Главная / История / Қазан төңкерісі мен Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы

Қазан төңкерісі мен Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы

Сабақтың тақырыбы: Қазан төңкерісі мен Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
Сабақтың мақсаты:
 Қазан төңкерісі қарсаңындағы Қазақстандағы ахуал.Қазақ халқының тарихына үлкен өзгерістер алып келген Кеңес үкіметімен,оның саясатымен және қиыншылықтырымен таныстыру.
Міндеттері:
 1. білімділік: Оқушыларға Уақытша үкімет беделінің төмендеуі және ұлттық мемлекет құру идеясының жандануы туралы мағұлматтарды түсіндіру; 

2.дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытып,танымдық белсенділігін арттырып, өз бетінше жұмыс істей білуге дағдысын қалыптастыру;

3.Тәрбиелік: Оқушыларды патриотизмге, Отаншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Кеңестік Қазақстан картасы,ұлт қайраткерлерінің портреттері, электронды оқулық.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: Картамен,слайдпен ,өздік жұмысы.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, география

Сабақтың барысы :     I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу,оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу.

II.  Үй тапсырмасын тексеру Сұрақ- жауап. Жұмыс дәптерінің толтырылуын тексеру.

Тестпен жұмыс (компьютерде орындап,бағалайды)

III . Жаңа сабақ

«Ой қозғау»

1. Қазақ халқының Уақытша үкіметке көзқарасының өзгеру себептері неде ?

2. Түркістан халықтарының тұтастық  идеясы іске асты ма ?

3. Алашорда үкіметінің негізгі мақсаты қандай еді ?

4. Алаш қайраткерлерімен Лениннің арасындағы келісімдер іске асты ма ?

Кіріспе сөз:                                                                                                                                                                Уақытша үкіметтің халыққа нақты кепіл болатындай құқықтар бере алмауы жалпыұлттық дағдарыстың пісіп- жетілгенін анықтап берді. Халық контрревалюцияшыл соғысқұмарлар диктатурасы мен пролетариат диктатурасының бірін таңдауға тиіс болды.Осындай жағдайда Қазан төңкерісі жүзеге асырылды.

 

Ойды дамыту :

-                             Кеңес үкіметінің жүргізген саясатының алғашқы шаралары;

-                             Жер-жерде кеңес үкіметінің орнауы;

-                             Контрреволюциялық күштермен Алаш үкіметінің бірігу себептері;

-                             Қазақстандағы ұлт мәселесі,осы жөніндегі ұлт қайраткерлерінің көзқарасы

Электронды оқулықпен жұмыс.

« 1917 жылғы Қазан төңкерісі» деген бөлімінен

«Саяси фактор» , «Әлеуметтік- экономикалық фактор»тақырыпшасын оқимыз.

Анимацияны ашып  1. «Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнау ерекшеліктері»

3 . «Қазан төңкерісі қарсаңы мен кезеңіндегі Қазақстандағы саяси партиялар мен олардың ағымдары» көріністерімен танысамыз.

«Тарихи тұлғалар» бөлімінде қазақ зиялыларының өмірдерегімен танысамыз.

Оқулық мәтінін ,электронды оқулықты пайдаланып сұрақтарға жауап беріңдер.

 

Шағын топ жұмысы :

1 деңгей    1.  Түркістан Автономиясының төрағасы кім ?

2.  Алашорда Кеңесінің төрағасы кім ?

3.  1917-1918 жылдар аралығында «Алаш» партиясы қанша дауыс жинады?

4.   Кеңес өкіметі  қандай бірінші декрет шығарды ?

5.   Қазақ халқының тағдыры үшін оның рөлі қандай болды?

2 деңгей    1.  Қазақстандағы  саяси партияларды  анықта.

2. 1917 жылы желтоқсанда Орынборда өткен Жалпықазақ съезінде Қазақ автономиясы

туралы қандай қаулы қабылданды ?

  1. Алашорда большевиктерге қарсы күштермен бірігу себептерін анықта

3 деңгей      1.  Торғай облыстық съезінде қабылданған қарар жөнінде не білесің ?

2.  Ұлт аралық қайшылықтарды жою бағытында  жүргізілген шараларды атаңдар

Сергіту сәті.

Қазақстанда осы кезеңде болған оқиғалардың саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени факторлары бар. Электронды оқулықтан мәдени фактормен танысамыз.

Қазақстанда болған саяси жағдайлар қазақ әдебиеті саласында да жаңа кезең алып келді.

Оқушылардың дайындап келген шығармашылық жұмыстары ( слайдпен жұмыс)

1 оқушы: Ахмет Байтұрсынұлы ( 1873 – 1937 )  — ағартушы,қоғам қайраткері, «Алаш» партиясының негізін салушылардың бірі, «Қазақ » газетінің редакторы, аса көрнекті лингвист- ғалым, әдебиеттанушы,аудармашы.

Қазіргі Қостанай облысы,Жангелдин ауданындағы Сарытүбек елді мекенінде дүниеге келген

1886-1891 жылдары Торғайдағы екі сыныптық орыс- қазақ училищесінде оқиды. 1891- 1895 жылдары

Орынбор  мұғалімдер мектебінде оқып, бастауыш училищенің оқытушысы болып шығады.

1919 жылдан Қазревком мүшесі.1920-1921 жылдары Қазақ АКСР үкіметінің құрамына еніп, Халық ағарту  комиссары болды.  Қазақ тілінің «Тіл құралы» атты тұңғыш оқулығын жазды. Ұлт ұстазы  жазықсыздан- жазықсыз ату жазасына кесіліп, 1937 жылы  8 желтоқсанда қызыл қырғынның  құрбанына айналды.Халқы өзінің  рухани көсемінен  осылайша мәңгіге айырылды.

2 оқушы: Әлихан Бөкейханов ( 1870 – 1937) – қоғам қайраткері, ғалым, «Алаш» паритясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің  төрағасы.

Жезқазған облысының қазіргі Ақтоғай ауданында туған. 1894 жылы Санкт- Петербург орман институтын  орман шаруашылығының экономисі мамандығы бойынша бітірген. 1896 – 1901 жылдары Ф.А.Щербинаның басшылығымен қазақ халқының жерін, табиғатын,мәдениетін,тұрмысы мен шаруашылығын зерттеу жөніндегі экспедицияның құрамында жұмыс істеді. 1905 жылы қазақ конституциялық – демократиялық партиясын ұйымдастырды. Мемлекеттік 1 думаның депутаты.Мемлекеттік  думаның мұсылман фракциясы бюросының мүшесі. «Қазақ» газетінің  редакторы. Ақпан  революциясынан кейін  Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті құрамына енді, Торғай облыстық комиссары болып тағайындалды. 1917 жылы кадет партиясының бағдарламалық қағидаларымен келіспейтіндігін білдіріп, өзінің партиядан шығатындығын жариялады.

1919 жылы БОАК бұрынғы алашордашыларға рақымшылық жасағаннан кейін баспа жұмысымен айналысты, содан соң Мәскеуге жер аударылып, онда Отанынан оқшауландырып, үнемі құпия бақылауда болды. 1922.1926,1937 жылдарда жазалау шараларына ұшырады.

 

3 оқушы: Мұстафа Шоқай (1890 – 1941) – мұсылман халықтарының саяси өрлеуінде елеулі роль атқарды.Ресейдің қарамағындағы Түркістан  автономиясын жақтады.

Ақмешітте (қазіргі Қызылорда)  ақсүйек  отбасында  туған. Нағашылары жағынан  Хиуаның хан әулетімен  қатынасы болған.   Мектепте мұсылманша  білім алып, Ташкент гимназиясын, Санкт- Петербург университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген. Орыс,ағылшын,француз, поляк, түрік тілдерін еркін меңгерген.   Ақпан революциясына дейін Мемлекеттік думаның  мұсылман фракциясында  Түркістан істері бойынша  хатшы болды.

 

 

 

 

 

1917 жылы 22 қарашада  Ферғана  хандығының бұрынғы астанасы  Қоқанда  мұсылман  ұйымдары  Бүкілтүркістандық конгресс өткізіп,  ол  Түркістан автономиясын жариялады. Шоқай үкімет мүшесі болып сайланып, көп кешікпей  орнынан кеткен премьер – министр М. Тынышбаевты алмастырды. Мұстафа Шоқай  Алашорда үкіметінің құрамына да енді,  бірақ  Қоқан  автономиясы талқандалғаннан кейін Грузияға,  Түркияға,  сосын  Германия  мен Францияға өтіп кетті де, онда мұсылман эмиграциясының көшбасшысы болды.

.Эмиграцияда жүріп Кеңестерге қарсы идеялық күресін жалғастырды, «Жаңа Түркістан»    «Жас Түркістан » журналдарын шығарды. 1940 жылы Берлинде «Үлкен Түркістан легионын » құруға ұсыныс алды. 1941 жылы Берлинде беймәлім жағдайда қайтыс болды.

IY.  Бекіту .  1. Тестпен жұмыс ( компьютерде орындап,бағалайды)

 

1.Кеңес үкіметінің қандай саясат бағдарламасын жариялауы төңкерістің тез арада жеңіске жетуінде шешуші роль атқарды ?

а) ұлт саясаты               ә) экономикалық саясат

б) әлеуметтік саясат     в) әскери коммунизм саясаты

2. Қазақстанның қай облыстарында Кеңес үкіметі бейбіт жолмен орнады?

а) оңтүстік және батыс           ә) батыс және шығыс

б) оңтүстік және солтүстік     в) солтүстік және шығыс

3.Қай жерлерде Кеңес үкіметі қарулы күшпен орнады?

а) Орынбор, Жетісу, Ақмола          ә) Верный, Семей, Орал

б) Семей, Орынбор,Әулиеата         в) Орынбор, Семей, Верный

4. «Алаш» партиясы қай жылы құрылды ?

а) 1903 ж.            ә) 1905 ж.

б) 1916 ж.            в) 1917 ж.

5.1917 жылы  Ақмолада қандай жастар ұйымы құрылды ?

а)  «Жас қазақ»         ә) «Қазақ жастарының революциялық ұйымы»

б) «Қазақ мұсылмандар ұйымы»     в) «Жас алаш»

6. Қазақстанда Кеңес өкіметі ең бірінші қай қалада орнады?

а) Верныйда           ә) Перовскіде

б) Черняевте           в) Қазалыда

7. Бүкілтүркістандық төтенше сьездің шешімімен қандай мемлекет құрылды?

а) Алашорда           ә) Бұхар Республикасы

б) Түркістан автономиясы       в) Қазақ Республикасы

8. Түркістан автономиясының тұңғыш төрағасы әрі ішкі істер министрі кім болды ?

а) М.Тынышбаев      ә) М.Шоқай

б) А.Байтұрсынов     в) Ә.бөкейханов

9. Алашорда үкіметінің  алғашқы  төрағасы кім болды ?

а) М.Шоқай               ә)  М.Тынышбаев

б) Ә.Бөкейханов       в)  А.Байтұрсынов

10. «Алаш» партиясының бағдарламасының жобасы қай газетке жарияланды ?

а)  «Айқап»                 ә) «Свободная речь»

б)  «Қазақ»                   в) «Правда

2. Кескін картаға Кеңес үкіметі  орнаған қалаларды белгілеңдер.

3.Оқулықтан Семей өңірі туралы мәліметтерді жинақтаңдар.

( «Семей қаласы» презентациясы )

Қорытындылау.

Ұлттық рух пен тәуелсіздік идеясының жалғастығы бүгінгі біздің Тәуелсіз Отанымыз

Қазақстан Республикасының құрылуы, өркендеп дамуы.

( «Тәуелсіз Қазақстан хроникасы» электронды оқулықтан

Бағалау . Үйге тапсырма : 4,5 тақырыпты оқу. Жұмыс дәптерін толтыру.











Қазақ халқының патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы Ұлт-азаттық күресі

Сабақтың мақсаты: 
Білім алушылардың қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресі туралы алған білімдерін жинақтау, қосымша материалдар іздеуге, танымдық қабілетін арттыруға дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту, оқиғаға талдау жасай білуге, басқаның ой-пікірін тыңдауға үйрету. 
Тәрбиелік: Ұлтын, жерін сүюге, құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу 
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың жабдықтары: ҚР - ң картасы, оқулық, буклет, сөз жұмбақ, слайд.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2.Топты түгелдеу, топтың назарын сабаққа аудару 
Кіріспе сөз: ХҮІІІ-ХІХ ғ. Қазақ халқы сыртқы жауларға қарсы үздіксіз күрес жүргізіп келді. Ұлт-азаттық қозғалысының басты мақсаты - ұлтты езгіден азат ету, ұлттың мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін қалпына келтіру және отаршылдық билікті жою арқылы ұлттық дербестікке қол жеткізу. Қазақ елінің Ресей империясының құрамына кіргеннен бергі уақыттағы ұлт-азаттық күресін мынадай кезеңдерге бөлуге болады: 
Бірінші кезең: ХҮІІІ ғ. соңымен ХІХ ғ. екінші жартысын қамтитын отарлық езгіге қарсы қалың бұқара атсалысқан азаттық қозғалысының алғашқы кезеңінде билеуші әлеуметтік топ жетекші роль атқарды. Көтеріліс басшылары: Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Кенесары Қасымұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы.
Екінші кезең: Заман талабына сай қабілетін көрсете білген әлеуметтік күш ұлт зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы бастаған топ келді. 1916 ж. көтеріліс, 1917 ж. Алаш партиясының өмірге келуі, Түркістан және Алаш автономияларын құру туралы шешімдердің қабылдануы азаттық үшін күресудің нәтижелері болды. Олардың ұстанымы: қазақ жерінің тұтастығын сақтау, ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру, ана тіліне негізделген білім жүйесін қалыптастыру болды.
Үшінші кезең: Кеңестік билік жағдайында жүрді. Азаттық үшін күрестің қайраткерлері: Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев және т.б. Шетелдік эмиграция күшімен азаттық үшін күрес жүргізушілердің ең ірі өкілі М.Шоқай болды. 01929-1932 жж. ұжымдастыруға қарсы шаруалар көтерілісі, 1959 ж. Теміртаудағы жұмысшылар толқулары, 1979 ж. Целиноградта болған оқиғалар орталық органдарының саясатына қарсылықтың бірі еді. 1986 ж. Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі қазақ халқының тәуелсіздік үшін жүргізген ғасырлар бойғы күресін аяқтады. 
Бүгінгі сабақта: «Біз не білгіміз келеді?»
Жоспар: 
«Бәйге» (шарты:сұраққа тез жауап беру). 
«Хронология» (болған оқиғаның жылын анықтау). 
«Мені түсін» (шарты: топ болып сөздерді кім айтқанын табу). 
Карточкамен жұмыс (шарты: екі топтың бір –біріне сұрақтары) 
Есеппен жұмыс: 
«Көкпар» (Қазақстанның қазіргі және өткен тарихынан сұрақтар) 
Сөз жұмбақ (екі топқа). 
Қорытынды 
Бүгінгі сабақта: Біз не білдік?
Бірінші кезең. Бәйге
1топ сұрақтары: 
1. Орта жүзде хандық биліктің жойылуына, Орта жүзде округтердің құрылуына қарсылық білдірген көтеріліс басшысы Абылайдың ұрпағын атаңыз ? (Кенесары) 
2. ХІХ ғ.30 жылдарында Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында болған көтерілістің басшылары? (Исатай мен Махамбет) 
3. Кенесары қолына келіп қосылған, кіші жүздің биі? (Жоламан Тіленшіұлы) 
4. Кенесары көтерілісіне қатысып, кейін патша үкіметінің және Хиуа және Қоқан езгісіне қарсы Сыр бойындағы қазақтар көтерілісіне басшылық жасаған батыр? (Жанқожа батыр) 
5. ХІХ ғ. 70-ші ж. болған Орал, Торғай көтерілісінен Маңғыстау көтерілісінің айырмашылығы? (тұңғыш рет жалдамалы жұмысшылардың қатысуы) 
БӘЙГЕ
1. Аякөз, Аңырақай, Бұланты, Орбұлақ шайқастарының сипаты? (ұлт - азаттық) 
2. 1916 ж. көтеріліске шыққандардың бірінші кезекте атқарған іс–әрекеті? (Отарлауға дейінгі басқару жүйесін қалыпқа келтіру) 
3. «Кенесары –Наурызбай» дастанының авторы. (Нысанбай жырау) 
4. 1916 ж көтерілістің ірі ошағы болған (Қарқара) 
5. Кіші жүзде болған көтерілістің басшысын атаңыз? (Сырым Датұлы) 
2 топ сұрақтары
1. Қазақ “Шәмілі” атанған қазақ батыры? (Кенесары) 
2. Көтеріліс барысында Кенесары батырдың алға қойған мақсаты? ( дербестікті сақтау) 
3. 1643 жыл 600 сарбазбен жоңғардың 50 мың қолына қарсы күресте 300 спартандықтардан кем түспейтін ерлік көрсеткен ханды атаңыз?(Жәңгір хан) 
4. Патша үкіметінің «Бөкей ордасын» құрудағы мақсаты? (Қазақтардың жер үшін күресін әлсірету) 
5. 1916 жылғы халықтың жан дүниесіндегі аласапыран толқынысты шынайы суреттейтін “Қартқожа” шығармасының авторы (Ж.Аймауытов). 


БӘЙГЕ
6. 1916 жылғы халықтың жан дүниесіндегі аласапыран толқынысты шынайы суреттейтін М.Әуезов шығармасы (“Қилы заман”). 
7. 1916ж ұлт –азаттық көтеріліс кезінде Торғай уезінде хан болып сайланған (Ә.Жанбосынов)
8. 1916ж патша жарлығы бойынша кімдерді “қара жұмысқа” алу көзделді? (19-43 жас аралығы) 
9. Торғай даласында Амангелді Иманов пен бірге көтеріліске басшылық етіп, саяси дем берушісі болған большевик? (Ә.Жангелдин) 
10. 1916ж Верный уезінің ханы болған, Боралдай асуында дарға асылған батыр? (Б.Әшекеев) 
Екінші кезең: Жылдармен жұмыс
1 топ сұрақтары.
1. Патша үкіметінің «Бұратана халықтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі жарлық қай жылы шықты? (1916 ж. 25 маусым)
2. Маңғыстау көтерілісі қай жылы болды? (1970 ж.) 
3. А. Байтұрсынов «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп қай жылы жазды? ( 1916 ж.) 
4. Кенесары қолы Ташкентке қай жылы аттанды?(1941 ж.) 
5. Түркістан Генерал губернатор Куропаткиннің құпия бұйрыққа қол қойған жыл?(1916 ж.23 тамыз 
Хронология

6. А. Байтұрсыновтың басшылығымен «Қазақ» газеті шыққан жыл? (1913 ж.) 
7. Ұйқыдағы қазақ халқының оянуына әсер еткен М. Дулатовтың «Оян қазақ» шығармасы жарық көрді (1909 ж.) 
8. И. Тайманұлының қаза болған жылы? (1938 ж. 12 шілде) 
9. Патша үкіметінің “Бұратана халықтарды тыл жұмысына алу” жөніндегі жарлығының шығуына не себеп болды?(соғыс) 
10. Есет батыр бастаған көтерілісшілердің Жем өзені бойында патша үкіметінің жазалаушы отрядына тұтқиылдан шабуыл жасаған жыл? (1947 ж.) 
Хронология
2 топ сұрақтары

1. Қай жылы Кенесары феодалдық мемлекет құрды? (1941 ж.) 
2. А. Иманов 15 мың көтерілісшілермен Торғайды қоршауға алған жыл? (1916 ж. 22 қазан) 
3. К. Қасымұлының қайтыс болған жылы? (1947 ж.) 
4. М. Дулатұлы қатысқан Қарқаралыда болған үкіметке қарсы жиын болды (1905 ж.) 
5. А. Байтұрсынов Қарқаралыда мұғалім болып жүргенде патша үкіметіне қарсылық білдіргені үшін Семей түрмесіне қамалған жыл? (1909 ж.) 
Хронология
2 топ сұрақтары
6. Патша үкіметінің қазақтың ең жақсы егістікпен жайылымдарының 45 млн. астам десятина. жерін тартып алған жыл? (1917 ж) 
7. Қай жылы А. Иманов сардарбек болып тағайындалды? (1916) 
8. Бүкіл Қазақстанды қамтыған Кенесары көтерілісінің болған жылы? (1837-1847 ж.) 
9. Ағартушылық - демократиялық бағытты білдіретін «Айқап» журналы қай жылдары шығып тұрды?(1913-1915 ж.) 
10. Патшалы Ресей үшін Қазақстан шикізат көзі ретінде ролі күшейген кезі? (1-ші дүние жүзілік соғыс) 
Үшінші кезең «Мені түсін»

«Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз;елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз» -деп... (Қаз дауысты Жәнібек)

«Мені түсін» 
«Биыл шаңырағыма бір қарлығаш ұя салып еді, бұл дүние жүзін топан су басқанда Нұһ пайғамбардың кемесін суға батудан сақтап қалған, жыланға адам баласының жем болу қаупі туғанда, содан қорғаған еді. Мен өз бала-шағамды қорғап қалған құстың ұясын бұзып, балапандарын қырып кете алмадым», деп...(Төле би ) 
«Мені түсін» 
«Бәрін айтып арманды тауыса алмаспын. Арманның мен үшін ең үлкені - алты алаштың балаларын бір шаңырақ, бір Тудың астынан көре алмай бара жатырмын. Айнала аңыздаған айдаһардай жау. «Алтауы алауыз болса, ауыздағы кетеді, төртеуі түгел болса, төбедегі келеді.»...Түптің түбінде алты ағайынның баласы жұмған жұдырықтай жұптаса алмай, бірі ойға, бірі қырға тартып жүріп, біріккен соң бірі әлгі айдаһардың аузында кете ме деп қорқамын. Өкінішім өзіммен бірге көрге кетсін, халықтың игі арманы періштенің құлағына жетсін деп тілеңдер барша ағайын!» -деп...(Әйтеке би)

Төртінші кезең: Карточкамен жұмыс

Бесінші: Есеп сұрақ

1. . 5100-ді 3 –ке бөліп, оған 23 –ті қосса тарихи оқиға шығады! (1723 ж.)
2. 2800 –ді 2 –ге бөл шыққан мәнге 2 –мен 30 – дың көбейтіндісін қосып одан кейін 5 –ті қос сонда тарихи оқиғаның уақыты шығады.(1465ж.)
3. 50 –ді 34 –ке көбейтіп, оған 71 –ді қос тарихи оқиға уақыты шығады.(1771ж.)
4. . 398 –ді 5 –ке көбейтіп, 1 –ді қосса тарихи оқиға уақыты шығады. (1991ж.)
5. 331 –ді 3 –ке көбейтіп 331 –ді қос шыққан мәнді 
6. 2-ге көбейтіп одан 662 –ні азайт сонда тарихи оқиға уақыты шығады.(1986ж.)

Алтыншы кезең: Көкпар
1 топ сұрақтары 
1. Алаш қозғалысы қай жылы басталды? (1905 ж.) 
2. «Алашорда үкіметінің» төрағасы кім? (Ә.Бөкейханов) 
3. Большевиктер партиясына бірден бір оппозиция бола білген қазақтың тұңғыш демократиялық партия ? (Алаш) 
4. КСРО халық депутаттарының 1989 ж 1 съезінде желтоқсан оқиғасына әділ баға беруді талап еткен ақын? (М.Шаханов) 
5. «Халық қаһарманы« атағын алған желтоқсан құрбанын атаңыз? (Қайрат Рысқұлбеков) 
Алтыншы кезең: Көкпар
2 топ 
1. Қазақ Кеңестік Социалистік Республиканың атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілген жыл? (1991 ж. 10 желтоқсан) 
2. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Ата - заңы қабылданған жыл ...(1993 ж. 28 қаңтар) 
3. 1992ж. 2 наурызда Қазақстан үшін маңызы бар оқиға....(БҰҰ мүше болуы) 
4. Төл теңгеміздің айналымға енген уақыты?(1993 ж.) 
5. Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы қай жылы, қай қалада болды?(1992 ж. Алматыда) 
Жетінші кезең: Сөз жұмбақ шешу

Қазан төңкерісі мен Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы
  • История
Описание:

Сабақтың тақырыбы: Қазан төңкерісі мен Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
Сабақтың мақсаты: Қазан төңкерісі қарсаңындағы Қазақстандағы ахуал.Қазақ халқының тарихына үлкен өзгерістер алып келген Кеңес үкіметімен,оның саясатымен және қиыншылықтырымен таныстыру.
Міндеттері: 1. білімділік: Оқушыларға Уақытша үкімет беделінің төмендеуі және ұлттық мемлекет құру идеясының жандануы туралы мағұлматтарды түсіндіру; 

2.дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытып,танымдық белсенділігін арттырып, өз бетінше жұмыс істей білуге дағдысын қалыптастыру;

3.Тәрбиелік: Оқушыларды патриотизмге, Отаншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Кеңестік Қазақстан картасы,ұлт қайраткерлерінің портреттері, электронды оқулық.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: Картамен,слайдпен ,өздік жұмысы.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, география

Сабақтың барысы :     I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу,оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу.

II.  Үй тапсырмасын тексеру Сұрақ- жауап. Жұмыс дәптерінің толтырылуын тексеру.

Тестпен жұмыс (компьютерде орындап,бағалайды)

III . Жаңа сабақ

«Ой қозғау»

1. Қазақ халқының Уақытша үкіметке көзқарасының өзгеру себептері неде ?

2. Түркістан халықтарының тұтастық  идеясы іске асты ма ?

3. Алашорда үкіметінің негізгі мақсаты қандай еді ?

4. Алаш қайраткерлерімен Лениннің арасындағы келісімдер іске асты ма ?

Кіріспе сөз:                                                                                                                                                                Уақытша үкіметтің халыққа нақты кепіл болатындай құқықтар бере алмауы жалпыұлттық дағдарыстың пісіп- жетілгенін анықтап берді. Халық контрревалюцияшыл соғысқұмарлар диктатурасы мен пролетариат диктатурасының бірін таңдауға тиіс болды.Осындай жағдайда Қазан төңкерісі жүзеге асырылды.

 

Ойды дамыту :

-                             Кеңес үкіметінің жүргізген саясатының алғашқы шаралары;

-                             Жер-жерде кеңес үкіметінің орнауы;

-                             Контрреволюциялық күштермен Алаш үкіметінің бірігу себептері;

-                             Қазақстандағы ұлт мәселесі,осы жөніндегі ұлт қайраткерлерінің көзқарасы

Электронды оқулықпен жұмыс.

 

« 1917 жылғы Қазан төңкерісі» деген бөлімінен

Автор Биекенова Гаухар Ордабаевна
Дата добавления 25.02.2015
Раздел История
Подраздел Другое
Просмотров 887
Номер материала 57059
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓