Главная / Другое / Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары

«ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ»

Касенова Аида Арғынғазықызы

Б.Момышұлы атындағы шағын орталықты орта мектебінің қазақ тілі

мен әдебиеті пәнінінің мұғалімі

Қазіргі кезеңде егемен еліміздің жас жеткіншектерін алдыңғы қатарлы озық көзқарас негізінде жан-жақты, жарасымды дамыған, қоғамдық - саяси белсенділігі жоғары интеллектуалды адамдар етіп тәрбиелеу басты талаптардың біріне айналып отыр. Тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаев: «Мұғалімдер − қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, «ең сынампаз» бөлігі болып табылады. Білім саласы қызметкерлерінің отаншылдығы халықтың басқа буындарымен салыстырғанда, анағұрлым ауыр қиындықтарды бастан кешіре отырып, жастарға өзінің бойындағы бар білімін беріп қана қоймай, оларды адалдық, адамдық, тазалық, гуманизм, Отанды сүйе білу секілді асқақ сезімдерге тәрбиелеуінен де танылады. Патриотизмнің биік бір белгісі, міне, осы емес пе?» − деп орынды атады.[ 1]

Мектеп- үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Бүгінгі күні біз жаңа дәуір - жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықта өмір сүріп отырмыз. XXI ғасыр – білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді аялап тербиелеп, баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі - ел алдындағы маңызды міндет. Еліміздің қоғамдық - экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, денсаулығы мықты, парасатты азамат тәрбиелеп шығару - мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті. Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары. Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі - білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттарының бірі - баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу. Қазіргі заманға сай жеке тұлға қалыптастыру үшін оған ықпал ететін басты адам ол -жаңашыл, шығармашыл ұстаз. Ұстаздың шығармашылығы мен жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылығының арқасында ғана оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, тәрбиелеу мен жетілдіру барысында жеке тұлға бойындағы ерекше қасиеттерін дамытуға мүмкіндік ашылады.

Бұл жауапты жұмысты жүзеге асыруда орта мектепте өтілетін пәндер арасында қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің алатын орны ерекше. Өйткені, оқушыларға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани - адамгершілік, этикалық - эстетикалық тәрбие беру, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – қазақ тілі мен әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептеледі.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқыту мынадай міндеттерді қамтиды:

1.Жан-жақты әдістемелік шеберлік тұрғысынан ізденіс жасай отырып, бағдарламада көрсетілген сағат аясында тақырып бойынша мүмкіндігінше мағлұмат қарастыру;

2.Сабақ барысында оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетке деген қызығушылығын арттыру;

3.Қазақ тілі мен әдебиет сабағы арқылы оқушыларды эстетикалық әсерге бөлендіру ;

4.Әдеби шығарма, ондағы идея, кейіпкер болмысы, ақындық толғау, суреттеу орамдарына орай ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, халықтық дәстүрді, ұлттық салт-сананы біліп өсуге тәрбиелеу, ықпал ету ;

5.Оқушыларды адамгершілікке баулу, эстетикалық тәрбие беру;

6.Оқушының бойына жақсылық пен ізгілік негізін сіңдіру;

7.Шәкірт санасына асқақ арман, берік сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық қасиеттерін ұялату.[2 ]

Әрбір жеке тұлғаның өзін-өзі тануына, құзіретті тұлға ретінде қалыптасуына қазақ тілі мен әдебиет пәнінің үлкен ықпалы бар. Пәннің тағылымдық мәні, рухани әсер күші, эстетикалық талғамы ұрпақ тәрбиесі үшін айрықша мол. Әдебиет пәнінің тұтас ұлт, жалпы адамзат үшін осындай ерекше ортақ қажеттілігі тұрғысынан келгенде, оған басқа ешбір пән тең келмейтіні аян. Сондықтан ақындардың шығармашылығы бойынша мүмкіндігіне қарай мағлұмат беріп, олардың шығармаларының тарихи мәнін, дәуір тынысын көрсету сипатын аңғарту, сонымен қатар өнерлерімен өзектес болып жатқан өмірлеріндегі өнегелік үлгілерді шәкірт санасына сіңіре білу, құзіреттілікті қалыптастырудағы жұмыс бастауы.

Осы орайда жаңа технологиялар сабақты әр түрлі формада өткізуге мүмкіндік береді, пәнді оқытудың тиімділігін арттырады. Пәнді оқытудың тиімділігін арттыру ең алдымен, күнделікті оқу үрдісін жақсартудан, сабақтың сапасын арттырудан туындайды. Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру ұстаз алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймын. Қазіргі кезеңде елімізде әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған жаңа талаптарға лайықты білім беру жүйесі жүзеге асып келеді. Бұл бағыт оқу-тәрбие үрдісінің педагогикалық теориясы мен іс-тәжірибесін мәнді өзгерістермен халықаралық білім беру деңгейіне көтеруді көздейді. Осы негізде ақпараттық жаңа технологияны қолдану мұғалімге не береді? деген сұрақ туындайды. Ақпараттық технологияны қолдану мұғалім үшін тиімді. Оқушының білімін қысқа уақытта бағалай алуына, білім сапасын арттыруға көмектеседі. Оқушының білімін кез-келген уақытта бағалай алады. Ал ақпараттық жаңа технологияны қолдану оқушыға не береді? Оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігінің өсуімен қатар шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады. Көрнекті түрде тапсырмаларды орындай алады. Ғылыми - зерттеу жұмыстарымен айналысуға көмектеседі. Уақытты ұтымды, үнемді пайдалануға үйретеді. Қайталау мүмкіндігі кеңейеді. Орындаған жұмыстарының қателіктерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады. [ 3 ]

Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл - күй тудыру үшін баланың назары бір нәрсеге бағытталуы керек. Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі қажет. Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызып, шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру қажет. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіру керек деген оймен толық келісемін. Оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта дамытуда әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады. Жеке тұлға бойындағы шығармашылықты дамыту үшін қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында төмендегідей жұмыстарды ұйымдастыруға болады:

- жеке жұмыс;

- әр кезде өлеңдеріне көңіл бөлу;

- шығарма кейіпкерлеріне хат жазу;

- ақын - жазушылар туралы мәлімет жинау, талқылау;

- шығарманы өз бетінше аяқтау;

- мақалаларын, өлеңдерін баспасөз беттерінде жариялау;

- мектепішілік, аудандық, облыстық сайыстарға қатысу;

- сабақ тақырыбына байланысты кездесу ұйымдастыру, мұражай, көрмеге, ескерткіштерге саяхат жасау;

- ғылыми - зерттеушілік әрекетке баулу;

-шығармашылық ойлауын дамытатын ойындар өткізу, сайыстар ұйымдастыру және тағы басқалар.[4]

Жеке жұмыс - оқушылардың сабақта немесе үй тапсырмасын өз бетімен орындау кезінде орындалады. Оқушы берілген тапсырманы орындайды, ал мұғалім тексеріп бағыт-бағдар береді. Мұғалімнің оқушыларды шығармашылыққа үйретуі оқушының өз дербестігін арттырып, пәнге, тіл әлеміне, сөз өнеріне, әдебиеттану ғылымына қызығушылығын арттырады. Оқушының өзін-өзі тануы мен дүниеге көз - қарасын, өзіндік пікір қалыптастыруда шығармашылық жұмыстың мәні зор. Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «…Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері - әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді». Сондықтан ұстаздарға сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу - танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқу уақытының үнемделуі. Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс - әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі.

Сабақ қажетті оқу- әдістемелік құралсыз шешілмейді. Халқымыздың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі, пәні сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші – оқыту ісіне керек құралдар қолайлы, пәнге сай болуы керек»,- деп аталған екі факторды ерекше атап көрсетеді.[5] Сабақ барысында ақынның жанды тұлғасын шынайы және айқын көрсеткен өмір эпизодтары мен деректерді, өмірбаянына қатысты шығармаларды, замандастарының естелігін, түрлі сурет - картиналарды ұтымды пайдалануда ақпараттық технологияның мүмкіндігі зор, әрі дамыта оқытуда көмегі көп. Бүгінде көркем туындыны саналы түрде оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі ұстаздар қауымын ойландырып жүрген жайт. Қазақ тілі мен әдебиет пәнін дамыта оқытуда дамытушылық жаттығулармен жұмыс сөз байлығымен қатар танымдық қасиеттерді дамытып, өзіндік ізденіске жетелейді. Оқушылардың әуезді, ырғақты мәнерлі сөйлеуі мен оқығанын, көргенін, тыңдағанын, ойлағанын, жүйелі, түсінікті етіп баяндауы және адамдармен әдепті әңгімелесуіне сабақтан тыс шаралардың көп көмегі бары баршамызға аян. Пән үйірмелерінде «Өлең сөздің патшасы» көркем оқу сайысы, «Ән көңілдің ажары» ақындар өлеңіне жазылған әндер жарысы, «XXI ғасыр әдебиетшісі» интеллектуалдық ойыны, « Мақал – сөздің мәйегі» атты сайыс, «Сахна сәні» әдеби қойылымдар мен көріністер, «Өнерге әркімнің – ақ бар таласы» көңілді тапқырлар сайысы және т.б. іс-шаралар ұйымдастыра отырып, оқушылардың теориялық білімді меңгеруде ізденімпаздықпен бірге жеке тұлғалық қадір – қасиетін дамыту да көзделеді. Мұғалім оқу-тәрбие үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыра білген жағдайда ғана шығармашыл оқушы басқалардан өз ісіне деген сенімділігімен, қиял ұшқырлығымен, әдемілікті сезіне білуімен, өзгеше шабытымен ерекшеленеді. «Өз ойын жаза білу зиялылықтың бірінші белгісі. Шығармашылық адамның бақылағыштық қабілетін, қиялын, фантазиясын дамытады» — деген А. Рыбаковтың пікірі осыған дәлел. О.Бальзактың “ұдайы еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуге міндеттейді.

Егемен елдің ертеңі - білімді ұрпақ болса, кемел мемлекетті өркендетері хақ. Ал озық ойлы шәкіртті жетектеуші – ұстаз болса, білімді шәкірт шоғын үрлеп, кемел отты, ойлы азаматты тәрбиелейік. Халықымыздың рухани көсемі А.Байтұрсынұлының «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қол қабыс нәрсе есебінде қолдану керек» деген сөзін әрдайым жадымда ұстаймын. Әрине, атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми - ізденіс қабілеттерін қалыптастыру. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз абзал. «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашысын , азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екенін ұмытпа!» [6] - деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дана сөздерін жас жеткіншектердің жүрегіне ұялатын, көкірегіне қондыру біздің басты мақсатымыз деп түсінемін.

Пайдаланған әдебиеттер тізбесі

1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.

2. М.Жәркенов «Әдебиет пәнін өмірмен байланыстыра оқыту». Алматы 1984 жыл.

3. Б.Ш.Кәтенбаев «Тіл ұстарту жұмыстары бойынша методикалық нұсқаулар» Алматы 1991 жыл.

4. Т.Сабыров «Оқушылардың оқу белсеңділігін арттыру жолдары»

Алматы 1978 жыл.

5.А.Қ.Жанабілова «Тіл дамыту жұмыстарының инновациялық технологиясы» Өскемен 2008 жыл.

6. «Қазақстан-2050 стратегиясы» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына

жолдауы, 2013 жыл.

  • Другое
Описание:

Автор Касенова Аида Аргынгазиевна
Дата добавления 26.01.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров 2038
Номер материала 55007
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓