Инфоурок Физическая культура КонспектыҚазақ күресімен айналысу салауаттылықты арттыру

Қазақ күресімен айналысу салауаттылықты арттыру

Скачать материал

1 Қазақ күресі туралы тарихи деректер

Жекпе-жек күрес түрлерін ұлттық һәм спорттық деп бөлуге болады. мысалы, сумо жапондықтардың ұлттық күресі де, дзюдо сол топырақта пайда болған спорттық сайыс түрі. Сол сияқты таралу ауқымы еуразиялық кеңістікке тән әр қилы күрес түрлері көп. Атап айтқанда, «Белбеу күрес». Бұл өте  байырғы жекпе-жек түрлерінің бірі. Бұл өнер түрі Алтын Орда дәуірінде көшпенділер арасында кеңінен танымал болған. Өйткені, Еуразиядағы түркі тектестер (қазақ, өзбек, ноғай, башқұрт, татар, қарашай-құмық т.б.) бір шаңырақтың астында болатын. Бүгінгі таңда жоғарыдағы күресті татар, башқұрт, ноғайлар төл өнеріміз деп таныса, Кіші Азия жұрты да ескілікті мұрамыз деп есептеп жүр. Орта ғасырда өмір сүрген оқымыстылар – Ибн Сина, Әбділқасым Фирдауси, Махмуд Қашқарилардың еңбектерінде белбеу күресі туралы жазылған. Сол сияқты моңғолдың ұлттық күресі «бөх»-тің де 1000 жылдан астам тарихы бар екен. Тіпті Шыңғыс заманына қатысты тарихи деректерде ұлттық күрестен сайыс өтіп, қағанның інісі Қасар топ жарғаны жайлы айтылады.

Қазақ халқының өмір сүру салты көшпенді тұрмысқа бейімделгендіктен, күнделікті іс-әрекетінің өзі күрес. Табиғаттың таза сұрыптауынан өткен халықтың жекпе-жек өнерге деген ынтасы классикалық түрде жетілген. Тарихқа көз жүгіртсек көшпенді тайпалардың түп атасы сақ, ғұн, түркілер дәуірінде садақ атудан, ат үстінде найзаласудан т.б. дәстүрлі сайыстар өтетіні  жайлы нақты деректер бар. Бұл деректер қазақ күресінің тарихын ғылыми түрде зерттеген Елемес Әлімханұлы, Қыдырбек Рысбек, Жүсіп Хисымов секілді т.б. ағаларымыздың еңбектерінде жазылған.

Мысалы, Қытайдың осы заманғы археологтары біздің жыл санауымыздан бұрын Хан патшалығы дәуірінде тұрғызылған, Шинан қаласы маңындағы ежелгі түркілердің қонысын қазып, қабырды ашқанда зираттың ішінен екі мыс табақша табылыпты. Табақшалардың бетінде  екі адам бір-бірімен қоян-қолтық ұстасып, күресіп жатқан сипаты ашық бейнеленген екен. Қытай ғалымдары бұл балуандарды түріктердің арғы тегі саналатын ғүндар деп ұйғарған. Демек, бұл заттар – күрес шежіресінің айғағы. Оның бер жағында халықтық эпостарда сайыс өнері жайлы көркем тілмен керемет баяндалса, ерте замандағы таңбалы тастардағы күресіп жатқан адам бейнелі таңбалар жайдан-жай салынбаған шығар.

Сол сияқты байырғы көшпенді ата-бабаларымыздан қалған жекпе-жек сайыс өнерінің бір тармағы – қазақ күресінің де өзіндік тарихы бар. Бірақ, ол өткен ХХ ғасырдың басына дейін ел ішінде күрестің бірізді жүйеленген тәртібі болған жоқ. Сондықтан да әрбір өңірде күрес ішкі ерекшеліктерін сақтай отырып, қалыптасқан. Айталық, еліміздің шығыс және орталық өлкелерінде «Арысқа түсу» дейтін сайыс түрі кең дамыған. Бұл жайлы ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің шығарамаларында көркем баяндалады. Онда екі қауым, екі ел немесе екі ру өздерінің балуандарын алып келеді. Көрермендерге әсерлі болуы үшін, оны шынжырлап, ноқталап әрі көз-сұқ тимесін деген ниетпен жабулап ұстайды. Балуанды күрес алаңына, яғни арысқа  әкеле жатқан мезетте шынжырлы балуан жақтасарын шынжырымен қоса сүйреп, қарсыласын жеп қоярдай өкіреді. Бұл нақтырақ айтқанда психологиялық шабуыл әрі театрланған көңіл көтеру. Осылай екі балуан арысқа түсіп қай жеңгені жүлдені алады, я болмаса, «менімен күш сынасатын тағы кім бар» деп көпшілікке қолқа салады.

Қазақ күресінің ғылыми жүйеленуі 1920 жылдан басталады. Алғаш рет 1936 жылы Семей қаласында қазақша күрестен Қазақстан чемпионаты өтеді. Оған Алматы, Батыс Қазақстан (Орал, Атырау, Ақтөбе), Қостанай, Оңтүстік Қазақстан (бұрынғы Шымкент және Жамбыл өңірі), Семей, Павлодар облысының балуандары қатысыпты. Олар үш салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. Жеңіл салмақта М.Құрманбаев (Алматы облысы), орта салмақта Еңсеп Досқалиев (Батыс Қазақстан), ауыр салмақта А.Мусин (Павлодар) жеңімпаз атанады. Түйе балуан атағы үшін алты балуан белдеседі. Еңсеп әуелі оңтүстіктің балуаны С.Қасықбаевты жеңеді. Шешуші бәсекеде Е.Досқалиев өзінен алты жас үлкен, әрі салмағы тоғыз келі ауыр А.Мусинді жеңіп қазақ күресі тарихында тұңғыш ресми «Түйе балуан» атанған екен.

1928 жылға дейін қазақ күресінің бірыңғай ережесі болған жоқ. Жарысқа түсетіндердің салмағыда ескерілмеді. Сондықтан палуандар жарысына көбінесе ірі, салмағы жоғары батырлар қатысады. Біріктіретін ереже болмағандықтан жарыс жергілікті жерде қабылдыңған немесе келсім шартқа сәйкестірілген ереже бойынша өткізіледі. Осы жылы қазақ күресіне тән бүкіл әдіс, тәсілдерін қамтыған бірыңғай ереже жарияланды

М.Т. Тәнекеев [1973] бұл, 1928 жыл, өзін түрлі спорттық оқиғалармен танытқан деп жазған. Ұлттық спорт және классикалық спорт түрлерінен көптеген жарыстар өткізілген. Соған байланысты, Республикалық дене шынықтырудың жоғары кеңесі қазақ күресінің спорттық жарыстарына бірыңғай ереже бекітті. 

XX ғасырдың 20-жылдарына дейiн қазақ күресте салмақ дәрежесi мен жас мөлшерiне қарай бөлу болмаған. Салмақ дәрежесiне және жас мөлшерiне қарай бөлiнiп күресу осы кезенде ене бастады деп жеткізеді Е. Әлімханов

Қүрес ережелері ел арасында ауызша тарап, оның негізгі шарттарын  балуандар талассыз мойындаған, бірақ арасында бар айырмашылықтарын  алдын ала өзара келісім бойынша белгілеп қабылдаған.

Қазақ халқының әр аймақта күресу тәртіптерінің айырмашылығын алысу киімінен де белгілеуге болады. Мысалы, зертеушілер [Қ.Р. Байдосов, 1987; Е. Әлімханов, 1996 және т.б.] қазіргі еркін күреске ұқсас кеуде жалаңаш белбеусіз күресу түрін, шапан киіп белбеу буынып күресу түрін, белбеуді жалаңаш кеудеге буынып күресу түрін, күртеше киіп күресу түрін және жалаң аяқ отырып (төрттағанда) күресу түрлеріне бөледі.

Қазақ күресінің даму кезеңдері бойынша кеңес дәуіріне тарихи жорыққа аттанатын болсақ, бұл күрес түрінен 1928 ж. [Е. Әлімханов, 2008] және 1936 ж. [Б.М. Доскараев, 2009] бірінші және үшінші Бүкілқазақстандық спартакиадаларында жарыстар өтті, ал 1938 жылы бірінші республикалық колхозшылар спартакиадасында жарыстар өтті [М. Болғамбаев, 1980 және т.б.].

Сайып келгенде, кеңестік Қазақстанда спорттық күрестің барлық халықаралық және олимпиадалық түрлері қазақ күресінен гөрі бірнеше он жылдыққа кешігіп, дами бастады (1 кесте).  

Грек-рим (кәсіби француз) күресінің тек бір өкілі ғана 20, 30 және 40-шы  жылдарда Қазақстан және Орта Азияның аумағында күшін, өз өнерін белсенді түрде көрсетті, ол Қажымұқан Мұңайтпасов. Бірақ, ең алдымен, қазақ күресі өкілі болғандықтан төрттағандық күрессіз, қарсыласының жауырнын тігізіп бірінші лақтырғанға дейін үстасуларға шыққан, грек-рим күресінен секцияларын ашпаған.

      

1кесте – Әлемде және Қазақстанда спорттық күрестің дамуы

 

Күрестің түрі

Әлемде дамуы

Олимпиадалық ойындарының бағдарламасында

Қазақстанда дамуы

грек-рим күресі (француз, классикалық күресі)

19 ғасырдың 90-шы жылдарында Францияда қатты дамыды  және  Европада таралды Ресейді қоса 

Бірінші Олимпиададан  1896 ж. бастап

1940 ж. басы,

Федерацияның негізі  1946 ж. қаланған

еркін күресі

1904 ж. бастап АҚШ, Европада 20-30 жж.

 

1904 ж. бастап

1950 ж. басы,

Федерацияның негізі  1955 ж. қаланған

самбо

КСРО-да 1938 ж. мемлекеттік тұрғыда танылды, А.А. Харлампиев 1949 ж қолайлы спорттық нысанға айналдырды, 

1966 ж. бастап күрестің халықаралық түрі болып есептеледі

 

енгізілмеген

1950 ж. басы

Федерацияның негізі  1955 ж. қаланған

дзюдо

1882-1884 жж. Жапон.,

1920-1933 жж. Кеңестік Ресей аумағында дамуы, бірақ тыйым салынды, дүниежүзілік бірінші біріншілік 1956 ж. өтті, КСРО-да 60 жылдары қайтадан дамыды

1959 ж. бастап,

XVIII жазғы Олимпиадалық ойындар 1964 ж. (Токио қ., Жапон.)

1960 ж. басы

 

Грек-рим күресінің халықаралық ережелері 1896 жылы қабылданып бірінші Олимпиядалық ойындарынан бастап бағдарламасына қірген. Ол грек-рим (франциялық) қүресі Европада қәсіптік қүрескерлердің өнерлерімен кең тарғандықтан болған. Балалық шағынан қазақтың ұлттық күресінен жекпе-жектерге жиі қатысқан, ал 1904 ж. Петербургте И. Лебедев мектебіне қабылданған, онда 2 жыл оқыған Қажымұқан Мұңайтпасов кәсіби француз күресінің жарқын өкілі болып табылады. Ресей мен Европада өткізілген француз күресінен бірнеше кәсіби біріншілікті, сонымен қатар АҚШ-та еркін күрестен біріншілікте ұтты. 1927 жылы (Қазақ АКСР ОАК) оған спортқа сіңірген еңбегі  үшін «Қазақ халқының батыры» құрметті  атағын берді.

1938 жылы республикалық ауыл Спартакиадасында өтетін болып қазақша күрестің жаңа ережесі қабылданған. 1940 жылы қаңтар айында Алматы қаласында қазақша күрес өкілдері екінші рет бас қосып, жоғарыдағы ережеге өзгеріс енгізеді. Әрі жаңа ереже бойынша бір қана салмақ дәрежесімен Қазақстан чемпионатын өткізеді. Оған, Алматы, БҚО, Қарағанды, Қызылорда,  ОҚО,  Павлодар, Өскемен, Семей өңірінің балуандары қатысты. Тағы да орта салмақтағы Еңсеп Досқалиев ешкімге дес бермей бәрін жеңеді.  Осы жылы (1940) шілде айында Мәскеу қаласында ҚазССР-ның 20 жылдығына орай  орталық «Динамо» стадионында мыңдаған көрерменнің алдында біздің балуандар қазақша күрестің үлгісін көрсетеді.

Бұл жерде, яғни Мәскеуде қазақша күрестен басқа өзбек, тәжік және түркімен халықтары да өз күрес түрлері бойынша көрсетілім жасаған. Бірақ кеңестік спорт мамандары қазақша күрес үлгісін оңтайлы көріп, осы үлгі бойынша 1941 жылы ақпан айында Фрунзе (Бішкек) қаласында Орта Азия және Қазақстан халықтарының чемпионатын өткізу жайлы шешім қабылдайды. Бұл біріншілікке еліміз атынан 10 балуан қатысып, Еңсеп Досқалиев бастаған біздің азаматтар командалық есепте бас жүлдеге ие болған. Бұлар қазақ күресі тарихында халықаралық жарысқа қатысып, тұңғыш рет чемпион болған тұлғалар.

Осылай қазақша күрес халықаралық дәрежеде қарқын алып келе жатқанда, екінші дүниежүзілік соғыс басталып кетіп, үзілістен кейін 1952 жылы қана Орта Азия және Қазақстан  спортшылары Спартакиадасында жоғарыдағы ереже негізінде жарыс өткен екен. Жауырыны жерге тимеген атақты балуан Еңсеп Досқалиев 1944 жылы соғыста қаза тапқан.

Қазақша күрес тарихында айта жүрерлік оқиға соғыс аяқталған 1945 жылдың күзінде Семейде Абайдың 100 жылдық тойы болды. Осы жиында күллі қазақ даласының балуандары бас қосты. Дерек көзіне жүгінсек, соғыстан бұрын қазақша күреспен айналысып, балуан атағы шыға бастаған азаматтардың барлығы соғыстан оралған жоқ. Аман-есен келгендердің өзі мүгедектігіне байланысты күреске шыға алмаған. Абайдың жүз жылдық торқалы тойы соғыстың зардабынан әбден еңсесі езілген халықтың рухани сілкінісін оятқан зор оқиға болғаны сөзсіз. Тіпті тойға атақты балуан Қажымұқан атамыздың өзі келіп қатысқан. Күрес 1940 жылы қабылданған ереже бойынша өтіп, Семейдің Ақсуатынан келген балуан Дәулен Әбікенов пен Абыралы елінің жойқын күш иесі Әшкен екеуі шешуші арысқа түседі. Дәулен Әбікенов қарсыласын төңкеріп тастайды. Осы күрестің басы қасында болып, арыстардың айқасын көзбен көрген халық ақыны Төлеу Көбдіковтің:

Балуандар жағаласып жармасқанда,

Алысып айдаһардай арбасқанда,

Балуаны Ақсуаттың лақтырып,

Шығарды бұрқ еткізіп шаңды аспанға… – дейтін ұзақ жыры бар. Сөйтіп, қарсыласын «шаңды аспанға шығарып» жеңген Дәулен балуан атан түйе бәйгесін Қажыекеңе сыйға тартып, қонақкәде жасайды. 1970 жылы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтында алғашқы рет қазақ күресі мамандығы енгізілді, соған байланысты көптеген әдістемелік жұмыстар, қазақ күресі техникасы мен әдісінің жіктемесі, тәсілдерін үйрету әдістемесі, қазақ күресінен мамандар дайындау жөніндегі оқу құралдары, оқулықтар мен бағдарламалар шығарылды.  

1971 жылы ҚазССР Спорткомитетінің қаулысы бойынша «Қазақ ССР-нің спорт шебері» атағы енгізіліп, қазақ күресі бойынша төсбелгі мен куәлік қоса тапсырылатын болады.

Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерінің даму мәселелері ҚР-ның 1999 жылғы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңында (2 б. 10 т.) Қазақстандағы халықтық ойындар мен ұлттық спорт түрлерін дамыту мәселелері ашылған.  90-шы жылдары жарыстардың ережелерін және киім нысанын жетілдіруге көп көңіл бөлінді, қазақ күресіне арналған киім нысанын спорттық күрестің басқа түрлерімен айырбастауға жол беруге болмайтыны атап өтілді. Б.Жаналин жасаған қазақ күрес жарыстарының ережесін 1993 жылы ҚР Туризм, дене тәрбиесі және спорт министрлігі бекітті. Киім нысаны жеңі қысқа кеудешеге өзгертілді, ал 1997 жылы нысандық киім мен жарыстардың ережелерін жетілдіру қорытындылары бойынша Е. Әлімханов кандидаттық диссертациясын қорғады.

Қазақша күрестің шынайы түрде дамуы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін басталды деуге болады. Бірақ Кеңес одағы кезінде ұлттық күресіміз ұмыт қалған жоқ. Өңірлерде сақталып келді. Ерғали Мұхитдинов ағамыз  қазақ күресі жайлы 30-дан астам ғылыми еңбек жазып, 7 оқу құралын өмірге әкелді. Ол алғаш рет  «Қазақша күрес» федерациясын құрып,  оның тұңғыш төрағасы болған адам. 1990 жылдары атақты балуан Әбілсейіт Айханов ағамыз өзі бас болып қазақша күрес ережесін жазып, ол ереже 1990-1995 жылдарға дейін қолданыста болды. Одан кейін күрес ережесін жетілдіріп, қазіргі балуандар киіп күресіп жүрген күрес костюмының негізін жасаған адам – Елемес Әлімханов қазақ күресіне ерекше еңбек сіңірді. Кезінде «Қазақша күрес» федерациясының президенті болған, қазіргі ҚР Ақпарат және мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед аға да қазақша күрестің дамуына зор еңбек сіңірді. Мұхтар ағамыз Федерацияны басқарып тұрған уақытта жыл сайын үлкен жарыстар өткізіліп, бас жүлдеге жеңіл автокөлік сыйға тартылатын дәстүр қалыптасты.

Одан кейін 2002 жылдардан бастап осы күрестің қыр-сырын білетін Бауыржан Жаналин, Марат Жақитов, Диқанбай Биткөзов сияқты мамандар тартылып, дәл қазір қолданыста жүрген ереже дүниеге келді.  2004 жылы Берлин қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының кіші құрылтайында «Қазақ күресі» бойынша халықаралық федерация құрылып, оның басшысы болып Серік Төкеев ағамыз сайланды.

2004  жылы қарашада Алматы қаласында ҚР Президентінің жүлдесі үшін  қазақ күресінен  ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және басқалары бар еді.

Сондай-ақ, алғаш рет Азия біріншілігі 2006 жылдың шілде айында Ресейдің Таулы Алтай өлкесіндегі қазақтар қоныстанған Қосағаш ауданы жерінде өтті. Оған 7 мемлекеттен және Ресейдің 6 өлкесінен 130-ға тарта балуандар қатысты. Бұл жарыс екінші рет Моңғолия қазақтары шоғырланған Бай-өлке жерінде өтті.

2006 жылдың соңында Алматы қаласында қазақ күресінен  тұңғыш әлем біріншілігі өткізілді. Оған 36 мемлекеттің балуандары қатысты. Бұл жарыста Қазақстанның 4 балуаны әлем чемпионы атанды, атап айтсақ: Бауыржан Тәліп, Мәди Құрымбаев, Бақтыбай Қисықов, Бейбіт Ыстыбаев.

Келесі 2007 жылы қараша айының 2-7 аралығында Алматы қаласында «Күрес фестивалі» өтті. Бұл бұрын-соңды болмаған оқиға. Фестивальға әлемнің 60 мемлекетінен спортшылар келіп қатысты.  2008 жылы Ресейдің Орск қаласында 2-ші әлем біріншілігі өткізілді, оған 42 мемлекеттің балуандары қатысып, Қазақстанның 4 балуаны алтын, 2-і күміс медальмен оралды.  2010 жылы Елордамыз Астана төрінде 3-ші әлем біріншілігі туын желбіретті, оған 46 мемлекеттен 300-ден астам балуандар қатысты. Қазақ балуандары бұл бәсекеде намысты қолдан бермей 5 алтын 1 күміс 1қола медаль иеленіп командалық есепте бірінші орынды алды.

 

2 Қазақ күресінің жаңа тынысы «Қазақстан Барысы» ұлттық күрес жобасы 

Қазақ күресінің жаңа тынысына «Қазақстан Барысы» ұлттық күрес жобасы келіп қосылды, оның негіздеушісі ұлтжанды ағамыз Арман Шораев. 2011 жылы 20-шы тамызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Елбасы жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» турнирі алғаш рет өткізілді. «Қазақстан барысы» - қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін республикалық турнир. Ауқымды сайыстың басты мақсаты  - Қазақ күресінің насихатын арттырып, Қазақстан халқының патриоттық сезімін ояту. Қазақ күресін әлемге танытып, Азия ойындары мен Олимпиада бағдарламасына енгізу де көзделіп отыр. Ол үшін  «Қазақстан барысы» секілді ірі жоба арқылы  қазақ күресінің ел және шетелдегі насихатын арттыра түсу керек. «Қазақстан барысы» турнирінің ұйымдастырушылары:  Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру ісі  жөніндегі агенттігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қызылорда облысының әкімшілігі, «Қазақстан барысы» Қазақ күресін дамыту қоры және Қазақстан Республикасының Қазақ күресі федерациясы.Бас ақпараттық демеуші  - "Қазақстан" телеарнасы. Турнирдің бас демеушісі – «Самұрық Қазына» әл ауқат қоры.

Оған әр облыстан 4 балуаннан, барлығы 64 балуан қатысып бас жүлдені сарапқа салды. Бұл сайыста 1-ші орынды қызылордалық балуан Ұлан Рысқұл иеленіп, 150 000 АҚШ долларын алды. 2-ші орынды Жамбыл обылысының балуаны Бейбіт Ыстыбаев иеленіп, жүлдеге 30 000 АҚШ долларын алса, 3-ші орын Шығыс Қазақстандық Шалқар Жоламановқа бұйырып, 10 000 АҚШ долларын алды. 

Ұлт Көшбасшысының жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» турнирінің бәйгесі екінші рет 2012 жылдың  22 қыркүйегіне сарапқа салынды. Мұндағы жүлде қоры 320 000 АҚШ долларын құрады. «Қазақстан барысы» атанған балуан  150  мың доллар  көлемінде сыйақымен бірге, «Алтын белбеу» және «тайтұяқ» алды. Екінші және үшінші орын иегерлері «күміс белбеу», «қола белбеумен», сондай-ақ, қомақты қаржылай сыйлықпен марапатталды. Биыл, Астанамыздың 15 жылдық мерекесі қарсаңында, маусымның 30-ы күні Елорда төрінде «Қазақстан Барысы» турнирін үшінші рет өткізілді.

«Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының негізгі мақсаты қазақ күресін ұлттық идеяға, ұлттық намыстың қайнары мен қайрағына айналдыру. Яғни, ұлттың бойында бар бір жақсы қасиетті басқа да жақсы қасиеттерінен бөліп алып қарауға болмайтын себепті, күресті дәріптеу арқылы ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан игі дәстүрлерімізді  ұлықтау, салтымызды қадірлеу. Ұлтымыздың ерекшелігін паш ете отырып, мынау жаһандану заманында қазақтың болмыс-бітімінің сақталуын қамтамасыз ету. Әрі барымызды байыта отырып келер ұрпаққа қаз-қалпында жеткізу. Және ұлттық күресімізді дамыту арқылы бұқараның көптеп спортпен шұғылдануына, дені сау, рухы күшті болуына ықпал жасау. Болашақтағы мақсатымыз осы бағыттағы жұмысты жалғастыру.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ күресімен айналысу салауаттылықты арттыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

1 Қазақ күресі туралы тарихи деректер Жекпе-жек күрес түрлерін ұлттық һәм спорттық деп бөлуге болады. мысалы, сумо жапондықтардың ұлттық күресі де, дзюдо сол топырақта пайда болған спорттық сайыс түрі. Сол сияқты таралу ауқымы еуразиялық кеңістікке тән әр қилы күрес түрлері көп. Атап айтқанда, «Белбеу күрес». Бұл өте байырғы жекпе-жек түрлерінің бірі. Бұл өнер түрі Алтын Орда дәуірінде көшпенділер арасында кеңінен танымал болған. Өйткені, Еуразиядағы түркі тектестер (қазақ, өзбек, ноғай, башқұрт, татар, қарашай-құмық т.б.) бір шаңырақтың астында болатын. Бүгінгі таңда жоғарыдағы күресті татар, башқұрт, ноғайлар төл өнеріміз деп таныса, Кіші Азия жұрты да ескілікті мұрамыз деп есептеп жүр. Орта ғасырда өмір сүрген оқымыстылар – Ибн Сина, Әбділқасым Фирдауси, Махмуд Қашқарилардың еңбектерінде белбеу күресі туралы жазылған. Сол сияқты моңғолдың ұлттық күресі «бөх»-тің де 1000 жылдан астам тарихы бар екен. Тіпті Шыңғыс заманына қатысты тарихи деректерде ұлттық күрестен сайыс өтіп, қағанның інісі Қасар топ жарғаны жайлы айтылады. Қазақ халқының өмір сүру салты көшпенді тұрмысқа бейімделгендіктен, күнделікті іс-әрекетінің өзі күрес. Табиғаттың таза сұрыптауынан өткен халықтың жекпе-жек өнерге деген ынтасы классикалық түрде жетілген. Тарихқа көз жүгіртсек көшпенді тайпалардың түп атасы сақ, ғұн, түркілер дәуірінде садақ атудан, ат үстінде найзаласудан т.б. дәстүрлі сайыстар өтетіні жайлы нақты деректер бар. Бұл деректер қазақ күресінің тарихын ғылыми түрде зерттеген Елемес Әлімханұлы, Қыдырбек Рысбек, Жүсіп Хисымов секілді т.б. ағаларымыздың еңбектерінде жазылған.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 620 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.05.2020 195
    • DOCX 27.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Эрдниева Галина Сергеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Эрдниева Галина Сергеевна
    Эрдниева Галина Сергеевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 99620
    • Всего материалов: 217

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теория и методика лечебной физической культуры

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 494 человека

Курс повышения квалификации

Основы организации деятельности фитнес-тренера

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Курс профессиональной переподготовки

Основы инструкторско-методической деятельности по каратэ Кекусинкай

Инструктор по каратэ Кекусинкай

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продажи и управление клиентским опытом: стратегии и аналитика

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Консультация логопеда. Возможно ли продуктивно заниматься с дошкольниками онлайн?

Перейти к трансляции