Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыҚазақ тілі пәнінен "Тіл- халық мәдениетінің айнасы" тақырыбы

Қазақ тілі пәнінен "Тіл- халық мәдениетінің айнасы" тақырыбы

Скачать материал

Лексикалық тақырып:  Тіл-халық мәдениетінің айнасы

Грамматикалық тақырып:    Етістіктен өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

1.      Етістіктен алған білімдерін нығайту, оқыған материалдарынан қажетті мәліметті өзара меңгеруге дайындық жүргізу.

2.      Тіл-халық мәдениетінің айнасы яғни, өз тілімізді құрметтеу, қастерлеу,

тіл байлығын дамыту. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.

3.      Тәуелсіз туған елін, жерін сүюге, еліне деген мақтаныш, сүйіспеншілік көзқарасты қалыптастыру, қазақ тіліне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:анализ -синтез, сұрақ –жауап, баяндау.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру:

                                    А) түгендеу.

                                   Ә) оқу құралдарының орында болуын қадағалау.

Үй жұмысын тексеру:

Оқушылар, біздің бүгінгі ашық сабағымыз Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналғандықтан үй тапсырмасы да Тәуелсіз Қазақстан тарихы бойынша сұрақтарға шолу жасаймыз.

1.Қазақстан егемендігі туралы декларация қай жылы қабылданды?

- 1990 жылдың 25 қазан күні қабылданды.

2.  Қазақ ұлы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа қай жылы ұшты?

-  Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы – қазақтың тұңғыш ғарышкері  1991 жылы 2 қазанда  Байқоңырдан «Союз ТМ-13»  кемесімен ғарышқа ұшты. 

3. Тәуелсіздікті қай жылы алдық?

1991 жылы 16 желтоқсан күні - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы» Қазақстан  Республикасының Заңы қабылданды.  Қазақстанның бұл қабылданған Заңы бұрынғы КСРО елдерінің  ішінде ең соңғы заңы болып табылады.

4.Қазақстан – «Еуразияның кіндігі» деп неліктен аталған?

- Өйткені Еуропа мен Азияның дәл ортасында орналасқан.

5. «Тіл туралы заң» қашан қабылданды?

- 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы қабылданды.

6. Еліміздің жер көлемі неше шаршы шақырымды алып жатыр?

2,749 мың км

7. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы қанша шақырым?

15 000 мың км

8. Солтүстіктен - оңтүстігіне дейінгі шекарасы қанша шақырым?

- Солтүстіктен оңтүстікке дейін 1500 шақырым.

9. Қазақстанда қанша облыс бар?

-14

10. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

- 130 астам

11. Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?

- Қазақстан жері ұлан- ғайыр. Солтүстіктен оңтүстікке дейін 1500 шақырым болса, батыстан шығысқа дейін 3000 шақырымды алып жатыр. Оның батысы Каспий теңізімен, шығысы Алтай тауымен, оңтүстігі Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, ал солтүстігі Ресеймен шектеседі

12. Халқының саны бойынша Қазақстан әлемде нешінші орын алады?

- 56 орында

13. Қазақстан БҰҰ – ға қай жылы мүшелікке қабылданды?

- 1992 жылдың  2 наурызында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды.

14. Қазақстан Республикасының халық саны қанша?

- 16 млн 800 мың адам

15. Ұлттық валюта – теңге қашан айналымға енгізілді?

- 1993 жылы 15 қарашада ҚР – ң Ұлттық ақшасы - теңге айналымға енді.

16. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы қашан қабылданды?

- 1995 жыл, 30 тамыз.

17. Қазақстанда қай жылы «Денсаулық жылы» деп жарияланды?

 - 2002 жыл – «Денсаулық жылы»  деп жарияланды

18. Қай жылы Алматы қаласында «Тәуелсіздік ескерткішін орнату туралы» қаулысы шықты?

 - 1995 жылы 3 шілдеде Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Алматы қаласында Тәуелсіздік ескерткішін орнату туралы» қаулысы шықты.

19. Қазақстанда «Қазақ тілін қолдау» жылы қай жыл?

 - 2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы.

20. Қай жылдар «Ауыл жылы» болып жарияланған еді?

- 2003 – 2005 жылдары.

Сандар сөйлейді.

Оқушылар мына тұрған сандар не дейді? Соны айтыңдаршы?

1945

2000

1991

22

1997

98

1999

2003

15

1945 – Ұлы Отан соғысы аяқталған жыл.

2000 – «Мәдениетті қолдау» жылы.

1991 – Тәуелсіздік алған жыл.

22 – Наурыз мерекесі

1997 – Тіл туралы заң қабылданды.

98 – Конституциядағы бап саны

1999 –  Ұрпақтар бірестігі мен сабақтастығы жылы 

2003 – «Ауыл» жылының бастамасы

15 –  қараша теңге күні

Үй жұмысын қорыту

 Жаңа сабақ:

Мұғалім:  Бүгін біздің осылай жиналып отыратынымыз – өмірдің бізге берген ұлы бақытының арқасы. Ол бақыт – бейбітшілік пен бірлік, ол бақыт – тәуелсіздік. Тәуелсізімізді, еркіндігімізді баянды етер басты қаруымыз – туған тіл. Ананың бал сүті мен бойға сіңіріп, асыл әлдиімен жанға дарыған тілімізді қадірлейік, мәртебесін асырайық, - деп өткізгелі отырған ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Балалар, ұлы Абай атамыз:

«Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас»,- деп нені айтқан?

Оқушылар: Тілімізді айтқан.

Мұғалім: Олай болса тіл дегеніміз не ол? Тіл деген ұғымды кім қалай түсінеді екен?

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

                                      Тіл                   

Мұғалім:  Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай қасиетті мұрамыз, ана тіліміз - қазақ тілі. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Тіл тағдыры - өзін Қазақстан азаматымын деп санайтын баршаның ортақ ісі» деп атап көрсеткен.

     Қазақ тілі дүниежүзіндегі ең бай да бейнелі тілдің бірі. Тіл байлығы - әр елдің мақтанышы. Осы мақтанышымызды сабақ үстінде көрсете білейік.

Ал, қазір «Мақал – сөздің маржаны».

Тіл, Отан туралы мақал – мәтелдердің басын мен айтамын, ал   мақал – мәтелдерді сіздер жалғастырыңыздар.

      1.Туған тілім – тірлігімнің ... /айғағы/

2. Туған жер  ... /алтын бесік/

      3.Өнер алды ... / қызыл тіл/

4.Тіл тас жарады .../ тас жармаса бас жарады/

5.Ана тілің – арың бұл ... /ұятың боп тұр бетте/

6. Бейбіт елде  ... / береке бар/

7. Отан оттан да ... /ыстық/

8. Отан үшін отқа түс ... /күймейсің/

9. Отансы адам ... /ормансыз бұлбұл/

10.  Тіл  ... – қылыштан /өткір/

«Кім жүйрік?» деген ойын  ойнауға шақырамын. Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестерінің баламасын кім жылдам айтады екен?

-         Ит арқасы қиянда - / Алыс/

-         Қой аузынан шөп алмас - /Жуас/

-         Бір тұтам - / Кішкентай/

-         Қызыл кеңірдек - /Дауласу/

-         Қыздың жиған жүгіндей  - /Әсем/

-         Төбе шашы тік тұрды - /қорқыу/

-         Тайға таңба басқандай - /анық/

«Кім жедел?» ойыны.

Төмендегі сөздерге лайықты сөздерді тауып тіркестіріңіздер.

Жайнаған ......                                Өнерлі .....

Еңбектеген .....                              Салауатты .....

Айтылар .....                                  Көркейген ...

Істейтін ....                                    Бақытты ....

Егеменді .....                                  Азат ....

Ойлан. Ізден. Тап!

Мына тізбек бойынша сөз тіркесін жаса.

1.      Зат есім – зат есім.    /бейбітшілік бірлігі/

2.     Есімдік – зат есім.      /өз елім/  

3.     Сан есім – зат есім.    /20 жыл/

4.     Сын есім – зат есім.   /Гүлденген ауыл/

5.     Зат есім – етістік.      / Әсемдік жарасады/

«Сөз тізбек» ойыны.

Шарты: Әр сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөздер тізбегін жасау.

       Үлгі: Қазақ - Қазақстан – назар – Райхан – Наурыз – заман т/б

    Оқушылар, өткен сабақтарда біз сөз таптарын қайталап, етістік сөз табына тереңірек тоқталып өткен болатынбыз.

Жалпы сөз таптарын қазақ тілінің қай саласы зерттейді? /морфология/ Әрине, морфология саласы зерттейді. Соның ішінде етістік сөз табында нешінші болып тұр?  -5.

      Енді балалар, біз тәуелсіз елде тұрып жатқандықтан біз өзіміздің тілімізді жан – жақты меңгеріп игеруіміз керек, Сонда ғана сауатты, білімді, көкірегі ояу азамат ретінде танылып, елімізге қызмет атқара аламыз.

     Ол үшін логикалық тапсырмалармен қатар грамматикалық тапсырмаларды қатар алып жүруіміз керек деп ойлаймын. Сондықтан

Төмендегі сөздерге Фонетикалық талдау жасайық.

-         Тәуелсіз Қазақстан.

-         Егеменді

-         Бейбітшілік

-         Бірлік

Мына мақалдарға морфологиялық талдау жасайық.

1.     Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді.

2.     Туған жер – алтын ұя.

Синтаксистік талдау жасау.

1.     Қазір біздер ата – бабамыз армандаған Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз.

2.     Біздің алдымызда ұлы мақсаттар тұр.

3.     Жас кезімізден біздер еңбекқор болсақ, білім мен ғылымға ынталансақ, еліміздің болашағы жарқын болмақ.

 «Ой толғау» кластер арқылы жұмыс істеу.

Үлгі

 ............................ қазақпыз,

............................. азатпыз.

.............................. бермейміз,

.............................. өрлейміз.

Оқушылар өлең сөздерінің бас жағын өздері толтырып, өлеңді аяқтайды.

 

Төмендегі кестеге мысал жаз.

Заттық ұғым

 Сындық ұғым

Сандық ұғым

Қимылдық ұғым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызба карточкамен жұмыс.

/Оқушылар өздері сөйлем құрайды/

Тестпен жұмыс істеу.

Рефлексия

Не білдің? –

Сұрағың –

Пікірің –

Бағалау

Сабақ қорытылып, үйге тапсырма беріледі:

Эссе. Туған жер – алтын ұя.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі пәнінен "Тіл- халық мәдениетінің айнасы" тақырыбы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Электронный архивариус

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Лексикалық тақырып:  Тіл-халық мәдениетінің айнасы

Грамматикалық тақырып:    Етістіктен өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты ретінде: 

1.      Етістіктен алған білімдерін нығайту, оқыған материалдарынан қажетті мәліметті өзара меңгеруге дайындық жүргізу.

2.      Тіл-халық мәдениетінің айнасы яғни, өз тілімізді құрметтеу, қастерлеу,

тіл байлығын дамыту. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.

3.      Тәуелсіз туған елін, жерін сүюге, еліне деген мақтаныш, сүйіспеншілік көзқарасты қалыптастыру, қазақ тіліне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

 

Сабақтың әдісі:анализ -синтез, сұрақ –жауап, баяндау.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 915 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.12.2014 633
    • DOCX 21.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аязбекова Зауреш Каримовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аязбекова Зауреш Каримовна
    Аязбекова Зауреш Каримовна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3938
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 783 человека из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 842 человека

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 782 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов

Мини-курс

Психосемантика и социальная психология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе