Главная / Иностранные языки / Қазақ әдебиеті пәнінен "Топтан озған тарланбоз" тақырыбында зияткерлік, өнеге, сайыс сабағы

Қазақ әдебиеті пәнінен "Топтан озған тарланбоз" тақырыбында зияткерлік, өнеге, сайыс сабағы

Пәні : Әдебиет

Пән мұғалімі: Жорабай Г.Т.

Сабақтың тақырыбы: «Топтан озған тарланбоз» зияткерлік,өнеге,сайыс сабағы.

Сабақтың мақсаты:а) Ақындардың айтар ойына,сөз қолданысына баға беру,өлеңдерінің тілін талдау,

ә)Оқушының ой-өрісін дамытып,ізденіске баулу,

б)Адамгершілік,патриоттық тәрбие беру:

Сабақтың көрнекілігі:Нақыл сөздер,бүктеме,тірек-сызба.

Сабақтың түрі: Сайыс,ой толғау сабағы.

Сабақтың барысы:

Мұғалім,Қасым Аманжолов «Қазақстан»



Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,

Құл емеспіз, еркін жанбыз азатпыз.

Ел намысын еш бір жанға бермейміз,

Өмірді алға бастырамыз өрлейміз.

Сертің осы, азат жігіт,азат қыз!



Қазақстан дейтін менің бар елім

Жатыр алып жар ты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп уанған,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман,-деп Қасым ағамыз отаншылдық сезімін ата-бабалар арманымен ұштастырып, ұлтжандылық қасиетті уағыздаған.

Ендеше, «Топтан озған тарланбоз» атты зияткерлік,өнеге,сайыс сабағымызды бастаймыз.

І кезең. «Жүздің түсін түстегенше, бірдің атын біл»-топтың атын анықтау.

ІІ кезең. «Ой толғау» өлеңнің тақырыбын табу, тіліне талдау жасау.

ІІІ кезең. «Сыр-хат» ұлылармен сырласу.

ІV кезең. «Мақал-мәтелдер – тәрбие құралы»

V кезең. «Тұлға» ұлылар өмірінен мәліметтер беру.

VІ кезең. «Ой түбінде жатқан сөз,шер толқытса шығады».

VІІ кезең. « Жүзден жүйрік».



Бұл заманда не ғарып?

Ата жұрты бұхара

Өз қолында болмаса

Қанша жақсы болса да,

Қайратты туған ер ғаріп

(толғау қай заман еншісіне тиесілі?)

1 топ «Жыраулар»



Арыстанмын айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте бұлт, жерде желмін гулеген

Жер еркесі желдің жөнін кім сұрар?

(Қайсарлана тіл қатқан кім, қай ғасыр ақыны?)

2 топ «Бес арыс»



Өсер елдің қай сәтте де, бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Еш қашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

(Жастарға жігерберге жалындатқан кім, қай кезде жазылды?)

3 топ «Желтоқсан»



Біз еліміздің ертеңіміз. Өткеннің өнегесін бойымызға сіңірген жарқын болашақты жасаушы жастарымыз.



Белестер жайлы жыр

Жол! Қазақтар ақтап өткен!

Жол! Шыңғысхан таптап кеткен!

Жол! Қасымның қасқа жолы!

Жол! Есімнің ескі жолы!

Жол! Ақиқат іздеп Алыптар Өткен!

Жол! Желтоқсанда боздақтар өткен!

Жол! Тәуелсіздікке жеткен!

Жол! Қазақстан – 2030



ІІ кезең Ой қозғау

Ел бастау қиын емес,

Қонатын жерден көл табылады.

Қол бастау қиын емес

Шабатын топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.

( Авторын тап, қай тақырыпқа арналған, тіліне талдау жаса.)



ІІІ кезең Сырхат



Сыр сандықты ашып қара,

Ашып қара, сырласым.

Сын пернені басып қараша Басып қара жырласын,- Сәкен жырлағандай сырхат кезеңіне кезек береміз.



Мағжан-



Ахмет-



Шәкәрім-

ІV кезең Мақал- мәтелдер тәрбие құралы (Жалғасын табу)

1 Ерлік-елдің қаситі,

Жүректілік- жігіттің қаситі.

2 Именіп жүріп көрген игіліктен

Қарсыласып жүріп көрген бейнет артық

3 Арпалысып жүріп алған абырой-

Өмірдің ең шырын рахаты.

4. Сабырлылық алдында дұшпан сасады,

Сабырсыздан береке қашады.

5 Қара бет болып қашқанша,

Қайрат көрсетіп өлген артық.

6 Сын ерді шыңдайды,

Қорқақты қинайды.



V кезең « Тұлға»

Әуелде бір суық мұз-ақыл, зерек

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден ерек!- деп дана Абай айтқандай, талапты да қайратты, ақылды ұл –қыздарымызды тағы бір қырынан сыныамақ кезеніміз «Тұлға» деп аталады. Берілген мәліметтер арқылы жасырын тұлғаны табу шарт.



Есенғали Раушанов

Қара бауыр қасқалдақ, қасқалдағым кері қайт

Сиреп кеткен тоғайға қамықпа деп көңіл айт.

Ұяң қалса иесіз айдын үшін сол қайғы

Қаңғып келген шұрегей, көлдің сәні болмайды

(Өлең дегі бейне кім,-мәлімет бер.



Қазақ деген заттым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Босторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар!

(Бұл кім,мәлімет бер).



Атамның шығармашылық жұмыс үстінде жазып отырған еңбегі өнімсіз болған кезде, қолына жедел қайшы мен қағаз алып ою ояды. Сондықтан ою-өрнек кездейсоқ түрде жасалынбайды, адам оған ой жігерін жұмсайды. ( Зейнеп Ахметова естелігі. Атасы кім, мәлімет бер).

VI кезең Ой түбінде жатқан сөз. (Әр топ өз ғасыры жайында ой толғау жазуға тиіс ).

1т. Ел бірлігін ұлықтаған –бабаларым.

2т. Елінің өркендеуін көксеген –ағаларың

3т. Тәуелсіздікті жақындатқан –жастар

VII кезең «Жүзден жүрік».

Шоқан Уалиханов Саққұлақ шешенді қонақ ете отырып, сұрақ қояды.

-Ақсақал біреу жолдан адаса, кімнен ақыл сұрайды?-дейді.

-Шырағым, көнеден сұрайды-дейді шешен.

-Көне адасса, кімнен сұрайды?

-Көне адасса, көргендіден сұрайды.

-Көргенді адасса, кімнен сұрайды?

-Көргенді адасса, көптен сұрады.

-Көп адасса, кімнен сұрайды?

-Көп адасса , көп оқығаннан сұрайды.

-Көп оқыған адасса, кімнен сұрайды?

-Көп оқыған несіне адассын,-дейді шешен.

Ендешеи көп оқығаннан, сұрайтын кезенге келдік.

  1. «Күлдір-күлдір кісінетіп» (Ақтанберді)

  2. «Әй, хан,мен айтпасам білмейсің?» (Асан қайғы)

  3. «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естіру» (Үмбетей)

  1. «Оян қазақ»кімнің шығармасы қай жылы жарық көрді? Мірж. 1909

  2. «Батыр Баян» кімнің шығармасы қай ханың аты аталады? Мағжан, Абылай

  3. «Қырық мысал» кімнің, қандай шығармасы? Ахымет аударма

  1. «Желтоқсан оқиғасын» ақтап ең бірінші кім сөйледі, қашан, қай жерде? 1990жыл. Мұхтар Шаханов КСРО халық депутаты Ісьезі

  2. Бауыржан Момышұлы Кеңес Одағының батыры атағын қашан алды? 1990. 12.12. Ол туралы қандай фильім түсірлген ?

  3. Ата Заң қай жылы қабылданды, неше бөлімнен,и неше бабтан тұрады? 1995жыл 30 тамыз 9 бөлім 98 бап.

«Менің Қазақстаным»әнұранымен қорытындылау.

Білімсіздің күні ғарып,

Білімдінің күні жарық, дегендей жүзден жүйрік боп шыққан жеңіпаз бір сандықтың құпиясын ашатын сәтке жеттік.

Берілген әріптерден сөз құрасытырып, мағыналы сөйлем құрап шықса, сайысымыздың нағыз «Тарланбозы» болады.

«Біз – еліміздің ертеңіміз»

І жіктеу есімдігі

ІІ отан сөзінің синонимі (жіктік жалғауының І ж. Көпше түрде тұр).

ІІІ Мезгіл үстеуі (жіктік жалғауының Іж. Көпше түрде тұр).













Қазақ әдебиеті пәнінен "Топтан озған тарланбоз" тақырыбында зияткерлік, өнеге, сайыс сабағы
  • Иностранные языки
Описание:

Пәні :  Әдебиет

Пән мұғалімі: Жорабай Г.Т.

Сабақтың тақырыбы: «Топтан озған тарланбоз» зияткерлік,өнеге,сайыс сабағы.

Сабақтың мақсаты:а) Ақындардың айтар ойына,сөз қолданысына баға беру,өлеңдерінің тілін талдау,

                              ә)Оқушының ой-өрісін дамытып,ізденіске баулу,

                              б)Адамгершілік,патриоттық тәрбие беру:

Сабақтың көрнекілігі:Нақыл сөздер,бүктеме,тірек-сызба.

Сабақтың түрі: Сайыс,ой толғау сабағы.

Сабақтың барысы:

Мұғалім,Қасым Аманжолов «Қазақстан»

 

Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,

Құл емеспіз, еркін жанбыз азатпыз.

Ел намысын еш бір жанға бермейміз,

Өмірді алға бастырамыз өрлейміз.

Сертің осы, азат жігіт,азат қыз!

 

Қазақстан дейтін менің бар елім

Жатыр алып жар ты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп уанған,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман,-деп Қасым ағамыз отаншылдық сезімін ата-бабалар арманымен ұштастырып, ұлтжандылық қасиетті уағыздаған.

 

          Ендеше, «Топтан озған тарланбоз» атты зияткерлік,өнеге,сайыс сабағымызды бастаймыз.

Автор Жорабаева Жанар Ергеновна
Дата добавления 26.02.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Планирования
Просмотров 420
Номер материала 57111
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓