Главная / Другое / Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ: "Есімшенің түрлері"

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ: "Есімшенің түрлері"

Сабақтың тақырыбы: Есімше

Мақсаты:

1. Білімділік: Есімше, оның негізгі ерекшелігін еске түсіре отырып, есімшенің жасалуы, түрлері туралы түсінік беру, әрбір жұрнақ түрлерінің шаққа қатысын меңгерту, мәтіндерден есімшелерді құрамына талдай білуге дағдыландыру;

2. Тәрбиелік: адамгершілікке, әдептілікке, Отансүйгіштікке, имандылыққа, өнегелікке тәрбиелеу;

3. Дамытушылық: танымдылық белсенділігін арттыру, сауаттылыққа баулу, алған білімі негізінде ойлау қабілетін дамыту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту;

Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау, салыстыру, жинақтау.

Көрнекілігі: 1. Сызба

2. Мазмұнды суреттеу

3. Жалғастыруға арналған мәтін

Пәнаралық байланыс: бүгінгі өмірмен, халықтық педогогикамен, әдебиетпен.

Технология: деңгейлеп оқыту, проблемалық оқыту.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Жүрісі: Ұйымдастыру

2. Өткен сабақ (міндетті оқушылық деңгей)

1. Етістік дегеніміз не?

2. Етістіктің құрамына қарай түрлері:

Е Н Е Г І З Г І

Т

І Т У Ы Н Д Ы

С

Т Д А Р А

І

К К Ү Р Д Е Л І



3. Мағынасына қарай түрлері:

Е БОЛЫМДЫ (мысал)

Т

І БОЛЫМСЫЗ (мысал)

С

Т САБАҚТЫ (мысал)

І

К САЛТ (мысал)



4. Етістер

Е ӨЗДІК (мысал)

Т

І ӨЗГЕЛІК (мысал)

С

Т ЫРЫҚСЫЗ (мысал)

е



ОРТАҚ (мысал

III. Жаңа сабақ

Мақсаты: Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру.

1. Есімше дегеніміз не?

2. Мысал

3. Есімше қалай жасалады?



4. Тақтаға сызба ілінеді. Сол бойынша сабақ түсіндіріледі. (1 сатысы)

Мақсаты: сабақтың білімдік мақсаты орындалуы тиіс.

1. – қан, - кен, - ған, - ген - өткен шақ есімшелері.

2. – ар, - ер, - р - болжалды келер шақ есімше.

3. – мақ, - мек,- пақ,- пек,- бақ,- бек - мақсатты келершақ есімшелері.

4. – атын,- етін, - итІн,- йтын - ауыспалы кңелер шақ

Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шақпақ.

Наданның көзін қойып, көзін ашпақ.

Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер

Думан – сауық ойда жоқ әуел баста - ақ.

Жағытұрым қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан - жануар, адамзат анталаса,

Ата - анадай елжірер күннің көзі.

Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, бие жарысқан.

Үш шумақтың мақсаты – білімін тиянақтау.

А) шақ түрлеріне қатысты еске түсіріледі (білімін кеңейту)

Ә) Үндестік заңына қатысын айтқызу (проблемалық сұрақ)



«Есімшені тап» көрнекілігін пайдалану

Мақсаты: өтілген тақырыпты жүйелеу, танымдылық қабілетін арттыру.



Ι – топ. Мәтінді жалғастыр. Тақырып қой, есімшелерді құрамына талда.

Мақсаты: оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл мәдениетін жазбаша түрде арттыру, ойын жазбаша жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру

Күшікті бұл үйшікке әкелгеніне көп болған жоқ. Иесі де өзі сияқты кішкентай, жуас, мұрнының асты қызарып кеткен, кетік тіс қара бала.....

ΙΙ - топ.

251 - жаттығу. Құрамына талдау, есімшенің қай сөз табынын орнына қолданылып тұрғанын табу.

ΙΙΙ - топ. Корчкамен жұмыс.

Мақсаты: жаңа сабақтан алған білімін бақылау.

№ 1. Қажетті жұрнақтарды жалғап есімше жаса.

Жұрнақтар: - ған,- ген,- қан.

- р, - ар, - ер

1. Айт..., көр..., бар....,

2. Сөйле..., айт..., бер...,

№ 2 Мақалды жалғастыр, есімшені тап.

1. Талапты ерге........

2. Ерінбеген...........

3. Еріншектің................

4. Семіздікті...............

ΙV. Шығармашылық деңгей.

Мақсаты: Жаңа сабақта қалыптасқан ұғым – түсініктерінің қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде

жаңаша белгілеген дәрежеде жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығару,

оқулыққа сүйенбеу керек.

1. Сурет бойынша әңгіме.

2. Өлең шумағын жалғастыр.

Жеке оқушымен жұмыс.



Сөз таптары

мысалдар барды парта қара жетеу олар орынды оқыған

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Есімдік

Етістік

Есімше

Ырықсыз етіс



V. Бекіту.

1. Есімше қай шақтарға қатысты болады?

2. Есімше қалай жасалады?

3. Есімшенің жұрнақтарын ата.

4. Мысал келтір.

Үйге тапсырма.

1. 252 - жаттығу. (ΙΙΙ топ)

2. 3 жұмбақ, 3 мақал – мәтел жазып, жаттау

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ: "Есімшенің түрлері"
  • Другое
Описание:

Оқушыларға есімшенің түрлерін көркем мәтіннен еркін ажырата білуге дағдыландыру.-Ған,-ген,-қан,-кен өткен шақ формасындағы бір нұсқалы төрт жұрнақтың фонетикалық сипатын жетік менңгерту.Дауыссыз дыбысқа біткен жуан буынды етістікке -ған нұсқасы жіңішке буынға біткен -ген нұсқасы қатаң дауыссызға біткен жуан буынды етістікке -қан нұсқасы қатаң жіңішке буынға біткен етістікке -кен нұсқасы жалғанатынын оқушы түйсігіне жеткізу.Барыс септігіндегі -ған жалғауымен айырмашылығын меңгерту.Есімшенің -ар,-ер,-р нұсқалары болжалды келер шақты білдіретінін түсіндіре отырып етістіктің тұлғасынан кейін -с нұсқасы келетінін ұғындыру;

Автор Капашева Кымбат Кабатаевна
Дата добавления 27.02.2015
Раздел Другое
Подраздел Тесты
Просмотров 535
Номер материала 57206
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓