Сабақтың тақырыбы: Қарама-қарсы мағыналы сөздер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мағынасы
қарама-қарсы сөздерді меңгерту және сөз мағынасына мән беруді үйрету,түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте
сақтауын және тілін,сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Тез ойлауға,дұрыс
шешім қабылдауға, сауатты жазуға,бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. Халық педагогикасын
дәріптеуге үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: Түсіндіру,
сұрақ-жауап, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта,слайдтар,суреттер
Күтілетін нәтиже: Сөздің
қарама-қарсы мағынасын жетік білетін тұлға қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс:
Дүниетану,ана тілі,музыка
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Психожаттығу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Сурет бойынша әңгіме
құрастыру
III. Жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар,бүгінгі
сабағымызға қонақтар келіп отыр.Қонақтарға көрсететін өзіміздің білімімізді
жинақтап алайық, олардың алдында ұятқа қалмайық. Бар білімімізді көрсетейік.
Ал,енді балалар топқа
бөлінейік.(мақал-мәтел арқылы топқа бөлінді)
Қуан,шаттан! Қуан,шаттан! Қуанатын күн
бүгін.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
II. Үй тапсырмасын тексеру. 3-жаттығу.
Жақша ішіндегі
сөздердің тиістісін қойып,мәтінді көшіріп жаз.
III. Жаңа сабақ.
Ой сергек - Балалар, бәріміз
терезеге қарайықшы,қазір жылдың қай мезгілі? Қыс. - Қыс мезгілі туралы не
айтуға болады? – Қыста күндер суық болады.Күндер қысқарып,күннің көзі көрінсе
де,жылынбайды.Өзен көлдің үстімен жұрт жүре бастайды.Қалың қардан шөптің басы
көрінбейді.Қыстыгүні күшті аяз тұрады.Үскірік борандар да аз болмайды.Үйлерге
пеш жағамыз.Құстарға азық табу қиын болады,сондықтан құстарға қамқор болуымыз
керек. Тау басында
түспейтін,
Қар көбейді
алапта.
Білесің бе,қыс
кейпін,
Жер ағарды
заматта.
Слайдта
көрсетілген суреттерден қарама-қарсы сөздерді табайық:үлкен-кіші,аз-көп,биік-аласа,қалың-жұқа,алыс-жақын,
жақсылық-жамандық еңбекқор-қатыгез жақсы-жаман, мейірімді-мейірімсіз. Сонымен,
қарама-қарсы сөздер дегеніміз-олар бір сөз табынан болады және олардың
мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болады.
Дәптермен жұмыс.
1-жаттығу.Берілген сөздерге
қарамақарсы мағыналы сөздерді тауып жаз.Өзің қалаған үш сөзбен сөйлем
құрастыр. Жарық-қараңғы.
Алыс-жақын.Қисық-түзу.Қалың-жұқа.Жеңу-жеңілу.
Жасару-қартаю.Ұйықтау-ояну.Тоңу-жылыну.
Бүгін ай жарық екен.Ертең ертерек ояну керек.Айгүл менің жақын құрбым.
Жарайсыңдар,тапсырманы
орындадық.
Келесі тапсырма:2-жаттығу.Сөйлемдерді оқып,қарама-қарсы мағыналы сөздерді
тап. –Сен
десе,жұрт таласады,мен десе,сырт қарасады.Сен тәттісің,мен
неге ащымын?Достым,соның сырын ашшы!-деді Қызыл бұрыш Қарбызға.
Келесі тапсырма 3-жаттығу. Сөйлемдердегі
қарамен жазылған сөздерді қарама-қарсы мағыналы сөздермен ауыстырып жаз.Кит
туралы мәлімет.
Ертегіде «балық үлкені-кит»деп айтылатыны бар.Мұндай сөзді ертегіден
ғана кездестіруге болады,өйткені кит балық емес.Ол балық секілді желбезекпен
емес,өкпемен дем алады.Кит су астында ұзақ уақыт болғанымен,ауа жұту
үшін су үстіне шығуына тура келеді. Адамдар
китті ертеден бері аулап келеді.Олар оның етін,сүйегі мен терісін
пайдаланады.Ал киттің мұрты өте пайдалы.
Сергіту сәті
Қане,қанат
жазайық
Қарлығаш боп
ұшайық.
Ұшып,ұшып
алайық
Орнымызға қонайық. Ал,балалар,келесі
тапсырманы
орындайық
4-жаттығу.Ребусты шешсең,қарама-қарсы мағыналы сөздер шығады.Сол сөздермен
сөйлем құрастырып
жазыңдар.
Балалар ребустың шешуін табады.Ребустың шешуі-икемді-олақ.
Айжан-үй шаруасына өте икемді
қыз.Олақтық-жаман әдет.
Икемді және олақ сөздеріне түсінік
беру. Постер
жасау.
Балалар біз жуырда қандай мерекені тойладық?
Иә,дұрыс айтасыңдар,16-шы желтоқсан-Тәуелсіздік
күні. Елдің биік шоқтығы, Биік
абырой,бедел
де.
Бостандықтың көк туы Желбірейді
төбемде.
Аялайды туымды Қуаныштың
үні
кеп.
Ардақтаймыз бұл күнді Тәуелсіздік
күні деп. Тұманбай
Молдағалиев ағамыз айтқандай,біздің қазақ мал да бақты,жер де жыртты,бұл күнді
ардақты аталарымыз да армандады.Сонымен қатар,қазақ елін бүкіл ел
таныды.Отанымыз жылдан жылға өркендеп,көркейіп келеді.Әрине,бұл елбасымыздың
саясатының
арқасында.
Ал балалар,Отан,Тәуелсіздік туралы өлеңдер білеміз
бе? Балалар өнерлерін
көрсетеді.
Енді,сол мерекеге атап бір тосын сый жасайық,яғни постер жасаймыз.Қай топ
постерді керемет етіп жасайды,оны
көреміз.
Оқушылар тапсырманы орындайды,мұғалім
түйіндейді. Сабақты
қорытындылау.
Оқушыларға карточка үйлестіріледі.Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы
сөздерді тауып сөйлем құрастыру.
Балалар,бүгінгі сабақ ұнады
ма,несімен ұнады?(балалардың жауаптары)
Үйге тапсырма:109 бет
5-жаттығу.
Бағалау.Оқушылар өздері бірін-бірі бағалайды
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.