Главная / Начальные классы / Қазақ тілі пәнінен "Зат есімнің септелуі" тақырыбы

Қазақ тілі пәнінен "Зат есімнің септелуі" тақырыбы

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі

Сабақтың мақсаты:

  1. Зат есімнің көптік жалғауы, тәуелсіздік жалғауы, жіктік жалғауы туралы алған білімдерін пысықтау. Зат есімнің септік жалғауы туралы жалпы мағлұмат беру.

  2. Зат есімді септей білу дағдыларын қалыптастыру.

  3. Сабақ барысында ізгілік, кішіпейілділік, мейірімділік сияқты адами қасиеттерді қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

Кіріспе бөлім.

Сұрақ жауап әдісі арқылы зат есім жайлы алған білімдерін пысықтау. Осыдан кейін зат есімнің жалғауларына тоқталу.

Зат есімнің көптік жалғауы туралы алған білімдерін төмендегі кестені толтыру арқылы еске түсіру ұсынылады.

Көптік жалғаулар

Мысалдар

-лар,-...

арқар-лар,...

-...,-...

...-дар,...-...

-...,-...

...

Сол сияқты зат есімнің тәуелдік жалғауы да осылай еске түсіріледі.

Дауысты дыбыстан соң

Мысалдар

  1. жақ. м,-мыз,-міз

Менің әжем.Біздің әжеміз.

Біздің атамыз.

  1. жақ.-ң,-ңыз,-ңіз

Сенің әже...Сендердің әжелер...

Сіздің әже...Сіздердің аталар...

Сіздердің әжелер...

  1. жақ.-сы,-сі

Оның әже... Олардың әже...

Негізгі бөлім

Сонымен зат есімнің көптік жалғауы, жіктік және тәуелдік жалғаулары барын білеміз. Бүгін зат есімнің септік жалғауымен танысамыз. Қазақ тілінде жеті септік бар. Бұл септіктермен мына өлеңді оқи отырып танысамыз.

Септіктер

Сұрақтары

Мысалдар

Атау

Кім?не?

Марат, күнделік

Ілік

Кімнің?ненің?

Мараттың,күнделіктің

Барыс

Кімге?неге?

Маратқа, күнделікке

Табыс

Кімді?нені?

Маратты,күнделікті

Жатыс

Кімде?неде?қайда?

Маратта, күнделікте

Шығыс

Кімнен?неден?

Мараттан, күнделіктен

Көмектес

Кіммен?немен?

Маратпен,күнделікпен

  • Сонымен қазақ тілінде неше септік бар? Әрқайсысын жеке атап шығыңдар.

  • Септік жалғауларының қызметі қандай? (Жауап: сөз бен сөзді байланыстырады.)

Оқулықтағы жаттығулар орындалып. Ереже түсіндіріледі. Жаттығулар жазбаша түрде орындалады. Зат есімді тапқызып, олардың қай септікте тұрғаны анықталады.

Сабақты қорыту.

Үйге тапсырма:5-жаттығу.




Қазақ тілі пәнінен "Зат есімнің септелуі" тақырыбы
  • Начальные классы
Описание:

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі

Сабақтың мақсаты:

1.     Зат есімнің көптік жалғауы, тәуелсіздік жалғауы, жіктік жалғауы туралы алған білімдерін пысықтау. Зат есімнің септік жалғауы туралы жалпы мағлұмат беру.

2.     Зат есімді септей білу дағдыларын қалыптастыру.

3.     Сабақ барысында ізгілік, кішіпейілділік, мейірімділік сияқты адами қасиеттерді қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

Кіріспе бөлім.

Сұрақ жауап әдісі арқылы зат есім жайлы алған білімдерін пысықтау. Осыдан кейін зат есімнің жалғауларына тоқталу.

 

Зат есімнің көптік жалғауы туралы алған білімдерін төмендегі кестені толтыру арқылы еске түсіру ұсынылады.

Автор Шаяхметова Кызжибек Картбайкызы
Дата добавления 19.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Планирования
Просмотров 322
Номер материала 54402
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓