Инфоурок Начальные классы Презентации"Қазақстан Республикасының рәміздері" МАД сыныбы

"Қазақстан Республикасының рәміздері" МАД сыныбы

Скачать материал

 

 

                                      Ы.Алтынсарин ЖОББМ

 

http://el.kz/media/images/tiny_images/e36fe6f4e6bc09163fd6d2c3a4e67a20.jpg

 

 

 

 

 

 

 

    Тақырыбы:

        «Мен - Тәуелсіз елдің

                    болашағымын!»

                      (Тәрбие сағаты)

 

                 Мектепалды даярлық топ.

 

 

                             

 

                        Тәрбиеші: Тулеуова А.Т.

                             

         

    

 Тақырыбы: «Мен –Тәуелсіз елдің болашағымын»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы  туралы білімдерін дамыту.

             Өз республикасын танып –білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  ( суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдер), Қазақстан Республикасының  мемлекеттік рәміздері.

Қанатты сөз:

1.     Туған жер – алтын бесік.

2.     Отансыз адам , ормансыз бұл-бұл.                   

      Сабақтың барысы: Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік        Әнұранымен басталады.(Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтады.                                   

-Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз – тәуелсіз мемлекет.Яғни ,біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан; өз мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлекеттік  туы бар. Біздің ұлттық тіліміз –қазақ тілі. Республикамыздың президенті – Н.Ә.Назарбаев.

    - Балалар, мынау біздің еліміз- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Тудың ортасында күннің  шұғыласы, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек – алтын түсті.

    Балалармен сұрақ –жауап  арқылы түсінгендерін пысықтайды.

     - Балалар, тудан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?

    - Иә, өте жақсы, дұрыс айтасыңдар.

    - Ал, енді, балалар,  мемлекеттік туымыздың  түсі қандай екен?

    -   Мемлекеттік туымыздың түсі: көк, көгілдір .

    -  Неге ұқсайды?

    -  Аспанға ұқсайды.

    -  Біздің мемлекеттік туымыз аспан түстес көк екен.

  «Қазақстан жалауы» деген өлең жолдары тыңдалады.

                                       Әли :   Аспан түстес көгілдір,

Тік бұрышты матаның.

Ортасында төгіп нұр,

Күн жаяды шапағын.

                                    Талғат: Астында оның қалықтаған,

Қыран құстың бейнесі.

Азат елдің шалқыған,

Көңілі де білерсің.

                                    Әділхан:    Есте белгі ұрандар,

Сары алтындай сақталған.

Күн шұғыла қыранда,

Алтын түске қапталған.

                                    Ерхан:Сол жағында матаның,

Сары түсті жолақ бар.

Мұратындай атамның,

Ою өрнек ол ұлттық!

 

 

 

 

                                  Сұлтан: Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды

-         Мынау біздің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасыgerb_kazakhstan.Рәміздік тұрғыдан ҚР мемлекеттік Елтаңбасының негізі – шаңырақ. Ол – Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ – мемлекетттің түп негізі – отбасының негізі. Шаңырақ – Күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі, көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар – дала дүлділі, ер-азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі . Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.
Балалармен әңгіме жүргізіліп, «Біздің  елтаңба»  деген тақпақ айтылады.

                                   Ерхан:   Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі!

Тұнығындай көңілдің

Ортада-аспан әлемі.

                                  Даяна: Құт береке –шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымық

Екі жақтан көмкерген

                                  Сәбит: Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім –Елтаңбам.

-Ата –бабамыздың өткен өмір     жолына біраз шолу жасап қарасақ, «Не деген дархан ел, не деген төзімді де қайратты ел, не деген батыр да батыл менің елім!» деп көңілің көкке көтеріледі.

                   СЕРГІТУ СӘТІ:Бір шаңырақ астында,

Тату-тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Достықты үлгі санаған,

Бір үйде біз тұрамыз.

Қалған ата-бабадан.,

Бірлік асыл мұрамыз!

 

                                                               (Музыка ойнап, аяғын ақырын басып Әже шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады).

 

 

 

 

         Әже:  Құс ұясыз,

           Жыртқыш інсіз болмайды.

           Отансыз жан өмірінде оңбайды,

           Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.

           Тірі адамға сол қайғы,

деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен. Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз. Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар.

Ән   «Отан»

Тәрбиеші : Қазақстан туған өлкем.

              Жер көп пе сендей көркем?

              Көрсін деп күллі әлемге,

              Жалауыңды желге желпем.  

  «Туған өлке»  өленін

           Талғат: Көгінде күн нұрын төккен,

                       Жерінде гүл жұпар сепкен.

                        Неткен сұлу ,неткен көркем!

                        Осы менің туған өлкем!

         Әділхан: Алтын дәнді даласы бар,

                         Ақ күмістей қаласы бар,

                         Неткен сұлу ,неткен көркем!

                         Осы менің туған өлкем!

            Даяна: Түлігі өскен алуан-алуан,

                        Төс алқабы малға толған,

                        Неткен сұлу ,неткен көркем!

                        Осы менің туған өлкем!

               Әли:  Ер еңбегі шалқып тасқан,

                         Ел өркендеп бақыт тапқан,

                      Неткен сұлу ,неткен көркем!

                        Осы менің туған өлкем

    Ойын:     «Туды құрастырайық»

(Балалар қиындылардан тудың суретін құрастырып  орналастырады.)

 

    

           Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.

      «Туған жер –алтын бесік» - демекші, балалар, бүгінгі  сабақта   айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік – деп  сабақты аяқтайды.

 

 

 

 

 

 

                                                                                                      

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қазақстан Республикасының рәміздері" МАД сыныбы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бухгалтер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың барысы: Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталады.(Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтады.-Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз – тәуелсіз мемлекет.Яғни ,біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан; өз мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Біздің ұлттық тіліміз –қазақ тілі. Республикамыздың президенті – Н.Ә.Назарбаев. - Балалар, мынау біздің еліміз- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Тудың ортасында күннің шұғыласы, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек – алтын түсті. Балалармен сұрақ –жауап арқылы түсінгендерін пысықтайды. - Балалар, тудан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 090 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.03.2020 809
    • DOCX 1.3 мбайт
    • 17 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Волкова Наталья Леонидовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Волкова Наталья Леонидовна
    Волкова Наталья Леонидовна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 93924
    • Всего материалов: 214

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек