Главная / Другое / ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА МҰҒАЛІМ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА МҰҒАЛІМ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Амралина Құралай Айткеновна

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруымен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықты игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді.

Жалпы алғанда, құзыреттілік дегеніміз- жеке тұлғаның белгілі бір мәселені шешудегі өзара байланысты білім, білік дағдыларының жиынтығы және адамның жеке өзінің іс- әрекет, қызмет саласына сай құзыреттерді меңгеруі. Шығармашылық жұмыстар жүргізу арқылы оқу пәніне деген қызығушылығын дамыта отырып, оқушы әлемдегі өзгерістер мен жаңалықты қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей байланыс жасай алатын, өзінің жеке ойлау мүмкіншілігі бар дара тұлғаға айналады. Ал мұғалімнің негізгі мақсаты осы қажеттіліктерді тұлғаның санасына жеткізе алуында.
Қазіргі аса қарқынды өзгерістерге толы білім беру жүйесінде педагогке, яғни біздерге, қойылатын талап та ерекше екендігі түсінікті. Бұл мынандай фактілерге байланысты:

оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану,

топтық жұмыс дағдыларын дамыту,

әрекеттерге үйрету,

нақты ситуацияларды талдау.

Қазіргі заман талабына сай мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ.

Күнделікті сабақта білімді толық игеру үшін оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, еркін сөйлеуіне, өз ойын ашық және толық айтуға үйрету, ой-өрісін кеңейту - оқытудың ең басты мақсаты деп білемін. Әрбір оқушыны өз мүмкіндігіне қарай, жас ерекшелігіне қарай білім, дағды алатындай етіп оқытуымыздұрыс.
«Мектептің жүрегі - жақсы мұғалім» деп ұлы даланың дана педагогы Ыбырай Алтынсарин айтқандай, бүкіл мемлекеттің, тұтас ұлттың болашағы – ұстаздардың қолында. Жеке тұлғаның танымдық үрдістерін дамытуда, сондай-ақ, білім, білік, дағдыны, жалпы дүниетанымын қалыптастыруда оқыту әдістерін, жаңа оқыту технологияларын оқыту үрдісінде тиімді пайдалана білу мұғалім шеберлігіне байланысты. Қазіргі заман талабына сай «қазақ тілі» пәнін оқытуда жаңа тақырыптарды оқушылардың өздеріне меңгере алатындай беру, ізгілендіру, түрлендіру, тұлғаға бағытталған білім беру ұстанымдары арқылы жүзеге асырылады. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген танымал әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Оқушылардың сөздік қорларын молайту мақсатында диалогты оқыту әдістері мен сыни тұрғыдан ойлауды дамыту және визуальды әдістерді қолдану, АКТ құзыреттілікттерін арттыру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс, ғаламтор арқылы мәлімет жинақтап жүйелеу тапсырмаларын дайындауды сабағымда дәстүрлі қолданамын. Әр сабағымда презентациялар қолданып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрететін жұптық, топтық тапсырмалармен жұмыс жасаймын. Орташа және білім деңгейі төмен оқушылар арасында пәнге деген қызығушылықты арттыруда, бірлескен оқу жүргізу үшін қолжетімді тапсырмалар, қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне қарай тапсырмалар беріледі. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, сөздік қорларын молайтады. Оқушылармен жеке, жұппен, топпен жұмыс жасалады.Топта талқылап, өз жауаптарын беруде оқушылар бойында ерекше дербестік байқалады. Оқушылар бір бірімен қызыға отырып, мәтінді қаншалықты меңгергені жөнінде өздерінің ойлау, сөйлеу қабілеттерінің жоғары екендерін көрсетті. Ойды түйіндеу бөлімінде оқушылармен «Жалғастыр» әдісі, «Серпілген сауал» әдісі , «Құрастыр, одан кейін жауап бер» әдісі, «Детальдарды қосу» әдісі, «Екі жұлдыз бір ұсыныс» әдісін сабағымда пайдаланамын.

Н.Ә.Назарбаев «Инновациялық білім арқылы экономикалық білімге» атты дәрісінде: «Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енудің негізгі міндеті жоғары мамандандырылған білікті де білімді азамат, ғылыми технологияны оңай меңгеріп, нарықтық экономикада өзін-өзі басқара алатын және алған білімін өмірде қолдана білетін болса, тек сол уақытта жүзеге асыру мүмкін» деген болатын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Журнал «Қазақстан мектебі», №12, 2010
2.Журнал «Қазақстан мектебі», №8, 2010
3.Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4 б.
4.Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
5.Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев.
Педагогика. – Алматы, 2002.

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА МҰҒАЛІМ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
  • Другое
Описание:

 –оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану,

–топтық жұмыс дағдыларын дамыту,

–әрекеттерге үйрету,

–нақты ситуацияларды талдау.

Автор Амралина Куралай Айткеновна
Дата добавления 26.11.2014
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 1058
Номер материала 5637
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓