Главная / Другое / "Қазақ тілін оқыту жүйесіндегі ақпараттық техонология"

"Қазақ тілін оқыту жүйесіндегі ақпараттық техонология"

Толкын Дауылбаевна,

Яблоновка негізгі мектебі

қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

Ақмола облысы,

Еңбекшілдер ауданы,

Яблоновка ауылы.



Қазақ тілін оқыту жүйесіндегі

ақпараттық техонология

Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілі пәні кеңес үкіметі кезінде де оқытылды, алайда оның әдістемесімен оны оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері,технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары,тәжірибеге енгізу ісі тәуелсіздік алғаннан кейін қолға алынды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің Қазақстан халқына арналған жолдауында мемлекеттік тілдің оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды: «Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп,енгізу қажет.Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік инновациялық,әдістемелік,тәжірибелік оқу -құралдарын,аудио - бейнематериалдарды әзірлеу керек ».

Мемлекеттік тілді саналы меңгерту,оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру бір жылғы мәселе емес,сондықтан мемлекеттік тілді оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын басты сұрақ: қазақ тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек?Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс -тәсілдерді,технологияларды қолданған жөн?

Оқу орыс және басқа тілде жүргізілетін мектептерде тіл үйрету туралы жазылған әдістемелік және ғылыми материалдарды зерделей келе,дәстүрлі әдістердің ішінде көрнекілік әдісі мен техникалық құралды пайдалану әдісіне тоқталуды жөн көрдім,себебі «білімді меңгеру және оны шәкірттерге үйретудің жалпы табиғи - ғылыми негізі- мидағы сыртқы тітіркендіргіштерге реакция берумен нығаяды.Ал үйреншікті жағдайда реакцмялардың бекуі алға қойған мақсатқа сәйкестеніп отырады.Мұндай мақсаттар,біріншіден,оқытудағы көрнекілік әрекеттерге байланысты.Мысалы,оқушы жаңа сөздерді,лексикалық және грамматикалық ұғымдарды көрнекі құралдар арқылы көріп біліп,тіеклей қабылдап үйренеді » деген пікір қонымды екендігін тәжірибе де көрсетіп отыр.

Білім беру саласына түрлі технологиялар енгізілуде,бірақ олрадың ішінен қажеттісін таңдап,сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану -басты талап.Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес,мәселе тұлғаны нәтижеге бағыттай білімдендіруде.Көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін - Ақпараттық -коммуникациялық технологияның бір өзі атқара алады.

Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану арқылы көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек »,- деп көрсетілген.Солардың бірі - компьютер білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып саналады.Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдарын барлық пәндерді оқытуға пайдаланады.

Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, күннен - күнге үдеп келе жатқан ақпараттар ағымдары, еңбек нарығындағы бәсекелестіктің артуы оқушыларға қойылатын талаптарды күшейтуде. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат - жан-жақты, білімді, болашаққа жаңа көзқараспен қарай  білетін және өзгерістерге, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқытушының билік жүргізу әдісінен арылуы; оқыту кезінде білім беретін оқытушы емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы екендігі, оқушылардың оқуға деген ынтасын күшейту,өз дербестігін дамыту.

Осыған байланысты оқушылардың шығармашылық әрекетін, білімді өздігінен ізденіс арқылы табудың жолын, жалпы педагогикалық принциптерді басшылыққа алу біліктіліктерін көтеру мәселесі қойылып отырғандықтан, білім беруді ұйымдастырушы-оқытушы мен білім алушы-оқушылар арасындағы қарым-қатынас дәрежесі мүлдем басқаша жаңа деңгейге көтерілуі тиіс. Осының негізінде оқыту әдістері мен оқу әрекеттері түрленіп, жұмыстың құрылымы да, мазмұны да, оны ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық мақсаты да кешенді түрде өзгеріске ұшырады.

     Осындай өзгерістерден кейін көп жылдардан бері қалыптасқан сабақ беру әдістері, оның ішінде,оқушыларға дайын білімді бере салу, ұсынылған тапсырманы орындату, бір сарынды тапсырмалар жүйесі сияқты жұмыс түрлері өз актуалдығын жоғалтты.

Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр оқытушының өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсаты айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол - сонымен бірге басқа ұлт оқушыларына  қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән.

 Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша көздегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет. Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды

пайдалануда  өткізілетін сабақтарды  жоспарлаудың негізгі талаптары:
-жағымды психологиялық орта жасау;

- оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын (уәж, ынта, ұмтылыс) тудыру;
- ақпараттық –коммуникативтік технологиялармен жұмыс істей білуге үйрету;
-ақпараттық-коммуникативтік технологиялармен орындалатын жұмыстардың проблемалық болуы;

- проблеманы шешуге және шешім қабылдай білуге  үйрету;
- кез-келген проблеманы шығармашылық тұрғыдан  шешуге бейімдеу;
- өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру;

- пікірін, тұжырымын, идеясын дәлелдей және қорғай білуге дағдыландыру;
- өз бетінше орындауға берілген жұмыстарға үлкен жауапкершілікпен қарауға, шығармашылықпен орындауға үйрету;

- оқушылардың бірлескен таным процессіне белсенді араласуына мүмкіндік жасау;
- оқушылардың өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы пікір алысуға мүмкіндік жасау;
-оқушыларға  өздік жұмыстарын ұйымдастыру үшін  орта құру;
         Жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін оқытушының әрекеті:
- сабақтың тақырыбына сай мақсаттың айқын болуы;

- негізгі мәселені бөле көрсетуі;

- материалдардың өмірмен байланыстылығы әрі тәрбиелік мәнінің маңызды болуы;
- оқушылармен тең құқылы түрде қарым-қатынас жасай білу;
- өз талаптарын бұйрық түрінде емес, кеңес түрінде ұсыну;
- әр пікірді, идеяны тыңдай білу, оны сыйлау және онымен санасу;
- ерекше идеяларға қолдау жасап отыру;

- жағымды (позитивті) және конструктивті көзқарас ұстану;
- сабақта ақпараттық-коммуникативтік технолгияларды қолдану арқылы үнемі жаңалықтар енгізіп отыру;

- оқушылармен жеке жұмыстар жүргізу үйге

берілетін  тапсырманың  уақтылы және  нақтылы берілуі;

- бағалау нормалары сақталып, әділ бағалануы;

- осы нәтижеге жеткізетін –сабақтың жүйелігі.

Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технолгияны пайдалану сабақтың тиімділігі мен уәжін арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпалын тигізері сөзсіз. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз  бетінше жұмыс істеуге  дағдыландырады. Ақпараттық-коммуникативтік технология негізінде - оқытудың жаңа моделін құруға жол ашып  отыр.

Ақпараттық технология сабақты түрлендірудің, ерекшелендірудің, дараландырудың тәсілі ғана емес, сонымен қатар сабақты жаңаша ұйымдастырудың мүмкіндігі. Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда –оқушы өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге,оқушының өздік жұмысының көлемін көбейтуге болады.

Сондықтан сабақта ақпараттық және коммуникативтік технологияны кеңінен пайдалану үйреншікті, қалыпты жағдай ретінде қарастырылғаны жөн. Бүгінгі күні кез-келген оқытушы қазақ тілі пәні болсын, басқа пәндер болсын ақпараттық және коммуникативтік технологияны пайдалану арқылы әртүрлі  сабақтарға әзірлемелер  дайындап және оны жоғары деңгейде өткізе білсе, сабақтың тартымды әрі қызық   болатыны анық.. Мұндай сабақта оқушыларды басқа әлемге, ақпараттар әлеміне, тарту арқылы  сол әлемді өз көзімен көруге, көргенін сыныптастарына жеткізу барысында тіл дамыту  мүкіндігіне ие болады.     



















Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі

  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде » журнал

  2. Гин А.А. Приёмы педагогической техники: Свобода выбора. Открытость. Деятельность. Обратная связь. Идеальность : Пособие для учителя. – 5-е изд. – М.: Вита – Пресс, 2003.

  3. Власкин А. А., Сенцова Т. М. Автоматизированная система обучения русскому языку. Материалы VI международной конференции “Информационные технологии в образовании” (“ИТО-97/98”)

  4. Поташник. Инновационный процесс в школе. Москва, 1991.































6


"Қазақ тілін оқыту жүйесіндегі ақпараттық техонология"
  • Другое
Описание:

  Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілі пәні кеңес үкіметі кезінде де оқытылды, алайда оның әдістемесімен оны оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері,технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары,тәжірибеге енгізу ісі тәуелсіздік алғаннан кейін қолға алынды.

  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің Қазақстан халқына арналған жолдауында мемлекеттік тілдің оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды:  «Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп,енгізу қажет.Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік инновациялық,әдістемелік,тәжірибелік оқу -құралдарын,аудио - бейнематериалдарды әзірлеу керек ».

   Мемлекеттік тілді саналы меңгерту,оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру бір жылғы мәселе емес,сондықтан мемлекеттік тілді оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын басты сұрақ: қазақ тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек?Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс -тәсілдерді,технологияларды қолданған жөн?

 

Автор Боровская Надежда Карловна
Дата добавления 24.03.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров 510
Номер материала 58554
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓