Главная / Математика / «Қазақ тіліндегі үш, жеті, тоғыз санымен байланысты ұғымдар» атты ғылыми жоба

«Қазақ тіліндегі үш, жеті, тоғыз санымен байланысты ұғымдар» атты ғылыми жоба

«Қазақ тіліндегі үш, жеті, тоғыз санымен байланысты ұғымдар»



Мазмұны

I.Кіріспе

II. Негізгі бөлім.

1.1. Сандардың шығу тарихы.

1.2. Киелі үш санымен байланысты ұғымдар.

1.3. Таңғажайып жетісанымен байланысты ұғымдар.

1.4. Тоғызсанымен байланысты ұғымдар.

III. Зерттеулік жұмыс.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
















Зерттеудің мақсаты:

  1. Халық қазынасының тереңіне бойлап, қасиетті үш, жеті, тоғыз сандар жайында мағлұматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату.

  2. Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін, өз бойындағы ерекше қасиеттерін, таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінгенін, қасиетті сандарға ерекше тәрбие көзі ретінде қарап, пайдаға жаратып, өмірлік тәжірибеде қолданғанын айшықтау.

  3. Осы сандардың қасиеттілігі неде екенін айқындай отырып, бір жүйеге келтіру, кітапша шығару.


Зерттеудің жаңалығы:



  1. Қазақ тіліндегі үш, жеті, тоғыз санымен байланысты ұғымдардың өзіндік мән-мағынасы мен оқушылыр тілінде қолданылу ерекшелігін ашып, айқындау.

  2. Қазақ тіліндегі үш, жеті, тоғыз санымен байланысты ұғымдар жайлы жинақ кітапшасын шығару.


Зерттеудің әдістері:

Кітапханаларда арнайы зерттеу жұмыстар жүргізу, ғаламтордан қасиетті сандардың зерттелуі жайлы ой-пікірлерді қарастыру, түрлі басылымдар, әдеби оқулықтармен танысып, қазақ тіліндегі үш, жеті, тоғыз санымен байланысты ұғымдар жайлы мәліметтерді бір жерге жинақтап, топтастыру, оқушылармен сауалнама жүргізу, нәтижесін талдау.



Зерттеудің нәтижесі:

Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін, өз бойындағы ерекше қасиеттерін, таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінгенін, қасиетті сандарға ерекше тәрбие көзі ретінде қарап, пайдаға жаратып, өмірлік тәжірибеде қолданғанын дәлелдеу.

Кіріспе

«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарғанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ.

Адам баласының даму тарихында есептің, яғни сандардың алар орны айрықша. Дүиенің бәрі есептен тұрады. Халқымыз ерте кезден-ақ, әр нәрсенің шамасын, мөлшерін, бір затпен екінші заттың тең еместігін білген.

Заман өзгергенмен халықтың сенімі, құпиялылыққа құштарлық сезімі өршімесе өшпейді. Бұл қоғамда болған, бола береді де. Ендеше халық ойын түсініп, ата-бабадан келе жатқан киелі сандарға үңіліп, құпиясын түсіне білу қашанда өзекті мәселенің бірі болып қалмақ. 

Міне менің зерттеу тақырыбыма арқау болып отырған да осы үш, жеті, тоғыз сандары және оның қасиеті. Сондықтан да қазақ тіліндегі үш, жеті, тоғыз сандары және оның қасиеті жайлы толытай зерттеп білгім келді.





















II. Негізгі бөлім.

    1. Сандардың шығу тарихы.


http://qasym.kz/images/stories/Qasym.kz2013/450px-numbersbookcover.svg_.png

Математика – ғылымдардың ішінде ең ерте шыққаны, оның тарихы ғасырлар түкпірінде жазу мен сызу жоқ кезде басталған. Адамзат тағылығының даму дәуірінің табалдырығын аттап басқан заманда «артық», «кем», «үлкен», «кіші» ұғымдары туған. Бұлар кейін «тең» ұғымының шығуына негіз болған. Күн көріс қамы тіршілік үшін жүргізілген күрес ерте заманның адамдардың айналасындағы заттарды санауға, нәрселердің мөлшерін өзара салыстыруға, жыл мезгілдерін айыруға мәжбүр еткен.

Тарихқа жүгінсек, дерек көздері сандардың ежелгі Вавилонда қолданылғанын айғақтайды. Ол кездесандар 1 мен 0-ден ғана тұрған секілді. Бірлік, ондық, жүздікті құрайтын санақ жүйесі болған. Кейіннен атақты ойшыл Пифагор сандарды 1-ден 9-ға дейін қысқартқан. Бірнеше бірліктерге бөлген. Ол өз шәкірттеріне сандар әлемді билейді деп үйреткен. Әрбір сан, цифрдың түбінде қандай да бір ой, идея жатыр. Сол идеяның мән-мағынасын түсіну үшін ғалымдар арнайы ғылым - нумерологияны ашқан. Нумерология арқылы әр санның шығу төркінін, мән-мағынасын, оның адам өміріне деген әсерін ұғынуға болады. Нумерологияшыл ғалымдардың ойынша әр адамның жаны өзінің нумерологиялық кодымен тікелей байланысты. Ол кодты шеше білген адам өз тағдырының толық иесі бола алады. Қарап отырсақ, әркімнің өзі сенетін бақытты және бақытсыз сандары болады. Біреудің бақытты саны - 13 , бақытсыз саны - 9 делік. Мұндайға шын көңілімен сенетіндер айдың 13-і күні кез келген тірлігін сенімділікпен іске асырады. Ал 9-ы күні әр қадамын абайлап басып, тіпті үйден шықпай, төрт қабырғаның ішінде күн ұзаққа қамалып отырып алатындар да бар. Cөйтіп, ол 13 саны байқалған жерде ба¬тыл жүрсе, 9-дан үнемі сақтанады. Жеке адамды қойшы, мұндай құбылыстарға жаппай халық боп сенетініміз де бар емес пе? Өзіміздегі «жеті қазына», «ер кезегі үшке дейін», «сәрсенбінің сәтті күні» ұғымдары, тұрақты көршіміз - орыстардың «қасиетті үштігі», америкалықтардың естігенде жандары түршігетін, күні бойы үреймен өткізетін «айдың 13-дегі жұмасы» тағы басқа түсініктер жоғарыда айтқанымызға дәлел бола алады. Сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды.

Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «үш», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады.




























1.2. Киелі үш санымен байланысты ұғымдар.

Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында Қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.

Мәселен үш, жеті, тоғыз сандарының қадір-қасиетінің қаншалықты екенін білеміз бе? Білсек айтқанымыз артық болмас, білмесек, құлақ салғанымыз жөн болар.

Мысалы қазақ үш санының байламдарын былай түйіндеген:

Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ

Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық

Үш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет

Үш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат

Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз

Үш би: Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би


hello_html_4e367f58.pnghello_html_m47e6bb29.png


Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті

Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:

Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың - сыншыл

Енді осыларды таратып айтсақ:

Қайын жұртың қолыңның ұзындығына қарайды,

Жағаңның қызылдығына қарайды.

Берсең жағасың,

Бермесең дауға қаласың

Өз жұртың – ағайын,

Бар болсаң көре алмайды

Жоқ болсаң бөліп бере алмайды.

Жақсы болсаң күндейді,

Жаман болсаң жүндейді.

Нағашы жұртың:

Жақсылығыңа сүйінеді,

Жамандығыңа күйінеді.

Әрқашан тілеуіңді тілейді,

Тілеуқорлық ниеті билейді.

Үш із: бала, байлық, бақыт – білім

Үш ғайып: қонақ, несібе, ажал

Үш алыс: жер мен көк, жас пен кәрі, жақсы мен жаманның арасы

Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ

Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық

Үш қазына: Ер қазынасы – жүрген із,

Ел қазынасы – көне сөз,

Тіл қазынасы – ескі сөз

Үш мақсат: Саудагер мақсаты – ұту, жол мұраты – жету, дау мұраты – біту

Үш үміт: жазылам деп науқас үмітті, байимын деп кедей үмітті, кетем деп қыз үмітті

Үш қадірлі: ырыс, бақ, дәулет

Үш қадірсіз: жастық, денсаулық, жақсы жар

Үш кемшілік: атың шабан болса – жалғанның азабы, алғаның жаман болса – дүниенің тозағы, балаң жаман болса – көрінгеннің мазағы.

Қазақ ұғымындаосы күні басталған істің бәрі де сәтті болады деп сенген. Аптаның үшінші күні, яғни сәрсенбінің сәтті күні деп сапарға шығатын болған. Қазақ халқынан өзге де ұлттарда үш саны қасиетті болып саналған. Бір мен екінің қосындысы ретінде қандай да бір істің бастамасын да, жалғасын да білдіреді. Қытайларда үш саны біраз құбылыстың символикасы болып табылады. Жарықтың үш көзі – Жұлдыз, Күн, Ай. Үш бастау – Аспан, Жер, Адам. Отбасының үш элементі – еркек, әйел, ұрпақ. Үш саны қытайлардың түсінігінде Марс арқылы басқарылады және жалынға теңеледі.
Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрдің бірі – 3-4 жасқа келген ұл баланы атқа мінгізу. Алдымен ағаштан ашамай-ер жасалған. Осыны жуас құнанға ерттеп, баланы мінгізіп байлап қойған. Тізгінді балаға ұстатып, бір адам құнанды жетектеп, ауылды айналдыра жүргізіп, жиналып тұрған үлкендерге сәлем бергізетін. Әйелдер баланың атқа міну құрметіне шашу шашқан. Ересек балалар таймен жарысып, бірімен-бірі күресіп, түрлі ойындар ойнаған. Балаға ат қою бала дүниеге келгеннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды. Ат қоюшы адам баланың құлағына: «Сенің атың…» деп үш рет қайталайды.

Үш санына байланысты мақал-мәтелдер:

  1. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.

  2. Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді.

  3. Ат баспаймын деген жерін үш басады.

1.3. Таңғажайыпжетісанымен байланысты ұғымдар.



ҚАЗЫ

НА





ЖҰТ



ЖОҚ



ЖЕТІМ



ЖАРҒЫ



ДӘМ

КЕМПІР-ҚОСАҚ



КҮН



АМАЛ



АСПАН



ШЫРАҚ


КЕРЕ





МЕТ


АТА







Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды.


Қазақтардың таным - түсінігінде Жеті ата. Бұл – Қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір Қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Мұнан соң туыстық атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие. Ол – этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті ата-бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген: жетесіз», «Ата – тегін айтқанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен. Қазақтар бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежатты «Жетіпұсты» деп те атайды.

Жеті қазына. Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық. Қазақтар жеті қазынаны «жеті ырыс» деп танып, оған мыналарды жатқызған: 1. Адамныңақыл-ойы, санасы. 2. Денсаулық. 3. Ақжаулық (ердің жары). 4. Бала (өміржалғасы). 5. Көңіл (көңіл мен пейілкеңболса, ынтымақ, берекеорнайды). 6. Жер («Жерсіз – ел тұл, ерсіз – жертұл»). 7. Ит.

Жігіттің жеті қазынасы

Жүрдек аты –жігіт қаны, қанаты

Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты.

Құмай тазы - бастан берік сенімі,

Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі.

Алмас кездік – жігіт сусы, һәм мысы.

Ау жылымы – амал, айла, әдісі

Қара қақпан серті себі тірліктің

Осы жеті қазынасы жігіттің.

Ал, Ислам аңызы бойынша, жеті қазынаға мыналар жатады:

1. Қыдыр (қызыр).Қыдырдарығанадам бай болады.

2. Бақ. Ол ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады.

3. Ақыл (Байлық пен бақыттың тірегі).

4. Денсаулық.

5. Ақ жаулық.

6. Тұз (Ол – Алланың адамдар мен жан-жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені).

7. Ит. (Адам Ата мен ХауаАнаныңалғашқысерігі).

Жетіқарақшы. Ол – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Оның 1, 8 көрінерлік жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыздары – Алиот пен Дубке. Жетіқарақшы жарық жеті жұлдыздың сыртқы пішіні шөміш тәрізді. Оның шеткі екі жұлдызы бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады. Жетіқарақшы наурыз, сәуір айларында жақсы көрінеді. Темірқазықты айнала қозғалатын жетіқарақшы арқылы жер тараптары мен түнгі мезгілді айыруға болады.

Аптаның жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Кемпірқосақтың жеті түсі. Жарық мынандай жеті түстен тұрады: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасынан көрініп, кемпірқосақ пайда болады.

Жеті жарғы. Ол – Тәуке хан (1678-1718) тұсында қабылданған Қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы. Тәуке хан «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіру арқылы осынау заң жүйесін өмірге әкелген. Ол 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. «Жеті жарғы» деп аталуы Тәуке ханның бұрынғы заңдарға енгізген жеті өзгертуіне байланысты» дейтін тұжырым бар.

Жеті жұт. Бұлар: 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).

Жеті жоқ. Ол былай: 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспандатіреуішжоқ. 3. Тастатамыржоқ. 4. Тасбақадаталақжоқ. 5. Аллаһтабауыржоқ. 6. Аққудасүтжоқ. 7. Жылқыдаөтжоқ.

Жеті жетім. Бұл жөнінде мынандай даналық сөздер бар: Тыңдамаған сөз жетім, Киюсіз тозған бөз жетім. Иесіз қалған жер жетім. Басшысы жоқ ел жетім. Аққу, қазсыз көл жетім. Жерінен айырылған ер жетім. Замандасы қалмаса – Бәрінен де сол жетім.

Жеті ғашық. Халықтың ән – жырында жеті ғашық мынандай екі нұсқада кездеседі: а) Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиха, Фархад – Шырын, Тахир – Зухра, Арзу – Қамбар, Уәлик – Ғарра, Уәки – Күлшаһ. ә) Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиха, Фархад – Шырын, Баһрам – Күләнда, Сейпілмәлік – Бәдіғұл, Бозжігіт – Анула (кей нұсқада Қарашаш), Зияда – Хорлы (Хорлы - Ғайын).

Ислам дінінде Жеті аспан: күміс, алтын, меруерт, ақ алтын, жақұт, анартас және ғажайып жарық.

Жеті шәріп: Мекке шәріп, Мәдина шәріп, Бұхар шәріп, Шам шәріп, Қатым шәріп, Құддыс (Мысыр) шәріп, Кәләм шәріп (Құран).

Жеті тозақ: 1. Сағир. 2. Лазо. 3. Сақар. 4. Жахим. 5. Жаһаннам. 6. Хауия. 7. Хатома.

Христиан дінінде Жеті саны: сенім, үміт, қайырымдылық, әділеттілік, сабырлық, ақылдылық және рухтың күші.

Таурат кітабы бойынша: Құдай 1 – күні жарықты, 2 – күні аспанды, 3 – күні жерді, 4 – күні Күн, Ай және жұлдыздарды, 5 – күні балықтар мен құстарды, 6 - күні аңдар мен адамдарды жаратқан, 7 – күні дем алған. Бұл әлемді жаратуға арналған жеті күн деп аталады.

Өлімге себепкер жеті күнә: 1. Тамақсаулық. 2. Жалқаулық. 3. Нәпсіқұмарлық. 4. Өркөкіректік. 5. Ашу. 6. Қызғаншақтық. 7. Сараңдық. Бұл жеті күнәні XV ғасырда суретші Иероним өзінің суретінде тамаша бейнелеген.

Әлемнің жеті кереметі. Алғашқы жеті керемет: 1. Египет пирамидасы. 2. Вавилонның аспалы бағы. 3. Ертедегі Артемида храмы. 4. Олимпиядағы Зевстің мүсіні. 5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы. 6. Жерорта теңізі аралығындағы Гелиостың (Күн Құдайы) қолдан жасалған мүсіні. 7. Александрия маягі.

Бесінші ғасырдан бері танылған 7 керемет: 1. Рим колизейі. 2. Александрияда жер астында жол пішінде қазылған мазарлар. 3. Қытайдың ұлы қорғаны. 4. Англиядағы алып тас қорған. 5. Италиядағы Пиза қисық мұнарасы. 6. Қытайдың Нанжин қаласындағы фарфор мұнарасы. 7. Ыстамбұлдағы әулие София ғибадатханасы.

Жетісу - Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс  бөлігін қамтитын тарихи-географиялық аймақ. Тарихи деректемелер мен зерттеулерде  Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше болжам бар (Қазақ Совет энциклопедиясы, 4 т. 430 – бет).  Кейінгі болжам бойынша Жетісудың 7 өзеніне мыналарды жатқызады: Ақсу, Қаратал, Көксу, Лепсі, Іле, Шу, Тентек.

Жеті амал: Күннің тоқырауы, қарашаның қайтуы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, қыс тоқсан, Ай тоғысуы.

Жеті қат көктегі 7 саны  «жеті жұлдызға» сәйкес келеді.  Шығыс астрономиясы оларға Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Марс, Юпитер, Сатурнды жатқызады.

Жеті ырыс - адамның ақыл-ой мен сана-сезімі, денсаулық, ақ жаулық, бала, көңіл, жер, ит.

Жеті жұт ағайынды - құрғақшылық, оба, мал жұтауы, өрт, соғыс, сел,  жер сілкінісі.

Жетіген - қазақтың байырғы шертпелі  музыка  аспабы. Ертедегі  нүсқасы тұтас ағаштан астау  тәрізді  ойылып жасалған. Бетінде 7 қыл шегі бар. Содан жетіген аталған.

Имандағы жеті парыз - Алланың барлығына,  бірлігіне  сену, иман келтіру, періштелеріне сену, пайғамбарларына сену, ахирет күніне сену, жақсылық пен жамандықтың тағдырын Алладан деп сену, өлгеннен кейін қайта  тірілуге сену.

Шығыстағы жеті жұлдыздар - Омар һаям, Низами, Жәми, Науаи, Фердауси, Сағди және Физули.

Жеті ғалам - 7 саны  негізгі  жеті  бағытты білдірген. Олар - дүниенің  төрт бұрышы: күн-шығыс, күн - батыс, түстік,  терістік, аспан - жоғарғы ғалам, жер асты – төменгі  ғалам.

Нота жеті дыбыстан тұрады: до, ре, ми, фа, соль, ля, си.
Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауидің кесенесіндегі  тайқазан

жеті  түрлі металдан құйылған.

7 санына байланысты жер бетінде  жеті  нәрсе жоқ деген ел аузынан таралған пікірлер бар: құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ,көлде көпір жоқ, тамда белбеу жоқ, аспанда тіреу  жоқ,  тауда саты жоқ, таста тамыр жоқ.

Сондай-ақ, Исләм дінінің  бірінші  талабы бойынша жасы  жетіден асқан мұсылмандар үшін бес мәрте намаз оқу парыз. Тұрмысқа шығатын қазақ қыздарының сәукелесі жеті  нәрседен тұруы шарт.

Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша, аса зор денелі де күшті құрылысшы кетпенімен жеті жерге тастаған тапырағынан жеті төбе  пайда болған. Ал, «Алпамыс батыр» эпосында Байбөрі мен Аналық бір бала  көтеру үшін дүниенің  жарымын аралап, жеті  әулиенің  зираттарына түнеп жүріп армандарына  жеткен...

Әбу Әли ибн Сина – (Авицена) соңғы демі  таусылып бара  жатқанда  алты  дәріден шипа болмаған соң, «жетінші дәріні әкел», - деп киелі  жетінші  дәріден үміттенген екен.

Қорыта келгенде, «Жеті» қазақ халқының ұғымында қалыптасқан киелі сан. «Жеті саны – бақытты сан, ол - адамзаттың сүйікті саны». Көп халықтың түсінігі осындай.

















1.4.Тоғыз санымен байланысты ұғымдар.

Қазақ халқының Аллаһ Тағаланың бұйрығын екі етпей орындайтын тоғыз періштелер: 1. Жәбірейіл – пайғамбарларға Аллаһ Тағаланың сөзін хабарлаушы. 2. Мекайіл – барлық адамға, мақұлыққа берілетін ырыстың уәкілі. 3. Әзірейіл – барлық адамның, жан-жануарлардың жанын алатын Құдай уәкілі. 4. Ысырайыл – ақырзаманға дейін сұлыны алып жүретін періште. 5. Дардайыл – ай, күн, жұлдыздардың уәкілі. 6. Ысмайыл – жер бетіндегі киелілердің жебеушісі. 7. Зұлқайыл – қиямет күнінде адамдарды алып баратын періште. 8. Ахрайыл – барлық дария, көл, өзен, бұлақ суларының періштесі. 9. Мәлік – жеті тозақтың уәкілі.

Сонымен бірге қазақтарда тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4000 жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең көп тараған ойын болатын.

Тоғыз саны халықтар түсінігі бойынша қателіктер мен кемшіліктер бірлестігі. Тоғыз санының қасиетіне тоқталсақ, ана құрсағында нәресте тоғыз ай, тоғыз күн өсіп жетіледі. Бұл сан адамның ғұмырында пайда болып, жарық дүниеге келетінге дейінгі уақыт өлшемі. Тоғыз саны өмірге адам әкеледі. Ол үш үштіктен құралған. Көшпенділер тоғыз санын болмыстың шыңы деп санаған, олардың салт-дәстүрлері мен наным-сенімдерінде тоғыз саны қасиетті болып есептелінген. Тоғыс санының омонимі – «ұзақ өмір».


Тоғыз санына байланысты мақал-мәтелдер:


1. Тойған жерге тоғыз кел.

2.Тоғыз әйелдің толғағи бір келеді.

3.Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек.











III. Зерттеулік жұмыс.

Зерттеу барысында әдетте соншалықты маңыз берілмей, өз жөнімен қолданыла беретін сандардың бәрінің мән-мағынасы бар екеніне көз жеткіздім. Қазақ халқының наным-сенімімен басқа халықтардың наным-сенімін салыстыра отырып аңғарсақ, сандар сырының құпиясының соншалықты тереңде жатқанын байқаған болармыз.

Сонымен қатар зерттеу барысында адам ғұмырының да, мінез-құлқының да, келешегінің де, қуаныш-қайғысының да әйтеуір бір сандармен байланысы бар екенін анықтадым. Бұл өзі Жаратқан Иемізге ғана белгілі құпия сыр ... Дегенмен, сандар сырын зерттей келіп, ғаламдық даму үздіксіз өсіп отырса да әрбір адам баласының белгілі бір жағдайларда сандар құдіретіне сеніп, өзінің жоспарлаған жұмысын белгілі бір сандар жүйесінің өзіне тән құпиясын сақтай орындауды әдетке айналдырғандарына толық көзім жетті. Өйткені зерттеу жұмысы барысында танысқан болжамдар, ғылыми көзқарастар, жүргізілген сауалнамалар нәтижесі кез келген адамның белгілі санды сәтті немесе сәтсіз деп қарап, өз жұмысын сол сандар жүйесіне орай жүзеге асыратындығына толық көзім жетті. Ендеше сандар жайлы ғылым тоқтамақ емес, үнемі дамып, толығып отырады.

Қазақ киеге үлкен мән берген халық. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «Үш, жеті, тоғыз» сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым - тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады.

Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Жан жағымызға қарасақ сандар тек қана математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор. Қарап отырсақ, осы қарапайым 10 цифр болмаса, біз телефон да соға алмаймыз. Жалпы таным проблемасымен байланысты ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған.

Наным-сенімге қатысты «киелі ұғымдар» негізінде пайда болған құбылыс. Сан атауы сәбидің ана құрсағында болу уақытымен байланысты ерекше қолданысқа ие болған.

Сандар адам баласының ертедегі өмірінде уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі жағынан ерекше қызмет атқарған. Мысалы, о баста бес күндік апта, бертін келе жеті күндік апта болған. Сан есімдердің фразеологиялық бірлік жасаудағы деңгейі бірдей емес. Біріншіден, есептік сан есімдер жиі қолданылады. Екіншіден, сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атапайтсақ,ерекше мәнде қолданылатын «үш», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәні мен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдай, әсіресе осы сандар дың тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады.
Мен осы ғылыми жобаның нәтижесінде
үш, жеті, тоғыз сандарының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой-түсінігім толығып, білімге деген құштарлығым бұрынғыдан бетер арта түскендей.

Қазақ халқының киелі сандарын оқи отырып, сандар мен олардың сырларын терең ұғыну арқылы өз бойымызға сіңіріп, әрі қарай дамытуымыз керек екенін түсіндім.

«Сандар әлемді басқармайды, бірақ қалай басқару керектігін үйретеді», - деп ойшыл, әрі ақын Гете айтқандай, сандар төңірегінде үлкен сыр бар екені о бастан-ақ белгілі.

Соңғы ширек ғасырда түркі халықтарының сан есімдері жөнінде бірталай еңбектер жазылып, диссертациялар қорғалған екен. Мәселен, академик В. А. Гордлевскийдің «Түркі тіліндегі елу сан есімі» атты арнайы еңбегі бар. Автор түркі халықтарының сан есімдерін өзіне дейін зерттеген В. В. Радлов, Н. Я. Марр, В. В. Бартольд сияқты академиктердің пікірлерін зерттеуінің негізіне алады. Сондай-ақ Г. Н. Потаниннің жалпы фольклор туралы, түркі-монғол, славян, Скандинавия, Еуропа халықтарының шығармалары жайында жазған еңбектерінде де сандар туралы мәліметтер көптеп кездеседі. Ғалым өзіне дейінгі еңбектерге сүйене отырып, үш, жеті, тоғыз сандарын киелі, қасиетті деп, фольклорда көбірек ұшырасатынын айтады. Бұл құбылыстың себебін Г. Н. Потанин аспандағы жеті планетаны дәріптеуден іздеу дұрыс емес екенін ескертеді. Мұндай пікірді басқа да көрнекті ғалымдардың еңбектерінен көруге болады. Бұл еңбектерде жалпы сандардың білдіретін ұғымдары, олардың адамның қоғамдық санасымен байланысы қаралады.

Қазақ тілінде сандарды әр түрлі қырынан зерттеу үрдісі байқалады. Мәселен сандардың ішінен киелі сандарды бөліп алып қарастыру үрдісі бар, сондай-ақ сан төңірегінде шоғырланған ойлардың мағынасы мен тарихы, сандардың жалпы фольклордағы немесе әдебиеттегі қызметі, көркемдік ерекшелігі, сандардың этнолингвистикалық сипаты, лингвомәдени мәнділігі де қаралып келеді.

Осындай зерттеулердің бастамасы ретінде І. Кеңесбаевтың еңбегін айтуға болады. Ғалым біршама фразеологизмдерге ұйтқы болған сандардың семантикалық қызметін аша отырып, олар көне замандағы діни сенімдермен байланысты болып шыққан киелі сандар деп қорытынды жасайды.

Сан есім мәселесіне арнап 1927 жылы Ленинград қаласында «Сандарға қатысты тілдік мәселелер» атты үлкен конференция өткен екен. Бұл конференция ғалымдарды сандарды тек грамматикалық тұрғыда ғана емес, басқа жақтан да, атап айтқанда, дүниетаныммен байланысты зерттеу керектігін түсінгенідігін көрсетті. Конференция негізінде жарық көрген мақалаларда «санға байланысты мәселелер шешуі қиын, өзекті, болашақта тынымсыз ізденуді талап ететін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын зерттеу жұмысын қажет етеді» деген қорытынды ойлар жиі ұшырасады.
Қазақ тіл білімінде сандар жоғарыда көрсеткен І. Кеңесбаевтың, сонымен бірге Ә. Хасенов, Ә. Қайдар, Н. Уәлиұлы, Т. Жанұзақов, Е. Қойшыбаев, Н. Оралбаева, Т. Сайрамбаев, Ж. Байзақов, А. Машанов, А. Елешева, Қ. Ғабитханұлы, Г. Шаһарман, Қ. Тажиев, Қ. Дүсіпбаеваның еңбектерінде әр түрлі аспектілерде қарастырылғанын байқауға болады.

Иә, шынында да біздің әлемде қызықты әрі жұмбақ жайттар өте көп кездеседі. Ал, тарих дәстүріміздегі құпиялар мен ашылымдар қаншама десеңізші!


Қорытынды

Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында Қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.

Мен осы ғылыми жобаның нәтижесінде үш, жеті, тоғыз сандарының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой-түсінігім толығып, білімге деген құштарлығым бұрынғыдан бетер арта түскендей.

Қазақ халқының киелі сандарын оқи отырып, сандар мен олардың сырларын терең ұғыну арқылы өз бойымызға сіңіріп, әрі қарай дамытуымыз керек екенін түсіндім.

Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінгендігін ескерсек, қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу келер ұрпақтың еншісінде екені айдан анық. Сондықтан қазіргі жастардың қасиетті сандар туралы білетіндіктеріне көз жеткізу үшін мен 5-9 сынып оқушыларының арасында (5 сыныптан 12 оқушы- 32%, 6 сыныптан 14 оқушы-36%, 7 сыныптан 17 оқушы- 38%, 8 сыныптан 14 оқушы-42%, 9 сыныптан 15 оқушы-47%) сауалнама жүргіздім.


Сауалнама:
1. Қасиетті сандар туралы білесің бе?
а) иә ә) жоқ
2. Қасиетті сандар туралы кімнен естідің?
а) ата-анадан ә) мұғалімнен
б) аға-әпкелерден
3. Қасиетті сандар жайында мәлімет жинар ма едің ?
а) иә ә) жоқ
4. Қасиеттісандарастарында не жатқанынбілесіңбе?
а) иә ә) жоқ
5. Қандайқасиеттісандарбілесің?

Өкінішке орай қазіргі оқушылардың қасиетті сандарды білгенімен, оның мән-мағынасын анық нақты түсінбейтіндері байқалып отыр. Себебі қазіргі заманның оқушылары кітапханаларға барып бірдеңе оқып, біліп санасына түйгеннен гөрі ғаламторда агентте отырғанды жаны сүйетін болды. Әрине, жаңашыл жаһандану заманында жаңа ақпараттық құралдарды пайдалануда ғаламтордың пайдасы айтпасақ та айқын. Дегенмен қазақ тіліміздің, ана сүтімен бойымызға дарыған ана тіліміздің жанашыры ретінде бүгінгі тіліміздің жағдайына алаңдап , өз ойымды айтар болсам агент деген нәрсе қазіргі ұрпақтың санасын улап қана қоймай, сауатсыздыққа да әкеліп соқтырар қаупі бар деп ойлаймын. Сондықтан ата-бабамыздан келе жатқан қасиетті сандарға байланысты ұғымдары мен наным-сенімі, қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу келер ұрпақтың еншісінде екені айдан анық. Ата-бабамның, ана тілімнің аманатын сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізерміз деген үмітім зор. Ендеше ел болып келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін, ата-бабадан қалған кестелі тіліміздің өрнекті аманатын жоғалтпай, ана тілімізді ардақтайық, ағайын!





Қолданылған әдебиеттер тізімі


1. Бәрі де сандартуралы, Алматыкітап2008жыл

2. Қазақ энциклопедиясы 3-том, Алматы 2011

3. Жеті қазына, Сейіт Кенжеахметұлы, 1 кітап

4. Интернет материалдарынан

5. Қенжеахметұлы С. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. Алматыкітап, 2007. 328 б.

6. Қалиев С, Оразаев М. Қазақ халқының салт-дәстүрі.

Алматы: 1994. 15 – 17б

7. Уәлиев Н. Жұмбақ сандар // Жалын. 1988. 105-108 бб.

8.Қырыққазына. Ә. Доспамбетов. Алматы 1987.






«Қазақ тіліндегі үш, жеті, тоғыз санымен байланысты ұғымдар» атты ғылыми жоба
  • Математика
Описание:

Адам баласының даму тарихында есептің, яғни сандардың алар орны айрықша. Дүниенің барлығы есептен тұрады.Халқымыз ерте кезден- ақ әр нәрсенең шамасын, мөлшерін, бір затпен екінші заттың тең еместігін білген. Заман өзгергенмен халықтың сенімі, құпиялылыққа  құштарлық сезімі өршімесе өшпейтіні белгілі. Ендеше халық ойын түсініп, ата-бабаларымыздан келе жатқан киелі сандарға үңіліп, құпиясын түсіне білу қашанда өзекті мәселенің бірі болып қалмақ. сондықтан осы ғылыми жобаны зерттеуге арқау болып отырған осы үш, жеті, тоғыз сандарының қадір қаиеті болып отыр.

Автор Калемшарав Назира
Дата добавления 12.03.2015
Раздел Математика
Подраздел Другое
Просмотров 3140
Номер материала 57881
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓