Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Ел - Мәңгілік» атты мерекелік жиын

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Ел - Мәңгілік» атты мерекелік жиын

Скачать материал

№5 орта мектеп

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Ел - Мәңгілік»

атты мерекелік жиын

 

 

 

 

 

Күні: 15 желтоқсан, 2016 жыл

Орны: №5 орта мектеп акт залы

Сценарий дайындағандар: №5 орта мектептің тәрбие бөлімі,

Г.К.Елубаева, Ж.Қ.Бегімбетова

                             

 

 

 

 

 

 

 

 

Шалқар қаласы, 2016 жыл

 

«Тәуелсіз ел - Мәңгілік» мерекелік концерттің сценарийі

 

1.      Қонақтар көрмемен танысады (Таныстырушылар: 9б – Сақтағанов Шерхан, 9в - Тыныштықбаева Айдана).

Оқушылардың Егемен еліміздің 25 жылдық мерейтойына арналған оқушылардың қолынан шығарылған  төл туындылар көрмесі.

2.      Қонақтармен естелік суретке түсу.

3.      Жарық сөнеді, оқушылардың шамдары жағылады, қобыздың үні, проектор қосылады, сахнада қойылым орналасады, жарық беріледі.

 

Сахналық қойылым

(мектеп жастарының тарихи қойылымы)

 

4.      Қазақ биі. 

Мектебіміздің жанынан құрылған «Шұғыла» би  тобының орындауында қазақ биі.

 

Фанфар

 

ФОН Көңілашар

 

Жүргізушілер ортаға шығады

1-Жүргізуші:

Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!

2-жүргізуші:

25 жыл, тәуелсізбін, дербеспін

Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім

Бодандығым ғасырларға жалғасқан

Қазір, міне артта қалды келмес күн

 

ҰРАН: «Бірлігіміз Жарасқан! Тәуелсіз Қазақстан!»

 

1-Жүргізуші:

            Бұл күн - толарсақтан саз кешкен батыр бабаларымыздың әр жылда төгілген қаны, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандары ақиқатқа айналған күн.

 

2-жүргізуші:

            Бұл күн - сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан жасының, Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген қасиетті күн.

 

 

1-Жүргізуші:

Бұл күн – өз тағдырымызға өзіміз қожалық етіп, өз болашағымызды өзіміз айқындауға қолымыз жеткен Ұлы күн. Тарихи әділет салтанат құрып, азаттық үшін төгілген өлшеусіз қанның өтеуі қайтқан Ұмытылмас күн!

 

2-жүргізуші:

 Бүл күн - сан дәуір өтсе де ұрпақтарымыз ұлықтап өтетін Ұлағатты күн! Алтай мен Атыраудың, Сырдария мен Есілдің арасында еліміздің жылнамасы алтын әріппен жазылған Ардақты күн!

 

2-Жүргізуші:  

Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешкен баршаңызды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

 

1-жүргізуші:

 «Тәуелсіз ел мәңгілік» атты ұлық мерекеге арналған мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!

 

ҰРАН: «Бірлігіміз Жарасқан! Тәуелсіз Қазақстан!»

 

1-жүргізуші:

            Бүгінгі мерекелік шарамызға қатысушы құрметті қонақтармен таныс болыңыздар:

1.      Ауданымыздың құрметті азаматы, Еңбек ардагері, Жыл адамы, ардагер Әділбаев Оразбай Әділбайұлы

2.      Жастар ресурстық орталығының басшысы  Әбденова Жанна Дүйсенқызы

3.      «Нұр Отан» партиясы филиалы қызметкері Жұмағалиева Айнагүл Қуанышбайқызы

4.      №1 орта мектеп директоры Тлешов Қайрат Тұрсынұлы

5.      №8 жалпы орта білім беретін мектеп директоры – Басмағанбетова Рита Құрманғалиқызы

6.      І.Үргенішбаев орта  мектеп директоры – Құдайбергенов Жанайдар Сәндібекұлы

Және де мектеп ардагер ұстаздары, және де мектеп түлектері қатысып отыр.

 

2-Жүргізуші:

Тұғырлы еліміздің мерейлі мерекесімен құттықтау үшін сөз  №5 орта мектеп директоры Әбдііғапарова Әлия Пауединқызына беріледі.

 

Құттықтау сөз ауданымыздың құрметті азаматы, Еңбек ардагері, Жыл адамы, ардагер Әділбаев Оразбай Әділбайұлы

 

1-жүргізуші:

            2016 жыл – барлық қазақстандықтар үшін елеулі жыл. Еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығына қадам басты. Тәуелсіздік жылдары ішінде көптеген табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.Тәуелсіздік пен Елбасы егіз ұғым.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бес институционалдық реформаның 100 нақты қадамның орындалуы, Мәңгілік Ел жалпы ұлттық патриоттық идеясының жүзеге асырылуы – жүз отыз ұлттың бірі болуға, қазақстандық арманымызға қол жеткізуге нақты әрі сенімді қадамдар жасайтын кезеңге жеткізеді.

Біздің қасиетті де қастерлі Мәңгілік еліміздің жолында, қазақстандықтарды алда әлі де көптеген жаңа табыстар мен жетістіктер күтуде.

 

Ұран: «Мәңгілік ел – Тәуелсіз Ел!»

МОНТАЖ

1-жүргізуші: Мирас

Ассалаумағалейкум, мұсылман ел!

Бүгінгі егемендік тұсындағы ел!

Еңкейгенге беретін етін кесіп,

Қолдағанға қобыз боп ысылған ел!

Қасқалдақтан бір тамшы қан ағызбай,

Қайтадан әуелетіп ұшырған ел!

 

2-жүргізуші: Гүлжанат

Қазақ боп елім туғансың,

"Алаш" деп ерім туды алсын!

Жұдырықтай боп жұмылса,

Қазақты жеңген кім бар шын?!

Абылай ұран салғанда,

Қаракерей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгембай,

Шапырашты Наурызбай

Өңшең батыр бірігіп,

Жоңғарды жұрттан қуғансың.

Жер бетінен жоқ қылып,

Тұқымын тұздай қылғансың.

 

3-жүргізуші: Аркен

Қасым салған қасқа жол,

Есім салған ескі жол,

Тәукенің жеті жарғысы,

Тексіздікті сырғансың.

Бабаның жолын жалғасаң,

Тұнығың қалай былғансын?

Балуан шолақ, Қажымұқан,

Күресте асқақ тұлғаң шын.

 

4-жүргізуші: Жұпаргүл

Құрманғазы мен Тәттімбет

Елжіреп күйін тыңдарсың,

Әміре әрлеп ән салса,

Француздар естіп таңданған

Қазақтың қоңыр үн дауысын!

Қаныш пенен Шоқанның

Еңбегін, әлем, құндарсың.

Осындай текті бабамыз,

Ертеңіміз де нұрлансын!!!

 

5-жүргізуші: Темірлан

Апалар өткен тарихта

Жаулықтай аппақ ар ұстап.

Еліне етіп еңбегін

Жемісін берген табыстап.

Мысалы, Тұмар ханшайым

сақтардың сақа әскерін

сауысқаннан сақ ұстап.

Бопай ханша өтіпті,

қарсы келген дұшпанын

найзаға түйреп, жаныштап.

 

6-жүргізуші: Айдана

Домалақ ана, Қарашаш

ешқашан да көрмеген

адалдықтан алыстап.

Ұлпан мен Зере әжелер

ақиқаттың тізгінін

адаспай өткен дәл ұстап.

 

7-жүргізуші: Бекзат

Динадайын күйші апам

сан алуан күйлер қалдырған

қара домбыраны қағыстап.

Өлеңнің Сара - саңлағы,

Ал Майра елді еліткен

Ән салғанда дауыстап.

 

8-жүргізуші: Әлия

Әлия - Мәншүк аттанды

ораған оқтың астына

ұлт мойнынан намысты ап.

Сәбира - Ләззат жеткізді

арманын айтып елінің,

азаттықпен қауышпақ.

 

1-жүргізуші: Мирас

Солардан қалған сарқыт бар.

Текті қыздарымыз бар кезде

Басымыздан қалай бақ ұшпақ?

Адал ұрпақ өсіріп,

Қазағым шықсын қиянға

қаршыға құстай қарыштап.

 

2-жүргізуші: Гүлжанат

Дұшпанға түсірткізбей назарыңды,

Бір кірбің баспасыншы ажарыңды.

Астында ашық аспан тәңіріміз

Тарқатпасын бес күндік базарыңды.

Бірлік пен ынтымағың тірек болсын,

Кірлетпе жүрек деген қазаныңды.

Ел аман, болсын жұртым, бауыр бүтін,

Бір Алла жарылқасын қазағымды!!!

 

7-жүргізуші: Бекзат

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Қас сақпын – Күннің  түркі  баласымын,

Қазақпын – ұлы   Тұран  Даласының

Өмірдің  жеңіп  алған   Еркіндігін,

Өр  үнім,  Болашақтың данасымын.

 

3-жүргізуші: Аркен

Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш,
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті

Аманат қой
Маған, 
Саған,
Оған да!

 

4-жүргізуші: Жұпаргүл

Бостандығым! Тосқан күнім азалдан,

Жиырма  бес жыл – аспан кірсіз, ажарлы ән.

Сен келгенде серпілгенмін қайғыдан,

Сен келгенде сары мұңнан тазарғам.

 

6-жүргізуші: Айдана

Асқақтап көк байрағы аспанында, 
Қазақ тұр төрткүл дүние асқарында. 
Жаны жас, жүрегі мәрт елмін бүгін 
Азаттық арайланып дастанында. 

Бақтың құсы  әр адамға қонып бір,

О, тәңірім, бізді баққа жолықтыр!

Бүгін міне,  тәуелсіздік, ағайын,

Әр қазақтың  жүрегі боп соғып тұр!

 

8-жүргізуші: Әлия

Атыңнан айналайын, егемен ел,

Тәуелсіз күнің  туды кенеле бер.

Мерейің  құтты болсын, Тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Құттысың,  Тәуелсіздік – киелі ұғым,

Құт күнім  – Егемендік –  иелігім.

Уақыттың  –  биігінен шуақ төгіп,

Бақытым – Еркіндік  бол, сүйеді күн.

 

5-жүргізуші: Темірлан

Жарық  Күн –  тегім  менің,  жасын  жаным.

Тарихтың төріндемін,  көшім  мәлім

Ақтаймын  артқан  ісін  бостандықтың,

Сақтаймын   тәуелсіздік –  асыл арым.

Тәуелсіздік – Қазақтығы  қазақтың,

Тәуелсіздік –   жойылуы  азаптың.

Биіктей  бер  асқақтап,  жомарт  халқым,

Өркендей  түс,  аяқталды  тозақ  күн!

 

Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын!

 

Алдымызда барлық үміт ақталсын!

 

Тату – тәтті бірлік болып қашан да,

 

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

 

Қиындыќты көп көрген ел екенбіз,

 

Жылдан – жылға дамысын берекеміз.

 

Тойымыз тойға ұласып, шаттанайық,

 

Бәрі бірге:

Халайық, құтты болсын мерекеңіз!

 

Ұран: «Бірлігіміз Жарасқан! Тәуелсіз Қазақстан!»

 

1-жүргізуші:

Ән: «Атамекен».

Орындайтындар: мектеп мақтаныштары, облыстық, республикалық, халықаралық ән байқауының жеңімпаздары - Удешов Алмат, Абдолова Нұрайым, Қабылбекқызы Жаннұр, Мейірханова Айым, Тәңірбергенова Ақмерей.

 

2-жүргізуші:

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы дегеніміз – жүрегі «елім» деп соққан әр азаматтың өткен жылдар ішінде атқарылған жұмыстары мен қол жеткізген жетістіктерінің таразыланатын тұсы. Осындай торқалы той тұсында аудан азаматтарының да үлесін атап өтпеуге болмас. Бар еңбегін елге арнап, қазіргі таңда ел мақтанышына айналған жерлестеріміз жайында арнайы әзірленген бейнебаянға назар аударалық!

 (Бейнебаян «Еңбегімен елге танылғандар»)

 

1-жүргізуші:

2 «а»-сынып оқушысы Ертөстік Диастың орындауындағы  «Қазақстан»  әнін қабыл алыңыздар!

(Флеш-моб)

Ұран «Бірлігіміз Жарасқан! Тәуелсіз Қазақстан!» - 2 рет

 

2 жүргізуші:

         Тәуелсіз еліміздің азаттығының арқасында бейбіт заманда өмір сүріп келеміз. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына ата-бабамыздың еңбегі сіңсе, тәуелсіздікке қол жеткізген сонау 1991 жылдан бері қарай келешегіміз айқын. Мерейлі 25 жылдығымыз жарияланған сәттен бастап, біздің де  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына қосқан 25 үлесіміз бар.

(Видео 25 жетістік)

 

 

 

1-жүргізуші:

Егемен еліміз Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін салтанатты жағдайда тойлап өтуде. Алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілген халқымыздың қуанышымен бөлісуде.

 

2-жүргізуші:

Осындай құттықтаулардың бірі -  кезінде осы мектептен білім алған, түлегіміз, қазіргі таңда шет мемлекетте жүрсе де, мерекеге орай халқымыздың қуанышына ортақтасып, арнайы құттықтауларын арнаған болатын, олай болса, экранға назар аударайық!

(Видео-құттықтау)

1-жүргізуші:

Бүгінгі кеште жергілікті сазгер, ақын, мектебіміздің көркемдік жетекшісі Сайлаубек Елмановтың сөзіне жазылған «Қазақстан - Отаным» әнінің тұсауы кесілмек.  Қабыл алыңыздар! Орындайтын: Мектеп жанынан құрылған «Болашақ» тобы

 

Ұран «Бірлігіміз Жарасқан! Тәуелсіз Қазақстан!» - 2 рет

 

2-жүргізуші:

Ән: «Мәңгілік ел». Авторы: Сайлаубек Елманов. Орындайтын: Облыстық, республикалық ән байқауының жеңімпазы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Астана қаласында өткен «Жұлдызды сәт» байқауының ІІ орын жүлдегері  Үдешов Алмат.

 

Ұран «Бірлігіміз Жарасқан! Тәуелсіз Қазақстан!» - 2 рет

 

1-жүргізуші:

Елімізде тұрақтылық, бейбітшілік орнаған.
Әртүрлі ұлт бір шаңырақ астына бүгін жиналған.
Ақ, қарамыз, сарымыз деп бөлінбей,
Барлығы да «Қазақстан азаматы»атанған!

 

Ұзағынан болсын дейік, Тәуелсіздік тұғырлы!
Соғыс өрті жауламасын Егемен, Еркін елімді!
Бақытқа толы, мейірге толы, шат күлкі,
Кетпесінші, өскелең ұрпақ келбетінен, бүгінгі!

 

2-жүргізуші: 

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Өркениет көшіне ілескен халқымыз көркейе бергей!

Мәңгілік Ел идеясын ұстанатын барша қазақ елінің көк байрағы желбірей берсін! Елім деген еңселі, жерім деген абыройлы ел азаматтарының еңбегі елене берсін! Тәуелсіздік еліміз – Мәңгілікке сақталсын!

 

1-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ел намысын көтерер мерекелік шараларда кездескенше сау саламатта болыңыздар! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық торқалы тойы тағы да

 

Бірге:   Құтты болсын!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Ел - Мәңгілік» атты мерекелік жиын"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по оценке имущества

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 839 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.01.2017 725
    • DOCX 1.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Елубаева Гульсезим Курмангазиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 89688
    • Всего материалов: 29

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 33 регионов

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 25 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 88 человек из 34 регионов

Мини-курс

Психология детства и подросткового возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 37 регионов

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 32 регионов

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе