Главная / Иностранные языки / Қазақстан - 2050 стратегиясы. Мәңгілік ел логотипінің ерекшелігі

Қазақстан - 2050 стратегиясы. Мәңгілік ел логотипінің ерекшелігі

Алматы облысы

Панфилов ауданы

Әулиеағаш орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиет

пәні мұғалімі

Байделдаев Ізтай Құрманбекұлы



Баяндама тақырыбы: Қазақстан - 2050 стратегиясы

Мәңгілік ел логотипінің ерекшелігі


Мақсаты: Оқушыларға «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы туралы түсіндіру, олармен пікір алмасу. Логотиптің сипаттамсын ұғындыру арқылы, отанын шексіз сүйетін, патриот жастарды тәрбиелеу.

Барысы:http://www.baq.kz/foto/600_22641cd21a572a51dbd18670c8c6f5d8.png

Логотипке негіз болған бірінші нәрсе – шаңырақ. Оның кескінін елтаңбадан таба аламыз. Шаңырақ – аспан белгісі, отбасы, ошақ қасындағы туған аспанның кішкентай бөлігі. Біздің аспанымыз – біреу, ортақ үйіміз Қазақстан – біреу, ортақ ұлттық идеямыз – 2050 Стратегиясы – біреу.
Шаңырақ сөзінің түбірі «шаң» – «күн» сөзінен шыққан.

Сондықтан да бұл сөзді бір аспан мен күн астында бейбітшілікпен және келісіммен өмір сүріп жатқан қазақстандықтар бірлік белгісі деп қабылдайды.
2050 Стратегиясының жаңа логотипінде қазақ киіз үйінің жеңіл де нық негізі саналатын керегені де көруге болады.

Үйдің негізі кереге болса, бізді біріктіретін негіз – Стратегия.
Сондай-ақ бір-бірімен қабаттаса келген сызықтардан біз байланыстардың беріктігін, мызғымас достықты және түсіністікті көре аламыз. Ол ағалар мен әпкелердің, әкелер мен балалардың, еліміздегі барлық адамдардың қол алысуын білдіріп тұр. Сондықтан біріге, бірлесе отырып, қазақстандықтар алға қойылған мақсаттарды орындай алады және елді даму мен дәулеттіліктің жаңа деңгейіне шығара алады.

Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпы ұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды.

«Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.

Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 - 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті.

Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту.

Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.
Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген.

Сонымен қатар Тәуелсіздік пен көпұлтты Қазақстан халқының бірлігі – болашақ гүлдену мен жетістіктердің кепілі болмақ. Қазақстан – көп ұлтты республика. Егемен елімізде жүз қырықтан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Атап өтерлігі, қасиетті қазақ жерін мекен еткен барша ұлттың құқықтары мен бостандықтары заңды түрде сақталып, олардың өз қалауларынша бақытты өмір сүрулеріне зор мүмкіндік жасалған.

Өйткені, бұл далада ұлылық ұя салған, бұл далада ұлылар жүріп өткен. Бұл даладан даналықтың сарыны сезіледі, бұл даладан ерліктің лебі еседі. Бүгінгідей бейбіт күнде бір шаңырақтың астында достығы жарасқан сан түрлі халықтың басты арманы – ұрпағының жарқын болашағы екені хақ.

Осы тұрғыдан алғанда, тәуелсіз Қазақстан Республикасында ел ертеңі үшін көптеген игілікті істер қолға алынуда. Еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына әр қазақстандық азаматтар мен азаматшалар, өз үлесімізді қосуға міндеттіміз деп ойлаймын.

Жолдауда айтылғандай, біз бәріміз бір атаның ұлымыз.

Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл  дүниеде біздің  бір  ғана Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. Осы идеяны әрқайсысымыз сезініп, өмірлік сабақ ретінде түйсек, осы жолда бар әлеуетімізді салсақ, 2050 жылы мұрат еткен «Мәңгілік Елге» жететінімізге сенімдімін. Біз елбасымен біргеміз.


Қазақстан - 2050 стратегиясы. Мәңгілік ел логотипінің ерекшелігі
  • Иностранные языки
Описание:

Мақсаты: Оқушыларға «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы туралы түсіндіру, олармен пікір алмасу. Логотиптің сипаттамсын ұғындыру арқылы, отанын шексіз сүйетін, патриот жастарды тәрбиелеу.

Барысы:

Логотипке негіз болған бірінші нәрсе – шаңырақ. Оның кескінін елтаңбадан таба аламыз. Шаңырақ – аспан белгісі, отбасы, ошақ қасындағы туған аспанның кішкентай бөлігі. Біздің аспанымыз – біреу, ортақ үйіміз Қазақстан – біреу, ортақ ұлттық идеямыз – 2050 Стратегиясы – біреу.
Шаңырақ сөзінің түбірі «шаң» – «күн» сөзінен шыққан.

 Сондықтан да бұл сөзді бір аспан мен күн астында бейбітшілікпен және келісіммен өмір сүріп жатқан қазақстандықтар бірлік белгісі деп қабылдайды.
2050 Стратегиясының жаңа логотипінде қазақ киіз үйінің жеңіл де нық негізі саналатын керегені де көруге болады. 

Автор Байделдаев Ізтай Құрманбекұлы
Дата добавления 21.11.2014
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другое
Просмотров 1107
Номер материала 4494
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓