Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыҚазақ әдебиеті пәнінен Сабақтың тақырыбы: Әдебиет – көркем өнердің бір саласы

Қазақ әдебиеті пәнінен Сабақтың тақырыбы: Әдебиет – көркем өнердің бір саласы

Скачать материал

                                Сабақ жоспары

1.     Пән аты: Әдебиет

2.     Сыныбы: 5

3.     Күні, айы, жылы:

4.     Тоқсан: І

5.     Мұғалім:  Бабирова Д.Б

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет – көркем өнердің  бір  саласы

Сабақтың мақсаты:

    1.Білімділік: Оқушыларға өнердің  бір  саласы  болған –

                 әдебиет  туралы  білім беру.

    2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, достыққа   тәрбиелеу.

     3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

                                                  2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

 

ІV. Жаңа  сабаққа  дайындық:

     1.Сабақтың  тақырыбын  тақтаға  жазу.

     2. Сабақ  мақсатын  түсіндіру.

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

        Әдебиет – ол  да  көркемөнер.  Көркем  өнердің  сәулет,  мүсінші,  сурет,  музыка  сияқты  түрлері  болады.

Көркем  әдебиет  адамның  тілімен  берілетіндіктен,  өнердің  барлық  түрінің  әсерін  тудыра  алады. «Дүниенің  көрінген  һәм  көрінбеген  сырын  түгендеп  білмесе,  адамдықтың  орны  болмайды»  деп  Абай  айтқандай,  көркем  әдебиет  бізді  адам  өмірі,  әлемнің  сырлары,  табиғат  келбеті  туралы көрінетін  және  көрінбейтін  ұғымдармен  сусындата  алады,  ішкі  сезімді  аңғарып,  сезінуге  үйретеді.  Сонымен  бірге  көркем  әдебиетте  автордың  өз  көңіл – күй  қалауы,  өзіндік  көзқарасы  тұрғысынан  жеткізетінін  есте  ұстаймыз.

Көркем  әдебиеттің  әр  түрін  жақсы  танып – білген  адамның көркем  шығарманы  дұрыс  түсінуге  дайындығы  болады. Бесінші  сыныпта  біз  оның  өлең,  дастан,  роман  повесть  сияқты  түрін  білетін  боламыз. Жанрдың  еркшеліктерін  аңғара  отырып,  шығарманы  көркемөнер  түрі  ретінде  қабылдауға  үйренеміз,  олардың  авторлары  туралы  түсінік  аламыз.

Сондай – ақ  әдебиеттің  үлкен  бір  түрі – ауыз  әдебиетінің  үлгілерімен де  танысамыз. Сөйтіп  әдебиеттің  әр  түрін  біліп  көркем  әдебиет  туралы  тұтас  ұғым  аламыз. Көркем  әдебиет  үлгілерін  оқу  арқылы  біз  ішкі  рухани  дүниемізді  байыта  түсеміз, білімнің  адамгершілік  қасиеттердің  жаңа  биіктеріне  шығамыз. Дұрыс  оқып,  сауатты жазуға  одан  әрі  жаттығамыз. Кітап  біздің  ажырамас  досымызға  айналатын  болады.

  VІ. Түсінік  тексеру:

1.   Әдебиет  не  туралы  ғылым?

2.   Әдебиеттің  өнердің  басқа  түлерінен  айырмашылығы  неде?

3.   Көркем  әдебиет  туралы  А.Құнанбаев  не деген?

4.   Көркем  әдебиет  бізді  неге  үйретеді?

5.   5- сыныпта  біз  көрке  әдебиеттің  қандай  түрлерімен  танысамыз?

6.   Бізге  көркем  әдебиеттің  қандай  пайдасы  бар?

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

 Топтастыру  әдісі

Овал: Көркем әдебиет                                                                                     Роман

 өлең                                                                                     повесть

                                                                        

дастан                                                                                 

                                                                                              поэма

 

әңгіме

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

 

 

1.     Бағалау

2.     Үй тапсырмасын беру.

 

1 . Әдебиет - өнердің  бір  саласы  туралы  түсінік. Ереже жаттау

 

                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1.     Пән аты: Әдебиет

2.     Сыныбы: 5

3.     Күні, айы, жылы:   1 қыркүйек

4.     Тоқсан: І

5.     Мұғалім:   Р.Қалматаева

6.     Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Халық  ауыз  әдебиеті  туралы  түсінік

Сабақтың мақсаты:

1.     Білімділік: Оқушылардың  халық  ауыз  әдебиеті   туралы білімдерін кеңейту.

2.     Тәрбиелік: Оқушыларды  халық  ауыз  әдебиет  туындыларын  қастерлеуге, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.     Дамытушылық: Оқушылардың қосымша деректер арқылы әдеби дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі:«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті»   энциклопедиялары.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

   1 . Әдебиет - өнердің  бір  саласы  туралы  түсінік.

ІІІ. Білім  тексеру:

1.   Әдебиет  не  туралы  ғылым?

2.   Әдебиеттің  өнердің  басқа  түлерінен  айырмашылығы  неде?

3.   Көркем  әдебиет  туралы  А.Құнанбаев  не деген?

4.   Көркем  әдебиет  бізді  неге  үйретеді?

5.   5- сыныпта  біз  көрке  әдебиеттің  қандай  түрлерімен  танысамыз?

6.   Бізге  көркем  әдебиеттің  қандай  пайдасы  бар?

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Қазақ  әдебиеті  екіге  бөлінеді: біріншісі – ауыз  әдебиеті,  екіншісі – жазба  әдебиет.  Ауыз  әдебиеті  елдің  жазу  өнерін  білмей  жүрген  кезінде  шыққан  сөз  өнері. Жазу  өнері  болмаған  соң,  елдің  тарихы,  өмірі,  тұрмысы,  салты,  туған  жері,  өнері,  арманы  әдемі  мәнді  әңгімелерімен  айтылған. Ауыз  әдебиетінің  шығарушыларының  аты – жөні  бізге  белгісіз.  Олар басында  ауызша  шығарылған  және  бір  ауыздан  екінші  ауызға  көшіп,  ауызша  айтумен  сақталған. Ескіліктен  қалған  ондай  сұлу,  дәмді  сөздерді  жалғыз  адам  ғана  біліп  қоймайды,  жалпақ  ел  болып  үйреніп,   түгелімен  есінде  сақтайды. Ел  болып  кейінгілерге  көркемдеп,  әсерлі  етіп  айтып  беріп  отырады.  Ауыз  әдебиеті  осылай  пайда  болады. Ауыз  әдебиетінен  елдің  даналығын,  танымын,  тәлімін,  мінез- құлқын  түгел  білеміз.

 VІ. Түсінік  тексеру:

1.     Қазақ  әдебиеті  нешеге  бөлінеді?

2.     Ауыз  әдебиеті  деген  не?

3.     Жазба  әдебиет  деген не?

4.     Ауыз  әдебиетінің  үлгілері  бізге  қалай  жеткен?

5.     Ауыз  әдебиеті  қалай  пайда  болды?

6.     Ауыз  әдебиетінің  бізге  берері не?

    VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

       Халық  ауыз  әдебиетінің  түрлері:

1.   Тұмыс – салт  жырлары

2.   Ертегілер

3.   Мақал – мәтелдер

4.   Жұмбақтар

5.   Шешендік  сөздер

6.   Аңыз – әңгімелер

7.   Батырлар  жыры

8.   Ғашықтық  жыры

9.   Ақындар  айтысы.    

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.     Бағалау

2.     Үй тапсырмасын беру. 1. Халық  ауыз  әдебиеті  туралы  түсінік

                                               2.Ертегілер оқу

                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1.     Пән аты: Әдебиет

2.     Сыныбы: 5

3.     Күні, айы, жылы:  5 қыркүйек

4.     Тоқсан: І

5.     Мұғалім: Бабирова Д.Б

6.     Сабақтың тақырыбы:  Тұрмыс – салт  жырлары

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға  тұрмыс – салт  жырлары  туралы әдеби білім беру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды еліміздің тарихын қастерлеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

 1. Халық  ауыз  әдебиеті  туралы  түсінік

   2Ертегілер оқу

 

ІІІ. Білім  тексеру:

 

1.     Қазақ  әдебиеті  нешеге  бөлінеді?

2.     Ауыз  әдебиеті  деген  не?

3.     Жазба  әдебиет  деген не?

4.     Ауыз  әдебиетінің  үлгілері  бізге  қалай  жеткен?

5.     Ауыз  әдебиеті  қалай  пайда  болды?

6.     Ауыз  әдебиетінің  бізге  берері не?

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

    Қазақ  әдебиетінің  үлкен  бір  саласы – тұрмыс – салт  жырлары. Күнделікті  тұрмыста  өлең  айту  қазақтың  ең  қасиетті  салты  болған. Ондай  өлеңдерді,  жырларды  сондықтан  да  тұрмыс- салт жырлары  деп  атаған.

Тұмыс – салт  жырларында  халықтың  өзіне  тән  тұрмысы,  тіршілігі  салт – дәстүрі  сөз  болады,  төрт  түлік  мал  және  басқа  жануарлар  туралы,  наурыздағы,  көктемдегі  ел  қуанышы  туралы  жырлар  айтылады. тұрмыс – салт жырларының  түрлері:

1.     Бесік жыры.

2.     Тұсау кесер жыры.

3.     Жар – жар

4.     Той бастар.

5.     Беташар.

6.     Бата-тілек.

7.     Жоқтау.

Тұрмыс- салт жырларының  төрт  түлік  малға, басқа  жануарларға  арналған  түрлері  көп.

Тұрмыс – салт  жырларының  ең  көп  тараған  түрі – наурыз  жырлары.  Көктемнің  келуін  жаңа  жылдың  келуі  деп  түсінген халық,  күн  жылып,  мал  көкке  тойынған  шақты  қуаныш  көріп,  жауын көп болсын,  ақ  мол  болсын, елге  тоқшылық  болсын  деп  өлеңдер айтқан. Оны  біз  наурыз  жырлары  деп  атаймыз.

 VІ. Түсінік  тексеру:

Сұрақ - жауап

1.     Тұрмыс – салт  жырлары  дегеніміз  не?

2.     Оларды  неген  тұрмыс – салт  жырлары  деп  атаған?

3.     Тұмыс – салт  жырларының  қандай  түрлері  бар?

4.     Тұмыс – салт  жырларының  ең  көп  тараған  түрі  қандай?

5.     Наурыз  жыры  дегеніміз  не?

 Оқулықпен жұмыс.

1.     «Малдың  баласын  сүюі» атты өлеңді  мәнерлеп  оқу

2.     «Төрт  түлік  мал  туралы»  атты  өлеңді  тізбектеп  оқу

 

 VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1.    Өлеңнен  төтр  түлік  маоға  қазақ  халқының  қалай  қарағанын  аңғарыңдар

2.    Әрбір  түлік  төлінің  сипатын  ақындық  тілмен  айтыңдар.

3.    Өлеңдегі  әрбір  төлдің  сипатына  лайықтап  шағын  суреттемелер  жазыңдар.

4.    Өлең  шумақтарын  жалғастырып  жазып көріңдер.          

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.     Бағалау

2.     Үй тапсырмасын беру.

1.     Тұрмыс – салт  жырлары  туралы  түсінік.

2.     «Малдың  баласын  сүюі» атты  өлеңді  жаттау

3.     Төрт  түлік  мал,  жан – жануарлар,  табиғат  құбылыстары  туралы  жырларды  оқу.

 

 

 

                                Сабақ жоспары

1.     Пән аты: Әдебиет

2.     Сыныбы: 5

3.     Күні, айы, жылы: 12 қыркүйек

4.     Тоқсан: І

5.     Мұғалім: Бабирова Д.Б

6.     Сабақтың тақырыбы:  Мақал – мәтелдер  туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға аңыз және Оғыз қаған жыры туралы әдеби білім беру, жырды талдауға дағдыландыру.

2.Тәрбиелік:Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық:Оқушылардың әдеби, тарихи дүниетанымдарын кеңейту, әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: Ежелгі дәуір әдебиеті

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

 .ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

 

ІІІ. Білім  тексеру:

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Мақал – мәтелдер  ауыз  әдебиетінің  бір  түрі. Мақал – мәтелдерде  көбінесе  нақыл,  ақыл  айтылады. жаманнан  сақтандырып,  жақсыны  үлгі  етеді. Мақал – мәтелдердің  мәндері,  тақырыптары  әр  алуан;  еңбек  пен  ерлік, жақсы  мен  жаман,  достық  пен  қастық,  ақыл  мен  өнер- білім,  ынтымақ  пен  бірлік,  Отан  туралы т.б.  болып  келеді.  Халық  өмірдегі  өз  бақылауларын  қорытындылап,  тұжырым  жасап,  ұйқасты  сөздермен  өнеге,  үлгі  боларлық  мақарлад  жасап  отырған. Мақал – мәтелдер өлең  сөз  сияқты  көркем,  ұйқасып  тұрады.  Сөйлемдерді  өте  ықшам,  басы  артық  сөз  болмайды,    сөздерді  басқа  сөзбен  алмастыруға  келмейтін  тұрақты  кедеді.  Мәселен, «Ақыл – жастан,  асыл – тастан»  деген  мақалдың  сөздерінің  орнына  басқа  сөз  қойып  немесе  қосып,  я  алып  тастап  көрсеңдер  ма,ынасының  мақал  ретінде  қуаты  да,  көркі  де,  мәні  де бұзылып,  өз  сипатын   жоғалтатынына  көздерің жетеді.

  Ақын – жазушылар  шығармаларының  жақсы  сөздері  де  мақалға  айналып  кетіп  отырады. Мысалы,  Абайдың  жаман  дос  туралы « Күн  жауғанда  қойныңда,  күн  ашықта  мойныңда», «Күшік  асырап  ит  еттім,  ол  балтырымды  қанатты»  деген  сияқты  сөздері  бүгінде  мақал  ретінде  айтылады.

Мақал – халықтың  өмірден  алған  тәжірибесінің   ойтұжырымының  қорытынды  жиынтығы,  айқын  ойды  үлгі  өнеге,  ақыл  ретінде  қысқа  қайырып,  көркем  бейнелеп  жеткізетін  халықтың  дана,  нақыл  сөзі.

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

1.      Мақал  деген не?

2.     Мәтел  деген не?

3.     Мақал  мен  мәтелдің  айырмашылығы  неден  байқалады?

4.     Мақал  мен  мәтелдің  ой  түйіндеу  тұрғысынан  қарағандағы  ерекшеліктерін ата?

5.     Мақал  мен  мәтелдің  құрылымы  жағынан  айырмашылықтарын  ата.

 

 

 VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Топтастыру әдісі:

                                                                                                      Аяқталға

                                                                                                      сөйлем

Овал:     Мақалой  тиянақты

дәлелді

 

                                 

салыстыру                                                                                екі

                                                                                                           бөлімді

              

                                                                                                      сөйлем

                                                                                              немесе сөз

Овал:     Мәтелтопшылау                                                                                     тіркесі

 

 

                                                                                                      мағына

қортынды                                                                                      тұспалды

пікір     

дәлелдеу

жоқ                                                                                                                

              

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.     Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. 17-22- беттегі мақал – мәтелдерді  жаттау

2. Мақал – мәтелдер  туралы  түсінік.

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1.     Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы:  5 сынып

3.Күні, айы, жылы:  19 қыркүйек

4.Тоқсан: І

5.Мұғалім:  Бабирова Д.Б

Сабақтың тақырыбы:   Жұмбақтар туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға  жұмбақтар  туралы әдеби білім беру,  білігін  тереңдету, салыстыру,  ажырата  білу  мен  оқу,  талдау  машықтарын  қалыптастыру

2.Тәрбиелік: оқушыларды  адамгершілікке, ұлтжандылыққа  тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың  логикалық  ойлауын,ой  дәлдігін  дамыту,сөйлеу мәдениетін  жетілдіру, түрлі  амал – тәсілдер  арқылы  іздендіре  отырып  шығармашылыққа  баулу.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі:   қосымша  әдебиеттер.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

                                                2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. 17-22- беттегі мақал – мәтелдерді  жаттау

2. Мақал – мәтелдер  туралы  түсінік.

 

ІІІ. Білім  тексеру:

Оқушыларды  іздендіре  отырып  кестені  толтыру.

 

Мақал – мәтелдер

Тақырыптары

1

Денсаулық – зор  байлық

.....

2

.....

Өнер – білім

3

Досы  көпті жау  алмайды,...

...

4

....

Еңбек

5

Ата  көрген  оқ  жонар,...

...

6

....

Ынтымақ, бірлік

7

Ерді намыс  өлтіреді,....

...

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

          Жұмбақ – ауыз  әдебиетінің  ертеден  келе  жатқан  түрі.  Ол  адамдардың  бір нәрселердің     белгілерін  екінші  нәрсенің  белгілері  арқылы жұмбақтап  айту  өнері.  Жұмбақ  мақал – мәтел  сияқты  тақпақтап,  ұйқастырып айтылады. жұмбақтар  өте  ертеден  келе  жатқанмен, әр  уақытта халық  оның  жаңа  түрлерін  ойлап  шығарып  отырған. М.Әуезов «Жұмбақ  адамның  дүниетану  жолындағы  ойының,  қиялының  шамасын  білдіреді» деген.  Жұмбақ болатын  заттар: аспан әлемі,  жыл мезгілдері,  қоршаған  табиғат,  тұрмыстық  заттар,мал,  жан – жануарлар, адам  оның  дене мүшелері,  еңбек  құралдары,т.б.  әр  түрлі  заттар  мен  құбылыстар,  білім  өнер  ұғымдары. Жұмбақтар  соған  байланысты  тақырыбы  жағынан да  сан  алуан.  Өздерің  де  кез  келген  нәрсені  жұмбақтап,  ұйқасын келтіріп  құрастыруларыңа  болады.

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

 

1.     Жұмбақ  дегеніміз не?

2.     Жұмбақтар  қалай  пайда  болған?

3.     Жұмбақ  болатын  заттар  нелер?

4.     Жұмбақтардың  тақырыбы  қандай  болады?

5.     Жұмбақтарды  қалай  құрастыруға болады?

 

    VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

            1. Оқулықпен жұмыс.

6.      Жұмбақтарды  оқып,  олардың  тақырыбын,  нені  танытатындығын  айтыңдар.

7.     Жұмбақтың  қысқа да,  ұзын да  болатынын, оны  біреу  айтып, енді  біреу  шешу  керектігін  ескеріңдер.

8.     Жұмбақ  болған  нәрселерді  екінші бір  затқа  теңеп  ұқсатып,  қарама – қарсы  қойып  айтқан  сөздерге  мысал  келтіріңдер.

9.     Өздерің  жұмбақ  құрастырыңдар.

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.     Бағалау

2.     Үй тапсырмасын беру.

1.  Жұмбақ  туралы  түсінік

 2.23-24 – беттегі  жұмбақтарды  жаттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                

  Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5 сынып

3.Күні, айы, жыл  24 қыркүйек

4.Тоқсан: І

5.Мұғалім:  Бабирова Д.Б

Сабақтың тақырыбы:  Ертегілер  туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға  ертегілер туралы мәлімет беру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды  адамгершілікке, елжандылыққа  тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

 1.  Жұмбақ  туралы  түсінік

 2.23-24 – беттегі  жұмбақтарды  жаттау.

ІІІ. Білім  тексеру:

1.     Жұмбақ  дегеніміз не?

2.     Жұмбақтар  қалай  пайда  болған?

3.     Жұмбақ  болатын  заттар  нелер?

4.     Жұмбақтардың  тақырыбы  қандай  болады?

5.     Жұмбақтарды  қалай  құрастыруға болады?

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

           Ертегілер  ауыз  әдебиетінің  ең  көне  жанрына  жатады.  бұларда  көбінесе  өмірде  сирек  кездесетін  немесе  мүлде  кездеспейтін,  ойдан  шығарылған  оқиғалар  баяндалады.  Ол  ауызша  айтылып,  ел есінде  ғасырлар  бойы  сақталып,  ұрпақтан – ұрпаққа  ауысып  біздің дәуірімізге  жеткен. Әр кезеңде  ертегі  айтушылар  өз  жандарынан ертегі  мазмұнына  жаңа  оқиғалар  қосқан. Сөйтіп ол  үнемі жаңарып,  толықтырылып, жетілдіріліп  отырған.

     Халық  ерте  кезде-ақ әрқашан  зұлымдықты  әділеттік  жеңеді,  адам  табиғаттың  асау  сырларын  біліп,  қолдана  алатын  болады  деп  сенген. Жақсы  өмірді  аңсаған  қашықтарға  тез  жетуді,  ғажап  күшті  болуды,  көкке  ұшуды,  жер  асатына  түсіп,  асыл  қазынасын  алып, пайдалануды  армандаған. Соның  бәрі ертегілерге  арқау  болған. Сондықтан да ертегілерде  халық  қиялы,  арманы,  даналығы  ғасырлар  бойы жинақталған өмір  тәжірибесі  бар.  Ертегілердің  үш  түрі  бар. Олар:

1. Хайуанаттар  туралы ертегілер

2. Қиял – ғажайып  ертегілер

3. Шыншыл  ертегілер

       Хайуанаттар  туралы ертегідегі  негізгі  кейіпкерлер  аң,  құс,  үй  жануарлары болады.  Алайда  олар  адамға  тән  қасиеттер иесі  болып суреттеледі де,  сол  арқылы  сұм,  қиянатшыл,  дөрекі, қу мінез  құлықтар  әшкереленеді, еңбексүйгіштікті,  батылдықты, адалдықты  сүйсіне  әңгімелейді.

       Ал  қиял – ғажайып ертегілерде  ер жүрек,  батыр  адамдардың  басынан кешкен  сан  алуан  ерлік  оқиғалар  баяндалады. Олар  жеті  басты  дәумен,  жалмауызбен,  небір  құбыжықтармен  күрес  үстінде бар  асыл қасиеттерімен  көрінеді.  Олар  көкке  ұшады,  жер  астына  түседі,  теңіздерден  өтеді,  азабы  мол  ғажайып оқиғаларды  ақыл,  айла – тәсілін  асырып, жеңіп  отырады. Осы  жолда оларға  Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ, Самрұқ құс, Қарлығаш  сияқты  ізгі ниетті  жандар  болысады, ақылды  ат,  алып құстар  жәрдемдеседі.

 VІ. Түсінік  тексеру:

1.     Ертегілерде  нелер  баяндалады?

2.     Ертегілер бізге  қалай  жеткен?

3.     Ертегілердің  қанша  түрі  бар?

4.     Хайуанаттар туралы  ертегілер  деген не?

5.     Қиял – ғажайып  ертегілер  деген не?

  

 VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1.     Топпен  жұмыс.

І топ

·        Хайуанаттар  туралы  ертегілерден үзінді  айту.

ІІ топ

·        Қиял – ғажайып  ертегілерден үзінді  айту

 

ІІІ топ

·        Шыншыл  ертегілерден  үзінді  айту.

 

  VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

       2.Үй тапсырмасын беру.

                 1.Ертегілер туралы түсінік.

                2. Қалаған  ертегі  оқып  келу

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5сынып

3.Күні, айы, жылы:  26 қыркүйек

4.Тоқсан: І

5.Мұғалім:  Бабирова Д.Б

Сабақтың тақырыбы:  «Ер Төстік»  ертегісі 

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға  Ер Төстікертегісінің  тақырыбын  аша  отырып, кейіпкер туралы  түсінік  беру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды  адамгершілікке, ізгілікке баулу,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушыларды  мәтінмен  жұмыс  істеуге, өз  пікірін  қорғауға  дағдыландыру,  әдебиетке   қызығушылығын  ояту.  

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ  әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

                                            2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

 

1.Ертегілер туралы түсінік.

  2. Қалаған  ертегі  оқып  келу

 

ІІІ. Білім  тексеру:

1.     Ертегілерде  нелер  баяндалады?

2.     Ертегілер бізге  қалай  жеткен?

3.     Ертегілердің  қанша  түрі  бар?

4.     Хайуанаттар туралы  ертегілер  деген не?

5.     Қиял – ғажайып  ертегілер  деген не?

6.     Ер Төстік ертегісі  қандай  ертегіге  жатады?

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

* Жоспар  құру.  Осы  жоспар  бойынша  бөлімдерге  бөлу.

1. Ер Төстіктің  дүниеге  келуі

2. Өрмек  тоқып  отырған кемпір

3.Ер Төстіктің ағаларын  іздеуі

4.Ерназардың  ұлдарының  елге  келуі

5. Ерназардың  келін  алуы

6. Бекторының тұсау  құруы

7. Ерназардың  жалмауыз  кемпірдің  құрсауына  түсуі

8.Ер Төстіктің  достары

9.Жер  асты  оқиғасы

10.Кенжекейдің  ақылы

11.ЕрТөстіктің  әкесін құтқаруы

* Ерназардың  тоғыз  ұлына  келін  іздеген  жерін  тауып  оқу.

* Кенжекейдің  Ер Төстік  туралы  жаман  ойлап,  зарлана  бастаған  жерін  тауып  оқу.

 

 

 

 

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

Топтастыру стратегиясы:

 

                                                                                  жанашыр

                 адал

 

Овал: Ер Төстік           қайырымды                                                         мейірімді

 

 


    айлалы                                                                     кішіпейіл

 

 

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

       1. Оқулықпен жұмыс.

  1. Ер Төстіктің  көмекшілеріне  сипаттама жасаңдар

  2. Ертегіден  халық  тұмысына,  сенім – нанымына байланысты  әдет – ғұрып,  салт – сана  көріністерін  тауып,  әңгімелеңдер.

   3. Ертегінің  ұнаған  жері  туралы  шығарма  жазыңдар.

   4.Ертегі  кейіпкерлерінің  суретін  салыңдар.

  

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

1.Ер Төстік ертегісі  туралы  түсінік

2. ертегі  кейіпкерлеріне мінездеме  жазу.

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:  3. 10.2013

4.Тоқсан: І   

5.Мұғалім:  Бабирова Д.Б.

Сабақтың тақырыбы:  «Аяз би» ертегісі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға «Аяз би» ертегісі туралы  түсінік  беру, мазмұны мен құрылымын талдату.

2. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық  ойын кеңейту, сөйлеу мәдениетін арттыру,  сөздік қорларын  молайту,  шығармашылық қабілетін  ұштау. 3.Тәрбиелік: оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, татулыққа, еңбекті сүюге  тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: ойын  сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ  әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

                                            2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Ер Төстік ертегісі  туралы  түсінік

2. Ертегі  кейіпкерлеріне мінездеме  жазу.

 

ІІІ. Білім  тексеру:

 1. Ер Төстіктің  ертегінің  ұнаған  жері  туралы  шығарма  жазыңдар.

   2. Ер Төстіктің  ертегі  кейіпкерлерінің  суретін  салыңдар.

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

 * Сабақтың  шарты :  Сабақ  негізінен  үш  ойыншымен  жүргізіледі.  Қалған  оқушылар  сарапшылар  болып  табылады.

І бөлім: «Табалдырық» Ойыншылар  өздері  конверт  таңдап  алып,  сұрақтарға  жауап  береді.

    Бірінші ойыншыға:

1.     Уәзірлер  не  үшін  Жаманда  адамның  жаманы  деп  шешті?

2.     Хан  уәзірлерімен  келісіп,  Жаманның  әйелін  алу  үшін  Жаманды  қайда  жұмсайды?

Екінші   ойыншыға:

1.     Уәзірлер не  үшін  құстың  жаманы  деп  қырғауылды  таңдады?

2.     Хан  Жаманды  қайда  көшіріп  жібереді?

Үшінші  ойыншыға:

1.     Жаман не үшін  шөптің  жаманы  қарақоға деді?

 

ІІ бөлім: Қозыкөш.

Бірінші  ойыншыға:

1.     Барсакелместегі «інжілі  қой»  ертегіде  қалай  суреттелген  және  хан оған  не  үшін қызықты?

2.     Жаман  тұлпардың  сиырға  шатыс  екенін  қалай  білді?

Екінші  ойыншыға:

1.     Барсакелместегі «інжілі  үйрек»  ертегіде  қалай  суреттелген  және  хан оған  не  үшін қызықты?

2.     Жаман  гаухар  тастың  ішінде  құрт бар екенін  қалай  білді?

Үшінші  ойыншыға:

1.     Барсакелместегі «дәудің інжілі қара  арғымағы »  ертегіде  қалай  суреттелген  және  хан оған  не  үшін қызықты?

2.     Жаман  ханның  наубайдың  баласы  екенін  қалай  білді?

 

ІІІ бөлім: Беласар.

1.     «Е, шырағым,  жасым  сексенге келгенде  біреудің  қанын  жүктеп не  қылайын? Бір  сыр  бар  еді, оны  тәңірінің  өзі  ғана білетін  еді,  мен білетін  едім».  Осы  сөз  кімнің  сөзі?

2.     Ертегіде  Жаманды  дарға  асып  өлтіргелі  жатқанда  кеоген  адам  қалай  бейнеленген?

Екінші  ойыншыға:

1.     Ханның  әкесінің  аты  кім  еді?

2.     Жаман  неліктен  ханға  шынын  айтпаған  еді?

Үшінші  ойыншыға:

1.     Меңді  сұлу  Жаманды  өлімнен құтқарып, дардың  жібін  қиып, көкірегіне  қылышын  тастап  кеткені  оның  не  дегені?  (Мен  үшін  күнәсіз  өлме, ерлігіңді  көрдім. Қылыш үстінде  серт  жүрмейді  деуші  еді, антыңды  қайтып  ал , дегені  еді).

2.     Уәли  байдың  қызы  Меңді  сұлуға  келген  бай  балалары  мен  бай  балалары  қыз  берген  заттарды  көргенде неге  ашуланатын? («Менің  үйімде пышағым  жоқ па, болмаса  қазынамда  гауһар   тасым  жоқ па, я  тіпті қайрақ  таба  алмай  жүрмін  бе?)

 ІV  бөлім: Мәре

         Бірінші  ойыншыға  ІҮ бөлімнің  сұрағы

1.     Хан  шаңыраққа  қарап , ойланып  жатып,  қырық  уәзіріне  қандай  жүмбақ  жасырады? (жау  шапты, ел  бүлінді, апат  соқты)

2.     Жаман  Барсакелместен  келгенде  ханға  не  дейді?(Уәзірлер  шығарып  салған  соң, бір  аш  арыстан  соңымнан  қалмады. Мына  жауды  мұқатайын  деп, қылышымды  суырып  алып қуып  кеттім. Осы  сіздің  ордаға  кірді ме  деп  отырмын)

Екінші  ойыншыға  ІҮ  бөлімнің  сұрағы

1.     Жаманды  шақыруға  хан  бір  адамды  жібереді. Жіберген  жігітті  барып, үйден  сығалап  қараса, төрде  төсек  үстінде  Жаман  жатыр. Ал Жаманның  әйелі  оы  уақытта  не  істеп  отыр  еді?(әйел  төрдегі  айнаға  қарап, өз  көркіне  таңғалып  отыр  екн).

2.     Жаман  өзі  хан  болған  соң  ордасының  маңдайшасына  не  шегелеп  қойды? (жыртық  тоны  мен  жаман  тымағын)

Үшінші  конверттегі ІҮ бөлімнің  сұрағы

1.     Шегелеулі  тымағы  мен  тонына  қарап,  Жаман   не деп өз көңілін  басатын? (« Ай, Аяз, баймын  деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз, әліңді  біл, Құмырсқа жолыңды  біл)

2.     « Аяз  би» ертегісі  ертегінің  қай  түріне  жатады?

        

 

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

Топтастыру стратегиясы:

 

                                                                                  жанашыр

                 адал

 

Овал:  Жаман            қайырымды                                                         мейірімді

 

 


    айлалы                                                                     кішіпейіл

 

 

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

1 «Аяз би» ертегісі  туралы  түсінік

2. Ертегі  кейіпкерлерінің  суретін  салу.  

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5сынып

3.Күні, айы, жылы:  10 қазан

4.Тоқсан: І

5.Мұғалім: Бабирова Д.Б.

Сабақтың тақырыбы:  «Керқұла  атты Кендебай»  ертегісі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың   Кендебай  бейнесін  аша  отырып,  кейіпкер  туралы  түсінік беру. өткен  тақырыптармен  байланыстыра  отырып,  әдебиеттен  алған  білімін  жетілдіре  түсу.

2.Тәрбиелік: оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, имандылыққа,  еңбекті сүюге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың  өз  бетінше  жұмыс  істеу  қабілеттерін  жетілдіру,  логикалық  ойлау  қабілеттерін  кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі  емес сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу,

                                       әңгімелеу, сыни  тұрғыдан ойлау.

Сабақтың көрнекілігі: Ертегілер жинағы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

                                            2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

 1 «Аяз би» ертегісі  туралы  түсінік

2. Ертегі  кейіпкерлерінің  суретін  салу. 

 

ІІІ. Білім  тексеру:

 1. Ер Төстіктің  ертегінің  ұнаған  жері  туралы  шығарма  жазыңдар.

   2. Ер Төстіктің  ертегі  кейіпкерлерінің  суретін  салыңдар.

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

  1. Қайталау - оқу  айнасы.

2. Кітап – досың,  ақылшың.

3. Өнерлі  өрге  жүзер

4.Кейіпкер  келбеті.

5. Білімдіден  ақыл  шығар.

1. Қайталау – оқу  айнасы.

* Ертегі  дегеніміз не?

* Ертегінің  құрылысы  қандай?

* «Керқұла  атты Кендебай  ертегісі  қандай  ертегіге  жатады?

2. Кітап – досың,  ақылшың.

 а) Түсінгенін  жоспар  бойынша   қысқаша  айту.

1. Кендебайдың  дүниеге  келуі.

2. Мергенбай  батырдың  баласымен кездесуі.

3. Кендебайдың  малшы  болуы.

4. Алтын  құйрықты  құлын.

5. Ханның  шарты.

  ә) Мәтінмен  жұмыс

 - Қазанқап  кедейдің  іс – әрекеті,  кәсібі  туралы айтылған  жерді  тауып  оқу.

 - Сиыр  айдап  өткізер  жерін  табу.

3. Өнерлі  өрге  жүзер.

Кендебай  мен  жетім  бала   кездескен  сәтінен инсценироака көрсету.

    Мақал – мәтелмен  түйіндеу.

1.  Кішіпейілділік – кішілік  емес, кісілік.

2. Мейірімділік – жүректен,

    Мейірімсіздік – білектен.

4.Кейіпкер  келбеті (теориялық  жұмыс).

а) Сыртқы  түрін, қимыл – әрекетін, мінез – құлқын, басқалармен  қарым – қатынасын  ойша  біліп, көз  алдымызға  елестетеміз. Шығармадағы  адамдардың  көркем бейнесін  кейіпкер  деп  атаймыз.

ә) Ертегідегі  қарама – қарсы  кейіпкерлерді  табайық.

Кендебай                      Бай  балалары

-еңбекқор                      -еріншек

-мейірбан             -жалқау

- батыр                         -өтірікші

-жігерлі                         -шыдамсыз

VІ. Түсінік  тексеру:

Топтастыру стратегиясы:

                                                                           

 

 

                                                                                  жанашыр

                

 

адал

 

Овал:  Кендебай             қайырымды                                                         мейірімді

 

 


    айлалы                                                                     кішіпейіл

 

5.Білімдіден  ақыл  шығар (әр  қатарға  деңгейлік  тапсырма)

1-қатар: Кендебайға  ұқсағың  келеме?

қай  қасиеті  көбірек  ұнады?

Қазіргі жастар бойынан  осындай  қасиеттер  кездесе ме?

2-қатар: Сен  осы  ертегіге  қандай   өзгеріс  енгізер  дедің?

3-қатар: Суреттер сөйлейді. Тест  сұрақтарын  беру.

Өзіміз  оқыған ертегілердің  қайсысына  ұқсайды?

Ер Төстік          Кендебай

-Жылқы  малымен  дос  болу

-сөйлеуі

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

1 Ертегіні   ары  қарай  жалғастырып  жаз.

2. Сөз  жұмбақ  құрау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1.Пән аты:  Әдебиет

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы: 11 қазан

4.Тоқсан:

5.Мұғалім:.Р.Қалматаева

Сабақтың тақырыбы:  «Сырттандар» ертегісі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға  ертегінің  мазмұнын  ұғындыру,  кейіпкертерге  мінездеме беруді  үйрету.

2.Тәрбиелік: оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу, оқу-өнерді насихаттау.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, өзіндік пайымдау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі:  Ертегілер  жинағы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

                                            2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

 

1 «Аяз би» ертегісі  туралы  түсінік

2. Ертегі  кейіпкерлерінің  суретін  салу. 

 

 

ІІІ. Білім  тексеру:

1.     Ертегілерде  нелер  баяндалады?

2.     Ертегілер бізге  қалай  жеткен?

3.     Ертегілердің  қанша  түрі  бар?

4.     Хайуанаттар туралы  ертегілер  деген не?

5.     Қиял – ғажайып  ертегілер  деген не?

6.     Ер Төстік ертегісі  қандай  ертегіге  жатады?

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

*  Жоспар құру:

1.     Бай  баласының  түс  көруі.

2.     Әке – шешесінің  қобалжуы

3.     Сәуегейдің  түс  жоруы

4.     Баланың  қашуы

5.     Кербестінің  шабысы

6.     Қара  қасқыр

7.     Ми  даладағы  жалғыз  үй

8.     Бай  баласының  басынан  өткенін  баяндауы

9.     Қара  ауыз

10.  Жігіттің  өкініші

11. Ит  атаулының  қасқырға  қожа  болуы.

 

·        Мәтінді  бөлімдерге  бөліп,  әр  қатарға  тапсырмалар  беріледі.

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

1.     Бай  баласы  қандай  түс  көрді?

2.     Әке – шешесі  не  істеді?

3.     Түсті  кім  және  қалай  жорыды?

4.     Бала  қасқырдан  қалай  қашып  құтылды?

5.     Баланың  қасқырдан  қашып  құтылуына  кім  көмектесті?

6.     Қара  ауыз ит  қара  қасқырды  қалай  жеңді?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

       1. Оқулықпен жұмыс.

1.      Кербестіге,  қара  қасқырға,  қара  ауыз  итке  мінездеме  беру

2.     Қара  ауыз  иттің  өлуі  нені  байқатады?

3.     Ертегіні  басқа  ертегілермен  салыстыр,  ерекшелігін  айт.

4.     Өз  ойларыңнан  ертегі  жазып  көріңдер

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

1. «Сырттандар» ертегісі  туралы түсінік.

2. Ертегі  кейіпкерлеріне мінездеме  жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:  19 қазан

4. Тоқсан:  1

5. Мұғалім: Бабирова Д.Б

Сабақтың тақырыбы: «Қырық  өтірік» ертегісі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларды  ертегі  мазмұнымен  таныстыру, кейіпкерлерге  мінездеме беру.

2. Тәрбиелік:   Оқушыларды ұлтжандылыққа, елді қорғауға тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың  әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: тіл, тарих, география

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                           2. Оқушылардың сабақ

                                               қатысын тексеру.

                                      3.Оқушылардың зейіндерін

                                         сабаққа аудару.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

     1. «» ертегісі  туралы түсінік.

2. Ертегі  кейіпкерлеріне мінездеме  жазу.

 

  

 ІІІ. Білім  тексеру:

«Сырттандар» ертегісі  бойынша

1.      Бай  баласы  қандай  түс  көрді?

2.     Әке – шешесі  не  істеді?

3.     Түсті  кім  және  қалай  жорыды?

4.     Бала  қасқырдан  қалай  қашып  құтылды?

5.     Баланың  қасқырдан  қашып  құтылуына  кім  көмектесті?

6.     Қара  ауыз ит  қара  қасқырды  қалай  жеңді?

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

 Жоспар:

1.     Ханның  халқына  шығарған  жарлығы.

2.     Тазша  баланың  хан  алдына  келуі.

3.     Ханның  Тазша баланы  мысқылдауы.

4.     Тазша  баланың  өтірік  әңгімесі.

5.     Тазша  баланың  өтірік  әңгімесінің  аяқталуы.

6.     Ханның Тазша  балаға  таң  қалуы.

7.     Тазша  баланың  өтірік  өлеңі.

8.     Ханның  жеңілуі.

Жоспар бойынша мәтін  бөлімдерге  бөлініп,  әр  қатарға  топтастырылған  тапсырмалар  беріледі.

 VІ. Түсінік  тексеру:

1.     Өтірік  әңгімені  толық  оқып  шығып,  мазмұнын  естеріңе  сақтаңдар.

2.     Өтірік  әңгіменің  оқиғасының  қызық  та  күлкілі  болып  шығуына,  мән  мағынасына  зер  салыңдар.

3.     Өтірік  әңгіменің  оқиға  тұтастығын  аңғар.

4.     «Қырық  өтірік» атты  әңгіменің  тууына  себепші  болған  оқиғаны  баяндап,  мәтінен  тауйп  оқыңдар.

5.     Тазша  баланың  қырық  өтірік  әңгімесін  өз  алдына  оқып,  бөлімдерге  бөліп  қараңдар:

а) жоғалған  құлын  хикаясы;

ә)қоянның  оқиғасы;

б)етіктің  шатағы.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1.     Оқулықпен жұмыс.

1.   Әр  бөлімнің  мазмұны  мен  оның  ішіндегі  әңгімені  бөлек  айтыңдар,  оның  неге  өтірік  екенін  дәлелдеңдер.

2.   Өтірік  өлеңнің  әр  шумағын  жеке – жеке  оқып,  оның  мәнін,  мағынасын  түсіндіріңдер.

3.   Өтірік  әңгімеден  тұтастай  қарағанда  қандай  құндылықтар  аңғаруға  болады?

4.   Ертегінің  басталуы  мен  аяқталуында  өздерің  бұрын  оқыған  ертегілермен  ұқсастық  бар  ма?

5.   «Қырық  өтірік»  ертегісін  ертегілердің  шыншыл  түріне  қандай  сипаты  жағынан  жатқызуға  болады?

6.   Ертегіге  берілген  суреттерге  қарап  әңгімелеңдер.

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

1. «Өтірік өлең»  туралы  түсінік

2. Ертегі  кейіпкерлеріне мінездеме  жазу.

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:  24 қазан

4. Тоқсан:  І

5. Мұғалім: Бабирова Д.Б

Сабақтың тақырыбы:  Аңыз әңгімелер, шешендік сөздер

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды  аңыз – әңгімелер  туралы  түсінік  беру, Асан  қайғы  туралы  аңыздармен  таныстыру, оларды тілдік тараптан талдауға үйрету.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: жаңа  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі:  Аңыз – әңгімелер жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

 

1.     Әдебиет теориясынан түсінік беру.

       Тарихта болған әйгілі адамдар жайында немесе елдің, рудың шыққан тегі туралы не нақтылы бір жерде өткен оқиғалар жайлы тарихи шындыққа негізделген, бірақ уақыт өте келе, көркем шығармаға айналып кеткен әңгімені аңыз дейміз.

Аңыз  белгілі  бір  адамның  атына, іс- әрекетіне  байланысты  туады. Кейде  аңыз – әңгімеде  шындық  оқиға  мен  қиял- ғажайып оқиға  аралас  келіп  отырады. Аңыз – әңгіме көбінесе   тарихта  болған  адамның  басына  құрылады. Ол адам  не  батыр, не ел  басшысы  немесе  әділ би, ақыл – парасатымен ел  құрметіне  бөленген беделді  адам  болуы  мүмкін. Бірақ ол  адамдардың  айтқан  сөздері мен істеген іс – әрекеттеріне  байланысты  айтылған  әуелгі  шындыққа қоспалар  қосып , сол  істепті – міс, сол айтыпты – мыс деген әртүрлі  лақап біртіндеп аңызға  айналады. Оны әңгіме, жыр  етіп, біреуден – біреу  жаттап  алып, кейінгі  ұрпаққа  жеткізіп  отырған.

         Қазақ  аңыздарындағы  Асан  қайғы, Жиренше, Қорқыт, Жошы хан  сияқты  кейіпкерлер-бәрі де  тарихта  болған, ел  басқарған  дамдар, бірақ  кейін  олардың  әрекеттері  біреуден – біреуге  ауызша  айтылып  аңыз  болып кеткен.Мысалы:  

Асан  Қайғының  Жернұйықты  іздегені

         Асан Қайғы Желмаяға  мініп, жиһан кезіп  «Жерұйық» дейтін ну  орманды, көкорай  шалғынды, сулы  жер, қой  үстінде  бозторғай  жұмытрқалайтын  қоныс  іздейді.

         Асан  қайғы  Маңғыстауға  үш  барып  үш  қайтыпты. Асан  шұрайлы  қоныс, нулы  өлке  іздеумен  өмір  бойы  Желмаясымен  желіп  өткен  екен. Ұлытаудың  бас  жағына  келіп  дүние  салыпты.

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

Сұрақ жауап

1.     Аңыз  дегеніміз  не?

2.     Аңыз  қалай  пайда  болған?

3.     Аңыз – әңгіме  неден  құралады?

4.     Аңыз – әңгіме  бізге  қалай  жеткен?

5.     Асан  Қайғы  жерұйықты  қалай  іздеген?

6.     Асан  Қайғы  қайда  қайтыс  болған?

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

       1. Оқулықпен жұмыс.

   1.Өзіңнің  туған  жеріңе  Асан  Қайғыша  баға  беріп  көр.  Суретті  пайдаланып,  шығарма  жаз, эпиграф  етіп  Асан  Қайғының  бір  сөзін  алуға  тырыс.

  2.Бұл  әңгіменің  аңыз  екенін  мына  белгілер  бойынша  айтыңдар:

1.                                                                                                                                                                    Асан  Сәбитұлының  тарихта  болғаны;

2.                                                                                                                                                                    Жерұйықты  іздеудегі  мақсаты,  арманы;

3.                                                                                                                                                                    Көнген  жерінің  бәрәне  қонымды  баға  беруінің  мәні,  оның  шындыққа  қатысы;

4.                                                                                                                                                                    Әркімнің  туған  жері   - жерұйық  екендігін  дәлелдеу.

 

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

1. Аңыз – әңгімелер, Асан  Қайғы  туралы  түсінік.

 

 

 

 

Сабақ жоспары

 

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:  26 қазан

4. Тоқсан:  І

5. Мұғалім: Бабирова Д.Б

Сабақтың тақырыбы: Асан Қайғының жерұйықты іздегені. Ақсақ  құлан, Жошы хан

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды  Ақсақ  құлан, Жошы хан аңызы    туралы  түсінік  беру,   оларды тілдік тараптан талдауға үйрету.

2.  Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыла                                                   3. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі:  Аңыз – әңгімелер жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

 1. Аңыз – әңгімелер, Асан  Қайғы  туралы  түсінік.

 

 ІІІ. Білім  тексеру:

 

Сұрақ жауап

7.     Аңыз  дегеніміз  не?

8.     Аңыз  қалай  пайда  болған?

9.     Аңыз – әңгіме  неден  құралады?

10. Аңыз – әңгіме  бізге  қалай  жеткен?

11. Асан  Қайғы  жерұйықты  қалай  іздеген?

12. Асан  Қайғы  қайда  қайтыс  болған?

 

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

 

 

 Ақсақ құлан  Жошы хан

         Жошы  ханның ашамайға  мінгізген  жас  баласы  аңшылармен  бірге  жүріп,  бір  жерде  қашып  бара  жатқан  ақсақ  құленды  қуып  кетіпті. Ақсақ  құлан жүйіткіп  бара  жатқан  бір  топ  құланға  қосылыпты.Баланың  астындағы  еріккен  тұлпар  елігіп  құландарға  қосылады. Құланның  әңгісі  баланы шайнап  өлтіреді. Жошы аңшыларға  қаһарын  төгіп: «баламды  тауып бер» деп қалың  кісіге  іздетеді.

         Баламды  өлді  деп  естірткен адамның  құлағына  қорғасын  құямын  деп  жарлық  қылады. Енді  ешкім  баласының  өлгенін  Жошы  ханға  айта  алмайды. Ақыры  көпшілік  ордада  отырып, бір  домбырашыға  күймен  айтқызады.

 

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

Сұрақ  жауап

1.                                                                                                                                                                                                     Жошы  ханның  жас  баласы  қалай  қайтыс  болған?

2.                                                                                                                                                                                                     Жошы  қаһарын  қалай  төкті?

3.                                                                                                                                                                                                     Жошы  не  деп  жарлық  шығарды?

4.                                                                                                                                                                                                     Жошыға  баласының  өлгенін  кім  және  қалай  естіртті?

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

       1. Оқулықпен жұмыс.

·        Аңыздың  оқулықта  келтіріліп  отырған  екі  нұсқасын  да  ой  сала,  мәнерлеп  оқып  шығыңдар.

·        Кет Бұға  күйшіге  оқулықтағы  суретті  пайдалана  отырып, мінездеме  беріңдер.

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

1.  Аңыздың  фолклорлық  нұсқасы  мен  белгілі  жазушы  Мұхтар Мағауин  жазған  әдеби  үлгісін салыстырып,  ауыз  әдебиеті  мен  жазба  әдебиетінің  ұқсастығы  мен   айырмашылығына  зер  салыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы: 

4. Тоқсан:  ІI

5. Мұғалім:  Бабирова Д.Б

Сабақтың тақырыбы: «Жиренше  шешен мен Қарашаш сұлу» аңыз әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды   Жиренше  шешен     туралы аңыздаздармен  таныстыру, түсінік  беру,    

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі:  Аңыз – әңгімелер жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

 1.  Аңыздың  фолклорлық  нұсқасы  мен  белгілі  жазушы  Мұхтар Мағауин  жазған  әдеби  үлгісін салыстырып,  ауыз  әдебиеті  мен  жазба  әдебиетінің  ұқсастығы  мен   айырмашылығына  зер  салыңдар.

 

 

 ІІІ. Білім  тексеру:

 Сұрақ  жауап

1.                                                                                                                                                                                                     Жошы  ханның  жас  баласы  қалай  қайтыс  болған?

2.                                                                                                                                                                                                     Жошы  қаһарын  қалай  төкті?

3.                                                                                                                                                                                                     Жошы  не  деп  жарлық  шығарды?

4.                                                                                                                                                                                                     Жошыға  баласының  өлгенін  кім  және  қалай  естіртті?

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

 

 Жиренше  шешен мен  Қарашаш  сұлу

Қарагөз  ханым  өлгеннен  соң  Жиренше  үйленбей  көп  жүріпті. Сөйтіп  жүргенде  жолда  бір  жігіт  кездесіп  жолдас  болыпты. Жиренше  жігітке  қара: 1) «жол  қысқартайық»дейді, 2) «ағаш  қазан  қайнатайық» дейді.  3) «мынау бір  бейбастақ  үйдің жұрты  екен» дейді жігіт  үндемейді. Сонымен  екеуі  бір  елге  жақындағанда, жаңбыр  жауып  кетеді. Тезек  теріп  жүрген  қыздар  ауылға  қарай  жүріреді. Тек  бір  қыз сырт киімін шешіп, қапқа  жауып отырып  қалады. Жиренше  отырып  қалған  қызға келеді. Жиреншеге  қыздың  көркі  ұнайды. Ақылы  қандай  екен  деп  сынау  үшін: «Сен  неге  қыздардан  бөлініп  жалғыз  қалдың?» - дейді  Жиренше.  «Бұл  өткінші  жаңбыр, аз  жауып  ашылады. Мен  отыныма  шапанымды  жаптым, отынымның  ығына өзім  отырдым. Менің  су  болған  жалғыз  ақ  шапаным. Үйге  барғанда отынымды  жағып  шапанымды  кептіріп  аламын» - дейді қыз.  Қыздың  көркіне  ақылы  сай  екеніне  көзі  жетіп, Жиренше  сұлуға  ғашық  болып  қалады.

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

Сұрақ  жауап

1.                                                                                                                                                                                                     Жиренше  неге  үйленбей  көп  жүреді?

2.                                                                                                                                                                                                     Жиренше  жолаушыға  не дейді?

3.                                                                                                                                                                                                     Жиреншеге  кезіккен    қандай  қыз  еді?

4.                                                                                                                                                                                                     Жиренше  қызға  неге  ғашық  болып  қалады?

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

       1. Оқулықпен жұмыс.

·         Шығарманы  оқып  шығып,  оның  аңыз – әңгімеге  жақын  екенін  айтыңдар.

·        Бұл  аңыз – әңгімеде  Жиренше  мен  қыздың  тапқырлығына  баға  бере  отырып,  оның  жетесіздік пен  пайымсыздыққа қарама – қарсы  қойылуын  аңғарып,  баяндап  беріңдер.

·        Аңыз  неге  іштей  екі  бөлімге  бөлінген  деп  ойлайсыздар?

·        Аңызды  өздерің  білетін  сұлу  сөздермен  әңгімелеуге  тырысыңдар.

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

1.   Жиренше  шешен  мен  Қарашаш  сұлу  туралы  әңгімелеу.

 

 

 

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы: 

4. Тоқсан:  ІІ

5. Мұғалім:  Бабирова Д.Б

Сабақтың тақырыбы:   Жиреншенің  хан  сынағына  түсуі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды   Жиренше  шешен     туралы аңыздаздармен  таныстыру, түсінік  беру,   

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі:  Аңыз – әңгімелер жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

 1.   Жиренше  шешен  мен  Қарашаш  сұлу  туралы  әңгімелеу.

 

ІІІ. Білім  тексеру:

 Сұрақ  жауап

Жиренше  неге  үйленбей  көп  жүреді?

 Жиренше  жолаушыға  не дейді?

Жиреншеге  кезіккен    қандай  қыз  еді?

Жиренше  қызға  неге  ғашық  болып  қалады?

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

                                 Жиреншенің хан  сынағына  түскені

         Бір  күні  хан  Жиреншені  шақырып  алып  оған  қырық  сиыр  беріпті.

         -осы  сиырлардың  ішек – қарынын тірідей  тазалап  әкел.   Сойғанда      ішінен бір  түйірде қылтан  шықпасын!-депті.

Жиренше  сиырларды  Қарашашқа  әкелді

Қарашаш:

         -Қорықпа! Сиырларды  ащы  құдықтың  басына  айдап  барып,  жалғыздап  суар  да, суарғаныңды  сол  жерде  айналдыра  қуа  бер; әуелі  ішінің  қармауы  кетер, онан  кейін жын аралас  су  кетер, ең  соңында  қара  судың өзі  кетер, - депті.

         Жиренше  Қарашаштың  барлық  айтқандарын  істеген  екен,  оның  айтқандарының  барлығы  да  дұрыс  келіпті.  Сөйтіп  қырық  сиырдың  барлығының да  ішін тазалап, ханға  алып  келіпті. Хан сиырларды  шетінен  сойғыза  бастапты. Сөйтіп  ешбіреуінің  ішінен  қылтан  таба  алмай, аң – таң болған  екен. 

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

Сұрақ  жауап

  Хан   Жиреншеге   қырық  сиыр  беріп  қалай  сынады?

 Хан  Жиреншеге: «Біздікіне  келгенде   жолмен де  жүрмесін,  жолсызбен де  жүрмесін» - деген  сөзіне  қалай  жауап  берді?  

Хан  Жиреншеге сексен  еркек  қой  бері :  «Көктемде  қой  қоздағанда  осы  қойларды  қоздатып  кел» - деген  сөзіне  қандай  айла  тапты?                                 VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

       1. Оқулықпен жұмыс.

·         Мәтіннен  қазақ  халқының  ақыл  иесі  әйелдерді  қадірлейтінін аңғарыңдар.

·        Ханның  аталы  сөзден  жеңілгендігін  мойындаған  жерін  тауып  оқыңдар

·        Аңыздан  қандай  тәлімдік  өнеге  алуға  болады?

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

1.   Жиреншенің хан  сынағына  түскені туралы аңызды  әңгімелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы: 

4. Тоқсан:  ІІ

5. Мұғалім:  Бабирова Д.Б

Сабақтың тақырыбы:    Шешендік  сөзер.

                                            Тайкелтірдің  төрелігі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды   Шешендік  сөздер     туралы түсінік  беру, Тайкелтірдің  төрелігі  шешендік  сөздерімен   таныстыру, түсінік  беру,    

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік  сөздер»   кітабы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1.   Жиреншенің хан  сынағына  түскені туралы аңызды  әңгімелеу.

 

ІІІ. Білім  тексеру:

Сұрақ  жауап

1.                                                                                                                                                                                                       Хан   Жиреншеге   қырық  сиыр  беріп  қалай  сынады?

2.                                                                                                                                                                                                     Хан  Жиреншеге: «Біздікіне  келгенде   жолмен де  жүрмесін,  жолсызбен де  жүрмесін» - деген  сөзіне  қалай  жауап  берді? 

3.                                                                                                                                                                                                     Хан  Жиреншеге сексен  еркек  қой  бері :  «Көктемде  қой  қоздағанда  осы  қойларды  қоздатып  кел» - деген  сөзіне  қандай  айла  тапты?   

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:  Шешендік  сөздер

         Қазақ  ауыз  әдебиетінің  бір  саласы – шешендік  сөздер.  Шешендік сөздер – елге  белгілі  адамдардың  қайсыбір  оқиғаға  байланысты  айтқан  тақпыр  сөздері. Ол  сөздер  мәйекті, өткір  болғандықтан  елге  тез  тарап, ауыздан – ауызға  көшіп  сақталып  отырған. Шешендік  сөздер әдетте  екі  адамның  белгілі  бір  талас  мәселені  шашудегі  сөз  жарысында  туып, елге  жайылып  кетеді. Ондай  дауды  негізінен  билер  шешіп  отырған.  Сондықтан да  шешендік  сөздерді  айтушылар  көбіне билер  мен  шешендер  болып  келеді.

         Шешендік  сөздер  дау- тартыстардағы  айтылған айтыстармен  шектелмеген. Көпті   көрген  өнегелі  адамдардың бата – тілек, насихат – нақыл сөздері  түріндеде  айтылып  отырған. Шешендік  сөздерде  халықтың  бастан  кешкен оқиғалары, ақыл – ойы, арман – тілегі  бейнелегеді, тілінің  байлығы, оралымдылығы  байқалады.

         Шешендік  сөздер адамды  жақсы  мінездерге  баулиды, бірлікке ,татулыққа, сыйластыққа  шақырады.

                                      Тайкелтірдің  төрелігі  

Төле би  Тайкелтірдің  болашағын  болжайды. Төле би  атқосшы  жігітін  шақырып:

-Қонақ  үйдегі  екі  кісіні  таласып  жүрген  ертұрманымен  осында  әкелші!

-Иә,  балам  Тайкелтір, осы  ертұрманға  мына  екеуі  талас. Бұлар  тоқтарлық  бітім  айтып  екеуінде  риза  етші! –дейді Төле  би.

         Тайкелтір  кереге  ілулі  тұрған  Төле  бидің  қамшысын  қолына  алып,  ортадағы  ерге  жақындап  барып  қамшымен тартып  жібередіде  есік  алдында  тұрған Төле  бидің  жігітіне  ерді  береді. Дауласып жүрген  екі  кісі  ердің  Төле  бидің  атқозшысына  берілгеніне  ризалығын білдірді.

 VІ. Түсінік  тексеру:

Сұрақ  жауап

1.                                                                                                                                                                                       Шешендік  сөздер  деген не?

2.                                                                                                                                                                                       Шешендік  сөздер  қандай  сөздерден  жасалады?

3.                                                                                                                                                                                       Шешендік  сөздердің  тәрбиелік  мәні  неде?

4.                                                                                                                                                                                       Төле  би Тайкелтірді  қалай  сынады?

5.                                                                                                                                                                                       Тайкелтір  даукестерге  қандай  төрелік  сөз  айтты?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

       1. Оқулықпен жұмыс.

·         Тайкелтірдің  тапқыр  сөзін  оқып  бер

·         Өздерің  білетін  Төле  бидің  төрелік  сөзінен  мысал  келтір.

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

1. Шешендік  сөзер.  Тайкелтірдің  төрелігі туралы  мазмұндау.

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:   

4. Тоқсан:  ІІ

5. Мұғалім:  Бабирова Д.Б

Сабақтың тақырыбы:     Байдалы бидің  көңіл  айтуы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды     Байдалы бидің  көңіл  айтуы    туралы түсінік  беру.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік  сөздер»   кітабы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

   1. Шешендік  сөзер.  Тайкелтірдің  төрелігі туралы  мазмұндау.

 

ІІІ. Білім  тексеру:

Сұрақ  жауап

1.Шешендік  сөздер  деген не?

2.Шешендік  сөздер  қандай  сөздерден  жасалады?

3.Шешендік  сөздердің  тәрбиелік  мәні  неде?

4.Төле  би Тайкелтірді  қалай  сынады?

5.Тайкелтір  даукестерге  қандай  төрелік  сөз  айтты?

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

 Байдалы  бидің  көңіл  айтуы

Шоқанның  атасы  Уәлихан  қайтыс болғанда  астында  аты, үстінде  тоны  болмағандықтан  Байдалы  би  жаназаға  бара  алмапты. Бір күндері  Байдалы  Уәлиханның  бәйбішесі  Айғанымға  келеді. Өкпелі  Айғаным  шешенді  аттан  түсіріп алуға  шыға  қоймады. Сондағы  Байдалы  бидің  айтқаны:

-Ер  қартайды, мал  тайды

Екеуледі, ей, ханым!

Қатын  жалқау, ұл  ынжық,

Төртеуледі, ей, ханым!

Келін  қатал  кер  болды,

Ағайын  жат  ел  болды,

Алтаулады, ей, ханым!

Кәрілік  пен  кедейлік,

Егіз  келді, ей, ханым!

Мұның  бәрін  санасаң,

Сегіз болды, ей, ханым!

Қайсаған  жақ, иек  бар,

Саудыраған  сүйек  бар,

Ауыл  алыс  жер  болды,

Тоқсан  темір  жер  болды,

Оннан  асты , ей, ханым!

Шығар  жолды  осыдан

Өзің  тапшы, ей, ханым!

Құла  бие  құлындап,

Келе алмадым, ей, ханым!

Келдім  енді  кетемін,

Ықылассыз  ордаға,

Ене  алмадым, ей, ханым!

 VІ. Түсінік  тексеру:

Сұрақ  жауап

1.Байдалы бидің  жаназаға  бара  алмау  себебі  неде?

2.Уәлиханның  бәйбішесі Айғаным  Байдалы биге  неге  өкпеледі?

3.Айғанымға  Байдалы  биге  айтқан  сөзі?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

       1. Оқулықпен жұмыс.

·          Байдалы  би  Шоқанның  атасы Уәлиханның  үйіне  неге  келді?

·        Шоқан  Уәлиханов  кім?

·        Айғаным  ханым  қалай  қарсы  алады?

·        Байдалы би не деді?

·        Байдалы  бидің  көңіл  айтқан  шешендік  сөзін  тап.

·        Айғаным ханым  өкпе – назын қандай  сөзбен  білдірді?

·        Би  қалай  жауап  берді? Түсініп,  оқып  бер.

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

 1. Байдалы бидің  көңіл  айтуы  туралы  мазмұндау.

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:  18 қараша

4. Тоқсан:  ІІ

5. Мұғалім: Бабирова Д.Б.

Сабақтың тақырыбы:     Қазыбек би  мен Бұқар жырау. Сырыммен Малайсары

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды      Қазыбек би мен Бұқар жыраудың     шешендік  сөздері туралы түсінік  беру, оқушылардың  білім  көзқарасын  жинақтап  қорыту.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу, ұлттық  сананы  қалыптастыру.

3. Дамытушылық:    мәтінмен  жұмыс  істей  отырып, баланың  ойына  қозғау салу,  өз  бетінше  салыстыру,  қорытынды  жасай білуге үйрету.

Сабақтың типі: аралас  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік  сөздер»   кітабы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

 1. Байдалы бидің  көңіл  айтуы  туралы  мазмұндау.

 

ІІІ. Білім  тексеру:  Сұрақ  жауап

1.Қаз  дауысты  Қазыбек би  дегеніміз  кім?

2.Қазыбек би  қай  ханның  тұсында  өмір  сүрді?

3.Қаз  дауысты  Қазыбек би  деп  аталуының  себебі  неде?

4.«Ұят пен ар  қымбат»  тақырыбында  ойтолғау  жазу.

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

       1. «Қазбек пен Бұқар» мәтінінің  мазмұнымен таныстыру.

Сонымен  Қазыбек би  қалай  жауап  берген екен?

Бір  дегеніміз – бірлігі  кеткен ел  жаман

Екі дененіміз – егесіп  өткен ер жаман.

Үш дегеніміз - үш  бұтақты  шедірден  шошынған  ат  жаман.

Төрт дегеніміз – төскейге  шыға  алмаған  кәрілік  жаман.

Бес  дегеніміз – белсеніп  шапқан  жау  жаман.

Алты  дегеніміз – аймағын  билете  алмаған  адам  жаман.

Жеті  дегеніміз – жетем  деген  мақсатына  жете  алмаған  жаман.

Сегіз  дегшеніміз – серкесіз  бастаған  қой  жаман.

Тоғыз дегеніміз – тойғаның.

Он  дегеніміз – өткеніңіз, о дүниеге  жеткеніңіз.

Қарт жырау бас бидің  жауабына риза  болыпты.

2.Сөздік жұмысын  жүргізу.

Үш  бұтақты  шедір – аттың  алдыңғы  екі  аяғымен  артқы  бір аяғын қосып  салынатын  тұсау.  Шедір үш  аяққа  бірдей  салынады.

Төскей – таудың  қия  беткейі, биіктеу  баурайы.

3.«Бірлігі  кеткен  ел жаман»  мәтінінің  мазмұнымен  оқушылардың  өздері  танысып  шығады.                                             

 VІ. Түсінік  тексеру: Сұрақ  жауап

Бұқар жырау «бірден  онға  дейін  санның  мағынасын»  Қазыбектен  неге  сұрады? Оның  мағынасы  қалай  екен?

Қазыбек би  шешен  тілімен  қалай  жауап  берді?

Мәтінмен  жұмыс.

«Ішіне – сыртына»  әдісін  пайдаланып,  екі  мәтінді  салыстырыңдар.

 

 

Ішіне :

«Қазбек пен Бұқар жырау»

Сыртына:

«Бірлігі  кеткен ел  жаман»

Төрт дегеніміз –төскеәге  шыға  алмаған кәрілік жаман.

Төрт дегеніміз- төсектен безген жас жаман.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

 1.    Қазыбек би  мен Бұқар жыраудың  шешендік  сөздері туралы  түсінік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:  21 қараша

4. Тоқсан:  ІІ

5. Мұғалім: Р.Қалматаева

Сабақтың тақырыбы:      Сырым мен Малайсары

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды    Сырым мен Малайсарының шешендік  сөздері      туралы түсінік  беру.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік  сөздер»   кітабы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

   1.    Қазыбек би  мен Бұқар жыраудың  шешендік  сөздері туралы  түсінік.

ІІІ. Білім  тексеру:

 Сұрақ  жауап

1.Бұқар жырау «бірден  онға  дейін  санның  мағынасын»  Қазыбектен  неге  сұрады? Оның  мағынасы  қалай  екен?

2.Қазыбек би  шешен  тілімен  қалай  жауап  берді?

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

  Сырым  мен  Малайсары

            Сырым  ат жалын  тартып  жас   кезінде  атақты  Малайсары  биден  бата  алуға  келді.

Сырым  жайласып  отырғаннан  кейін:

-«Үйіңнің  алдында  төбе  болса, ерттеулі тұрған  атпен  тең, аулыңда  ақылгөй  қарт  болса,  жазып  қойған  хатпен  тең», деуші  еді. Сізге  сәлем  беріп,  бата алғалы  келдім, - депті.

Малайсары  жүзі  жадырап, шешіліп  сөйлеп  кетіпті:

-Жайыңа енді  түсіндім, балам. «Кісі  болар  баланың  кісіменен  ісі  бар, кісі  болмас баланың  кісіменен несі  бар?»дейді  халық. Топқа  керіп  сөз  бастайтын, атқа  мініп қол  бала  екенсің . «Асыл  тастан, ақыл  жастан»  деген. Азуын  алдырып, ақылын шалдырып  отырған шалдан  не  сұрайсың?  Бітпеген  ісім  көп...

-Ол  қандай  іс?

-Біздің  Байұлының  барымтаға  барған  бір  жігітін  Әлімнің  кісілері  өлтіргелі  үш  жыл  болды. Сол  ердің  құны  әлі  жоқтаусыз... «Ердің  құнын  жастың  жайсаңы  не  қартың  шайтаны  даулайды» дейді  екен  бұрынғылар. Қартайғанда  қазымыр  атанып, Әлімнің Ақсауыт   биіне  бара алмадым,  жастан  жайсаң  шығып, ағасының  құнын  сұрай  алмады. Ел  арасы дүрдараз  болып  бүлініп   барады, жапсарлас  отырған  ел  бір – біріне  қатынасудан, қыз  алып, қыз беруден  қалды.

-Онда, ата, осы  тапсырмаңызды  орындап  келіп  сөйлесейін!-деп  Сырым  аулына  қайтып  кетеді. Қасына  елдің  басты  адамдарынан  он  шақты  кісі  ертіп, Әлім  руының  ақсақалы  Ақсауыт  бидің  алдына  келеді. Сырым  Малайсары  бидің  айтқандарын  жеткізеді. Сонда  Ақсауыт  би:

-Бала  сөзіңе  сендім. Байұлының  бір  жігіті  біздің  елдің  малшыларынан  жазым  болуы  рас  еді. Ердің  құны  мың  қой, үлесе  келсе, үй  басына  бір  қой. Бір  қойдан  Әлімнің  үйі  кедейленіп  қалады  деп  жүргенім  жоқ,  жоқтаушысы  кездеспей  жүр  еді. Іздеушісі  болса, табылмас  жоқ  болмайды. Билігін  өзіңе  салдым,  төрелігін   айта  ғой, - дейді.

-Бір  қора  қойдың  бір  жазғы  төлімінен біз  де  Байұлын  байытайын  деп  келгеніміз  жоқ. Ағайын  арасындағы  қатынасты  қалпына  келтірейік  деп  келдік. Егер   билікті  маған   берсеңіз, жорта  емес, жортуылда  маған «жазым» деп  отырсыз  ғой. Ерімнің  құны  жарты құн  болсын және  қой  емес, қозы  емес, елу  жылқы  болсын,-деген  екен  Сырым.

 VІ. Түсінік  тексеру:

Сұрақ  жауап

1.Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?

2.Сендерге  қай  кейіпкерлер ұнайды? Неге?

3.Жағымсыз  кейіпкер кім?

4.Неге ұнамайды?

5. Сырым  атақты Малайсарының үйіне  неге  келді?

6.Малайсары  Сырымға  не деді?

7.Сырым  қайда  барды?

8.Сырымның  әлімдерге  қандай төрелік  айтты?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Ертегіге ұқсайды                                                   өмірде болған адам

                                                                                     

Овал:  Аңыз әңгімелер    Қиял ғажайып                                                             ауыз әдебиетінің бір

әңгіме       мейірімді                                                      түрі

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1. Сырым  мен  Малайсары мазмұндау

  2. Түсінік жазу

 

 

Сабақ жоспары

1. Пән аты:  Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы: 25 қараша

4. Тоқсан:  ІІ

5. Мұғалім: Бабирова Д.Б.

Сабақтың тақырыбы:  Діни әңгімелер. Қасиетті Құран Кәрім жайында

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға қасиетті Құран Кәрім жайында   оқыта отырып, сөйлеу тілін дамыту.

2. Тәрбиелік: оқушыларды елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

3. Дамытушылық:  оқушыларды  ауызекі  сөйлеуге , мәтінді  дұрыс оқып түсінуге,  сөздік  қорын  молайтуға, практикалық  жұмысты бере отырып тіл дамытуға пайдалану.

Сабақтың типі: жаңа сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                           2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                           3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

   Қасиетті  Құран  Кәрім  жайында

Құран – ислам  дінінің  ең негізгі, басты  кітабы. Құранды  114сұре  бар. Құран  Кәрім  аяттарын  Алла  тағала Жәбірейіл  періште  арқылы  пайғамбарымыз  Мұхаммед ҒалайҺсаламға  23  жыл  ішінде  әр түрлі  тарихи  оқиғаларға  байланысты уаһи (хабар)  түсірген. Мұхаммед – Алланың  елшісі және  жер  бетіндегі  пенделерге  шарапатын  тигізуші  ең  соңғы  пайғамбар.Кейін  екінші  Халиф  Әбубәкір Сыдық  пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  сахабасы Зейд  ибн  Сәбитке  кезінде  пайғамбарымыздан  жаттап, ұғып  алған  адамдар  арқылы  құран  аяттарын  ел  расынан жинауды  тапасырады. Өйткені  ол  көп  елдің  тілін  меңгерген,  сауатты да  білімді, пайғамбарымыздың  сенімін  ақтаған  сахабаның  бірі  ғана  емес, бірегейі  еді.     

 

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

Сұрақ  жауап

 

1.Құран  Кәрім  жайында не білесіңдер?

2.Құранда  неше сүре  бар?

3.Құран Кәрім  адамды  қандай болуға  тәрбиелейді?

4.Мәтінді  түсініп оқып, мазмұнын  естеріңе  сақтаңдар.

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

 

  Біз бүгін  сабақта:  нені

                                  Неге----------              үйрендік?

                                  қалай

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

    

1.Қасиетті Құран Кәрім жайында оқу, мазмұндау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:  28 қараша

4. Тоқсан:  ІІ

5. Мұғалім: Р.Қалматаева

Сабақтың тақырыбы:  Адам ата

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға  адам  ата  туралы мәлімет беру,  

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа, ұлтжандылыққа баулу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пікірлесу, мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                           2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                           3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

         1.Қасиетті Құран Кәрім жайында оқу, мазмұндау.    

         ІІІ. Білім  тексеру:

  Сұрақ  жауап

1.Құран  Кәрім  жайында не білесіңдер?

2.Құранда  неше сүре  бар?

3.Құран Кәрім  адамды  қандай болуға  тәрбиелейді?

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

 Алла  тағала  күллі әлемді  бір  күнде  жаратты. Адам  баласы мен  жан- жануарлар және бүкіл  тіршілік  өмір  сүруі  үшін бар қажетті нәрселерді  пайда  қылды.

  Оннан әрі  Алла  тағала байтақ  Жерді  мекен  тұтуға Адам  атаны  және  оның  ұрпақтарын  жаратуды  ойлады.

 Алла тағала  балшықтан  Адам  атаны – Сапиолланы  жасады. Оған  Алла  тағала  өзінің  демінен дем үрледі,  яғни жан  берді. Соымен  ол  тірішілік  тынысына ие  кәдімгі  адам  болды.

Адам  атаға  жүгіну  жайлы Алла тағала  періштелерге  әмір  берді. Олар Алланың  әмірі  бойынша  іззетпен  келіп, Адам  атаға  бас иді. Бірақ ібіліс Алланың  әміріне  бағынбады. Адам  атаға  бас иуден  бас  тартты. Бұл  қылық  Аллаға  шек  келтіру  еді.

Алла  тағала  ібілістің  азғыруына  орай,  оған  жаза  берді.

-Бұл  арадан  қараңды  батыр, - деді. –Сендей  қуаландыға  қарғыс, нәлет  қамыты  қиямет – қайымға  дейін  сенен  алынбасын!

  Ібіліс Алладан кеңшілік  тілеп: «Адамзатқа  қиямет – қайым  болғанша тірі  жүрсем»  деп  Аллаға  жалбарынды.

 -Сол  күнге  жетуіңе  кеңшілік  еттім ,- деді оған  Алла  тағала.

Алла  тағала Адам атамен Хауа  ана  жұмақтағы  жемістерді  қалағанынша  үзуге  жеуге  рұқсат  етті. Десе де  оның  ішіндегі  бір  ағашқа  жуымау  жөнінде  тыйым  салды.

Ібіліс  Адам  атамен Хауа ананы әлгі  ағаштың  жемісін  жеуге  азғырда. Адам  атамен Хауа ана ібілістің  сөздеріне  сеніп, тыйым  салынған  ағаштың  алмасынан  үзіп  жеді.

Адам  атамен Хауа ана Алланың  әміріне  қиғаштық  істегендіктен, жұмақта  тұрудан  шектелініп, пәни  дүниеге  жөнелтіліп, жерді  мекен  тұтатын  болды. Кім Алла меңзеген  дұрыс  жолмен  жүрсе, Алланың  әміріне  құлақ  асса,  сол  адам  сайтанның  азғыруынан  қорықпайтындығын, кім  Алланың әмірін  қабыл  алмай  дұрыс  жолдан  тайса, сол  тұрмыста  таршылық  тартып,  теріс  жолға  түсетіндігін  айтты.

 VІ. Түсінік  тексеру:

Сөздік  жұмысы:

Алла – Ислам  діні ұғымында күллі әлемді жаратушы.

Уаһи – хабар( Тек Жәбірейіл  періште  арқылы  Мұхаммедке  аян  беріп, құлағына  сыбырлап  айтуы  нәтижесінде  ғана  түсірілді).

Сахаба – пайғамбарымыздың  әрдайым  қасында  жүріп, уағыздары мен  соғыс  жорықтарына  қатысып, ислам  дініне  үлес  қосқан  серіктері.

Хафиз – құранды  жаттап, үнемі  есінде  сақтаған  адам.

Қари – құрашды  жаттап,  оны  жеті  түрлі  қырағатқа  салып  оқушы  адам.

Ғайып – көзбен  крмесек те жүрекпен,  иманмен  сезінетін әлем,  яғни  ғайып  әлемі.бұл жерде: періштелерге  Алла тағала Адам  атаны  жаратпай  тұрғанда, ол  ғайп  болып  саналатын еді.

Сапиолла – Адам  атаның  шын аты.

Уасуаса – азғыру.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

       1. Оқулықпен жұмыс.

·        Адам атаны  жаратудағы Алланың  ойы  қандай?

·        Періштелер неге  уайымдады?

·        Адамда  Алла  қалай  жаратты, оның  тұңғыш  есімі  кім?

·        Адам  ата мен Хауа ананы  кім  азғырды?

·        Алланың  ібліске  берген жазасын  айт.

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1.  Адам ата  туралы түсінік.

                                                 Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:    

4. Тоқсан:  ІІ

5. Мұғалім:  Р.Қалматаева

Сабақтың тақырыбы:  Сымайыл, Зәмзәм

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға  Сымайыл, Зәмзәм   туралы мәлімет беру,  

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа, ұлтжандылыққа баулу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пікірлесу, мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                           2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                           3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

         1.  Адам ата  туралы түсінік.

            

ІІІ. Білім  тексеру:

 Сұрақ  жауап

·        Адам атаны  жаратудағы Алланың  ойы  қандай?

·        Періштелер неге  уайымдады?

·        Адамда  Алла  қалай  жаратты, оның  тұңғыш  есімі  кім?

·        Адам  ата мен Хауа ананы  кім  азғырды?

·        Алланың  ібліске  берген жазасын  айт. 

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

                                               Сымайыл

         Ибрахим  әйелі  Сараны  және  күңі  Ажарды  алып  Палестинаға  келді. Ибрахимнің  әйелі  Сара  бала  көтермеген  еді. Сондықтан  Сара  өзінің  адал  күңі  Ажарды  некесіне  алуды  еріне  ақылетіп  айтты. Ибрахим  әйелінің  ақылын  алды.

         Арада  көп  өтпей  Ажар  ұл  туды. Оған  Сымайыл  деп  ат қойды. Бала   өте  зерек  ақылды  болып  ержетті. Ибрахим  бұған  қатты  қуанды. Бірақ  Сараның  өзегі  қызғаныштан  өртенді. Біркүні  Сара  күйеуіне:

         -Сымайылды  шешесімен  бірге  алыс  жерге  апарып  тастауды  өтінді.

         Ибрахим  әйелінің  талабын  құптады. Ибрахим  ана мен бала  екеуін  құла  далаға  апарып  тастайды. Әйелінің  жылағанына  да  қарамастан: 

-Бұл  Алланың  әмірі  оған  сөзсіз  бойсұнуымыз   керек  деді  ол.

-Алла  бізді  әсте  қараусыз  қалдырып  қоймайды  деді  Ажар  ақырында.

Ибрахим  ботадай  боздап  келеді. Алайжа ол  Пайғамбар  ретінде  мұндай  айырылысу  азабына  шыдамақ  керек. ол  ана мен  бала  екеуіне  жар  бола  көр  деп  Аллаға  жалынды.

                                      Зәмзәм

Ажар  тағдырдың  басқа  салғанына  көнді. Азықтары  таусылған  соң  баланы  емізуге  сүті, беруге  суы  жоқ  болғандықтан,  бала  шөлге  шыдамай  безек  қақты. Бласының  күннен  күнге  жүдегенін  көрген  ажар  қатты  қиналды. Жас  нәоестенің  жан  тәсілім  етуге  айналғанын  көргенде, оны  құтқаруға  шара  таба  алмай  анасының   мысы  құрыды. Бала  ақырын  бір  аяғын көтеріп, жерді  түртіп  қалды. Кенет  оның  өктесінің  астынан  бұрқылдап  су  шықты, тасты  жарып  мөлдір бұлақ  ақты. Мұның  өзі  Алланың   шапағаты  еді. Әлгі  су  әби  зәмзәм  еді. Ол  сол  кезден  бастап  күні  бүгінге  дейін  тоқтаусыз  ағуда. Қажыға  барушылар  осы  зәмзәмға  келіп  шөлдерін  қандырады.

 VІ. Түсінік  тексеру:

Сұрақ  жауап

1.Сымайыл  өмірге  қалай  келді?

2.Сараның  қызғаныш  сезімін  айт.

3.Ибраһимнің Сара  өтінішін Алла  өміріндей  орындауы  не  себепті?

4.Ажар  ананың  зарын  әңгімеле.

5.Алланың  шексіз  мейірімі  туралы  ойлан.

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:        

·        Оқушылардың  ойларын  дәлелдеу:

Әңгіме аты

Қазақ әдебиетінің түрі

Бастапқы  кейіпкер

Жағымсыз кейіпкер

Жағымды кейіпкер

Ортақ қасиеттері

Сымайыл, Зәмзәм

 

Аңыз әңгіме

 

 

 

 

 

 

 

Қандай адам?

Қандай адам?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар  таблицаны  ойлана  отырып  толтырады  және  дәптерлеріне жазады.

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

   1. Сымайыл, Зәмзәм туралы  оқу.

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы: 

4. Тоқсан:  ІІ

5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:       Әдеби ертегілер

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың    әдеби  ертегілер        туралы түсініктерін кеңейту.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: жаңа  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік  сөздер»   кітабы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

 

 ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

         Ертегілердің  бір  саласы – әдеби   ертегілер. Әдеби  ертегілердің  жазған  авторы  белгілі  болғандықтан оны  әдеби  ертегілер  деп  атайды.  Әдеби   ертегілер  көбінесе  ел  арасында  ауызша  айтылып  келген  әңгіме  аңыздардың  негізінде  туады.

         Әдеби   ертегілер  өлең және  қарасөз  түрінде  айтылады. әдеби   ертегілерде  еңбек  адамын  қадірлеуді, туған елін  сүйюді, биік адамгершілікті, әділетті  болуды  уағыздайды. Мысалы: Ә. Тәжібаевтың «Толағай» әдеби   ертегісіне  Толағай  атты  батыр бала  туралы және  оның  атымен  аталып  кеткен  Толағай  тауы  туралы   халық  аңызы  арқау  болған.

         Ақын  жазушылар  кейде  қызықты  ертегілерді  балаларға  арнап  әдейілеп  те  жазады. Олар  да  әдеби   ертегілерге  жатады. Мысалы: М. Жұмабаевтың  «Жүсіп хан»  ертегісі.

 

  VІ. Түсінік  тексеру:

Сұрақ  жауап

1.Әдеби  ертегілер деген не?

2. Әдеби  ертегілердің  халық  ертегілерінен қандай  айырмашылығы бар?

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

 Венн диаграммасы бойынша  әдеби  ертегілердің  басқа  ертегілерден  айырмашылығы  мен  ұқсастығын табу.

 


 

                                                                                   

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1. Әдеби ертегілер туралы түсінік.

 

                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан:  ІІ

5. Мұғалім:  Бабирова Д.Б

Сабақтың тақырыбы:   Әдеби ертегілер.  Ә Тәжібаев  «Толағай». Толағайдың  ерекше сипаты, ерен ерлігі.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:  Әбділдә Тәжібаев  туралы  сөз, әдеби  ертегінің  ауыз  әдебиетіндегі  ертегі  жанрынан  айырмашылығы  мен  ұқсастығы  туралы түсінік  беру.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа, ержүректілікке  тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың  өз  ойын  жүйелі  айта  білуін,  шапшаңдыққа,  сөздік  қорының  молдығына назар  аудару.  

Сабақтың типі: аралас  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік  сөздер»   кітабы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

     1. Әдеби ертегілер туралы түсінік.

 

ІІІ. Білім  тексеру:

 Сұрақ  жауап

 1.Әдеби  ертегілер деген не?

2. Әдеби  ертегілердің  халық  ертегілерінен қандай  айырмашылығы бар?

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Ертегінің  түрлерін оқушылар өздері  жазады.

 Хайуанаттар

 туралы                                                                  қиял-ғажайып ертегілер

                                                                                     

Овал:   Ертегі       шыншыл ертегі                                                         әдеби ертегілер

 

 

                                                                                      

1.     Әдеби  ертегі  авторы Ә.Тәжібаев  өмірі,  шығармашылығы.

·        1909 жылы 4- ақпанда  Қызылорда қаласында  дүниеге  келген.

·        1998 жылы 23 – қыркүйекте 89 жасында  дүниеден  өткен.

·        Ә.Тәжібаев – ақын, драматург, әдебиет  зерттеуші,Қазақстанның  халық  жазушысы, филология  ғылымдарының  докторы, профессор.

·        Қарсақбайдағы «Қызыл  кенші», республикалық «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде  қызмет  атқарған.

·        Тұңғыш  жинағы «Жаңа  ырғақ» 1933жылы  жарық  көрген. 50 шақты  кітаптың  авторы.

·        «Толағай» әдеби  ертегісі 1978 жылы  жазылған

·        «Жамбыл» кинофильмінің  сценарийін  жазған.

·        Марапаттаулары: «Октябрь революциясы» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен екі рет, «Құрмет  белгісі» орденімен, медальдармен.

2.     « Толағай» ертегісін  оқушылардың  өздеріне жекелеп оқыттыру. 

 VІ. Түсінік  тексеру:

1.                                                                                                                                                                                                            Суретпен  жұмыс:

Суреттерге  қарап  оның  ертегіге  қандай  қатысы бар екені  анықталады, суретке  тақырып қойылады.(жұппен)

 

 VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Салыстыру (Венн диаграммасы)

 

 

Овал: Керқұла атты КендебайОвал: Толағай  

                                                                                   

 

 

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1. Ертегіні оқып,  түсінгенін  өз  сөзімен  айту.

  2.Жоспар құру,  бөлімге  бөліп ат  қою.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     

 Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:   

4. Тоқсан:  ІІ

5. Мұғалім: Бабирова Д.Б

Сабақтың тақырыбы:   Мысал. А. Байтұрсынов

                                                      «Егіннің  бастары»      

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға  мысал  өлеңдері  туралы және  ақынның  өмірі  туралы      туралы түсінік  беру.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: «  Ертегілер »   кітабы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

    1. Ертегіні оқып,  түсінгенін  өз  сөзімен  айту.

  2.Жоспар құру,  бөлімге  бөліп ат  қою.

 

ІІІ. Білім  тексеру:

  Сұрақ  жауап

 1.Әдеби  ертегілер деген не?

2. Әдеби  ертегілердің  халық  ертегілерінен қандай  айырмашылығы бар?

 

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

         1. Мысалдар туралы  түсінік.

         Мысалда  аңдар, құстар  хайуанаттар, өсімдіктер, іс–әрекеті, мінезі  арқылы  адам  бойындағы  мінді  кемшілікті  тұспалдап, әжуа-күлкі  етеді. Мысалдар  өлеңмен  де, қарасөзбен де жазылады. Осындай  шағын  көлемді, оқиғалы, адамға  сабақ  болатын  тағылымдық  шығарманы  мысал  дейді. Мысалдар  еңбексүйгіштік, әділдік, адалдық, қарапайымдылық  сияқты  жақсы  қасиеттерді  мадақтап, уағыздайды, жағымсыз  қылықтарды  мысқыл  түрінде  күлкі  ете  отырып, одан  сақтандырады.

         Мысалдарда  жануарлар  мен  жәндщіктер  адам  істейтін   әрекеттерді  жасайды. Бұлай  көрсетуді   аллегория  дейді.

         Қазақ  әдебиетінде  мысал  жанры  ұлы   Абайдан  басталады.  Ахмет  Байтұрсынұлы, Сәбит  Дөнентаев  секілді  ақындар  Абай  дәстүрін  ілгері  оздырды. Бұлар  орыстың  ұлы  мысалшысы  И.А. Крыловтың  туындыларына  қазақтың  шапанын  жауып, қалпағын  кигізді. Сондықтан  Абай  мен Ахмет  мысалдарды  аудармадан  гөрі  қазақтың  өз  топырағында  жаратылған  шығарма  кейпінде  көрінеді.

2.     Ахмет  Байтұрсынұлы  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  түсінік.

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

 «Егіннің  бастары»  мысал  өлеңін  композициялық  құрылымы  бойынша  талдау,  мәнерлеп  оқу,  автордың  түйінді  сөздерін  жаттап,  өзіне  сай  қорытынды  шығару.

«Өгіз  бен бақа»- «Әлін  білмеген әлек».

«Егіннің  бастары» - «Тәкәппарлық – жаман  қасиет».

 

 

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1.     Оқулықпен жұмыс.

·        Мысалдың  тұспалдап  айту,  астарлап  білдіру  арқылы  адам  мінездеріне  меңзейтінін  дәлелдеңдер.

·        Көрсеқызырлық,  мақтаншақтық,  әлі  келмейтінін  істеуге  ұрыну  жағымсыз  мінездерді  талқылау.

·         Әке мен  баланың  диалогын  екі  оқушы  кезектесіп  оқиды.

·        Мысалдың  қорытындысын  түсіндіріп  айту.

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1. А. Байтұрсынов  өмірі  туралы  мәлімет  жинау,  мазмұндау.

  2. «Өгіз  бен бақа», «Егіннің  бастары»  мысал  өлеңдерін  салыстырып,  айырмашылықтары  мен  ұқсастықтары  туралы  айту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан:  ІІ

5. Мұғалім: Бабирова Д.Б

Сабақтың тақырыбы:    А. Байтұрсынов

                                                      «Өгіз бен бақа»     

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға «Өгіз бен бақа»  атты     мысал  өлеңі туралы        туралы түсінік  беру.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушыларды  ұстаз  ұлағатымен  таныстыра отырып,  шығармашылыққа  баулу. 

Сабақтың типі: аралас  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі:  шығармалар жинағы, ақын  портреті

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

     1. А. Байтұрсынов  өмірі  туралы  мәлімет  жинау,  мазмұндау.

  2. «Өгіз  бен бақа», «Егіннің  бастары»  мысал  өлеңдерін  салыстырып,  айырмашылықтары  мен  ұқсастықтары  туралы  айту.

 

ІІІ. Білім  тексеру:

  Сұрақ  жауап

 1.Мысал  өлеңдер  деген не?

2.  Мысал  өлеңдердің  басқа  өлеңдерден  қандай  айырмашылығы  бар?  

3.Қандай  мысал  өлеңдерді  білесіңдер?

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

   Суретпен  жұмыс:

Өгіз  бен  бақаның  суретін көрсету.

·        Суретке  қарап  өгіз бен  бақаға  сипаттама  беру.

·        Мысалды мәнерлеп  оқу.

·        Мысалдың  композициялық  құрылымына  талдау жасау.

1.     Өгіздің  шөлдеп  келіп,  су ішуі.

2.     Көрсеқызар  бақа.

3.     Бақаның  қарнын керуі.

4.     Бақаның  жарылып  өлуі.

5.     Әлін  білмеген әлек.

 

VІ. Түсінік  тексеру:

Сұрақ жауап

·        Бұл  мысалдағы  кейіпкерлер  кімдер?

·        Мысалдағы  негізгі  ойды  беру  үшін  ақын  қандай  әдіс – тәсілдерді  пайдаланған?  Мысалдан  үзінді  ала  отырып дәлелдеу.

 

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

2.     Оқулықпен жұмыс.

·        Мысалдың  тұспалдап  айту,  астарлап  білдіру  арқылы  адам  мінездеріне  меңзейтінін  дәлелдеңдер.

·               Көрсеқызырлық,  мақтаншақтық,  әлі  келмейтінін  істеуге  ұрыну  жағымсыз  мінездерді  талқылау.

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

         1. А. Байтұрсыновтың  «Өгіз бен бақа»мысал

              өлеңін  мазұндау. Қалаған  жерін жаттау.  

                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:   

4. Тоқсан:  ІІ

5. Мұғалім:  Бабирова Д.Б

Сабақтың тақырыбы:         М.Өтемісұлы Соғыс    

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: өлеңнің  авторы  туралы мәлімет  беріп, өлеңнің  айтайын  деген  ойын, Исатай-Махамбет  бастаған көтерілістің  мақсатын, соғыс  сипатын, көтеріліс  басшыларының  ерлік, батырлық  тұлғаларын түсіндіру, өлеңде  кездесетін  тұрақты  тіркестер, теңеу  сөздерді  талдау.

2. Тәрбиелік:. Оқушыларды  елін, жерін, Отанын  сүетін  патриот  етіп  тәрбиелеу, ерлік  пен  елдікті, батырлықтыдәріптеу, олардың  бойында  қызығушылық, ізденушілік  қабілеттерін  арттыру.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, диалог, талдау, түсіндіру, қорытынды.

Сабақтың көрнекілігі: ақын  портіреті, шығармалар  жинағы, Қазақстан картасы, Исатай  мен Махамбеттің  суреті, Жәңгір ханның суреті.

Пәнаралық байланыс:  тарих,география,  қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

   

 1. А. Байтұрсыновтың  «Өгіз бен бақа»мысал

              өлеңін  мазұндау. Қалаған  жерін жаттау.     

 

 

ІІІ. Білім  тексеру:

 

1.     Ахмет Байтұрсынұлы  кім?

2.     Крылов  мысалдарын   қай  кезеңдерде  аударды?

3.     Ахмет  Байтұрсынұлының  мысал  өлеңдері  жинақ  болып  қай  қалада  басылып  шықты?

4.     Мысал  жанрының  басқа  жанырлардан  өзгешелігі.

5.     Аллегория  деген  не?

6.     Қазақ  әдебиетінде  мысал  жанры қай  ақыннан  басталады?

 

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

 1. М. Өтемісұлының  өмірі  туралы  мәлімет.

Махамбеттің  80 –ге  жуық  өлеңі  бар, мұрасының  көбі  бізге  жетпеген. Оның  өлеңдрін  шәкірті  Қуан  жырау  жатқа  білген екен. Одан  Мұрат Мөңкеұлы  үйренген. Одан  Ығылман  Шөреков  жаттаған. Бірқатар  өлеңдерін  жинаған  ақын – Шәңгерей Бөкеев.

  Ең  алғаш  Махамбет  өлеңдері 1908 жылы  қазан  қаласында «Мұрат  ақынның Ғамырқазы уғылына  айтқаны»  деген  жинақта  жарық  көрген.

  Сонмен  қатар  күйші,  сазгер,  домбырашы.  Олай    дейтініміз- Махамбеттің «Жорық» «Жайық  асуы», «Қайран, нарын» «Исатайдың  Ақтабаны – ай», «Кішкентай», «Жұмыр қылыш»,

 « Өттің  дүние», «Өкініш», «Қиыл қуғыны»т.б. күйлері  бар.

3.     Электронды  оқулықтан  Махамбеттің  өскен  ортасы, өмірінен  мәліметтер  беріледі.

4.     Махамбеттің  « Соғыс» өлеңін  оқу.

5.     Хронологиялық  кестені  пайдаланып,  көтерілістің  шығу  себебі мен  оқиғаның  болған  уақыты жайлы  айтылады.

 

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

Сұрақ  жауап

 Өлеңде  қандай  оқиға  суреттеледі?

Өлеңнен  Исатайдың  сырт  бейнесін суреттейтін  жерін  тауып  оқу.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

       1. Оқулықпен жұмыс.

·        Өлеңнен Исатайдың  ерлік  бейнесін  суреттейтін жерді  тауып, дәптерлеріңе  жазыңдар.

·        Өлеңнен  тұрақты  тіркестерді  тауып,  білдіретін  мағынасын  ашу.

·        Өлеңдегі  эпитет, метафора,  теңеу  сөздерді  тауып  талдау.

·        Өлең  шумақтарынан  омоним  болатын  сөздерді  табу.

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1.М.Өтемісұлы  өмірі  туралы  түсінік.

  2. «Соғыс» өлеңін  жаттау.

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы: 

4. Тоқсан:  ІІ

5. Мұғалім:  Бабирова Д.Б

Сабақтың тақырыбы:         М.Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлең

                                                тілі  туралы мәлімет.    

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: «Қызғыш құс»   өлеңнің  айтайын  деген  ойын,  өлеңнің  туу  себебін  түсіндіру.

2. Тәрбиелік:. Оқушыларды  елін, жерін, Отанын  сүетін  патриот  етіп  тәрбиелеу, ерлік  пен  елдікті, батырлықтыдәріптеу, олардың  бойында  қызығушылық, ізденушілік  қабілеттерін  арттыру.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, диалог, талдау, түсіндіру, қорытынды.

Сабақтың көрнекілігі: ақын  портіреті, шығармалар  жинағы, Қазақстан картасы, Исатай  мен Махамбеттің  суреті, 

Пәнаралық байланыс:  тарих,география,  қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

   1.М.Өтемісұлы  өмірі  туралы  түсінік.

  2. «Соғыс» өлеңін  жаттау.

 

ІІІ. Білім  тексеру:

Өздерің  бұдан  бұрын Махамбеттің  қандай  өлеңін  жаттадыңдар?

Махамбет  кім?

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

 

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

 1.  Топтастыру:

                                                            

 

                 Ел ағасы                                                              ержүрек,батыл

 


                                                                                                        Көтеріліс

         Шыншыл ақын                                                                         басшысы                                                                                

 


     үлкен парасат иесі                                                                адал дос

 

2.Өлеңді  мәнерлеп оқу.

Ақын «Қызғыш құс» өлеңін Исатай  өлген  соң  жазды. Көлінен  айырылған  құс пен  өзін  салыстыра  отырып,екуінің  басындағы  жайға  кінәліні  іздейді. Ақынның  артықшылығы сол – сарыуайымға  салынбай  алдағы  күрге  сенеді.оптемизм  басым.

 VІ. Түсінік  тексеру:

Кубизм әдісі:

Суретте:Ақынның  көңіл – күйі өлеңде  қалай  суреттелген?

Салыстыр: Махамбет пен қызғыш құсты  салыстыр. Венн диаграммасы.

Зертте: Махамбет  ақын  туралы  тағы  не  білесің?

Қолдан: өлеңде  лашын  құстың, Махамбеттің  бейнесі  қалай  суреттелген? Бұл  туралы  ойтолғау  жаз.

Талда, қолдан,  қарсы шық: Махамбетті  көтеріліске  алып  шыққан  қандай  күш?  Өзінің көтеріліс  жеңілгеннен  кейінгі  көңіл – күйін  қалай  суреттейді?

 

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

        Екі жақты  түсініктеме  күнделік жазу.

Өлеңнен үзінді

Үзінді  жайлы  пікір

Ой – тұжырым,  мазмұнға сәйкес мақал - мәтел

 

 

 

 

 

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1.М.Өтемісұлы    « Қызғыш құс» өлеңін  жаттау.

 

 

                                    Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:  19 желтоқсан

4. Тоқсан:  ІІ

5. Мұғалім:  Р.Қалматаева

Сабақтың тақырыбы:       Ы.Алтынсарин «Өзен»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды      Ыбырай Алтынсариннің өмірі  туралы  түсінік  беру, «Өзен» өлеңіне  талдау  жасау.      

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: жаңа  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі:   Ы.Алтынсариннің жинақтар

                                                 топтамасы, портіреті 

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

  1.  Ы.Алтынсариннің  өмірі мен  шығармашылығы  туралы  мәлімет.

·         Ыбырай – қазақ  балалар әдебиетінің  атасы.

·        1841 жылы Қостанай  облысында  дүниеге келген.

·        4 жасында әкесі  қайтыс  болады.

·        Атасы Балғожа бидің тәрбиесінде  өседі.

·        1850 жылы Ыбырай  орыс – қазақ  мектебіне  оқуға  түседі. Оны  жеті  жылда жақсы  бағалармен бітіреді.

·        1864 жылы Ыбырай қазақ  балаларына  арнап  мектеп  ашады.

·        Ыбырайдың «Өзен», «Дүние қалай  етсең  табылады?» т.б. өлеңдері  бар.

2.«Өзен» өлеңін  мәнерлеп  оқу.

VІ. Түсінік  тексеру:

*Сұрақ  жауап

Өзеннің  табиғаттағы,  адам өміріндегі  атқарар  жүгін  ақын  қалай  көрсеткен?

Өлеңде  қандай  көркемдегіш  сөз  және  сөз  тіркестерін  қолданған?

Өлеңнің  буын  өлшемін  және  ұйқас  түрін  анықтаңдар

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

 Өздік жұмыс:

·        Өздерің көрген,  шомылған  өзенді  өз  сөздеріңмен  әңгімелеу  және олардың  адамның  қандай  игілігіне  жарап  жатқанын  жазу.

·        Өлең  жолдарынан  бейнелі  сөздер  мен  теңеулерді  тауып  жазу.

 

*Сөздік жұмысын  жүргізу:

Өксіген – шөлдеген  мағынасында.

Қынарда – жағасында,  маңында.

Жай – орын, қоныс.

Жанабында – жанында,  маңында.

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру

       1.Ы.Алтынсариннің  өмірі  туралы  мәлімет жинау,  жазу.

       2. «Өзен» өлеңін жаттау.

 

                                           

 

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:   

4. Тоқсан:  ІІ

5. Мұғалім:  Бабирова Д.Б

Сабақтың тақырыбы:       Ы.Алтынсарин   «Өзен»                                                                           Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды      Ыбырай Алтынсариннің   «Дүние қалай  етсең  табылады? » өлеңі туралы  түсінікберу,  әңгіменің  идеялық  мазмұнына  талдау,  оқушыларға  ойландыратын  сауал  бере  отырып,  пікірін  тыңдау,  қорытынды  жасау.     

2. Тәрбиелік: оқушыларды  еңбексүйгіштікке,  мамандық  таңдай  білуге,  ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың  білімдік  танымын ,  шығармашылық  қабілетін,  тілдік  қорын,  ізденістерін  арттыру.

Сабақтың типі: жаңа  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі:   Ы.Алтынсариннің  шығармалар

                                  топтамасы, портреті,  еңбек  туралы  нақыл  сөздер. 

Пәнаралық байланыс: тіл,  экология, еңбек..

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

   1.Ы.Алтынсариннің  өмірі  туралы  мәлімет жинау,  жазу.

       2. «Өзен» өлеңін жаттау.

 

 ІІІ. Білім  тексеру:

«Топтастыру» стратегиясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

*        «Дүние қалай  етсең  табылады?»  әңгімесін  мәнерлеп  оқу.

·        Магнитофоннан әңгіменің  қысқаша  мазмұнын тыңдату.

·        Сөздікпен  жұмыс

Франк –француз  ақшасының  атауы.

·        Мәтіннен көнерген  сөздерді  табу: купец, реуішті.

·         

 

VІ. Түсінік  тексеру:

*Сұрақ  жауап

1.Әңгіменің  мазмұнына  зер  салып оқыңдар.

2.Еңбек  етуден  ерінген  адам  қандай  болатынын  аңғарту.

3.Қайыршы  Антонға бейтаныс  кісінің  ақылы  қалай  әсер  етті?

4.Антон  бұл  сөзден  қандай  қорытынды  шығарды? Мәтіннен  тауып  оқыңдар.

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1.     Венн диаграммасы:

Овал:  Еңбекқор ,Овал: Жалқау  

 


 

 Кітаппен  жұмыс: рөлдерге  бөліп  оқу.

1.     Автор  сөзі:

2.     Француз  жұртының  білімді  адамының  сөзі:

3.     Бейтаныс  адамның  сөзі:

4.     Антонның  сөзі:

2.     Қорытынды: «Екі бетті күнделік» стратегиясы.

Әңгімеден  алған  әсерім

Пікірім

 

 

 

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру

        1.«Байлықтың  көзі  еңбекте» тақырыбында  шағын  шығарма  жазу.

       2. «Дүние қалай  етсең  табылады?»  әңгімесін  мазмұндау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы: 

4. Тоқсан:  ІІI

5. Мұғалім:  Бабирова Д.Б

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы.  « Қыс»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, « Қыс» өлеңінің мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін меңгерту.

2. Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

3. Дамытушылық: оқушылардың  шығармашылықпен  жұмыс  істеуіне  ықпал ету,ойлау  шеберлігін,  сөйлеу  мәдениетін  жетілдіру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: «Абай» энциклопедиясы, ақын  портреті, қысты  бейнелейтін суреттер, тірек  сызбалар.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, бейнелеу  өнері,  саз  өнері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                           2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                           3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

 ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

 

1.Оқушылардың  назарын  тақтадағы  тірек – сызбаға  аудару.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


    2.Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.

       Ұлы жазушы М.Әуезов Абай шығармашылығын алғаш зерттеп жүрген кезінде-ақ, былай деген екен: «Абайдың істеп кеткен қызметі-әдебиетімізге асыл іргетас. Бұл асыл іргенің үстіне салынатын ілгері қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті, нақысты өрнекті болуына лайықты. Қуанамыз! Нанамыз! Марқұм атамыз қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты».

    Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы (бұрынғы Семей облысындағы) Шыңғыс тауында дүниеге келген.

    Абайдың әкесі тілге шешен, ақылға бай, әділ ел басқарып, жұртына жақсылық жасаған адам болыпты. Сол кездің өзінде жол бейнетін тартып, қажылық жолына тартып, Меккеге барған. Онда қажылыққа барған қазақтар үшін қонақ үй салдырған. Меккеден келген соң, ел басқаруды қойып, Қарқаралыда мешіт салдырып, мұсылманшылық жолын ұстаған. Абайдың «Арғы атасы қажы ед» атты өлеңіндегі әкесі Құнанбай туралы айтылған сөзін оқып көрелік.

    Арғы атасы қажы еді,

    Бейістен татқай шәрбәтті.

    Жарықтықтың өнері

    Айтуға тілді тербетті

    Адалдық, ақыл жасынан

    Қозғапты, тыныштық бермепті.

    Мал түгіл, жанға мырза еді

    Әр қиынға сермепті.

    Мұңды, шерлі, жоқ-жітік

    Аңсап алдын кернепті

    Бәрінің көңілін тындырып,

    Біреуін ала көрмепті.

    Әділ, мырза, ер болып

    Әлемге жайған өрнекті.

    Тәубесін еске түсіріп,

    Тентекті тыйып, жерлепті.

     Қазақтың ұлы қамалап,

     Іздеген жүзін көрмек-ті.

     Ақылынан ап қайтқан

     Өлгенше болар ермек-ті.

     Ол сыпатты қазақтан

      Дүниеге ешкім келмепті.

      Өлмейтін атақ қалдырып,

       Дүниеге көңілін бөлмепті.      

    Құнанбай қажы туралы Абайдан артық ешкім айта алмас. Біздің  білетініміз: Абайдың ақылды әкеден алған тәлімі, тәрбиесінің көп болғандығы.

     Абай өлеңді бала кезінен-ақ сүйді. Әжесі  Зере мен анасы Ұлжаннан көптеген әңгімелерді, естеліктерді,ертегі, жырларды тыңдап өсті.

      Оқу дегенде, Абай не бары үш жыл мұсылманша, үш ай орысша оқыды.

    Абайдың  табиғат  лирикасы:

         Абайдың  табиғат  лирикасы – ақындық  шеберлікпен   жазылған сұлу, сырлы  жырлар. Жыл  мезгілдерін  сипаттайтын   өлеңдерінде  оқушының  көз  алдына түрлі – түрлі  табиғат  көріністері  келеді: жайқалған  бәйшешек, «көгорай  шалғын»  мен  күркіреген   өзені  бар, тамылжып  тұрған  шыбынсыз  жазда  сонда, ақтүтек  бораны  мен  үскірік  аязы  бар, қылышын  сүйреген  қытымыр  қыс  та  сонда, аспанын  бұлт  торлап, гүлі  солған, сарғыш  даласын  шаң  басқан, сұрғылт  күз  де  сонда.  Табиғат  туралы  әр  өлеңінде  ақын  әуелі  табиғат  көріністерін  суреттейді, ізінше  сол  көрініске  бөленген  қазақ  ауылының  тіршілік  кәсібіне, шаруа  жайына  көшеді. «Жаз»  өлеңінде  күркіреп  жатқан  өзеннің  көгорай  шалғын  жағасына  көшіп  барып,  қонып  жатқан  ауыл,  ақ  білегін  сыбанып, үй  тіккен  қыз-келіншектер  суреттелсе, «Қыс»  өлеңінде  шидем  мен  тон  қабаттап  киіп, оранып  алса  да, долы  боранға  «бет  қарауға  шыдамай, сырт  айналып»  мұз  жастанған  жылқышылар,  бет – ауызын  үсік шалған  жас  балалар, суық  өтіп, титығы  құрыған  жылқылар, айналада  жортып  жүрген  аш  қасқырлар  көз  алдымызға  келеді.

VІ. Түсінік  тексеру:

         Суретпен  жұмыс:  сендер  қыс  бейнесін  көз  алдыларыңа  қалай  елестетесіңдер? Абай  атамыз  қысты  қалай  суреттеген  екен?

Түсініксіз  сөздермен  жұмыс  істеу.

         Ұшпа – шашыранды  бұлт. Шидем – қойдың  жабағысынансыртын  қаптап  тіккен  тон.

         Қондыбай, Қанай – кедей  ауылдың аттары.

 

 

VІІ Жаңа сабақты бекіту.

1.     Өлеңді  қандай  бөлімдерге  бөлуге  болады?

(«Қыстың  сипаты», « Қысқы  ауыл»)

2.     Оқушыларға  әр  бөлімді  жеке – жеке  оқыту.

3.     Сатылай  кешенді  талдау  арқылы  өлеңнің  теориялық  мазмұнына  көңіл  бөлу.

                                              

     Қыс

 
                                                        

 

 

 

 

 

 


Тақырыбы  мен  идеясы

 
                 

 

 

 

4.Сұрақтарға жауап беру:  Не  білдік? Не  үйрендік? Не  білгің   келеді?

  5.Оқушыларға әдебиет  теориясынан білім беру.

VІІІ Сабақты  қорыту:

1.     Бағалау :

2.     Үй тапсырмасын беру:

 

1.Абай  «Қыс» өлеңін  жаттау,  өлең  соңындағы  сұрақтарға  жауап  беру.

 

                                           Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет            2. Сыныбы: 5      3. Күні, айы, жылы: 

Сабақтың тақырыбы:       М.  Жұмабаев «Қысқы  жолда»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:  М.Жұмабаевтың  жыр  әлемімен  танысу, поэзияның  тереңіне  бойлау, өлеңнің,  сөздің  астарына,  қыр – сырына  мән беруге, идеясын  түсініп,  бағалай  білуге  баулу.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық:  оқулық  және  қосымша материалдар деректерін  тиімді  пайдалануға,  ойын  еркін  айтуға, өз  пікірін  қорғап,  айқын да  айшықты  тілмен  сөһйлеуге  дағдыландыру.

Сабақтың типі: жаңа  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі:  портрет, тірек  сызба  суреттер.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

     1.Абай  «Қыс» өлеңін  жаттау,  өлең  соңындағы  сұрақтарға  жауап  беру.

 

ІІІ. Білім  тексеру:

 М.Жұмабаев  шығармашылығы  бойынша  іздену  жұмыстары.

·        Мағжан  кім?

·        Оның  қандай  шығармаларын  білесіңдер?

·        Оқыған  жері.

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

·        «Қысқы  жолда  өлеңін  мәнерлеп  оқу.

·        Түсінік  беру.

·        Мәтінмен  жұмыс.

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

Өлеңді  сатылай  кешенді  талдау:

«Қысқы  жолда»

Өлең.

5 шумақ.

21 тармақ

8 бунақ

7-8 буын

Аралас  ұйқас (а-а-б-б-в-б-г-в)

а) Эпитет «Құлағын  қайшыландырып»

ә) Кейіптеу.

«Екі иінінен  дем  алып», «Сақ – сақ   күледі, долданып», «кебін  жамылып», «екі санын  шапақтап».

                  Б) Теңеу: «Аңдай ұлып»

              9) Қаракөк – аттың аты.

             10) Өлең  табиғаттың  қаталдығы  адамға,  малға 

                    қауіпті  екендігін білдіреді.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

       1. Оқулықпен жұмыс.

·        «Қысқы  жолда»  өлеңінде  қай  мезгіл  туралы  айтылған?

·        Қазір жылдың  қай  мезгілі?

·        Қыс туралы  тағы  қандай  ақынның  өлеңін  білесіңдер?

2.Венн диаграммасы  арқылы қыс пен  жаз мезгілдерін салыстыру.

 

Овал: Қыс
1.	Суық
2.	Қар
3.	Боран  
Овал:  Жаз
1.Жылы
2.Жаңбыр
3.Жел
 
 

                                                                                   

 

 

 

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1. Өлеңді  жаттау.

  2. Қыс  туралы  әңгіме  жазу,  сурет  салу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан:  ІІІ

5. Мұғалім: Бабирова Даркеш Бегділдақызы

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев « Сағындым», «Балалық шақ» Сюжет, пейжаз туралы

                                        

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушылардан өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білімдерін анықтау,  дастанның  тақырыбы, идеясы мен мазмұнын меңгерту.

.2. Дамытушылық: оқушыларды  пікірлерін  ашық  айта білуге, бір – бірімен  пікір  алыса  білуге,  талдауға , ой – өрістерін  дамыта  отырып өздіктерінен  қорытынды  жасауға  машықтандыру.

3. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: мәнерлеп оқу, жаттау.

 Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: портрет. Сызба - нұсқалар

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                           2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                           3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Үй жұмысын тексеру.  Мағжан Жұмабаевтің «Қысқы жолда» өлеңін мәнерлеп оқу берілді. Және қысқы көріністі көздеріне елестетіп пейзаж салу болатын.

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1.     Қызығушылықты  ояту кезеңі.

«Ой қозғау» стратегиясы.

А) Суырып салма  дегеніміз  не?

Ә) «Өлең  сөзің  даналығы»  сөзіне талдау  жасау

Б)Ауыз  әдебиеті  дегеніміз не?

  3. «Топтастыру» стратегиясы  Ақынның  ақындық,  тұлғалық  бейнесін  жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 
                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сағындым өлеңін мәнерлеп балаларға оқыту .

Абақтыда айдан күннен жаңылдым,

Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.

«қарашығым, құлыным!» деп зарлаған

Алыстағы сорлы анамды сағындым. 

 

Сұрақтар.

1 Ақын нені, кімдерді сағыныпты

2 Ақын абақтыға кімдер үшін түсті

3Ақынның қайтпас, қайсар мінезін өлеңнің қай тұстарынан байқадыңдар

 

«Балалық шақ» өлеңін мәнерлеп оқып беріп мазмұнын ашу.

Балалық шағың

Патшаның тағы

Тіл жетпес оны бағалап

Көп өтпей жыл,

Тек жүрмей біл

Ілгері күнді сағалап.

 

Сұрақ жауап арқылы қорыту

 

1.     Бағалау:

2.     Үй тапсырмасын беру.

  «Сағындым» өлеңін жаттау, «Балалық шақ» өлеңін мәнерлеп оқу

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан:  ІІІ

5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин «Ақсақ киік»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:   ақын  жайлы  білетін  мәліметтерді тыңдай отырып  жаңа  мағлуматтар  алуына  жағдай  жасау, «Ақсақ киік»  өлеңінің  тақырыбы мен идеясын  ашу.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық:   өз бетінше талдау , зеріттеу  жұмыстарына  машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жағдай  жасау.

Сабақтың типі: аралас  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі:  портрет, тірек  сызба  суреттер,электронды оқулық.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Оқулықтан Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметті 

   2.«Өтеген батыр»  дастанының  ұнаған шумақтарын  жаттау.

 

ІІІ. Білім  тексеру:

  Өткен  сабақта  Сәкен  туралы зерттеу  деректер  жинап  келу  тапсырылған. Қане,  ойымызды  ортаға  салайық.

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

·         Электронды  оқулықпен  жұмыс.

(Электронды оқулықтан «Ақсақ киік» өлеңі мәнерлеп  оқылады)

-         Балалар, өлеңнің  бастапқы жлдарында  баяндалған Арқа, Бетпақдала  туралы  мәлімет  бере  кетейін.Арқа,  яғни Сарыарқа Орталық Қазақстанды  алып жалтқан  аймақ. Батысынан  шығысына  дейін 1200 км өңірді  алып  жатыр. Бетпақдала  осы  сарыарқада орналасқан,  батысы сазды,  шығысы  тасты  құмды, шөлді  жер.

-         Киік  дегеніміз  не?  Киікті  қазақ  ақбөкен  деп  те  атайды. Киік  шөлді  жерді  мекендейді. Оның  мүйізі  медицинада  дәрі – дәрмек  жасау  үшін  пайдаланылады.  Еті мен  мүйізі  бағалы.

 VІ. Түсінік  тексеру:

              Кітаппен  жұмыс:

Мәнерлеп  оқу.

Түсініксіз  сөздерді  қарандашпен  белгілеу.

Экранға  сөздік жазылады.

Қу баялыш –шөптің  атауы.

Сегіз  көштік – ұзындық  өлшемі.

Таңа – жануардың  әсем,  сұлу мүсіні.

Қос – шатыр күрке.

Бетеге – шөп  атауы.

Тақтадағы  сөздерді  дәптерге  жазу.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

·         Шығармашылық жұмыс.

1.     Өлең  мазмұнына  сүйене  отырып,  өлең  ішінен  табиғат  көрінісі,  киіктің  сұлу мүсіні,  мүшкіл халін  суреттеген  жолдарды  тауып,  өз  сөзімізбен  айтып  көрелік.

(Оқушылар  өлеңнен  тауып  айтады.)

2.     Өлеңнен  ақынның  қандай  бейнелі  сөздерін  байқадық?

Елеңдеп  жас  балаша  жаутаңдайды – теңеу.

3.     Сұрақ  жауап

·        «Ақсақ  киік»  өлеңінің  тақырыбы  не?

·        С.Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі  арқылы жас  ұрпаққа  не  айтқысы  келді?

·        Табиғатты  қорғау,  жан – жануарларды  қорғау  туралы  қандай  мақал – мәтелдер  білесіңдер?

4.     Балалар  біз  бүгін  не  білдік, не үйрендік?

 

Инсерт әдісі

 

 

Білемін

Мен үшін жаңалық

Білгім келеді

 

 

 

 

 

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1.  С.Сейфуллиннің  өмірі мен шығармашылы  туралы

           мәлімет  жинау

    2.«Ақсақ киік»  өлеңін мазмұндау, өздеріңе  ұнаған 

  жерін  жаттау.

 

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5                 

3.Күні, айы, жылы:

Сабақтың тақырыбы:    І. Жансүгіров «Күй»    

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға    І. Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, поэманың  негізгі идеясы мен мазмұнын меңгерту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: :    І. Жансүгіров  портреті, «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы.

Пәнаралық байланыс:  қазақ тілі, Қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1.     Ақын  өмірі мен  шығармашылығы  туралы  мәлімет.

·        1894 жылы 14 мамырда  Алматы облысы Ақсу  ауданында туған.

·        4 жасында  анасынан  айырылып, әке  тәрбиесінде  өскен.

·        1911 жылы ауылдағы  қазақ – татар  тіліндегі бастауыш мектепті  бітіреді.

·        Ташкетте қазақ – қырғыз институтында, 1925 жылы Мәскеуге оқуға кетеді.

·        1928 жылы коммунистік журналистика  институтын  бітіреді.

·        Балаларға  арнап  әдемі  өлеңдер жазған.

2.     Шығарманы  жоспарлау.

І кіріспе:

а) Қобызшы  туралы.

ІІ негізгі бөлім:

а) «Бозінген күйі» туралы.

ІІІ қорытынды:

а) Күйдің  адам  өміріндегі  маңызы

 

VІ. Түсінік  тексеру:

1.«Талдау» стратегиясы. «Күй» поэмасын  үлгіге қарап,  оқушылар өздері  талдайды

Шығарманың  композициялық  құрылымына  талдау  жасау

·         Шығарманың  тақырыбы- 

·        Оқиғаның  басталуы – 

·        Оқиғаның шиеленісуі – 

·         Оқиғаның  шарықтау  шегі – 

·        Оқиғаның  аяқталуы – 

·        Шығарманың идеясы – 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

 Шығарманың  негізгі  бөлімін  жоспармен  салыстырғанда:

·        Молықбайдың  ерекше  шебер  тартатын  күйі.

·        Қобыз  үнімен  күтімдегі  інгеннің  маңғаз,  сұлу  мүсінін  бейнелеу.

·        Сатылған  інгеннің  зарын  тарту.

·        Ақын  қолданған  теңеу мен  эпитетті табу.

Сұрақ  жауап:

·        « Күй  күшті  тауды  тасты  бұзатұғын» деген  ақынның  ойын  сендер  қалай  дамытар  едіңдер?

·        «Нар идірген» аңызын  білетіндерің  бар ма?

·        Поэма  өздеріңе  қалай  әсер  етті?

·        Қылқобыздың  зарлы  үнін  поэмадан таба  аласыңдар ма?

VІІІ. Сабақты қорыту:

3.     Бағалау:

4.     Үй тапсырмасын беру.

1.       І. Жансүгіров өмірі мен  шығармашылығы  туралы  түсінік.

2.   «Күй» поэмасы туралы  ойтолғау жазу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов « Ақын қонақтар»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы,

 тақырып пен идея туралы, « Ақын қонақтар» сюжеті жайында әдеби білім беру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: М. Әуезовтің портреті, шығармалары

Пәнаралық байланыс:  қазақ тілі, Қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1.       І. Жансүгіров өмірі мен  шығармашылығы  туралы  түсінікті қорыту .

І. Жансүгіров «Күй»   поэмасы  бойынша 

Сұрақ  жауап:

·         « Күй  күшті  тауды  тасты  бұзатұғын» деген  ақынның  ойын  сендер  қалай  дамытар  едіңдер?

·         «Нар идірген» аңызын  білетіндерің  бар ма?

·         Поэма  өздеріңе  қалай  әсер  етті?

·         Қылқобыздың  зарлы  үнін  поэмадан таба  аласыңдар ма?

ІV.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

 1. Мұхтар Әуезовтің өмірі мен қызметі туралы әңгімелеу.

    М. Әуезовтің тырнақалды туындысы- «Еңлік – Кебек» пьесасы 1917 жылы семинарияда оқып жүрген кезінде жазылған.  Болашақ жазушы, ғұлама ғалым Санкт-Петербург университетінде (1928 жылы аяқтаған), Ташкенттегі Орта Азия университетінде оқыған. 20-30 – жылдары жазушы қаламынан қазақтың байырғы өмірінің көрінісін бейнелеген  көптеген  әңгімелер туған, ал 20-жылдардың аяғына қарай «Қараш-Қараш оқиғасы» (1927)  және  «Қилы заман» (1928) повестері жазылған.

     Қаламгердің есімін әлемге мәшһүр еткен ең басты туындысы – «Абай жолы» атты  4  кітаптан  тұратын  тарихи  роман-эпопеясы. 

      VІ. Түсінік  тексеру:

     Оқулықпен  жұмыс: үзіндімен  танысып, жай  жоспар  жасау.

1.    Абайдың  бейнесі

2.    Екі  досы

3.    Абайдың  қызығы

4.    Екі  қонақ

Осы  жоспар  арқылы  үш  деңгейлі  тапсырма беріледі.

                                                    Тапсырмалар

                                                                І

1.    Әдебиет  сөздігінен  портретке  анықтама  беру. Жас  Абайдың  кескін – келбетін  жазушы  қалай  суреттеген? Мұқият  қараңдар, оның   портретінде  қандай  өзгеріс  болған, ол  ненің  әсері?

2.      Әңгімеден  Абайдың  кескін – келбетін  тауып, өз  бетіңше   оқып, түсіну  керек.

3.     Мәтінді  оқы. Сұраққа  жауап  бер:

1.      Биыл  Абай  неше  жасқа  толды?

2.      Денесі  бойы  қандай?

3.      Беті, шашы  қандай  еді?

ІІ

1.      Абайдың  ендігі  ермегі  нелер, досы  кімдер?Абайдың  қарт  әжесі  Зере, өз  анасы  Ұлжан қандай  абзал  қасиеттерімен  көрінеді? Суретке  қарап, суретші  қарт  әже  Зеренің  мейірімділігін, жас  Абайдың  ынта – ықыласын, көрсете  білді  ме?

2.      Мәтінді   оқып, мазмұнын  айту. Әңгіме? Әңгімеші  деген  кім?

3.      Сұраққа жауап  беру:

1.      «Басқа  бір  ермек, бөлек  бір дос  тапты...» Олар  кімдер?

2.      Абай  биыл  нені  бағалады?

3.      Әжесі   қандай   әңгімеші  еді?

4.      Абай  ауырғанда, әжесінен  не  сұраған?

    ІІІ

1.      Шеше – ана  туралы  мақалдарды  еске  алыңдар? Қазақ  ертегілерін, әңгімелерін, жырларын  қисса – дастандарын  Абайға  кім  айтқан?

2.      Мәтін  бойынша  жұмыс : Абай  әжесінен  ертегі  айтып  беруді  қалай  өтінді?(оқы). Ертегілердің  атын  дәптерге  жазып  ал.

3.      Сұраққа  жауап  бер:

1.      Абай  әжесінен  қандай  ертегілерді  тыңдады?

     ІҮ     

1.      Барлас  ақынның портретін  тауып  оқу. Барлас  ақынның  алғаш  жырлаған  жыры  қай  жыр,  оны Абай  қандай  сезіммен  қабылдады?

2.      «Жыр» , «Жыршы»  деген  сөздерді  түсіндір.

3.      Сұраққа жауап беру:

·         Абай  ауылына  кімдер  келді?

·         Қонақтарды  Ұлжан  қалай  қарсы  алды?

·         Ақын  деген  кім?

                                          Ү

1.      Ертеде  ақындарды  қалай  қарсы алған?

2.      Абайдың  қарт  әжесі Зере,  анасы ұлжан  қандай  рухани  азық  берді  және  нелерді  білуіне  жәрдем  етті?

3.      Әңгіменің  тақырыбы, идеясы  неде?

4.      Ұлжан  қонақтарды  неге  жібергісі  келмеді?

5.      Абай  шешесіне  ризашылығын  қалай  көрсетті?

 

 

Қорытынды  жасалады.

Төмендегі  тірек  схема  толтырылады.

 

Абайдың портреті

 

Бала  Абайдың  кескін – келбетін жазу

Бала  Абайдың  рухани  байлығы

 

 

 

 

 

 

VІІІ.Жаңа сабақты  қорыту.

1.      Бағалау:

2.      Үй тапсырмасын беру:

1. М.Әуезовтің өмірі мен қызметі

2 « Ақын қонақтар»туралы  түсінік.

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

Сабақтың тақырыбы:  С.Мұқанов «Лашын»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға  С.Мұқановтың  өмірі  жайлы  түсінік беру, «Өмір мектебі» романынан үзінді  туралы  түсінік беру  

2. Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, өзндік ой толғауларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Абай» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                           2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                           3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

 

 1. М.Әуезовтің өмірі мен қызметі

2 « Ақын қонақтар»туралы  түсінік.

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1.Ақын  өмірі мен  шығармашылығы  туралы  мәлімет.

·        1900 жылы Солтүстік Қазақстан  облысында туған.

·        Молдадан  оқып, сауатын  ашады.

·        Абайдың,Ғабдолла Тоқайдың  кітаптарын  оқып, өседі.

·        Омбы  қаласында  мұғалімдік оқу  оқиды.

·        Шығармалары: «Сұлушаш» поэмасы, «Өмір мектебі», «Аққан  жұлдыздар», «Балуан Шолақ», «Ботагөз» романдар, повестер  жазған.

 

2.Шығарманы мәтін   бойынша  бөлімдерге  бөлу.  

·        Балтабай  ауылында

·        Балтабайдың Ақметі, оның портреті, атбегілікпен,  құсбегілікпен  айналысатыны

·        Ақмет лашынының сипаты

·        Ақметтің лашынды  құс  алуға  шығаратын  мезгілдері.

·        Лашынның  үйрек  алу  тәсілдері.

·        Дабыл  қағудың  мәнісі.

·        Лашынның  қазды  алған  кездегі  амалы.

·        Лашынға  қарсы  дуадақтың көрсеткен  қайраты.

·        Құс  салудың  ең  дұрыс  мезгілі.

·        Құстардың  таң  ата  жайылуға  шығуы.

·        Құстардың  қойған  қаруылына  көрінбей,  етіртпей  баруы.

·        Дабылдау,  құстардың  айналып  ұшуы.

·        Лашынды  жіберу.

·        Саятшылық – өмірдің  бір  қызығы.

VІ. Түсінік  тексеру:

1.«Талдау» стратегиясы. «Лашын»    үлгіге қарап,  оқушылар өздері  талдайды

Шығарманың  композициялық  құрылымына  талдау  жасау

·         Шығарманың  тақырыбы- 

·        Оқиғаның  басталуы – 

·        Оқиғаның шиеленісуі – 

·         Оқиғаның  шарықтау  шегі – 

·        Оқиғаның  аяқталуы – 

·        Шығарманың идеясы – 

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1.      Әр  бөлімді  әңгімелеп  меңгерген  соң  оны  мынадай шығармашылық  жоспарға  жинақтау:

 

І Кіріспе:

а)Балтабай  ауылында.

ІІ Негізгі  бөлім:  Саятшылық.

а) құсбегі – Ақмет

б) Ақмет  лашынының мүсіні.

в)Ақмет пен лашынның өнері.

г) Шілдеде  құс алу.

2. әңгімеден  теңеу, эпитетті  тауып, дәптерге  жазу.

 

VІІІ. Сабақты қорыту:

5.     Бағалау:

6.     Үй тапсырмасын беру.

1.     С.Мұқанов «Лашын»әңгімелеу.

 

 

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:   ақын  жайлы  білетін  мәліметтерді тыңдай отырып  жаңа  мағлуматтар  алуына  жағдай  жасау, «Қазақ солдаты» романынан  үзіндінің   тақырыбы мен идеясын  ашу.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық:   өз бетінше талдау , зеріттеу  жұмыстарына  машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жағдай  жасау.

Сабақтың типі: аралас  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі:  портрет, тірек  сызба  суреттер,электронды оқулық.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.    С.Мұқанов «Лашын»әңгімелеу.

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

·         Электронды  оқулықпен  жұмыс.

·        Электронды оқулықтан  Ғ.Мүсіреповтың өмірі  жайлы мағламаттар  алу.

·        Оқулық  бойынша Ғ.Мүсіреповтың өмірі  жайлы жоспар  бойынша  әңгімелеу.

1.     1902 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл  ауданында туған.

2.     Ғабит  ауыл  ақсақалдарына  «Қыз Жібек», «Қобланды батыр», «Ер Тарғын» жырларын  оқып беріп, жаттап  алған.

3.     Әңгіме  жазудың  шебері.

4.     Пьесалары: «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Амангелді» .

5.     Романдары: «Оянған өлке», «Қазақ солдаты».

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

 Сұрақ жауап

1.                                                                                                                                                                                       Шығарма  оқиғасы  кімнің  атынан баяндалады?

2.                                                                                                                                                                                       Роман  қай  кездегі  өмірді  суреттеп  отыр?

3.                                                                                                                                                                                       Қайрош  қалаға  кіммен  және  неге  қашып  келеді?

4.                                                                                                                                                                                       Жайық  өзені, Каспи  теңізі  көріністері  мен  Қайроштың  көніл  күйінде  қандай  ұқсастық  бар?

5.                                                                                                                                                                                       Шеген мен  Бораштың  сыртқы  кескін – келбетін, мінез – құлқын, іс – әрекетін, тұрмыс – жайын  суреттейтін  көріністерді  мәтіннен  табыңдар. Шегеннің  портретін  ашу  үшін  жазушы  қандай  теңеулерді  қолданған?

6.                                                                                                                                                                                       Шеген  Қайрошқа  неліктен  сеніммен қарайды, оған  қандай  қамқорлық  жасалы, қандай  шарт  қойды? Балалар күнкөріс  жолында  не  істеді?

7.                                                                                                                                                                                       Қайрош  балалар  үйіне  қалай  әікелінді?

8.                                                                                                                                                                                       Қайрош  ана  құшағында  қандай  шаттық  сезімге  бөленді?

9.                                                                                                                                                                                       Қайрош  шешесімен  бірге  ауылға  қайтып  кетпей, неге  балалар  үйінде  қалды? Ол  нені  арман етеді? Апасы  оған  қандай  аманаттар  тапсырды?

10. Шығарманы  ең басты – басты  мәселелер  бойынша  бөлімге  бөліп, әр  бөлімге  лайық  ат  қойыңдар.

11. Шығармада  жазушы  қолданған  мақал – мәтелдерді  дәптерлеріңе  теріп  жазыңдар. Осы  нақыл  сөздердің  оқиғаға  қандай  қатысы  бар  екенін  анықтаңдар.

12. Жазушының  табиғатты суреттеу шеберлігіне ықылас  аударыңдар.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

 

   Балалар  біз  бүгін  не  білдік, не үйрендік?

 

Инсерт әдісі

 

 

Білемін

Мен үшін жаңалық

Білгім келеді

 

 

 

 

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1.  Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар»  мазмұндау.

  2. ойтолғау  жазу.

        

 

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы:

3. Күні, айы, жылы:

Сабақтың тақырыбы:  С.Бегалин «Бала  Шоқан»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:  оқытудың  жаңа  технологияларына  сай Шоқан  тұлғасын қалыптастыру, тарих, география,  мүсін  өнерлерін  басшылыққа  ала  отырып, қосымша  мәліметтер  арқылы  оқушыны  жан – жақты  білім  алуға  тарту.

2. Тәрбиелік: шыдамды  болуға, жанашырлыққа, уәдеге беріктікке, өнер сүюге  тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушының  ой  еркіндігін, эстетикалықсезімін  дамыту.

Сабақтың типі: дамыта  оқыту  технологиясының  білім  жүйесі, сын  тұлғасынан  ойлау.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ – жауап, ұжымдық, проблема  туғызу, даралау, интеграциялау.

Сабақтың көрнекілігі:  суреттер, плакат, карта, кітаптар, графопроектор.

 Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география, сурет, мүсін  өнері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

  ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.     Ғабит  Мүсірепов «Жаңа  достар» туралы түсінік.

ІІІ. Білім  тексеру:

Топтастыру әдісі:

Шоқанның  өмірі мен  шығармашылығы  жайлы оқушылар  өздер  жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Графопроектор көмегімен, жоспар  бойынша салынған  слайдтағысуреттерді  көре  отырып, Шоқан  мен  Жақыптың  қарым – қатынасы  арқылы Бала Шоқанның мінездемелік  тұлғасын  қалыптастырамыз.

Суреттер

               Оқиғалар

        Мінездеме

1-сурет

 

 

 

2-сурет

 

 

 

 

 

3-сурет

 

4-сурет

 

 

5- сурет

Мысық  Шоқанды  неге  асыға  күтті?

Осы  оқиға үстіне  Шоқанға қандай  мінез  сай  келеді?

Мысық  Шоқан аулына  баруға  неге  қорқады?

Жақып  Мысықты  неге  соға  алмады?

Шоқан  тағы  қай  қырынан  көрінді?

187-беттегі  диалогты  рөлге  бөліп  оқу.

Мына  суретте  кімдер  бейнеленген?  Олар  қайда  бар жатыр?шоқан  әкесінен  неге   бөлініп  кетті?

Әңгіме  қалай  аяқталып еді? Шоқан күзектен  көшерде  Мысықты үйіне  неге  әкелді?

Өнертанығыш, аңғарғыш.

 

 

 

Әлсізді  қорғаушы.

 

 

 

 

Мейірімді, бауырмал.

 

 

Уәдеге  берік.

 

 

Қайырымды.

 VІ. Түсінік  тексеру:

1.     Топтық  жұмыс:

І топ    Әңгіме  бойынша семантикалық  карта  толтыру.

        ІІ топ           Диалог  деген не? сахналап  көр.

       ІІІ топ     Әңгіменің  әр  бөліміне  ат  қойыңдар. Портреттерді  табыңдар.

2.     Сэнкуэн  әдісі

«Шоқан» (синтез).

1.     Зат  есім. Шоқан.

2.     Екі сын есім. Мейірімді, өнертанығыш.

3.     Синоним. Шоқан, Мұхаммед – Қанафия.

4.     Төрт етістік. Кездесті, қорғады, уәде  берді, киім  берді.

5.     Сөйлем  құрау. Шоқан – қазақтың  жарық  жұлдызы.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

 Блиц – турнир.(сұрақ – жауап).

1.      Бала  Шоқанның  өнерге  қызығушылығы  болашақ  өміріне  қалай әсер  етті?Шоқан  бабамыздың  өмірінен  үлгі алуға  бола ма?

Жақып пен Мысыққа  салыстырмалы  сипаттау «Венн  диаграммасы

Овал: Мысық  

 

 

 


VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау  2.Үй тапсырмасын беру. «Шоқандай  болғым  келеді». Шығарма  жазу.

 

 

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні , айы , жылы

Сабақтың тақырыбы:  Қ.Әбдіқадіров «Қажымұқан»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:  оқытудың  жаңа  технологияларына  сай Қажымұқан  тұлғасын қалыптастыру, тарих, география   өнерлерін  басшылыққа  ала  отырып, қосымша  мәліметтер  арқылы  оқушыны  жан – жақты  білім  алуға  тарту.

2. Тәрбиелік: шыдамды  болуға, жанашырлыққа, уәдеге беріктікке, өнер сүюге  тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушының  ой  еркіндігін, эстетикалық  сезімін  дамыту.

Сабақтың типі: дамыта  оқыту  технологиясының  білім  жүйесі, сын  тұлғасынан  ойлау.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ – жауап, ұжымдық, проблема  туғызу, даралау, интеграциялау.

Сабақтың көрнекілігі:  суреттер,кітаптар.

 Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география, сурет, мүсін  өнері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Жазғы кеш жатқа сұрау

ІІІ. Білім  тексеру:

Топтастыру әдісі:

Қажымұқан туралы оқушылар  өздерінің  білгендерін    жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

 Жазушының өмірі  туралы  мәлімет.

·        Қалмақан 1903 жылы  Қызылорда облысы Шиелі  ауданына  қарасты «Қарғалы»  деген жерде  туған.

·        Қызылорда облысы Шиелі  ауданына  қарасты «Қарғалы»  деген жерде  мектеп үйі бар.

·        Балаларға  арнап өлеңдер мен әңгімелер  жазған.

·        «Өміртайдың  ауылы», «Тапқыш», «Тәтті қауын», «Амантай» т.б. әңгімелері бар.

·        «Мың бір түнді» ең  алғаш аударған.

·        «Қажымұқан» хикаяты француз  күрестен  дүние  жүзінің  чемпионы  Қажымұқан Мұңайтпасовтың  өміріне  арнаған.

Мәтінмен жұмыс:

1.     Мәтінді  бөлінген  бөлімдер  бойынша топтарға  бөлу және оқу.

І топ

·        Қар күреген бала,

·        Жаяу  сүйреген шана.

 

  ІІ топ

·        Ұлы Петрдің қаласы.

ІІІ топ

·        Парижде.

VІ. Түсінік  тексеру:

 Сұрақ  жауап.

Мұқанның  балалық  шағы  қайда  және  қандай  жағдайда  өтті.

Отыз пұт  май  қатырған кеспекті  бала шанаға      қалай  салды?

Мұқан  бір  шана  шөпті  бай  үйіне  қалай  жеткізді?

Мұқанның  ерекше  күшін  байқап,  оған  достық  көмекке  келгендер  кімдер?

Лебедев  мектебі Мұқанға нелерді  үйретті?

Париж  қаласында Ресейден  келген балуандар  қандай  өнер  көрсетті?

Қазақтың  ата – анаға мейірімді  болу өнегесі  шығармада  қалай берілген?

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

  1.Мұқанның  мінез – құлқын,  сыртқы  түрін  шығармадан  іріктеп  алып, балуанның  өсу  жолына  жоспар  жасап,  жазба  түрде  мінездеме  беріңдер.

2. « Шана  сүйреген Мұқан» деген  көріністі  жазып,  әңгімелеп  беріңдер.

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

 « Шана  сүйреген Мұқан» деген  тақырыпта  шағын  шығарма  жазыңдар.

 

 

 

 

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

Сабақтың тақырыбы: Қ. Аманжолов «Дауыл»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:   ақын  жайлы  жаңа  мағлуматтар  алуына  жағдай  жасау, «Дауыл»  өлеңі  жайлы түсінік беру, өлеңнің   тақырыбы мен идеясын  ашу.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық:   өз бетінше талдау , зерттеу  жұмыстарына  машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жағдай  жасау.

Сабақтың типі: жаңа   сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі:  портрет

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасы. «Қажымұқан» әңгімесін тарау бойынша мазмұндату.

ІІІ.Тарауларды қорыту. Өз беттерінше тақырып қою.

ІV.  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

VI. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

 Сабақ эпиграфы: Дейсіңдер – ау Қасымның несі  басым?

                               Қасым  солай  болмаса несі Қасым?

                               Ақынмын  деп  қопаңдап  жүргендердің

                                Әммесінен  Қасымның  десі  басым.

                                                                        (М.Мұқағали)

1.     Тірек сызба  арқылы  ақын өміріне,  шығармашылығына  шолу. Дәптерлеріне жазып алу.

Овал: Қасым  Аманжолов
       (1911-1955)
 

 

 

 


 

 

                            Өмір  жолы                           Шығармашылығы

 

Қарқаралыдағы                Балалар                 Өлеңдері:          Поэмалары:

қызыл деген  жер.             үйінде                 «Сарыарқа»,        «Ақын өлімі

                                         тәрбиеленген       «Ертіс»                туралы  аңыз»

                              «Жайық»             «Қытай  қызы»

                   Соғысқа  қатысқан                 «Орал»                «Құпия  қыз»

                                                                    «Мен                    «Бикеш»

  Табиғат              «Естай –

                                                                    бөбегі».                Қорлығайын».

V.Өлеңді мәнерлеп  оқу.

. ұжымдық жұмыс

·        Лирика түрі –

·        Тақырыбы –

·        Идеясы –

·        Лирикалық  кейіпкерге  мінездеме беру

VІІ. Түсінік  тексеру:

·        «Өлді  деуге  бола ма ойлаңдаршы»... атты эссе жазу.

VІІІ . Жаңа сабақты бекіту:

   Балалар  біз  бүгін  не  білдік, не үйрендік?

Инсерт әдісі

 

 

Білемін

Мен үшін жаңалық

Білгім келеді

 

 

 

 

 

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1.   Қ. Аманжолов «Дауыл» өлеңді  жаттау.

   2. Ойтолғау  жазу.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан:  ІІІ

5. Мұғалім: 

Сабақтың тақырыбы:  Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы»»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік :   ақын  жайлы  білетін  мәліметтерді тыңдай отырып  жаңа  мағлуматтар  алуына  жағдай  жасау, «Ар – ұят туралы» өлеңінің    тақырыбы мен идеясын  ашу.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық:   өз бетінше талдау , зеріттеу  жұмыстарына  машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жағдай  жасау.

 

Сабақтың типі: дамыта  оқыту  технологиясының  білім  жүйесі, сын  тұлғасынан  ойлау.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ – жауап, ұжымдық, проблема  туғызу, даралау, интеграциялау.

Сабақтың көрнекілігі:  суреттер, плакат, карта, кітаптар, графопроектор.

 Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география, сурет, мүсін  өнері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

 1.   Қ. Аманжолов «Дауыл» өлеңді  жаттау.

   2. Ойтолғау  жазу.

 

ІІІ. Білім  тексеру:

Топтастыру әдісі:

Ар – ұят  туралы оқушылар  өздерінің  білгендерін    жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

 Жазушының өмірі  туралы  мәлімет.

·         Жұбан  Молағалиев 1920 жылы Батыс Қазақстан  облысы Сайқұдық деген  жерде  туған.

·        Орал  ауыл  шаруашылық  техникумында  оқыған.

·        1940 – 1947 дейін  әскер  қатарында  болған.

·        «Мен қазақпын деп  аталатын поэмасымен  қазақ  әдебиетінің  ірі  тұлғасына  айналған.

Мәтінмен жұмыс:

·        Өлеңді мәнерлеп оқу.

·         Өлеңді  компазициясына  орай:

А) Шал мен жігіт  шатағы

Ә) Ар – ұят  туралы.

Б) қорытынды деп  жоспар  жасау.

VІ. Түсінік  тексеру:

·                                                                                                                                                                       Өлеңді  тұтас  оқып  ,  өз  сөздеріңмен  әңгімелеп  беріңдер.

·                                                                                                                                                                       Ақын  осы  өлең  арқылы  не  айтқысы  келді?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

   Салыстыру  арқылы  дәлелдеу.

 

Овал: Арсыздық пен ұятсыздықОвал: Ар  мен ұят 

 

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

 1. Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы» өлеңді  жаттау

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан:  ІІІ

5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Қ. Шаңғытбаев  «Сабалақ»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Қуандық  Шаңғытбаев  өмірімен танысу, өлеңін  меңгере  отырып, ақын  идеясын  ашу, өлең  арқылы  қазақ  халқының  тарихымен  жете  танысу;

2. Тәрбиелік:  өз елін, Отанын сүюге, қазақ  елінің біртуар  ғұламаларының елге  жасағанигі  істерін  қадірлей  білуге  тәрбиелеу.

3. Дамытушылық:  оқушыны  өзіндік талдау, жинақтау  жасауға, ойлана  біліп, сөз  мәдениетін, сөз  қоры  қолданысын  дағдыландыруға, ойлылық пен  тапқырлық арқылы сөз  өрнектей  білуге  төселдіру.  

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрден  тыс  сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Абылай, Төле би, Бөгенбай  суреті, «Алтын  қақпа» жәшігі, сатылай  кешенді  талдаусызбасы.

Пәнаралық байланыс:  Қазақстан  тарихы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                           2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                           3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.     Ж. Молдағалиев «Ар – ұят  туралы» .

ІІI. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

         «Сабалақ» өлеңінің  әр  шумағын  мәнерлеп, әр  шумақтың  мазмұнын  түсіне  оқыту.

         Осыдан  кейін  алдын  ала  деңгейлік тапсырмалардың  сұрақтары  жазылған  плактты  басшылыққа  алып, оқушылардың  өлең  мазмұнын қаншалықты меңгеріп, өз  ойларын жаткізе  білулері  қадағаланады.

         Оқушы  деңгейі

1.     Өлеңнің тақырыбын  ажырат.

(Ақын сонау  тарихта  болған  ертедегі  қазақ – қалмақ арасындағы  соғысты  өзінің  өлеңіне арқау  еткен).

2.       Соғыс  болып  жатқан  жерді  ата.                                                       (аңырақай  даласы)

3.       Ақын  соғысты  қай  шумақта,  қалай  сипаттаған?

    Алгоритмдік  деңгей

1.     Әбілмәмбет  қандай  күй  кешті? Қандай  шешімге  келді?

2.     Көмекке  келген жас жігітке  сипаттама  бер.

 

Оқушылар  өлең  шумақтарынан  тауып,  сатылай  кешенді  талдау  сызбаны  толтырады.

·        Жеңіл шидем  шапан  киген.

·        Қабағы түйілген.

·        Қолында  қаруы бар.

·        Астында  құстай  ұшқан  тұлпар.

·        Қара мұртты.

·        Соңында  ерген  қол.

·        Аққан  жұлдыз  сияқты.

·        «Абылайлап!»ұрандаған.

«Алтын  қақпа ойыны»

Оқушылар І топ  «қалмақтар», ІІ топ  «қазақтар» болып  екіге  бөлінеді.

Тас қақпа

1.     Сүңгі – қару түрі                 2.Байрақ – ту

Күміс қақпа

1.     Құзғын – өлікті  аңдыған  құстар

2.     Ойрат – қалмақтар

Ата нәкес – ата жау.

 

Іздеушілік деңгей

Өлеңді  бөлімдерге  бөліп,  ат  қою,  дәлелдеу.

1.     «Қанды соғыс»

2.     «Келген күш»

3.     «Алғашқы  танысу»

4.      «Арман»   

 

IV. Жаңа сабақты  қорыту:

1.     Бағалау:

2.     Үй тапсырмасын беру.

1.Қ. Шаңғытбаев  «Сабалақ» мазмұндау

                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан:  ІІІ

5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:  М. Мақатаев « Фантазия »

 

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:  М. Мақатаев  өмірімен танысу, өлеңін  меңгере  отырып, ақын  идеясын  ашу, өлең  арқылы  қазақ  халқының  тарихымен  жете  танысу;

2. Тәрбиелік:  өз елін, Отанын сүюге, қазақ  елінің біртуар  ғұламаларының елге  жасағанигі  істерін  қадірлей  білуге  тәрбиелеу.

3. Дамытушылық:  оқушыны  өзіндік талдау, жинақтау  жасауға, ойлана  біліп, сөз  мәдениетін, сөз  қоры  қолданысын  дағдыландыруға, ойлылық пен  тапқырлық арқылы сөз  өрнектей  білуге  төселдіру.  

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі  сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  Ақын портреті,  шығармалар жинағы..

Пәнаралық байланыс:  Қазақстан  тарихы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                           2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                           3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

 1.Қ. Шаңғытбаев  «Сабалақ» мазмұндау

        

ІІІ. Білім  тексеру:

1.     Сөз  өнері  дегеніміз не?

2.     Әдебиеттегі  тип пен түр деп нені айтамыз?

3.     Лирика,  лирикалық өлең  туралы не білеміз?

4.     Осы  уақытқа  дейінгі  шығармалардан  кейіптеу  туралы не айтуға  болады?

5.     Пейзаж  дегеніміз не?

6.     Мұқағалидің  табиғат  туралы  өлеңдерін  кім  атай алады?

7.     Қандай  жыр – жинақтарын  білесіңдер?

 

 

 ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

 

1. Мұқағали  Мақатаевтың өмірі  мен шығармашылығы туралы  әдеби білім  беру.

                  (1931-1976)

    ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақын Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұстас келді.

    Мұқағали – жыр еліне ауыз әдебиетінің мөлдірінен сусындап, ұлы Абайдың тереңіне бойлап, өзіне дейінгі ақындарды пір тұтып, орыс пен еуропа, шығыс әдебиеттерінен тәлім алып келген ақын.

     Оқырман ақынның кез келген өлеңін бейтарап, салқын оқи алмайды. М.Мақатаев өзінің естелігінде былай деп жазыпты: «Егер бір кездерде менің өмірім, шығармашылығым әлдекімнің көңілін аударса, оларға былай дер едім:

-         Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінемін. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай... Жанымның мұңы мен қуанышы, бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын. 14 ақпан, 1976 ж».

Сөз жоқ, Мұқағали шығармалары оқушысының жүрегіне сәуле түсіреді. Себебі ақын туған жерін, туған халқын, ана тілін жанындай сүйді. Оның кез келген шығармаларынан жердің, елдің биік рухы сезіледі. Өздеріңе талдауға ұсынылып отырған «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын тебіренбей оқу мүмкін емес.

 

 

2. Ой  шақыру стратегиясы бойынша  ақын  өмірі  жайлы  әңгімелесу.

 

                                                             

                                  Ақын          1931-1976

                   Поэма, жинақ     

 

Овал:    Мұқағали 


          «Барлығы да                                                                              Сүлеймен,

 сендердікі»                                                                          Нағиман.

        

 

 

         «Мен  таулықпын»                                               Мақатай, Тиін.

«Қайырлы түн»

1.     «Фантазия» өлеңін  мәнерлеп оқу.

2.     Сөздікпен жұмыс:

Галилей, Коперник – жер мен  жұлдыздарды  зерттеген  Еуропа  ғалымы.

 

 

VІ. Түсінік  тексеру:

Сұрақ  жауап.

Ақын  ертегідегі  қиял мен  бүгінгі  шындықты  қалай  байланыстырған?

Өздерің  бұрын  оқыған  қиял – ғажайып  ертегілерді  естеріңе  түсіріңдер.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

   Салыстыру  арқылы  дәлелдеу.

 

Овал: Қиял – ғажайып  ертегілерОвал: Фантазия  

 

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

 1.  М. Мақатаев « Фантазия » өлеңін  жаттау.

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан:  ІІІ

5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев « Барлығы да  сендердікі»,

                                            «Мен  таулықпын»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: ақынның   өлеңдерінің   өзіндік  табиғатын  даралай,  саралай  отырып,өзгешелігіне  көңіл бөлу, өлеңді  мәнерлеп  оқуға,  жатқа  оқуға  көңіл бөлу.

2. Тәрбиелік: оқушыларды  Отансүйгіштікке,  туған  жерге  деген  сүйіспеншілікке,  адамгершілікке тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың  сөйлеу  тілін  дамыту, өз  пікірі, эстетикалық  талғамы  бар  сауатты  оқушыны    дайындау, шешен  көркем  сөйлеуге  үйрету.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  Ақын портреті, «Қарасаздан  ұшқан қарлығаш» жинағы, үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                           2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                           3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Қ. Шаңғытбаев  «Сабалақ» мазмұндау

                                        

 

ІІІ. Білім  тексеру:

8.    Сөз  өнері  дегеніміз не?

9.    Әдебиеттегі  тип пен түр деп нені айтамыз?

10. Лирика,  лирикалық өлең  туралы не білеміз?

11. Осы  уақытқа  дейінгі  шығармалардан  кейіптеу  туралы не айтуға  болады?

12. Пейзаж  дегеніміз не?

13. Мұқағалидің  табиғат  туралы  өлеңдерін  кім  атай алады?

14. Қандай  жыр – жинақтарын  білесіңдер?

 

 

 ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1.  «Барлығы да  сендердікі»

Үлестірмені  тарату. 

·       Өлеңді  мәнерлеп оқу.

·       Мәтінен  түсініксіз  қиын  сөздерді  тауып,  талдау  жасау.

2.«Мен таулықпын»

« Хантәңірі» өлеңін  үнтаспадан  тыңдату

·       Өлең  мәтінінен не түсіндік?

·       Хантәңірі қалай  суреттеледі?

  

3.    «Мен таулықпын» өлеңі туралы мәлімет.

Мұқағалидің  керемет  суретті,  сыршыл, әсерлі,  ойлы  өлеңдерінің  бірі – «Мен таулықпын» өлеңі. Ақын  табиғаттың  әсемдігін  жырлай  отырып,сол  табиғатқа  деген  өзінің  қатынасын  білдіреді.

Тау дейтін  алып  жүрек  Ана туған.

Мен –таулықпын!

Таудан мен  жаратылғам.

Киіктің  сүтін  еміп ер жеткенмін, 

Қуат  алаып қыранның  қанатынан.

4.    Өлең  мәтінін  мәнерлеп  оқып  беру.

5.    Бір – екі  оқушыға  мәтінді  оқыту.

6.    Түсініксіз  сөздерге  талдау  жасау.

7.    Өлеңдегі  бейнелі  сөздерді  дәптерге  жазу.

 

VІ. Түсінік  тексеру:

·                                                                                                                                                                        Бірінші  өлеңнен не ұқтық? (таратылған үлестірмелер  арқылы  жауап  беру.

·                                                                                                                                                                       «Ата  ұрпақтар  тағдыры», «Барлығын  табыстаймыз», «Болашақты  жалғайтын – болашағымыз. Сөздерінің  мағынасын  сұрау.

·                                                                                                                                                                       Екінші  өлеңде  тау  ұлында  болуға  тиісті  қандай  қасиеттерді  аңғаруға  болады?

·                                                                                                                                                                       Ақын  осы  өлең  арқылы  не  айтқысы  келді?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1.                                                                                                                                                                                                      «Тау баласы» деген  тақырыпқа суретті  пайдалана  отырып,  шағын  шығарма  жазу.

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

 1. М.Мақатаев «Мен таулықпын» өлеңін  жаттау.

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

Сабақтың тақырыбы:  С.Жүнісов« Ақырғы  бәйге»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:  С. Жүнісов  өмірімен танысу, «Ақан сері» романынан үзіндіні   меңгере  отырып, ақын  идеясын  ашу, үзінді   арқылы   Ақан сері өмірімен    танысу;

2. Тәрбиелік:  өз елін, Отанын сүюге, қазақ  елінің біртуар  ғұламаларының елге  жасағанигі  істерін  қадірлей  білуге  тәрбиелеу.

3. Дамытушылық:  оқушыны  өзіндік талдау, жинақтау  жасауға, ойлана  біліп, сөз  мәдениетін, сөз  қоры  қолданысын  дағдыландыруға, ойлылық пен  тапқырлық арқылы сөз  өрнектей  білуге  төселдіру.  

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі  сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  Жазушы  портреті,  шығармалар жинағы..

Пәнаралық байланыс:  Қазақстан  тарихы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                           2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                           3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

 1. М.Мақатаев «Мен таулықпын» өлеңін  жаттау.

ІІІ. Білім  тексеру:

1.    Ақан сері  өмірі  туралы не  білеміз?

2.    Неге  Ақанды  сері  деп  атған?

3.    Сал, сері  деген не?

4.    Ақан  серіден  басқа  қандай серілік  құрған  ақын -жырауларды  білесіңдер?
 ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

 1. Сәкен  Жүнісовтың  өмірі  жайлы  мәлімет.

·       1934 жылы Көкшетауда  дүниеге  келген.

·       Көрнекті  жазушы,  белгілі  драматург.

·       Романдары: «Жапандағы  жалғыз үй», «Ақан сері»

·       Хикаяты: «Заманай мен Аманай»

2.Ой  шақыру стратегиясы  бойынша Ақан  сері  өмірі  туралы  мәлімет  беру.

                                             

                             Атақты сері                                       әнші

 

Овал:     Ақан сері 


                            саяткер                                                                  құсбегі         

        

 

              сазгер                                                                     ақын

                                       

3.  Жазушы  Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері» романынан  алынып  отырған  бұл  үзіндіден  атақты  әнші,  ақын,  сазгер,  саяткер,  құсбегі  Ақан сері мен Құлагер  тағдырының  ең  бір күрделі де  қайжылы  кезімен  танысасыңдар. 

    Оқиға Ереймен  өңіріндегі  атақты  паң  Нұрмағанбет  болыстың  тоқсанға  келіп  өлген  әкесі  Сағанайға  берген  асында  болғандықтан  әңгіменің  өзегі  нақты  тарихи оқиғаға  құралған.

VІ. Түсінік  тексеру:

Сұрақ  жауап:

·       Күреңбай  сыншы «Мынау бір  пырақ  екен»  дегенде,  ол  Құлагердің  қандай  сипаттарына  сүйеніп  айтты.

·       Ат  үстінде  неше  түрлі  өнер  көрсетіп,  сырнай  тартып  жүрген  бала  кім?

·       Мөңкеге  Ақан неге «Байқа  бала  Құлагерді  тым  қыспа, шаң  қаптырып  топ  ортасына,  ыққа  түсе  көрме,  жел  жағында  отыр» деді?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Мәтінмен  жұмыс.

 Үзіндіні  бөлімдерге  бөліп,әр  бөлімге  тақырып  қойып,  жоспар  құрыңдар.

Үзіндідегі  сыншылық  өнер, той  жаршысының өнері,  атбегі  баланың  өнері сияқты қазақтың  ұлттық  өнерінің  әрбірін  жекелей  сипаттап  жазыңдар.

Шығарманың  тіліне  көңіл  аударыңдар. Жазушы  қолданған  үздік  эпитет,  теңеу, метафораларды  дәптерге  жазу.

Мертіккен  Құлагердің  және Ақанның  трагедиялық  жан – күйін  жазушы  қалай  суреттеген?  Тауып  оқу  және  жаттап  алу.

VІІІ.Сабақты  қорыту:    1.Бағалау      2.Үй тапсырмасын беру.  1. С.Жүнісов« Ақырғы  бәйге» туралы  шағын  шығарма  жазу.

 

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан:  ІV

5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:  Т. Молдағалиев « Бауырлар»

 

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:  Т. Молдағалиев  өмірімен танысу, «Бауырлар» өлеңін   меңгере  отырып, өлең   идеясын  ашу.

2. Тәрбиелік:  өз елін, Отанын сүюге, қазақ  елінің біртуар  ғұламаларының елге  жасағанигі  істерін  қадірлей  білуге  тәрбиелеу.

3. Дамытушылық:  оқушыны  өзіндік талдау, жинақтау  жасауға, ойлана  біліп, сөз  мәдениетін, сөз  қоры  қолданысын  дағдыландыруға, ойлылық пен  тапқырлық арқылы сөз  өрнектей  білуге  төселдіру.  

Сабақтың типі: жаңа  сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі  сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  Жазушы  портреті,  шығармалар жинағы..

Пәнаралық байланыс:  Қазақстан  тарихы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                           2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                           3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

 1. Тұманбай Молдағалиев  өмірі  жайлы  мәлімет.

·        Тұманбай Молдағалиев  1935 жылы  Алматы  облысындағы  Жарсу  деп  аталатын  ауылда  дүниеге  келген.

·       Студент  кезінде «Студент  дәптері» деп  аталатын  жыр  жинағын  шығарған.

·       « Махаббат оты  сөнбейді» деген жыр жинағы  бар.

2.    «Бауырлар» өлеңін  мәнерлеп  оқу.

3.    Өлеңді  өлең  құрылысына  талдау.

 

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

Сұрақ  жауап:

·        Тұманбай Молдағалиевтің  бұл өлеңі  кімдерге  арналады?

·       Т. Молдағалиев  әлемнің  әр  түпкіріне  шашырап  кеткен  қандас  бауырларымызға   нендей  өтініш,  тілек  білдіріп  отыр?

 

 

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Мәтінмен  жұмыс.

·                                                                                                                                                                         Өлеңдегі  патриоттық  идеяны,  ақынның  үлкен  адамзаттық  сезімін,  ордалы  ойын  танытатын  өлең  жолдарын  анықтау  және  жазып  алу.

·                                                                                                                                                                       Қазақ  елінен  жырақта  жүрген  қазақтардың  бәрі  дерлік  ана  тілін,  дінін,  салтын  ұмытпаған.  Мұның  себебі  неде  деп  ойлайсыңдар?

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1. Т. Молдағалиев « Бауырлар» өлеңін  жаттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

Сабақтың тақырыбы: Қабдеш  Жұмаділов

                                  «Қозыкүрең» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға  қазақтың көрнекті жазушысы әрі драматургі

Қ. Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы  туралы әдеби білім бере отырып,  Қабдеш  Жұмаділовтің  «Қозыкүрең» әңгімесінің сюжетін меңгерту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды  ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту,  ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: Қабдеш  Жұмаділовтің портреті, шығармалар жинағы.

Пәнаралық байланыс:  тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1.    Т. Молдағалиевтің өмірі жайлы  мәлімет

2.     « Бауырлар» өлеңін  жаттау.

ІІІ. Білім  тексеру:

Сұрақ  жауап:

·        Тұманбай Молдағалиевтің  бұл өлеңі  кімдерге  арналады?

·       Т. Молдағалиев  әлемнің  әр  түпкіріне  шашырап  кеткен  қандас  бауырларымызға   нендей  өтініш,  тілек  білдіріп  отыр?

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1.  Қабдеш  Жұмаділовтің  шығармашылығы туралы  мәлімет  беру.

     Жазушы  Қабдеш  Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады», «Сарыжайлау», «Шарайна», «Сәйгүліктер» тәрізді әңгіме, хикаят жинақтары, «Көкейкесті», «Бақыт жолында», «Атамекен», «Соңғы көш» романдары жарық көрді. Жазушы «Тағдыр» романы үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болған.

         Сендерге ұсынылып отырған «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі қарттың бала кезде табанынан топырғаның ыстығы өтіп, қасиеті сіңген туған жерін жат елде жүріп бір сәт те ұмыта алмауы шынайылығымен жаныңды толқытады. Оның туған жерге деген ұлы сағынышы, елге жету жолындағы қым-қуыт қиыншылықтарға төзе білуі ешкімді де бейтарап қалдырмайды.

Оқулықпен жұмыс

2.Әңгімені  байыптап  оқып  шығу.

3.Әңгімені  бөлімдерге  бөліп ат  қою,  жоспар  құрау.

VІ. Түсінік  тексеру:

  1.  Сұрақтарға жауап беру.

·        Ағыбайлар  қырғыз  досы Төреқұл  ауылына  бару  сапарына  неге  ерекше  мән  берді?

·        Ағыбай мен  Төреқұл  достығы  қашан,  қалай  басталған?

·        Төреғұл  Ағыбайларды  қалай  қарсы  алды?

·        Әңгімедегі  Саяқбай  жылқышы  қандай  адам?

·        Саяқбайдың  Қозыкүреңді  аман  алып  қалу  үшін  жасаған  әрекетін, жануарды  арулап  көмуін  қалай  түсінуге  болады?

·        «Біздің  арамыздағы  достықты  осы  балалар  жалғастыратын  болсын» деген  сөзді  қалай  түсінуге  болады?

 VІІ.Жаңа сабақты бекіту.

·        Ержанның  қырғыз,  қазақ  халықтарына  туыстығы  туралы  ойларын  мәтінен  тауып оқу.

·        Қозыкүреңге  байланысты  Төреқұл  әңгімесін  мазмұндау.

·        Әңгімедегі Қозыкүреңнің  өзін – өзі жаратып, дайындалуын  тауып  оқу.

·        Саяқбайдың  Қозыкүреңге  сүйіспеншілігін  мазмұндау.

·        Әңгімеде  портреттік  суреттемелер  бар ма?  Мысал  келтір.

·        Әңгімеден  теңеу  сөздерді  табу.

 VІІІ.Сабақты  қорыту.

1.     Бағалау:  Үй тапсырмасын беру:

1. Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы.  2. «Бәріміз де  туыспыз» деген  тақырыпта  шығарма  жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Фариза Оңғарсынова

                                  «Оюлар»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға    Ф. Оңғарсынованың  өмірі мен шығармашылығы  туралы әдеби білім бере отырып  Ф. Оңғарсынованың  «Оюлар» өлеңінің  сюжетін меңгерту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды  ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту,  ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың    портреті, шығармалар жинағы.

Пәнаралық байланыс:  тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы

 2. «Бәріміз де  туыспыз» деген  тақырыпта  шығарма  жазу.

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. Ақынның  өмірі  жайлы  мәлімет.

·       1939  жылы Атырау  өңіріндегі Манаш  ауылында туған.

·       Фаризаның  жырларында  Жайықтың  суындай жағаны  соққан  адуынды  көңіл – күй  сезіледі.

·       Оның өлеңдері  Каспийдің  алапат  толқынындай  айбынды.

·       Ақынның 1967  жылы  «Бұлбұл»  деген  атпен  тұңғыш  жыр  кітабы  жарық  көрді.

2.Өлеңді  мәнерлеп оқу.

3.Өлең  құрылысына  талдау.

VІ. Түсінік  тексеру:

  1.  Сұрақтарға жауап беру.

·        Халықтың  асыл  қасиеттерін  өзіне  жинақтаған  ұлттық  қолөнері бұйымдарын,  халықтық  дәстүрді,  өнерді  ақынның  мейлінше  бағалап,  қастерлеуінің  сыры  неде  деп  ойлайсыңдар?

Түрін – ай  текеметтің  асыл  қандай!..

«Келе  ғой,  қошақаным,  өзіме»  деп,

Әжем кеп  сипағандай  шашымнан  жай,-

Деген  өлең  жолдарын  қалай  түсінесіңдер?

·        Желбауға,  басқұрға,  текеметке  салынған  қазақтың  қошқармүйіз  өрнектері ғасырдан  асып жеткенін,  енді  одан  айырылып  қаламыз ба  деген  қаупін  ақын  қалай  берген?

 

 VІІ.Жаңа сабақты бекіту.

·        Қошқармүйіз  өрнектерді  көркемдеп,  бояумен  салып  көріңдер, оған өлең тілімен  жан  бітіріп жазыңдар.

 

 Балалар  біз  бүгін  не  білдік, не үйрендік?

 

Инсерт әдісі

 

 

Білемін

Мен үшін жаңалық

Білгім келеді

 

 

 

 

 

 

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту.

2.    Бағалау:

3.    Үй тапсырмасын беру:

 

1.  Фариза Оңғарсынованың  өмірі мен шығармашылығы

 2. « Оюлар»  өлеңін  жаттау.

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: М. Шаханов

                                  «Отырар»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға     Мұхтар Шаханов   өмірі мен шығармашылығы  туралы әдеби білім бере отырып   Мұхтар Шаханов     «Отырар» өлеңінен  тарихы  мол Отырар  қаласы  туралы  түсінік беру және  өлең  мазмұнына, оқиғасына,  тіліне  талдау  жасау.   

2.Тәрбиелік: оқушыларды  ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың  рөлге  бөліп оқу  қабілетін  дамыту  өз  беттерімен  ізденімпаздығын  арттыра  түсу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі:    Мұхтар Шаханов    портреті,

 Мұхтар Шахановтың  «Танакөз»     жыр  жинағы.

Пәнаралық байланыс:  тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

         1.  Фариза Оңғарсынованың  өмірі мен шығармашылығы

 2. « Оюлар»  өлеңін  жаттау.

             

ІІІ. Білім  тексеру:

 

·Қошқармүйіз  өрнектерді  көркемдеп,  бояумен  салып  көріңдер, оған өлең тілімен  жан  бітіріп жазыңдар.

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

         М. Шаханов  өміріне  қысқаша  шолу.

         Ежелгі  Отырар  тарихына  саяхат.

         ХІІ  ғасырдың  соңында  қазіргі  Манғолия  жерінде  үлкен   мемлекет  құрылды. Оны  Шыңғыс хан  басқарды. Оның  әскері  көп  жер, дүние, мал үшін  басқыншылық  саясат  жүргізді. Шыңғыс  ханның  200 мыңға дейін әскері  болды, ол өте  қатал  тәртіпті  талап  етті. Егер  шайқастан  бір  жауынгер қашса, оның  қасындағы  он  жауынгер  өлім  жазасына  кесілді.

         Отырар  қаласын ерлікпен  қорғау. Шапқыншылар  Сырдария  өзені  бойындағы  қалаларға  келіп  жетті. Ол қалалардың  ішіндегі  атағы көбірек  шыққаны  да, мықты  қорғаны  және  көп  әскері  бары да  Отырар  еді. Қала  басшысы  Қадыр хан (Қайыр  хан) болатын. Қаланы   басып  алуға 1219 жылы күзге  қарай  моңғолдың  150 мың  қолы  аттанды. Қадыр  ханның  басшылығымен  отырарлықтар  туған  қаласын қорғауға   барынша  әзірленді . Жиырма  мың  әскерді  жақсы  қаруландырды. Қорған  дуалының  үстіне  құм  салынған  қаптар  үйілді.  Ыстық  су  құятын  бөшкелер  әзірленді, қорған  қазылған ор сумен  толтырылды. ...Амалы  таусылғандықтан, моңғол  әскері  енді  Отырарды  түгел  қоршады. Бірақ  бес  ай  өтсе де, ештеңе  істей  алмайды. Не  пайда, осы  күндері  адам  ойламаған бір  қайғылы  оқиға  болды. Отырарға  Хорезм  шаһы  көмекке  жіберген Қараша (Қарашоқы)қолбасы  опасыздық  жасады. Қорғанның  бір  дарбазасынан  моңғолдар лап  қояды. Ендігі  шайқас  қала  ішінде  болады. Әскердің  көбі  қырылғаннан кейін   Қадырхан  қаланың ортасындағы  бекініс – сарайға  кіріп  қорғанады. Қалаға  кірген  моңғол әскерлері  отырарлықтарды  қойдай  бауыздайды. Бекініс – сарайдағы  ер жүрек  Қадырхан  мен  оның батыр  жауынгерлері  бір  айдан  астам  жаумен  тапжылмай  шайқасады. Күші  басым  жау  ақыры  жеңеді...

         Поэма  кейіпкерлері

1.     Шыңғыс  хан – Моңғол  ханы

2.     Шағатай – Шыңғыс  ханның  ұлы

3.     Қадыр  хан – Отырардың  ханы

4.     Қараша – сатқын

5.     Қария – сатқынның  әкесі.

Поэма  мазмұнын  талдау.

Пролог. Алты  ай  бойы Отырар  қаласы  жаудан   жеңілмеді.  Отырарды  ала  алмағанына  ашуланған Шыңғыс хан  ұлы  Шағатайды  шақырып  алады. Әкесінің  ұлына  айтқан  « аңыз – ертегінің» мазмұны. Шағатайдың «қулық» әрекеті.

Оқиға. Алты  ай   бойы  жеңілмеген Отырар қаласы  күреді. Жау  қаланы  бүлдіріп  жатыр, безбүйрек  жау  сәбилерді, шал-кемпірлерді, жүкті  әйелдерді  де  қойша  бауыздады.

Байланыс. Үш  күнен кейін  екі адамды  Шыңғыс  ханың  алдына алып келеді. Шыңғыс  хан  үнсіз  әрі  ұзақ  ойға  шомады. Қайырханға  қызыға  қарайды.

Поэманың  дамуы. Шыңғыс  хан мен Қайырхан  екеуі  арасындағы  арбасу –диалогі. Шыңғыс  ханның  Қайырханға  берген  «сыйы». Қарашоқының  әрекеті.

Оқиғаның  шарықтау  шегі. Қайырханның  тегі. Қайырхан  мен Қарияның  арасындағы  диалог.

Оқиғаның  шешімі. Қарияның шеткі елші  қақпадан  бір  баланы  құтқарып  жіберуі.

Эпилог. Соңғы бөлімдегі  ҚАйырхан  бабасына  арналған  ақын  сөзі.
Ойтүрткі. Қайырхан  бабасын  оятпақ  болып  тіл  қатқан  ақын  кім деп  ойлайсыңдар?

           Сөздікпен  жұмыс

                            Даңқ – атақ, абырой

                            Рух – жан, философиялық  ұғым.

                            Тән – адамның  денесі, тұла бойы.

                            Ызбар – ашу, сес, айбат.

                            Безбүйрек – қайырымы  жоқ, қатігез.

                            Намыс – жоғары  адамгершілік  қасиет, ар – абырой.

VІ. Түсінік  тексеру:

  1.  Сұрақтарға жауап беру.

·        Шыңғыс пен  Шағатай  тілдесулерінен не  ұқтыңдар?

·        Шағатай  әкесі  Шыңғысқа  не  деп  жауап  қатты?

·        Отырарды  алу  үшін  Шыңғыс Шағатайға  қандай  зұлымдықты  үйретті?

·        Шыңғысхан  алдына  келген  екі  адам  кімдер?

·        Қайырханға  Шыңғысхан  қандай  баға  берді?

·        Сатқынның  әкесін  алдырып  Қайырхан  не  туралы сұрады?

·        Қайырхан  өлім  сағатын  күткен  кезде  не  деді?

 VІІ.Жаңа сабақты бекіту.

 

         Венн  диаграммасы

Шыңғыс  хан                         Қайырхан

 

 

 

 

 

 

 

 

 


VІІІ.Сабақты  қорыту.

4.    Бағалау:

5.    Үй тапсырмасын беру:

 

1.    Мұхтар Шахановтың  өмірі мен  шығармашылығы  туралы

2.    «Отырар» өлеңінің   мазмұнын  айту.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: М. Шаханов

                                  «Отырар» өлеңдегі  биік  елжандылық

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға     поэзиялық  туындының  сюжетін меңгерту,  әдебиет  теориясы  тұрғысынан талдауға  дағдыландыру .  

2.Тәрбиелік: оқушыларды  ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың  мәнерлеп  оқу  қабілетін  дамыту  өз  беттерімен  ізденімпаздығын  арттыра  түсу, әдеби  шығарманы талдау  біліктілігін  арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: пікір алмасу

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі:    Мұхтар Шаханов    портреті,

 Мұхтар Шахановтың  «Танакөз»     жыр  жинағы.

Пәнаралық байланыс:  тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1.     Мұхтар Шахановтың  өмірі мен  шығармашылығы  туралы

2.    «Отырар» өлеңінің   мазмұнын  айту.

  

 

ІІІ. Білім  тексеру:

 

   1.  Сұрақтарға жауап беру.

·        Шыңғыс пен  Шағатай  тілдесулерінен не  ұқтыңдар?

·        Шағатай  әкесі  Шыңғысқа  не  деп  жауап  қатты?

·        Отырарды  алу  үшін  Шыңғыс Шағатайға  қандай  зұлымдықты  үйретті?

·        Шыңғысхан  алдына  келген  екі  адам  кімдер?

·        Қайырханға  Шыңғысхан  қандай  баға  берді?

·        Сатқынның  әкесін  алдырып  Қайырхан  не  туралы сұрады?

·        Қайырхан  өлім  сағатын  күткен  кезде  не  деді?

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

          Отырар  өлеңінің  ең  түйінді,  басты  уақиғаларына  тоқталу.

1.    Отырар  поэмасынан алынған үзіндіні кейіпкерлер  атынан диалог әдісімен мәнерлеп оқу.

1)          Автор  2) Шыңғыс хан  3) Шағатай  4) Қайыр хан                     5) Қарашоқы  6)Қарашоқының  әкесі

2.    Шығармадағы басты  ойды,  негізгі пікірді анықтау:  а) өлең сюжеті  бойынша  оқушылардың  ойын,  пікірлерін тыңдау;  ә)  «Отырар» поэмасындағы оқиғалар ретін  көрсететін  өлең  шумақтарын  анықтау.

Дәптерге  әдебиет  теориясы  бойынша баллада  терминіне  түсінік  жазу.

Баллада – лиро-эпостық  сипаттағы,  шағын  сюжетті өлең. Мұнда ақын өзінің  көңіл күйін, толғанысын жырлап  қана қоймайды, сол сезімді туғызған себептерді оқиғаға айналдыра суреттеп көрсетеді.

 

VІ. Түсінік  тексеру:

1.     Тарих  және  география  пәндері  бойынша  Отырар  қаласына тарихи, аймақтық сипаттама беру.

2.     Өлең  құрылысындағы өзгешеліктерді анықтау,  дәптерге жазу.

 VІІ.Жаңа сабақты бекіту.

Сабақты  дүниетанымдық  сұрақтар  бойынша қорытындылау.

1.     Шығарманың бас қаһарманы  кім?

2.     Қайыр хан мен Қарашоқының  Отырар  трагедиясындағы орны.

3.     Қайыр  ханның соңғы арманы  орындалды ма?

4.     Баллададағы  ұлт трагедиясының  мәні  неде?  Оны  қалай  түсіндіңдер?

5.     Қазіргі  ұрпақтың міндеті  мен  парызы қандай  болмақ?

          

VІІІ.Сабақты  қорыту.

1.    Бағалау:

2.    Үй тапсырмасын беру:

 

1.Мұхтар Шахановтың  өмірі мен  шығармашылығы  туралы

2.«Отырар» өлеңі  бойынша  шағын  ойтолғау  жазу.  

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Ж. Нәжімеденов «Сен  ақылды  болсаң  екен»

                                                                                                                                                 Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға    Ж.Нәжімеденов   өмірі мен шығармашылығы  туралы әдеби білім бере отырып   Ж.Нәжімеденов  «Сен  ақылды  болсаң  екен»  өлеңінің  сюжетін меңгерту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды  ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту,  ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың    портреті, шығармалар жинағы.

Пәнаралық байланыс:  тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1.  Мұхтар Шахановтың  өмірі мен шығармашылығы

 2. « Отырар» поэмасы  бойынша  шағын    шығарма  жазу.

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. Ақынның  өмірі  жайлы  мәлімет.

·        1935 жылы  Атырау  облысы Теңіз  ауданының «Қошалақ»  ауылында  туған.

·       Құрманғазы  атындағы Алматы  консерваториясының  ұлт аспаптары  факультетінде  оқыған.

·       Мәскеудегі М. Горкий  атындағы  әдебиет  институты  жанындағы жоғары  курсты  бітірген.

·       Еңбек  жолын Қарағанды  көмір  шахтасында  қара  жұмыс  істеуден  бастаған

·       Оның «Менің  Қазақстаным» өлеңін  күллі  қазақ  даласы  әнге  қосыла  айтады.

·         «Ақ шағыл», «Кішкентай», «Даңқ  пен  дақпырт» романдары  бар.

2.Өлеңді  мәнерлеп оқу.

3.Өлең  құрылысына  талдау.

VІ. Түсінік  тексеру:

  1.  Сұрақтарға жауап беру.

·         Өлеңге  өздерің  тақырып  қойыңдар.

·        «Жақсы  жанның  ұнатқаны – тілегім», «Қауіптенем  жамандарға  ұнаудан» деген  өлең  жолдарын түсіндіріп ой  бөлісіп  көріңдер.

 

 VІІ.Жаңа сабақты бекіту.

 

  1. Салыстыру  арқылы  дәлелдеу.

 

Овал:  Жаман Овал: Жақсы  

 

 

 

 

2. Балалар  біз  бүгін  не  білдік, не үйрендік?

 

Инсерт әдісі

 

 

Білемін

Мен үшін жаңалық

Білгім келеді

 

 

 

 

 

 

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту.

1.    Бағалау:

2.    Үй тапсырмасын беру:

 

1.   Жұмекен Нәжімеденов     өмірі мен шығармашылығы

 2. «  Сен  ақылды  болсаң  екен ...  »       өлеңін  жаттау.

 

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:  Нәсіреддин Серәлиев «Аңсау»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға   Нәсіреддин Серәлиев      өмірі мен шығармашылығы  туралы әдеби білім бере отырып, жазушының  «Аңсау» шығармасы  туралы  түсінік беру және   мазмұнына, оқиғасына,  тіліне  талдау  жасау.  

2.Тәрбиелік: оқушыларды  ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың  рөлге  бөліп оқу  қабілетін  дамыту  өз  беттерімен  ізденімпаздығын  арттыра  түсу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі:  Нәсіреддин Серәлиев       портреті,

  

Пәнаралық байланыс:  тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

         1.   Жұмекен Нәжімеденов     өмірі мен шығармашылығы

 2. «  Сен  ақылды  болсаң  екен ...  »       өлеңін  жаттау.

 

             

ІІІ. Білім  тексеру:

·       Портрет  деген не?

·       Кейіптеу  деген не?

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. Жазушының  өмірі  жайлы  мәлімет:

·       1930 жылы Қызылорда  облысы  Қармақшы  ауданындағы Қашқансу  деген  жерде  дүниеге  келген.

·       Журналист қызметін  атқарған.

·       Әңгімелері  мен  повестері: «Ақ лақ пен  қара  лақ», «Әңгелек», «Ақбөпе», «Ақ қайың», «Ыстық күлше», т.б.

2.«Аңсау» әңгімесін бөлімдерге  бөліп,  ат  қою, жоспарлау.

 

VІ. Түсінік  тексеру:

  1.  Сұрақтарға жауап беру.

·         Қария  қалаға  неге  келді?

·        Ол кілге  жолықты?

·        Бала  кімді  аңсап  жүр  еді?

·        Тақырып  неге «Аңсау» деп  қойылған?

·        Баланың  шешесі  не  себептен  ұлына  бөтен  адамның  қасына  жатуға  рұқсат  бермеді?

·        Қалымбет  қария  қайтып  бара  жатқанда  не  себептен  баланың  түсіне  сап – сары  бауырсақтар  кірді  деп  ойлайсыңдар?

 

 VІІ.Жаңа сабақты бекіту.

·        Қарт пе  баланың  арасындағы  әңгімені  тауып  оқу  және  жазу.

·        Кішкен  баланың  ақсақалмен  ойнағанын тауып  оқу.

·        Мәтінен портрет  пен  кейіптеуді табу.

 

VІІІ.Сабақты  қорыту.

3.    Бағалау:

4.    Үй тапсырмасын беру:

 

1. Нәсіреддин Серәлиев   өмірі мен шығармашылығы

2. «Аңсау» әңгімесін  мазмұндау.

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Әлем  әдебиеті. А.Пушкин

                                        «Балықшы мен  балық »

                                 

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға   Александр Пушкиннің  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  мәлімет  бере  отырып,  әлем  әдебиетінің  нұсқасы  болған «Балықшы мен  балық» ертегісі  туралы әдеби білім беру.    

2.Тәрбиелік: оқушыларды  ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту,  ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі:  А.Пушкиннің    портреті, шығармалар жинағы.

Пәнаралық байланыс:  тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Нәсіреддин Серәлиев   өмірі мен шығармашылығы

2. «Аңсау» әңгімесін  мазмұндау.

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. Ақынның  өмірі  жайлы  мәлімет.

·         1799 жылы  26 мамырда  Мәскеу  қаласында дүниеге  келген.

·       Сол  кездегі  жақсы  ақындар: В.А.Жуковский, К.Н.Батюшков, т.б. жақсы  аралсқан.

·       Бала  кезінен тіл мен  өнер  табиғатының  ортасында  өскен.

·       Пушкиннің  өлеңдері  дүние  жүзін  шарлады.

·       Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісін  қазақтың  ғұлама  ғалымы Ахмет Байтұрсынұлы  аударған.

2.Ертегіні   мәнерлеп оқу.

3.Өлең  құрылысына  талдау.

VІ. Түсінік  тексеру:

  1.  Сұрақтарға жауап беру.

·          Орыстың  ұлы  ақыны А.С.Пушкин және  оның  шығармашылығы  туралы  не  білесің?

·        Осы  ертегіден  қандай  әсер  алдың?

·        Бағы  өскен  сайын  есірген  балықшы  кемпірдің  ой – пиғалы,  іс – әрекетіертегіде  қалай  суреттелген?

 

 

 VІІ.Жаңа сабақты бекіту.

 

·                                                                                                                                                                     Ертегінің ой  түйіні,  берер  ғибраты  туралы  түсініктеріңді  айтып  беріңдер.

·                                                                                                                                                                     Ертегідегі  диалогтерді  рөлге  бөліп,  мәнерлеп  оқу.

·                                                                                                                                                                     Ертегі  бойынша сценарий  құрып, балықшы, балық  және  кемпір  төлдерін  ойнап  көріңдер.

 

  1. Салыстыру  арқылы  дәлелдеу.

 

Овал:  Кемпір  Овал: Балықшы  

 

 

 

 

 

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту.

5.    Бағалау:

6.    Үй тапсырмасын беру:

 

   1. А.С. Пушкиннің өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  түсінік.

  2. «Балықшы мен  балық » ертегі  мазмұнын  айту.

                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Д.Дефо « Робинзон Крузо» аралдағы  өмірі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға        жазушының  « Робинзон Крузо» шығармасы  туралы  түсінік беру және   мазмұнына, оқиғасына,  тіліне  талдау  жасау.  

2.Тәрбиелік: оқушыларды  ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың  рөлге  бөліп оқу  қабілетін  дамыту  өз  беттерімен  ізденімпаздығын  арттыра  түсу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі:     Даниэл Дефо     портреті,

 

Пәнаралық байланыс:  тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

 1. А.С. Пушкиннің өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  түсінік.

  2. «Балықшы мен  балық » ертегі  мазмұнын  айту.

                                 

 ІІІ. Білім  тексеру:

·       Портрет  деген не?

·       Кейіптеу  деген не?

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

         Ағылшын  жазушысы  Даниэл  Дефо «Робинзон  Крузо» деп  аталатын  жалғыз  романымен – ақ  әлемге  әйгілі  болды. Өйткені  ұлы  мұхиттың  бір  түкпіріндегі  бұрын – соңды  адам  баласы  аяқ  басып  көрмеген аралдағы  жалғыз жанның  жанкешті  тірлігі  кімді  болсын  қайран  қалдырады. Робинзон  Крузоның өмір  сүру  үшін  жасаған  айла – шарғысы  оқушы  жігерін жанып, қайратын  қайрай  түседі.

         Кеме  теңізде  апатқа  ұшырап, жалғыз  өзі  белгісіз  аралға  шығып  қалған  Робинзонның  28 жыл  бойы  жалғыздықтың  жапасын  шеккен  өмірі  шытырман  оқиғалы. Сондықтан  Даниэл  Дефоның  «Робинзон  Крузо» романы  әлем әдебиетінің  ең  озық  үлгілерінің  біріне  айналды.

         Бұл  кітап – «Мәңгілік  кітаптар» қорына  енген, дүние  жүзіне  мәлім  шығарма. Сендерге  оқуға ұсынылып  отырған  үзіндіде  тек  қана  бір  жылға жуық  өміріндегі  кездескен  қиындықтарын  көрсету  арқылы  адам  адам  рухының  мықтылығын, сол  жалғыздықтың  қасіретін  қандай жолмен  жеңе  білгенін, қажырлы  еңбек  ету  жайларынан  хабар  беру  мақсат  етілді. Балалар, бұл  кітап  кітапханалардың  бәрінде  бар. Әрине  қызыға  оқитындарың  сөзсіз.

2.«Робинзон  Крузо» романын бөлімдерге  бөліп,  ат  қою, жоспарлау.

 

VІ. Түсінік  тексеру:

  1.  Сұрақтарға жауап беру.

·          Елсіз  аралға  Робинзон  қалай  тап  болды?

·        Ол  өзіне  баспана  жасап  алу  жолында  не  істеді?

·        Еңбек  құралдарын  қайтіп  жасады?

·        Жұмыс  істеу,  аң  аулау, демалу,  тамақ  ішу  уақыттарын  қалай  реттеді?

·        Күнделікті  өміріне  қажетті  тамақты  қалай  және  қайдан  тапты?

·        Егіншілік  және мал  өсірумен  айналысты ма?

·        Дәнді  қайдан  алды?

·        Робинзон  бірнеше күндерге  созылған  жауынды  күндерде  жұмыстың  қандай  түрімен  айналысты?

 

 

 VІІ.Жаңа сабақты бекіту.

·       Робинзон  өмір  сүрген  аралдың  ауа  райы  туралы  мәліметті  мәтінен  тауып оқу.

·       Елсіз  аралда  жалғыз  қалып,  бірнеше  жыл  өмір сүру  оңай ма?

·       Адам өзінің  қорқыныш  сезімдерін  қалай жеңеді  деп  ойлайсыңдар?

VІІІ.Сабақты  қорыту.

7.    Бағалау:

8.    Үй тапсырмасын беру:

 1.   «Робинзон  Крузо» романнан үзіндіні  мазмұндау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Ш. Айтматов «Ерте келген  тырналар»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, «Ерте  келген  тырналар» хикаятын  меңгерту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды  адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа баулу, елжандылыққа  тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту,  ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, мәнерлеп оқу..

Сабақтың көрнекілігі: Шыңғыс Айтматовтың  портреті,  шығармалары.

Пәнаралық байланыс:  тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1.   «Робинзон  Крузо» романнан үзіндіні  мазмұндау.

 

V.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

             Шыңғыс  Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда қырғыз жеріндегі Шекер аулында дүниеге келген. Әкесі Төреқұл өте парасатты, пайымды адам болған екен. Төреқұл ел басқару қызметінде болып, 1937-1938 жылдардағы «халық жауы» деген жазықсыз жаланың құрбаны болады. Кішкентай Шыңғыс бауырларымен бірге көп қиындық көріп өседі.

      Ш.Айтматовтың  шын мамандығы – табиғат сыйлаған жазушылық өнер: ол осы өнерін шыңдау үшін, жетілдіру үшін, М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқиды. Шыңғыстың 1956 жылы жазылған «Жәмиля» хикаяты бірден жұрт назарын аударып, көп ұзамай орыс тілінде, ілі-шала Парижде француз тілінде жарық көріп, жас суреткердің есімін әлемге паш етті.

     Қазақ, Қырғыз  - ежелден қандас, бауырлас елдер. Бұрынғы кезде халық ақындары екі ауылда кезек-кезек ән шырқап, ақындар қазақ-қырғыз боп айтысып жүрсе, қазақтың ардақты ұлы Шоқан Уәлиханов – «Манастың» еуропалық өредегі тұңғыш зерттеушісі. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып отыр.  «Манастың» зерттеушісі Мұхтар Әуезов Шыңғыстың ұстазы болды. Жақсы дәстүр жалғасы деген – осы.

      Бұл күнде Ш. Айтматовтың есімі дүние жүзіне мәшһүр. Шыңғыс – ең көп аударылған қаламгердің бірі. Жазушы бейнелеген кейіпкерлер, тек қырғыз халқының перзенттері емес, әлем халықтарына тән мінезбен, адамзаттық болмыспен бірігіп жатқан бейнелер. Сондықтан да оны ешбір халық жатсынбайды.

     Жазушының «Боранды бекет» романы өмір мен өлімді, қасиет пен қасиетсіздікті, жер-анаға адамдардың қарым-қатынасы, қазіргі әскери полигондағы Найман – ана бейітінің тарихын айтатын – психологиялық роман.

2.Шығарма  мәтінімен  жұмыс  жасай  отырып, оның  мазмұнын  талдап  түсіндіру.

 3.Мәтінді  тұтас оқып  шығу.

VІ. Түсінік  тексеру:

  1.  Сұрақтарға жауап беру.

·        Балалар  көктемгі  егіске  нені  қалай  дайындады?

·        Ол  дайындықты  кім  тексерді?

·        Тексеруде  қандай  кемшіліктер  байқалды?

·        Оның  қандай  зардабы  болуы  мүмкін?

·        « Қар  басқан  жолдың  жонынан  таспа тілген»  алғашқы  үш  күндік  жұмысты  жазушы  қалай  сүйсіне  суреттеген?

·        Қар  аралас  жаңбыр  жауғаннан  кейінгі  далаға  ерте  келген  тырналарды    балалар  ненің  белгісіне жорыды?  

 

 VІІ.Жаңа сабақты бекіту.

·        Кейіптеулерді  табу

·       Табиғат  суреттерін  тауып  дәптерге  жазу.

 

VІІІ.Сабақты  қорыту.

1.   Бағалау:

2.   Үй тапсырмасын беру:

  1. Ш. Айтматовтың өмірі мен шығармашылығы.

2. «Ерте келген тырналар» хикаятының  сюжетін баяндау.

 

 

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Ш. Айтматов «Ерте келген  тырналар»

                                                     Сұлтанмұратқа  мінездеме

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға  , «Ерте  келген  тырналар» хикаятындағы  кейіпкерлерге  мінездеме  беруге  үйрету  және  шығарма  бойынша  оқушылардың  ойын  жинақтау.

2.Тәрбиелік: оқушыларды  адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа баулу, елжандылыққа  тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту,  ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту,  сөздік  қорларын байыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрден  тыс

Сабақтың әдіс-тәсілі:  іздендіру  , таптыру , ойландыру, талдау.  

Сабақтың көрнекілігі: Шыңғыс Айтматовтың  портреті,  шығармалары.

Пәнаралық байланыс:  тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

         1. Ш. Айтматовтың өмірі мен шығармашылығы.

2. «Ерте келген тырналар» хикаятының  сюжетін баяндау.

            

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

       Өткен сабақта   сендер    «Ерте келген тырналар» хикаятынан  алынған  үзіндімен  таныстыңдар. Бұл  шығармаға  арқау  болған - соғыс  жылдарындағы  еңкейген  кәрі  мен  еңбектеген  баланың  аянбай  еткен  еңбегі,  жеңіске  қосқан үлесі.

Соғыс!  Осы  бір  қасіретті  сөзді  естігенде, жаны  ауырып,  қабырғасы  қайыспайтын  пенде  жоқ.

 1418 күн мен  түнге  созылған  қанды  майдан  қаншама  қасірет  әкелді?!  Біздің  бүгінгі  шығарма  кейіпкерлері  де  соғысқа өз үлесін  қосқан  жандар. Оларды  еске  түсірейік.

(Тақтаға  шығармадағы  кейіпкерлердің  аты  жазылады).

1.     Іңкәмал  апай

2.     Тінәлиев

3.     Сұлтанмұрат

4.     Анатай

5.     Шекіш

6.     Ергеш

7.     Құбатқұл

8.     Еркінбек

9.     Бекбай.

Осы  шығармада жиі  айтылатын,  шығарманың  бел ортасында  жүретін  Сұлтанмұрат.демек  шығарманың  басты  кейіпкері – Сұлтанмұрат.

 

                                                     оқушы

Овал: Сұлтанмұрат
                                                                 ұлты қырғыз

                                                                 жасы 12-13-те

                                                                 Бекбайдың баласы

                                                                 Еңбекқор

                                                                 Командир

                                                                 Мейірімді

 

 

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

  1.  Сұрақтарға жауап беру.

·        Төраға  Тіналиев  балаларды не үшін  жұмысқа  салды?

·        Шығармадағы  бригадирдің  аты кім?

·        Сұлтанмұрат  өмірдегі  кімнің  бейнесі  деп ойлайсың?

·        Шығармадағы  12 -13 жасар балалар неге  жұмыс істеді  деп  ойлайсыңдар?

·        Тырна  қандай  құс?

 

 VІІ.Жаңа сабақты бекіту.

·       Шығамадағы  түсініксіз  сөздерге  түсінік  беру

Қурай – биік  болып  өсетін  шөп  тектес  ірірек  өсімдіктің  жалпы  атауы

Тауқымет – қиындық

Шырпы – отқа  жағатын кепкен  ағаш

Арып – арықтау

Күйлену – семіру

Соқа – жер  жырту  үшін  қолданатын  ауылшаруашылық  құралы

Борозда – жыртылған  жердегі соқаның қопырап  кеткен  терең ізі

·       Шығармадағы  жалқы  есімдерді  ата.

·       Ат әбзелдерін  ата.

·       Еңбек  туралы  мақал – мәтелдер  жазу. 

VІІІ.Сабақты  қорыту.

 

3.   Бағалау:

4.   Үй тапсырмасын беру:

  1. Ш. Айтматовтың өмірі мен шығармашылығы.

2. «Ерте келген тырналар» хикаятындағы  Сұлтанмұрат  бейнесіне  шағын  шығарма  жазу .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан:  ІV

5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:    К.Ахметова «Қазағым  менің»                                       

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:

2. Тәрбиелік:

3. Дамытушылық:

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                           2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                           3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Ш. Айтматовтың өмірі мен шығармашылығы.

2. «Ерте келген тырналар» хикаятындағы  Сұлтанмұрат  бейнесіне  шағын  шығарма  жазу .

ІІІ. Білім  тексеру:

  1.  Сұрақтарға жауап беру.

·        Төраға  Тіналиев  балаларды не үшін  жұмысқа  салды?

·        Шығармадағы  бригадирдің  аты кім?

·        Сұлтанмұрат  өмірдегі  кімнің  бейнесі  деп ойлайсың?

·        Шығармадағы  12 -13 жасар балалар неге  жұмыс істеді  деп  ойлайсыңдар?

·        Тырна  қандай  құс?

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру

 

 

1.    Қ. Ахметова  өмірбаянына  қысқаша  мағлұмат  беру.

2.    Шығармаларына  шолу  жасау.

3.    «Менің қазағым» өлеңінің мән –мағынасын  ашып мәнерлеп оқу.

Тақтаға  ұйқасы  жағынан  бір  біріне ұқсамайтын  өлең шумағы  жазылған  плакаттар  кезек ілініп, ұйқас  түрлерін оқушыларға  анықтатамыз.

                 № 1 плакат

Бір  жерде тұрлау  таппаған,         а

Қосылмай  малы қаптаған,            а

Бөлініп қонған  қазақты                 ә

Кімдер  де  кімдер  шаппаған?!     а

1.    Мәнерлеп  оқылады.

2.    Шумақ  ішінде қандай  тармақтар  өзара  ұйқасып  тұрғанын  анықтайды.

3.    Бір – бірімен  ұйқасып  тұрған  тармақтар  бірыңғай  әріппен  шартты  түрде  белгіленеді,  ұйқастан  бос  тұрған  тармақ  басқа  әріппен  белгіленеді: а,а,ә,а –қара  өлең  ұйқасы деп  аталатынын  еске  түсіреді.

              № 2 плакат

Толқимын – дағы  тоқталам,                  а

Тоқталмай  кімдер өтті аман?                ә

Ардағын  қимай  қазақтар                      б

Қай  жерде  күмбез  соқпаған?!              ә

Жоғарыда  жүргізілген  тәртіппен  Күләштің  бұл  өлеңі кезекті  ұйқасқа  жататынын  оқушылар  еске  түсіреді.

                 № 3 плакат

Аударып  жұрттың  назарын,               а

Бардың  да  көрген  базарын,                а

Жоқтың  да  көрген  азабын                 а

Даладай  дана  қазағым.                        ә

                а,а,а,ә – шұбыртпалы  ұйқас

Оқушыларға  Күләштің  өлеңінде  кездесетін  осы  ұйқастар  бар  екенін  түсіндіре  отырып,  шұбыртпалы  өлең  ұйқасы, кезекті  ұйқас,  қара  өлең ұйқасы  жалпы  қазақ  ақындары  қолданатын  дәстүрлі  ұйқас  екенін  айта  кетуіміз  керек.

Сонымен  қатар  Күләш  өлеңдерінде қазақ  өлеңдерінің  дағдылы түрінен  басқарақ  кездесетін  ұйқас  түрлерінің  бар  екенін, ол  ақынның  өзіндік  ерекшелігі  болып  табылатындығын айта  кетуіміз  керек.

Сол  сияқты экранға   ұйқасқа  мысал  ретінде кадоскоппен  қалған өлең  шумақтары  түсіріліп,  оқушыларды  шығармашылық  ізденіске  түсіреміз. Балалар  назарына «Ұйқас  түрлері» деген  ұсынылып, дәптерлеріне  түсіріледі. Міне, Күләш  өлеңдерінің құрылысын  меңгеру оның ұйқас  түрлерін білуден  басталады. Жаңа  материалдың негізгі  мәселесін екі  қайтара  дәлелдеме  арқылы  игеріп  болған  соң,  енді  өлеңнің  шумақ  және буын  өлшемі  туралы  ұғымдар  өз алдына  бөлек  ұсынылады. Сонда  бала  тақырыпты  жеңіл қабылдап,  сабақтың  айқындылығы  артады.

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

 Күләш – шумақ  көлемінде өзіндік  ерекшелігі  бар  ақын. Дәстүрлі  төрт  тармақтан  басқа саны  әр  түрлі  аралас  шумақтар  өлеңдерінде қолданыс  тапқан.    Енді пікірді оқушыларға  өлең  үлгісімен түсіндіреміз.

Жауына  қатты қасарған,

Қасарған сайын  жасарған,

Найзамен

Нағыз  қазақтың

Намысын  кімдер баса  алған?!

                 (бес  тармақты  шумақ)

Осы  сияқты  үлгілер  тағы  да  басқа өлеңдерінде  кездесетінін атап  көрсетіп  кету  жөн.

Өлең  шығару  өнерінде буын  санының  да мәні  үлкен  екенін айта  отырып,  тармақтағы буын  заңдылықтарын  ашып көрсетеміз.  Күләш  өзіне  дейінгі  дәстүрлі  буын  санын өлеңдерінде өте  шеберлікпен  қолданыс  тапқыза  білген.

Өшпеген  қанша  қамалдан                 8

Қамалдар  шыққан  тағы  алдан          9

Несібі  жомарт  қазақтың                     8

Есігін  кімдер  жаба  алған?!                9

Өлеңдегі  буын  еркіндігіне  батыл  бой  ұру  ерекшелігі  Күләш  ақынның  өзіндік  қалам  қабы  екендігін  атап  көрсетеміз.

 

 IV. Жаңа сабақты бекіту

Осы   сабақта  басты  мақсат не  десек, ол – көркем  шығарманы жалаң  мазмұндап, оқушыларды  ығыр  етуден сақтандыру, өлеңнің  көркемдік  сипатына  үңілту.  Оқытудың  әр түрлі  әдіс-амалдарын  қолдана  отырып,  бүгінгі  ұрпаққа ақын  мұрасының идеялық – эстетикалық  сипатынан  хабар  беріп  әдеби  теориялық  таным  аясын кеңейту  алдымызға  қойған үлкен  міндеттемелеріміздің  бірі  деп  санағанымыз жөн.

 

VІІІ.Сабақты  қорыту.

1.    Бағалау:

2.    Үй тапсырмасын беру.

1.    Күләш Ахметованың өмірі  мен  шығармашылығы

2.     «Қазағым  менің»  өлеңін  жаттау.                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

 

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан:  ІV

5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:    И.Байзақов «Жазғы  кеш»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушылардың Иса  Байзақовтың жыр   әлемімен  таныстыру,  өлең  авторы  туралы  мағлұмат  беру, Исаның жазғы  кеш  көрінісін  танытудағы  сөз  қолдану ерекшелігін, суреттеу  шеберлігін  сезіну, ұға  білу, өлеңді  мәнерлеп жатқа айту  мен  әдеби теориялық талдауға үйрету.

2. Тәрбиелік:  табиғатты  сүю, сұлулық талғамын  байыту, әдемілікті сезіне  білу, мейірімділікке  тәрбиелеу.

3. Дамытушылық:  өлеңнің,  сөздің  астарына,  қыр-сырына  мән беруге, идеясын түсініп бағалай  білуге  баулу,  өзіндік талдау  жасауға, шапшаңдық  пен  тапқырлыққа, өз  ойларын  әдеби  тілмен  жеткізе  білуге төселдіру,  сөйлеу  мәдениетін  жетілдіру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                           2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                           3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

 

ІІІ. Білім  тексеру:

·       Портрет  деген не?

·       Кейіптеу  деген не?

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

     «Балапан  ұяда  не  көрсе,  ұшқанда  соны  іледі»  дейді  халық. Исаның  әкесі  Байзақ  та,  анасы Ғазиза да әнші,  сауықшыл,  өнерге  жақын  адамдар  болған.  Иса  ақын  жас  шағында  ән – жырдың, сұлулықтың  өшпес  нұрына  қанық болып  өседі. 1900 жылы  Павлодар  облысының  Ертіс  өңірінде Иса  дүниеге  келеді. Тоғыз  жасында  шешесі  өліп,  нағашы  атасының  тәрбиесінде өседі.  Туған нағашысы Рахмет  жақсы  әнші  болған  екен.

Иса  өткір  әрі  отты  өлең  шығаратын  ақын  еді.  Ол  туралы  Елубай  Өмірзақов  деген  қазақтың  даңқты  әртісі  «Өз  жасында  Исадай ақынды  көргем жоқ» деп  жазған. Тамаша  әртіс, домбырашы, ақын, әнші  болып елді  риза  етіп  жүрген.  Оның  әйгілі  «Құралай  сұлу» дастаны, « Алтай  аясында», «Қойшының  ертегісі» , «Кавказ» атты шығ армалары  бар.

.

VІ. Түсінік  тексеру:

       Бұдан  кейін «Жазғы  кеш» өлеңін байыппен  әр  жолын зер  сала  мәнерлеп  оқимын. Тақырыпты  ашу  мақсатында  оқушыларға  тізбектей  оқытамын. Өлеңді  нақышына  келтіріп мәнерлеп, алма  кезектей оқи  отырып әр  шумақтан  соң Блум токсономиясын пайдаланып, сұрақтар  қою арқылы  барынша  өлеңнің  мазмұнын ашу  мақсатында  жұмыс  жасалады.

1.  Табиғатын  көрінісін осылай  суреттеуді  көркем  шығармада  не  дейміз?

2.  Жазғы  кештің батуын  қандай  суретті  сөздер  арқылы  берген?

3.  Соңғы  екі  тармақтан  нені  байқайсыңдар?

 

 

IV. Жаңа сабақты бекіту

    Өлеңге  кешенді әдеби  талдау  жүргіземіз.  Тақтада  авторлық идеяға бағындырыла сұрақ  қою  арқылы  жүргізілген  әдеби  телдаудың  сызбасы  тұр.  Оқушылар  бұл  сызбаны  толтырады.

Өлеңнің тақырыбы:

Мазмұны:

Өлең  шумағы:

Бунақ, ырғақ:

Ұйқас:

Тармақ:

Буын  саны:

 

Оқушыларға  деңгейлік  тапсырма  беру  үшін  екі  топқа бөлеміз. (дәптермен  жұмыс).

Ітоп. «Жазғы  кеш» өлеңінен әдемі суретті  сөздерді  табу.

ІІтоп. Ақын  өлеңі   бойынша  төрт  жолды  өлең  құрау.

Екі  топпен  дебат  ойыны

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту.

3.    Бағалау:

4.    Үй тапсырмасын беру.

1.                                                                                                                     И.Байзақов  өмірі  туралы түсінік.

2.                                                                                                                     «Жазғы  кеш»  өлеңді  жаттау.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 5              

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан:

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама  «Әкемнің әңгімесі»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз ойларын дұрыс әрі сауатты жеткізуге дағдыландыру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ел тарихын қастерлеуге тәрбиелеу, елжандылыққа баулу.

3.Дамытушылық: оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: бақылау сабағы

Сабақтың түрі: мазмұндама

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы

Пәнаралық байланыс:  тіл

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1.     Мазмұндама  мәтінімен  таныстыру.

            Әкемнің әңгімесі

      Әкем тоғыз жасымда дүние салды. Осы жасқа жеткенше, тізесіне отырғызып алып, Отырарды жанқиярлықпен қорғаған ер жүрек бабалары жайлы сан мәрте әңгімелегені жадымда нақ бір тасқа басылғандай жазылып қалыпты. Бәлкім, перзентінің қөңіліндегі туған жерге деген олқылықты осымен толтырайын дегені шығар.

     Кейде анамның: «Тым жас қой. Түсіне қояр ма екен?» - деген күмәнді қарсылығына:

-         Жоқ, түсінуге тиіс. Түсінбесе өзіне қиын болады.  Тамырын тереңге жібере алмаған дорақтың қашан да ғұмыры келте, - дер еді.

      Жер қайысқан қолмен әлемді жаулап алуға ұмтылған Шыңғыс ханның әскері Орта Азияның мұнарасы көк тіреген небір әсем шаһарларын бар жоғы бес, он, он бес күннің ішінде бағындырып жатты. Қарсы келгеннің бәрін ат тұяғымен таптаған жойқын күштің қаһарынан қаймыққан кейбір қала әмірлері қақпасын өз қолдарымен ашып берісті. Ал Отырар алты ай бойы жауға алдыртпай, жанқиярлықпен қасқайып қарсы тұрадфы...

      Шыңғыс хан «Отырарда еркек кіндік қалмасын» деген бұйрық береді. Қайсар рухты Қайыр хан мен өз туған жеріне табан тірей алмаған, Отырардың қақпасын Шыңғыс хан әскерлеріне ашып берген сатқын жігіттің трагедиясы маған ұстаздық қызмет атқарады. Осы әңгімесі үшін ғана әкем, арқылы Отырар менің мақтанышыма айналды. Кейде көзімді жұмсам болды, тоғыз жасар мені алдына алып, Отырар жанкештілігі туралы әңгіме айтып отырған әкем елестейді. Сезіммен тәрбиелеу – тәрбие атаулының ұлысы.

     1992 жылы Отырар топырағында жерлестерімнің сұрауымен шығармашылық кешім өтетін болды. Әкемнің көзін көрген қариялар мен ақ жаулықты кейуаналардың құшағы бірінен соң бірі тартып алып, қапелімде босатар емес. Үш әжей  Отырар топырағын алтын жіппен әдіптеген ақ жібек матаға тұмар етіп орап:

    -Құлыным, қайда жүрсең де, туған топырағыңның қасиеті желеп-жебеп жүрсін, - деп мойныма тақты.

     Осы өмірімде туған халқымның талай сый-сияпатын көріп, өз елімнен тыс жерлердің де кейбір құрметті сыйлықтарын алған екенмін. Бірақ ешқайсысы осы туған жер топырағы түйілген тұмардай тебірендірген емес.

                                       (М. Шаханов «Құз басындағы аңшының зары»)

 

2.     Мазмұндама бойынша жоспар құру.

        1) Бабалар жайлы әңгіме.

  2) Туған жер туралы толғау.

  3) Отырар оқиғасы.

  4) Бір уыс топырақ.

 

3.     Сөздік жұмысын жүргізу.

  Дарақ, кейуана, тұмар.

 

ІІІ. Сабақтың аяқталуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

1.Пән аты:  әдебиеті

2.Сыныбы: 5              

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан:

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларды шығармашылық қабілеттерін бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды  қоршаған ортаны  қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың  жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: бақылау сабағы.

Сабақтың түрі: мазмұндама

Сабақтың әдіс-тәсілі:  сұрақ-жауап, түсіндіру, жазба жұмысы.

Сабақтың көрнекілігі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы.

Пәнаралық байланыс:  тіл, әдебиет.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.  Оқушыларды мазмұндама мәтінімен таныстыру.

             Құс – табиғат перзенті

     Көктем күшіне еніп, бүкіл дала құстардың әсем үніне бөленді.

     Атамыз қазақ қашан да құс атаулыны ерте заманнан ерекше құрметтеп келген. Қыран бүркіт, алғыр қаршыға, көк дауыл сұңқар, ұшқыр тұйғын баулып, оларды қиянға салып, өнерін құмарта тамашалаған. Құс біткенді жәбірлеуді өздеріне рақымсыздық, қиянат көрген. Бұл жөнінде ел аузында мынадай бір аңыз бар.

      Жоңғар шапқыншылығы кезінде адамдар ел-жұртын тастап, бас сауғалап,

жан-жаққа қашқаны белгілі. Сонда жау келе жатқан жолда атақты Төле би көшпей, жалғыз үй қалып қойыпты. Ентелеп келіп бас қойған жау еш қаперсіз жұртта отырған жалғыз үйді көріп, оның бұл қылығына таң-тамаша қалады. Өктем жау ордаға келіп ойран салмақ болғанда, Төле би шығып:

     - Ей, адамзаттың балалары! Биыл көктемде шаңырағыма қарлығаш ұя салып еді. Қазір сол ұяда оның қызылшақа балапандары жатыр. Соларды аяп, өзгелерге ұқсап үдере көшпей, шаңырағымды, жолдарыңда қалып қойдым. Ең болмаса, сол балапандарды аяңдар. Өзіме тисеңдер  де,  шаңырағыма тимеңдер, - деп, өтініш жасаған екен дейді.

Сонда жауыздығымен әлемге аты жайылған жоңғар басқыншыларының өзі Төле бидің асқан адамгершілігіне риза болып, оның шаңырағына  тиіспеген көрінеді.

      Саятшылық – үлкен өнер, ата салтымыз. Саятшылық құру – аң-құсты қырып жою деген сөз емес, қайта оған қамқор болу, жанашырлық ету деген сөз. Ел арасында аңдар мен құстардың қайсысының қай уақытта өсіп-көбейетінін, жүретін жерін, олардың мекендейтін, жайылатын орнын, жүріс-тұрыс, мінез-дағдысын өте жақсы білетін адамдар көп. Олар аң-құстың өсіп-көбейетін кезінде мазасын алмайды,  үркітпейді, қайта қамқор болып жүреді. Қазақ салтында жалт еткенді жамбастан, бүлк еткенді бүйректен, сырт еткенді сирақтан тигізетін, құралайды көзге атқан мергендердің өзі аң-құстың бәріне бірдей тие бермейді, қалағанын ғана таңдап ататын болған.  Өйткені Табиғат-ана әркімнен өзгеге залалын тигізбей, қажет тап басып тауып алуды, өзін аялауды, шапағатты көзбен қарауды қалайды.

 

Мазмұндау жоспары:

1.     Аталар құрметі.

2.     Аңыз ізімен.

3.     Саятшылық деген не?

4.     Құс – табиғат.

5.     Ата – баба дәстүрін сақтау.

 

    Сөздік жұмысы:

бас сауғалау, қаперсіз.

 

 ІV. Сабақтың аяқталуы.

 

 

 

 

 

                                  Сабақ жоспары

1.Пән аты:  әдебиеті

2.Сыныбы: 5              

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларды өз ойларын еркін әрі сауатты жеткізуге дағдыландыру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды  адамгершілікке, мейірімділікке  тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту,  жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: бақылау сабағы.

Сабақтың түрі: шығарма

Сабақтың әдіс-тәсілі:  сұрақ-жауап, түсіндіру, жазба жұмысы, мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы.

Пәнаралық байланыс:  тіл.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.  Оқушыларды мазмұндама мәтінімен таныстыру.

Апам

     Апамның мінезі қызық. Әлі күнге шейін айналып-толғанып, өбектеп жүргені. Менің ер жетіп, ересектер қатарына қосылып, ерте тұрып, кеш жатқанымда жұмысы да жоқ. Басым жастыққа тиіп, көзім ұйқыға кетісімен маңдайымнан иіскеп, шашымды сипап, қасымнан шықпайды.

     Кейде оянып, көзімді ашпастан ұзақ жататынмын. Ана мейірімінің таусылар, сарқылар шегі болмайтын да шығар. Әр еміренуі сонау кеудемнің түкпірінде ұйып қалған балалық шақтың елжіреуін қайта қоздатып кететін екі-үш ұлдан қалған жалғыз «қоңыр қозысы» болғаныма өзімді кінәлі санаймын ба, жұрт алдында қабақ түйсем, осындай оңаша шақта алақан иісін құшырлана сіміріп, шексіз қуанышқа бөленем. Анаға жетер не бар екен?! Ана мейірімін алмастырар құдірет бар ма екен!

     Бүгін де апамның маңдайыма тиген жұп-жұмсақ еріндерінің лебімен күліп ояндым. Әкем жұмысқа кетіп қалыпты. Асығыс атып тұрдым. Апам үстел үстіне тағамдарын жасап жүр. Далаға шықтым. Өткір жарық көзе шағылысып, ті қаратар емес.

    Үйге кіріп, апамның бәйек болғанына қарамастан, түрегеп тұрып суық еттен қарбытып бірер асадым да, ораулы түстік тағамымды қолтығыма қысып, жұмысқа кеттім.

     Көз  алдымнан апам кетпей келеді... әсіресе, жасы мөлдіреген жанары әлденеге зарыққандай, әлденеге көңілі ынтығып, соған мұңая қалғандай.

     Жайдары жаз өтіп барады. Енді бірер айдан кейін мына жасылы азая бастаған далаға күз келіп түседі. Ондайда бұл жердің сұрқы адам көргісіз. Сіркіреп жаңбыр жауады-ай келіп. Жердің миы шығып, аяқ аттасаң ақыретке айналып бітеді.

      Аспанға қараймын. Ноқаттай боп бозторғай тұр қос қанатын қайшылап. Алысқа қараймын. Маңай жап-жарық. Күн күйдіріп барады. Айналайын жаз ғой бұл.

      Тағы да апамды ойлап келемін. Ұзақ сапар өмірімнің ащы-тұщысын, күйініш-сүйінішін еске алғанда, қысқа ғұмырдың күңгірт күзіне тап болғанын сезетін болар. Тап сол кездерде көз жетпеске кеткен жастықтың жайдары жазын сағынып, іштей елжірейтін шығар. Сол күйіне аңсары ауғанда тірлігінің қайта ашылған гүліндей,  қайта көктеген құрағындай мен көрінетін шығармын. Өбектейтіні де сондықтан болар.

                                                                                 (С.Сматаев, 334 сөз.)

 

    

Мазмұндама бойынша жоспар құру.

1.     Ана мінезі.

2.     «Ананың көңілі – балада,

      Баланың көңілі – далада».

3.     Оятқан ана алақаны.

4.     Ана көңілі.

5.     Жайдары жаздың өтуі.

6.     Күз – көңілсіздік белгісі.

7.     Өмірдің жазы, күзі.

 

 ІV. Сабақтың аяқталуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ әдебиеті пәнінен Сабақтың тақырыбы: Әдебиет – көркем өнердің бір саласы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Патентовед

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

                                Сабақ жоспары

1.     Пән аты:Әдебиет

2.     Сыныбы: 5

3.     Күні, айы, жылы:

4.     Тоқсан: І

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет – көркем өнердің  бір  саласы

Сабақтың мақсаты:

    1.Білімділік: Оқушыларға өнердің  бір  саласы  болған –

                 әдебиет  туралы  білім беру.

    2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, достыққа   тәрбиелеу.

     3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

                                                  2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

 

ІV. Жаңа  сабаққа  дайындық:

     1.Сабақтың  тақырыбын  тақтаға  жазу.

     2. Сабақ  мақсатын  түсіндіру.

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

        Әдебиет – ол  да  көркемөнер.  Көркем  өнердің  сәулет,  мүсінші,  сурет,  музыка  сияқты  түрлері  болады.

Көркем  әдебиет  адамның  тілімен  берілетіндіктен,  өнердің  барлық  түрінің  әсерін  тудыра  алады. «Дүниенің  көрінген  һәм  көрінбеген  сырын  түгендеп  білмесе,  адамдықтың  орны  болмайды»  деп  Абай  айтқандай,  көркем  әдебиет  бізді  адам  өмірі,  әлемнің  сырлары,  табиғат  келбеті  туралы көрінетін  және  көрінбейтін  ұғымдармен  сусындата  алады,  ішкі  сезімді  аңғарып,  сезінуге  үйретеді.  Сонымен  бірге  көркем  әдебиетте  автордың  өз  көңіл – күй  қалауы,  өзіндік  көзқарасы  тұрғысынан  жеткізетінін  есте  ұстаймыз.

Көркем  әдебиеттің  әр  түрін  жақсы  танып – білген  адамның көркем  шығарманы  дұрыс  түсінуге  дайындығы  болады. Бесінші  сыныпта  біз  оның  өлең,  дастан,  роман  повесть  сияқты  түрін  білетін  боламыз. Жанрдың  еркшеліктерін  аңғара  отырып,  шығарманы  көркемөнер  түрі  ретінде  қабылдауға  үйренеміз,  олардың  авторлары  туралы  түсінік  аламыз.

Сондай – ақ  әдебиеттің  үлкен  бір  түрі – ауыз  әдебиетінің  үлгілерімен де  танысамыз. Сөйтіп  әдебиеттің  әр  түрін  біліп  көркем  әдебиет  туралы  тұтас  ұғым  аламыз. Көркем  әдебиет  үлгілерін  оқу  арқылы  біз  ішкі  рухани  дүниемізді  байыта  түсеміз, білімнің  адамгершілік  қасиеттердің  жаңа  биіктеріне  шығамыз. Дұрыс  оқып,  сауатты жазуға  одан  әрі  жаттығамыз. Кітап  біздің  ажырамас  досымызға  айналатын  болады.

  VІ. Түсінік  тексеру:

1.     Әдебиет  не  туралы  ғылым?

2.     Әдебиеттің  өнердің  басқа  түлерінен  айырмашылығы  неде?

3.     Көркем  әдебиет  туралы  А.Құнанбаев  не деген?

4.     Көркем  әдебиет  бізді  неге  үйретеді?

5.     5- сыныпта  біз  көрке  әдебиеттің  қандай  түрлерімен  танысамыз?

6.     Бізге  көркем  әдебиеттің  қандай  пайдасы  бар?

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

 Топтастыру  әдісі

Көркем әдебиет

                                                                                     Роман

 өлең                                                                                    повесть

                                                                        

дастан                                                                                 

                                                                                              поэма

 

әңгіме

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

 

 

1.     Бағалау

2.     Үй тапсырмасын беру.

 

1.Әдебиет - өнердің  бір  саласы  туралы  түсінік. Ереже жаттау

 

                        

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 172 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.12.2014 3142
    • DOCX 836.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кельдибаева Багиткуль Аманжоловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 61648
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Письмо: методика подготовки учащихся к ОГЭ по английскому языку

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания русского языка как иностранного

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по английскому языку в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 1 830 человек

Мини-курс

Художественная гимнастика: диагностика и технические аспекты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Волонтерство: сущность, мотивация, и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе