Главная / Другое / Қазақ тілінен сабақ жоспары "Сөйлемнің бірыңғай мүшелері"

Қазақ тілінен сабақ жоспары "Сөйлемнің бірыңғай мүшелері"

Сабақ тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

Сабақ мақсаты: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы түсіндіру.
Сөйлем мүшелерінен алған білімдерін ұштау, тіл байлықтарын жетілдіру.
Алынған, оқыған көркем шығармадан кейін туған жер, қоғам туралы өзіндік пікір қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабаққа қосымша:
Туған жер тақырыбына арналған плакаттар
Сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне схемалар
Үлестірме қағаздар
Пайдаланылған әдебиеттер: «Қазақ тілі» оқулығы 8 - сынып
Ә. Исабаев «Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері»

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
(психологиялық дайындық)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
Бастауыш дегеніміз не?
Баяндауыш дегеніміз қандай мүше?
Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш дегеніміз не?
Шығармаларын оқу
Мысал келтіру. Сөйлем талдау

ХV ғасырда Күлтегін ескерткішіне мынадай жолдар жазылған екен.
Қызыл қанымды ағыздым,
Қара терімді төктім.
Түн ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым.
Тізеліні бүктірдім
Бастыны еңкейттім
Түрік болғаным үшін
Бұл жай сөйлем құрамында сөйлем мүшелері бір - бірден болса, сөйлемде бір мүше сан жағынан біреу ғана емес, екі я одан да көп болып, бірыңғайласып айтылуы мүмкін.

ІІІ. Жаңа сабақ
Бірыңғай мүшелер:
Өзара салаласа байланысып, біркелкі сарындағы дауыс ырғағымен айтылатын.
Ортақ бір сұрауға жауап беретін, яғни, бір сөз табынан жасалатын, кейде жалғаулықсыз, кейде жалғаулық шылаулар арқылы байланысатын көп мүшелер

Қазақтың ақын - жазушылары Қазақстанды сай - бұлақ, тау - қыраттарына шейін жырлап өткен, жырлайды да.
Тәуелсіздік алғалы Асан қайғы мен Қорқыт баба, Кенесары мен Сырым, Абай мен Ахмет, Ербол мен Ләззат сынды тұлғаларымыз әлемге танылды.
Мен туған жердің түнін, күнін, өзенін, тауын, гүлін сүйемін.

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін.

Қазақстанның әрбір азатының өз елінің бақыты үшін, абыройы үшін, даңқы үшін, бостандығы үшін күресетіндігін мақтан тұтамын.

Оқулықпен жұмыс:
Қосымша материалдар
Шарты: Бірыңғай мүшені көрсет.
Көрген, білген әңгімелерді кітап қылып тартамын. Барлық өмір, тіршілік - жастан оқуға, білімге талпынып оқығандық. Рақмет әрбір сөйлемді ерінбестен, жалықпастан аударып отырды. Таңертең аудандық баспасөз қоғамының бір қызметкері осы үстелдің үстін неше түрлі жаңа кітаптармен, газет - журналдармен, қалам қарындаштармен, блокнот - дәптерлермен толтырып кетті.

Жаттығулар жұмысы (мұғалім дайындаған бірнеше тапсырманы өз бетінше орындату)
Кім тез сөйлем құрай алады:
Қызыл, сары, ақ...
Кітап, газет, журнал...
Қой, сиыр, жылқы..
Қобыланды, Алпамыс, Қамбар...
Бұл жұмыс...,...,... керек етеді.

Бірыңғай мүшелер қай сөз табынан жасалған? Қай мүшенің қызметін атқарады?
ІV. Сабақты бекіту:
Бірыңғай мүше дегеніміз не?
Бірыңғай мүшенің басты белгілерін ата
Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері
Бірыңғай мүшеге мысал
Бірыңғай мүшелердің сұраулары.

V. Үйге тапсырма:
§34 Бірыңғай сөйлем мүшелері
«Менің Қазақстаным» атты бірыңғай мүшелерді кірістіре отырып шығарма жазу.
VІ. Бағалау





Тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Мақсаттары.  Білімділік: Сөйлемнің бірыңғай  мүшелері,олардың тыныс белгілері жайында білімдерін жинақтатып, практикада қолдануға бағыттау, жалғаулықты және жалғаулықсыз бірыңғай мүшелердің ерекшеліктерін таныту.       Дамытушылық:  Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін,жатық жеткізе білуге дағдыландыру, мәнерлеп оқуға баулу. Жеке тапсырмалар арқылы шығармашылық белсенділіктері мен қызығушылықтарын  арттыру.
Тәрбиелік: 
Азаматтық қасиеттерді қадір тұтуға, құрметпен қарауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты бекіту.

Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, тілдік талдаулар, іздендіру тапсырмалары.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Көрнекілік, техникалық құралдар: интерактивті тақта, дербес компьютер; слайдтар

Сабақтың барысы:

    І.Ұйымдастыру.  Оқушылар назарын сабаққа аудару.

   ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Сөйлемнің айқындауыш мүшелері (71-72 беттер).

61-жаттығу.

Сұрақтар арқылы үй тапсырмасын қайталау.

1. Сөйлемнің айқындауыш мүшелері деген не?

2. Оңашаланған айқындауыш?

3. Қосарлы айқындауыш?

Оқушылардың білімдері қорытындыланып, жаңа сабақты бастау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері бойынша теориялық білімді  практикада пайдалану.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

 

                                         Арамдық, аразды түбімен жойыңдар.

                                         Өтірік, өсекті біржола қойыңдар.

                                         Намысжігер, бойыңа жиып қайрат,

Қажымай адалдық жағында болыңдар.

(Шәкәрім. «Бостандық таңы атты» өлеңінен)

 

Шәкәрім өлеңінде бір тұлғада тұрған, бір ғана сұраққа жауап беретін, сөйлемдегі қызметі бірдей сөздер бар ма?               (ауызша талдату)

Арамдық (ты), аразды (+қ; ты) жойыңдар                     Өтірік (ті), өсекті қойыңдар

 









                                                             НЕНІ?

                                                                           Намыс (ты)жігер (ді)қайрат (ты) бойға жиыңдар

 

Төмендегі кестеден бірыңғай мүшелердің тұрлаулы да, тұрлаусыз да болатынын біле аламыз.

Р/с

Мысалдар

Сұрағы

Сөйлемдегі қызметі

1

Қайрат, Ербол, Ләззат халқының жүрегінде мәңгілік сақталады.

Кімдер?

Бірыңғай бастауыштар

2

Олардың батылдықтарын, елжандылықтарын, адалдықтарын ел аңыз етіп ұрпағына жеткізеді.

Нені?

 

Бірыңғай толықтауыштар

3

Өр мінезді, асқақ сезімді, жоғары талғамды ақынның жыр жолдары ешкімді бей-жай қалдырмаса керек.

Қандай?

Бірыңғай анықтауыштар

4

Күңірентіп, жауындатып, дауылдатып, ағындатыпсалынған Әсет әні тыңдарманын баурап алды.

Қалай?

 

Бірыңғай пысықтауыштар

5

Шоқан араб өлеңдерін ерекшеұнататын, тамсанып отыратын.

Не істейтін?

Бірыңғай баяндауыштар

 

 

Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің бір-бірімен байланысуы

 

жалғаулықсыз                                              жалғаулықты

Осыған байланысты олардың тыныс белгілерінің қойылуы да әркелкі болады.

 

Ол – өте көркем ,байсалды жігіт.                            Ол – өте көркемжәнебайсалды жігіт.

                                                                                        Ол – өте көрке де, байсалды дажігіт.

 

Бірыңғай мүшелер жалпылауыш мүшелермен де келетін кездері болады.Жалпылауыш мүшелер бірыңғай мүшелердің алдынан не соңынан келеді.

 









Жалпылауыш сөздер: бірыңғай мүшелер.                   Бірыңғай мүшелер–жалпылауыш сөздер.

     Біздің жерде көп кездесетін мына                                      Қамбар, Марат, Әлихан –үшеуі де мектеп

ағаштар:қарағай,қайың,терек.                                       мақтаныштары.

 

Тақтамен жұмыс

       63- жаттығу. Өлеңде қойылмаған бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерін қойып, сөйлем мүшелерін анықтау.

           Абай. «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңі.

 

       62-жаттығу. Сұрақ-тапсырмаларды топ болып орындау.

1. Сөйлегенде не жазғанда сөйлемнің бірыңғай мүшелері не үшін қолданылады?

2. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері барлық сөз таптарынана бола бере ме? Мысал келтіріп сөйлеңдер.

3. Жалпылауыш сөздер не үшін керек? Жалпылау есімдіктерін, сілтеу есімдіктерін жалпылауыш етіп сөйлемдер құрау.

 

Дәптермен жұмыс

          Бірыңғай мүшелердің сөйлемдегі қызметтерін анықтау, талдау.

Сендер – зерек, дарынды, білуге құмар, қиялы ұшқыр, ойы өткір, арманшылұрпақтың өкілісіңдер.

       . . .

Өздік  (жекелеме) жұмыс

          Бірыңғай мүшелі мақалдар, нақыл сөздер, өлең үзінділерінен мысалдар жазу.

    Ащы менен тұщыны татқан білер, алыс пенен жақынды жортқан білер.

 

Сабақты қорытындылау

1.Сөйлемнің  бірыңғай мүшелерінің тыныс белгілері?

2.Жалпылауыш мүше дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Жалпылауыш мүшелердің орын тәртібі,тыныс белгілері қандай?

Үйге тапсырма беру

      Сөйлемнің бірыңғай мүшелері (75-бетті оқу),  65-жаттығу

Оқушылардың білімдерін бағалау

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің айқындауыш мүшелері
Сабақтың мақсаты: Сөйлемнің айқындауыш мүшелерін лингвистикалық тұрғыдан жаңа мағлұмат беру, сөйлемде белгілі бір тыныс белгілерімен ажыратылатынын түсіндіру.
Міндеттері: 1. Білімділік. Сөйлемнің айқындауыш мүшелері туралы ғылыми - теориялық түсінік беру, олардың түрлері мен тыныс белгілерін меңгерту, алған білімдерін тәжірибемен ұштастыру. 
2. Дамытушылық. Сыни ойлау көзқарасын, логикалық ойлауын, өз пікірін дәлелдеу, байланыстыра сөйлеу дағдысын жетілдіру, есте сақтау қабілетін, көркем жазу сауаттылығын дамыту; 
3. Тәрбиелік. Жаттығулардың тәрбиелік мәніне назар аударту, ұжымдағы ауызбіршілікті нығайту. Ізгі қарым - қатынас негізінде тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: интеграциялық сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, ішінара зерттеу, байқау, репродуктивті, эвристикалық, деңгейлеп оқыту
Сабақтың көрнекілігі: кесте, слайд, таратпалар, бағалау парақшалары, деңгейлік тапсырмалар
Пайдаланылған қосымша әдебиеттер: Ибрагимов Қ. Қазақ тілі. Ш. К. Бектұров. Қазақ тілі. Әдістемелік нұсқаулық. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 5/2013.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, кезекші арқылы сынып оқушыларын түгендеу. Оқушы назарын сабаққа бағыттау.
2. Өткен тақырыпты пысықтау.
«Олжалы бестік» ойыны. 5 сөз дайындап, олардың артына сұрақ жасыру және бір сөздің артына тек қана «5» бағасын қою.
«Мықты болсаң, тауып көр» - Сөйлем мүшесі деген не? Сөйлем мүшелерін ата.
«Жүйрік болсаң, шауып көр» - Пысықтауыш деген не? Мысал келтір.
«Алғыр болсаң, алып көр» - Анықтауыш қандай мүше?
«Тапқыр болсаң, тауып көр» - Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дегенді қалай түсінесің?
«Ойлы болсаң, озып көр» - Толықтауыш, оның түрлері.
«Зерек болсаң, айтып көр» - М. Мақатаевтың бір өлеңін айтсаң, «5» аласың!
3. Сабақтың мақсатын қою.
Күн ретін, сабақ тақырыбын тақтаға жазу.
4. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.
Проблемалық ой тастау. Тақтамен жұмыс.
Оқушылар, тақтада берілген сөйлемге назар аударыңдар. Бұл сөйлемде белгілі бір сөйлем мүшесінің мағынасын тереңірек ашып тұрған сөздер бар ма? Ол сөздер қай сөздің мағынасын түсіндіріп тұр?
Төреқұл өзінің ежелгі жұртында, Ұзынбұлақтың басында, отыр екен. Жаназаға, Бөжейдің жаназасына, шақырылмаған Зере, Ұлжандар өлердей күйіп, өзгеше шерлі болып қалған еді. Ол – Арқаға аты шыққан, бүкіл Орта жүзді асыл саз, әсем үнімен ұйытқан Біржан сал.
Тұжырым жасау. Мұғалімнің көмегімен оқушыларға тұжырым жасату.
Демек, сөйлемде белгілі бір мүшені заттық мағына жағынан басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөз немесе сөздер тобын айқындауыш мүше деп атаймыз. Айқындауыш мүше мағынасына қарай екіге бөлінеді. Ол үшін кестеге назар аударайық.

Оңашаланған айқындауыш
Қосарлы айқындауыш
Өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөздер тобы. Оңашаланған айқындауыш өзінен бұрын тұрған сөздің мағынасын нақтылайды, сондай - ақ өзі айқындайтын мүшесімен қызметтес, тұлғалас болады.
Мысалы: Омардың үлкен ұлының, Асанның, елге жасаған жақсылығы өте көп. Айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады. Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен қос сөздер сияқты дефис арқылы бөлінеді.

Мысалы: Әнші Күләш, Біржан сал, Ақан сері, инженер Ахмет, Әмина ханым, Серік мырза, панфиловшы - ұландар.
Оңашаланған айқындауыш сырт тұлғасы жағынан анықтауышқа ұқсас болып келеді. Анықтауыш анықтайтын сөзінің алдында тұрып, оның өзіне тән сын, сапасын білдірсе, айқындауыш анықтайтын сөзінен кейін тұрып, оның лексикалық мағынасын толықтырып, нақтылайды.
Айқындауыш мүшенің тыныс белгілерін білу үшін кестеге назар аударайық.
№ Ереже Мысалдар
1 Сөйлемде оңашаланған айқындауыштың екі жағынан үтір қойылады. Долы далад, а қатуланған суық жүзді өгей далада, бұлар тағы да ұзақ жортты.
2 Оңашаланған айқындауыштың екі жағынан немесе өзі анықтайтын мүшесімен екі араға сызықша қойылады. 1928 жылы Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны – Қазақ педагогика институты ашылды.
Кейде оңашаланған айқындауыштар тізбегінде үтір болса, онда айқындауыштың екі жағынан сызықша қойылады. Өзі әнші, өзі сұлу Байтасқа екеуі де - бірі кәрі, бірі жас бала - қызғана да, тамашалай қараған еді. (М. Ә).
4 Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен қос сөздер сияқты дефис арқылы бөлінеді. Жер - ана, тұжырым - пікір, әнші - сазгер,
Қолдану. Айқындауыш мүшеге өздерің мысал келтіріп көріңдер.
Айқындауыш мүше орыс тілінде де кездеседі. Оның орыс тіліндегі сипатына назар аударайық.
Уточняющими называют члены предложения, которые уточняют предшествующий член предложения и выполняют одинаковую с ним синтаксическую функцию. Уточняющий член конкретизирует или поясняет вещественное значение, значения места, времени). Например: Мы гуляли довольно долго, до самого вечера. (В этом предложении обособленным членом является уточняющее обстоятельство до самого вечера; оно уточняет стоящее впереди обстоятельство времени долго.) Уточняющие слова на письме выделяются запятыми.
Обособленные уточняющие: слова или несколько слов, которые служат для конкретизации или пояснения значений впередистоящих слов. Иногда перед обособленными уточняющими членами могут находиться слова: особенно, то есть, чаще всего, как будто. Обособленные уточняющие с двух сторон выделяются запятыми. Если присутствуют несколько уточняющих однородных слов, то вместо запятых ставится тире. Обособленный уточняющий член может уточнять значение и обобщающего слова. Тогда после обобщающего слова ставится двоеточие, а после уточняемого члена ставится тире или запятая) Дополнительные уточняющие в основном используются в связке с именем существительным. Где бы ни стояло дополнительное уточняющее (в начале, в конце), с уточняемым словом оно связывается без знака препинания.
Түсінгенін тексеру кезеңі.
І деңгей. Оқулықпен жұмыс.
77 - жаттығу. (Берілгені бойынша ауызша орындату)
78 - жаттығу. Берілген қосарлы айқындауыштарды қатыстырып, сөйлем құраңдар. Жазған сөйлемдеріңе синтаксистік талдау жасаңдар.
Жеке оқушымен жұмыс.
Таратпа №1
1. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді? Әрқайсысына мысал келтір.
2. Толықтауыш қандай мүше? Жасалу жолдарын баянда.
3. Қарамен жазылған сөзге морфологиялық талдау жаса.
Бағанадан бері жас жиын қайта - қайта алтыбақанға Керімбаланы мінгізіп, әнін тыңдап тұр еді. (М. Ә).
Таратпа №2
1. Сөйлем мүшелері құрамына қарай неше түрге бөлінеді? Мысал келтір.
2. Пысықтауыш, оның мағыналық түрлері.
3. Қарамен жазылған сөзге морфологиялық талдау жаса.
Екпіндеген бетімен, жолында тұрған Құрмашқа қарамастан, келе Көксеректі бүйір жағынан келіп арс етіп, қауып түсті. (М. Ә).
ІІ деңгей. Мағынаны тану. Семантикалық картамен жұмыс. Қажетті тыныс белгіні қойып, бағанға дұрыс жауапты + таңбасымен белгілеңдер.

Мысалдар

Оңашаланған айқындауыш Қосарлы айқындауыш Үтірмен ажыратылатын айқындауыш Сызықша қойылатын
айқындауыш Дефис
қойылатын айқындауыш Обособленные уточняющие
Бірақ біздер жиырмасыншы ғасырдың азаматтары, көп ретте асылымызды байқамай өтер едік... (О. Бөкей) +
Әйелді аттандырған бойы түрегеп тұрған Жалпақ балуан гүрс етіп құлап түсті. (Ғ. М.) +
Ауыл әлі жайлауда мына Ұзынбұлақтың басындағы Шұрықта отырған кезіміз. +
Біраздан кейін үйге Мақсұттың тағы бір - екі жолдасы – Жұмағұл мен Ақтай – кірді. (М. Ә). +
Жер Шіркін, Жер Ананың қадірін кім біледі? +
Слова или несколько слов, которые служат для конкретизации или пояснения значений впередистоящих слов. +

ІІІ деңгей. а) Берілген сөйлемде белгілі бір сөйлем мүшесінің мағынасын айқындауыш мүше арқылы толықтырып, тыныс белгісін қойып жазыңдар. Сөйлем мүшесіне талдаңдар.
Біз (, ауыл балалары,) қыс болса ол кісінің отынын жарып беруге, жаз болса бұзауын айдап келуге таласып жүреміз. (Ғ. М.) Абай бұл сырдың шет жағасын досына
(, Ерболға ғана,) сездірді. Құнанбайдың қасындағылар – (Байсал, Қаратай, Сүйіндіктер) - осы сөзге тоқтасты. Мағаш пен Кәкітай бұл күндерде орысша кітаптарды (, әсіресе жеңіл тілмен жазылған романдарды) көп оқитын. (М. Ә.)
Сөйлемді айқындауыш мүшесімен бірге қазақшаға аударып жазыңдар.
ә) В первых числах июня, в праздник, Даша стала рано. (А. Н. Толстой). Он всеми силами души всегда желал одного - быть вполне хорошим. (Л. Толстой). Поезд мчал его на юг, к морю, увозя от сырой, дождливой осени. (Н. Островский).
5. Білімді бекіту.
IV деңгей. Тест жұмысы.
1. Өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөзді қандай мүше дейміз?
А) Айқындауыш мүше Д) Қосарлы айқындауыш
В) Оңашаланған айқындауыш Е) Жалпылауыш мүше
С) Бірыңғай мүше
2. Айқындауыштың неше түрі бар?
А) 3 В) 2 С) 4 Д) 5 Е) 6
3. Оңашаланған айқындауыш қандай сөйлем мүшесін айқындап тұр?
Сіз маған өз халқыңызды, қазақ халқын, сүюді үйреттіңіз.
А) Бастауыш В) Анықтауыш С) Толықтауыш Д) Баяндауыш Е) Пысықтауыш
4. Қайсысының арасына дефис қойылады?
А) Ақан сері В) әнші Әлия С) пәтер мұражай Д) Нүркен мұғалім Е) Әлкен ақсақал
5. Айқындауыш мүшенің белгісіне жатпайтынын табыңыз.
А) Бір сөзді заттық мағына жағынан айқындайды.
В) Айқындауыш мүшенің екі жағынан үтір қойылады.
С) Айқындауыш мүше сөйлемде сызықшамен ажыратылады.
Д) Сөйлем мүшелерін айқындайды.
Е) Сөйлем мүшесі бола алмайды.
6. Тыныс белгісі қате қойылған сөйлемді табыңыз.
А) Бізге, жастарға үлкендер зор сенім артады.
В) Төменде, таудың етегінде, сылдырап бұлақ ағып жатыр.
С) Ұстазым ертең, ұстаздар күніне, газет шығаруды тапсырды.
Д) Әкем кешке Ахмет ұстаға жолығуға кетті.
Е) Жанат достарына – Манат, Сәуле, Болатқа – хабарласуды жөн көрді.
6. Білімді бағалау.
Оқушыны психологиялық тұрғыдан бағалау.
№ Оқушының аты - жөні 
Ой өркендету 
Қиялын дамыту 
Есте сақтау қабілеті
7. Үй тапсырмасы.
79 - жаттығу. (нұсқау беру).
Рефлексия.
- Оқушылар, бүгінгі сабақ өздеріңе ұнады ма?
- Бүгінгі сабақта алған әсерлеріңді алдарыңдағы көңіл күйді білдіретін суреттермен (смайликтермен) көрсетіңдер.







Cабақтың тақырыбы: Топтау сан есім. Бөлшектік сан есім

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін  сөйлеу мәденеиетін арттыру.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу.

б) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздену

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану: Алтау ала болса ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса,төбедегі келеді.

Пәнаралық байланыс: математика,әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.                                              Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген тапсырманы тексеремін.Кеспе қағаздарды үлестіріп,жауап талап етемін.

1.Сан есім дегеніміз не?

2.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

3.Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

4.Дара сан есім дегеніміз не?

5.Күрделі сан есім дегеніміз не?

6.Есептік сан есім дегеніміз не?

7.Реттік сан есім қандай сұраққа жауап береді?

 

 б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Топтау сан есімдер заттың санын жекелеп емес,топтап көрсетеді де,нешеден? Қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс есептік жалғауы жалғану арқылы жасалады.Мысалы: екіден,жүзден,қырық-елуден,он-оннан,бес-алтыдан,үшеу-үшеуден т.б. Сөйтіп топтау сан есімдер дара түрде де(бестен,оннан т.б.) күрделі түрде де(жиырма бестен т.б.) қосарланған түрде де(укі-екіден,он-он бестен т.б.) қолданылады.

Бөлшектік сан есімдер заттың бөлшектік санын білдіреді.Бөлшектік сан есімдер,жай бөлшек және ондық бөлшек болып екі түрде қолданылады.Жай бөлшек сандар екі есептік сан есімнің бөлімі шығыс я ілік септікте алымы тәуелдік тұлғада жұмсалады,кейде тәуелдік жалғауы түсіріліп те айтылады.Мысалы: екіден бірін ал, үштің бірі, онның екісі немесе оннан екі т.б. Сол сияқты бөлшектік сан есімдер есептік сан есімге жарты,жарым,ширек сөздері тіркесіп келіп те жасалады. Мысалы: екі жарым,үш ширек.Ондық бөлшектік сан есімнің  бөлімі ондық,жүздік, мыңдық сияқты болып жасалады.Мысалы:екі бүтін үш ондық немесе екі бүтін оннан үш ( 12,3 ) бес бүтін төрт жүздік немесе бес бүтін  жүзден төрт (15,04)

 

Кітаппен жұмыс: 172-жаттығу. Берілген ессептік сан есімдерден топтау сан есімдерін жасап,оларды сөзбен жазады .  3,5,8,10,6,2,40,70,80,100,1000.

176-жаттығу, Цифрмен берілген бөлшектік сан есімдерді сөзбен жазады.

76,02, т.б.

 

Топпен жұмыс:Сөзбен берілген есептік сан есімдерден реттік,болжалдық және топтау сан есімдерін жасап жазады.

Екеуара жұмыс: Дәптерлеріне құрамында сан есімі бар мақал-мәтелдер жазғызамын.

Мысалы:                       Білекті бірді жығады

                                      Білімді мыңды жығады

 

Білімді бекіту:1. Топтау сан есім дегеніміз не?

 2: Қандай сұрақтарға жауап береді?

 3.Есептік сан есімнен қандай айырмашылығы бар?

 4.Жинақтық сан есімнің айырмашылығы неде?

5.Сан есім сөйлемде қандай қызмет атқарады?

 

Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:174-жаттығу.Сөйлемдерді жазып, сан есімдерді мағыналық түрлеріне,жасалу жолына қарай ажыратып жазып келуге беремін













САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Сан есімнің емлесі
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Сан есімнің емлесімен таныстыру.
1. БІЛІМДІЛІК: Сан есімнің емлесін меңгерту.
2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: оқушылардың жүйелі ойлауларын жетілдіру, ауызекі сөйлеу тілдерінің дамуына ықпал жасау.
3. ТӘРБИЕЛІК: өз тілін құрметтей білуге ықпал ету, бірін - бірі тыңдап, сыйлай білуге үйрету.
САБАҚ ТҮРІ: жаңа сабақ.
ӘДІС – ТӘСІЛДЕРІ: ой қозғау, іздену, шығармашылық, талдау.
КӨРНЕКІЛІГІ: оқулық, картотека, бағалау парғы
САБАҚ БАРЫСЫ:

1. Оқушылармен амандасу:
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Отырыңдар.
2. Назарларын сабаққа аудару
Жаңылтпашты оқу, қайталату
Бес түп алма
"Бестік "алғандікі.
Төрт түп алма
"Төрттік" алғандікі
"Төрттік"алған
Бес түп ала алмайды.
"Бестік"алған
Төрт түп алма ала алмайды
Ендеше сабақта «5» пен «4» деген баға алуға тырысайық.
Үйге: сан есімі бар мақал - мәтел жаттап келу
Өткен сабақты қайталау. Сан есім туралы
Жалғыз ойлану, жұппен сөйлесу, топпен сөйлесу, ұжыммен сөйлесу

1. Тақырыпты ашу.
Мысалдар арқылы: бесінші сынып, алты жаста, қырық - елу қой дегендегі сандарды сөздермен тіркестіріп қалай жазамыз?
- Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз қандай?
2. Сабаққа мақсат қою
3. Ережесін шығару
1 а) Жүз жиырма бір, он екі
б) 14 - ке толды, 12 - ден асты
2. а) 6 - орын, 3 - қатар
б) ІІ том, 2002 жыл
3. а) 10 - даған, 6 - ларда
б) 30 - 40 орын, 5 - 6 кітап
в) 10 шақты, 40 - қа таман
4. 2 жарым, 3 жарты
5. 10 - 10 - нан, 6 - 6 - дан
6. алты - алтау, екі - екеу

4. Оқулықпен жұмыс 178 - жаттығу. Тақтаға сөзбен жазылған сандарды цифрмен жазу. (жазылу емлесі бойынша)
5. Карточкамен жұмыс. Берілген сан есімдерді емле бойынша жаз.
1 - картотека.
Бесінші сынып, он төртке толды, екінші (рим цифрымен) том, екі - екіден бөлді
2 - картотека
Жиырма - отыз бала, сегізінші наурыз, елуге тарта
3 - картотека
Екі - екіден бөлді, алтыншы сабақ, жиырма бестен асты
4 - картотека
Екі мың он бесінші жыл, жетінші сынып, отыз алтыларда
5 – картотека
Он жетіге толы, бірінші (рим цифрымен) том, он алтынша желтоқсан
6 - картотека
Отызға таман, 6 - 7 оқушы, бес - бестен отырды
7 - картотека
Екі жарым, он шақты, бірінші орын







Тақырыбы:    Сан есімді қайталау  6-сынып

  1. I. Мақсаты:

Білімділік:              Сан есімнен алған білімдерін бақылау

Тәрбиелік:               Ұқыптылыққа, адамгершілікке, шапшаңдыққа, жинақы-

лыққа тәрбиелеу

Дамытушылық:      Сан есімнен алған білімдерін кеңейту, түйіндеу.

Сабақ түрі:              Қайталау,түйіндеу сабағы.

Әдіс- тәсілдер         Түсіндіру, топтастыру, тест, ойын, СКТ технологиясы,

«Миға шабуыл»

Көрнекі құралдар: Тест, мақал- мәтел, «Билер сөзі»,қима карточкалар.

Пәнаралық байланыс: Математика,әдебиет,шешендік өнер.

  1. Сабақтың барысы: Ой қозғау.

                                1.Морфология нені зерттейді?

2.Зат есім мен сын есім туралы есіңде не қалды?

3.Тұлғасы,құрамы, мағынасы дегенді қалай түсінесің?

4.Сан есімді оқу бізге не себепті қажет екен?

5.Сан есім құрамы мен мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

 « Миға шабуыл»

Тест сұрақтарын таратамын.  Әр топқа төрт сұрақтан аламын.

 1топ.Сан есім емлесіндегі қатені тап.           2 топ. Сан есімнің сұрағы?

А.5-сыныптың оқушысы.                    А.Кім?

В.5-ке оқиды.                                        В.Нешеу?

С.20-ға жуық.                                        С.Қалай?

Е.XXI-ғасыр.                                         Е.Қандай?

2.Бөлшектік сан есімді тап.                  2.Жинақтық сан есімді тап.

А.Тоқсан.                                                А.Үшеу.

В.Отызға тарта.                                      В.Он үш.

С. Оннан екі.                                          С.Үшінші.

Е.Жетеу.                                                  Е.Үштен бір.

  1. 3.  Дара сан есім?                                         3.Есептік сан есімнің сұрағы?

А.Он бес.                                                     А.Нешеден?

В. Мың.                                                       В.Нешінші?

С.Тоқсан тоғыз.                                          С.Неше?

Е.Он бір.                                                      Е.Нешеу?

4.Сан есімнің мағыналық түрі нешеу?    4.Сан есімнің құрамы қанша?

А. 5                                                               А.2

В. 2                                                               В.3







Сабақ тақырыбы: Сан есімді қайталау. Саяхат сабақ.

Сабақтың білімдік мақсаты: оқушылардың сан есім туралы білімін тиянақтау, дамыту, мағыналық, құрамдық түрлерін жете талдап, түсінуге көмектесу.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды тарихын, ұлттық салт-дәстүрлерін білуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Дұрыс, сауатты жазуға дағдыландыру, тапқырлық, тиянақтылық, ізденімпаздық, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету, сөздік қорын молайту, мәдениетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақ көрнекілігі: слайдтар, кесте, үлестірме қағаздар, тест жұмысы.

Сабақ әдіс-тәсілдері: ұжымдық, топтық жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО стратегиялары, ой-толғаныс, тест жұмысы.

Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, оқушылардың сабаққа қатынасуын тексеру.

Сабақ барысы:

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше – саяхат сабақ. Алматы – Астанаға саяхат жасау барысында біз еліміздің көрнекті жерлерін аралаумен қатар, өз білімімізді сынға сала аламыз. Ал, олай болса, сәт сапар балалар!

 

Алматы → Ақши елді мекені → Айдарлы → Бурыл Байтал → Балқаш → Ақсу → Аюлы елді мекені → Қарағанды → Астана

1. Ақши елді мекені аялдамасы.

Сұрақтар:

Сан есім қандай сөз табы, сұрақтары қандай, мысалдар келтір.

Сан есімнің құрамдық түрлері, мысалдар келтір.

Мағыналық түрлері нешеу, аттарын ата.

Есептік сан есім дегеніміз не?

Реттік сан есімнің жұрнақтарын ата.

Топтау сан есімдер қалай жасалады?

Жинақтық сан есімнің ерекшелігі қандай?

Бөлшектік сан есімдердің қолданылатын сөздері.

 

2.Айдарлы елді мекені аялдамасы.

Үй тапсырмасы «Сан есім туралы» эссе не ой-толғаныс жазу тапсырылған болатын. Ал, кім орындап келді?

 

3. Бурыл Байтал елді мекені аялдамасы.

Оқушылар, сіздер сан есімдерді барлығын білесіңдер. Сол сандардың арасында «киелі, қасиетті» сандар бар. Сол сандарды атап көрейік

7, 40, 9, 3, жүз, жұма, сәрсенбі күндері. Осы сандарға байланысты салт-дәстүрлерді атау.

 

4. Балқаш қаласы аялдамасы.

Ішінде сан есімі бар мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, өлеңдер ойлап табу.

 

5. Ақсу-Аюлы елді мекені аялдамасы.

Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Емлеге сай жазылмаған сан есімді тап.

а) 9-сынып в) XXI ғ с) 8-ге таман д) 7-қазан

 

2. Топтау сан есімді тап.

а) қырық-отыз в) жетпістеген с) 23-тен д) 20-лап

 

3. Сан есім түрін анықтаңыз.

Атадан алтау, анадан төртеу жалғыздық көрер жерім жоқ.

а) жинақтықв) реттікс) топтау д)болжалдық

 

4. «Ау» жұрнағы жалғанатын сан есімді көрсетіңіз.

а) 4в) 3 с) 6 д) 7

 

5. Сан есімнің мағынасына қарай бөліну санын көрсетіңіз.

а) 4в) 7 с) 6 д) 5

 

6. Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз.

а) 30-дай в) 5⁄10с) 100-деген д) мұным, менің

7. Дара сан есімді көрсет

а) 17в) 1900 с) 10 д) оқы

 

8. Болжалдық сан есімнің жұрнақтары қайсы?

а) –дан, -ден в) –дай, -дей с) –ау, -еу д) –лар, -лер

 

9. Реттік сан есімнің жұрнағын тап

а) –ыншы, -інші в) –ау, -еу с) –тан, -тен д) –дай, -дей

 

10. Есептік сан есімді тап.

а) бір в) біреу с) жүздеп д) бесеудей

 

Жауаптары:

1. Д 6. В

2. С 7. С

3. А 8. В

4. С 9. А

5. С 10. А

 

6. Қарағанды қаласы аялдамасы.

Сандар сөйлейді.

1991, 20, 12, 7, 30, 40, 1894-1938, 2011

 

7. Астана қаласы аялдамасы.

Сөйлемдер жазу.

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Алматы метросы іске қосылды. Бұл құрылыс 1988 жылы басталған еді. Метро қазір жеті бекеттен тұрады. Әр вагонға 173 адам сияды. Әр тәулікте 30-40 мың адам тасымалдайды.

Есте сақтау.

Слайдтан 5 сөйлем оқып, есте сақтап, дәптерге жазу. 5 минут уақыт беріліп, жазып болған соң, оқытып тексеру.

8. Қорытынды.

Оқушылардың білімін бағалау.

Үй тапсырмасын беру. Тақырыбы: Сан есімнің емлесі.





Білімділік мақсаты: оқшау сөздер, оның түрлері туралы ұғымды меңгерту, 

                                   өздігінен талдату арқылы қорытынды шығарту

Дамытушылық мақсаты:оқушылардың логикалық ойлау әдістерін қалыптастыру,

                                  ой қорытындысын жасай білуге баулу,өз бетінше талдау  

                                  дағдысын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, ұлтжандылыққа, ана тілін қастерлеуге 

                                 тәрбиелеу.

Түрі: жаңа материалды оқып үйрену сабағы

Әдісі: талдау, ізденіс, деңгейлік тапсырмалар, сатылай кешенді талдау.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар

Сабақ барысы:

І . Ұйымдастыру.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау

1.Сөйлемнің айқындауыш мүшелері дегеніміз не?

2.Айқындауыш мүшелердің түрлері қандай?

3.Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не?

ІІІ.Жаңа сабақ

Өзге тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық!

Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда

Ана тілің жасау керек мәңгілік!- деп бүгінгі сабағымызды қоғам қайраткері, ақын М. Шахановтың  туған тілімізді қадірлеуге , қастерлеуге шақыратын өнегеге толы өлеңімен  бастайық.

 Мағынаны тану.  («Оқшау» дегенді қалай түсінесіңдер?)

                  «Адасқан сөздер» 

( сөздерді орнына қойып, сөйлемнің мағынасын айту)

1  сынақ ертең  оқушылар болады

 2. келмейтін сірә бүгін ол шығар

 3. шіркіннің па дауысын-ай

                   Оқшау сөздердің белгілері:

     1)Сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды

     2)Өзге сөздермен байланысқа түспейді

    3) Сөйлем ішінде жеке тұрады, тыныс белгісі арқылы ажыратылады.

 

Қаратпа сөздер –                              Қыстырма сөздер -              Одағай сөздер -

тыңдаушының назарын                  сөйлеушінің айтылған        айтушының көңіл- күйін,

аудару үшін қолданылады              пікірге әр түрлі  

                                                          көзқарасын білдіреді        сезімін білдіру үшін

                                                                                                          қолданылады

1. «Бар білім-кітапта»  Оқулықпен жұмыс. 67-жаттығу. 

2. Сәйкестендіру 

1. Пәлі, шіркін, бәрекелді, моһ-моһ, әттеген-ай!       қыстырма

2. Қарағым, балам, айналайын, Ботагөз.                    одағай

3. Әрине, меніңше, әуелі, сөйтіп , шынында.             Қаратпа

 

3. Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей Оқшау сөздердің астын сыз, тыныс белгісін қой, түріне ажырат

-Уа,Жиренше анау қаңбақ қайдан келеді,қайда барады екен? Пай-пай Көріңде өкіргір Қожекем-ай! Қатал едің жарықтық. Сізге бәлкім бұл таныс болмас. Сіздің халық-ақын халық менің ойымша. Жә көрген-білгеніңді тез айт! Біріншіден сөзде тұру керек.

ІІ деңгей. Берілген сызба арқылы көрсетілген оқшау сөзді қатыстырып сөйлем құрастыру.

1.-----------------------, ақсақал.

2.-----------------------, қап!

3.-----------------------, сірә,----------------------.

               

 ІІІ деңгей. 

Оқшау сөздерді қатыстырып, «Егін даласында» әңгіме құрау.

 

4. «Кім тапқыр?» оқшау сөздерді табу, түріне ажырту,қай шығармадан алынғанын айту.

1. Ана керек, о адамдар,ана керек адамға,

       Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда ( Т.Айбергенов «Ана»)

2. –Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?

Атармын аққу құсты қалай ғана?!  ( М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»)

3. –Бұрынғыдан мұнысы қиын боды, Ойбай, уәзір, ақыл тап, қайттік?

4. –Е,шырағым, жасым секесенге келгенде, біреудің қанын жүктеп не қылайын? ( Мадан ханның шешсінің сөзі)

5. –Сөйлестім, тақсыр! Өзімді сөгіп салды,-деп жауап берді ( Жиреншенің сөзі)

6. –Апырмай-ай, менің наубайдың баласы екенімді қайдан білдің? ( Мадан ханның сөзі)

7. Махамбеттің қай өлеңі оқшау сөзден басталады? ( «Қызғыш құс»)

8. Ы.Алтынсариннің қай өлеңінде қаратпа сөз бар? («Кел, балар, оқылық»)

 

5. Талдау-табыс кілті ( сөйлем талдау)

 1. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау. Бастауыштарын қаратпа сөзге айналдыру, тыныс белгісін қою

 1) Түс ауа үйге Рахат келді.

2) Сәуле апай атайдың айтқанын жазып алды.

3) Жолдастар келер ұрпақ жыр етер ұлы науқанды бастағалы тұр.

    Жолдастар- сатылай кешенді талдау ( фонологиялық талдау)

 

2. Қыстырма сөздерді тиісті орнына қою

   1) ----------------, темір жолға тіке тартқан жөн бе деймін

  2) ------------------, Шеген хатты сирек жазады.

  3) Бүгін,-------------, қоймаға он жеті арба тары кетті. 

            Қоймаға- математикалық-фонетикалық талдау

 

3.Берілген сөйлемдердегі одағайлардың астын сыз.

1) –Пәлі! Ақын ғой мынауың!-деді Қоржынбай.

2) Туу, сізде шақпақ барын мүлде ұмытып кеткем ғой!

3) –Әттеген-ай, оғы құрғыр да жоқ болды-ау!-деді Отар назаланып.

Ақын-лексика-грамматикалық талдау

 

6.Семантикалық карта.

 

Мысалдары

                               Түрлері Қаратпа сөз Одағай сөз Қыстырма сөз

Байғұс – ау, саған не болған? +

«Қош бол,  Қараой» +

Аға, бұл кімнің аты? +

Хан, әрине, ғажайып мешіт салу, хан жарлығынан, не ұзақ өмір сүруден емес, адам көңіл күйінің шаттануынан, не үлкен арманнан туатынын білген жоқ +

Әйтеуір, осы қос аққуын көрсе, сол сәтте Берке хан бәрін ұмытатын +

Ү. Бекіту. Графикалық диктант

Оқшау сөздерді белгілеу

Ү.Қорытынды  Сұрақтар:

1. Оқшау сөздер дегеніміз не?

2. Оқшау сөздер түрлері қандай?

3. Оқшау сөздердің белгілері?

 

ҮІ. Бағалау: 

ҮІІ.Үйге тапсырма: 

1 тапсырма. 68 – жаттығу

2 тапсырма: М.Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы» әңгімесінен оқшау сөздерге сөйлем тауып жазу

















Қазақ тілінен сабақ жоспары "Сөйлемнің бірыңғай мүшелері"
  • Другое
Описание:

Сабақ мақсаты: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы түсіндіру.

Сөйлем мүшелерінен алған білімдерін ұштау, тіл байлықтарын жетілдіру.
Алынған, оқыған көркем шығармадан кейін туған жер, қоғам туралы өзіндік пікір қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабаққа қосымша:
Туған жер тақырыбына арналған плакаттар
Сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне схемалар
Үлестірме қағаздар
Пайдаланылған әдебиеттер: «Қазақ тілі» оқулығы 8 - сынып
Ә. Исабаев «Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері»

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
(психологиялық дайындық)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
Бастауыш дегеніміз не?
Баяндауыш дегеніміз қандай мүше?
Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш дегеніміз не?
Шығармаларын оқу
Мысал келтіру. Сөйлем талдау

Автор Танатарова Жупар Тилеповна
Дата добавления 02.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров 2521
Номер материала MA-062902
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓