Инфоурок Начальные классы Рабочие программыҚазақ тілінен сабақ жоспары "Сөз мағынасы" ( 4 сынып )

Қазақ тілінен сабақ жоспары "Сөз мағынасы" ( 4 сынып )

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Сөз мағынасы

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың сөз және оның мағынасы туралы білдіріп тереңдете түсу. Мағынасы қарама - қарсы сөздер туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сол арқылы сөз байлығын арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, зеректілікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу.
3. Көркем жазу арқылы әсемдікті түсінуге тәрбиелеу

Сабақтың тақырыбы: Сөз мағынасы
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың сөз және оның мағынасы туралы білдіріп тереңдете түсу. Мағынасы қарама - қарсы сөздер туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сол арқылы сөз байлығын арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, зеректілікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу.
3. Көркем жазу арқылы әсемдікті түсінуге тәрбиелеу.
Типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау - жинақтау, түсіндірмелі.
Көрнекілігі: интерактивті сабақ, слайдтар.
Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Психологиялық дайындық.
1 - слайд.
Көк аспанда күн күлсін.
Бірге күлсін бүлдіршін!
Көк аспанда күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын!

Көк аспанда күн күлсін.
Ұл қолында ту жүрсін,
Қыз қолында гүл жүрсін!
Көк аспанда күн күлсін.
Бірге күлсін бүлдіршін!
М. Әлімбаев

III. Үй тапсырмасын сұрау.
17 - жаттығу. Көшіріп жазып, мағынасына жуық сөздердің тиістісін қою арқылы сөйлемдерді көшіру.
18 - жаттығу. Жақша ішіндегі сөздердің тиістісін қою арқылы сөйлемдерді көшіру.
- Жақша ішіндегі сөздер мағынасы қандай сөз деп ойнайсыңдар?
- Сөз мағынасы дегеніміз не?
- Біз қандай мағыналы сөздермен таныстық?
- Омоним дегеніміз не?
- Синоним дегеніміз не?
- Көп мағыналы сөздер деп қандай сөздерді атаймыз?

IV. Көркем жазу.
3 - слайд. Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
- Осы мақал - мәтелдегі қандай екі сөзді жұптастыруға болады?
- (Жақсылық - жамандық)
- Олар мағыналары қандай сөздер?
- (қарама - қарсы сөздер)

V. Қызығушылықты ояту
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе!
Адалдықты көздесең,
Жаттап оқы көңілге!
С. Торайғыров

VI. Ұлы ақын Абай ақылды, тапқырлықты қажет етеді және өте қызық ойын деп жұмбақты жақсы көріпті. Өзі де жұмбақ шығарыпты. Соның бірі мынау:
6 - слайд.
- Баяғыдан бері сегіз батыр кезек жығысып келе жатыр. Түбінде қайсысы жеңері тағы белгісіз. Сол сегіз батыр кімдер?
7 - слайд.
Шешуі: Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп,
Жақсылық пен жамандық болды сегіз.
(Абай)
- Осы жұмбақтың шешіміне назар аударыңдар.
- Жұптасып тұрған сөздер туралы не айтуға болады?
- Олар қандай сөздер?

VII. Суретпен жұмыс.
- Мына суретке назар аударыңдар. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы болатын заттарды атаймыз.
8 - слайд.
Үлкен үй - кішкентай үй
Түзу сызық - қисық сызық
Түн – ай
Қыз бала - ұл бала
Бүр тай гүл - гүл шоғы
Қосу амалы – азайту амалы.

VIII. Сөздік жұмысы.
- Енді дәптерімізді екі бағанаға мына сөздерге қарама - қарсы мағыналы сөздер ойлап жазайық.
9 - слайд.
Аз - көп
Қорқақ – батыр
Таза - лас
Дос - дұшпан Алыс - жақын
Жас - кәрі
Жарық - қараңғы
Әдепті - әдепсіз
10 - слайд.

IX. Оқулықпен жұмыс.
1. Ақылды іс тындырады, ақымақ тіс сындырады.
2. Жақсы сөзге жан семіреді, жаман сөзден жан қорқады.
3. Ашу – дұшпан, ақыл - дос,
Ақылыңа ақыл қос.

Қарамен жазылған сөздерді жұбымен көшіріп жаз. Олардың мағынасымен дыбысталуын салыстыр. олар мәндес сөздер ме, әлде мағынасы қарама - қарсы сөздер ме?

X. Ой қорыту.

11 - слайд.
Есіңе сақта!
Антоним грек тілінен аударғанда anti - қарсы, onima - есім деген мағынаны білдіреді. Антоним сөздер де синонимдер сияқты біздің тілімізді бай, көркем, мазмұнды ете түседі.
Антонимдер көбінесе мақал - мәтелдер мен жұмбақтарда кездеседі. Өйткені мақал - мәтелдер мен жұмбақтар да сөз аз, ал халық даналығы көп болады.

XI. Рефлексиялық бағалау кезеңі.
Сабаққа қорытынды жасау.
12 - слайд.
Данышпандар кітабы.
Біз жасап тұрған өмір қарама - қарсылықтан тұрады. Күн мен түннің ауысуы, ыстық пен суықтың болуы табиғи болса, бейбітшілік пен соғыс адамның жақсы, жаман әрекетімен байланысты. Адам баласы көңіліне ақылды көп түйсе, білгір болатыны, ал түймесе надан болатыны анық. Адам өзінің оңы мен солын кішкене кезден осылай таныса, әрине оның жас шағы кемелдене отырып ардақты кәрілікке жеткізетіні белгілі.
Тапсырма: мәтіндегі антоним сөздердің жұбын табу.
13 - слайд.
Күн - түн, ыстық - суық, бейбітшілік - соғыс, жақсы - жаман, білгір - надан, оң - сол, жас шағы - кәрілік.

XII. Сергіту сәті.
14 - слайд.
Керісінше
Мен қазір деймін көңілсіз
Ал сіздер деңдер......
Егер мен десем ол алыс
Қарсы болыңдар......... деп.
Егер мен жұмыс десем,
Айқайлаңдар............... деп.
Ал егерде бұл басы десем,
Айтасыңдар................ деп.
Өлеңдегі мағыналары қарама - қарсы сөздердің астын сызу.

XIII. Оқулықпен жұмыс.
15 - слайд.
23 - жаттығу. Жұмбақты шешіп, антоним сөздерді табу.
Өзі түзу, ізі қисық бір аттың
Өшпес ізін бала кезден ұнаттым.

Біреудің бір ұлы бар және қызы,
Біледі ол екеуін дүние жүзі.
Ұйықтайды ұлы түнде, қызы күндіз,
Жүрегінде білінбейді басқан ізі.

XIV. Үйге тапсырма.
16 - слайд.
XV. Шығармашылық тапсырма.
17 - слайд. Қарама – қарсы мағыналы сөздерді қойып, жаңа мәтін құрастыру
• Мен көптен нашар оқушымын.
• Дәптерімді ұқыпсыз ұстаймын, жазуым лас.
• Сабақтан кейін үйге көңілсіз қайтамын.
• Менің күнделігімді көргенде анам ренжиді.
• Осының бәрінен шаршап кеттім. Мен басқалардан кеммін бе? Енді мен............
XVI. Бағалау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілінен сабақ жоспары "Сөз мағынасы" ( 4 сынып )"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тіл — адам жанының тілмәші. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт — тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмыс, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі — бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең. Тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ. Түрік тілімен сөйлейміз деген түрік балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші, қазақ тілін қолданбақшы. Күндерде бір күн түрік балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түрік тілінің келешек тарихында қазақ ұлты қадірлі орын алмақшы. Келешектің осылай болуына біздің иманымыз берік”

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 997 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2020 191
    • DOCX 25.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Звягина Валентина Брониславовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 89771
    • Всего материалов: 232

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 566 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 476 человек

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 250 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 208 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 424 человека

Мини-курс

Основы работы в After Effects

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические основы профессиональной деятельности педагога-психолога

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные медиа: экономика, системы и технологии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе