Инфоурок Начальные классы КонспектыҚазақ тілінен "Тұрлаулы мүшелер" тақырыбына сабақ жоспары

Қазақ тілінен "Тұрлаулы мүшелер" тақырыбына сабақ жоспары

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: « Тұрлаулы мүшелер».

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік:
оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру. Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу. Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
ә) дамытушылық: оқушылардың ой — өрісін дамыту, өз ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
б) тәрбиелік: оқушыларды өз ана тілін сүюге, құрметтеуге, тиянақтылықа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, ой қозғау, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, төрт  түлік мал төлдерінің суреттері,жеке суреттер,доп,смайликтер,семантикалық карта
Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберіне тұрып,бір-біріне тілек тілеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақтың ұранын еске түсіру:

Қазақ тілім — өз тілім, дана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым қазақ тілім, — дей отырып, бүгінгі қазақ тілі сабағымызды бастайық.

- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз өзгеше өтеді. Біз қазір екі топқа бөлініп алайық.Ол үшін мыны киіз үйдің керегелерін ұстау арқылы қызыл және көк түстерін ұстап,сол бойынша бөлінейік.

2) Ой қозғау.

- Жамбыл – халық ақыны. (сөйлемдерді оқушыларға көрсету)

- Бұл сөйлемде нені байқадыңдар, балалар ?

- Сөйлемдегі екі сөздің арасына сызықша қойылған. Ол екі сөз де бастауыш.

- Дұрыс айтасыңдар. Бұдан қандай ереже шығады ?

- Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, баяндауыштан кейін сызықша қойылады. Абай – ұлы ақын.

- Дұрыс айтасыңдар, кеше біз «Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша» деген тақырыпты өткен болатынбыз. Ендеше, әр топ үй тапсырмасын қлай орындағанын тексерейік.

87 – бет. 53 – жаттығу. Ребусты дұрыс шешсең, мақал шығады. Мұндағы бастауыш пен баяндауышты табыңдар. Олардың арасына неге сызықша қойылған ?

Ребустың жауабы: «Ел іші – алтын бесік»

3) Өткенді қайталау.

- Енді, балалар, бәріміз екі топ  болып жарысайық. «Бәйге» ойынын ойнайық.

1. Сөйлем дегеніміз не ?

2. Сөйлемнің қандай түрлерін білеміз ?

3. Сөйлем соңында қандай тыныс белгілерін қоямыз ?

4. Сөйлем мүшесі дегеніміз не ?

5. Қандай сөйлем мүшелерін білеміз ?

6. Бастауыш дегеніміз не ?

7. Баяндауыш дегеніміз не ?

8. Бастауыштан кейін қай кезде сызықша қоямыз ?

ІҮ. Жаңа сабақ.

- Жақсы, балалар, енді жаңа сабағымызды бастайық. Дәптерді ашып, бүгінгі күнді және жаңа сабағымыздың тақырыбын жазып қойыңыздар.

- Балалар, айтыңдаршы, қазір қай жыл мезгілі ?

- Күз, бірақ біздің жақта қыс ерте басталады. Сондықтан да қар жауып,ұйытқып қатты жел соғып тұр.

- Ал енді, мына екі сөйлемге назар аударыңдаршы:

1. Қар жауды.

2. Бүгін жапалақтап қар жауды.

- Осы екі сөйлемде қандай ұқсастық бар ? Қандай өзгешелік бар ? (балалардың жауабы)

- Өте дұрыс. Екі сөйлемде де қар туралы айтылып, оның жауғанын білдіріп тұр. Айырмашылығы – бірінші сөйлем бастауыш пен баяндауыштан ғана тұрады. Ал екінші сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа да сөздер қолданылған.

- Демек, балалар, бастауыш пен баяндауыш – сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді. Түсінгенімізді бекіту үшін оқулықтағы 61 – жаттығуды ауызша орындайық.

1) Оқулықпен жұмыс. 90 – бет. 61 – жаттығу.  (ауызша)

Мектепте асхана бар. Аспазшы тамақты дәмді пісірді. Балалар үзілісте асханаға келді.

90 – бет. 62 – жаттығу. (жазбаша)

Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жаз.

Балалар Ақлима әжейге көмекке келді. Қыздар үй тазалады. Ұлдар отын жарды. Ақлима әжей балаларға риза болды.

Сергіту сәті

2) Семантикалық картамен жұмыс. ( екі топқа беріледі) 

Сөздер

Бастауыш

Баяндауыш

Айжан

+

Оқыды

+

Биші

+

Жазды

+

Секірді

+

 

3) Оқулықпен жұмыс. 91 – бет, 63 – жаттығу.

Мақалдарды жатқа жаз. Мұндағы тұрлаулы мүшелерді тауып, астын сызыңдар. Мақалдардың мағынасын түсіндіріңдер.

1.     Әкеге қарап ұл өседі,

     Шешеге қарап   қыз өседі.

2.     Жаман жолдас жолда қалдырады.

 Ү. Қосымша тапсырма. Ойын «Кім тапқыр ?».

         Әр топ  өзінің атауына сәйкес сөйлем құрау тапсырмасы беріледі. Бұл сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді табу керектігі ескертіледі. Мысалы: Балалар биледі,доп домалады,

 ҮІ. Сабақты қорытындылау. Тест

1. Кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін:  А)Зат есім            Ә)Бастауыш            Б)Баяндауыш

2. Қандай жағдайда сызықша қойылады ?

А)Бастауыш та,баяндауыш та зат есімнен жасалса;

Ә)Бастауыш та,баяндауыш та етістіктен жасалса;

Б) Бастауыш та,баяндауыш та сын есімнен жасалса.

3. Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді:

А)Сөз таптары дейміз    Ә)Сөйлем мүшелері дейміз   Б)Сөз дейміз

4. Баяндауыштың сұрақтарын тап:

А)Кім? не? кімдер? нелер?              Ә)Қандай? қай?

Б)Не істеді? не қылды?  қайтты?

5. Бастауыштың сұрақтарын тап:

А) Қандай? қай?      Ә)неше? нешіші?         Б)Кім? Не? кімдер? нелер?

6.Тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемдерді тап:

А)Аян сабаққа барды        Ә)Аян сабаққа бара жатыр.  Б)Аян барды.

Сурет бойынша әңгіме құрастыру. (Екі топқа екі сурет беріп,сол сурет бойынша тұрлаулы мүшелерді қатыстырып  әңгіме құрастырып,постер қорғау)

ҮІІ. Үйге тапсырма. 91 – бет. 64 – жаттығу.

ҮІІІ. Бағалау.(Оқушылар сабақ соңында смайликтер арқылы плакатқа жапсыру)

-Сабақ аяқталды.

                                                          Тест

1. Кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін тап: 

А)Зат есім            Ә)Бастауыш            Б)Баяндауыш

2. Қандай жағдайда сызықша қойылады ?

А)Бастауыш та,баяндауыш та зат есімнен жасалса;                                               Ә)Бастауыш та,баяндауыш та етістіктен жасалса;                                                                                    Б) Бастауыш та,баяндауыш та сын есімнен жасалса.

3. Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді тап:

А)Сөз таптары дейміз    Ә)Сөйлем мүшелері дейміз   Б)Сөз дейміз

4.Үш сөзден құралған сөйлемді тап:

А)Бүгін демалыс  Ә)Қайрат шахмат ойнауды білмейді   Б)Мәлік сабақ оқыды.

 

                   

                                                         Тест

1. Баяндауыштың сұрақтарын тап:

А)Кім? не? кімдер? нелер?              Ә)Қандай? қай?

Б)Не істеді? не қылды?  қайтты?

2. Бастауыштың сұрақтарын тап:

А) Қандай? қай?      Ә)неше? нешіші?         Б)Кім? Не? кімдер? нелер?

3.Тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемдерді тап:

А)Аян сабаққа барды        Ә)Аян сабаққа бара жатыр.  Б)Аян барды.

4.Дұрыс жазылған сөзді тап:

А)пиаз                          Ә)қойан       Б)шаян                                    В)тайяз

 

Семантикалық картамен жұмыс.

Сөздер

Бастауыш

Баяндауыш

Айжан

Оқыды

Биші

Жазды

Секірді

Күлді

 

 

Қар

 

 

Ән

 

 

 

 

 

 

 

 

Семантикалық картамен жұмыс.

Сөздер

Бастауыш

Баяндауыш

Қуалады

 Оқыды

 Биші

Сәулетші

 

 

 Жазды

Секірді

Айгүл

 

 

Оқушы

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілінен "Тұрлаулы мүшелер" тақырыбына сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру. Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу. Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.оқушылардың ой — өрісін дамыту, өз ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.Оларды өз ана тілін сүюге, құрметтеуге, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, ой қозғау, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, төрт  түлік мал төлдерінің суреттері,жеке суреттер,доп,смайликтер,семантикалық карта
Сабақтың типі: жаңа сабақ

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 752 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.11.2014 816
    • DOCX 30.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Муратова Клара Ораевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Муратова Клара Ораевна
    Муратова Клара Ораевна
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 32994
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 958 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 689 человек

Мини-курс

Музыкальная журналистика: создание и продвижение контента

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное планирование и управление временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 156 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек