Главная / Начальные классы / Қазақ тілі "Қой (ғой ), қана (ғана), -ақ,-ау шылаулары" (4 сынып)

Қазақ тілі "Қой (ғой ), қана (ғана), -ақ,-ау шылаулары" (4 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Қой (ғой ), қана (ғана), -ақ,-ау шылаулары.
Сабақтың мақсаты: 1) Қой, ғой, қана, ғана, -ақ,-ау шылаулары өздері қатысты болып келген, сөздерге шектеу, нақтылау, өтіну мағыналарын үстейтіндігі туралы түсінік беру. Шылау туралы алған білімдерін қорытындылау.
2) Білім деңгейлерін нығайту, жетілдіру. Сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
3) Сауатты, көркем жазуға, ізденімпаздыққа, мақсатқа жете білуге, көпшіл, кішіпейіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнектілігі:Интерактивті тақта, тест, үлестірмелі карточкалар.
Пәнаралық байланыс:
әдебиетік оқу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
а)Психологиялық дайындық:

Біз білімді баламыз

Күнде бестік аламыз

Жалқаулықты тастаймыз

Жаңа сабақты бастаймыз
2. Балалар, бүгінгі сабағымызда біз «Шылау» ауылына саяхат жасаймыз. Саяхатқа автобуспен барамыз.
3-Слайд. (Автобустағы балалар ).
4-Слайд. (Карта. Сөз таптары елі).
2)Өткенді пысықтау.
1. Мына картадағы сөз таптары елі онда, бірнеше ауыпдар бар оны біз білеміз. Біз білмейтін «Одағай» ауылы туралы келесі сабақтарда танысамыз.
Бүгін ерекше тоқталатынымыз «Шылау» ауылы.
4.- Ендеше, балалар «Шылау» ауылы туралы не білеміз.
- Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді шылау дейміз.
- Шылаулар: мен, бен, пен, ж/е, да, де, та, те, ма, ме, ба, бе, па, пе, 
Дейін, шейін, қана, ғана, қой, ғой, -ақ, үшін, туралы.
5-Жақсы, шылау ауылы туралы білетін болдық.
5-Слайд. (5-Ауылдың суреті).
- Сөз бен сөзді байланыстыратын ауыл туралы не айтамыз.
- Мен, бен, пен, ж/е шылаулары сөз бен сөзді байланыстырады.
- Сөзге күшейту, анықтау мағыналарын үстейтін ауыл туралы ше?
- Да, де, та, те шылаулары өзі тіркескен сөздеріне күшейту анықтау мағыналарын үстейді.
- Сөздерге сұраулық мағына үстейтін ауыл туралы кім айтады?
- Ма, ме, ба, бе, па, пе шылаулары өздері қатысты сөздерге сұраулық мағына үстейді. Қайталаған ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының арасына үтір, соңғысынан кейін сұрақ белгісі қойылады.
- Сөзге үстеме мағына беретін ж/е сөздің септік жалғауда тұруын қажет ететін ауыл туралы не білеміз ?- Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары өзі қатысты сөзге үстеме мағына береді. Бұл шылаулар өздері қатысты сөздің септік жалғауда тұруын қажет етеді.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
6-Слайд.
Шығармашылық тапсырма

Оқушылар жануарлар ... көптеген мәлімет жинады.Ертеде билер халық ... әділ заңдар жасаған. Есіктен төрге ... ойыншықтар мен киімдер шашылып жатыр. Егіншілер таңертеңнен кешке... егіс басында жұмыс істейді.

- Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойып,сөйлемдерді жаз.

-Шылаулар қай септіктегі сөздермен тіркесіп тұрғанын анықта.
Ауыл көшелері қой (ғой), қана (ғана ), -ақ деп аталады екен.
3. Жаңа сабақ.
7 слайд..
Тақтаға төмендсгі үлгідегідей мысал жазылады.

1. Гүлнар, әжеңе жүн түтуге көмектесе ... . 2. Серуенге Аслан ... денсаулығына байланысты бара алмай қалды. 3. Күнім-далада көп жүрдің ... . 4. Өрістен қызыл сиыр келмеді ... .

Оқушылар мынадай тапсырмалар орындайды:

Көп нүктенің орнына шылауларды қойып, сөйлемдерді оқиды.

-Қой,ғой шылаулары өзі тіркескен сөзбен бірге сөйлемде баяндауыштың қызметін атқарады.

-ақ,-ау шылаулары өзі тіркескен сөзден дефис арқылы бөлініп жазылады.

Енді 1-жаттығуды ауызша орындап, шылауларды тауып, өзге шылаудан айырмашылығын айтамыз (оқулықпен жұмыс жасаймыз 165 бет)
8 слайд. Сөйлемдер жазылған.
1)Шырылдап жерге түскеннен іздейтінің бір-ақ жан.
2) Торғайдың сондағы жем жегенін көрсең ғой.
Осы сөйлемдерді мысал ете отырып оқушылар ойын толықтырып, жаңа тақырыпты түсіндіремін.
Соңынан екі сөйлемнің
әдебиеттік оқу сабағында оқыған қай әңгімеден алынғанын сұрап өтемін.
1)Б. Бұлқышев «Ана».
2)М. Зверев «Суықторғай»

9 Слайд. (Сергіту сәті)

Біз гүлдерше өсеміз

Жапырағы жайқалған

Сабақтары салалы

Әрі – бері ырғалған.

10 слайд. - Балалар, ауыл деген қандай керемет, айнала жасыл желек, шөптер, қырдың қызғалдақтары да жайқалып өсіп кетіпті.
Ендеше осы гүлдерден теріп алып жақындарымызға, достарымызға сыйлайық.
Бұл қызғалдақтары теру үшін 2-жаттығуды орындау керек. Төменде берілген шылауларды қатыстырып сөйлем құрастыру

11-слайд Бұлақтың суреті.
-«Бұлақ көрсең көзін аш» деген нақыл сөз бар, балалар. Ауыл шетінде бұлақ бар екен бірақ, оның көзі жабылып қалыпты.
Біз 3-жаттығуды мәнерлеп оқып, орындаймыз.Шылаудың өзі тіркескен сөзге қандай мағына үстеп тұрғанын айту.

ІV. Қорытынды.
- Тест тапсырмаларын орындау.
- Шылауларға диаграмма құрады. (оқушылар)
- Бағалау. Рефлексия.
смайликтар таратылады.
V. Үйге тапсырма: 1. Ереже 165-бет, 4- жаттығу.

Қазақ тілі "Қой (ғой ), қана (ғана), -ақ,-ау шылаулары" (4 сынып)
  • Начальные классы
Описание:

Сабақтың тақырыбы: Қой (ғой ), қана (ғана), -ақ,-ау шылаулары.
Сабақтың мақсаты: 1) Қой, ғой, қана, ғана, -ақ
,-ау шылаулары өздері қатысты болып келген, сөздерге шектеу, нақтылау, өтіну мағыналарын үстейтіндігі туралы түсінік беру. Шылау туралы алған білімдерін қорытындылау.

Автор Султагазина Жанар Кайратовна
Дата добавления 10.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другое
Просмотров 1538
Номер материала 56041
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓