Главная / Иностранные языки / Қазақ жазуының тарихына шолу

Қазақ жазуының тарихына шолу

Жунисбекова Римма Газизовна

Қазақ жазуының тарихына шолу

Гуманитарлық педагогикалық колледжі, ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент

История казахской письменности с древне тюркской, арабской и латинской графикой, тесная взаимосвязь современной казахской письменности с графикой русского алфавита.

Қазақ жазуының тарихы көне түркi, араб, латын графикасымен, қазiргi қазақ жазуы орыс әлiпбиi графикасымен тығыз байланысы.


Қазақ жазуының тарихы көне түркi, араб, латын графикасымен, қазiргi қазақ жазуы орыс әлiпбиi графикасымен тығыз байланысты екендiгi тақырып барысында жан-жақты қарастырылып, түсiндiрiледi. Негізгі мақсаты – сонау V-VIII ғғ. қолданыған Орхон- Енисей әлiпбиiнен бастап, күнi бүгiнге дейiн қолданылып келе жатқан орыс графикасына негiзделген қазақ әлiпбиiнiң қалыптасу тарихын жете бiлдiру. Сондай-ақ олардың түркi туыстас тiлдерге ортақ көне жазба мұраларын (Орхон-Енисей ескерткiштерi, көне ұйғыр әлiпбиiмен жеткен ескерткiштер) түпнұсқа бойынша оқи алатын, тiлдiк талдау жасап, қазiргi тiлiмiзбен салыстыра зерттей алатын дәрежеге жетуiн көздейдi. «Қазақ жазуының тарихы» негізгі түркі тілдерінің бірі –қазақ тілі жайында студенттердің бұдан бұрынғы алған білімін кеңейтіп, тереңдетуіне мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл –қазіргі қазақ жазуының пайда болу, қалыптасу тарихы жөніндегі бірден-бір актуальді мәселе.Әрбір адамның өз елі мәдениеті мен әдебиетінен, ата –бабаларының басынан кешкен тарихынан мағлұматы болуы керек. Себебі ел мәдениетінен, тарихынан хабары жоқ адамның жерін, елін сүюі мүмкін емес.Ал жазусыз мәдениет,мәдениетсіз ел болмайды.Әр халық өткені арқылы бүгінін таниды. Сондықтан да Қазақстанның әрбір зиялы азаматы өз елінің өткенінен, тұрмыс-тіршілігінен хабардар, шұғылданған кәсібі, қалдырған мұрасымен таныс болуы керек.. «Қазақ жазуының тарихы» тақырыбын оқу орындарында оқытудың басты маңызы осыдан келіп шығады. Тақырыпты оқу барысында студенттер қазақ жазуының тарихымен толық таныс болады.Екіншіден, көне ескерткіштер мәтіндерімен, жазу түрлерімен танысады. Үшіншіден, әр кезең әліпбилерін (руна, көне ұйғыр, араб, латын, орыс) үйрену арқылы ескерткіш мәтінде-рімен өздері оқып, таныса алады. Ең бастысы студенттер халқымыздың қандай жазу түрлерін басынан кешкендігін, қазіргі жазуымызға қалай жеткендігімізді біле алады. Сондай-ақ, қазақ жазуына қатысты әр кез зерттеушілерінің пікірлерімен, олардың пікірлеріндегі қайшылықтар, дау-дамайлар жөнінде, яғни тақырыптың зерттелу тарихына да шолу жасалады. Графикалық лингвистика. Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарды, не жеке сөзді, не буынды, не дыбысты белгілеуіне қарай жазудың да түрлері келіп шығады.

Олар: 1.пиктографиялық жазу;

2.идеографиялық жазу;

3. буын жазуы;

4.әріп не дыбыстық жазу.

Пиктографиялық жазу.Бұл- ең алғашқы жазудың түрі. Бұны сурет (рисуночное) жазуы деп те атайды. Бұл жазудың жеке таңбалары пиктограммалар деп аталады (әрбір жеке сурет) . Себебі олар өздігінен белгілі бір хабарды білдіре алады. Ол сурет жеке сөздерге жіктелмейді, бөлшектенбейді. Оларды әр түрлі тілде сөйлейтін халықтар түсіне алады.Себебі олар тілдік формаларды емес, оның мазмұнын белгілейді. Пиктографиялық жазуға малдың, тоғайдың, адамның, аңның суреттері пайдаланылған. Нені хабарлағысы келсе, соның суретін салған. Суретті-синкретикалық жазу ең алғаш рет неолит дәуірінде пайда болды.Бұл пиктографиялық жазуды аң аулайтын, балық аулайтын халықтар жиі қолданған. Сондықтан бұны полисинкритикалық тілдерде сөйлейтін халықтар- ацтектер әсіресе, америкалық индеецтер т.б. жиі қолданған. Бұл жазу өте жабайы жазу, ол мазмұнды ойды түгел жеткізе алмады. Бұл жазудың үлгілері қазір де қолданылады. Көшеде жүрудің тәртібін аңғаратын әр түрлі белгілер, магазин мен шаштараз жарнамалары т. б.

Идеографиялық жазу. Бұл- пиктографиялық жазудың біртіндеп дамуы барысында пайда болған жазу. Жеке таңбалары идеограммалар деп аталады. Бұл жазу заттың өзін емес, шартты формаларын, таңбаларын белгілеу болып табылады. Ең басты айырмашылық таңбалардың формасында емес, оларды білдіретін мағнасын жеткізеді. Идеографиялық жазудың таңбаларын қытай, көне шумер жазуларынан байқауға болады. Ол бұдан 4 мың жыл бұрын жасалған. Ал осы жазудың екі түрі де (пиктографиялық, идеографиялық) Қазақстан жерінен табылды. Бұның өзі дүние жүзі халықтары қолданған жазу екендігін дәлелдейді.

Буын жазуы. Жазудың барысында буын жазуы пайда болды. Бір таңба бір буынды белгілейді. Буын жазуы 3 түрге бөлінеді: 1-түріне ассиро-вавилон, элам, урарт, сына жазулдары, майя жазуы лига туралы дыбыстық корей жазуы жатады. А.Ад/ты +Сд/сыз; Сд/сыз+Ад/ты; Сд/сыз+Ад/ты+Сд/сыз. 2-түріне: крит-мекен буын жазуы, кипр, эфиопия және жапон буын жазулары жатады. Дара дауыстылар, дауыссыздар тіркесін белгілі бір дауыстының қосындысын белгілейді. 3-түріне индия буын жазуы жатады. Ертедегі буын таңбалары /А-дауысты, С-дауыссыз/ б.з.д.3 мың жылдықтың бас кезінде шумер буын жазуы негізінде пайда болған. Мысалы, бір буын і-« бес», е- «үй»,lu-«адам», kur-«ел» т. б. мағыналарды білдіре алған.

Әріп /дыбыс/ жазуы. Бұл буын жазуынан кейін пайда болды. Таза күйінде алдымен консонантты дыбыстық жазу 2 мың жылдықтың екінші жартысында пайда болған да, кейін вокалданған дыбыстық жазу дәуіріміздің 1 мың жылдығының басында пайда болған. Әріп жазуы дүние жүзі мәдениетінің дамуына әсерін тигізді. Бұл ең қолайлы жазу болды. Бұл жазу үшін 20-40-қа дейінгі таңба саны жеткілікті болды /ал буын жазуында таңба саны 40- тан 200- ге дейін жеткен/. Бұл жазу тілін тез игеруді, сауаттылыққа үйренуді жеңілдетті. Ол сөздерді ғана емес, олардың дыбыстық бөлшектерін дәлме-дәл беруге, грамматикалық морфемаларды белгілеуде қолайлы болады. Әріп жазуының тарауы б.з.д..1 мың жылдықтың алғашқы ғасырларында басталған. Әріптерді қабылдай отырып, кейбір халықтар әріп жазуын /алфавиттік құрамын/ өзіне икемдеген. Әріп жазуы екі түрлі бағытта тарады. Шығыста финикий жазуының негізінде пайда болған арамей жазуынан Азия халықтарының жазу жүйелері жасалып таралған. Зерттелген мәліметтерге қарай түркі тілдері жазуы таңбалы /руникалық/ жазу немесе табылған аймақтарына байланысты «Орхон-Енисей» жазуы деп аталып келеді. Бұл да әріп жазуына жатады.Орхон-Енисей және түркі жазуы—қазақ жазуының алғашқы түрі. Сол жазумен жеткен ескерткіштердің түркі туыстас халықтардың ру-тайпа кезінде бір орталыққа бағынған, жазу-сызу мәдениеті ортақ, тіршілік тұрмыс жағдайы ортақ замандағы жазба мұралары, олардың қазақ халқына да тікелей қатысы бар көне мұралар екеніне студент- жастарымыздың көздерін жеткізу керек. Сондықтан руникалық /таңбалы/ жазумен жеткен көне ескерткіштер-«Могилян», «Күлтегін», «Онгин», «Селинга», «Күлі Чор», «Мойын Чор», «Талас», т. б. көне түркі ескерткітерінің тілін зерттеудің, тарихи мәліметтері айқындаудың мәні зор. Көне жазудың алғашққы түрлері Қазақстан жерінен де табылғанын /пиктография идеография /, олардың сыртқы көріністерін жазу мен өнердің бір болғандығын атап өттік. Көне түркі ру-тайпалары руникалық жазудың заңды жалғасы ретін де көне ұйғыр алфавитін қолданды. Бұл жөнінде әр ру- тайпалық топтар бұл жазуды VIII-XIII ғ. ғ. қолданған. Ұйғыр алфавитінің шығуына «Манихей» алфавитінің соғды /орта парсы/ жазуы/графикасы/ негіз болды деген көзқарас бар. Ұйғыр жазуы дегенде қазіргі ұйғырлардың жазуы деген ұғым емес, сол кездегі «тоғыз оғыз» / ұйғыр/ немесе «тоғыз тайпалық ұйғыр» деген ұғымында түсінген жөн. Манихей алфавиті жазуы - Орта Азия, Шығыс Түркістан аймақтарын мекендеген түркі тайпаларына кең тараған жазу. Сол жазу арқылы соғды, қытай, тибет тілдеріне аударылған. Ұйғыр жазуын XIV-XV ғасырларда атақты Ақсақ Темір, оның қол астындағылар, Алтын- орда хандығы да пайдаланғандығы туралы деректер бар. Бұл жөнінде академик Қ. И. Сатбаев тау-тас қойнауынан тапқан жазбалары арқылы көп мағұлмат берген болатын. Сол сияқты X ғ. Ю. Баласағұнның «Құдатғу біліг» /Құтты, бақытты болу жолындағы білім/ дастанының ұйғыр вариантымен жетуінің де «Алтын Ярух» /Алтын жарық/ атты дидактикалық шығармасының да тілдік мән-мағынасы зор. Бұлардың оқылуына, зерттелуіне еңбек сіңірген А. Вамберидін, В. В. Радловтың, В. Томсеннің т. б. есімдермен, еңбектерімен танысудың орны бөлек.

XI ғасырда араптардың Орта Азия, Қазақстан жеріне келуіне байланысты бұл жерлерді мекендеген халықтар өмір талабына орай араб жазуына көше бастады. Бұл сияқты қоғам тарихыда болып жатқан өзгерістер тілге де өзіндік әсерін тигізбей қоймады, халықтардың жазу мәдениетіне де елеулі өзгеістер енгізді Бұл жазумен жеткен деректер «Құдатғу біліг» /араб жазуымен жеткен ваианты-1069 ж /дастаны/ шамамен XII-XIII ғасырларда көшірілген делініп жүр /. Махмут Қашқаридің XI ғасырда жазды деп жүрген «Дивани луғати ат-түрік» сөздігі /түркі тілдеріне қатысты арабша жазылған атақты 3 томдық салыстырмалы- тарихи сөздігі/. XII-XIV ғ. ғ. араб графикасымен жазылған түркі халықтарының көне ескерткіштері- Ахмет Юғнакидің «Хабат алхақаиқ»/ « Ақиқаттар тартуы»/ «Қисса ал-анбия » / «Әулие- әнбилер қиссасы»/. Бұлар тілі жағынан V-VIII, XI. ғ.ғ. жататын ескерткіштердің жалғасы болып есептеледі. Бұл ретте белгілі түркологтар С. Е. Малов, В. В. Радлов, А.Н. Самойлович, А.К. Боровков, А.М. Щербак, т.б. қазақ түркологтары Ә.Қ Құрышжанов, Ғ. Айдаров, А.С. Аманжолов, Қ.. Өміралиев, т.б. зерттеулеріне нақты көңіл аудару қажет.

Түркі туыстас тілдердің көне мұралары біздің заманымызға ескі латын /гот/ жазуымен де жеткен. Олай болса, қазақ халқының мәдени дамуына латын жазуы да белгілі дәрежеде қызмет еткен. Бұл жазумен жеткен ірі ескерткіштердің бірі –«Кодекс Куманикус». Ескерткіштің атауы Кумандардың заңы деген ұғымды береді. Кумандар половецтер деп сол кезде түркі халықтары /қыпшақтарды/ атаған.

Қорыта келгенде, руникалық- құпия жазу б.з.д. көп жылдар бұрын пайда болған, әр ру-тайпа, әр тілде сөйлейтін халықтар өз қажетіне лайықтап қолданғандығын білудің мәні зор. Сөйтіп, түркі тілдері туралы көне заман ескерткіштері бойына сақтап жатқан тылсым заман сырларын ашу үшін жоғарыда айтып өткен алфавиттердің графикасын бес саусақтай игерту бүгінгі таңдағы міндет. Қазақ жазуының тарихы «Көне түркі, араб-латын графикасы» қазіргі қазақ жазуының орыс әліппесі графикасымен тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан қазақ жазуы тарихын болашақ филолог мамандарға теориялық та, практикалық та мәні зор екенін ескертуіміз керек.

Әдебиеттер

1.Ғ.Айдаров.Көне ұйғыр жазба ескерткiштерiнiң тiлi. Алматы 1991.

2.А.Аманжолов. Түркi филологиясы және жазу тарихы. Алматы 1996.

3.С. Хасанова. Көне Түркi, араб, латын графикасы. Алматы 1994.

4Ә. Құрышжанов, М. Томанов. Орхон –Енисей жазуы ескерткiштерiнiң зерттелу тарихы мен грамматикалық очерктерi. Алматы, 1964.



Қазақ жазуының тарихына шолу
  • Иностранные языки
Описание:

Қазақ  жазуының  тарихына шолу

Гуманитарлық педагогикалық колледжі, ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент

История  казахской письменности с  древне тюркской, арабской  и латинской графикой, тесная  взаимосвязь современной  казахской письменности с  графикой русского алфавита.

Қазақ  жазуының  тарихы  көне  түркi,  араб,  латын  графикасымен,  қазiргi қазақ  жазуы  орыс  әлiпбиi  графикасымен  тығыз  байланысы.

 

         Қазақ  жазуының  тарихы  көне  түркi,  араб,  латын  графикасымен,  қазiргi қазақ  жазуы  орыс  әлiпбиi  графикасымен  тығыз  байланысты  екендiгi  тақырып барысында  жан-жақты қарастырылып, түсiндiрiледi.   Негізгі   мақсаты  –  сонау  V-VIII  ғғ.  қолданыған  Орхон- Енисей  әлiпбиiнен  бастап,  күнi  бүгiнге  дейiн  қолданылып  келе  жатқан    орыс графикасына  негiзделген  қазақ  әлiпбиiнiң  қалыптасу  тарихын  жете  бiлдiру. 

Автор Жунисбекова Римма Газизовна
Дата добавления 11.12.2014
Раздел Иностранные языки
Подраздел Планирования
Просмотров 1487
Номер материала 6958
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓