Главная / Другое /  Қазақ тілінен ҰБТ- ға дайындаудың әдіс –тәсілдері

 Қазақ тілінен ҰБТ- ға дайындаудың әдіс –тәсілдері

Бельгибаева Алмагуль Султановна Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Бі...
Мұғалім туралы мәлімет Тегі, аты, әкесінің аты Бельгибаева Алмагуль Султанов...
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Бірлестік орта мектебі         Қаз...
Пікір : Бұл көмекші құралда қазақ тілінен ҰБТ- ға даярлаудың жолдарын нақтыла...
Алғы сөз Қазіргі заман талабына сай тұлға оқытып тәрбиелеп шығару әр ұстазды...
Мазмұны: І.Кіріспе бөлім Тест туралы түсінік ІІ.Негізгі бөлім І тарау.Граммат...
Тесттерді пайдаланудағы әрекеттер мына схема бойынша жүргізілуі тиіс.. І кезе...
Тесттің түрлері Қазіргі уакыт талабына сай мектептерде оқушылардың білім жән...
4. Тесттің келесі бір түрі - сәйкестендіру тесті. Мұнда екі бағанада орналасқ...
II. Баламалы ( альтернативті ) тест, бұған "ия' не "жок" деген жауап беру кер...
Негізгі бөлім І тарау Грамматикалық тапсырмалар а/фонетикалық тапсырмалар Мын...
  г/Синтаксистік тапсырмалар Екі я одан да көп сөйлемнен құралған күрделі бір...
ІІ тарау .Эксперимент бөлімі Бұл бөлімде оқушыларды ҰБТ –ға дайындаудың амалд...
а/ ұқсас жауаптары бар тапсырмалар Етістіктен жасалған зат есімді белгілеңіз ...
ә/бір жауабы өзгеше келетін тапсырмалар; Түбір сөзді көрсетіңіз. Достық Жазба...
Болымсыз етістікті табыңыз. Қалам бар (ма) Сабақтан қал (ма) Атым-Ал (ма) Қыз...
в/ережелер бойынша дұрыс жауапты тапсырмалар; Сөйлемді заттық жағынан толықты...
г/тыныс белгілеріне қарап дұрысын анықтауға болатын тапсырмалар Сөйлемнің орт...
Грамматикалық жаттығуларды орындату Грамматикалық жаттығулар, оқушылардың, қа...
ІІ топ -11 сынып оқушыларымен жүргізілген бақылау. Фонетикалық білімдерін бақ...
Лексикалық білімдерін бақылау Аты жөні............... .........................
Морфологиялық білімдерін бақылау Аты жөні............... .......................
Синтаксистік білімдерін бақылау Аты жөні............... ........................
  Пунктуациялық білімдерін бақылау Аты жөні............... .....................
Аты жөні............... ........................................................
Аты жөні............... ........................................................
Оқушылардың тест жұмыстарын талдау парағы № Оқушының Аты-жөні күні Нұсқа № л...
Тест нәтижесін бақылау мониторингі Аты жөні.....................................
Бақылау сынақ нәтижелерінің мониторингі Пәні______________ Сыныбы____________...
Аленова Гүлзада, 2009 жылғы «Алтын белгі» иегері қазақ тілі пәнінен ҰБТ қөрсе...
Пайдаланған әдебиеттер Сайрамбаев Т."Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері" 1991 ж. 92-...
1 из 34

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Бельгибаева Алмагуль Султановна Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Бірле
Описание слайда:

Бельгибаева Алмагуль Султановна Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Бірлестік орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кембридж бағдарламасы бойынша ІІ деңгей сертификатталушы Білімі: жоғары Санаты :жоғары Еңбек өтілі :18 жыл

№ слайда 2 Мұғалім туралы мәлімет Тегі, аты, әкесінің аты Бельгибаева Алмагуль Султановна
Описание слайда:

Мұғалім туралы мәлімет Тегі, аты, әкесінің аты Бельгибаева Алмагуль Султановна Туған күні, жылы 11.07.74 Қызметі мұғалім Білімі Жоғары, Қандай оқу орының бітірген, жылы Ш.Уәлиханов атындағы КПИ-1996 жыл, Көкшетау қаласы Мамандығы Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Санаты жоғары Педагогикалық өтілі 18жыл Осы мектептегі өтілі 14 жыл Осы мектепте нешінші жылдан бастап жұмыс істейді 1999 жылдан бастап Неше жыл ҰБТ-ға қатысқан 3 жыл Соңғы жылдың орта баллы 20.7 Әдістемелік тақырыбы Оқушы қабілеті мен икемін жетілдіру,өз бетінше ізденіске жол бағыттау. Оқушының сабақтағы белсенділігін дамыту, сапалы білім беру,уақытты үнемдей білу. Оқушының тіл байлығын дамыту,баланы өмірге дайындау Қай жылдан бастап осы тақырыппен жұмыс істейді 1999 жылдан бастап Қолданатын инновациялық технологиялар түрлері М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технолоиясы» Кембридж бағдарламасына негізделген оқыту Өзіндік білім көтеру тақырыбы ҰБТ- ға дайындаудың теориялық,практикалық жолдарын қарастыру Сертификаттар “Жалпы білім беретін мектептердегі білім беру жүйесін қайта жаңғырту жағдайында қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы қазіргі кезеңі» Ақмола облысы бойынша ПҚ БАЙ .Көкшетау қ.2014 ж «Өрлеу»БАҰО АҚ филиалы «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық қызметкерлері біліктілігін арттыратын республикалық институты» Алматы,2013 ж

№ слайда 3 Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Бірлестік орта мектебі         Қазақ
Описание слайда:

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Бірлестік орта мектебі         Қазақ тілінен ҰБТ- ға дайындаудың әдіс –тәсілдері Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бельгибаева А.С.

№ слайда 4 Пікір : Бұл көмекші құралда қазақ тілінен ҰБТ- ға даярлаудың жолдарын нақтылап к
Описание слайда:

Пікір : Бұл көмекші құралда қазақ тілінен ҰБТ- ға даярлаудың жолдарын нақтылап көрсеткен. Қазақ тілінен тестке дайындаудың жолдары арқылы өз тәжірибесімен бөліседі. ҰБТ- ға даярлау барысында жеткен жетістіктері оқушылардың тестте алған бағаларымен өлшенеді.Бұл еңбекте тест жөнінде мәлімет бере отырып, тесттің нәтижелігіне қалай жету жолдарын көрсеткен. Пікір жазғандар: Бірлестік орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Аленова Л.Ж. «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталы-ғының 2 деңгей сертификатталушылары: Алматы облысы Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Джанабергенова Гулзипа Алипбаевна Тараз қаласы №8 Төлеби атындағы гимназияның ағылшын тілі пәнінің І санатты мұғалімі Бижигитова Э.У.

№ слайда 5 Алғы сөз Қазіргі заман талабына сай тұлға оқытып тәрбиелеп шығару әр ұстаздың а
Описание слайда:

Алғы сөз Қазіргі заман талабына сай тұлға оқытып тәрбиелеп шығару әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет.Білім жолында ұрпақ тәрбиелеуде мұғалімдік қызметтің сан қырлары алуан қызмет атқарады.Біз ,мұғалімдер ,келешек ұрпаққа сапалы білім бере отырып,саналы азамат қылып шығару жолында еңбектену қажет.Сондықтан да қазіргі таңда елімізде болып жатқан тың жаңалықтарға оң көзбен қарау керек. Кембридж университетінің бағдарламасымен бірлесе отырып, ескіні жаңғыртып,жаңа әдіс - тәсілдерді тәжірибемізге енгізіп отырмыз. «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығында Кембридж бағдарламасы бойынша ІІ деңгейдегі біліктілікті арттыудың үш айлық курсында ұстаздарға заман талабына сай өзгеріп отыруға,тәжірибесін жетілдіріп отыруға үйретті.Іс -тәжі-рибені жетілдіру үшін жаңа технологияларды сабақтарымызға енгізіп оқушыларды ХХІ ғасыр талабына сай бағыттап отыру қажет. Өзіндік білім көтеру жоспарын негізге ала отырып, оқушыларды ҰБТ –ға даярлаудың жолдарын қарастырдым.Үш жылға арнал-ған жоспарда оқушыларды тестке дайындауды ІІІ этапқа бөлдім. Нәтижесінде оқушылар жақсы көрсеткіш көрсетуге ұмтылыс жасады. «Маған айтсаң, ұмытып қаламын. Көрсетсең, есімде қалар. Істеуін көрсетіп берші, үйреніп алайын.» Шығыс даналығы

№ слайда 6 Мазмұны: І.Кіріспе бөлім Тест туралы түсінік ІІ.Негізгі бөлім І тарау.Грамматика
Описание слайда:

Мазмұны: І.Кіріспе бөлім Тест туралы түсінік ІІ.Негізгі бөлім І тарау.Грамматикалық тапсырмалармен жұмыс а/фонетикалық,лексикалық тапсырмалар жүйесі ә/морфология,синтаксис саласы бойынша тапсыр-малардың жүйелілігі б/пунктуация саласы бойынша тапсырмалар ІІ тарау .Эксперимент бөлімі 11 сынып оқушыларымен жүргізілетін бақылау жұмыстары ІІІ.Қорытынды.

№ слайда 7 Тесттерді пайдаланудағы әрекеттер мына схема бойынша жүргізілуі тиіс.. І кезен:
Описание слайда:

Тесттерді пайдаланудағы әрекеттер мына схема бойынша жүргізілуі тиіс.. І кезен: тест алдындағы талдау; тестті жоспарлау; құрастыру; тест алдындағы жұмыстарды санау; тест алдындағы нәтижелерді өңдеу; тест алдындағы нәтижелерді сатылау; ІІ- кезен: түпкілікті тестті жасау; тест алдындағы қайта жоспарлау; түпкілікті тест құрастырып өңдеу; тест нәтижелерін сатылау;

№ слайда 8 Тесттің түрлері Қазіргі уакыт талабына сай мектептерде оқушылардың білім және б
Описание слайда:

Тесттің түрлері Қазіргі уакыт талабына сай мектептерде оқушылардың білім және білік сапасын, дағдысын тексеруге арналған тесттің бірнеше түрі бар. Тесттің негізгі түрлері мыналар: 1. Таңдау тесті - бұл күнделікті жиі қолданылатын тесттің түрі. Белгілі такырып бойынша бір сұрақ беріліп, бірнеше жауабы көрсетіледі. Соның ішінен тек дұрыс жауап кана таңдап алынуы керек. Мысалы,Салыстырмалы шырайды табыңыз? сары,жұқа, таулы көкшіл, аласырак, биіктеу орасан үлкен, қап-қара, өте ыстық 2. Балама жауапты (альтернативті тест - мұнда белгілі бір тақырыптан жеке-жеке сұрақтар беріледі. Бұл тест түрлерінің ерекшелі сол - сол сұрақтардың жанына окушы "иә", "жоқ", "дұрыс","дұрыс емес" деген сөздер жазуы керек. Мысалы,Жазу, сызу, кимылдау, еңбектену сөздерінің барлығы тұйық етістік. Дұрыс. Есімше септеле ме? Ия. Тұйық етістік жіктеледі ме? Жоқ. И,Р дыбыстарын фонетика саласы зерттейді? Дұрыс. 3. Толықтыру тесті. Мұнда окушы қалдырып кеткен бос орынды грамматикал ық ережелерге байланысты сөз немесе сөз тіркесін жазып толықтырады. Мысалы, Есімдіктер.......сөз табының орнына қолданылатын сөздер. Жауабы: зат есім, сын есім, сан есім Сан есім заттың.......... білдіретін сөз табы./ Жауабы: санын, ретін

№ слайда 9 4. Тесттің келесі бір түрі - сәйкестендіру тесті. Мұнда екі бағанада орналасқан
Описание слайда:

4. Тесттің келесі бір түрі - сәйкестендіру тесті. Мұнда екі бағанада орналасқан фактілерді, мысалдарды, сөздерді бір - бірімен мағынасына, мазмұнына сәйкес топтастыру керек. Мысалы: Фразалык тіркестерді тиісті сынарлармен сәйкестендіріңіз. Кіріп а) жүн қырқу Мұрнына ә/иісі бармау Аузымен б/қонындай жумырткадан в/орақ ору Жауабы: Мұрнына иісі бармау , аузымен орақ ору Еске түсіру тесті. Мұнда ереже немесе аныктама беріледі де, оның накты жауабын бір сөзбен жазу ұсынылады. Мысалы: I. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша Жауабы: жалғау есім сөздердің орнына жұмсалатын сөз табы........ Жауабы: есімдік Тесттің келесі бір жиі колданылатын түрі - аралас тест. Аралас тест- әр түрлі тақырыпқа байланысты әр түрлі сұрақтарды қамтитын күрделі тесттің түрі. Мұнда белгілі бір сұрақ беріліп, оның бірнеше жауабы көрсетіледі. Оқушы соның ішінен тек дұрыс жауап қана таңдап алу керек. Мысалы: 1. Мезгіл үстеуді көрсетіңіз: а/алтын б/берді в/жаздыгүні Сілтеу есімдік бар сөйлемді көрсет: а/ Бұл кезек күттірмейтін мәселе.. б) Ол ешкіммен сөйлеспейді. : в/өнер алды- қызыл тіл. Дұрыс жазылған сөзді тап: а/ көзқарас б/ көзғарас в/ көз карас

№ слайда 10 II. Баламалы ( альтернативті ) тест, бұған "ия' не "жок" деген жауап беру керек.
Описание слайда:

II. Баламалы ( альтернативті ) тест, бұған "ия' не "жок" деген жауап беру керек. Мына сөйлем сатылы көп бағыныңқы сөйлем болады ма? Ол келді де,есікті ашып қарап еді,бәрі тегіс келіп болыпты. а/иә б/жоқ Төмендегі сөйлем сабақтас құрмалас сөйлем бе? Қыс түскенше,ағаштарды жарып тастадық. а/ иә б/жок III. Толықтыру тесті Мұнда окушы қалдырып кеткен бос орынды грамматикалық ережелерге байланысты сөз немесе сөз тіркесін жазып толықтырады. Мысалы, Есімдіктер.......сөз табының орнына қолданылатын сөздер. Жауабы: зат есім, сын есім, сан есім Сан есім заттың.......... білдіретін сөз табы./ Жауабы: санын, ретін. Мына сөйлемнің сыңарын жаз. Жүз сомың болғанша Жауабы: Жүз досың болсын. Төмендегі ережені толықтыр. Құрамында ен кемінде екі немесе үш, одан да көп сөйлемнен құралған сабактастың түрін дейміз. Жауабы: Көп бағыныңқылы сабақтас Төмендегі өлең жолына тиісті каратпа сөзді қой. , ойын арзан, күлкі қымбат. (Абай) Жауабы: Жігіттер. 1. Мына сөйлемнің тек басыңкы сыңары берілген. Осыған сүйене отырып, бағыныңкы сыңарына сөйлем құрап, көп бағыныңқы сабақтас құрмалас жаса. ………………………………………….. Шолпан қайықтан жерге түсті. .

№ слайда 11 Негізгі бөлім І тарау Грамматикалық тапсырмалар а/фонетикалық тапсырмалар Мына с
Описание слайда:

Негізгі бөлім І тарау Грамматикалық тапсырмалар а/фонетикалық тапсырмалар Мына сөздердегі ы, і дыбыстарының түсіп қалу себебін айтыңдар. Ойын – ойна, кемі – кему, жеті – жетеу, оқы – оқу. Көп нүктенің орнын тиісті әріптермен толықтыр. ...рлық т...бі – қорлық Әжем ...йде отыр ...лия сабаққа келд... б/лексикалық тапсырмалар Мына мақалдарды оқып, не туралы айтылғанып жазбаша баяндаңдар. Үлгі: Бойым ұзын, биік екен деме, ақылды, ойлы бол, - дейді. Бойыңмен мақтанба, ойыңмен мақтан. Еңбекпенен жарасқан, дем алам деп таласпас. Диірмен тасымен, адамзат асымен байқалады. Оймен бастап, қолмен аяқта. Жалғыз қолмен жеті бірдей іске кіріспе. Ағаш жемісімен де қымбат, желегімен де қымбат. в/морфологиялық тапсырмалар Бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есімнен болған сөз тіркестерін құрастырып жазыңдар. Үлгі: Тұнық су. су, самал, тай, қауын, ағаш; тұнық, асау, биік, салқын, сары.

№ слайда 12   г/Синтаксистік тапсырмалар Екі я одан да көп сөйлемнен құралған күрделі бір ой
Описание слайда:

  г/Синтаксистік тапсырмалар Екі я одан да көп сөйлемнен құралған күрделі бір ойды білдіретін сөйлемді не деп атайды? Мысал келтіріңдер. Мағыналық қарым-қатынасына қарай салалас құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді? Атын атап, мысал келтіріңдер. Басыңғы және бағыныңқы сөйлемдерден тұратын құрмалас сөйлемнің түрін не деп атайды? Мысал келтіріңдер. Берілген сөйлемге сөйлем мүшесіне талдау жасаңдар. Зәулім ағаштардың үзіліп түскен сары жапырақтары ауада қалқып жүр. с/пунктуация саласы бойынша тапсырмалар Тыныс белгілері туралы ережелер жинағы қалай деп аталады? а/синтаксис б/лексикология с/полисемия д/стилистика е/пунктуация Аяқталған сөйлемнің соңында қандай тыныс белгісі қойылады? Оқшау сөздерге қандай тыныс белгісі қойылады?мысал келтіріңдер. Сызықша мен дефистің айырмашылығын тап.Мысал келтір.

№ слайда 13 ІІ тарау .Эксперимент бөлімі Бұл бөлімде оқушыларды ҰБТ –ға дайындаудың амалдары
Описание слайда:

ІІ тарау .Эксперимент бөлімі Бұл бөлімде оқушыларды ҰБТ –ға дайындаудың амалдары көрсетіл-мек.Ең әуелі оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау керек. Ол үшін оқушылар мен ата –аналарға арналған сауалнамалар жүргізіп, нәтижесінен қорытынды шығарған дұрыс. Содан кейін барып , психо-логиялық тұрғыдан дайындалған соң ,ең басты мәселе ҰБТ нәтижесінің жақсы болуы үшін амал- тәсілдерді қарастыру қажет. Эксперимент бөлімін екі топқа бөліп қарастырдым. І топқа- қазақ тілінен берілген тапсырмаларға талдау, ІІ топқа -11 сынып оқушыларымен жүргізілген бақылау. І топтағы мәселе бойынша қазақ тілінен келетін тапсырмаларды бірнеше түрге бөлдім. а/тұлғасы бойынша ұқсас жауаптары бар тапсырмалар; ә/бір жауабы өзгеше келетін тапсырмалар; б/тұлғасы бойынша бөлек тапсырмалар; в/ережелер бойынша дұрыс жауапты тапсырмалар; г/тыныс белгілеріне қарап дұрысын анықтауға болатын тапсырмалар. Осылайша бірнеше түрге бөлу арқылы тест тапсырмаларын топтастырдым.

№ слайда 14 а/ ұқсас жауаптары бар тапсырмалар Етістіктен жасалған зат есімді белгілеңіз Қал
Описание слайда:

а/ ұқсас жауаптары бар тапсырмалар Етістіктен жасалған зат есімді белгілеңіз Қалалық Үйсіз Өтірікші Жиын Өткір Етістік тудырушы жұрнақтарды табыңыз. –дай, -дей –ды, -ді –тас, -тес –шы, -ші –ырақ, -ірек Болымсыз етістікті табыңыз. A) Сабақтан қал(ма) B) Бұл – шығар(ма) C) Атым –Ал(ма) D) Қызық жарна(ма) E) Қалам бар(ма) Мына сөздік құрамнан жұрнақ арқылы жасалғанын белгіле. а\ағайын в\ағайын - туған с\ағасы д\аға қызметкер е\аға – іні

№ слайда 15 ә/бір жауабы өзгеше келетін тапсырмалар; Түбір сөзді көрсетіңіз. Достық Жазбалар
Описание слайда:

ә/бір жауабы өзгеше келетін тапсырмалар; Түбір сөзді көрсетіңіз. Достық Жазбалар Кірме Ой Аумалы Күрделі сан есімді белгілеңіз. Алты Үшінші Он үш Бес Жиырма Бағыныңқы сыңары сапалық сын есімнен болған сөз тіркесін көрсетіңіз. а\Жігерлі жігіт в\Ашушаң адам с\Иманды адам д\Орманды алқап е\Аппақ қар Ашық буынды көрсет а\От в\Тар с\Ана д\Тоқ е\Жет Көп мағынаға ие болатын сөзді табыңыз. а\Сызғыш в\Қалам с\Дәптер д\Өшіргіш е\Бас

№ слайда 16 Болымсыз етістікті табыңыз. Қалам бар (ма) Сабақтан қал (ма) Атым-Ал (ма) Қызық
Описание слайда:

Болымсыз етістікті табыңыз. Қалам бар (ма) Сабақтан қал (ма) Атым-Ал (ма) Қызық жарна (ма) Бұл- шығар (ма) Түбірлес сөздерді көрсетіңіз. Жолдау, жариялау, жобалау Бағыт, бағдарлама, бағбан Оқу, оқушы, оқулық Жоспар, жолдама, жол Тәуелсіздік, тіршілік, тазалық Сұраулық демеулік шылауды табыңыз. Достарыңңан қал (ма) Шылым тарт (па) Қағазды жырт (па) Өтірік (пе) Кітап оқы (ма) Түбірлес сөздер қатарын табыңыз. Балық, балалық, балдай Ерден, ерлік, ерекше Бармыз, балық, барша Білімді, білгіш, білді, білгір Оқырман, озат, олақ б/тұлғасы бойынша бөлек тапсырмалар;

№ слайда 17 в/ережелер бойынша дұрыс жауапты тапсырмалар; Сөйлемді заттық жағынан толықтырып
Описание слайда:

в/ережелер бойынша дұрыс жауапты тапсырмалар; Сөйлемді заттық жағынан толықтырып тұратын сөйлем мүшесін табыңыз. Бастауыш Толықтауыш Пысықтауыш Анықтауыш Баяндауыш Сын есім нені білдіретінін белгілеңіз. Заттың іс-әрекет Заттың ойын Заттың сапасын Заттың санын Заттың атын Тек жіңішке дауысты дыбыстардан тұратын сөзді көрсетіңіз. Кітапхана Орталық Дәстүр Құрмет Қарындас Жалғауы ұяң дауыссыздан басталып тұрған сөзді табыңыз. Қайыңдар Көйлектер Қонақтар Дәптер Оқушылар Толықтауыштың сұрақтарын анықтаңыз. Кім? Не? Қайтті? Не істеді? Кімге? Неге? Қашан? Қалай? е) Қандай? Қай

№ слайда 18 г/тыныс белгілеріне қарап дұрысын анықтауға болатын тапсырмалар Сөйлемнің ортасы
Описание слайда:

г/тыныс белгілеріне қарап дұрысын анықтауға болатын тапсырмалар Сөйлемнің ортасында келген қыстырма сөздің табыңыз. Бүгін күн ашық екен, әйтеуір Біріншіден, Асқардың жасы кіші Қысқасы, сен үйде отырасың Мен, сірә, киноға бармайтын шығармын Әлбетте, сенікі дұрыс 2.Тыныс белгісі дұрыс қойылмаған одағайды белгілеңіз. Бәрекелді, мынау қызық екен. B) Уа, шіркін, ән деп осыны айт! C) Әттеген ай атын сұрамаппын ғой. D) Беу-беу, туған жер, неткен келісті ең! E) Бай-бай, Нұржан-ай, тілің қандай ащы! 3Лепті сөйлемді анықтаңыз. Па! Шіркіннің сөзі! B) Мынау қоян жепті ғой. C) Не күдігіңіз бар еді? D) Қандай айғақ таптыңыз? E) Ертең қызық болады. 4.Автор сөзі төл сөзінен кейін тұрған сөйлемді анықтаңыз. Баланың ермегі – “Ақсүйек”, ”Соқыр теке”. B) “Осы күні сол ара жайнаған қызыл гүл,” – дейді. C) Ол: “Бұл не деген жұмбақ?” – деп ойлады. D) Ұста: “Бұны қайдан көрдім?” – деп ойлады. E) “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырын оқыдың ба? 5.Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз. “Абай жолы” романы – құнды шығарма. B) Ақ көңіл Ақаң “баланың” сырғытпасын сезген жоқ. C) Оспан деген әдепті бала. D) – Енді не істемекшісің? – деді ана. E) Ол ештеңе дей алмады. 6.Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз. Ол: “Батыр хал қалай?” деді. B) Ол, Батыр, хал қалай? деді. C) Ол: “Батыр, хал қалай?” – деді. D) Ол: Батыр, хал қалай – деді. E) Ол “Батыр, хал қалай?” – деді.

№ слайда 19 Грамматикалық жаттығуларды орындату Грамматикалық жаттығулар, оқушылардың, қанда
Описание слайда:

Грамматикалық жаттығуларды орындату Грамматикалық жаттығулар, оқушылардың, қандай тілдік материалмен жұмыс жасауына қарай, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық болып бөлінеді. Фонетикалық жаттығуларды орындату арқылы — оқушылардың тестте кездесетін фонетикалық тапсырмаларды дұрыс орындай алуына септігін тигізеді. Лексикалық талдау жұмысын жүргізу оқушыларға омоним мен сөздің көп мағыналығын, кәсіби сөз бен термин сөзді ажырата білу үшін керек.Диалект сөздерді көбінесе кәсіби сөзбен шатастырып алатындар да кездеседі.Мысалы,пышқы деген сөз кәсіби сөзге жатады.Жеке өзін берсе диалект деуге келер еді,бірақ «пышқы» сөзін «дәрбі» сөзімен бірге бергеннен кейін кәсіби сөз екенін айыруға болады.Диалект сөздерден сөздік жасап ұсыну - оқушыға үлкен көмек болар еді. Морфологиялық жаттығуларды орындатуда тұлғасы жағынан ұқсас келетін қосымшаларды ажыратуға көмектеседі.Себебі,ұқсас келетін жалғаулар мен жұрнақтарды,қосымшаға ұқсас келетін шылауларды ажыратуға септігін тигізеді.Мазмұны жағынан морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады: 1) сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар, 2) сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар. Синтаксистік жаттығуларға әдетте пунктуациялық жаттығулар да қосылады: мәтіндегі қойылған тыныс белгілерін талдау, қойылмаған тыныс белгілерін қою, өздері қарастырған сөйлемдер мен мәтіндерге қажетті тыныс белгілерін қойып, түсіндіру. ҰБТ –да екі тапсырма міндетті түрде пунктуациядан келеді.Сол себептен де тыныс белгілерінен жаттығу жұмысын орындату арқылы жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажыратуға,сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен шылаулар арқылы байланысқан салалас құрмалас сөйлем түрлерін ажыратуға көмектеседі. Стиль тақырыбы да өте күрделі тақырып.Стиль түрлерінен келген тест сұрақтары көбінесе шығармалардан үзінді ретінде келсе,кейде стиль түрлерін ажырату мақсатында техникалық стиль деген жауапты қоса береді. Шешендік өнер жайында 11 сыныпта оқытылады.Тест кітапшаларында көбінесе ертеректегі грек,рим философтарының шешендік сөздерін мысал ретінде келеді.Егер шешендік сөздерді орта буыннан ,мысалы 5 сыныптан бастап оқулықтарға мысал ретінде енгізсе,оқушылардың естерінде қалар еді. Шешендік сөздерден сөздік жұмысын жасату арқылы оқушыларға есте сақтауға көмектесуе болады. Мысалы: Шешендік өнердің негізгі бастаулары - Греция, Рим. Ұлттық шешендік өнер туралы ең алғаш еңбек жазған автор- Әл-Фараби.

№ слайда 20 ІІ топ -11 сынып оқушыларымен жүргізілген бақылау. Фонетикалық білімдерін бақыла
Описание слайда:

ІІ топ -11 сынып оқушыларымен жүргізілген бақылау. Фонетикалық білімдерін бақылау Аты жөні............... ................................................................................................................ Пәні.......................................................................................................................................... Тіл білімінің саласы............................................................................................................ Анализ............................................................................................................................................................................................................................................................................... Дауысты дыбыс Дауыссыз дыбыс Буын тасымал орфография орфоэпия Дыбыс үндестігі Буын үндестігі екпін Ашық Қатаң ашық Тасымалданатын тасымалданбайтын ілгерінді кейінді тоғыспалы бағынатын бағынбайтын түсетін түспейтін қысаң Ұяң тұйық еріндік үнді бітеу езулік жуан жіңішке

№ слайда 21 Лексикалық білімдерін бақылау Аты жөні............... .........................
Описание слайда:

Лексикалық білімдерін бақылау Аты жөні............... ............................................................................................................................ Пәні................................................................................................................................................... Тіл білімінің саласы....................................................................................................................... Анализ............................................................................................................................................................................................................................................................................... Сөз мағыналары Қанатты сөздер Тұрақты сөз тіркестері Еркін сөз тіркестері Көнерген сөздер архайзм Жаңа сөздер Тура мағына Ауыспалы мағына термин Кәсіби сөз диалект табу эвфемизм дисфемизм Мақал-мәтел Идеомалық тіркес омоним синоним антоним Сөздің көп мағыналығы

№ слайда 22 Морфологиялық білімдерін бақылау Аты жөні............... .......................
Описание слайда:

Морфологиялық білімдерін бақылау Аты жөні............... ............................................................................................................................ Пәні................................................................................................................................................... Тіл білімінің саласы....................................................................................................................... Анализ.............................................................................................................................................................................................................................................................................................. Сөз таптары Сөз құрамы Дара сөз Күрделі сөз Жалғау Жұрнақ Көмекші етістік Көмекші сөз Зат есім Негізгі туынды Тіркесті сөз Көптік Сөз тудырушы Сөз түрлендіруші Сын есім Қос сөз Септік Сан есім Біріккен сөз Тәуелдік Есімдік Кіріккен сөз Жіктік Етістік Қысқарған сөз Еліктеу сөз Еліктеуіш сөздер Бейнелеуіш сөздер шылау Сұраулық Жалғаулық Демеулік одағай Шақыру Жекіру Көңіл күй одағайы

№ слайда 23 Синтаксистік білімдерін бақылау Аты жөні............... ........................
Описание слайда:

Синтаксистік білімдерін бақылау Аты жөні............... .................................................................................................................... Пәні................................................................................................................................................... Тіл білімінің саласы....................................................................................................................... Анализ................................................................................................................................................................................................................. Сөздердің байланысу түрлері Сөздердің байланысу тәсілдері Сөйлем айтылу мақсатына қарай Сөйлем мүшелері Сөз тіркесі Сөз тіркесі бола алмайтындар Сөйлемнің бірыңғай мүшелері Қиысу Жалғаулық шылаулар арқылы Бастауыш Есімді сөз тіркесі Етістікті сөз тіркесі Тұрақты сөз тіркесі Күрделі сөз Матасу Септеулік шылаулар арқылы Баяндауыш Меңгеру Орын тәртібі арқылы Анықтауыш Жанасу Интонация арқылы Толықтауыш Қабысу Жалғаулар арқылы Пысықтауыш Сөйлем құрамына қарай Жақты жақсыз Жалаң Жайылма толымды толымсыз Атаулы Жалпылауыш сөздер Айқындауыш мүше Синтаксистік қатынастар Оңашаланған Қосарлы айқындауыш Анықтауыштық қатынас Толықтауыштық қатынас Пысықтауыштық қатынас

№ слайда 24   Пунктуациялық білімдерін бақылау Аты жөні............... .....................
Описание слайда:

  Пунктуациялық білімдерін бақылау Аты жөні............... ............................................................................................................................ Пәні................................................................................................................................................... Тіл білімінің саласы....................................................................................................................... Анализ................................................................................................................................................................................................................... Нүкте Үтір Нүктелі үтір Көп нүкте Қос нүкте Леп белгісі Сұрақ белгісі Жақша Сызықша Дефис Тырнақша Қосарланған белгі Сөйлем мүшелерінің талдау схемасы

№ слайда 25 Аты жөні............... ........................................................
Описание слайда:

Аты жөні............... ............................................................................................................................ Пәні................................................................................................................................................... Құрмалас сөйлем Анализ................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................... Салалас құрмалас сөйлем Сабақтас құрмалас сөйлем Аралас құрмалас сөйлем Ыңғайлас салалас Шартты бағыныңқы Сатылы бағыныңқы Жарыспалы бағыныңқы Көп құрамды бағыныңқы Қарсылықты салалас Қарсылықты бағыныңқы Себеп салдар салалас Себеп бағыныңқы Кезектес салалас Мезгіл бағыныңқы Талғаулы салалас Қимыл бағыныңқы Түсіндірмелі Мақсат бағыныңқы

№ слайда 26 Аты жөні............... ........................................................
Описание слайда:

Аты жөні............... ............................................................................................................. Пәні..................................................................................................................................... Тіл білімінің саласы.......................................................................................................... Анализ.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................. Ғылыми стиль Ресми іс қағаздар стилі Публицистикалық стиль Көркем әдебиет стилі Ауызекі сөйлеу стилі

№ слайда 27 Оқушылардың тест жұмыстарын талдау парағы № Оқушының Аты-жөні күні Нұсқа № лекс
Описание слайда:

Оқушылардың тест жұмыстарын талдау парағы № Оқушының Аты-жөні күні Нұсқа № лексика фонетика сөзжасам морфология синтаксис пунктуация дұрысы қатесі сұрақ

№ слайда 28 Тест нәтижесін бақылау мониторингі Аты жөні.....................................
Описание слайда:

Тест нәтижесін бақылау мониторингі Аты жөні....................................................................................................................................................... Пәні.............................................................................................................................................................. 25 24 23 22 21 20 19 18 17 16 15 14 13 12 11 10 9 8 7 6 5 4 3 2 1 Күні Мұғалімі Бельгибаева Алмагуль Султановна

№ слайда 29 Бақылау сынақ нәтижелерінің мониторингі Пәні______________ Сыныбы_______________
Описание слайда:

Бақылау сынақ нәтижелерінің мониторингі Пәні______________ Сыныбы__________________ Мұғалімі_______________________ Сынақ өтілу күні «5» «4» «3» «2» Тапсырғандар саны Білім сапасы Үлгерім сапасы

№ слайда 30 Аленова Гүлзада, 2009 жылғы «Алтын белгі» иегері қазақ тілі пәнінен ҰБТ қөрсеткі
Описание слайда:

Аленова Гүлзада, 2009 жылғы «Алтын белгі» иегері қазақ тілі пәнінен ҰБТ қөрсеткіші бойынша-25 балл Еуразия университетінің түлегі Қызыл диплом иегері “Болашақ “бағдарламасының стипендианты Нью- Йорк қаласы

№ слайда 31
Описание слайда:

№ слайда 32
Описание слайда:

№ слайда 33
Описание слайда:

№ слайда 34 Пайдаланған әдебиеттер Сайрамбаев Т."Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері" 1991 ж. 92-150
Описание слайда:

Пайдаланған әдебиеттер Сайрамбаев Т."Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері" 1991 ж. 92-150б. Мырзабеков С. "Қазақ тілінің дыбыс жүйесі" 1999ж. "Қазақ тілі мен әдебиеті" журналы №7 2007ж. Методикалық газет-журнал басылымдары. Мектептегі 5-11 сыныптарға арналған оқулықтар. " Мектеп " журналы 2010 № 2 Қазақ тілі ҰБТ-ке дайындалу тесттері.Шыныбаева А.К. 2009ж Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар.

 Қазақ тілінен ҰБТ- ға дайындаудың әдіс –тәсілдері
  • Другое
Описание:

Қазақ тілінен ҰБТ ға дайындаудың тиімді жолдары 

мұғалімнің іс тәжірибесінен

                                                                      «Маған айтсаң, ұмытып қаламын.

                                                                                      Көрсетсең, есімде қалар.

                                                                                     Істеуін    көрсетіп берші,

                                                                                              үйреніп алайын.»

                                                                                              Шығыс даналығы

 

Алғы сөз

Қазіргі заман талабына сай тұлға оқытып тәрбиелеп шығару әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет.Білім жолында ұрпақ тәрбиелеуде мұғалімдік қызметтің сан қырлары  алуан қызмет атқарады.Біз ,мұғалімдер ,келешек ұрпаққа сапалы білім бере отырып,саналы азамат қылып шығару жолында еңбектену қажет.Сондықтан да қазіргі таңда елімізде болып жатқан тың жаңалықтарға оң көзбен қарау керек.

Кембридж университетінің бағдарламасымен бірлесе отырып, ескіні жаңғыртып,жаңа әдіс тәсілдерді  тәжірибемізге енгізіп отырмыз. «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталы-ғында  Кембридж бағдарламасы бойынша ІІ деңгейдегі біліктілікті арттырудың үш айлық курсында ұстаздарға заман талабына сай өзгеріп отыруға,тәжірибесін жетілдіріп отыруға үйретті.Іс-тәжірибені жетілдіру үшін жаңа технологияларды сабақтарымызға енгізіп оқушыларды ХХІ ғасыр талабына сай бағыттап отыру қажет.

Өзіндік білім көтеру жоспарын негізге ала отырып,оқушыларды ҰБТ –ге даярлаудың жолдарын қарастырдым.Үш жылға арналған жоспарда оқушыларды тестке дайындауды ІІІ этапқа  бөлдім. Нәтижесінде оқушылар жақсы көрсеткіш көрсетуге ұмтылыс жасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Мазмұны:

І.Кіріспе бөлім

Тест туралы түсінік...................................................................................................5 бет

ІІ.Негізгі бөлім

І тарау.Грамматикалық тапсырмалармен жұмыс

а/фонетикалық,лексикалық тапсырмалар жүйесі..................................................13 бет

ә/морфология,синтаксис саласы бойынша тапсырмалардың жүйелілігі...........14 бет.

б/пунктуация саласы бойынша тапсырмалар......................................................17 бет

в/грамматикалық жаттығуларды орындату..........................................................

ІІ тарау .Эксперимент бөлімі

11 сынып оқушыларымен жүргізілетін бақылау жұмыстары............................ бет

ІІІ.Қорытынды..................................................................................................... бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. Кіріспе.

Казіргі жеделдету, демократияландыру жағдай Қазақстан Республикасында басты міндеттердің бірі  - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең 6ілім  мен тәрбие ісін одан әрі дамыту және жетілдіру. Білім Министрлігі тәлім-тәрбие тұжырымдамасында былай деп жазылған: "Бұл таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін  жетілдіру, сонымен қатар әр адамныц кәсіби біліктілігін, іскерлілігін арттыру әділетті  қоғамның міндеті болып табылады." Міне, осы тұрғыдан қоғамға жан-жақты 6ілімді, жогары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке адам қажет. Ондай адат мектеп табалдырығынан бастап орта жэне жоғары оқу орындар дайындайды.

Оқыту процесі оқыту әдістері арқылы мақсатқа жету,саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлілігіне, оныц оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне оқушылардың даярлық дәрежесіне мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтамақтастығына байланысты.

Әдіс ("методос" деген грех сөзінен туады - зерттеу немесе таным жолы) тәсілдер жиынтығы, қазақша "зерттеу жолы" деген мағынаны білдіреді.

Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың  көмегімен  6ілімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды.

Оқыту процесінің маңызды компоненттерінің  бірі- оқушы білімін тексеру, бағалау. Осындай 6ілімді  тексерудің, тиянақтаудыц бір түрі - тест әдісі болып табылады. Оқушылардыц білімін тексеру әдістері  арқылы мұғалім оқушылардың  білімді, іскерлікті игеру сапасын тексеріп  қана қоймайды, ол оларды ойлау тәсілдеріне, практикалық жұмысқа үйретеді және біліміндегі кемшілікті жоюдыц жолдарын іздестіреді.

II. Негізгі бөлім.

Соңғы жылдары тестік  әдісі оқу білімге қатысты барлық ұйымдарда (мектептерде, жоғары оқу орындарында) кеңінен колданылып жүр.

Тест дегеніміз не? Тест арқылы сынауда қандай жаңалық бар? Оның сұрақтары қалай дайындалады, оны қалай өткізеді, тест арқылы сұраққа қалай дайындалу керек?

"Тест" - ағылшын сөзі, сынақ байқау деген мағынаны білдіреді. Ең  алғаш рет 1864 жылы ағылшын педагогі Джордж Филлер карастырып, оны Гринвич госпиталінде пайдаланған, ал кейін американ педагог-психологі Пресси жалғастырып, бірақ  көп жылдар бойы тестті осы адам қалыптастырған деген ой болған, содан бері Америка, Франция, Англия, Израиль, Канада, Турция т.б. елдерінде кеңінен тараған. Осы тестті дамытуға кейінен орыс ғалымы Петровский т.б. ғалымдар үлес қосқан.

Алғашында тест жүйес1 көбінесе жоғары оқу орындарында жиі қолданған. 1970 жылдары ғалымдар оқушылардың 6ілімдік деңгейінің төмендеп кеткенін байқап, білім сапасын көтеру негізінде жаңа тиімді әдіс - тест әдісін қолдануды ойлап тапқан. АҚШ-та 1947 ж. бері тест арқылы жұмыс істейді, бұдан басқа Германия, Польша, Болгария, Турция, Жапония, Жаңа Зеландия елдерінде кеңінен тараған. Мысалы, Турция, Чехия, Словакияда барлык пәннен стандартты тест бар.

Қазақстан жерінде 70-80 жылдары 6ілім сапасының төмендегені байқалып, оны жақсар-тудың жолы қарастырылады. Осы мәселені шешуге тест әдісінің көмегі болған еді.

Еліміз егемендік алғаннан кейін, Қазақстан Республикасының 6ілім туралы заңы шық-қаннан кейін алдыңғы қатарлы оқу орындары шетелдік тесттік тәсілді өз тәжірибесінде кеңінен қолдана бастады. Бүгінде тест қолдану оқытушылармен катар оқушылар үшін де көп тиімді екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Нәтижесі  тікелей белгілі болады. Тесттік әдіс талапкердің білім  дәрежесін анықтауда көп уақыт алмайды.

Бүгінгі таңда білімгердің білім деңгейін анықтайтын, тексеруге өте қолайлы жазбаша бақылу жұмыстарының бір түрі - тест. Тест сабақта уакытты үнемдеуге, білімгердің өткен тақырыптарды еске сақтау қабілетін арттырады, белсенді ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік береді.

 Тест әдісі білімгердің белгілі бір немесе бір топ тақырыптарыныц мазмұнын қандай дәрежеде меңгергендіктерін тез арада байқауға мүмкіндік береді. Тест сұрақтарына нақты, ұтымды жауап іздеу барысында білімгер ұшкырлыққа, жинақтылыққа дағдыланады. Тест білімгердің шапшац қимылдап, тез ой тұжырымдауға жұмылдырады. Тестілеу арқылы аз уакыт ішінде көп білімгердің білімін,білігін тексеруге болады. Тест сұрақтары - қарапайым, нақты. түсінікті тілмен қарастырылуы керек, ол бір қатарлы, 6ір мағыналы болуы тиіс. Тесттер арқылы білімгердің  мамандык бойынша 6ілімін игеру дәрежесін анықтауға болады. Білімгердің 6ілімін анықтау мақсатында құрастырылатын тестілердің көптеген түрлері бар. Олардың бірі -бақылаушы тестілер. Бақылаушы тест негізінен бағдарлама бойынша оқу материалын қаншалыкты меңгергендігін анықтауға болады.

Сабак үстінде оқушылармен мүмкіндігінше тесттік жұмыстар жүргізіп, мұғалім тек осы жұмыстың  үстінен басқарып, оны орындауға тапсырманы алдын - ала даярлап отыру керек. Тесттік әдіс негізінен оқушылардың білімділігін,біліктілігін және дағдысын өлшеуге арналған. Сондықтан оларды көбінесе педагогикалық немесе психологиялық тесттер  деп атайды.

Тесттер белгілі бір ережелер, талаптар бойынша құрастырылады. Әрбір тест обьектісі  болып табылатын  білім, біліктілік және дағды компонеттерінің сипаттамасын анық-тайтын бір түрлі тапсырмалар жиынтығынан тұрады.

 

Тесттерді пайдаланудағы  әрекеттер мына схема бойынша  жүргізілуі тиіс..

І кезең:

тест алдындағы талдау;

тестті жоспарлау;

құрастыру;

тест алдындағы жұмыстарды санау;

тест алдындағы нәтижелерді өңдеу;

тест алдындағы нәтижелерді сатылау;

ІІ- кезең:

түпкілікті тестті жасау;

тест алдындағы қайта жоспарлау;

түпкілікті тест құрастырып өңдеу;

тест нәтижелерін сатылау;

Тестттерді құрастыру және пайдалану кезінде ескерілетін ұйымдастырушылық талаптар:

Сыналушының  ешқайсысына артықшылықтар берілмейді. Барлығы бірдей жағдайда, бірдей сұрақтарға жауап береді.

Алдын ала дайындалған нәтижелерді бағалау шкаласы барлығына бірдей колданылады.

Нәтижелердің бұрмалауын болдыртпау шаралары қолданылады (біреуден көшіру, біреуге айту т.б)

Оқушылардың білімін  тексеру, бағалау үшін орта мектептерде тесттік жүйені енгізу өте қолайлы болып табылады.

2.4. Тесттің түрлері

 Қазіргі уакыт талабына сай мектептерде оқушылардың білім және білік сапасын,  дағды-сын тексеруге арналған тесттің бірнеше түрі бар.

Тесттің негізгі түрлері мыналар: 1. Таңдау тесті - бұл күнделікті жиі қолданылатын тесттің түрі. Белгілі такырып бойынша бір сұрақ беріліп, бірнеше жауабы көрсетіледі. Соның ішінен тек дұрыс жауап кана таңдап алынуы керек. Мысалы,

Салыстырмалы шырайды табыңыз?

сары,жұқа, таулы

көкшіл, аласырак, биіктеу

орасан үлкен, қап-қара, өте ыстық

Жалпы есімді тап:

Қала

Атырау

«Қазақ әдебиеті»

Бұрынғы өткен шақты табыңыз:

жүрісім өнбей койды

Ермек үнемі кешігіп келетін

Бұрында айтқансың

Дұрыс жауапты таңдау тестіне мына түрдегі тесттерді мысалға келтіруге болады:

Макалды ажыратыңыз:

Білім - күш

Маржан сөз - асыл сөз

Оку -инемен құдық қазғандай

Қай қатарда кысаң дауыстылар берілген?

а/п,т,с,к

б/ы,і,и,ұ

в/а,ә,о,е

2. Балама жауапты (альтернативті тест - мұнда белгілі бір тақырыптан жеке-жеке сұрақтар беріледі. Бұл тест түрлерінің ерекшелі сол - сол сұрақтардың жанына окушы "иә", "жоқ", "дұрыс","дұрыс емес" деген сөздер жазуы керек.

Мысалы,Жазу, сызу, кимылдау, еңбектену сөздерінің барлығы тұйық етістік.        

Дұрыс.

Есімше септеле ме?

Ия.

Тұйық  етістік жіктеледі ме?

 Жоқ.

И,Р дыбыстарын фонетика саласы зерттейді?

Дұрыс.

Шылаулар түрленеді ме?

Дұрыс емес.

Толыктауыш қайда?, қашан?, қалай? Сұрактарына жауап бере ме?

 Жок.

Төмендегі  сөйлем салалас құрмалас сөйлем бе?

Оқу- білім бұлағы,білім -өмір шырағы.

Иә.

3. Толықтыру тесті. Мұнда окушы қалдырып кеткен бос орынды грамматикалық  ережелерге байланысты сөз немесе  сөз тіркесін  жазып толықтырады. Мысалы,

Есімдіктер.......сөз табының орнына қолданылатын сөздер.

Жауабы: зат есім, сын есім, сан есім

Сан есім заттың.......... білдіретін  сөз табы./

Жауабы: санын, ретін.

Мына сөйлемнің сыңарын жаз. Жүз сомың болғанша

Жауабы: Жүз досың болсын.

Төмендегі  ережені  толықтыр. Құрамында ен кемінде екі немесе үш, одан да көп сөйлемнен құралған сабактастың  түрін дейміз.

Жауабы: Көп бағыныңқылы сабақтас

Төмендегі өлең жолына тиісті  каратпа сөзді қой.

            , ойын арзан, күлкі қымбат. (Абай)

Жауабы: Жігіттер.

4. Тесттің  келесі  бір түрі - сәйкестендіру тесті. Мұнда екі  бағанада орналасқан фактілерді, мысалдарды, сөздерді  бір - бірімен мағынасына, мазмұнына сәйкес топтастыру керек. Мысалы:

1. Фразалыкқ тіркестерді  тиісті  сыңарлармен сәйкестендіріңіз.

1.кіріп                                    а) жүн қырқу

Мұрнына                             ә/иісі бармау

Аузымен                              б/қонындай

жұмырткадан                       в/орақ ору

Жауабы: Мұрнына иісі бармау,аузымен орақ ору

Сұрақтарды сәйкестендір.

Кім?не?                       а\Баяндауыш

Қандай?қай?               ә\Бастауыш

Не қылды?Қайтты?    б\Анықтауыш

Сәйкестендір.

Ған,ген                      а\жалғау

Ны,ның                     ә\шылау

Әрі ,және                   б\жұрнақ

 

 


2. Берілген сөздері сөз табына карай сәйкестіндіріңіз:

зат есім           а) ғана

одағай                          ә) кітап

үстеу                б) кеше

Еске түсіру тесті.

 Мұнда ереже немесе аныктама беріледі де, оның накты жауабынбір сөзбен жазу ұсынылады. Мысалы:

I. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша      

Жауабы: жалғау

есім сөздердің орнына жұмсалатын сөз табы........

Жауабы: есімдік

2.Бір ғана у жұрнағы арқылы жасалатын етістіктің түрі.....

Жауабы:тұйық етістік

 3.Шылаулар мағынасы мен сөйлемде атқаратын қызметіне

қарай: септеулік шылаулар, жалғаулық  шылаулар,       болып бөлінеді.

Жауабы: демеулік шылаулар

 Тесттің  келесі бір жиі  колданылатын түрі - аралас тест. Аралас тест- әр түрлі тақырыпқа байланысты әр түрлі сұрақтарды қамтитын күрделі тесттің  түрі. Мұнда белгілі бір сұрақ беріліп, оның бірнеше жауабы көрсетіледі. Оқушы соның ішінен  тек дұрыс жауап қана таңдап алу керек. Мысалы: 1. Мезгіл үстеуді көрсетіңіз:

а/алтын    б/берді     в/жаздыгүні

Сілтеу есімдік бар сөйлемді  көрсет:

а/ Бұл кезек күттірмейтін мәселе.. б) Ол ешкіммен сөйлеспейді. : в/өнер алды- қызыл тіл.

Дұрыс жазылған сөзді  тап:

а/ көзқарас   б/ көзғарас  в/ көз  карас

Ауыспалы мағыналы сөзді көрсет:

 а/ терең су

б/ өнерлі адам

в/ таяз түсінік

5. Етістік қай сөйлемде бастауыш болады?

а/ Сөйлей -сөйлей шешен болады.

 б/Қой көрмеген қуалап өлтіреді.

в/Батыр бір рет өледі..

6 "Ит арқасы қиянда" деген тұрақты сөз тіркесінің  мағынасын тап.

а\ алыс     б\лезде     в\ анық

Мына сөздердің ішінен белгісіздік есімдігін  табыңыз:

а\ештеңе      б\әрқайсысы    в\бүкіл

 Төменде берілген тест  8- сынып окушылардың  білім дәрежесіне, ойлау кабілетіне және ең басты өтілген тақырыптарға сай келетін «Құрмалас сөйлемнің синтаксисі»  деген тарауға арналып тест сұрақтары  құрылған.

I. Тесттің  бізге ең көп тараған түрі - дұрыс жауап таңдау тесті.

Мына сөйлем салалас құрмалас сөйлемнің  қай түріне жатады.

Олар күзде  босамайды және көктемде еш босамайды.

а\ Талғаулықты   б\ қарсылықты    с\ түсіндірмелі  д\ Ыңғайлас

е \ Кезектес

Бірде,біресе,кейде  салалас құрмалас сөйлемніңм қай түрінің шылаулары?

а\Себеп- салдар      б\ Кезектес   с\ Түсіндірмелі 

д\ Талғаулы     е\ Ыңғайлас

Төмендегі  сөйлем сабақтас  құрмалас сөйлемнің  қай түріне жатады?Ол оқымақшы болып,қалаға келді.

а\мақсат    б\мезгіл     в\қарсылықты  д\шартты     е\себеп

 4.Салалас құрмалас сөйлемді тап:

а/ Нұрбек өзен жағасына қарай беттеді. б/ Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

с/  Емтихан тез 6ітті. д/ Бұл дауыс та маған көптен таныс е) Еңбек етсең емерсің.

Мына сөйлем сабақтас құрмаластың кай түрі?

Сыртқа шыққан Тәттімбет төңірегіне көз салып, үй жанында көп кідіріп қалды.

а\мақсат

в\шартты

с\қимыл-сын

д\мезгіл

 

 

 

 

 

 

Автор Бельгибаева Алмагуль Султановна
Дата добавления 04.01.2015
Раздел Другое
Подраздел
Просмотров 3426
Номер материала 25977
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓