Главная / Другое / Қазақ тілінен сабақ жоспары "Анықтауыш"

Қазақ тілінен сабақ жоспары "Анықтауыш"

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Анықтауыш

Сабақтың мақсаты: Анықтауыш  туралы білім деңгейін көтеру, тереңдету. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу. Ұжымшылдыққа, нақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түріжаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

-                   Қазақ тілінде қанша сөйлем мүшесі бар?

-                   Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?

-                   Тұрлаусыз  мүшелерді атаңдар?

-                   Толықтауыш  дегеніміз не?

-                   Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілерін атаңдар.

-                   Дара толықтауышқа мысал келтір.

-                   Күрделі толықтауыш дегеніміз не? Мысал келтір.

-                   Жасалу жолдарын мысалдармен дәлелде.

-                   Үйірлі толықтауыш дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ.Анықтауыш – зат есімнен немесе заттық ұғымда жұмсалған басқа да сөз таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттап, анықтап тұратын тұрлаусыз мүше. Сұрақтары: қандай? қай? кімнің? ненің? неше? нешінші? қанша? қайдағы? қашанғы? Байланысу түрі: анықтауыштар өзі анықтайтын мүшемен қабыса және матаса байланысады. Мысалы: Самалдың әдемі үні маған ой салды. Самалдың үні (матасу), әдемі үні (қабысу).


Зат есім

Алтын (қандай?) алқасы жарқылдап көздің жауын алады. Адамның (кімнің?) арманы бітпейді.

Сын есім

Көк (қандай?) көйлекті қыз ойнап жүр. Ашық (қандай?) аспан астындағы халық. Тілі қылыштай (қандай?) өткір.

Сан есім

Бес (қанша?) кило картоп әкелді. Айнұр бірінші (нешінші?) орын алды.

Есімдік

Кімнің (кімнің?) досы жақсы болса, өзі де жақсы болады. Анау (қай?) адамға айтқанмын. Сенің (кімнің?) баяндамаң бәрімізге ұнады.

Есімше

Болатын (қандай?) бала бесігінде бұлқынар. Білетін (қандай?) жанға айтылған сөз алтынмен тең.

Тұйық етістік

Еркелеудің (ненің?) де шегі болу керек.

Анықтауыш құрылысына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

Түрі

Ережесі

Мысалы

Дара

Бір сөзден тұратын анықтауыш

Салқын (қандай?) самал жанға жайлы.

Күрделі

Кемінде екі сөзден тұратын анықтауыш

Ақ басты (қандай?) Алатаудың Жамбылымын

Үйірлі

Үйірлі сөздерден тұратын анықтауыш

Басы аппақ, денесі керген төстіктей...(қандай?) белгілі Иван келді.


IV. Жаттығумен жұмыс. 68-жаттығу. Нақыл сөздерді оқып, анықтауыш болып тұрған сөздерді құрамына қарай кестеге толтыру.

Дара анықтауыш

Күрделі анықтауыш

Үйірлі анықтауыш

69-жаттығу. Мына сөйлемдерден анықтауыштарды табу. Құрамы жағынан қандай анықтауыш? Матаса байланысқан анықтауыштарды талдау.

Мақал-мәтелдерді анықтауышпен толықтыру:

1. ...  қолым – береген. (алаған)

2. ...  бала – елдің көркі. (өнерлі)

Үкілі қамыс– ... көркі. (көлдің)

3. Көп сөз– күміс,

    ... сөз– алтын. (көп)

4.Аз еңбектен ... нәтиже шықпайды, (көп)

   Берекесіз осыны да ұқпайды.


V. Білімді бекіту.  Өтілген тақырып бойынша сұрақтар қою:

- Анықтауыш дегеніміз не?

- Анықтауыштың қызметін қандай сөз таптары атқарады?


VI. Бағалау.  Жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарына баға қою.

VII. Үйге тапсырма. Анықтауышты зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімше, тұйық етістіктен жасап, сөйлем құрастыру\

Күні: Пәні: әдебиет Сыныбы: 8

Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн», «Мен құстан туған құмаймын», «Жалғыздық» өлеңдері
Мақсаты: 1.Бүгінгі өскелең ұрпаққа ақынның кім екендігін, оның 
өлеңдерінің тақырыбын, тарихын аша отырып, ақынды тағыда 
жаңа қырынан таныту, өлеңдеріне талдау жасату. 
2.Оқулық пен қосымша деректерді пайдалануға, өз ойларын еркін 
айтуға, өз пікірлерін қорғап, ақын поэзиясын насихаттап, әдеби 
тілмен сөйлеуге дағдыландыру. 
3.Ұлтжандылыққа, батылдыққа, бірлікке, туған жерін, елін сүюге 
тәрбиелеу. 
Түрі: жаңа сабақ 
Әдісі: СТО стратегиялары 
Көрнекілігі: Ақынның портреті, тақырыпқа арналған слайдтар. 
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, музыка 
Барысы: 
1.Ұйымдастыру 
-Сілеметсіздер ме балалар. Отырыңыздар. 
-Оқушылар назарын сабаққа аудару. 
2. Үй жүмысын тексеру 
Мұғалім: балалар қазір сендер бір – біріңе «Мен саған, сен маған» ойыны арқылы сұрақтар дайындай қойыңдар. 
3.Қызығушылықты ояту. 
Ой шақыру стратегиясы. 
Мұғалім: 
-Қазақ халқының бас бостанығы үшін күрескен кімдерді білесіңдер? 
Ол ақынның «Тарланым» деген өлеңі бар. Ол осы өлеңін Исатайға арнаған. 
Оқушылар:.......... 
Мұғалім: Ия, балалар! Туып өскен жерін, қарыс қадам жері үшін басын бәйгеге тіккен М.Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығына және оның «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн» , «Мен құстан туған құмаймын», «Жалғыздық» өлеңдеріне тоқталамыз. 
4. Мағынаны тану. 
ЖИГСО стратегиясы. (10 минут) 
Оқушыларды үй тобына бөлу, содан соң жұмыс тобына жіберіп өмірі мен шығармашылын оқуға беру, әр оқушы өз бөлігін оқиды. Алдын ала мәтін төрт бөлікке бөлінген. 

Үй тобы Жұмыс тобы 

Тексеруге арналған сұрақтар. 
№1 
1.Махамбет қай жылы, қай жерде дүниеге келген? 
2.Махамбет пен Жәңгірхан туралы не айтасың? 
№2 
1.1828-1831ж. Не болды? 
2.Хан жасағын кім бастаған? 
3.Исатай жасағы кімнің ауылын шауып алып, кімнің ауылын ойрандайды? 
4.Исатай қашан қайтыс болады? 
№3 
1.1840ж. Махамбетті кімдер ұстап алғысы келеді? 
2.1841ж Махамбетті тез ұстауға кім бұйрық шығарады? 
3.1941ж не болды? 
4.Кіші жүздің сұлтаны Арыслан Жанториннің бақылауына неге жіберді? 
№4 
1. Генерал – губернатор не деп жар салды? 
2. Махамбетті кім өлтірді? 
3. Қай жылы, неше жасында қайтыс болды? 

(Слайд Махамбет Өтемісұлы) 
2.Мұғалім:Ақын өлеңдері бойыңа жігер, рух, күш, жалынды қайрат береді, алға қойған мақсат үшін күресе білуге шақырады. 
(Слайд Махамбет кім болған?) 
Оның көптеген күйлері бар.(слайд көрсету) 
Мұғалім: Балар қазір сендер Махамбет Өтемісұлының күйін тыңдай отырып мынадай тапсырмалар орындайсыңдар. (слайдтан көрсету) 
1- топқа тапсырма. 
1) «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін мәнерлеп оқып,идеясын айт. 
2) Өлеңнен сөз тіркестері мен көркемдегіш құралдарды тап. 
Жауабы. 1.Мәнерлеп оқиды. Бұл өлеңде ақын тек халқына рух беріп,намысын қайрап, күреске шақырады. 
2. Сөз тіркестері:ереуіл ат,егеулі найза,алты малта ас,тебінгі жер,түн қатып 

2- топқа тапсырма. 
1) «Мұнар күн» өлеңін мәнерлеп оқы.Өлеңде ақын не туралы айтқан? 
2) Ақын өлеңдерінде жиі кездесетін сөздерді тап. 
Жауабы. 1. Мәнерлеп оқиды.Ақынның Исатай өліміне арнаған мұң мен өкінішке толы элегиясы 
2.Жиі кездесетін сөздер:мырза,ер,оқ,қылыш,дұшпан т.б 
Мұғалім: Әр топтан бір оқушыдан шығып өз тапсырмаларын тақтада орыдайды. 
Ә) Тіл дамыту үшін. 
Мұғалім: М.Өтемісұлы елін, жерін қорғаған, батыр болған екен. Қазір біз сіздермен сергіту мақсатында батырлық, туған жер туралы мақал – мәтелдер жазылған семантикалық картамен жұмыс істейміз. Ішінен ұнаған біреуінің мағынасын ашып беру. 
(Күй жіберіп қою) 
Ол үшін арнайы дайындалған семан-тикалық карталарды әр-топқа бір-бірден үлестіріп беремін де, берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тапқызамын. 
Мақалдар Көлінен безген қаз оңбас. Ер үйірін сағынса, айыл-тұрман тағынар. Өз жеріңдей қайда бар. Сайының тасы болайын. 
Пәлен жерде пайда бар, + 
Өз елімнің басы болмасам да, + 
Елінен безген ер оңбас, + 
Ат үйірін сағынса, Артқы аяғын қағынар. + 
Семантикалық карта №1 
Семантикалық карта №2 
Мақалдар Би басына дау келсе, билігі кетер басынан. Құс жаңылып торға түсер. Ер жарасыз болмас. Шешен тар жерде сөз бастайды. 
Ел шарасыз болмас, + 
Батыр мың қол бастайды, + 
Ер басына дау келсе, ерлігі кетер басынан. + 
Ер жаңылып қолға түсер, + 

Мұғалім: Балалар Махамбет: «Өтемістен туған он едік 
Онымыз атқа қонғанда, 
Жер қайысқан қол едік» - деп жырлаған екін. 
Қазір слайдқа көңіл аударып Өтемістің он ағайынының есімдерін көрулеріңе болады. (слайд көрсету) 

Өтемістен туған он: Бекмағанбет,Махамбет,Тоқтамыс,Қожахмет,Ыбырайым,Әйіп,Хасен, 
Ысмайыл, Сүлеймен,Досмайыл. 

5. Ой толғаныс 
РАФТ стратегиясы 
Роль –Махамбет 
Автор – оқушылар 
Факт – жолдау 
Тақырып – Еліміздің өркендеуіне Махамбет сияқты қандай үлес қосар едің 
«Желтоқсан желі» өлеңін тыңдату. 
Мұғалім:Тарих беттерін парақтасақ сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама тер төгілді, қаншама адам құрбан болды. Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батырлар мерт болды. Бұл арпалыс бір жыл, бір мезет емес талай ғасырларға созылған. Балалар алдымызда келе жатқан Тәуелсіздігіздің 20 жылдығы мен барлықтарыңызды құттықтаймын. Осы Тәуелсіздікке жету үшін қаншама қиындықтардан өттік. 20 жыл бұрын желтоқсан оқиғасына арналған өлеңге назар аударыңыздар. Осы жастар сияқты сендерде елімізге қандай үлес қосар едіңдер. Енді сендер қазір бірге отырып шағын жолдау жаза қойыңдар. 

6. Автор орындығы стартегиясы 
Мұғалім:Топтарыңнан ең ұнағанын таңдап алып , тақтаға шығып оқи қойыңдар. 

Мұғалім: Фариза Оңғарсынованың өлең жолымен сабағымды аяқтағым келеді. 
Махамбет 
Махамбет... 
Білмеймін жел ме,сел ме 
Жырда онымен бір тұлға теңесер ме? 
Әділетсіз дүниенің қабырғасын 

Махамбетше сөгер жан кездесер ме? 

7.Бағалау: Оқушыларды бағалау 

8.Үйге тапсырма: әр топ өздеріне берілген өлеңдерін жаттау. 



Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:6

Сабақтың тақырыбы:                  Сын есім туралы түсінік

Мақсаты:    

1)      Білімділік: Сын есім туралы түсінік беру.

2)      Дамытушылық: Сын есімнің түрлерін өзіне тән белгілерін білу, сөйлем талдауға, төселдіру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.

3)      Тәрбиелік: Мейірімділікке, адамгершілікке,  өзгелердің ойын, пікірін сыйлауға, құрметтеуге, отансүйгіштікке  тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Схема, кеспеқағаз, семантикалық карта.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, дәлелдеу.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, математика.

Жаңа технология:  Сатылай кешенді талдау.

Сабақтың барысы:  

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

а) сұрақ-жауап

1. Зат есім дегеніміз не?

2. Зат есімнің жасалуы?

3. Деректі зат есімдер, дерексіз зат есімдер?

ә) Берілген тапсырмадан: дара зат есімдер, дерексіз зат есімнің жалпы және жалқы екенін тауып айту.

         Өз атын буынға бөлу. Дыбыстық талдау.

ІІІ. Жаңа сабақ: Мақсатын, міндетімен таныстыру.

Оқушыларға дәптерлерін аштырып, бүгінгі күнді, айды сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, дәптерлеріне жазу міндеттеледі.

а)  сұрақ-жауап

1. Зат есім дегеніміз не?

2. Зат есімнің жасалуы?

3. деректі зат есімдер, дерексіз зат есімдер?

ә) Берілген тапсырмадан:дара зат есім, күрделі зат есімнің жалпы және жалқы екенін тауып айту.

Өз атын буынға бөлу. Дыбыстық талдау.

ІІІ. Жаңа сабақ:  Мақсатын, міндетін таныстыру.

 Эпиграф: «Ана тілің алпыс тілге татиды»

Оқушылардың дәптерлерін аштырып, бүгінгі күнді, айды сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, дәптерлеріне жазу міндеттеледі.

а) Жаңа сабақ.  Схема арқылы түсіндіріліп өтіледі. Сын есім туралы түсінік. Сын есім дегеніміз-қандай? қай? Деген сұрақтарға жауап беріп, заттың, нәрсенің, құбылыстың, деректі, дерексіз ұғымдардың сының, сапасын, түр-түсін, көлемін т.б. сындық, сапалық қасиетін білдіретін сөз табы.

Сынын:

Аласа

Көлемін:

үлкен, кең


Мысалы:

Салмақтық

Ауыр

Сапасын

Мықты, сараң

Дәмін

Тәтті,ащы

Мезгіл-мекенге

Құмды дала

Қатысты

Сусыз, арна, балалы үй

http://tak-to-ent.net/matem/kz.png

 

І. Өзіндік жұмыс:     Жаңа сабақты пысықтау.

                                    Әр оқушы жеке тапсырма орындайды.

 

ІІ. Ойлан тап:           Павлодар облысының 75 жылдығына байланысты.

1.      Оқушылар елімізге қатысты 15 сын есім сөз ойлап айту.

2.       

3.      Әр оқушы өз есімінің алғашқы дыбысына байланысты сын есімдер тауып айту.

 (Заттың түрін-түсін білдіру, өзіне тән белгілер айтып отыру)


4.      Тақтамен жұмыс. Оқулық бойынша тапсырма орындау: оқып шығып өлең жолдарындағы сын есімдерді табыңдар. Мағыналы белгілерін ажырату.


5.      Сатылай кешенді талдау. Жаттығудағы сын есімнің біреуіне сатылай кешенді талдау жасау. Оқулық бойынша.


6.       «Ақмола» сөзін септеу.


7.      Терме диктант: Мына мақал-мәтелдерден сын есімдерді теріп жазу.

 1.      Шапшаң жүргенге шаң жұқпас.

2.      Ақылды кісі ісіне сенеді.

Әлсіз кісі күшіне сенеді.

3.      Әлсіз адам сүріншек.

4.      Өжет адам өлімді жеңеді..

5.      Білекті бірдіжығады,

Білімді адам мыңды жығады.

7.  Сергіту сәті.

1.Қатыгез, адал, күшті, кәрі сөздерінің синонимдерін табу.

2.    Аласа–

       Ұзын–

       Жылы–

       Жаман–

Сөздерінің антонимдерін табу. Сөйлем құрастыру.

 8. Ауызша: ҚР рәміздеріне 20 жыл тақырып  бойынша мәтін құрастыру, мәтінде сын есім болу керек.

Семантикалық карта

Сын есім

Сұрақтары

Тұлғасына қарай

Құрылысына қарай

Негізгі сын есім

Туынды сын есім

Мағынасына қарай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семантикалық карта

Заттың түрін, түсін білдіретін сын есім

Заттың көлемін

Заттың аумағын

Заттың салмағы

Заттың сапасын

Заттың дәмін, иісін

Затқа, қимыл іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сын есім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9. Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту. Сонымен заттың, нәрсенің, құбылыстың, деректі, дерексіз ұғымдардың сынын, сапасын, түрін-түсін, көлемін т.б. сындық, сапалық қасиетін білдіретін сөз табын не дейміз?

Үйге тапсырма:     

1.Бұйығы, ашық, қайырымды, бойшаң, ашушаң, байқағыш, ойлы көзді, салмақты, жақсы оқиды, сабақ, жолдас, көмек. Тірек сөздерін пайдаланып сыныптастарыңның біреуіне мінездеме жазу.

2.Өз аналарың туралы шағын әңгімеа жазу.                              

Бағалау.

 





















































1 
1.Махамбет қай жылы, қай жерде дүниеге келген? 
2.Махамбет пен Жәңгірхан туралы не айтасың? 


№2 
1.1828-1831ж. Не болды? 
2.Хан жасағын кім бастаған? 
3.Исатай жасағы кімнің ауылын шауып алып, кімнің ауылын ойрандайды? 
4.Исатай қашан қайтыс болады? 


№3 
1.1840ж. Махамбетті кімдер ұстап алғысы келеді? 
2.1841ж Махамбетті тез ұстауға кім бұйрық шығарады? 
3.1941ж не болды? 
4.Кіші жүздің сұлтаны Арыслан Жанториннің бақылауына неге жіберді? 


№4 
1. Генерал – губернатор не деп жар салды? 
2. Махамбетті кім өлтірді? 
3. Қай жылы, неше жасында қайтыс болды? 


Мақалдар Көлінен безген қаз оңбас. Ер үйірін сағынса, айыл-тұрман тағынар. Өз жеріңдей қайда бар. Сайының тасы болайын. 
Пәлен жерде пайда бар, + 
Өз елімнің басы болмасам да, + 
Елінен безген ер оңбас, + 
Ат үйірін сағынса, Артқы аяғын қағынар. +

 
Мақалдар Би басына дау келсе, билігі кетер басынан. Құс жаңылып торға түсер. Ер жарасыз болмас. Шешен тар жерде сөз бастайды. 
Ел шарасыз болмас, + 
Батыр мың қол бастайды, + 
Ер басына дау келсе, ерлігі кетер басынан. + 
Ер жаңылып қолға түсер, + 




«Ереуіл атқа ер салмай» «Мұнар күн» «Мен құстан туған құмаймын» «Жалғыздық»





«Ереуіл атқа ер салмай» «Мұнар күн» «Мен құстан туған құмаймын» «Жалғыздық»





«Ереуіл атқа ер салмай» «Мұнар күн» «Мен құстан туған құмаймын» «Жалғыздық»

Қазақ тілінен сабақ жоспары "Анықтауыш"
  • Другое
Описание:

Сабақтың мақсаты: Анықтауыш туралы білім деңгейін көтеру, тереңдету. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу. Ұжымшылдыққа, нақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

- Қазақ тілінде қанша сөйлем мүшесі бар?

- Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?

- Тұрлаусыз мүшелерді атаңдар?

- Толықтауыш дегеніміз не?

- Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілерін атаңдар.

- Дара толықтауышқа мысал келтір.

- Күрделі толықтауыш дегеніміз не? Мысал келтір.

- Жасалу жолдарын мысалдармен дәлелде.

- Үйірлі толықтауыш дегеніміз не?

Автор Танатарова Жупар Тилеповна
Дата добавления 02.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров 1053
Номер материала MA-062903
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓