Бастауыш саты - бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп - оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Президенттің жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ.
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық - педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс - әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог - зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу - тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс - тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу IV кезеңнен тұрады:
І. Жаңа идеяны іздеу
Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру
ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру
ІІІ. Жаңалықтарды енгізу
Оқу - тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс - тәсілдерді пайдалану
IV. Жаңалықтарды бекіту
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.
Бастауыш мектеп оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Инновациялық технологиялардың бастауыш мектептігі білім сапасын арттыру:
• Әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану;
• Әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
• Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу;
• Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу;
Бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарында оқушылардың тілін дамытуда, өздік жұмыс жасау, өз дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын еркін жеткізе алуға баулуда.
Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.
Инновациялық технологиялар:
• Жобалау технологиясы;
• Саралап даралап оқыту;
• Дамыта оқыту технологиясы;
• Модульдік оқыту технологиясы;
• Сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
• Сатылай комплексті талдау;
• VTS бағдарламасы;
• Деңгейлеп оқыту технологиясы;
Инновациялық технология нәтижелері:
1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туды.
3. Олардың әрқайсының деңгейін анықтай аласың.
4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.
5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.
6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды енгізіп, интерактивті оқытуды пайдалану мұғалімдерді шеберлік жағынан шыңдайтындығына дау тудырмайды. «Білім туралы» Заңда қабылданған білім беру жүйесінің жаңа моделі 2004 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім жүйесіне сәйкестендірілген. Осы заңның 8 - бабында білім беру жүйесі басым міндеті ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу деп аталып отыр.
Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болуы мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан - жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.
Педагогикалық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі керек:
• Алынып отырған технология сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы;
• Тиімділігі, жүйелілігі және басқа жақтары.
ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қояды. Оның өлшемі тек сауаттылық деңгейімен (жазу, оқу, есептеу) өлшенбейді, оның критерийі - функционалдық сауаттылық.
Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу - бүгінгі күннің мақсаты.
Оқыту технологиялары оқушының тұрақты жоғары нәтижелерге қарай біртіндеп сатылай жылжуын, жаңа оқу ақпарлары мен біліктіліктерді меңгеру мақсатына жақындау деңгейлерін әр қырынан бағалау және өзін - өзі бағалау мүмкіндіктерінің туындауын қамтамасыз етеді.
Білім стандартында белгіленген, білім беру бағдарламаларында айқындалған талаптарды нақты жағдайларда жүзеге асыруға мүмкіндік беретін педагогикалық технологиялардың бірі деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы. Даралап - саралап оқыту технологиясының мақсаттылық принципі - әр сабақты өткізуге арналған жоспарда, ең бірінші сол сабақтың мақсаты көрсетіледі. Сондай - ақ деңгейлік тапсырмаларда оқушылар ерекшеліктерін ескере отырып белгілі бір мақсатта берілуі қажет.
Деңгейлік тапсырмалар беру әдістемесінің негізгі ұстанымы – оқу материалдарын оқушының жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойлау әрекеттеріне ойластырып, саналы меңгерту. Оқушылардың білім сапасын көп жағдайларда төмен болуы осындай түрлі жағдайларды ескермеудің салдары деп айтуға болады. Деңгейлік тапсырмалар мен жұмыс жасау оқушылардың іскерліктерін жүзеге асырады.
Осыған байланысты деңгейлік тапсырмалар беруде оқытушы ең алдымен тапсырмалардың мазмұндық жүйелігіне аса назар аударуы қажет.
Аталмыш технологияны жүзеге асыруда оқытушы белсенділігі, шығармашылық ізденісі артып, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, оқушыларын жеке тұлға ретінде бағалауы ерекше орын алады.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы. Оқушыны сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының әдістерін сабақтарда қолданудың маңызы зор, тиімді. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалану негізінде оқытудың әр түрлі формаларын қолдана отырып оқушылардың бір - бірін тыңдай білуге, өз ойларын анық жеткізуге, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді. Ізденіске баулып, естіп көріп білгенін түйіндеп, пайдалана білуге үйрету.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасымен жан - жақты ізденіп, танысып талдау. Сынып оқушыларының оқу тәрбие процесінде психологиялық педагогикалық тұрғыда бақылау, білім деңгейін диагностикалық үнемі зерттеу. Жан - жақты дамыған шығармашылық талапқа сай жеке тұлға тәрбиелеу.
Бүгінгі өскелең ұрпаққа тәлім тәрбие үйретіп, білім беру әр ұстаздың міндеті. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықтан бастап, болжам жасатып, мақсат қойып, іс қылуға сұрақ беріп жауап алуға мазмұндық толық түсінуге жағдай жасалынған.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының тиімді жақтары
1. Оқушылардың өздігінен жан - жақты білім алуға жағдай жасалады.
2. Сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды.
3. Оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады.
4. Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілік қарым - қатынастар орнайды.
Сонымен, оқушының үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы ең алдымен мұғалімнің өз міндетіне, шеберлігіне байланысты. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс - әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс. Сондықтан да жоғарыда айтылған жаңа технологиялар – жетістік көзі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Қазақстан тарихы пәнінде сын     тұрғысынан ойлауды  қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру

     Қазақ халқының рухы таза ұлт болып қалыптасуы және тәуелсіздігіміздің беріктігі, еліміздің сақталуы тікелей жас ұрпаққа байланысты.
Бүгінгі таңда еліміздегі мектептегі білім беру ісі, заманауи ақпараттық технологиялармен жарақтандыру шаралары біршама өз шешімін тапқандай болса да, әлі де рухы таза, ұлтжанда ұрпақ өсіруде нәтижеге қол жеткізе алмай отырған сияқтымыз.
2012 жылдың желтоқсан айындағы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан 2050” жаңа стратегиялық бағдарламасында - Мен 2050 жылғы

Қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін.
Олар - әлемнің азаматтары. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары
“Қазақстан 2050” Жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыруда бізге – қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктеледі.
Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен алдағы асулардан алқынбай асамыз - делінген
Осы зор жауапты міндетті жүзеге асыруда тарихшы ұстаздарға жүктелетін міндет зор.

Ақпараттық қоғамдағы өмір сүру аса үлкен жылдамдықпен өзгереді, алайда өзгермейтіні – адам құндылығы.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында « Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу; білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгеріcтерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттілігі туындайды. Білім берудің маңызды шарты - оқу үрдісін жаңара отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабылеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс - әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.

Оқыту барысында өз сабақтарымда қолданып жүрген технологиялар ішіндегі «Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы» стратегиялары тарих пәніне арнап құрастырылған десем, артық айтқаным болмас. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқумен жазуды дамыту технологиясын сабақ үстінде оқушыға мынандай мүмкіндіктер беретінін анықтадым:
- мұғалімге тәуелділіктен арылып, өзінің білім беру қызметін өздері басқаруға;
- білім мәдениеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс - әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;
- жеке ерекшелігі мен қыбылетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып, белсене орындауға;
- білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып мұғалім көмегінсіз атқаруы;
- құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұхбат жүргізуге;
- ой - өрісі ғана емес, рухани және әлеуметтік жағынан өздерін - өздері дамытып, тәрбиелеуге.

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясын сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.
1. Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
2. Сенімділікке тәрбиелеу.
3. Қиялын дамыту « менің ойымша» деген жауапқа алуға жағдай жасау.
4. Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау.
5. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.
6. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.
7. Жеке тұлға ретінде « мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

Тәрбиесіз берген білімнің зияны туралы бұдан бұрынғы ғұламалардың айтып кеткені белгілі. Осыған орай менің ұстаз ретіндегі өмірлік ұстанымым – рухы таза, өзінің қазақ деген ұлттың бір бөлшегі екендігіне мақтана алатын, оны шынайы сүйіп қастерлейтін жеткіншектерді тәрбиелеу, білім беру. Біздің ұлтымыздың тарихында біз қорынатындай ешқандай ұлтты қаралайтын беттер жоқ. Қазақ тарихы – тірі болу, тіршілік үшін күресу, бірігу тарихы.
Баланың сезіміне әсер етпей, санасына жеткізбей, оған терең білімді меңгерту мүмкін емес. ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: “Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан табатын өнер”, - деген екен. Мен өз сабақтарымда жаңа педагогикалық әдістердің ішінен сын тұрғысынан ойлау әдісін пайдаланып жүрмін.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуға жұмыстар жасай отырып баланың танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға мүмкіншілік беру. Екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға үйрету.
Сын тұрғысынан оқыту дегеніміз не?
Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады.

Сын тұрғысынан оқыту технология емес, ол бағдарлама. Бұл бағдарлама әлемнің түпкір - түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. «Біздің елімізде Джорд Соростың ашық қоғам институты, «Сорос - Қазақстан» қоры арқылы келген бұл бағдарлама мектеп тәжірибелеріне ене бастады. Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау.
Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады.

Сабақтың құрылымы:
1. Қызығушылықты ояту:
Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі арттырады, оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып, қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққа т арту.
Бұл жерде дәстүрлі әдістердегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?» т. б. деген сұрақтарды алмастырып, керісінше сабаққа жағымды ахуал туғызады.
Бұл қызығушылықты ояту кезеңі -«жаңа білімге көпір салу». Бұл сәт «Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден алыстатады. Орнына, білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге көпір салу болып табылады.
2. Мағынаны ашу:
Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі.
Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар: болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білуді, өзара оқыту т. б. Осы әдіс - тәсілдерді қолдану кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін - өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс - әрекетінің ояну, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.
3. Ой толғаныс:
Оқуды қорытындылау.
Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жол өлең», т. б. стратегияларды қолданып тәсілдерін қолданып қорытындылайды. Бұл бағдарламада қолдануға болатын стратегиялар өте көп. Мен өз сабағымда пайдаланатын стратегиялар түрі:
1. Негізгі ойды суреттеу
2. Топтастыру
3. Бес жол өлең
4. Эссе жазу
5. Болжам кестесі
6. Галереяға саяхат
7. ЖИГСО
8. Венн диаграмма
9. Қос жазба күнделік
10. Авторға сұрақ қою
11. Әлемді шарлау
12. Ой қозғау
13. Оқиға желісі
Аталған стратегияларды пайдалана отырып мен көп жетістіктерге жеттім. Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір - бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастады.
Бұрын шығарма, мазмұндама жұмыстарында оқушылар өз ойын білдіруге, әңгіме құрауда көптеген қиындықтарға кездесетін.
Қазір күнде өтілген әңгімеден соң оқушылар ой - толғанысын жасап өз ойын жазбаша білдіреді, кейде мәтіндегі ойға байланысты мақал да кірістіріп жазады.
Қорыта айтқанда СТО бағдарламасының әдістері арқылы оқушылардың ой - пікірі, көзқарасы, дүниетанымы қалыптасады. Оқушылардың белсенділігі артады, келесі сабақты асыға күтеді. Олардың тарихи әдебиеті оқуға деген қызығушылығы мен қажеттілігі қалыптасады. Өз пікірін айта алатын, өз көзқарасын қалыптастыра алатын, ұлтын сүйетін оқушы ертеңгі өмірдің ағымына да төтеп бере алатын азамат болатынына мен кәміл сенемін.


 

 

 

 

Мен сабақ беретін сыныптарға тәжірибемді қолданғандағы шыққан нәтиже
2011 - 2012 оқу жылы
сыныптар І - тоқсан ІІ - тоқсан ІІІ - тоқсан IV - тоқсан Жылдық
7 «а» 50% 54% 60% 64% 72%
7 «г» 48% 52% 58% 62% 70%
7 «ғ» 46% 50% 54% 60% 68%

2012 - 2013 оқу жылы
сыныптар І - тоқсан ІІ - тоқсан ІІІ - тоқсан IV - тоқсан Жылдық
7 «а» 52% 58% 64%
7 «ә» 48% 52% 60%
7 «б» 46% 48% 60%

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың шығармашылығын арттыру

 


Баяндама
Тақырыбы:  оқушылардың шығармашылығын арттыру.
Кіріспе.
Елбасымыз Жаңа Жолдауында: «Білім беру саласының басты міндеті - 2010жыл-ға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту»- деген болатын.

Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алып алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Сапаны көтерудегі ең өзекті мәселелердің бірі – мұғалімдерді даярлау және кәсіби шыңдау мәселесі болып отыр. Жаңа заман мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс - әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестіруші бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет.

Білім беру үрдісінде оқытушы жаңа ақпаратты беріп қана қоймай, оқушысын
шыңдай түсуде келесі міндеттерді орындауы тиіс:
 оқушысын келелі мәселелерді шешуге баулу;
l
 бір ғана түпнұсқаны пайдаланбай, әр түрлі әдістерді қолдана білуге үйрету;
l
 берер білімнің ғылымилығын арттыру;
l
 алған білімін өмір ағымында қолдана білуге үйрету;
l
 оқушысының ой белсенділігін дамыту;
l
 әр оқушының қабілетіне қарай дарындылығын, қызығушылығын дамыту
l
 білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыру нәтижесінде
l
жоғарғы сапаға жету;

Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.
«Шығармашылық» ұғымы жөнінде Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасында: «Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түюі, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5 - тарауындағы 41 - баптың 1 - бөліміндегі “Педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым - қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.

«Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын арттыру»- тақырыбындағы өз баяндамамды ұсынамын.

Негізгі бөлім.
Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да бастауыш мектеп алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Дамыта оқытудың да басты мақсаты - баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту.

Б. Д. Эльконин шығармашылыққа мынандай анықтама береді: «Шығармашылық -
бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін - өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады.

Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де көрінеді. Адам бойындағы қабілеттерді дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін - өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Ол өзін - өзі шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі керек. Адам өзін - өзі жетілдіруге де, сонымен қатар, сонымен қатар өзін - өзі жоюға да қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан, талап тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады»-деп көрсетілген Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында. Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.

Оқушының шығармашылық іс - әрекеті және оның мәнін түсіну үшін жеке тұлғаның ғылыми - педагогикалық зерттеулердің обьектісі ретінде анықталу сипатын білу қажеттілік болып табылады. Шығармашылық іс - әрекет тұлғаны құраушы және оны айқындаушы фактор ретінде де қарастырылады.

Жеке тұлғаның ерекшеліктеріне тән қасиеттер оның санасына, өзіне - өзінің сын көзімен қарауына, адам баласының есіне әсер ететін ішкі және сыртқы түйсік,
түйсіктердің әсеріне және оның ерік - жігер күші мен әсерленушілік сезім дүниесіне байланысты құбылыс деген пікірді біздер қуаттаймыз. Оның себебі, ұлы ғұламаларымыз осы ой - пікірде болған деп білеміз.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс - әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу - танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.
Мектептегі оқу процесі оқушылардың іздемпаздығын, танымдылық белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуында жол ашуы қажет.
Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, оқушының өзіндік жұмысы,
дербес іс - әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар, олардың іздемпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтармен психологтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшеліктері олардың ықыласына және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп пікір айтады.

Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасына олардың өз еркімен амал - тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.
Оқушылардың шығармашылығын, іздемпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен ғылыми - шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану - олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай - ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркем өнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.

Шығармашылыққа үйрету тұлғаның интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық, мінез - құлық ерекшеліктерін де көздейді. Оған жігерлілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қаржылық пен табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқаты іздеудегі және қарым - қатынастағы адалдық жатады. Әр сыныптағы әр оқушыға байланысты мұғалім өзінің мақсатқа жету жолдарын іздейді. Ол оның үстіне басты шарты аталған қасиеттерді көрсетуге тырысады.
Оқушылардың жоспарлы жұмыс істеуге және өз жұмысының нәтижесін өзі тексеруге, оларды тапсырманы орындаудың тәртібі мен әдістерін анықтай білуге, сабақта, бір күнгі, апта ішіндегі, ай ішіндегі өз жұмысын жоспарлай білуге ұсынылған критерийлер негізінде өз жұмысының нәтижесін талдау мен бағалауға, сондай - ақ мұндай критерийлерді өздері жасауға үйретуді көздейді.

Шығармашылық сабақтың базалық негізін анықтауда әр жағдайда сабақтың үйлесімді үлгісі таңдап алынды. Шығармашылық сабақтың мақсаты оқушылардың өзіндік білімділік нәтижесін құру болып табылады.
Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін оятып оның шығармашылық қабілеттерінің дамуына адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Ұжымдық сабақтарда өзінің сыныптасының кемшілігін көруге өзгелердің ісінен сабақ алуға танымдық әлеуметтік ұстанымының қалыптасуына өз ортасының пікірінің әсері зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой - пікірлері қалыптасады.

Сабақ үстінде ұжымдық шығармашылық қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін көрсетсек:
 өзіндік пікірлерін дәлелдеу;
l
 пікірталастар мен талқылауларға қатысуы қажет;
l
10
 өзінің жолдасына мұғалімдерге сұрақ қоюы;
l
 жолдасының жауабыңа пікір айту;
l
 сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;
l
 үлгерімі нашар сыныптастарын оқытумен айналысу;
l
 үлгермеушілерге түсініксіз жерін түсіндіру;
l
 өз бетімен қиындау тапсырмаларды таңдау;
l
 танымдық тапсырманың шешімдерін табуда бірнеше нұсқасын көрсету;
l
 өзіндік бағалауға жағдай туғызу өзінің танымдық және практикалық әрекетін талдау;
l
 танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдісті қолдану арқылы орындау.
l
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрленіп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы сыныптағы оқушылардың іс - әрекетін бақылауға қолайлылық оқу - танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.

Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс - әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағлымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс - әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, білігін ұштай түседі. Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар:
 оқушының танымдық іздемпаздығы қалыптасады;
l
 сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;
l
 шығармашылық ой - өрісі артады;
l
 кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдармен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;
l
 ұжымдық ой - пікірлері жетіледі, топ мүшелерін пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;
l
 мұғаліммен оқушылардың қарым - қатынасы ынтымақтастыққа болып, сенімділіктері артады;
l
 оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;
l
 білімін жүйелі түрде толықтыруға;
l
 өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға;
l
 тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;
l
 оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін тудырады.
l
Жаңа материалдарды түсіндіруде ақпарат беруші қызметінде ғана қалмай, мұғалім баланың танымдық дербестігін қалыптастырудағы әрекеттерін негізгі міндеттеріне тоқталсақ:
 білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыруы;
l
 білімді шығармашылықпен қолдануға дағдыландыру және оқу проблемаларын шешу шеберліктерін арттыру;
l

 ғылыми дүниетанымды қалыптастыру т. б.
l
10
Шығармашылық сабақтардың өткізу оқушының танымдық іс - әрекетін арттырудың құралы, сапалы білім берудің шарты, оқу үрдісін ұйымдастыру факторы, оқытудың жекелік бағдары болып табылады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда сыныптан тыс жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастырудағы: шығармашылық ай, пәндік апталықтар мен ғылыми апталық, жобалар, пәндік үйірмелермен факультатив сабақтарының маңызы зор.
Барлық жұмыстар оқушылардың қалауы бойынша жүргізіледі, оған әртүрлі сынып оқушылары қатыстырылуы мүмкін.
Осындай жүргізген жұмыстар арқылы оқушылар өздерінің әртүрлі танымдық және шығармашылық сұраныстарын қанағаттандырады. Сонымен қатар, мектеп ішіндегі оқушылардың арасынан дарынды балалардың шығуына ықпал етеді.
“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.

Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.
Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологы П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П. Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.
Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз.
Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.
Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:
• оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым - қатынасы ретінде қабылдау.
•Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);
• Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);
• Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);
• Оқушылардың өзін - өзі шығармашылық басқаруы;
• Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
• Ата - аналармен ынтымақтастық құру;
Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
• өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;
• оқушы дарындылығының моделін білу;
• қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
• дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей
оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
• дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.
Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:
• дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
• дарынды оқушыларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
• оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
• дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
• дарынды оқушының ғылыми – ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
• дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

Сондай - ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.

Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2. Сабақты түрлендіріп өткізу;
3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері немесе «дарындылық белгілері» психологтар арасындағы пікір таластардың негізі болып табылады.
Талантты балалардың өмірінде және іс - әрекетінде байқалатын ерекшелік белгілері айқындалған. Мұндай белгілерді балалардың іс - әрекет ерекшеліктерін бақылаған кезде баяндауға болады. Шығармашылық дарындылықтың белгілері әртүрлі болатындығы қиындық туғызады және де олар әлеуметтік ортамен тығыз байланысты.
Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттілікті оқу әрекетінде көрінеді.
Сондықтан әр бала бойындағы шығармашылық қабілеттері оқу әрекетінде көрінеді. Сондықтан әр бала бойындағы шығармашылық қабілеттерін бағыттап, тәрбиелеу қазіргі таңдағы ата - ана мен мұғалімнің тарапынан қолдау тауып отыруы қажет.

Оқу іс әрекетінде мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болуы керек. Ол үшін мұғалім бар күш - жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы қажет. Ал оқушы өз тарапынан белсенділік, дербестілік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы шығармашылық әрекетті қалыптастыра алады. Менің байқағаным, бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады және дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелдеді шешімдер қабылдай білуге тырысады.
Бастауыш сыныпта «Ана тілі» және «Қазақ тілі» сабағында ұтымды уақыт тауып, шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Ол үшін мұғалім мәтіннің, жаттығудың өн - бойынан шығармашылық тапсырмаға лайықты жағдайлар іздеп табуы керек. кейбір практикалық тапсырмаларды да шығармашылық арнаға бұрып, өзгертуге болады.
Бастауыш сынып оқушыларының қиялы әдеттегіден тыс, ерекше. Олар естіген
әңгімелер, ертегі желісімен өзі де оларды құрастыра алады. Сондықтан мұғалім
ертегіні немесе әңгімені бастап беріп, оны аяқтауға оқушыға тапсыратын болса,
балалар оны аяқтаудың түрлі жолдарын қарастырады.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда мен мынадай әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданамын.
Олар мыналар:
1. Мәтін, ертегіні, әңгімені өз ойларымен аяқтау. Мысалы; Қайсар атасымен
қыдырып жүреді. Кенет қой қора жақтан түтіннің иісі келді. Қараса, қой қора өртеніп
жатыр екен.
- Қайсар не істеді?
Бұл мәтінді бір - екі бала былай деп аяқтапты.
Қайсар жүгіріп барып, өрт сөндіргіш машинасын шақырды. Жан - жақтан көмекке
адамдар да келді. Өрт сөндірушілер мен көршілердің көмегімен өртті шығынсыз
өшіріп алды. Қайсардың елгезектігіне атасы риза болды.

Қайсар ойланбастан қораға жүгіріп кірді де, қойларды айдап шықты. Сол кезде
қораның үсті құлап түсті. Қайсар қойларды аман алып қалды. Шопан Қайсарға риза -
шылығын білдіріп, қошақан сыйлады.
2. Ақын, жазушылардың мәтіндерін басқаша аяқтау.
Мысалы: Шона Смаханұлының (Тәкаппар) мысалын Әлібек былай аяқтады:
Балықты жағада ойнап жүрген Асқар тауып алды. Оның жағдайын көріп аяп кетті.
Оны жүгіріп барып теңізге салып жіберді. Содан бері балық өзінің туған теңіңзін ешқашан жамандамайтын болыпты.
3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
4. Мәтін бойынша мақал құрастыру.
5. Табиғат құбылыстарына, заттарға жұмбақтар құрастыру. Мысалы: Дидардың
құраған жұмбағы:
Өзі жас, мұртты
Сүтті ұрлап ішті. /мысық/
Әр үйде белін буған бір пысық бар. / сыпыртқы/
10
6. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
7. Шығарма, мәтін құрастыру.
Тақырып бойынша.
Жоспар бойынша
Тірек сөздер арқылы
8. Өлең құрастыру.
Дайын өлең жолдарын бір, екі жолын беру арқылы.
Дайын ұйқастарды ұсыну арқылы.
9. Шығармадағы әңгімеге ұқсас оқиғалар айтқызу.
10. Көлемі ұзақ шығармаларды жоспар құру арқылы қысқартып әңгімелету.
11. Кейіпкерлерге мінездеме бергізу.
12. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу.
13. Рөлге бөліп оқыту.
14. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы ойындар т. б.)
15. Қайталау сабақтарында, оқыған мәтіндері бойынша өз беттерінше тест тапсырмаларын құрастыру.
16. Белгілі ақын, жазушы шығармасына еліктеп өлең, әңгіме, ертегілер жазғызу т. с. с.
Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін әр түрлі кездесулерден, саяхаттардан, жураналдардан оқығандардан алған әсерлерін әңгімелету. Шығарма ретінде жаздыруға, (Ана тілінен) оқытылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинап, реферат жазғызуға болады.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.
Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне,
психологиялық таралым, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап, әр сынып бойынша әрі қарай жалғастыра беруге болады.

Қорытынды.
Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда.
Оқушылардың ақыл - ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді. Білімнің сапасын көтереді. Бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың таным -
дық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, өз ойын ашық, қысылмай жеткізе білуін, ынтасын дамыта түседі.

Шығармашылық дарындылықтың белгілері әртүрлі болатындығы қиындық туғызады және де олар әлеуметтің ортамен тығыз байланысты. Баланың қандай болса да кез келген шығармашылық талпынысын құптауымыз керек. Себебі оның астарында баланың таза, ашылмаған шығармашылық бастауы жатыр. О. Бальзактың “Ұдайы еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Оқу әрекетінің мазмұны арқылы шығармашылық
қабілетті ашу, жетілдіру. Оқушының білім мазмұнындағы ғылыми ұғымдардың үлесін арттыру арқылы оқушыны шығармашылық әрекет жағдайларына әкелетін ішкі байланыстарды ашуға мүмкіндік туғызып, жағдай жасау керек. Оқушы ойлауының барлық түрлерін диагностикалық бірлік арқылы дамыту керек.

Әрине, атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми - ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т. с. с. Өйткені, ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан - жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн деп ойлаймын.

Қолданылған әдебиеттер:
1. ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.
2. Н. Ә. Назарбаев «Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек»
// «Егемен Қазақстан».
31 тамыз. 2000 жыл.
3. Бабаева Ю. Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1997г.
4. Бастауыш мектеп. №7. 1993жыл.
№ 2. 2008 жыл
№5. 2008 жыл
5. Қазақстан мұғалімі 16 сәуір. 2008 жыл.
6. Б. А. Тұрғынбаева Дамыта оқыту технологиялары. Алматы. 2000 жыл.

 

 

 

Бала-басты байлығымыз

 

Ата - аналарға арналған баяндама «Отбасы және мектеп»
Мақсаты: Отбасы және мектеп арасындағы байланысты нығайту арқылы, отбасы тәрбиесінің типтерімен таныстыру және бала тәрбиесіндегі ата - аналардың қолданып жүрген әдістерінің нәтижелеріне көңіл аударту. Бала тәрбиесіне отбасы мен мектеп арасындағы қарым - қатынасты нығайтуды дамыту. Отбасы - бұл кішкентай адамның ең алғашқы ортасы, ұжымы.
Жеке тұлғаның қалыптасу процесінде аса маңызды роль атқарады. Өйткені, баланың мінезі, әдеттері әрине отбасында қалыптасады. Сондықтан баланың жақсы не жаман болуы отбасы мүшелерінің өзара қарым - қатысына байланысты
Бала - басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі
Бала - басты байлығымыз,
Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі
Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізге жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан - жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық.
Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.

Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана және қоғам.
Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді. Және мектеп пен ата - ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие үрдісі өз жемісін нәтижелі бере бастайды.
Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Ал сол жастар «рухани» байлықпен қалыптасады. Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі істер жасайды, қандай қоғам келешекті қалыптастырады? Ол жалғыз мектеп проблемасы болмауы керек. Оған ата - аналар да, қоғамның әрбір мүшесі де бірігіп атсалысуы қажет.

Мектеп – отбасы – қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту, серіктестікті қалыптастыру, қауымдағы ата - аналармен бірлескен жұмысты көрсету мақсатында Жезқазған қаласының №10 жалпы білім беретін орта мектебінде жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда. Соның бірі - «Бала - басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі» тақырыбында өткізілген ашық есік күні.

Әке – білек, саусағы – балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары.
Ана – тамыр бойымен бәріне де,

Тіршіліктің жылуы таралады, - демекші ашық есік күнінде әр сыныпта ел тірегі болашақ ұрпақтың бойына адамгершілік, рухани жылулық дарытар түрлі тәрбиелік іс - шаралар
ата - аналармен, қоғамдық орындардың қызметкерлерімен, мектеп оқушыларымен бірлесе атқарылды.
Ата - ана балаға тәрбие беруде ата - бабамыздың салт - санасы, әдет - ғұрпында жүргiзiлген үлгi - өнегесiнiң мәнi зор. Сөз қадiрiн бiлетiн заманда бiр ауыз сөздiң iшкi мағынасын жете түсiнiп, содан өзiне тәлiм алған бабаларымыздың қасиетiне не жетсiн?!
Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұспа тұс келген тағылымы мол іс шара «Қария сөзі – тәрбие көзі» тақырыбында салт - дәстүрмен, дүниеге жаңа келген жас нәрестеге бата беру дәстүрімен басталып,

Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім.
Оқып білім, ғылымды.
Тәрбие алам, - деп келдім деген мақсатпен мектеп табалдырығын аттаған оқушылардың бүгінгі күнде жеткен жетістіктерін көрсететін тәрбие сағаттарымен жалғасты. Атап айтар болсам, мектеп ғимаратындағы «Балдәурен» шағын орталығында «Отбасым – алтын діңгегім» тақырыбында қызықты сәт, даярлық сыныптарында «Аялы алақан», дамыта түзету сыныбында «Біз де өзгелер сияқтымыз» тақырыптарында тренингтер, әжелермен бірлесе отырып «Страна веселых бабушек и озорных внучат» тақырыбында мерекелік байқау,
«Ата - аналар» мектебімен бірлесіп «Ұлағат болсын ұлыма, ғибрат болсын қызыма» тақырыбында дөңгелек үстел, «Қызым – қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым», «Бабаның еккені – балаға сая», «Өнерлінің өмірі көркем», «Атадан - өсиет, анадан - қасиет», «Отбасым – бақыт мекені» тақырыптарында танымдық ойын, сахналық қойылым, байқаулар және «Ұлым дейтін ел болмаса, елім дейтін ұл қайдан болсын?!» тақырыбында қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілді.
Елбасымыз өзінің халыққа Жолдауында: «… Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу – әсіресе қазақ халқында ежелден – ақ келе жатқан үрдіс. Адамзаттың ақыл - ойы, ақындығының ірі тұлғасы Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті» деген болатын. Шынымен де Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екенін дәлелдеді.
Іс - шара барысында тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде деп ұққан Абайдың
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған мақсат емес,
Өнердің бұдан өзге бәрі жалған, - деген қағидасын басшылыққа алып, білім мен өнерді қос қанаты санайтын өнерлі өрендердің қатысуымен сахналанған Мұхтар Әуезовтың «Абай трагедиясы» көрсетілді.
Болашақ ұрпаққа тәлімі мол тәрбие берерлік ашық есік күні «Бала - басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі» тақырыбында «Сонымен, солай дейік...» теле жобасы бойынша пікірлесуге ұласты. Бағдарлама барысында арнайы шақырылған сарапшылар: ата - аналар атынан еңбек ардагері М. Ермекова, білім бөлімінің әдіскері Д. А. Бірмағанбетов, кәмелетке толмаған жасөспірімдер бөлімінің бастығы А. А. Мауленова, С. Қожамқұлов атындағы драма театрының әртісі А. Ш. Шоман, балалар мен жасөспірімдер сарайы директорының орынбасары С. А. Темірбековалар жұмбақ кейіпкердің пікірімен ой бөлісіп, жиналған қауымға, жас ата - аналарға, оқушыларға ақыл – кеңестерін берді.
Қорыта келгенде мектеп – жанұя – қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайтқанда ғана ұлымыз рухты, қызымыз ғұрыпты болмақ.

Кері қайту         

 

 

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ІЗГІЛІКТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚҰРУ: ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ, ӨЗІН-ӨЗІ ІСКЕ АСЫРУ

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру, ізгілікті білім беру ортасын құру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде, өзіндік таңдау жасауына ықпал етуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс.
Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді.

Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.

Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
12 жылдық білім тұжырымдамасында «мақсаты-өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі орташа өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру» - делінген.
Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы мектептерде пән ретінде оқытылуда.

Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.

Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.

«Еліміздің күші - патшада, сәбидің күші - жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз - адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.
Рухани адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі саналатын «Өзін-өзі тану» пәні баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретуге, ұрпақ бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген.
Біздің Жезқазған қаласындағы №10 жалпы білім беретін орта мектебінде «Өзін-өзі тану» пәні өз мәнінде берілуде. Мұғалімдер даярланып, арнайы курстардан өткен.

«Өзін-өзі тану» пәнінің арнайы жабдықталған пән кабинеті бар. Ата-аналарды, мектеп ұжымын қатыстыра отырып, «Өзін-өзі тану» кабинеті талапқа сай жабдықталды. Мұнда бағдарламаның негізгі авторы – С.А.Назарбаеваның аналық жүрегінен шыққан жылы сөзі, «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытатын негізгі құндылықтары айқын және әдемі етіп жазылған. Оқушылардың сабақ үстінде өздерін еркін ұстауларына, демалуларына да жағдайлар жасалған.
Осы аз ғана уақыттан бастап, біздер өз тәжірибемізді жинақтаудамыз. Жұмыс барысында арнайы дайындалған әдістемелік құрал-жабдықтарға жаңаша көзқараспен қарап, саралап, өз жетістігімізді қосып жұмыс жүргізудеміз. 2012 жылдың 20-27 ақпаны аралығында мектепте «Ата-аналар үшін өзін-өзі тану мектебі» тақырыбында өзін-өзі тану пәнінің апталығы өткізілді. Бұл апталық барысында ата-аналармен әр сыныпта, шағын орталықта ашық сабақтар, тренингтер, мейірімділік сабақтар өткізіліп, ата-аналардың өзін-өзі тану пәніне деген көзқарастарының, ынта-ықыластарының жоғары екендігін байқадық.

Осы іс-тәжірибемізді әріптестермен бөлісуді мақсат етіп, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Г.Б.Ташетованың 8 сынып оқушылары арасында өткізген «Махаббат тұнған әлемге мейірімділікпен қарайық» тақырыбында ашық сабағын, В.И.Кобелеваның «Самопознание – гормония души» тақырыбындағы ата-аналармен жүргізген жұмысын және мектеп психологы К.Т.Алиякпарованың «Самопознание и духовно-нравственное развития личности» тақырыбындағы тренингін қалалық семинарда қала мектептерінің мұғалімдеріне, ата-аналарға көрсеттік. Семинарға келген әріптестер де, ата-аналар да бұл пәнге деген оң көзқарастарын білдірді. Әсіресе «өзін-өзі тану» сабағының негізі мазмұнында балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мен қанағаттандыруға, әлеуметтік дағдыларын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға арналған алуан түрлі ойындар мен жаттығуларды көріп, ризашылықтарын білдіріп, ұсыныстарын да ортаға салды.

Өзін-өзі тануды оқыту үрдісінде, күнделікті тәжірибеде қолданылып жүрген тиімді әдістемелік тәсілдерге тоқтала кетсем:
«Шаттық шеңбері» - сабақтың бас кезінде қолданылатын әдістемелік тәсіл. Мұғалім балалармен бірге, барлығы бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасайтын шеңбер жасайды, әр түрлі ән айтып, өлең оқиды. «Шаттық шеңберінің» педагогикалық мәні -әрбір бала өзіне таныс үлкен достық шеңберіне қабылданғанын сезінеді, өзіне сенімі артып және өзгелердің де сеніміне ие болады.

«Өзіммен-өзім» - бұл тәсіл баланың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне септігін тигізеді. Ол баланың сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексияға қабілеттерінің дамуын ынталандырады. Осы тәсіл балаларға жайлы әсер етеді, олардың қиялын дамытады, топтағы мінез-құлыққа жағымды ықпал етеді және әдетте, материалды жаңадан түсіну барысында пайдаланылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында мұғалімнің сөзімен қатар, сондай-ақ аудиоқатарлар (классикалық музыка, табиғат дыбыстары және т.б.) қолданылады.

«Жағдаяттар кезінде ойлану» - балалардың нақты өмірлік жағдаяттарды бағалай білу қабілеттерін дамытуға, өзінің ойы мен ісіне, әрекеттеріне жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететін әдістемелік тәсіл.Жағдаяттарды талқылай балалардың ойлауға бейімділіктерін,өзін және өзгелерді бағалауға икемділіктерін, қоршаған әлеммен жағымды өзара әрекеттестікті құра білу іскерліктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Бейнематериалдар көру (фильмнен, мультфильмнен, үзінділер және т.б.)» - оқу ақпараттарын жеткілікті көрнекілік нысанда ұсынуға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл.Айқын көркем бейнелер балалардың өтілген материалдардың мазмұнын қабылдауы мен меңгеруін күшейтеді.
«Ән шырқайық, достар!» - сабақта қосылып ән айтуды ұйғаратын әдістемелік тәсіл. Ән айту балалардың сезімдерін сергітіп, көңіл-күйін жадыратады. Бұл тәсіл сабақтың кез-келген кезеңінде қолданылады.

«Сергіту сәті» - шаршағанды ұмыттыруға, жалығуды болдырмауға, денеге түскен күшті төмендетуге қажетті өзін-өзі тану сабақтарының компоненті. Сергіту жаттығулары бір әрекеттен басқа әрекетке ауысуға бағытталған қысқа ойындар түрінде жүргізіледі. Осы тәсілді қолдану топта жақсы көңіл-күй тудырады, ұқыптылықты, реакция жылдамдығын дамытады, ұжымға топтасуға ықпал етеді.

«Жүректен-жүрекке» шеңбері - әдетте, оқу сабағын аяқтайтын, бір-бірімен пікір алмасу, бір-біріне тілек айтуды қарастыратын және педагогтың әрбір баланың эмоционалдық жай-күйін, олардың сабақ тақырыбын түсіну дәрежесін анықтауына мүмкіндік туғызатын әдістемелік тәсіл.
«Үй тапсырмасы» - баланың сабақ тақырыбына және сабақта меңгерген білім, іскерлік және дағдыларын бекітуге қызығушылығын арттыратын тәсіл. Балалар үй тапсырмасын дәптерлеріне өз бетінше немесе үлкендермен бірге орындайды. Бұл балалар мен үлкендердің бірін-бірі жақсы түсінуіне септігін тигізеді.

Қорыта айтқанда, «Өзін-өзі тану» бағдарламасының мазмұнында ескеріліп, көзделген эмоционалдық тұрғыдағы ауқымды жүргізілген алуан түрлі іс-әрекеттер баланың адамгершілік рухани дамуының негізін қалауға және өмірлік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл білім мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы балалардың бойында ең басты қажеттілік өзін-өзі дамытушылық қажеттілігін қалыптастыруы тиіс. «Өзін-өзі тану» бұл тек баланың өзін ғана танып, білуімен ғана шектеліп қоймайды, оның мазмұны тереңде. Сол себепті де «Өзін-өзі тану» курсының бүгінгі таңда барлық адамзат үшін маңыздылығы өте зор.

Біз болашақта Қазақстан Республикасын өркениетті, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосамыз деп үміт етіп отырған халықпыз. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: - «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деген болатын. Сондықтан сол елдердегі бар жетістіктер бізде де болуы керек, өйткені жаңа ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры.

Қай қоғамда, қай мемлекетте болсын, қарым – қатынас адами құндылықтар, оның ішінде адамгершілік құндылықтар қалыптастыру кез – келген мектептің міндеті болса, баланың өзін тануына, басқаны тануына, баланың болашақ дамуына «Өзін - өзі тану» пәні зор ықпал етеді.

 

 

 

 

Орта ғасырлардағы сәулет өнері

  • 0

Сабақтың тақырыбы:«Орта ғасырлардағы сәулет өнері»
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Қазақстан территориясындағы орта ғасырлардағы сәулет өнері ескерткіштерімен таныстыру, олардың тарихынан хабардар ету.
б) дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін дамыта отырып, өзіндік пікір айта білуге, өз бетінше ізденіс жасай білуге баулу.
в) тәрбиелік: Отан тарихын білуге, тарихи - мәдени ескерткіштерді сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақтың тақырыбы: Орта ғасырлардағы сәулет өнері

Сайыстың кезеңдері:
1. Жүзден жүйрік.
2. Кім жылдам?
3. Мықты болсаң тауып көр.
4. Нартәуекел.
1. кезең. Топ басшыларына 10 сұрақ оқылады?
1. Мешіт деген не?
2. Діни құрылыстардың салынуына себеп болған жағдайлар?
3. Мешіт, мұнара салдыру нені білдіреді?
4. Ғаныш сөзінің мағынасы?
5. Терракота деген не?
6. Ташнаудың қызметі қандай?
7. Қызылөзен қаласының орнын қазғанда ненің бейнесі салынған терракоталық тақталар табылды?
8. Орта ғасырлық құрылыста пайдаланылған материалдар?
9. Қай ғасырларда сәулетті ірі құрылыстар салына бастады?
10. Архитектуралық сәнділігі ерекше көзге түсетін құрылыс?

ІІ - кезең. Әр топқа сұрақ беріледі. 1. Х - ХІІғ. кесенелерді ата.
2. ХІVғ.- XVғ. ғ. кесенелерді ата.

ІІІ - кезең.(сәулет өнері ескерткіштерін жасыру )
1. Орта ғасырлық сәулет өнері ескерткіші. Кесене Отырар қаласының гүлденіп тұрған кезінде салынған. ІХ - Х. ғ. салынған. Қожа Ахмет Йассауидің ұстазы болған адамның басына тұрғызылған кесене?
2. Қарахан дәуірінде(ХІІ ғ.), кейін оның қираған іргесіне Әмір Темірдің бұйрығымен ХІVғ. аяғы XV ғ. басында тұрғызылған. Ора Азия мен Қазақстанда теңдесі жоқ зәулім күмбезді ғимарат.

ІV - кезең.(картамен, суретпен жұмыс)
1. Қарахан дәуіріндегі (Х – ХІІ ғ.) сәулет өнерінің айқын бір үлгісі. Жезқазған қаласынан 45 - 50 шақырым жерде, Қаракеңгір өзенінің сол жағалауында орналасқан. Бұл қай кесене?

2. Қарахан немесе оғыз - қыпшақ заманында ХІV ғ.- XVғ салынған ескерткіш. Мазар төрт бұрышты етіп қызыл кірпіштен қаланған, күмбезді. Сырт көрінісі кірпіштен әр түрлі - кескінді өрнекпен қаланған. Өрнектің түрлері әсіресе кіреберіс бетінде шығыс кілемнің суретімен безендірілген. Қаракеңгір өзенінің оң жағасында орналасқан. Бұл қай кесене?

V - кезең. Жеңімпаздарды бағалау. Сайысты қорытындылау.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келу. қосымша деректермен танысу.

 

Кері қайту

Тарихтан сабақ топтамасы

  • bibka
  • 21 мам 2014
  • 2769
  • 0
  • 0

Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. Адам - қайдан, қалай пайда болған?
2. Алғашқы адам
3. Адамды адам еткен –еңбек
4. Техника құрылыс – ой мен еңбектің жемісі
5. Мәдени - тарихи мұралар – адам ақыл-ой мен сезімталдығының жемісі


Тақырыбы: Адам - қайдан, қалай пайда болған?
Мақсаты мен міндеттері: Адам мен маймылдың шыққан тегі бір деген тұжырымды айғақты мағлұматтарға сүйеніп дәлелдеуге үйрету; қоршаған орта туралы түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.
1. Білімділік: Аданың шыққан тегі туралы ғылыми түсінік ұғымдарын білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Әңгімелеу, сипаттау, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3. Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу, табиғатты қорғауға тәрбиелеу:
Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: Адам жасаған заттардың суреттері.
Әдіс - тәсілдер: жұптық, талдау,

Сабақ барысы;
I Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылардың құралдарын түгелдеу.
Б) Сабаққа даярлау.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
3 сыныпта өткен материалдарды қайталау
1. Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
Адам мен маймыл түрі мен іс - әрекетерін салыстыр
Адамға қатысты сөздерді қорша:
Көз, үстел, нан, қарындаш, жер, құлақ, жел,
Шаш, жануар, ойыншық, көйлек, өсімдік

III. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Адамның пайда болған жөнінде не білесіңдер?
Адам неден жаратылған?
Маймыл қайда тіршілік етеді?
Адам мен маймылдың қимылдары ұқсаспа?
1. Суреттен адам мен маймылды ажырат.

IV Кіріспе әңгіме
1. Оқулықпен жұмыс;
Оқулық бойынша жұмыс 6 - 7бет Мәтінді оқу, суреттері бойынша жұмыс жүргізу. Маймыл мен адамның тектес, туыстас екендігі туралы қорытынды жасау:
а) Мұғалім оқу.
әОқушылар өздері тізбектеп оқу.
б) Сұрақ – жауап алу.

V Дәптермен жұмыс;
Сергіту сәті
Жаңа білімді бекіту:
1. Алла әуелі нені жаратқан?
2. Адам - қайдан, қалай пайда болған?
3. Адамның жаралуы туралы ғылым не дейді?
4. Ағылшын зерттеуші кім?

VII Суреттер бойынша жұмыс:
1. Адам, маймыл табиғаттың бір бөлігі екенін дәлелде.
2. Адам табиғаттан нені үйренеді?
3. Бір күндегі істейтін іс - әрекетін әңгімеле.
VIII Үйге тапсырма:

 

 

Ежелгі грек өнері

  • 0

Сабақтың тақырыбы:.§26 Ежелгі грек өнері
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Грекиядағы мерекелер мен Олимпиялық ойындардың өткізілуі, ежелгі грек театры, сәулет өнері мен гректердің діни - нанымдары, мифтері туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: өткен тарихқа құрметпен қарауға, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.(ауызша сұрақтар арқылы )
Жаңа сабақты меңгерту.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Грекиялық мерекелер мен ойындар
2. Олимпиалық ойындар
3. Ежелгі грек театры
4. Гректердің діни нанымдары мен мифтері
5. Сәулет өнері
6. Грек мүсіндері

Ежелгі гректердің мерекелері мен ойындары бүкіл - халықтық сипат алды. Олар Дионис, Деметра, Зевс құдайлардың құрметіне және ынтымақ пен бірлікке арналды. Афиныда басты мереке болып ынтымақ мерекесі саналды. Ол ежелгі грек жыл санауы бойынша жылдың алғашқы айында өткізілген. Мереке күндері ақындардың, әншілер мен музыканттардың өнер сайысы да өткізілген. Сонымен бірге әр түрлі спорт жарыстары да ұйымдастырылды. Олимпиялық ойындар Пелопонестің әдемі жеріне орналасқан Олимпия қаласында өткізілген. Гректер үшін Олимп қасиетті жер.

Олимп тауы картасы
Афиныдағы Зевс храмы
Сұрақ: Олимпиялық ойындар өтетін жылы жаршылар Грекияның барлық қалаларын аралап, қуанышты хабарды таратты. Жаршылар........................................................................................
Олимпия ойынында ең мықты деген............................ сынға салды. Ойын кезінде Грекия қалаларында......................... тыйым салынды.(оқулықпен жұмыс).
Театр Грекияда б. з. Б V - IVғ. салына бастады. Оның пайда болуы Дионис құдайдың құрметіне арналған ойын - сауықпен байланысты шыққан. Театрлар комедиялық, трагедиялық жанрдағы шығармаларды қойып отырған.

Терминдермен жұмыс
Театр -
Орхестра -
Скене -
Трагедия -
Комедия -
Тұлғаны таны

70 - тен астам трагедиялық шығармалар жазған. Ірі шығармаларының бірі -«Бұғауланған Прометей.»
«Бұлт»,«Сона», Құстар» атты комедиялық шығармалары бар.
Оның шығармаларының ішінде көрермендерге ерекше әсер қалдырған -«Антигонна» драмасы болды.

Сәйкестендіру тесті
Зевс - теңізді
Аид - көкті }патшалығын биледі.
Посейдон - өлілер
Аргонафтар туралы миф. Тапсырма. Кім? Қайда? Қашан?(мифтің мазмұнымен танысу. оқулықпен жұмыс)
Гректер сәулет өнерінде үш стиль қалдырған.
1. коринфтік 2. дориилік 3. иониилік.
Тапсырма: ұқсастықтары мен айырмашылығын салыстыр.
Грекиядағы ең үлкен діни құрылыс храм болды. Оларды ерекше көрсету үшін биік жерлерге салған.
Грек мүсін өнері б. з. б V ғ. ерекше дамыды. Ежелгі Грекиядағы ең ғажайып мүсіндер Зевс және Парфенон храмдарында шоғырланған.

Әлемнің жеті кереметінің бірі...................................................
Афина мүсіні Грекиядағы ең атақты храм............................... орналасқан.
Сандар сөйлейді.
14 метр -
6 күн -
Б. з. бVІІғ
Б. з. б776ж -
4жыл -
5 күн -
17мың -
50, 100 мың -
70 -
40 - қа жуық
11 метр -

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Ежелгі Грекия мерекелері кімнің құрметіне тойланып отырған?
2. Миф дегеніміз не?
3. Ежелгі Грекиядағы олимпиялық ойындарды, қазіргі кезеңдегі олимпиада ойындарымен
салыстыр.
Үйге тапсырма: Ежелгі грек өнері оқып келу. Олимпиада ойындары туралы шығарма жазып келу.
Бағалау.

 

Ежелгі Бактрия

  • 0

Пәні: Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Бактрия
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ежелгі Бактрия елінің дамуы, тарихы туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды тарихи даталармен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Карта
Пәнаралық байланыс: География, Қазақстан тарихы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тарсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
Ү. Қорытынды
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу, назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. тест тапсырмалары
2. Мен танитын тұлға.
Берілген тұлғаларға мінездеме беру
(Томирис, Спитамен, А. Македонский, І Дарий)
ІІІ. Жаңа сабақ
Территориясы: Қазіргі Ауғанстан мен жері
Астанасы: Бактр
Деректер:
1) Археологиялық деректер.
ХХ ғасырдан бастап жүргізілген.
2) жазба деректер.
"Авеста" шығармасы.
Геордот еңбектері
Қытай саяхатшысы Чжан Циянь еңбектері
Сыма Циянь "Тарихи жазбалар" еңбегі
Билеушілері: Диодот, Евтидем
Шаруашылығы:
1. Егіншілік, мал шаруашылығы, қолөнер.
Қай елге қатысты
1. Елді перғауындар билеген. (Египет)
2. Иштар қақпасы қай елде орналасқан. (Вавилон)
3. Вавилонның солтүстігінде пайда болған ірі мемлекеттердің бірі( Ассирия)
4. ¬Қазіргі Армения жерінде өмір сүрген ежелгі мемлекет (Урарту)
5. Б. з. б ІІІ ғасырда жеке мемлекетке айналып, Диодот патшалық еткен мемлекет (Бактрия)
6. А. Македонский б. з. б 330 жылы Әмудариядан өтіп, қай елдің астанасын басып алды? (Соғды)
7. Хаттуса қай елдің астанасы (Хетт)
8. І Дарий кезінде қай ел он екінші аймаққа енді? (Бактрия)
9. Қай мемлекеттің атауы "кеме жасаушы" деген сөзден шыққан? (Финикия)
10. Билеушілерін "мың қаланың билеушілері" деп атаған мемлекет. (Бактрия)
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
"Тарихи торша " ойыны
Берілген торшалардағы сұраққа жауап бер.
1. Ежелгң Бактрия туралы қандай деректер бар?
2. Бактрия қалаларына сипаттама бер.
3. Евтидем патша елдің тәуелсіздігін қалай қорғап қалды?
4. Бактрия жерінде археологиялық қазба жұмыстары қай ғасырда жүргізілді?
Ү. Қорытынды
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма: §15 Бактрия.
Менің Бактрияға сапарым тақырыбында сурет салу.

Кері қайту

 

Батырлар – ел қорғаны (танымдық сайыс)

Сайыстың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушылардың қазақ халқының батырларының ерліктері туралы түсініктерін кеңейту.
2) Тәрбиелік: Отанын, елін сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
3) Дамытушылық: Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін дамытып, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Сайыс
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кітап бұрышы.
Пәнаралық байланыс: География, Қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды топқа бөлу

ІІ. «Кім жылдам?» ойыны
Екі топқа ортақ 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.
1. Дарабоз атанған қазақ батыры. (Қабанбай)
2. 1705ж Алматы облысында дүниеге келіп, 1733 жылы Бөлек батырмен жоңғарларға елші болып барған қазақ батыры ( Райымбек)
3. Кеңес Одағы батыры атағын екі рет алған, жауға 305 рет ұшқан ұшқыш. (Талғат Бигелдинов)
4. «Жаужүрек Мың бала» көркем фильмі қай батыр туралы түсірілген? (Сартай батыр)
5. ХІХ ғасырдың І жартысында Қоқан басқыншылығына қарсы күрескен, Кенесарының сенімді серігінің бірі болған қазақ батыры (Сыпатай Саурықұлы)
6. Абылай ханның құрметіне бөленіп, қазақ – жоңғар шайқасына қатысып «Батыр» атағын алған қазақ батыры (Батыр баян)
7. 1836 - 1838 жылдары Бөкей Ордасында болған көтеріліс басшыларының бірі (Исатай Тайманұлы)
8. Шығыстың қос жұлдызы (Әлия мен Мәншүк)
9. Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес Одағының батыры атағын алған ең жас батыр (Ж. Елеусізов)
10. Қазақтың батыр қызы мерген: (Ә. Молдағұлова)

ІІ. Мақал – мәтел сайысы
Екі топқа тақырыптар беріледі. Әр топ берілген тақырып бойынша кезектесіп мақал - мәтел айтып жарысу керек. Кезегі келгенде мақал - мәтел айта алмаған топ жеңіледі. Жеңіске жеткен топқа - 10 ұпай, жеңілген топқа - 7 ұпай беріледі.
І. топ
Отан, туған жер туралы
ІІ. топ
Ерлік, батырлық туралы

ІІІ. «Тұлғаны таны» ойыны
Белгілі бір тұлға туралы қысқаша мәлімет беріледі. Берілген мәлімет бойынша тұлғаны тану керек. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
І топ.
1) ХҮ ғасырда өмір сүрген. Аты аңызға айналған халық батыры. Әбілхайыр ханның қолбасшыларының бірі болған. Батыр туралы қазақ халқының қаһармандық жыры жазылған. (Қобыланды Тоқтарбайұлы)

2) ХҮІІІ ғасырдың аяғындағы отарлық езгіге қарсы ұлт - азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы, әрі көсемі. Ол бастаған көтеріліс 14 жылға созылған. (Сырым Датұлы)

3) Патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталып, халықтың бостандығын көздеген ұлт - азаттық көтерілістің басшысы. (А. Иманов)

ІІ топ.
1) Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келген. Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. 1710ж Қарақұмда жиынға қатысып, билермен бірге қазақ жасағының өкілі болып сайланған. Қартайған шағына дейін ат үстінен түспеген қазақ батыры. (Бөгенбай батыр)

2) Бөкей ордасында дүниеге келген. Халықтың азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, ақын. Ол өз өлеңдері арқылы халықты патша өкіметі мен хандардың езгісіне қарсы күреске шақырған.
(Махамбет Өтемісұлы)

3) Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Көлбастауда дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. (Бауыржан Момышұлы)

ІҮ. «Топ басшылар» сайысы
Топ жетекшілеріне 10 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай.
Ү. Қорытынды
ҮІ. Марапаттау.

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Экономикалық және әлеуметтік құқықтар мен бостандықтар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Экономикалық және әлеуметтік құқықтар мен бостандықтар туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Есте сақтау, еске түсіру қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: ҚР - ның Конституциясы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ. Жаңа сабақ
Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – барлық байлығын, ішкі мүліктерін ұстанып отырған саяси жәнеэкономикалық қағидаларын ел тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік жасауға, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап отырған мемлекет.
Қазақстан республикасының реформасының негізгі мақсаттарының бірі - әлеуметтік мемлекет құру. Бірақ мұның мәнін кез - келген қарапайым адамның түсіндіріп беруі мүмкін емес. Себебі, ұсынылған идея бұқара халықтың қоғамдық санасында, күнделікті өмірінде өте төменгі деңгейде тараған. Қалай дегенде де бұқара халық белгілі бір дәрежеде, әлеуметтік мемлекет дегеніміз не, оның қасиеті, белгілері, өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы ңақты білуі қажет. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет мәселесі өзекті де маңызды мәселелердің бірі екендігін атап көрсетеміз.
Әлеуметтік мемлекеттің мәнін терең түсіну үшін оның белгілерін ажырата білу қажет. Бірінші белгісіне - әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы құқықтық табиғаты, мемлекеттің әлеуметтік процестерді бақылау және бағыттау міндеті жатады, екінші - әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жасақталуын айтуға болады, үшінші – бюджеттік - әлеуметтік төлемдер, төртінші - әлеуметтік қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттк жүйенің болуы саяды, бесінші – қоғамның әрбір мүшесіне мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсетуіне жатады, алтыншы - өз азаматтарының әл - ауқатының жоғары денгейі үшін, жауапкершілігін арттырумен сабақтасқан.
Әлеуметтік мемлекеттің пайда болуы – құқықтық мемлекет құру принциптерінің рөлін төмендеткен (әлсіреткен) жоқ. Жеке тұлғаның азаматтық құқығы мен бостандығының басымдылығы – демократиялық мемлекеттің де, әлеуметтік мемлекеттің де өмір сүруінің негізі болып қала береді. Әлеуметтік мемлекет болса, бәрінен бұрын адамдарды заңдастырылған (негізделген) құқықтармен, адам дамуына қажетті материалдық жағдаймен, ұлттық табыстың әділ және ұтымды бөлінуін қалыптастырумен қамтамасыз етуге ұмтылады. Нақты айтқанда, тұлғаның жеке өмірін қорғауға және қолдауға тырысу - әлеуметтік және құқықтық принциптердің тұтастығының негізін құрайды. Солай десекте, құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекеттік органдардың ұлттық табысты, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және басқа да игіліктерді бөлу процесіне қатыспауын да мойындайды. Бірақ әлеуметтік мемлекет әр адамды материалдық жағынан қамтамасыз етуге, нақты айтқанда, ұлттық табысты бөлумен айналысуға міндетті, осы процесті ұтымды түрде жүзеге асыру арқылы қоғамда пайда болатынтеңсіздіктерді болдырмауға тырысады.
Әлеуметтік мемлекет өзінің қызметін азаматтардың қоғамдық белсенділігімен байланыстыруға, қысымшылық көрсету тәсілдерінен аулақ болуға, жеке бастың мәртебесін қорғауға, сөз бостандығы құқығына кепілдік беруді қамтамасыз етуге міндетті.
Әлеуметтік мемлекеттің мәні мен мақсаты – қоғамдағы бейбітшілік пен татулық үшін жағдай жасау, әлеуметтік серіктестік институттарын дамыту, еңбекшілерге әділетті де лайықты еңбекақы төлеу құқығына және қауіп - қатерден қорғауға кепілдеме беру. Осындай мемлекетті құрудың міндетті шарты – саяси және экономикалық билік бөлісі болып табылады. Бұл меншік түрінің әр алуандығына байланысты. Әрбір адам нақты қандай да болсын кәсіпорын қызметін пайдалануға ерікті: мемлекеттік, кооперативтік немесе жеке меншіктік...
Қорытындылай келе, өркендеген елдердегі әлеуметтік мемлекеттің құрылу мемлекеттік құрылыстағы жаңа қадам деп тұжырымдауымызға болады. Әлеуметтік мемлекет жоғарыда атйқанымыздай - өз азаматтарының өмір сүруіне лайықты жағдаймен қамтамасыз етуге, әлеуметтік жағдайының қорғалуына, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өндірісті басқаруға, қоғам мен мемлекет іске араластыруға ұмтылатын мемлекет. Бұл мәселе – жағдайы нашар қамтамасыз етілген топтың пайдасына ұлттық табыстың қайта бөлудің көмегімен, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, білім алу, денсаулық сақтауды, бүкіл қоғамның мәдениетін, т. б. дамыту саясатын жүргізуді жүзеге асыру барысында кол жетіп, орындалады. Әлеуметтік мемлекет қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік және т. б. теңсіздіктерді бәсеңдетуге, жуып - шаюға бар күш - жігерін жұмсайды.
ІҮ. Пысықтау сұрақтары:
1. Экономикалық құқыққа қандай құқықтар жатады?
2. Әлеуметтік мәселелерге не жатады?
3. Қандай жағдайда экономикалық құқыққа шектеу қойылады?
Ү. Үй тапсырмасы. Тақырып соңындағы сұрақтарға дайындалу.
ҮІ. Бағалау.

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы Сабақтың тақырыбы: §17. XI-XV ғасырлардағы Италия Мақсаты: Білімділік: Италияның саяси, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерінің себептері мен салдарын ашып көрсету. Өткен сабақтағы Испанияның XV ғасырдың аяғына қарай бір орталыққа бағындырылған мемлекетке айналғандығын оқушылардың есіне сала отырып , ол елдің көршісі Италияның не себепті бытыраңқы күйде қала бергендігіне, дегенмен XI-XV ғасырлардағы Италияның экономикалық дамуынан алдыңғы қатардағы елдердің бірі болғандығын, қалалардың тәуелсіздік алып, жоғары дәрежеде дамығандығын айту. Жетілдіру: Италияның XI-XV тарихын баяндай отырып, дүние жүзі тарихынан алған білімдерін жетілдіру. Тәрбиелік: Ұлтжанды, білімді, тарихи санасы қалыптасқан азамат тәрбиелеу. Түрі: аралас Әдісі: Интерактивті Көрнекілік: Компьютер, нақыл сөздер, Италияның картасы т.б. Пән аралық байланыс: География, математика, бейнелеу, Қазақстан тарихы т.б. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Оқу құралын тексеріп, түгелдеу. «Хабар» Оқушылардың зейінін сабаққа аудару «Халықтың өркендеп өсуі үшін азаттық пен білім қажет» Ш.Уалиханов. Орта ғасырлар тарихы нешеге бөлінеді? /3/ Біз қазір қай кезеңіндеміз? /Дамыған орта ғасырлар XI-XV ғасырлар/ Дамыған орта ғасырлар несімен ерекшеленеді. /феодализмнің орнығуы мен дамуы/ Жалпы Еуропаға мәдениет пен ғылым орта ғасырларда барды. Бұл мәдениетті кімдер жеткізді, және қай ел арқылы? /Арабтар, Испания арқылы./ Олай болса өткен сабағымыз Испания туралы білімдерімізді тексерсек. Ортаға 4 оқушыны шығарып «Бетпе-бет» арқылы бірін-біріне сұрақтар қояды. «Ия жоқ» ойыны 756 жылы Кордова әмірлігі құрылды /ия/ Арабтар Испанияны 711-717 жылдары басып алды /жоқ/ Реконкиста деген қайтарып беру /жоқ/ Инквизиция күпірлермен күрес /ия/ Инквизиция 1485 жылы құрылды /жоқ/ 1480 Испаниядағы күпірлерді қырып жою аутодафе деп аталды /ия/ ОЙ ҚОЗҒАУ Италия дегенде ойымызға не оралады, не туралы не айтқымыз келеді? Италия дегенде көзіме етік елестейді. Италияндықтар қызу қанды халық. Өткен аптада Италия премьер министрі Бирлускони келіп кетті. Ертеректе Визувий тауында вулкан атқылап Неаполь қаласын басып қалған. Қазір Неаполь қаласы ашық аспан астындағы музей. Макаронның отаны Астанасы Рим. Рим архитектурасы өте жақсы дамыған қала. Ласкала театры бар. Опера әншілері осы театрда өз білімдерін тереңдетіп, дауыстарын шыңдайды. Ә. Дінішев, Майра Мұхаммедқызы. Су үстіндегі қала Венеция /«Анна» фильмінен көрген боларсыздар/ Олай болса бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз Италия. Жаңа сабақ: №17. XI-XV ғасырлардағы Италия Жоспары: Қала мемлекеттері және олардың ерекшеліктері Венецияның күшеюі Флоренция Медичилердің банк қызметі Савонарола Қала мемлекеттері және олардың ерекшеліктері. XI-XV ғасырларда Италия бытыраңқы ел болып қала берді. Бірақ онда бұрынғы қалалар ұлғайып, жаңа қалалар қатары өсті. Қалалардың дамуына кресшілер жорығы себеп болды. Кресшілерді азық-түлік, киім-кешек, қару-жарақпен қамтамасыз етуед Италия мол табысқа кенелді.Қалалар сауда мен қолөнер орталықтарына айналды. Қалалар алғаш ірі феодалдардың жерінде орналасқандықан, оларға тәуелді болды. Феодал-мырза пополандар деп аталған қала тұрғындарынан алым-салық жинап, қолөнер мен сауданың дамуына кедергі келтіріп отырды. Қалалардың феодал-мырзаға қарсы күресіне көмектесетін король өкіметі болмады, сондықтан пополандар ұсақ феодалдар-вальвассорлармен одақтасты. Тынымсыз күрестің нәтижесінде ХІ-ХІІ ғасырларды Венеция мен Генуядан басқа қалалары дербестік алды. Тәуклсіздігін жеңіп алған қалалар коммуналар деп аталды.Олар өз үкіметтерін құрды.Ол үкімет Коммуналар алқасы деп аталды. Коммуналар алқасы заң шығарды, салық жинады, шаруашылықты басқарды. Салықтан және т.б. табыстардан жиналған қорлар енді феодал-мырзалардың қалтасына емес, қаланың қазынасына түсетін болды. Ірі,бай қалалар маңындағы ұсақ қалаларды өзіне қосып алып, иеліктерінің шеңберін ұлғайтты. Мұндай ірі қалалар басқа қалалармен, тіпті басқа мемлекеттермен сауда жасау, соғысу, бітім жасау мәселелерін де өздері шеше бастады. Сөйтіп Италияда қала-мемлекеттер пайда болды. Олар Венеция, Генуя, Пиза, Равенна, Флоренция сияқты қалалар е № Венеция Генуя Пиза Милан Саудамен айналысып, ірі сауда орталықтарына айналды. Қолөнер кәсібімен айналысты олА Италияның оңтүстігіндегі қалалар феодалдардан тәуелсіздігін ала алмады. Олар орталық үкіметке бағынышты болып қала берді. Бірінші бөлік бойынша қандай жаңа сөздерді меңгердік /терминдер/. Кресшілер жорығы- Бытыраңқы- Пополандар-қала тұрғындары Вальвассорлар-ұсақ феодалдар Коммуналар- Қала-мемлекеттер- Венецияның күшеюі /Топқа бөлу// Солтүстік–Шығыс Италияда орналасқан. Еуропа мен Шығыстың арасындағы сауданың ірі делделдық орталығы болды. ХІ-ХІІ ғасырларды теңізде үстемдік орнатқан бай мемлекет дәрежесіне жетті. ХІІІ ғасырдың аяғынан бастап Венециядағы үкімет билігі бай көпестердің қолына көшті. Олар «үлкен кеңесті» сайлайтын. Кеңестің басында бүкіл өмір бойына сайланған дож тұрды. Венецияның шет елдерде елшіліктері болды. XIV-XV ғасырлар Венецияның қуаттылығы жағынан ең жоғары сатыға көтерілген кезі болды. Саудадағы басты бәсекелесі –Генуя қала-мемлекетімен жүргізген күресі 1380 жылы Венецияның жеңісімен аяқталды. Венеция батыс еуропалық сауданың басым бөлігін өз қолына шоғырландырды. Венецияның жылдық табысы Франциямен бірдей болды. 1453 жылы түріктердің Константинопольді басып алуы Венеция үшін ауыр соққы болды.Сауда жолы Жерорта теңізінен Атлант мұхитына ауысты. Түріктермен соғыста Венеция Балқандағы және жерорта теңізінің шығысындағы иеліктерінен толық айырылды. Ұзаққа созылған Венеция-Түрік соғыстары кейін Венецияның саяси және экономикалық құлдырауының басты себебіне айналды. Флоренция /топқа бөлу/ Ортағасырлық Италияда өшпес із қалдырған қалалардың бірі Флоренция. Сауда жолдарының тоғысқан торабында орналасқан Флоренция ХІ ғасырдан бастап бінк ісінің, сауда мен қолөнер кәсібінің маңызды орталығына айналды. 1115 жылы Флоренция тәуелсіз коммуна құқығына ие болды. ХІІІ ғасырдың ортасында пополандардың ықпалы күшейіп , гранттардың (ірі феодалдардың) рөлі төмендей бастады. 1293 жылы Еуропада бірінші рет дворяндыққа қарсы бағытталған әділеттілік ережелері деген конституция қабылданды. Қала халқы «қоңды халық», «жүдеу халық» болып екіге бөлінді. 1252 жылы Флоренция алтын флорин ақшасын шығара бастады. Ол жалпыеуропалық валютаға айналды. Флоренция банкирлері Рим папасымен байланыста болып, олардың шіркеулік салықтарын бүкіл Еуропа бойынша жинауға рұқсат алды. XIV ғасырда Флоренцияда дүние жүзіндегі ең алғашқы мануфактура ашылды. Онда негізінен жалдамалы жұмысшылардың еңбегі пайдаланылды. Қанаудың жаңа түрі 1345 жылы еңбекші халық наразылығының жаңа толқынын-тарихтағы Бірінші жұмысшы ереуілін туғызды. 1378 жылы Флоренцияда чомилердің (жалдамалы жұмысшылардың) көтерлісі болды. Олар алғашында жеңіске жетіп, өз цехтарын құрды. Қаланың өкімет басшылығына-сеньорияға өз өкілдерін сайлады. Чомпилер байлардың үйлерін, сарайлар мен кеңселерді өртеп, талан-таражға салды. Шеберханалар жабылып, олардың иелері қашуға мәжбүр болды. «Қоңды халық» өкілдері қалаға азық-түлік әкелуді тоқтатты. Көтерілісшілер сөйтіп әрі жұмыссыз, әрі азық-түліксіз қалды.Чомпилдердің сеньорияны толығымен өз өкілдерімен алмастырмақшы болғаны сәтсіздікке ұшырады.Кеңсе үйіне жиналған чомпилерді «қоңды халықтың» жасағы қырып салды. Көтерілісшілер құрған цех таратылып, оның басшылары өлім жазасына кесілді, қалған чомпилер қатаң жазаланды. Савонарола /үйге?/ Флоренцияда медичилер билігіне наразы топтар да болды. Ол топтың мүддесін білдіруші діни-саяси қайраткер Джироламо Савонарола (1452-1498) болды. Әрі оқымысты, әрі әрі дәрігер атасының қолында туып-өскен Савонарола 23 жасында үйінен қашып, Болоньядағы доминикандық орденге мүше болып кірді. 1491 жылы Флоренцияға қайтып келіп, монастырь билігін қолға алды. Өзінің діни уағыздарында Медичилер тираниясын (қатыгез, өрескел билік) сынады. Өзі билік еткен монастырьда құдайға адал құлшылық етуге бағытталған қатаң тәртіп орнатты. Рим папасының саясаты мен өмір салтын айыптады. Католик шіркеуіне қайта құрулар жүргізіп, діннің алғашқы тазалығына оралуды уағыздады. 1494 жылы француз әскері Италияға басып кіргенде Пьеро Медичи Флоренциядан қуылып, өкімет билігі уақытша Савонарола мен оның жақтастарының қолына көшті. Дінге жан-тәнімен берілген жастардан «әдептілік полициясын» құрды. Христиан дініне «қайшы келеді» деп табылған кітаптар, өнер туындылары отқа жағылып, қиратылды. Ойын-сауық біткеннің бәріне тыйым салынды. Савонароланың папалықты айыптауы сол кездегі Рим папасы IV Александрға ұнамады. Папа Савонароланың уағызшылық қызметіне тыйым салды. 1497 жылы Савонарола шіркеуден аластатылды. Өз кезегінде Савонарола шіркеу соборын шақырып, папаны орнынан алуды ұсынды. Риммен ара қатынасын үзгісі келмеген флоренциялық сеньория Савонароланы тұтқындап, оған діни-саяси сипаттағы айыптар тақты. Сеньорияның үкімі бойынша 1498 жылы Савонарола дарға асылды. Савонароланың католик шіркеуін қайта құру жөніндегі пікірлерін кейін реформацияның жақтаушылары пайдаланды. Сабақты бекіту: Топтастыру «Италия» Бетпе-бет «Венеция» Венн диаграммасы «Венеция мен Флоренция» Сабақты қорыту: Экономикалық жағынанқала-мемлекеттер дами отырып, XI-XV ғасырлардағы Италия бытараңқы ел күйінде қалды. Бағалау: Үйге тапсырма: №17 сабақ «XI-XV ғғ. Италия» тақырыбына эссе жазып келу.

Источник: http://5fan.info/otryfsmerotr.html

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

 Сабақтың тақырыбы: §17. XI-XV ғасырлардағы Италия

Мақсаты: Білімділік:

 Италияның саяси, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерінің себептері мен салдарын ашып көрсету. Өткен сабақтағы Испанияның XV ғасырдың аяғына қарай бір орталыққа бағындырылған мемлекетке айналғандығын оқушылардың есіне сала отырып , ол елдің көршісі Италияның не себепті бытыраңқы күйде қала бергендігіне, дегенмен XI-XV ғасырлардағы Италияның экономикалық дамуынан алдыңғы қатардағы елдердің бірі болғандығын, қалалардың тәуелсіздік алып, жоғары дәрежеде дамығандығын айту.

Жетілдіру: Италияның XI-XV тарихын баяндай отырып, дүние жүзі тарихынан алған білімдерін жетілдіру.

 Тәрбиелік: Ұлтжанды, білімді, тарихи санасы қалыптасқан азамат тәрбиелеу.

Түрі: аралас Әдісі: Интерактивті Көрнекілік: Компьютер, нақыл сөздер, Италияның картасы т.б.

 Пән аралық байланыс: География, математика, бейнелеу, Қазақстан тарихы т.б.

 Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Оқу құралын тексеріп, түгелдеу.

 «Хабар» Оқушылардың зейінін сабаққа аудару «Халықтың өркендеп өсуі үшін азаттық пен білім қажет» Ш.Уалиханов. Орта ғасырлар тарихы нешеге бөлінеді? /3/ Біз қазір қай кезеңіндеміз? /Дамыған орта ғасырлар XI-XV ғасырлар/ Дамыған орта ғасырлар несімен ерекшеленеді. /феодализмнің орнығуы мен дамуы/ Жалпы Еуропаға мәдениет пен ғылым орта ғасырларда барды. Бұл мәдениетті кімдер жеткізді, және қай ел арқылы? /Арабтар, Испания арқылы./ Олай болса өткен сабағымыз Испания туралы білімдерімізді тексерсек. Ортаға 4 оқушыны шығарып «Бетпе-бет» арқылы бірін-біріне сұрақтар қояды. «Ия жоқ» ойыны 756 жылы Кордова әмірлігі құрылды /ия/ Арабтар Испанияны 711-717 жылдары басып алды /жоқ/ Реконкиста деген қайтарып беру /жоқ/ Инквизиция күпірлермен күрес /ия/ Инквизиция 1485 жылы құрылды /жоқ/ 1480 Испаниядағы күпірлерді қырып жою аутодафе деп аталды /ия/ ОЙ ҚОЗҒАУ Италия дегенде ойымызға не оралады, не туралы не айтқымыз келеді? Италия дегенде көзіме етік елестейді. Италияндықтар қызу қанды халық. Өткен аптада Италия премьер министрі Бирлускони келіп кетті. Ертеректе Визувий тауында вулкан атқылап Неаполь қаласын басып қалған. Қазір Неаполь қаласы ашық аспан астындағы музей. Макаронның отаны Астанасы Рим. Рим архитектурасы өте жақсы дамыған қала. Ласкала театры бар. Опера әншілері осы театрда өз білімдерін тереңдетіп, дауыстарын шыңдайды. Ә. Дінішев, Майра Мұхаммедқызы. Су үстіндегі қала Венеция /«Анна» фильмінен көрген боларсыздар/ Олай болса бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз Италия.

Жаңа сабақ: №17. XI-XV ғасырлардағы Италия

 Жоспары: Қала мемлекеттері және олардың ерекшеліктері Венецияның күшеюі Флоренция Медичилердің банк қызметі Савонарола Қала мемлекеттері және олардың ерекшеліктері. XI-XV ғасырларда Италия бытыраңқы ел болып қала берді. Бірақ онда бұрынғы қалалар ұлғайып, жаңа қалалар қатары өсті. Қалалардың дамуына кресшілер жорығы себеп болды. Кресшілерді азық-түлік, киім-кешек, қару-жарақпен қамтамасыз етуед Италия мол табысқа кенелді.Қалалар сауда мен қолөнер орталықтарына айналды. Қалалар алғаш ірі феодалдардың жерінде орналасқандықан, оларға тәуелді болды. Феодал-мырза пополандар деп аталған қала тұрғындарынан алым-салық жинап, қолөнер мен сауданың дамуына кедергі келтіріп отырды. Қалалардың феодал-мырзаға қарсы күресіне көмектесетін король өкіметі болмады, сондықтан пополандар ұсақ феодалдар-вальвассорлармен одақтасты. Тынымсыз күрестің нәтижесінде ХІ-ХІІ ғасырларды Венеция мен Генуядан басқа қалалары дербестік алды. Тәуклсіздігін жеңіп алған қалалар коммуналар деп аталды.Олар өз үкіметтерін құрды.Ол үкімет Коммуналар алқасы деп аталды. Коммуналар алқасы заң шығарды, салық жинады, шаруашылықты басқарды. Салықтан және т.б. табыстардан жиналған қорлар енді феодал-мырзалардың қалтасына емес, қаланың қазынасына түсетін болды. Ірі,бай қалалар маңындағы ұсақ қалаларды өзіне қосып алып, иеліктерінің шеңберін ұлғайтты. Мұндай ірі қалалар басқа қалалармен, тіпті басқа мемлекеттермен сауда жасау, соғысу, бітім жасау мәселелерін де өздері шеше бастады. Сөйтіп Италияда қала-мемлекеттер пайда болды. Олар Венеция, Генуя, Пиза, Равенна, Флоренция сияқты қалалар е № Венеция Генуя Пиза Милан Саудамен айналысып, ірі сауда орталықтарына айналды. Қолөнер кәсібімен айналысты олА Италияның оңтүстігіндегі қалалар феодалдардан тәуелсіздігін ала алмады. Олар орталық үкіметке бағынышты болып қала берді. Бірінші бөлік бойынша қандай жаңа сөздерді меңгердік /терминдер/. Кресшілер жорығы- Бытыраңқы- Пополандар-қала тұрғындары Вальвассорлар-ұсақ феодалдар Коммуналар- Қала-мемлекеттер- Венецияның күшеюі /Топқа бөлу// Солтүстік–Шығыс Италияда орналасқан. Еуропа мен Шығыстың арасындағы сауданың ірі делделдық орталығы болды. ХІ-ХІІ ғасырларды теңізде үстемдік орнатқан бай мемлекет дәрежесіне жетті. ХІІІ ғасырдың аяғынан бастап Венециядағы үкімет билігі бай көпестердің қолына көшті. Олар «үлкен кеңесті» сайлайтын. Кеңестің басында бүкіл өмір бойына сайланған дож тұрды. Венецияның шет елдерде елшіліктері болды. XIV-XV ғасырлар Венецияның қуаттылығы жағынан ең жоғары сатыға көтерілген кезі болды. Саудадағы басты бәсекелесі –Генуя қала-мемлекетімен жүргізген күресі 1380 жылы Венецияның жеңісімен аяқталды. Венеция батыс еуропалық сауданың басым бөлігін өз қолына шоғырландырды. Венецияның жылдық табысы Франциямен бірдей болды. 1453 жылы түріктердің Константинопольді басып алуы Венеция үшін ауыр соққы болды.Сауда жолы Жерорта теңізінен Атлант мұхитына ауысты. Түріктермен соғыста Венеция Балқандағы және жерорта теңізінің шығысындағы иеліктерінен толық айырылды. Ұзаққа созылған Венеция-Түрік соғыстары кейін Венецияның саяси және экономикалық құлдырауының басты себебіне айналды. Флоренция /топқа бөлу/ Ортағасырлық Италияда өшпес із қалдырған қалалардың бірі Флоренция. Сауда жолдарының тоғысқан торабында орналасқан Флоренция ХІ ғасырдан бастап бінк ісінің, сауда мен қолөнер кәсібінің маңызды орталығына айналды. 1115 жылы Флоренция тәуелсіз коммуна құқығына ие болды. ХІІІ ғасырдың ортасында пополандардың ықпалы күшейіп , гранттардың (ірі феодалдардың) рөлі төмендей бастады. 1293 жылы Еуропада бірінші рет дворяндыққа қарсы бағытталған әділеттілік ережелері деген конституция қабылданды. Қала халқы «қоңды халық», «жүдеу халық» болып екіге бөлінді. 1252 жылы Флоренция алтын флорин ақшасын шығара бастады. Ол жалпыеуропалық валютаға айналды. Флоренция банкирлері Рим папасымен байланыста болып, олардың шіркеулік салықтарын бүкіл Еуропа бойынша жинауға рұқсат алды. XIV ғасырда Флоренцияда дүние жүзіндегі ең алғашқы мануфактура ашылды. Онда негізінен жалдамалы жұмысшылардың еңбегі пайдаланылды. Қанаудың жаңа түрі 1345 жылы еңбекші халық наразылығының жаңа толқынын-тарихтағы Бірінші жұмысшы ереуілін туғызды. 1378 жылы Флоренцияда чомилердің (жалдамалы жұмысшылардың) көтерлісі болды. Олар алғашында жеңіске жетіп, өз цехтарын құрды. Қаланың өкімет басшылығына-сеньорияға өз өкілдерін сайлады. Чомпилер байлардың үйлерін, сарайлар мен кеңселерді өртеп, талан-таражға салды. Шеберханалар жабылып, олардың иелері қашуға мәжбүр болды. «Қоңды халық» өкілдері қалаға азық-түлік әкелуді тоқтатты. Көтерілісшілер сөйтіп әрі жұмыссыз, әрі азық-түліксіз қалды.Чомпилдердің сеньорияны толығымен өз өкілдерімен алмастырмақшы болғаны сәтсіздікке ұшырады.Кеңсе үйіне жиналған чомпилерді «қоңды халықтың» жасағы қырып салды. Көтерілісшілер құрған цех таратылып, оның басшылары өлім жазасына кесілді, қалған чомпилер қатаң жазаланды. Савонарола /үйге?/ Флоренцияда медичилер билігіне наразы топтар да болды. Ол топтың мүддесін білдіруші діни-саяси қайраткер Джироламо Савонарола (1452-1498) болды. Әрі оқымысты, әрі әрі дәрігер атасының қолында туып-өскен Савонарола 23 жасында үйінен қашып, Болоньядағы доминикандық орденге мүше болып кірді. 1491 жылы Флоренцияға қайтып келіп, монастырь билігін қолға алды. Өзінің діни уағыздарында Медичилер тираниясын (қатыгез, өрескел билік) сынады. Өзі билік еткен монастырьда құдайға адал құлшылық етуге бағытталған қатаң тәртіп орнатты. Рим папасының саясаты мен өмір салтын айыптады. Католик шіркеуіне қайта құрулар жүргізіп, діннің алғашқы тазалығына оралуды уағыздады. 1494 жылы француз әскері Италияға басып кіргенде Пьеро Медичи Флоренциядан қуылып, өкімет билігі уақытша Савонарола мен оның жақтастарының қолына көшті. Дінге жан-тәнімен берілген жастардан «әдептілік полициясын» құрды. Христиан дініне «қайшы келеді» деп табылған кітаптар, өнер туындылары отқа жағылып, қиратылды. Ойын-сауық біткеннің бәріне тыйым салынды. Савонароланың папалықты айыптауы сол кездегі Рим папасы IV Александрға ұнамады. Папа Савонароланың уағызшылық қызметіне тыйым салды. 1497 жылы Савонарола шіркеуден аластатылды. Өз кезегінде Савонарола шіркеу соборын шақырып, папаны орнынан алуды ұсынды. Риммен ара қатынасын үзгісі келмеген флоренциялық сеньория Савонароланы тұтқындап, оған діни-саяси сипаттағы айыптар тақты. Сеньорияның үкімі бойынша 1498 жылы Савонарола дарға асылды. Савонароланың католик шіркеуін қайта құру жөніндегі пікірлерін кейін реформацияның жақтаушылары пайдаланды.

 Сабақты бекіту: Топтастыру «Италия» Бетпе-бет «Венеция» Венн диаграммасы «Венеция мен Флоренция»

 Сабақты қорыту: Экономикалық жағынанқала-мемлекеттер дами отырып, XI-XV ғасырлардағы Италия бытараңқы ел күйінде қалды.

 Бағалау:

Үйге тапсырма: №17 сабақ «XI-XV ғғ. Италия» тақырыбына эссе жазып келу.


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақстан тарихы пәнінде сын тұрғысынан ойлауды қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақстан тарихы пәнінде сын тұрғысынан ойлауды қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру Қазақ халқының рухы таза ұлт болып қалыптасуы және тәуелсіздігіміздің беріктігі, еліміздің сақталуы тікелей жас ұрпаққа байланысты. Бүгінгі таңда еліміздегі мектептегі білім беру ісі, заманауи ақпараттық технологиялармен жарақтандыру шаралары біршама өз шешімін тапқандай болса да, әлі де рухы таза, ұлтжанда ұрпақ өсіруде нәтижеге қол жеткізе алмай отырған сияқтымыз. 2012 жылдың желтоқсан айындағы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан 2050” жаңа стратегиялық бағдарламасында - Мен 2050 жылғы Қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін. Олар - әлемнің азаматтары. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары “Қазақстан 2050” Жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыруда бізге – қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктеледі. Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен алдағы асулардан алқынбай асамыз - делінген Осы зор жауапты міндетті жүзеге асыруда тарихшы ұстаздарға жүктелетін міндет зор. Ақпараттық қоғамдағы өмір сүру аса үлкен жылдамдықпен өзгереді, алайда өзгермейтіні – адам құндылығы. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында « Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу; білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгеріcтерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттілігі туындайды. Білім берудің маңызды шарты - оқу үрдісін жаңара отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабылеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс - әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру. Оқыту барысында өз сабақтарымда қолданып жүрген технологиялар ішіндегі «Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы» стратегиялары тарих пәніне арнап құрастырылған десем, артық айтқаным болмас. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқумен жазуды дамыту технологиясын сабақ үстінде оқушыға мынандай мүмкіндіктер беретінін анықтадым: - мұғалімге тәуелділіктен арылып, өзінің білім беру қызметін өздері басқаруға; - білім мәдениеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс - әрекетті белсене және өз бетінше орындауға; - жеке ерекшелігі мен қыбылетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып, белсене орындауға; - білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып мұғалім көмегінсіз атқаруы; - құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұхбат жүргізуге;

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 574 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

РАБОЧАЯ ПРОГРАММА УЧЕБНОЙ ДИСЦИПЛИНЫ ОУД. 05 История 23.01.17. Мастер по ремонту и обслуживанию автомобилей
  • Учебник: «История. Профессиональное образования. Часть 1», Артемов В.В. , Лубченков Ю.Н.
  • 30.12.2020
  • 670
  • 8
«История. Профессиональное образования. Часть 1», Артемов В.В. , Лубченков Ю.Н.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.01.2020 523
    • DOCX 78.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тогмитова Роза Цыренжаповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тогмитова Роза Цыренжаповна
    Тогмитова Роза Цыренжаповна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 85425
    • Всего материалов: 220

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 128 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 328 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 324 человека

Мини-курс

Профессиональное развитие педагога: успехи и карьера в образовании

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Аномальное психологическое развитие и психологическая травма

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов