Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚазақ халқының салт - дәстүрлері

Қазақ халқының салт - дәстүрлері

Скачать материал
Скачать материал "Қазақ халқының салт - дәстүрлері"

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по благоустройству

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Қазақ халқының салт-дәстүрлері

    1 слайд

    Қазақ халқының салт-дәстүрлері

  • Қыз ұзату Қызды үйінен ұзатып салу ата-ана үшін өте үлкен бақыт. Себебі кез-к...

    2 слайд

    Қыз ұзату
    Қызды үйінен ұзатып салу ата-ана үшін өте үлкен бақыт. Себебі кез-келген ата-ана өз қызын таңдаған жары мен құда-құдағиларына аманатпен шығарып салғысы келеді. Сондықтан да қандай ата-ана болмаса да бұл күнге өте мұқият дайындалады. Жігіт пен қыз келіскесін бір-бірінің ата-анасымен танысып алғаны дұрыс. Той кезінде түсініспеушіліктер болмауы үшін құдалар алдын  ала киіт анау мынауды алдын ала келісіп алғандары дұрыс (көбіне келіспеушіліктен реніш туып жатады). Қазіргі заманда қызға сырға салу мен бірге қызды ұзатуды бірге жасайды. 
    Сонымен қызды ұзатар кезінде мынандай салт - дәстүрлер жасалады: 
    Құдалар келе жатқан кезде есік алдына екі адам арқан тартады, арқан тартқан адамдарға құдалар жағы өз жоралғысын (орамал, мата, ақша) береді. 
    Құдалар есіктен кіріп амандасқаннан соң, қыздың екі жеңгесі жігітті отқа май құйғызуға алып кетеді. Отқа май құйғызғанан соң жігіт жоралғысын (көбіне ақша, моншақ анау-мынау ұсақ түйектер) береді. 
    Құдалар жайғасып алғасын, болашақ келіндерін таныстырады. Оған құдағи көрімдігін беруге міндетті. Жастарға бір бөлек үлкендерге бөлек дастархан жасалады. 

  • Қонақ келсе – құт...Қарсы  алу.  Қолға су кұю. Дастархан басына шақыру. Шай...

    3 слайд


    Қонақ келсе – құт...

    Қарсы алу. Қолға су кұю. Дастархан басына шақыру. Шай құю, шыны әперу. Табақ тарту. Қой сою.
    Қашаннан қонақжай халқымыз дастарханнан дәм, төрінен жан кетпегенін тілеген, «қонақ келсе- құт», «құтты қонақ келсе –қой егіз табады»  деп ең тәтті тамағын қонағына сақтаған. Ұрпағына ұлағат болар осындай ғұрпы бар ұлтымыз үйіне келген қонағын  қадірлей білген, сый-құрмет, қошемет көрсетіп, кішілік кісілік танытқан. Солардың айқын айғағы ретінде бүгінге әдемі әдептер, ырымдар жеткен. Осындай  әдет-ғұрыптың бірнешеуін ортаға салсақ дейміз. Әлбетте, «әр елдің салты басқа» демекші, әр облыс, әр ауылдың бұрыннан қалыптасқан тұрмыс-тіршілігіне, күнкөріс, қам-қаракетіне орай дәстүрге айналған, сол өңірге ғана тән үрдістер де болуы әбден мүмкін. Оларды жоққа шығармай, тек соларды бізде білейік, жақсысы болса қабылдайық деген ниетпен оқырманға қозғау салу үшін де бұл мәселеге арнайы  тоқталуды оң санайық.

  • Бесік тойыБиесі құлындап, сиыры бұзауласа көтен асып ырым жасайтын тойшыл-д...

    4 слайд


    Бесік тойы

    Биесі құлындап, сиыры бұзауласа көтен асып ырым жасайтын тойшыл-думаншыл қазақ сәбиді бесікке салғанда той жасамай, ойын-сауық  өткізбей тұра ала ма? Жиғаны мен тергенін халайық пен қонағына ақысыз-пұлсыз шашатын қазақ бесік тойының шығынына мәу демейді. Қайта аз болады, келгендер ренжіп қайта ма деп кейбір кемкетігіне кейді. Бесікті арнайы ісмер жасайды. Жөргектен шығарып ит көйлек кигізілген сәбиді бесікке ауылдың кез келген әйелі салмайды. Бұған-да ел-жұртына аяулы, ұрпақты бір бәйбіше лайық.
    Бұрынғы шаман дінінің отқа табынған салты бойынша әлгі бәйбіше темірді отқа қыздыртып сәбидің маңына пәле-жала, жын-шайтан жоламасын деп бесіктің арқалығын бірнеше жерден қарайтып тұрып қариды. Басқа бәйбішелер қырандай болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды арқалыққа, кейбірі тұмар жаздырып тағады. Бұл бесік дегеніңіз баланың тазалығы ұшін, көшпелі елдің көші-қоны, ат үсті үшін табылмайтын қолайлы нәрсе. Баланың кәк етуі үшін, кіш етуі үшін түбектен қолайлы нәрсе жоқ. Түбіне күл салынған осы бір киіз түбектің өзі де тым таза. Кәзіргі келіншектер тегене-тегене жөргек жуып былығады да отырады. Мынадай сабынға тапшы заманда бүйтудің өзі оңайға түспейді ғой. ‘
    Бесікте бала  көбінесе омыраудан шыққанша жатады. Ит көйлегі тозып, қарын шәші алынған бала талпынып, артынан бақа тірсегі бір бүктеліп, бір созылып еңбектей бастайды. Бұл кезде дөңбекшіп бесікке өзініңде жатқысы келмейді. Бала бүл шамаға келген соң бесікті аса кәдірлейтін қазақ әдемілеп тазалап, келешек ұрпақ тезірек келсін, енді сол жатады деп үйдің ең бір сенімді жеріне сақтайды. Бесікті қазақ құрметтейтіні, сақтайтыны соншалық, атасы жатқан бесікке немерелері жатады. Кейде қазақтың туған жерді де алтын бесік деуі де осы ардақтаудан шыққан болар. Сондықтан да бесік тойы қазақ өмірінде үлкен орын алады. 
    Бесікке баланы қырқынан шыққан соң салады. Оғанға дейін бала жөргекте болады. Өйткені оған ит көйлекті кигізу қиын. Бесікке салған күні қарын шәші алынып оған бір молла ат қояды. Атты азанмен жұртқа естірте айтып, онан соң бесіктегі баланың екі құлағына: «Сенің атын пәлен» деп молла айғайлап айтады.

  • Тұсау кесуБала бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң қаз-қаз баса бастайды. Ө...

    5 слайд

    Тұсау кесу
    Бала бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң қаз-қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап бет алады. Ұядан өз қанатымен қалықтап  ұшқан балапандай бала да, ең алғашқы тіршілігін бастайды. Мұны ежелден түсінетін қазақ баласының келешегіне ақ жол тілеп, тұсау кесер жасайды. Бұған да мал сойып, жұрт жияды.Баланың анасы ала-құла шуда жіптен екі-үш қарыс дайындап, оны  ауылдағы ең бір желаяқ пысық әйелге: «Ал, тұсауды сен кес. Өзіңдей пысық болсын» деп ұсынады. Ол кісі ала жіпті баланың екі аяғына тұсамысша байлап сонан соң ортасынан кеседі. Бала анандайдағы апасына қарай тәлтіректей жөнеледі. Міне, осыдан бастап кішкене қазақтың өмір жолының алғашқы ізі жер бетін шимайлайды. Тұсау кесу қазақтың өмір сапарының сәтті болу үшін ақ ниетпен жасаған ырымы, құдайға деген құлшылығы.  Осы арада «баланың аяғында не себепті ала жіп байланады, қара, қызыл, көк жіп неге байланбайды?» деген сұрақ тууы мүмкін. Бұның мәні мынада: қазақ баласын сөзді естіп ұға алатын, айтқанды ептеп істейтін кезінен – осы тұсауы  кесілгеннен бастап ұрлыққа, зорлыққа, жырындылыққа барма, жолама деп  баулиды. Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдірге алма дегенді әу бастан ақ құлағына сіңісті етеді. Аяқтағы жіптің ала болуы да, оның кесілуі де жоғарыдағыларға жолама, ондайдың жолын қолыңнан келсе кес, дүниенің азы біреудің бір құлаш жібіне, ең құрығанда бұзауға моншақ болар деп қызықпа, тұсауындағы жіпті кескендей ондай арам ой кезіксе кесіп-құртұға тырыс дегені. Бұл – екінші себебі. Бірінші бастағы айтқанымыздай баланың келешегіне жол ашу, ақжол тілеу. Жоғарыдағы біз сөз еткен бессалтты қазақ ұлға да, қызға да ортақ істеді де, алдағы ашамай тойы, тоқым қағуға барғанда ұл әкенің, қыз шешенің баулуына бөлініп, тәрбиенің түрі өзгереді.

  • Сүндет тойыАтқа міну жасына толған яғни үш жасқа толған ұл балаға тән тағы...

    6 слайд


    Сүндет тойы

    Атқа міну жасына толған яғни үш жасқа толған ұл балаға тән тағы бір той – сүндет тойы. Баланы сүндетке отырғызу қазақ халқы ислам дінін қабылдағаннан кейін салтымызға кірсе де, келе-келе ол салтымызға мықтап сіңген. Білетіндердің айтуынша бұл өзі адам денесінің тазалығына арналған шаралардың бірі көрінеді. Баланы сүндетке тақ жасында отырғызады. Яғни үш жаста, бес, жеті, тоғыз, тым кешіксе он үш жаста. Бұл жастан кешіктіруге болмайды. Өйткені шариғат бойынша ұл бала 13 жаста, қыз бала 9 жаста балиғатқа толады дейді. Балиғат жасына толған ұл баланың да, қыз баланың да үйленуіне болатын көрінеді. Бірақ бұл шариғат ыстық аймақта мекендейтін адамдарға арналса керек. Қазақ даласында жиі қолданылып келген сүндетке отырғызу тәсілінің екі түрі бар. Олар: кесу және шету. Кесу көбінесе ес тоқтата қоймаған кішкене балаларға қолданылады да, шету ес кіріп, марқайып қалған балаларға қолданылады. Кесу тәсілін қолданғанда баланың үрпіне қабығы аршылып, әбден кептірілген жіңішке жұмыр ағашты сұғып, үрпінің ағаш сұғылған бөлігін ыстық суға қайнатылған не болмаса отқа қарсаланған өткір ұстарамен айналдыра кесіп алады.  Кесілген жерден қан ақпау үшін шөптің немесе ағаш бұтағының салқын күлін кесеге толтырып алып төңкеріп қояды. Кесе сырғып кетпеу үшін оны таза шүберекпен баланың екі санына таңып тастайды. Баланың үстіне көрпе жауып, жан-жағынан қымтап жанында бір кісі андып отырады. Бала неғұрлым қозғалмай тыныш жатса, салқын тимесе кескен жері тез қара қотырланып, ұзамай жазылып кетеді. Ол үшін баланың сұраған тамағын, жақсы көретін ойыншығын дайындап көз жазбай  андып отыру ләзім. Мұндай жауапты іске үй-іші, көрші-қолаң түгел араласады. Біреу ертегі айтып алдарқатса, енді бірі өлең айтып көңілін аулайды. Баланың сүндетінің жеңіл болуы, біріншіден, баланың күтіміне байланысты болса,екіншіден сүндет жасаған адамның қолының жеңілдігіне байланысты болатын.

  • НаурызНаурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі...

    7 слайд

    Наурыз
    Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі.Наурыз туралы көптен бері,жыл сайын газеттерде жазылып келеді.Бұл мейрам-дін мейрам емес ұлт мейрамы.Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар.Ызғарлы қыстың кетіп,жан йесі өмір қуатын туғызған жыл,жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. ˝ 
    Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп,үңгірде жатқан кәрі құйрық,мертік-шортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерін білгізе бастайтын,аурулар сауығамын деп,аттар тойынамын деп,жалаңаштар киімсіз де күн көремін˝ дегендей жұрттың бәріне үміт,әркім деп жылы шырай сезіне бастап, ˝ бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз ˝ дегендей сағынышты көрісілері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын. ˝ Бүгінгі күні Самарқанның көк тасы да жібіпті ˝ - десіп Наурыз күні бейілінкеңітпеген адамды тастан да қатты қылып шығарғысы келіп,аңыз қылысатын. 
    Еңбекші қазақ елі,шығынды тыртаңнан аттарыңның басын тарта ұстап,тарихи мейрамдарының Наурызды жаңа тұрмысқа лайықты мейрамдап өткізудің жолына түсіңдер.Жаңа жылға жаңа тілек,игі үмітпен шығуымыз керек. 
    Орыстардың жаңа жылы қыс ортасында,нағыз сақылдап тұрған суықта келеді; біздің жаңа жылымыз – Наурыз наурыздың басында болсын,шын мағынасымен Жаңа жыл деп айтуға лайық.Күн жылынып,қар еріп,жанжануар жаздың жақандағанын сезіп,көңілденген кез.Шаруа адамдарының бейнеттен қолы шешіліп,алты ай қыс баққан арықтарын үмітті асытна сілкініп шығып,гүлденіп жасаруға даярланып, күн де қыстай бір бүйірлеп жүруін қойып жоғары көтеріліп,бүтін ғаламға нұрын шашып,үйсізді үйлімен теңгеріп,бай мен жарлыға бірдей сәуле беруге тұрған кез. Міне табиғаттың осындай көңілді өзгерісінің кезеңінде біздің жаңа жылымыз – Наурыз туып,ата ғұрпымызды ұмытпай белгілі бір күнді жыл басы қылып алсақ ұнамды іс болар еді.
    Наурыздың мағынасы
    Наурыз, март (парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) – Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол – күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың ал- ғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше ды- быс (гуіл) естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шық-қан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл та-биғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген.

  • ТілашарТілашар (дәстүр). Тілашар тойына арнап шашу шашады. (Қазақ халқының са...

    8 слайд

    Тілашар
    Тілашар (дәстүр). Тілашар тойына арнап шашу шашады. (Қазақ халқының салт – дәстүрлері). Әр отбасы баласы 7 жасқа толған соң медіресеге, мектепке оқуға береді. Бұл да бала өміріндегі елеулі оқиға, есте қаларлық елеулі кезең болып табылады. Осы күні балаға жаңа киім кигізіп, оқу-жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны дәстүрлі «тілашар» тойы деп атайды. Үлкен-кішілер балаға өсті, азамат болды, «ғалым бол» деген сияқты тілек білдіріп бата береді. Жаңа киіміне байғазы, тағымдар ұсынады. Бұл тәрбиеден бала өскендігінің белгісін сезінеді, оқуға құмарлығы артады. Жақын – жуық адамдар баланың ата – анасына құтты болсын айтып, балаға сәт-сапар тілейді.
    -  Ғалым бол!
    -  Халқыңның адал азаматы бол!

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Традиции и обычаи казахского народа. Қыз ұзату Қызды үйінен ұзатып салу ата-анаүшін өте үлкен бақыт. Себебікез-келгената-анаөз қызын таңдаған жары мен құда-құдағиларына аманатпеншығарып салғысы келеді. Сондықтан да қандай ата-анаболмасадабұл күнге өте мұқият дайындалады. Жігіт пен қыз келіскесінбір-бірінің ата-анасыментанысыпалғаны дұрыс. Той кезіндетүсініспеушіліктер болмауыүшін құдалар алдын  ала киітанаумынаудыалдыналакелісіпалғандары дұрыс (көбіне келіспеушіліктенреніштуыпжатады). Қазіргі замандақызға сырға салу мен біргеқызды ұзатуды біргежасайды

Материал для буклета.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 034 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.01.2015 1242
    • PPTX 1.6 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Искакова Индира Шамильевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Искакова Индира Шамильевна
    Искакова Индира Шамильевна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 9342
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 30 регионов

Мини-курс

Эволюция и современное состояние искусства

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Художественная гимнастика: диагностика и технические аспекты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе