Инфоурок Другое КонспектыҚазақ тілінен сабақ жоспары "Пысықтауыш"

Қазақ тілінен сабақ жоспары "Пысықтауыш"

Скачать материал

Күні: 17.11.15                          Сынып: 6                         Пәні: қазақ әдебиеті
Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Мен кім?» өлеңі
Мақсаты:
а) Білімділік: оқушыларға бүкіл өмірін Алашына арнаған ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім?» өлеңінің мазмұны мен идеясын меңгерту;
ә) Дамытушылық: оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыта отырып, ой - өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу;
б) Тәрбиелік: оқушыларға ақынның қаламынан туған «Мен кім?» өлеңінің мазмұнын талдата отырып, оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды жетілдіру, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Проблемалы іздендіру, практикалық, үлгілеу, индукция, анализ, синтез, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: Сандық суреті. Мағжан Жұмабаев суреті, слайд, интербелсенді тақта.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, олардың ынта - зейінін сабаққа аудару. Үш топқа бөлу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.

Мұғалімнің сөзі:
Әдебиетіміздің үлкен тұлғасы, сыршыл өлең сөздің бәйге бермес шабандозы Мағжан Жұмабаев ұзақ жылдардан соң алды кең, тынысы еркін, адамгершілігі мол бетбұрыс заманының есігін айқара ашып, ортамызға оралды....
1. Мағжан кім? (интерактивті тақтамен жұмыс)
2. Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі» өлеңін жаттау

Жаңа сабақ.
І. Қызығыушылықты ояту кезеңі
Мотивация: Тақтаға аузында құлып салынған сандық суреті ілінеді. Үстіне Мен кім? деп тақырып жазылады.
Сұрақ: Балалар сандық суреті салынған суретке қарап, сабақтың мақсатын қояды. Мен кім? шығармасы біз үшін аузы жабық сандық тәрізді. Біз бұл шығарманың сыртқы формасы мен ішкі мазмұнын ашуымыз керек.
Интербелсенді тақтадан М. Жұмабаевтың: «Адам - шын адам болам десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін» деген сөзін оқимыз. Бұл кімнің сөзі?
Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Мағжан Жұмабаевқа арналады. Өткен сабақта, «Қазақ тілі» өлеңін талдағанбыз. Бүгін «Мен кім?» өлеңін талдаймыз.
І. 3 - 4 оқушы мәнерлеп оқиды. Жақсы оқыған оқушыны мақтап отыру.
ІІ. 3 топқа бөлу. Зерттеушілер ретінде жұмыс істейді. Топ басшылары бағалау парағына топ мүшелерінің білімін бағалап отырады.
1 - топ. Әдебиеттанушылар. Жанр мен тегін анықтайды.
(Эпикалық жанр болса сюжеттік талдау, ал поэзия болса өлең құрылысына талдайды, композициялық құрылымын, сыртқы формасын зерттейді)
2 - топ. Лингвистер (Автор стилін тексереді. Көркемдегіш құралдарды қарастырады)
3 - топ. Қоғамтанушылар. (Шығарманың тақырыбы мен идеясын ашады)
Олар жұмыстарын болған соң, тақтаға шығып, қорғайды.
1 - топ. Әдебиеттанушылар.
Шығарма тегі. Лирика, жанр, өлең. Өлең құрлысы: Шумақ, бунақ. Ұйқас, тармақ т. б.
2 - топ. Лингвистер. Метафора: Арыстанмын, жолбарыспын, жалынмын, теңізбін, желмін.
Эпитет: қаракөк теңіз, гулеген жел, теңізбін түбі жоқ.
Инверсия: жалынмын мен, тұлпармын мен, теңізбін қаракөк, желмін гулеген.
Риторикалы сұраулы сөйлем: - кім шыдар?
ІІІ. Шығармашылық тапсырма:
1 - топ. Осы шығарманың идеясына сәйкес мақал - мәтел, фразеологизм жаз.
2 - топ. 5 жол өлең жаз.
3 - топ. Эссе жаз.

Сергіту сәті. «Қара жорға» биі.
Рефлекция. Балалар, сендер қоғамның бір мүшесісіңдер. Қоғам адамнан құралады. Әр адамның қоғамда белгілі орны болуы тиіс. Әр адам өзіне «Мен кім?» деген сұрақ қойып, еліне, Отанының дамуына қандай үлесі бар екенін білуі тиіс.
Ендеше, сендер өздерің «Мен кім?» деген тақырыпқа шағын мәтін жазыңдар.

Үйге тапсырма: Балалар, үйде М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңін талдап, бүгінгі тақырыппен «Венн диаграммасына сала отырып салыстырмалы анализ жазып келу.
Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні: 17.11.15                              Сыныбы: 6                             Пәні: әдебиет

Сабақтың тақырыбы

М. Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар, орта мерзімдік жоспар, оқулық. Мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО стратегиясы, 6- сынып оқулығы

Жалпы мақсаты

Оқушыларға бүкіл өмірін Алашына арнаған ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, өлеңдерінің мазмұны мен идеясын меңгерту. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыта отырып, ой - өрісін дамыту, шығармашылық қа баулу. Оқушыларға ақынның қаламынан туған «Мен кім?», «Қазақ тілі» өлеңдерінің мазмұнын талдата отырып, оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды жетілдіру, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу

Оқыту нәтижесі

Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдері кеңейеді, өлеңді мәнерлеп оқу, талдау дағдылары қалыптасады

Оқыту формасы

Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу

Оқуда қолданылатын модульдер мен әдістер

Сұрақ- жауап (диалогтік оқыту), топтастыру, топтағы белсенді әрекетті дамыту үшін (сыни тұрғыдан ойлау), бақылау, (оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау), жеке тапсырма, (талантты және дарынды балаларды оқыту)

Құрал – жабдықтар

Оқулық, стикерлер, көрнекі құралдар

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1 кезең

Ұйымдастыру 2 мин

Үй тапсырмасын тексеру 5мин

Қызығушылықты ояту

«Шаттық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы тілектер тілеу арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру

Топтастыру

А.Байтұрсынұлы

2. «Қара бұлт» өлеңін жаттау
3. «
Анама хат» мәнерлеп оқу

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілеу арқылы амандасады.

Үй жұмысын орындау. Қосымша сұрақтарға жауап береді

2 кезең

Қызығушылықты ояту

3 мин



Мағынаны тану 20 мин (жаңа сабақ бойынша тапсырмалар, сергіту сәті 2 мин)

«Ой қозғау» стратегиясы

- Балалар, бүгін біз сендермен ақын Мағжан Жұмабаевпен және оның «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдерімен танысамыз.

Таныспас бұрын осы ақын жайында кім не біледі?

Білу 

Жұптық жұмыс

1.М. Жұмабаев өмірі мен шығармашылығы

2.Қосымша мәліметтер

3. «Қазақ тілі» өлеңін мәнерлеп оқыту.

«Блумның сұрақ қою өлшемі»

Білім бойынша: Өлеңнің негізгі тақырыбы не?

Түсіну: Ақынды толғандырған тіл тағдыры екеніне көз жеткіз

Қолдану: Бұл өлеңнің бүгінгі күндегі маңыздылығы неде?

Талдау: Ана тілінің келешегіне деген ақын сенімі мен үмітінің өміршеңдігін дәлелдеп көріңдер.

Жинақтау: Мемлекеттік тіл туралы сұхбат жүргізу.

Баға: Өлең мазмұны сендерге қалай әсер етті?

- Өте жақсы, ал енді тілге байланысты мақал – мәтел айтып көрейікші.

4. «Мен кім?» өлеңін мәнерлеп оқып, өлеңдегі жалынды сөздерге мән беріңдер

-Арыстан, жолбарыс, күн, жалын сөздерінің нені, қандай қасиетті бейнелейтінін айтыңдар.

5. Ақындық тұлға немесе лирикалық қаһарман туралы

Түсіну

-Ұлт деген сөзді қалай түсінеміз?

-Тілі, діні, жері, мәдениеті бір адамдар тобы.

«Табиғаттың өз тілі бар» дегенге сенетін, қазақ әдебиетіне ғажап өнерін алып келген дара ақынның өлеңіне тоқталу.

1.Мәнерлеп оқу

2.Өлеңнің өміршеңдігі

Сұраққа жауап бере отырып, ақынның мақсаты атадан қалған асыл мұра сөз өнерін ұрпаққа жеткізу екенін айта отырып, ақын осыдан 100 жыл бұрын көтерген тіл мәселесі туралы айта келе ана тілінің келешегіне деген ақын сенімі, үмітінің өміршеңдігін дәлелдейді

Қолдану

3.Сөздік жұмысы

Ерікке ұмтылған – тәуелсіздікке

Ұшқыр жаны кісенде – қазақ тілі тәуелді

Қос қанат — көне тіл, баба тіл

Нұрлы жұлдыз – жарық сәуле

Салыстыру.

«Шығамын тірі болсам адам болып» «Мен кім?»

Екі ақынның ой-арманының үндестігін табу.

Талдау Топтық жұмыс (талдау)

4 шумақ, 16 тармақ, 3 бунақ,11, 12 буынды қара өлең ұйқасы

Эпитет – Алтын күн (Нұрлы жұлдыз)

Ұшқыр жаны,қыран құс, жауыз тағдыр.

Тіл – Аманат – Өсиет – Парыз.

Тапсырма

1.Қазақ тілі жайлы өлең оқу

2.Мақал-мәтел айту

3.Жұмбақ жасыру

4.Даналық сөздер

Жинақтау«Бабам тілі — мәңгілік» атты тақырып бойынша ақын ойына өз пікірлеріңмен үлес қосыңдар. (шағын мәтін жазу)

Бағалау

-Мәуелі бәйтерек қай кезде жеміс береді?

(ел еңбегін бағалап, ұрпағы мақтан еткен кезде)

Синтездеу  кезеңі: Ақындық тұлға немесе лирикалық қаһарман

Оқушылар жұптасып, топқа бөлінеді. Бір- біріне сұрақтар қою арқылы және әр түрлі тапсырмалар арқылы жаңа тақырыпты меңгеріп отырады.



3 кезең

Сабақты бекіту 5 мин

Ой толғаныс Не білдік?

Мағжан Жұмабаев кім?

Шығармаларын атаңдар.

Белсенділік таныту. Жинаған білімдерін қолдану

Бағалау 3 мин

Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Бақылаушылар формативтік баға қояды.

Үйге тапсырма 2 мин

«Қазақ тілі» өлеңін жаттау

«Мен кім?» өлеңін мәнерлеп оқу

«Ана тілі — ардағым» тақырыбында шағын шығарма жазу

Рефлексия 3 мин





Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ақын өмірі, өлеңдерінің тақырыбы, мақсаты, тарихы туралы мәлімет беру, жаңа қырынан таныту, қосымша мәліметтер беру, өлеңге талдау жасау.
Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа, батылдыққа, туған елін, жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Қосымша деректерді пайдалану, танымдық, шығармашылық ізденіске жетелеу, өз ойларын еркін айтуға, әдеби көркем тілмен сөйлеуге дағдыландыру.
Сабақ түрі: Жаңа білімді игерту.
Әдісі: ой толғау, шығармашылық жұмыстар, топтық жұмыс, өлең құрылысына талдау, мәнерлеп оқу, топтастыру.
Көрнекілігі: слайд, ердің бес қаруы, хан тағы, ақынның «Жұмыр қылыш» күйі.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, саз өнері пәні.

Сабақ барысы
Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу. Зейіндерін шоғырландыру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
- Балалар, біз сендермен Ислам дәуіріндегі әдебиет және сол кезеңдегі әдебиет өкілдері, олардың туындыларымен танысып, толықтай бекіттік. Енді бүгін ХІХ ғасыр әдебиетінің ірі өкілі, дауылды жылдардың жалынды жыршысы болған Махамбет Өтемісұлының өмірімен, азаттық идея мен азаматтық үнге толы, нағыз ерлік жыры «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңімен танысамыз.
Сабағымыздың эпиграфы ретінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Махамбет – ұлттық тұлға, оның батырлығын, ақындығын, күйшілігін, азаматтық жолындағы күрескерлігін болашақ ұрпақтың санасына сіңетіндей етіп кеңірек дәріптеу керек” деген пікірін алып отырмыз.

І тапсырма: «Топтастыру стратегиясы»
Әр топқа төмендегідей кестелер таратылады. Толтырып болғаннан кейін әр топтың спикері өз кестелерін қорғайды.
1) Махамбет Өтемісұлы кім?.......
2) Махамбет жырлары………
3) Махамбеттің айналасындағы адамдар………….

ІІ «Миға шабуыл» стратегиясы. Қызығушылықты ояту. «Ой қозғар» әдісі.
Интерактивті тақтадан 5 - 7 сыныптарда өткен ақын өлеңдерінен үзінділер келтіріледі, оқушылар соны естеріне түсіріп, жатқа мәнерлеп оқып береді.
«Жалғыздық»- Венера, «Қызғыш құс»- Ажар, «Мұңайма»- Исмайыл, «Ай астында...»- Айтжан.

ІІІ Көрініс.
Сарайда отырған Жәңгір хан. Айналасында Баймағамбет сұлтан, сарайдың билері, уәзірлері, т. б.
Жәңгір хан Махамбетті шақырып:
- Ау, Махамбет! Арамыздан шыққан от ауызды, орақ тілді ақын емессің бе? Жырла мені мақтап мына жұртқа.
Махамбет:
- Айтсам айтармын хан Жәңгір, жұртқа жасаған ісіңді. Қарапайым халықтың ақысын жеп, табаныңа таптамадың ба мына жұртты? –
Хан емессің қасқырсың,
Қас албасты басқарсың.
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын.
Хан емессің аянсың,
Айыр құйрық шаянсың, - деп айта бергенде Жәңгір хан:
- Тоқтат! Жетеді енді!

Мұғалім: Балалар, осы көрініс арқылы Махамбеттің бойынан қандай қасиеттерді байқаймыз?
Балалардың жауабы.

Мұғалім: Махамбет – халқын сүйген, халық мұңын жырлаған, елім деп еңіреген ақын. Махамбет поэзиясы - өз дәуірінің, сол кездегі қанауға қарсы көтерілген шаруалар көтерілісінің айқын үні. Отанын сүйген патриот - өлеңдерін көпшілік мүддесі үшін жұмсаған, еңбекші шаруалардың жыршысына айналған. Бүгінгі қарастырғалы отырған «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі осыған дәлел болады.

 

 

Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік:
 Махамбет өлеңдері отаршылдыққа қарсы көтерілістің айнасы екендігін оқушы санасына жеткізу, өлеңдерінің мазмұны мен маңызын ашу, Махамбет – дауылпаз ақын, күйші екенің түсіндіру. 
Дамытушылық: Махамбет шығармашылығының тарихи негіздері туралыоқытушылардың білімдерін арттыру, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру. 
Тәрбиелік: Өз туған жерін Отанын сүюге тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру 
18 ғасырдың 2 жартысы мен 19 ғасырдың 1 жартысында Қазақстанда отарлау саясаты жүрді. 19 ғасыр қазақ елі түгелдей Ресей отарына айналды. Алайда, қазақ халқы, оның ел үшін еңіреп туған ерлері отарлық қысымдарға оңайлықпен бас ие берген жоқ. 
Сабақтың көрнекілігі: Махамбет суреті, тест, тірексызбалар, күй. 
Сабақтың типі: Жаңа сабақ 
Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу. 
Пән аралық байланыс: Тарих, музыка. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастырыу кезеңі: Сәлемдесу, жаңа сабаққа назарларын аудару. 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Тест алу, жаттау сұрау. Жауап кілті тақтаға ілініп тексеріледі, оқушылар бірін – бірі бағалайды, жұптық жұмыс. 

Тест 

1.1818-1881 жылдарда өмір сүрген,патшалы Ресейдің ел билеу жүйесін қатты сынаған реалист ақынды ата. 

А) Дулат Бабатайұлы в)Шортанбай Қанайұлы с)Жиембет жырау. 

2. «Жаңа низам» заңы қай жылы шықты? 

А) 1865 в) 1868 с) 1860 

3. Әуелі қорлар зор болды, Сондағы зорлар қор болды – қай өлеңнен алған үзінді? 

А) «Бір насихат айтайын» В) «Жарлының жаны берік – ті» С) «Қалықтаған сұңқар елі» 

4. Заманда «Зар заман» деп атаған кім? 

А) Дулат в) Жиембет с) Шортанбай 

5. Қазақ даласының Ресейге бағынуы қанша жылға созылды? 

А) 120ж а) 130 ж с) 110ж 

6. Қай жылы Ресейдің қазақ даласын билеу жөніндегі жаңа заңы шықты? 

А) 1822 в) 1820 с) 1819 

7. ХVII ғасырдың аяғында отаршылдыққа қарсы шыққан курескер кім? 

А) Сырым Датұлы в) Махамбет с) Кенесары 

8. «Кенесары - Наурызбай» атты тарихи дастанның авторы ? 

А) Нысанбай жырау в) Шернияз с) Шөже

9. ХІХ ғасырдың 30 – 40 жылдарында отаршылдыққа қарсы шыққан шаруалар көтерілісін бастаған кімдер? 

А) Кенесары в) Махамбет – Исатай с) Сырым 

10. Қазақ поэзиясында күресшілдік бағытты нығайтқан дауылпаз ақынды ата? 

А) Шөже в) Шортанбай с) Махамбет 

Жаңа сабақ: Сабақ жоспары: 1. Тест жұмысы. 
2. Жаңа сабақ. 
3. Махамбет – батыр. 
4. Махамбет – дауылпаз ақын. 
5. Махамбет – күйші. 
6. Шығармашылық жұмыс. 
7. Поэзия минуты. 
8. Қорытынды. 
9. Үйге тапсырма. 
10. Бағалау. 
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып, тақтадағы плакатқа түсірілген тірек кесте бойынша Махамбеттің ерлікке, елдікке шақыратын және Исатайға арналған өлеңдеріне тоқталамын. 

Махамбет Өтемісұлының өлеңдері. 


Ерлікке, елдікке шақыратын                 Исатайға арналған 


«Мұнар күн»                                                «И. деген ағам бар» 
«Ұлы арман»                                               «Арғымаққа оқ тиді» 
«Біртіндеп садақ                                         «Тарланым», «Соғыс» 
асынбай»                                                     «Мінген ер», «Мінгені 
«Ереуіл атқа ер                                             И-дың Ақтабан-ай» 
салмай»                                                        «Исатай сөзі» 
«Жалғыз дүние»                                           «Арыстан одан кім 
«О, Нарын!»                                                  өткен?» 


Өлеңдерінің тақырыбы: Ел, Халық жайы, Замана, Адам, Ерлік. 
Түр жаңалықтары: Шұбыртпалы ұйқас, Аралас ұйқас, Кезекті ұйқас. 


Махамбет өлеңдерінде қолданылатын сөздер : Жер – су атаулары, Туыстық атаулары, Қару – жарақ атаулары, Қоғамдық – әкімшілік мәнге ие атаулар, Кірме сөздер, Ерекше сөздер, Сөз тіркестері 
Шаруалар көтерілісі шығу себептері мыналар: Отаршыл патша өкіметі кедейлердің жерін күшпен тартып алып, сұлтан – билерге таратып берді. Оның үстіне шаруаларға алым – салықты да көбейтті. Ел еркінен айрылып, күйзелген үстіне күйзеле берді. Халық ереуіл атқа ер салды. Ол көтерілісті Исатай мен Махамбет басқарды. Махамбет поэзиясы ереуілге шыққан халықтың құдіретті үні болды. Исатай мен Махамбеттің ойлағаны өздерінің қара басының қамы емес, «қара қазан, сары бала қамы» үшін қылыш сермеді. Олар ел үшін «әділ жаннан түңіліп», қанды жорыққа атанды 
1. Оқулықпен «Ереуіл атқа ер салмай» өліңін мәнерлеп оқып, идеясын ашайық 
2. Өлең құрылысына қарай талдау. 

Сөздікпен жұмыс: 
Тебінгі – ер тұрман құрамына қатысты әбзелдердің бірі. 
Терлігі – Тоқымның астына салатын, қойдың жабағы жүнінен тер сіңіру үшін жасалатын киіздің бір түрі. 
Қу толағай – түгі жоқ, жап – жалаңаш. 
3. Көркемдік ерекшелігін тап. 
Міне балалар! 
Махамбет – дауылпаз ақын! 
Махамбет – күйші 
1. Жайық асу 
2. Жауға шапқан 
4.Поэзия минуты 
Махамбет шығармаларын жатқа оқу 
5.Орнын тап. 
Махамбет өмір сүрген жылдардағы жағдай? 
Бекіту: 1) Махамбет кім? 
а) батыр ә) Дауылпаз ақын б) кұйші в) аруақты ер 
2. Махамбет туралы жазылған шығармалардан үзінді оқу. 
Үйге: «Ереуіл атқа ер салмай» жаттау 
Ой толғай «Махамбет рухымен сырласу» 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні: 17.11.15                               Пәні: әдебиет                             Сыныбы: 8

Тақырыбы: «Өр рухты ақын» М. Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты: Махамбет Өтемісұлының өмірі, шығармашылығынан мәлімет беру. Тарихи деректер мен тарихшы ғалымдардың пікірлерін оқушы санасына қалыптастыру.
Білімдік мақсаты: ақын өмірі, шығармашылығы, ерлік істері, тарихи жағдай туралы білімін актуалдандыру, ақпаратты қысқа да, нұсқа тұжырымдау;
Дамытушылық мақсаты: Қосымша деректерді дұрыс қолдана білуге, шығармашылық ізденіске жетелеу, көркем тілмен сөйлеуге дағдыландыру
Тәрбиелік мақсаты: елін, жерін сүйе білуге, ерлікке тәрбиелеу
Түрі: жаңа білімді игеру
Әдісі: ой қозғау, тыңдалым, мағынаны тану, сұрақ — жауап, рефлексия: бес жолды өлең.
Көрнекілік: интербелсенді тақта, суреттер, слайд, тірек — сызба
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
ІІ. “Қызығушылығын ояту” сабақты болжап табу.
ІІІ. Жаңа сабақ
Ақын өмірінен деректер “Өмір — дерек” видеоролик
ІҮ. Мағынаны тану
Ақпараттық (М. Өтемісұлының шығармашылығымен жұмыс)
Ү. Рефлекция
(Бес жолды өлең құрастыру)
ҮІ. Үйге тапсырма
ҮІІ. Бағалау
І. Ұйымдастыру
(Балалардың сабаққа қатысымын, дайындығын тексеру)
ІІ. Қызығушылығын ояту
Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйін тыңдату арқылы сабақ тақырыбын болжап табу. Оқушыларға қосымша көмектер беру:

Батыс Қазақстан тумасы
Көтеріліс басшысы, ақын.
Нарын құмында туған.

Сабақ тақырыбын анықтаған соң, күннің жадын, жаңа тақырыпты тақтаға жазу.

«Махамбет — қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі… Махамбет жырлары — өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні.”

• Мұхтар Әуезов
Үш бөлікке бөлінген графаны слайдпен көрсету.

Не білемін?

Білгім келеді…

Не білдім?

Балалар дәптерлеріне кестені сызады. Толтыру
Бүгін Махамбет Өтемісұлының өмірі және шығармашылығы туралы танысамыз. Махамбет ақын туралы біз төменгі сыныптардан білеміз. Қазір сендер сызған кестені толтырыңдар. Білемін деген бағанға батыр туралы өздерің білетін мәліметтерді толтырып жазыңдар. Білгім келеді деген бағанға нені білгілерің келетінін жазып шығыңдар. Не білдім? деген үшінші бағанды сабақтың соңында толтырасыңдар.

Не білгім келеді? Бойынша мұғалім келесі сабаққа қосымша дайындалып келеді.

Білемін деген бағанға оқушылар толтырады.Мысалы:
Туған жылы, жері. батыр, ақын
«Қызғыш құс» «Бағаналы терек
Ерлігі, күйшілігі туралы
ІІІ. Жаңа сабақ

«Атомдар мен малекулалар» ойыны бойынша сыныпты 2 топқа бөліп аламын. 
Ақын өмірінен деректер “Алып шаһар” видео ролигі көрсетіледі

Сынып 2 топта жұмыс жасайды. Тыңдалым материалдары бойынша әр топ бір-біріне 2-3 сұрақтан дайындайды.

ІҮ. Мағынаны тану
(Кітаппен жұмыс жасау)
1-топ: “Ереуіл атқа ер салмай…”
2-топ: ”Мұнар күн”

1-топқа тапсырма.
1) «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін мәнерлеп оқып,идеясын айт.
2) Өлеңнен сөз тіркестері мен көркемдегіш құралдарды тап.
Жауабы. 1.Мәнерлеп оқиды. Бұл өлеңде ақын тек халқына рух беріп,намысын қайрап, күреске шақырады.
2. Сөз тіркестері:ереуіл ат,егеулі найза,алты малта ас,тебінгі жер,түн қатып

2- топқа тапсырма.
1) «Мұнар күн» өлеңін мәнерлеп оқы.Өлеңде ақын не туралы айтқан?
2) Ақын өлеңдерінде жиі кездесетін сөздерді тап.
Жауабы. 1. Мәнерлеп оқиды.Ақынның Исатай өліміне арнаған мұң мен өкінішке толы элегиясы
2.Жиі кездесетін сөздер:мырза,ер,оқ,қылыш,дұшпан т.б

 

Қосымша мәлімет бере кету.

Махамбет Өтемісұлының шежіресі
Жаубасар  Құлмәлі Өтеміс Тоқтамыс Бекмағамбет Қожахмет Махамбет
Ысмайыл Досмайыл Сүлеймен Ыбырайым Әйіп Хасен

Махамбеттің күйлері
“Жайық асу” “Жауға шапқан” “Жұмыр қылыш” “Қайран нарын” “Өкініш”
Махамбеттің күйлерін орындап, халыққа жеткізіп жүрген күйші

Білім бекіту. Тексеруге арналған сұрақтар.
№1
1.Махамбет қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
2.Махамбет пен Жәңгірхан туралы не айтасың?

3.1828-1831ж. Не болды?
4.Хан жасағын кім бастаған?
5.Исатай жасағы кімнің ауылын шауып алып, кімнің ауылын ойрандайды?
6.Исатай қашан қайтыс болады?

7.1840ж. Махамбетті кімдер ұстап алғысы келеді?

 

Ү. Рефлекция «Бес жолды өлең»
1 — жол – тақырыптың атау
Зат есім –( 1сөз)
2 — жол – тақырыпты сипаттайтын сөз
Сын есім – (2 сөз)
3 — жол тақырып туралы қимылды білдіретін сөз
Етістік (3 сөз)
4 — жол — тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы
5 — жол — тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз бір сөз

Балалардың жазған бес жолды өлеңдерін оқыту

Сабақтың басындағы «не білдім?» графасын толтыру.

 

Мұғалім: Фариза Оңғарсынованың өлең жолымен сабағымды аяқтағым келеді.
Махамбет
Махамбет…
Білмеймін жел ме,сел ме
Жырда онымен бір тұлға теңесер ме?
Әділетсіз дүниенің қабырғасын
Махамбетше сөгер жан кездесер ме?

Сабық басында сызылған кестенің үшінші бөлімін толтырыу

ҮІ. Үйге тапсырма. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жаттау. Өмірі мен шығармашылығын оқу

ҮІІ. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып отқан топты ауызша бөліп айту және оқушыларды жеке-жеке бағалау.

 

 

Күні:                                                   Пәні: қазақ тілі                              Сыныбы: 8

Тақырыбы: Пысықтауыш

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Пысықтауыш туралы мағлұмат беру, тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдерін пысықтау, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, жаңа дағдысын қалыптастыру, өз бетінше пысықтауыштың жасалу жолдарын ажырата білуге дағыдыландыру, есте ұстау, ойлану қасиеттерін дамыту
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, жылдамдыққа, тілдік - эстетикалық сезімге тәрбиелеу
Сабақ түрі – Түрлендірілген аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, сын - тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері (семантикалық карта, Инсерт кестесі)
Сабақ көрнекілігі: кеспе қағаздар, плакат, ребус, сызбалар, буклет
Пәнаралық байланыс - әдебиет, математика
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру – оқушылармен амандасып, олардың сабаққа қатысуын тексеру
1. Жыл қайыру бойынша сұрақтарға жауап беру
1. Бастауыш дегеніміз не? Басқа сөз таптары қандай жағдайда бастауыш болады?
2. Бастауыш пен баяндауышты не себепті тұрлаулы мүшелер дейміз?
3. Қандай жағдайда бастауыштан кейін сызықша қойылады?
4. Толықтауыш дегеніміз не? Сұраулары.
5. Анықтауыш дегеніміз не? Сұраулары.
2. Сұрақтар жазылған кестелер берілген дұрыс, бұрысын табу керек.
3. Жаңа сабақ
Етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, қимыл - сын мен себеп, мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесін пысықтауыш дейміз. Мыс; Ол үйге жүгіріп кірді.
Сұраулары қашан? қайда? қалай? неге? не үшін? неліктен?
Байланысу түрлері – меңгеру, жанасу және қабысу
Пысықтауыштың жасалу жолдары:
1. Сөйлемде пысықтауыштың қызметін көбінесе үстеу атқарады. Мыс; Біз ілгері жүріп кеттік. Ертеңіне екі өзен аралығына екі бірдей тікұшақ келіп қона қалды.
2. Барыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөздер мекен, бет алыс, бағыт, мезгіл, сын - қимыл мағыналарын білдіріп, пысықтауыш болады. Мыс; Мен ауылға беттеп келемін. Қырман басынан электр жарығы жымыңдайды. Ол зор дайындықпен кірісті.
3. Мезгіл мәнді зат еімдер ыңғайына қарай пысықтауыш болады. Мыс; Сол күні Тілеуқабыл түні бойы ұйықтай алмады.
4. Септеулік шылаулы есім сөздер пысықтауыш болады. Мыс; Күні бүгінге шейін елдің жаз жайлауы – Қарақұм. Халық Абай үшін алысады.
5. Пысықтауыш етістіктің көсемше түрінен болады. Мыс; Шешесі баласының бетінен мейірлене сипады.
6. Еліктеуіш сөзден болады. Мыс; Бұл сөзіме Шаймерден кеңк - кеңк күлді.
7. Сын есімнен болады. Мыс; Айнала жұрт сөзге қатты сүйсінді. Біз сізді жақсы танимыз.
8. Кейде сан есімнен болады. Мыс; Жанбота туды екі алды.
9. Есімдіктен болады. Мыс; Шай әлдеқашан жиналған.
Пысықтауыш құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді.
Дара пысықтауыш – бір сөзден болады. Мыс; Шопанның үні мейірімді естілді. Мен бұл екі егіннің қаншадан беретінін әлдеқашан білгенмін.
Күрделі пысықтауыштың құрамында екі я одан да көп сөздер болады. Мыс; Толғанбай Алакөлден Есік көліне келді. Бұлар әуежайдың шетінде тұрған ақша бұлт түстес ұшақтың қасына келіп тоқтады.
Пысықтауыштың мағыналық түрлері
1. Мезгіл пысықтауыш. Қашан? Қай кезде? Қай уақытта? Ол бүгін келеді. Таңертеңгі шайдан соң Абай әкесіне келді.
2. Мекен пысықтауыш. Қайда? Қай жерде? Қай жақта? Қайдан? Әжесі үйде қалды. Қайсар биыл мектепке барады. Біз қала маңынан келдік.
3. Мақсат пысықтауыш. Кім үшін? Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен? Сәуле зат алғалы келді. Ол әдейі кірді. Мен осыны айту үшін сөйлестім.
4. Амал пысықтауыш. Қалай? Қайтіп? Қалайша? Жиналыста шапшаң сөйледі. Бала жүгіре - жүгіре шаршады. Бұл сөзді естігенде, ол сылқ - сылқ күлді.
5. Себеп пысықтауыш. Неліктен? Не себептен? Сен түсінбегендіктен айта алмадық. Ол қуанғаннан қозғалмай қалды.
6. Мөлшер пысықтауыш. Қанша? Қалай? Сабақта ұзақ сөйледі. Емтиханға жаппай кірді. Тақтайды ұзын кес.
52 - жаттығу
Мына сөйлемдердегі біртектес сөздердің екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғандығын түсіндіріңдер.
Ол – жақсы адам. Ол жақсы сөйлейді. Күші жағынан арыстандай кісі. Қобыланды батыр арыстандай ақырды. Бастауышты түзу сызықпен сыз. Сызуды түзу сыз. Қисық мінезі бар. Көйлекті қисық пішті.
4. Венн диаграммасы (тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер)
5. Семантикалық карта
6. РЕБУС ШЕШІП, синтаксистік талдау жасау
7. СӘЙКЕСТІКТІ ТАП (Пысықтауыштың жасалу жолы)
8. «Арқан тарту» ойыны (синтаксистік талдау жасау)
Зәулім ағаштардың үзіліп түскен сары жапырақтары ауада қалқып жүр.
Бұлар үш қабат үлкен үйдің баспалдағымен жоғары көтерілді.
Сапа күресі жыл сайын күшейіп барады.
Бүгін мен де қимылдап көрейін.
Зейнеп Бақтыбай тапсырған шаруаның біразын жиналысқа дейін бітірген.
Үйде жұмыс қызу жүріп жатыр.
Бұ кезде пойыз Хантауға келіп тоқтаған еді.
Орталап қалған ай батысқа таман сызылып барады.
Мөлдір бұл сұраққа ойланбастан жауап берді.
Анда - санда көзін қимылдатқандай болды.

9. Үйге тапсырма беру.
10. Оқушылардың білімін бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні:                                           Пәні: қазақ тілі                               Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:Пысықтауыш

Сабақтың мақсаты: а)білімдік —   пысықтауыш  туралы білім деңгейін көтеру, тереңдету; 

ә) дамытушылық — түрлі   әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу; 

б) тәрбиелік - ұжымшылдыққа, нақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                                    аралас сабақ .

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а)    Ұйымдастыру кезеңі:  

    Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

    Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б)     Жаңа сабақты түсіндіру.

   Пысықтауыш – етістіктен болған баяндауышты мекен,мезгіл,қимыл-сын мен себеп,мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.Мысалы: «Ол үйге жүгіріп кірді» деген сөйлемде жүгіріп деген сөз Қайтіп? Деген сұраққа жауап беріп,қимылдың сынын білдіріп тұр.

Пысықтауыштың негізгі белгілері: 1.Іс-қимылды мезгіл,мекен,мақсат,сын-қимыл,себеп,мөлшер ждағынан пысықтап тұрады. 2.Қашан? Қайда? Қалай? Неге? Не үшін? Неліктен? т.б. сұрақтарға жауап береді.  3.Байланысу түрлері – меңгеру,жанасу және қабысу.

  Пысықтауыштың мағыналық түрлері және олардың жасалу жолдары:

Пысықтауыштың мағыналық түрлері Сұраулары Мысалдар

1 2 3

Мезгіл пысықтауыш

- мезгіл үстеуінен

- жатыс септігіндегі

мезгіл мәнді зат есімнен

     -      септік шылаулы сөзден Қашан?

Қай кезде?

Қай уақытта? Ол бүгін келеді.

22 наурызда күн мен түн теңеледі.

Таңертеңгі шайдан соң Абай әке қасынан шығып,Майбасарға келе жатты (М.Ә.)

Мекен пысықтауыш

- мекен үстеуінен

- атау,ілік,табыстан басқа септіктерде тұрған зат есімдерден Қайда?

Қай жерде?

Қай жақта?

Қайдан?

Әжесі үйде қалды.

Қайсар биыл мектепке барады.

Біз қала маңынан келдік.

Мақсат пысықтауыш

- мақсат үстеуінен

- -ғалы,-гелі,-п тұлғалы көсемшелерден

- Үшін шылауымен келген есім сөзден Кім үшін?

Не үшін?

Неге?

Қандай мақсатпен?

Сәуле зат алғалы келді.

Ол әдейі кірді.

Мен осыны айту үшін сөйлестім.

Амал пысықтауыш

- қимыл-сын үстеулерінен

- еліктеуіштен

- көсемше тұлғалы етістіктен Қалай?

Қайтіп?

Қалайша?

Жиналыста шапшаң сөйледі.

Бала жүгіре-жүгіре шаршады. Бұл сөзді естігенде,ол сылқ-сылқ күлді.

Себеп пысықтауыш

-өткен шақтық есімшеден Неліктен?                                                    Не себептен? Сен түсінбегендіктен айта алмадық. Ол қуанғаннан қозғалмай қалды.

Мөлшер пысықтауыш

- мөлшер үстеулерінен

- мөлшер мәнді сын есімдерден Қанша?

Қалай? Сабақта ұзақ сөйледі

Емтиханға жаппай кірді.

Тақтайды ұзын кес.

Жаттығумен жұмыс:       52-жаттығу.     Мына сөйлемдердегі біртектес сөздердің екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын түсіндіріңдер.

 Шығармашылық  жұмыс:   Мына үстеулерді қатыстырып сөйлем құраңдар да,  пысықтауыштың қай түрін жасағандарыңды табыңдар.

Күзде, қуаныш үстінде, тұс-тұстан, артта, арнайы, үйрену үшін, жатпай-тұрмай, күмілжіп

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.  

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

 

 







 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілінен сабақ жоспары "Пысықтауыш""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Білімділік: Пысықтауыш туралы мағлұмат беру, тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдерін пысықтау, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, жаңа дағдысын қалыптастыру, өз бетінше пысықтауыштың жасалу жолдарын ажырата білуге дағыдыландыру, есте ұстау, ойлану қасиеттерін дамыту Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, жылдамдыққа, тілдік - эстетикалық сезімге тәрбиелеу Сабақ түрі – Түрлендірілген аралас сабақ Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, сын - тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері (семантикалық карта, Инсерт кестесі) Сабақ көрнекілігі: кеспе қағаздар, плакат, ребус, сызбалар, буклет Пәнаралық байланыс - әдебиет, математика Сабақ барысы: Ұйымдастыру – оқушылармен амандасып, олардың сабаққа қатысуын тексеру 1. Жыл қайыру бойынша сұрақтарға жауап беру 1. Бастауыш дегеніміз не? Басқа сөз таптары қандай жағдайда бастауыш болады? 2. Бастауыш пен баяндауышты не себепті тұрлаулы мүшелер дейміз? 3. Қандай жағдайда бастауыштан кейін сызықша қойылады? 4. Толықтауыш дегеніміз не? Сұраулары. 5. Анықтауыш дегеніміз не? Сұраулары. 2. Сұрақтар жазылған кестелер берілген дұрыс, бұрысын табу керек.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 116 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.01.2020 392
    • DOCX 55.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Иванова Надежда Геннадьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Иванова Надежда Геннадьевна
    Иванова Надежда Геннадьевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 92634
    • Всего материалов: 221

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе