Инфоурок Всеобщая история КонспектыҚазақстан Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жылдарында.

Қазақстан Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жылдарында.

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жылдарында.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушы  Азамат соғысының болған мерзімін, қамтыған аймағын,                                                         басталу  себептерін біледі.

 

Дамытушылық: оқушылар тарихи құбылыстардың күрделі   кешендерін талдай біледі және олардың арасындағы байланыстарды айқындай алады.

 

Тәрбиелік: еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі артады, патриоттық сезімі ұшталады.  

 

Сабақта қолданылатын

 әдістер:      Блум таксономиясы, сыни тұрғыдан ойлауға

                    үйрету, диалогтік оқыту, топпен жұмыс

 

Сабақтың нәтижесінде оқушы жететін табыс критерийлері:

(Блум таксономиясы бойынша)

 

Оқу мақсаттарының деңгейлері

 

Оқушының жететін жетістіктері

Білу. Есте сақтау

Мен Азамат соғысы 1918-1920 жылдары болғанын және бүкіл қазақ жерін қамтығанын білдім.

Түсіну

Шетелдік соғыс интервенциясының етек алуына Антанта елдері дайындап,солардың нұсқауымен жасалған 1918 жылы 25-мамырдағы Чехословак  корпусы бүлігінің үлкен әсері болғанын білдім.

Қолдану

Азамат соғысын  ХХ-ғасырдағы өзге де соғыстармен салыстыра отырып,ерекшелігін айқындай аламын.

Талдау

Азамат соғысының басталу себептерін,мақсатын ,тарихи маңызын түсіндім.

Жинақтау

Мен Азамат соғысының халық үшін қайғы-қасірет жылдары болғанын,тарихтан алатын орнын жақсы білемін.

Бағалау

Сабақ барысында алған білімімді жинақтап,өз ойымды жаза аламын.

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топтастыру.

Оқушыларға қазақ батырлары қолданған сауыт-саймандарының суреттері бейнеленген карточкалар таратылады. Карточкалары біртектес оқушылар топтасып, 6 оқушыдан топ құрады. Карточкада бейнеленген заттың атауы топ аты болады. Мысалы: 1-топ «Ақ сауыт»,  2-топ «Алмас қылыш», 3-топ «Дулыға». Әр топ өзінің топ басшысын, баяндамашыны, хатшыны, тайм-киперді тағайындап алады.

 

Мақсаттар жүйесі

 

Оқушылардың іс-әрекеттері

уақыт

мөлшері

Білу.Есте сақтау.

Топпен жұмыс.

Әр топқа Азамат соғысының сызба-картасы беріледі.

 

Жалпылама тапсырма.

1.     Картада бейнеленген белгілер Сіздерде қандай ой тудырады?

 

Топтарға  жеке тапсырмалар:

 

«Ақ сауыт» тобына:

Картадан ең кіші датаны тауып, өсу ретімен  ең үлкен датаны анықтаңыз. Даталар арасы неше жылды қамтиды?

 

«Алмас қылыш» тобына:

Картада бейнеленген қара,қызыл түсті нұсқау-сызықтардың бағыты нені меңзейді?

 

«Дулыға» тобына:

Бұл нұсқау-сызықтар қазақ жерінің қандай аймақтарын қамтиды?

 

 

 

 

 

 

      5 минут

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Рефлексия

(нені түзетемін?)

 

 

 

 

 

 

Түсіну

Топпен жұмыс.

Оқушылар түсініп оқиды, мәлімет алады.

 

Топтарға  жеке тапсырмалар:

«Ақ сауыт» тобына: Шетелдік интервенция және азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан. Интервенция мен азамат соғысының басталу себептері

Қазан төңкерісінің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды. Буржуазия мен помещиктер казак – орыс офицерлерінің жоғарғы топтарымен, кулактармен және феодал байлармен бірігіп, елімізде орнаған пролетариат диктатурасына қарсы көтерілді, контрреволюциялық заговорлар мен бүліктер ұйымдастырылды.

Еліміздің бірқатар аудандарда, әсіресе казак – орыс аудандарында Дон, Кубань, Орынбор, Жетісу және басқаларында, еліміздің шығыс, солтүстік және оңтүстік шеткері аймақтарында контрреволюция күштері Совет еліне қарсы жау ошақтарын құрып, Совет үкіметіне қарулы қарсылық көрсетті.

Азамат соғысы ұзаққа созылып, шиеленісіп кетті, оның себебі Кеңес өкіметіне қарсы күресіне шет елдер көмектесті (АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Германия).

Интервенттердің негізгі мақсаты:
1) Большевизмді қоршауға алып, жою.
2) Антанта және АҚШ Бірінші дүниежүзілік соғысты соза түріп, Россияны әлсіретуді көздеді.
3) Кеңес үкіметінен монополистердің патша үкіметіне және уақытша үкіметке берген қарыздарын қайтаруды мақсат етті.
4) Кеңес үкіметі тәркілеген шетел капиталистерінің фабрика- заводтарын қайтаруды ойластырды.
5) Шетел империалистік мемлекеттер Орта Азия мен Қазақстанда экспанация жасау әрекеті де көздеді.

Сөйтіп, шетел мемлекеттер елдің ішіндегі төңкріске қарсы күштерге дем берді.

Осы мақсаттарына жету үшін, 1918 жылғы наурызда ағылшын, француз, американ әскерлері Мурманскіге, Архангельскіге енгізілді.

1918 жылы сәуір айында Қиыр Шығыста Жапон интервенциясы басталды. Нәтижесінде осы жылдың күзінде жапондықтар бүкіл Қиыр Шығысты жаулап алды.

1918 жылы герман империалистері Украинаны оккупациялады, Дондағы Ростовты, Таганрогты жаулап, Қырым мен Грузияға енді. Туркия Арменияны, Әзербайжанның көп бөлігін басып алды, ал ағылшындар Орта Азияны жаулауға әрекеттенді.

Интервенттер Россияға басып кіргеннен бастап ішікі контрреволюция күштерімен одақтасты. Ақ гвардияшыларды қару – жарақпен, қарыжымен жабдықтады. Біріккен соғыс операцияларын жоспарлады.

1918 жылы 25 мамырда Антанта елдерінің көмегімен Сібірдегі чехословак корпусының (45 мыңдай соғыс тұтқындары мен эмигранттар) офицерлері бүлік шығарды. Олар іштегі төңкеріске қарсы күштермен бірігіп, Новосибирск, Челябинск, Томск, Пенза және Солтүстік Қазақстанның Петропавл, Ақмола, Омбы, Атбасар, Павлодар, Қостанай, Семей қалаларын басып алды. К. Сүтішов, И. Дубинин, П. Калюжная, Ғ. Ыдырысов, К. Шугаев, П. Салов және т. б азаптап өлтіріп, Өскемен Совдепінің төрағасы Я. Ушаковты тірідей кеменің оттығына тастап жағып өлтірді.

Оларға ақ гвардияшылармен бірге эсерлер, меньшевиктер және алашордашылар дем берді.

 

«Алмас қылыш» тобына: Атаман Дутов 1918 жылы маусымда Орынборды басып алып, Қазақ өлкесін Орталық Россиямен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Алашорда үкіметі Орынбордағы Дутовпен, Омбыдағы Колчак басқарған Сібір Уақытша үкіметімен, Самарадағы Құрылтай жиналысының Комитетімен («Комуч») одақтасып, Кеңес үкіметіне қарсы шықты. 1918 жылы тамызда Семей қаласында бірінші Алаш атты әскер полкі ұйымдастырылды. Дутовқа қарсы барлық әскери қимылдарға жетекшілік еткен төтенше комиссар П. Кобозов болды.1918 жылы қарашада генерал Колчак армиясы Жетісу бағытында операция бастап, атаман Аненков дивизиясы Жетісуды шабуылдады. Бұл кезде немістер Донбассқа қауіп төндірді. Краснов пен Деникин (генералдар) соғыс қимылдарын күшейте түсті.

1918 жылдың жазында Кеңес елі үшін ең басты Майдан – Шығыс майданы болды. Шығыс майданның жағдайы қиындауына байланысты 1918 жылы 2 маусымда Орынбор қаласынан Қызыл Армия бөлімдері кейін шегінуге мәжбүр болды. Осыған байланысты Ақтөбе майданы құрылды (1918 ж. шілде). Ондағы Қызыл әскерлерге Ташкент, Шалқар, Қазалы, Перовск (Қызылорда), Черняевск (Шымкент), Әулиеата және т. б. қалаларда құрылған шоғырлар келді.

1918 жылы шілде айында Жетісу майданы құрылды.

1918 жылы 29 мамырда «Міндетті әскери міндеткерлік негізінде еңбекшілерді мобилизациялау» туралы декрет жарияланды. Осы декреттен кейін әскери міндетті өтеуге еңбекшілердің белгілі жас мөлшеріндегілер шақырылатын болды. Сөйтіп, 1918 жылдың жазында ұлттық әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларында, Батыс Қазақстанда құрылды. Қызыл армияның құрамдас бөлігі ретінде 1918 жылдың күзінде Бөкей ордасында құрылған қазақ атты әскер полкінде Хамит Чурин, Ж. Сәрсеков, Х. Иманов, В. Жәнекешев т. б. болды.

1918 жылдың аяғы мен 1919 жылдың басында Ә. Жангелдин мен А. Иманов Торғайда екі атты әскер эскадронын кіші командирлер даярлайтын оқу тобын, пулиметшілер тобын, Ырғыз қаласында тағы бір атты әскер эскадронын құрды.

1920 жылы Түркістанда байырғы халықты әскерге тұңғыш рет күштеп жинау жарияланды.

1920 жылы наурызда Торғай облысында 6 мыңнан астам адам мобилизацияланды. 1920 жылдың басында Жетісу облысында 5,5 мың адамдық полктер құрылды.

1920 жылы мамырда 19 – 35 жастағы орыс емес ұлттардың 25 мың өкілі армияға шақырылды.

Ә. Жангелдиннің экспедициясы Ақтөбе майданына қару – жарақ пен оқ – дәрі жеткізуде маңызды роль атқарды.

1919 жылы 22 қаңтарда Орынбор азат етілді, ал 1919 жылы 26 қаңтарда Орал қаласы жау шебінен босатылды. Бұл Кеңестік Россияның Қазақ өлкесі және Орта Азиямен тікелей байланысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

1919 жылы көктемде Антантаның Кеңес еліне қарсы біріккен жорығы басталды.

1918 жылдың аяғында Дутов, Анненков, Колчак топтарына қарсы партизан соғысы өрістеді. Партизандық астыртын жұмысты ұйымдастырушылар: Ә. Әйтиев, С. Арғыншиев, Ә. Майкөтов, М. Жәнібеков, А. К. Вайцеховский, А. В. Азаданов, К. М. Михалкович, В. В. Мей т. б.

Солтүстік Жетісуда партизан соғысы кең өріс алды. Мұндағы қорғаныс орталығы Черкасское селосы болды.Черкасск қорғанысы 1918 жылдың маусымынан 1919 жылдың қазаң айына дейін созылды, яғни партизандар атаман Анненков тобына 13 ай бойы тойтарыс берді. 1919 жылғы тамызда Жетісу майданының қолбасшысы Л. П. Емелев әскерлері көмекке келуге әрекет жасап, сәтсіздікке ұшырады. Шайқас барысында Л. П. Емелев ерлікпен қаза тапты, ақыры 1919 жылы қазан айында анненковшылар Черкасскіні алып, 1800 адамды қырып тастады.

Черкасск қорғасының тарихи маңызы:

- Колчакшылардың Жетісуға шабуылы тоқтатылды;

— Сібір контрреволюциясының Орта Азия контрреволюциясымен бірігуіне жол берілмеді.

Партизан қозғалысының ең ірі орталығы Атбасар уезінің Мариновка қонысы болды командир Н. М. Ирченко. 1919 жылы көктемде партизандар колчакшыларға қарсы шабуылдады. Мариновкаға қосымша жазалау бөлімдері жіберіліп, партизандар шабуылы тоқтатылды.

Семей облысын ақ гвардияшылардан азат етуге құрамында 200 қазақ бар «Алтайдың қызыл тау қырандары»атты партизан полкі көмектесті

 

«Дулыға» тобына: Қазақ өлкесіндегі Майдандардың жойылуы.

Қазақ жеріндегі Колчак әскерін талқандау Шығыс майданының Солтүстік және Оңтүстік топтарына жүктелді. 1919 жылы қолбасшы М. В. Фрунзе бастаған Қызыл әскер топтары Қазақстанның солтүстік аудандарында, ал Чапаев бастаған топтар оңтүстік – батыс аудандарда соғыс жүргізіп, Колчак әскерлерінің Деникин әскерлерімен қосылуына жол бермей, оларға күйрете соққы берді. Нәтижесінде Оңтүстік топ әскерлері (қолбасшы М. В. Фрунзе) Уфаны азат етті, ал Чапаев дивизиясы 1919 жылғы 25 шілдеде Оралды жау қоршауынан босатты, 1919 жылы жазда Қызыл Армия Челябіні азат етті.

Осыдан кейінгі міндет – Орал мен Орынбор облыстарын азат ету Түркістан майданының 1 және 4 армияларына жүктелді.

Бірінші армия колчакшыларға қарсы Ақтөбе бағытында шабуылдады. 1919 жылы қыркүйекте бірінші армия Ақтөбе майданымен Мұғалжар станциясында (Орынбор – Ташкент темір жолы) түйісті. Нәтижесінде Түркістан Орталық Россиямен қайта қосылып, Ақтөбе майданы жойылды.

Орал облысын азат етуге төртінші армия мен 25-ші В.И. Чапаев дивизиясы жіберілді Үлбішін түбіндегі шайқаста В. И. Чапаев және бригада басшысы Садық Уәлиев қаза тапты (1919 ж. қыркүйек). Ал 1919 жылы қарашада Қызыл Армия Үлбішін мен Жымпитыны азат етсе, осы жылдың соңында Орал облысы ақ гвардияшылардан толық азат етілді. Сөйтіп, 1920 жылы қаңтарда Орал майданы жойылды.

1919 жылы күзде Шығыс майданының бесінші армиясы (қолбасшысы М. Н Тухачевский) Солтүстік және Шығыс Қазақстанды азат етіп, Петропавл, Ақмоланы жаудан босатты.

1919 жылы қарашада Семейде Колчак өкіметі құлатылып, Кеңес үкіметі қайта орнады, ал 1920 жылы наурызда Семей облысы түгел азат етіліп, Жетісу майданы жойылды.

1920 жылғы маусымда Верныйда контрреволюциялық бүлік ұйымдастырылып, Верный бекінісін жаулап алды. Қызыл армияның күшімен бүлік тоқтатылды.

1920 жылы наурызда азамат соғысының қазақ жеріндегі ең соңғы майданы – Солтүстік Жетісу майданы жойылды.

1920 жылы Қызыл Армия Колчак әскерін талқандап, Колчак Иркутск ревкомының үкімі бойынша атылды.

Азамат соғысының барысында Кеңес үкіметі ұлт аймақтарындағы жаңа үкіметтің оқшаулануын ескере отырып, Алашордамен келіссөз жүргізді. Ақ гвардияшылар мен интервенттер тарапынан болған қатыгездік пен зорлық «Алаш» өкілдерін бастапқы бағыттарын өзгертуге итермеледі. А. Байтұрсынов «Төңкеріс және қазақтар» мақаласында «Алаш» зиялыларын Кеңес үкіметі жағына шақырып, ұлттық келісім тактикасына қол жеткізді.

1919 жылы 4 сәірде Бүкілроссиялық Орталық атқару Комитеті Алашорда мүшелеріне кешірім (амнистия) жариялады.

Азамат соғысының салдарлары:

1) Демографиялық жағдай ауырлап, 8 млн. адам қаза тапты

2) Мал саны күрт азайды

3) Қазақ ауылдары мен қыстақтар материалдық жоқшылыққа ұшырады.

4) Қатігездік пен зорлық – зомбылықтың күшейтілуі (ақвардияшылар тарапынан) үрей және ертеңгі күнге сенімсіздік туғызды.

 

Казревком міндеттері:
1. Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу.
2. Өлкеде мемлекеттік, шаруашылық, мәдени құрылыс орнату.
3. Өлке Кеңестерінің құрылтай съезін әзірлеу.

1920 жылы 9 наурызда Алашорданы тарату туралы Казревком шешімі қабылданды.

Казревком мәдени құрылыста біршама жұмыстар атқарды:
— «Ұшқын» газетін шығарды.
— Ақтөбе уезінде 300 мектеп ашылды.

— Қалаларда мұғалімдер даярлайтын мектептер жұмыс істеді. Сонымен бірге Казревком қазақ жерлерін біріктіру жөнінде жұмыстар атқарды.

 

 

 

Сематикалық картамен жұмыс жасайды.

                                                                           

 

 

     

     10 минут

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Рефлексия

(нені түзетемін?)

Қолдану

 Топтық жұмыс. Топ ішінде талқылап, өз ойларыңызды ортаға  салыңыздар.

 Хронологиялық диктанат жазу.

 

 

 

8 минут

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Рефлексия

(нені түзетемін?)

 

 

 

 

 

 

Талдау

«Ыстық орындық» стратегиясы

Әр топтан бір оқушы «Ыстық орындыққа» отырып, мұғалім роліне енеді. Оқушылар сұрақ қояды.

 

5минут

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Рефлексия

(нені түзетемін?)

 

 

 

 

 

 

Жинақтау

Алаш қайраткерлері Азамат соғысының бастапқы жылдарында Ақ гвардияшылар жағында болы.Неге? (пікірлеріңізді айтыңыздар)

Әр топқа 20 сұрақтан тест беріледі.

10 минут

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Рефлексия

(нені түзетемін?)

Бағалау

Үйге тапсырма. « Қазақстан Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жылдарында»  оқу, негізгі даталарды жатқа айту

 

 

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы. Табыс критерийлері жазылған парақтар таратылады, оқушылар өз нәтижелерін 5 балдық жүйемен бағалайды.

(1минут)

 

Кері байланыс. Рефлексивтік сауал алу (30 сек.)

 

1.     Мен бүгін сабақта  .....  болдым.

Белсенді                    енжар

2.     Мен бүгін сабақта   .....  .

шаршадым          шаршаған жоқпын  

3.     Мен сабақтағы жұмысыма  ..... 

разымын                    енжар

4.     Сабақта берілген тапсырмалар мен үшін .....  болды.

жеңіл                қиын    

5.     Менің көңіл күйім.....  .

жақсарды             нашарлады             өзгермеді

 

 

 

Оқушы _____________________________________

 

Сабақтың нәтижесінде оқушы жететін табыс критерийлері:

(Блум таксономиясы бойынша)

 

Оқу мақсаттарының деңгейлері

 

Оқушының жететін жетістіктері

5 балдық жүйемен бағалау

Білу. Есте сақтау.

Мен Азамат соғысы 1918-1920 жылдары болғанын және бүкіл қазақ жерін қамтығанын білдім.

 

Түсіну

Шетелдік соғыс интервенциясының етек алуына Антанта елдері дайындап,солардың нұсқауымен жасалған 1918 жылы 25-мамырдағы Чехословак  корпусы бүлігінің үлкен әсері болғанын білдім.

 

Қолдану

Азамат соғысын  ХХ-ғасырдағы өзге де соғыстармен салыстыра отырып,ерекшелігін айқындай аламын.

 

Талдау

Азамат соғысының басталу себептерін,мақсатын ,тарихи маңызын түсіндім.

 

Жинақтау

Мен Азамат соғысының халық үшін қайғы-қасірет жылдары болғанын,тарихтан алатын орнын жақсы білемін.

 

Жалпы балл

Әр кезеңде алған бағаларыңызды бір-біріне қосып, шыққан санды беске бөліңіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сематикалық картамен жұмыс

 

Оқиғалар

жылдар

1919ж қыркүйекте

1920ж

1918ж маусымда

1920ж қаңтарда

1920ж наурызда

1918ж мамырда

1918-1920

1

Азамат соғысы болған жылдар

 

 

 

 

 

 

+

2

Сібірдегі чехословак корпусы бүлік шығарды

 

 

 

 

 

+

 

3

Солтүстік Жетісу майданы жойылды

 

 

 

 

+

 

 

4

Орал майданы жойылды

 

 

 

+

 

 

 

5

Атаман Дутов Орынборды басып алды

 

 

+

 

 

 

 

6

Қызыл армия Колчак әскерін талқандады

 

+

 

 

 

 

 

7

Ақтөбе майданы жойылдыжойылды

+

 

 

 

 

 

 

 

 

                Хронологиялық диктант:
1............. Чехословак корпусының бүлігі

2............. ІІ Николай, оның отбасы мүшелері атылды
3............ Орынбор қаласында Азамат соғысының алғашқы ошағы пайда болды
4.......... Орынборды атаман Дутов басып алды
5........... Ә. Жангелдин бастаған экспедиция Ақтөбе майданының әскери бөлімшелеріне қару -      жарақ, дәрі - дәрмек жеткізді
6.......... Қазақ жерін басқару жөнінде Революциялық Комитет (Қазревком) құрылды
7........... Орынбор қаласында “Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы” Декрет жарияланды
8............... Қызылорда қаласында Қазақ АКСР - і Кеңестерінің V съезі өтті
9.............. Қазақстандағы Азамат соғысы жылдары

 

♦ ТЕКСЕРУ:
1. 1918ж 25маусым - Чехословак корпусының бүлігі
2. 1918ж 16 шілдеде ІІ Николай, оның отбасы мүшелері атылды
3. 1917ж, қараша - Орынбор қаласында Азамат соғысының алғашқы ошағы пайда болды
4. 1918ж шілдеде Орынборды атаман Дутов басып алды
5. 1917ж, тамыз - қараша - Ә. Жангельдин бастаған экспедиция Ақтөбе майданының әскери бөлімшелеріне қару - жарақ, дәрі - дәрмек жеткізді
6. 1919ж, шілдеде Қазақ жерін басқару жөнінде Революциялық Комитет (Қазревком) құрылды
7. 1920ж 26 тамызда Орынбор қаласында “Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы” Декрет жарияланлы
8. 1925ж 15 - 19 сәуір - Қызылорда қаласында Қазақ АКСР - і Кеңестерінің Vсъезі өтті
9. 1918 - 1920жж -. Қазақстандағы Азамат соғысы жылдары

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақстан Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жылдарында."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жылдарында.Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушы Азамат соғысының болған мерзімін, қамтыған аймағын, басталу себептерін біледі.Дамытушылық: оқушылар тарихи құбылыстардың күрделі кешендерін талдай біледі және олардың арасындағы байланыстарды айқындай алады.Тәрбиелік: еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі артады, патриоттық сезімі ұшталады. Сабақта қолданылатын әдістер: Блум таксономиясы, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, диалогтік оқыту, топпен жұмысСабақтың нәтижесінде оқушы жететін табыс критерийлері:(Блум таксономиясы бойынша) Оқу мақсаттарының деңгейлері Оқушының жететін жетістіктері Білу. Есте сақтау Мен Азамат соғысы 1918-1920 жылдары болғанын және бүкіл қазақ жерін қамтығанын білдім. Түсіну Шетелдік соғыс интервенциясының етек алуына Антанта елдері дайындап,солардың нұсқауымен жасалған 1918 жылы 25-мамырдағы Чехословак корпусы бүлігінің үлкен әсері болғанын білдім. Қолдану Азамат соғысын ХХ-ғасырдағы өзге де соғыстармен салыстыра отырып,ерекшелігін айқындай аламын. Талдау Азамат соғысының басталу себептерін,мақсатын ,тарихи маңызын түсіндім. Жинақтау Мен Азамат соғысының халық үшін қайғы-қасірет жылдары болғанын,тарихтан алатын орнын жақсы білемін. Бағалау Сабақ барысында алған білімімді жинақтап,өз ойымды жаза аламын. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топтастыру.Оқушыларға қазақ батырлары қолданған сауыт-саймандарының суреттері бейнеленген карточкалар таратылады. Карточкалары біртектес оқушылар топтасып, 6 оқушыдан топ құрады. Карточкада бейнеленген заттың атауы топ аты болады. Мысалы: 1-топ «Ақ сауыт», 2-топ «Алмас қылыш», 3-топ «Дулыға». Әр топ өзінің топ басшысын, баяндамашыны, хатшыны, тайм-киперді тағайындап алады. Мақсаттар жүйесі Оқушылардың іс-әрекеттері уақыт мөлшері Білу.Есте сақтау. Топпен жұмыс.Әр топқа Азамат соғысының сызба-картасы беріледі.Жалпылама тапсырма. 1.Картада бейнеленген белгілер Сіздерде қандай ой тудырады?Топтарға жеке тапсырмалар:«Ақ сауыт» тобына:Картадан ең кіші датаны тауып, өсу ретімен ең үлкен датаны анықтаңыз. Даталар арасы неше жылды қамтиды? «Алмас қылыш» тобына:Картада бейнеленген қара,қызыл түсті нұсқау-сызықтардың бағыты нені меңзейді? «Дулыға» тобына:Бұл нұсқау-сызықтар қазақ жерінің қандай аймақтарын қамтиды? 5 минут Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Рефлексия(нені түзетемін?) Түсіну Топпен жұмыс.Оқушылар түсініп оқиды, мәлімет алады.Топтарға жеке тапсырмалар:«Ақ сауыт» тобына: Шетелдік интервенция және азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан. Интервенция мен азамат соғысының басталу себептеріҚазан төңкерісінің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды. Буржуазия мен помещиктер казак – орыс офицерлерінің жоғарғы топтарымен, кулактармен және феодал байлармен бірігіп, елімізде орнаған пролетариат диктатурасына қарсы көтерілді, контрреволюциялық заговорлар мен бүліктер ұйымдастырылды.Еліміздің бірқатар аудандарда, әсіресе казак – орыс аудандарында Дон, Кубань, Орынбор, Жетісу және басқаларында, еліміздің шығыс, солтүстік және оңтүстік шеткері аймақтарында контрреволюция күштері Совет еліне қарсы жау ошақтарын құрып, Совет үкіметіне қарулы қарсылық көрсетті.Азамат соғысы ұзаққа созылып, шиеленісіп кетті, оның себебі Кеңес өкіметіне қарсы күресіне шет елдер көмектесті (АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Германия).Интервенттердің негізгі мақсаты:1) Большевизмді қоршауға алып, жою. 2) Антанта және АҚШ Бірінші дүниежүзілік соғысты соза түріп, Россияны әлсіретуді көздеді. 3) Кеңес үкіметінен монополистердің патша үкіметіне және уақытша үкіметке берген қарыздарын қайтаруды мақсат етті. 4) Кеңес үкіметі тәркілеген шетел капиталистерінің фабрика- заводтарын қайтаруды ойластырды. 5) Шетел империалистік мемлекеттер Орта Азия мен Қазақстанда экспанация жасау әрекеті де көздеді.Сөйтіп, шетел мемлекеттер елдің ішіндегі төңкріске қарсы күштерге дем берді.Осы мақсаттарына жету үшін, 1918 жылғы наурызда ағылшын, француз, американ әскерлері Мурманскіге, Архангельскіге енгізілді.1918 жылы сәуір айында Қиыр Шығыста Жапон интервенциясы басталды. Нәтижесінде осы жылдың күзінде жапондықтар бүкіл Қиыр Шығысты жаулап алды.1918 жылы герман империалистері Украинаны оккупациялады, Дондағы Ростовты, Таганрогты жаулап, Қырым мен Грузияға енді. Туркия Арменияны, Әзербайжанның көп бөлігін басып алды, ал ағылшындар Орта Азияны жаулауға әрекеттенді.Интервенттер Россияға басып кіргеннен бастап ішікі контрреволюция күштерімен одақтасты. Ақ гвардияшыларды қару – жарақпен, қарыжымен жабдықтады. Біріккен соғыс операцияларын жоспарлады.1918 жылы 25 мамырда Антанта елдерінің көмегімен Сібірдегі чехословак корпусының (45 мыңдай соғыс тұтқындары мен эмигранттар) офицерлері бүлік шығарды. Олар іштегі төңкеріске қарсы күштермен бірігіп, Новосибирск, Челябинск, Томск, Пенза және Солтүстік Қазақстанның Петропавл, Ақмола, Омбы, Атбасар, Павлодар, Қостанай, Семей қалаларын басып алды. К. Сүтішов, И. Дубинин, П. Калюжная, Ғ. Ыдырысов, К. Шугаев, П. Салов және т. б азаптап өлтіріп, Өскемен Совдепінің төрағасы Я. Ушаковты тірідей кеменің оттығына тастап жағып өлтірді.Оларға ақ гвардияшылармен бірге эсерлер, меньшевиктер және алашордашылар дем берді.«Алмас қылыш» тобына: Атаман Дутов 1918 жылы маусымда Орынборды басып алып, Қазақ өлкесін Орталық Россиямен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Алашорда үкіметі Орынбордағы Дутовпен, Омбыдағы Колчак басқарған Сібір Уақытша үкіметімен, Самарадағы Құрылтай жиналысының Комитетімен («Комуч») одақтасып, Кеңес үкіметіне қарсы шықты. 1918 жылы тамызда Семей қаласында бірінші Алаш атты әскер полкі ұйымдастырылды. Дутовқа қарсы барлық әскери қимылдарға жетекшілік еткен төтенше комиссар П. Кобозов болды.1918 жылы қарашада генерал Колчак армиясы Жетісу бағытында операция бастап, атаман Аненков дивизиясы Жетісуды шабуылдады. Бұл кезде немістер Донбассқа қауіп төндірді. Краснов пен Деникин (генералдар) соғыс қимылдарын күшейте түсті.1918 жылдың жазында Кеңес елі үшін ең басты Майдан – Шығыс майданы болды. Шығыс майданның жағдайы қиындауына байланысты 1918 жылы 2 маусымда Орынбор қаласынан Қызыл Армия бөлімдері кейін шегінуге мәжбүр болды. Осыған байланысты Ақтөбе майданы құрылды (1918 ж. шілде). Ондағы Қызыл әскерлерге Ташкент, Шалқар, Қазалы, Перовск (Қызылорда), Черняевск (Шымкент), Әулиеата және т. б. қалаларда құрылған шоғырлар келді.1918 жылы шілде айында Жетісу майданы құрылды.1918 жылы 29 мамырда «Міндетті әскери міндеткерлік негізінде еңбекшілерді мобилизациялау» туралы декрет жарияланды. Осы декреттен кейін әскери міндетті өтеуге еңбекшілердің белгілі жас мөлшеріндегілер шақырылатын болды. Сөйтіп, 1918 жылдың жазында ұлттық әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларында, Батыс Қазақстанда құрылды. Қызыл армияның құрамдас бөлігі ретінде 1918 жылдың күзінде Бөкей ордасында құрылған қазақ атты әскер полкінде Хамит Чурин, Ж. Сәрсеков, Х. Иманов, В. Жәнекешев т. б. болды.1918 жылдың аяғы мен 1919 жылдың басында Ә. Жангелдин мен А. Иманов Торғайда екі атты әскер эскадронын кіші командирлер даярлайтын оқу тобын, пулиметшілер тобын, Ырғыз қаласында тағы бір атты әскер эскадронын құрды.1920 жылы Түркістанда байырғы халықты әскерге тұңғыш рет күштеп жинау жарияланды.1920 жылы наурызда Торғай облысында 6 мыңнан астам адам мобилизацияланды. 1920 жылдың басында Жетісу облысында 5,5 мың адамдық полктер құрылды.1920 жылы мамырда 19 – 35 жастағы орыс емес ұлттардың 25 мың өкілі армияға шақырылды.Ә. Жангелдиннің экспедициясы Ақтөбе майданына қару – жарақ пен оқ – дәрі жеткізуде маңызды роль атқарды.1919 жылы 22 қаңтарда Орынбор азат етілді, ал 1919 жылы 26 қаңтарда Орал қаласы жау шебінен босатылды. Бұл Кеңестік Россияның Қазақ өлкесі және Орта Азиямен тікелей байланысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.1919 жылы көктемде Антантаның Кеңес еліне қарсы біріккен жорығы басталды.1918 жылдың аяғында Дутов, Анненков, Колчак топтарына қарсы партизан соғысы өрістеді. Партизандық астыртын жұмысты ұйымдастырушылар: Ә. Әйтиев, С. Арғыншиев, Ә. Майкөтов, М. Жәнібеков, А. К. Вайцеховский, А. В. Азаданов, К. М. Михалкович, В. В. Мей т. б.Солтүстік Жетісуда партизан соғысы кең өріс алды. Мұндағы қорғаныс орталығы Черкасское селосы болды.Черкасск қорғанысы 1918 жылдың маусымынан 1919 жылдың қазаң айына дейін созылды, яғни партизандар атаман Анненков тобына 13 ай бойы тойтарыс берді. 1919 жылғы тамызда Жетісу майданының қолбасшысы Л. П. Емелев әскерлері көмекке келуге әрекет жасап, сәтсіздікке ұшырады. Шайқас барысында Л. П. Емелев ерлікпен қаза тапты, ақыры 1919 жылы қазан айында анненковшылар Черкасскіні алып, 1800 адамды қырып тастады.Черкасск қорғасының тарихи маңызы:- Колчакшылардың Жетісуға шабуылы тоқтатылды;— Сібір контрреволюциясының Орта Азия контрреволюциясымен бірігуіне жол берілмеді.Партизан қозғалысының ең ірі орталығы Атбасар уезінің Мариновка қонысы болды командир Н. М. Ирченко. 1919 жылы көктемде партизандар колчакшыларға қарсы шабуылдады. Мариновкаға қосымша жазалау бөлімдері жіберіліп, партизандар шабуылы тоқтатылды.Семей облысын ақ гвардияшылардан азат етуге құрамында 200 қазақ бар «Алтайдың қызыл тау қырандары»атты партизан полкі көмектесті«Дулыға» тобына: Қазақ өлкесіндегі Майдандардың жойылуы.Қазақ жеріндегі Колчак әскерін талқандау Шығыс майданының Солтүстік және Оңтүстік топтарына жүктелді. 1919 жылы қолбасшы М. В. Фрунзе бастаған Қызыл әскер топтары Қазақстанның солтүстік аудандарында, ал Чапаев бастаған топтар оңтүстік – батыс аудандарда соғыс жүргізіп, Колчак әскерлерінің Деникин әскерлерімен қосылуына жол бермей, оларға күйрете соққы берді. Нәтижесінде Оңтүстік топ әскерлері (қолбасшы М. В. Фрунзе) Уфаны азат етті, ал Чапаев дивизиясы 1919 жылғы 25 шілдеде Оралды жау қоршауынан босатты, 1919 жылы жазда Қызыл Армия Челябіні азат етті.Осыдан кейінгі міндет – Орал мен Орынбор облыстарын азат ету Түркістан майданының 1 және 4 армияларына жүктелді.Бірінші армия колчакшыларға қарсы Ақтөбе бағытында шабуылдады. 1919 жылы қыркүйекте бірінші армия Ақтөбе майданымен Мұғалжар станциясында (Орынбор – Ташкент темір жолы) түйісті. Нәтижесінде Түркістан Орталық Россиямен қайта қосылып, Ақтөбе майданы жойылды.Орал облысын азат етуге төртінші армия мен 25-ші В.И. Чапаев дивизиясы жіберілді Үлбішін түбіндегі шайқаста В. И. Чапаев және бригада басшысы Садық Уәлиев қаза тапты (1919 ж. қыркүйек). Ал 1919 жылы қарашада Қызыл Армия Үлбішін мен Жымпитыны азат етсе, осы жылдың соңында Орал облысы ақ гвардияшылардан толық азат етілді. Сөйтіп, 1920 жылы қаңтарда Орал майданы жойылды.1919 жылы күзде Шығыс майданының бесінші армиясы (қолбасшысы М. Н Тухачевский) Солтүстік және Шығыс Қазақстанды азат етіп, Петропавл, Ақмоланы жаудан босатты.1919 жылы қарашада Семейде Колчак өкіметі құлатылып, Кеңес үкіметі қайта орнады, ал 1920 жылы наурызда Семей облысы түгел азат етіліп, Жетісу майданы жойылды.1920 жылғы маусымда Верныйда контрреволюциялық бүлік ұйымдастырылып, Верный бекінісін жаулап алды. Қызыл армияның күшімен бүлік тоқтатылды.1920 жылы наурызда азамат соғысының қазақ жеріндегі ең соңғы майданы – Солтүстік Жетісу майданы жойылды.1920 жылы Қызыл Армия Колчак әскерін талқандап, Колчак Иркутск ревкомының үкімі бойынша атылды.Азамат соғысының барысында Кеңес үкіметі ұлт аймақтарындағы жаңа үкіметтің оқшаулануын ескере отырып, Алашордамен келіссөз жүргізді. Ақ гвардияшылар мен интервенттер тарапынан болған қатыгездік пен зорлық «Алаш» өкілдерін бастапқы бағыттарын өзгертуге итермеледі. А. Байтұрсынов «Төңкеріс және қазақтар» мақаласында «Алаш» зиялыларын Кеңес үкіметі жағына шақырып, ұлттық келісім тактикасына қол жеткізді.1919 жылы 4 сәірде Бүкілроссиялық Орталық атқару Комитеті Алашорда мүшелеріне кешірім (амнистия) жариялады.Азамат соғысының салдарлары:1) Демографиялық жағдай ауырлап, 8 млн. адам қаза тапты2) Мал саны күрт азайды3) Қазақ ауылдары мен қыстақтар материалдық жоқшылыққа ұшырады.4) Қатігездік пен зорлық – зомбылықтың күшейтілуі (ақвардияшылар тарапынан) үрей және ертеңгі күнге сенімсіздік туғызды.Казревком міндеттері:1. Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу. 2. Өлкеде мемлекеттік, шаруашылық, мәдени құрылыс орнату. 3. Өлке Кеңестерінің құрылтай съезін әзірлеу.1920 жылы 9 наурызда Алашорданы тарату туралы Казревком шешімі қабылданды.Казревком мәдени құрылыста біршама жұмыстар атқарды: — «Ұшқын» газетін шығарды. — Ақтөбе уезінде 300 мектеп ашылды.— Қалаларда мұғалімдер даярлайтын мектептер жұмыс істеді. Сонымен бірге Казревком қазақ жерлерін біріктіру жөнінде жұмыстар атқарды.Сематикалық картамен жұмыс жасайды. 10 минут Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Рефлексия(нені түзетемін?) Қолдану Топтық жұмыс. Топ ішінде талқылап, өз ойларыңызды ортаға салыңыздар. Хронологиялық диктанат жазу. 8 минут Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Рефлексия(нені түзетемін?) Талдау «Ыстық орындық» стратегиясыӘр топтан бір оқушы «Ыстық орындыққа» отырып, мұғалім роліне енеді. Оқушылар сұрақ қояды. 5минут Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Рефлексия(нені түзетемін?) Жинақтау Алаш қайраткерлері Азамат соғысының бастапқы жылдарында Ақ гвардияшылар жағында болы.Неге? (пікірлеріңізді айтыңыздар)Әр топқа 20 сұрақтан тест беріледі. 10 минут Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Рефлексия(нені түзетемін?) Бағалау Үйге тапсырма. « Қазақстан Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жылдарында» оқу, негізгі даталарды жатқа айту

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 995 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

РАБОЧАЯ ПРОГРАММА УЧЕБНОЙ ДИСЦИПЛИНЫ ОУД. 05 История 23.01.17. Мастер по ремонту и обслуживанию автомобилей
  • Учебник: «История. Профессиональное образования. Часть 1», Артемов В.В. , Лубченков Ю.Н.
  • 30.12.2020
  • 670
  • 8
«История. Профессиональное образования. Часть 1», Артемов В.В. , Лубченков Ю.Н.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.02.2020 1038
    • DOCX 53.9 кбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рамазанова Ульзана Мухидиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 85132
    • Всего материалов: 226

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 168 человек из 58 регионов
  • Этот курс уже прошли 769 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по истории в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 108 человек

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 151 человек из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 278 человек

Мини-курс

Финансовое моделирование и управление инвестиционными проектами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 606 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 200 человек

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе