Главная / Иностранные языки / Қазақ тілі пәнінен оқушыларға көмек ретінде "Менің Отаным Қазақстан" модуліне қажетті мәтіндер жинағы.

Қазақ тілі пәнінен оқушыларға көмек ретінде "Менің Отаным Қазақстан" модуліне қажетті мәтіндер жинағы.

hello_html_2be3e2cb.gifhello_html_2be3e2cb.gifhello_html_3c684a17.gif

































7,2 3,8 5,4 6,9


С.Экэюпери: «Ең үлкен сән-салтанат – адамдардың қарым-қатынасының салтанаты» — деген екен. Бұл сөзді адам мен табиғаттың ара қатынасына байланысты да, адамдардың бір-бірімен көңіл жарастығын табуына байланысты да айтуымызға болады. Ондай жағдайда рахат күй кешеріміз анық. Жастарға да осылайша эстетикалық тәрбие беру, оларды табиғат байлығына сый-құрметпен қарауға тәрбиелеу – олардың бойында адамгершілік сезімін қалыптастыру, шарапатты болуға бейімдеу екендігінде дау жоқ.Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!

Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған, 
Саған
Оған да!

Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшеңді!?

Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксепНачало формы

ҚР-ның рәміздеріне Ту, Елтаңба, Әнұран жатады. Рәміздер туралы заң 1992жылы

4 маусымда қабылданды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы- көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей уықтар шашылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналасқан. Елтаңбаның пішіні - дөңгелек. Жоғарғы жағында - бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың, «Қазақстан» деген жазу -алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі.

Шаңырақ әлемінің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар ержігіттің қанаты, серігі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.

Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз - елтаңбаның тәжі. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторлары,  сәулетшілер: Шота Аман Уәлиханов пен Жандарбек Мәлiбеков.




Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

Тудың - ортасында шұғылалы алтын күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген. Тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ұзындығы 2 метр, ені 1метр.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі - бұлтсыз ашық аспанды еске салады.Шұғылалы алтын күн тыныштық пен бейбітшілікті бейнелесе, дала қыраны қазақстандықтар ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктік пен еркіндік белгісі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы,суретші- Шәкен Ниязбеков.

МАҚАЛ

1/Бұлбұл гүлзарын сүйеді, 
Адал адам Отанын сүйеді. 
2/Отан елдің анасы, 
Ел ердің анасы.
3/Отан от басынанбасталады. 
4/Отаноттан да ыстық, 
жалыны бар шоқтан да ыстық.  
5/Отансызадам — ормансызбұлбұл.  
6/Отанүшінкүрес — ергетигенүлес. 
7/Отанүшінотқатүс — күймейсің, 
Арыңүшіналыссаң — өлмейсің. 
8/Отаныбірдіңжүрегібір, 
Жүрегібірдіңтілегібір.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Әнұраны

ҚР мемлекеттік жаңа Әнұраны 2006 жылы, 7қаңтарда қабылданды. Шәмші Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" әні Қазақстан Республикасының Әнұраны болып жарияланды.

Жұмекен Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен біршама түзетулер енгізілді.

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

1991 жылы 1желтоқсанда -Қазақстан Республикасының Президенті болып

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

1желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні.

Елбасы 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында туды.


Қазақстан Республикасы

Қазақстан көп ұлтты, Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлт өкілдері тату тұрады. Жер көлемі бойынша дүние жүзінде 9 орын алады. Қазақстан 5 мемлекетпен шектеседі.

Олар : Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі.

Ұлттық валютасы теңге. Бас қаласы - Астана.




Қазақстанның бұрынғы астаналары:

Орынбор /1920-1924ж/,

Қызылорда /1924-1929ж/,

Алматы /1929- 1997ж/

*1989жылы 22 қыркүйекте Тіл туралы заң қабылданды

*1991 жылы 1желтоқсанда -Қазақстан Республикасының Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

*1991жылы 16 желтоқсан - ҚР тәуелсіздігін жариялады.

*1991 жылы, 2 сәуірде -тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

*1992жылы 4 маусымда - Рәміздер туралы заң қабылданды

*1993жылы 15 қарашада - Ұлттық валюта теңге айналымға енді

*1995 жылы 30тамызда - Ата заң қабылданды.

*1998жылы 6 мамырда -"Ақмола" қаласы, "Астана" болып өзгертілді.











Қазақстанның қалалары.

Қазақстан -14 облыс, 2 республикалық маңызы бар қала одан басқа 85 шағын қаладан тұрады.

Үлкен қалалары: Алматы , Астана, Қарағанды, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Семей, Қостанай, Атырау, Маңғыстау, Көкшетау т.б

Солтүстік Қазақстан /Қостанай, Павлодар, Ақмола/ - астыққа бай өлке. Сарыарқа даласы /Қарағанды мен Жезқазған, Павлодар мен Ақмола/ - түсті металға бай. /мыс, алтын, қорғасын, күміс, құрыш/Қарағандыда -көмір өндіреді. Атырау - мұнайы мол өлке.Семей - "Ұлылар мекені", Көкшетау - "Жер жанаты", Қызылорда - күріштің, қауын мен қарбыздың отаны, Шымкент пен Тараз - жеміс - жидектің отаны.Ақ мақта - Шымкентте өседі.

Қазақстанның қалалары пайдалы қазбаға бай өлке.

Қазақстан Республикасының облыстары және ірі қалалары.

облыстары

орталығы

1

Қарағанды облысы

Қарағанды қаласы

2

Шығыс қазақстан облысы

Өскемен қаласы

3

Алматы облысы

Талдықорған қаласы

4

Жамбыл облысы

Тараз қаласы

5

Оңтүстік – Қазақстан облысы

Шымкент қаласы

6

Қызылорда облысы

Қызылорда қаласы

7

Ақтөбе облысы

Ақтөбе қаласы

8

Қостанай облысы

Қостанай қаласы

9

Солтүстік – Қазақстан облысы

Петропавл қаласы

10

Ақмола облысы

Көкшетау қаласы

11

Павлодар облысы

Павлодар қаласы

12

Батыс – Қазақстан облысы

Орал қаласы

13

Атырау облысы

Атырау қаласы

14

Манғыстау облысы

Ақтау қаласы




Қазақстанның табиғаты.

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

Қазақстанның табиғаты қандай әсем!Айнала биік таулар, жасыл жазықтар, сарқырап аққан өзен бұлақтар, шалқар көлдер. Табиғаттың сұлулығына қарап таң қаласың. Біз табиғатты сүйе білуіміз керек. Табиғат - асыл қазына. Табиғаттың байлығын пайдалана отырып, қорғай білуіміз керек. Табиғатты көркейтуге, оны қорғауға өз үлесімізді қосуымыз керек. Ал қорықтары сирек кездесетін аңдар мен құстарға, бағалы өсімдіктерге бай. Табиғатты қорға, оған қиянат жасама.

С.Экэюпери: «Ең үлкен сән-салтанат – адамдардың қарым-қатынасының салтанаты» — деген екен. Бұл сөзді адам мен табиғаттың ара қатынасына байланысты да, адамдардың бір-бірімен көңіл жарастығын табуына байланысты да айтуымызға болады. Ондай жағдайда рахат күй кешеріміз анық. Жастарға да осылайша эстетикалық тәрбие беру, оларды табиғат байлығына сый-құрметпен қарауға тәрбиелеу – олардың бойында адамгершілік сезімін қалыптастыру, шарапатты болуға бейімдеу екендігінде дау жоқ.



Қазақстанның астанасы.

Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы. Астананың негізі 1832 /бір мың сегіз жүз отыз екінші/ жылы қаланды. Астана қаласының бұрыңғы атаулары – Қараөткел, Целиноград, Ақмола. 1998/бір мың тоғыз жүз тоқсан сегізінші/ жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын «Астана» деп атауға жарлық шығарды.

Астана қасиетті Сарыарқа жерінде, Есіл өзенінің бойында орналасқан – әсем қала.



Мемлекеттік мерекелер

1 қаңтарЖаңа жыл.

8наурызХалықаралық әйелдер күні.

22наурыз Ұлыстың Ұлы күні - наурыз мейрамы.

1мамырҚазақстан халықтары бірлігі күні.

9мамырЖеңіс күні.

6шілдеАстана күні.

30тамыз - Қонституция күні.

1желтоқсан - Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің күні.

16желтоқсан Тәуелсіздік күні.

Құрбан айт пен Рождество – діни мерекелер. /жылжымалы/


1995 жылы 30тамызда ҚР – ның Қонституциясы қабылданды. Қонституция 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.

1989жылы 22 қыркүйекте «Тіл туралы заң»қабылданды - заңда 6 тарау бар.



Астанаға саяхат

Астана қасиетті Сарыарқа төрінде орналасқан әсем қала. Қалада көптеген көрнекті орындар бар. Олар : «Бәйтерек» монументі, «Ақ Орда» Президенттің резиденциясы, «Думан» сауықтыру кешені, «Триумф» тұрғын үйлер кешені, «Хан шатыры» , «Цирк үйі», «Түңғыш Президенттің мұражайы», «Конгресс хол», «Бейбітшілік пен келісім сарайы», «Вокзал», «Әуежай»«Интерконтиненталь» қонақ үйі, «Атамекен картасы» т.б . Елордамызда ескерткіштер мен әдемі фантандар да көп. Астанаға жан – жақтан туристтер келіп – кетіп жатады. Астана болашағы зор - әсем қала. Астана-Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, әкімшілік, мәдени орталығы.


«Астана - Бәйтерек»

1997жылы Астана қаласы елордалық мәртебеге ие болды. Бұл тарихи датаны айғақтайтын - «Астана - Бәйтерек» монументі.

Бәйтерек – биік, ірі дегенді білдірсе, екіншіден, ауыспалы мағынасы – тірек, таяныш, сүйеніш.

«Астана - Бәйтерек» монументі металдан, шыныдан, бетоннан жасалған. Оның масштабы 105 метр, салмағы 1000тонна. Шардың деаметрі 22метр, салмағы 300 тоннадан астам. Шар күннің сәулесіне байланысты өзгеріп отыратын «хамелеон» шынысынан жасалған. Сол 97 метрге көтерілген «Астана - Бәйтерек» монументі – бейбітшілік ағашын уағыздайды.

Қазақ тілі пәнінен оқушыларға көмек ретінде "Менің Отаным Қазақстан" модуліне қажетті мәтіндер жинағы.
  • Иностранные языки
Описание:

 Қазақ  тілі  пәнінен оқушыларға  көмек  ретінде "Менің  Отаным  Қазақстан" модуліне  қажетті  мәтіндер  жинағы.  Бұл  жинақтағы  мәтіндер  5-6 сынып  оқушыларына  қажетті  нұсқаулық  болатынына  сенемін.

 

 ҚР-ның  рәміздеріне  Ту, Елтаңба,  Әнұран  жатады.  Рәміздер  туралы  заң  1992жылы

 4 маусымда  қабылданды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы- көгілдір түс аясындағы шаңырақ  бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей уықтар шашылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналасқан. Елтаңбаның  пішіні - дөңгелек.  Жоғарғы жағында - бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың, «Қазақстан» деген жазу -алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі.

Шаңырақ әлемінің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар ержігіттің  қанаты, серігі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау  биігі.

Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз - елтаңбаның  тәжі. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторлары,  сәулетшілер: Шота Аман Уәлиханов пен Жандарбек Мәлiбеков.

 

 

 

 

Автор Кельдибаева Багиткуль Аманжоловна
Дата добавления 20.12.2014
Раздел Иностранные языки
Подраздел
Просмотров 451
Номер материала 8857
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓