Сабақтың тақырыбы:
Нәтиже сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Санай біл» тарауы бойынша
өтілген материалдарды
пысықтау, бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, қазақша
сөйлеу
дағдысын жетілдіру.
Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Бос уақытында пайдалы
істермен айналысу жайлы
тәрбиелік әңгіме жүргізу.
Сабақтың түрі: Ойын
түріндегі қайталау сабағы.
Сабақтың
көрнекіліктері: Слайдтар, сағаттың макеті, доп, қиықша қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 40-бет, 1-жаттығу. Сурет
бойынша
сөйлемдер құрау
ІІІ. Негізгі кезең:
Балалар
біз сендермен «Санай біл» тарауы бойынша «Қанша?», «Неше?»,
«Нешінші?», «Қаншада?», «Сағат неше?» тақырыптарын өткенбіз. Олай болса қызықты
тапсырмаларды орындау арқылы осы тақырыптарды пысықтайық.
1 «Нешінші?» -ыншы,
-інші, -ншы, -нші
Отырған
бетте орындарыңнан ретімен санаймыз (бірінші, екінші...)
2 «Сен неше
жастасың?» деген сұрақты мұғалім допты лақтыра отырып
оқушылардан сұрап шығады.
3 «Сөзжұмбақ» (слайд
арқылы көрсетіледі) дәптерге жазбаша орындалады.
Т10, 100ім, 1лік, с2р, к3ік, 5ік, 6н,
қ10
4 «Сағат неше?»
мұғалім сағаттың макеті арқылы уақытты көрсетеді, оқушылар
жауап
береді.
ІV. Сабақты бекіту:
Бұл
бөлімде тарау бойынша қорытынды ретінде «Тапқырларға тапсырма»
сайысы
өткізіледі. Сыныптан 6 оқушы шығады, сұраққа дұрыс жауап берген
оқушыға
қиықша қағаз таратылады. Ұпай саны қиықша бойынша есептеледі.
1 Слайдтан жыл
мезгілдерін дұрыс табу керек. (Слайд №3-10)
2 «Адасқан әріптер»
Әр оқушы бір сөзден оқиды (Слайд №11-12)
3 «Полиглот»
(Слайд №13-15)
4 «Кімнің жұмысы
қайда?» (Слайд № 16)
5 “Тапқыр
болсаң,тауып көр” (Слайд № 17-21)
6 «Ойынға әркімнің ақ
бар таласы» көрермендермен ойын. (Слайд №22-24)
V. Сабақты қорытындылау:
Оқушылардың жинаған
ұпайларын санау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру:
31 – 41 беттердегі сөздіктерді қайталау
Қазақ тілі пәні
бойынша өткізілген «Тапқырларға тапсырма» сайысы.
Мақсаты:
• Оқушылардың қазақ
тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
• Қазақ тілін оқуға
ынталандыру.
• Оқушылардың
логикалық ойлауы мен өзіндік түйін жасау, ой қорыту
дағдыларын дамыту.
• Оқушыларды өз
беттерімен ізденіп, оқуға тәрбиелеу.
• Қазақ тілі бойынша
алған білімдерін қайталау, жинақтау.
Көрнекілігі: Слайд,
жұлдызшалар, тақтайшалар.
Барысы:
Жүргізуші:
... Ұл – қыз сәлем
береміз,
Өнегелі
өренбіз.
Білер
қазақ баласы:
«Сәлем –
сөздің анасы» - демекші Армысыздар құрметті көрермендер, ойынға
қатысушылар.
Бүгінгі
«Тапқырларға тапсырма» сайысын мынандай ұранмен бастағанды жөн көрдік:
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру
емес пе тілегі елдің.
Белден –
ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сайыстың бөлімдері:
Слайд № 2
1 Ойнайық та, ойлайық
2 Адасқан әріптер
3 Көп тіл білу – кемеңгерлік
4 Кімнің жұмысы қайда?
5 Тапқыр болсаң тауып көр
6 Ұшқыр ой
7 Ойынға әркімнің ақ бар таласы
(көрермендермен ойын)
І кезең
«Ойнайық та, ойлайық»
Тапсырма жыл
мезгілдерінен болады. Әр слайд шығар алдында бір жыл мезгілі туралы өлең
шумағы оқылады. Қай мезгіл екенін оқушылар табу керек.
Слайд № 4-5
Ауыл алды ақша қар,
Ақша қарда топ бала.
Соғып жатыр аққала,
Жалқауы жоқ жұмысқа.
(қыс)
Слайд № 6-7
Тапталады табанға,
Судыр – судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға,
Малынғандай атырап.
(күз)
Слайд № 8-9
Көктен тартып күн нұрын,
Жерден тартып жылылық.
Әнін тыңдап бұлбұлдың.
Бәйшешектер тұр күліп.
(көктем)
Слайд № 10-11
Күн жайдары алақай,
Жатыр жайнап даламыз.
Жүр, қанеки, балақай,
Шомылуға барамыз.
(жаз)
ІІ кезең «Адасқан
әріптер».
Әріптердің орындары
ауыстырылған бірнеше сөздер беріледі. Сөздерді дұрыс оқу қажет.
к,е,м,п,т,е – (школа,
класс)
ш,е,н,е?– (который,
сколько)
і,м,д,і,с,к,ө -
(растение, тетрадь)
н,қ,а,ы – (писатель,
поэт)
кіенкүділ – (оценка,
дневник)
а,к,н,і,а,т,х,а,п –
(чай, библиотека)
ІІІ кезең «Көп
тіл білу – кемеңгерлік».
Экраннан көрсетілген
суреттерді қазақша, орысша айту керек.
Слайд №
14-15-16
Елтаңба, ту, аққу,
сағат, гүл, доп, қоян, жылқы, жолбарыс, түйенің суреттері көрсетіледі.
ІV кезең
«Кімнің жұмысы қайда?»
Экраннан мамандардың
суреттері көрсетіледі. Оның кім екенін, қайда жұмыс істейтінін дұрыс айтулары
керек.
Слайд № 17
(мұғалім, дәрігер
шахтер, даяшы, ұшқыш, шаштараз, аспаздың суреттері)
V кезең «Тапқыр
болсаң, тауып көр»
Знай - біл,
Совесть – ар,
Язык - ...
Есть - ...
Берег – жаға,
Прибавь – қос,
Оценка - ...
Друг - ...
Расческа – тарақ,
Вода – су,
Урок - ...
Флаг - ...
Белка – тиін,
Шаг – қадам,
Одежда - ...
Человек - ...
VІ кезең «Ұшқыр ой».
Берілген сұрақтарға жылдам жауап беру
Слайд № 23-33
Сұрақтар:
1
Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
( 42 әріп )
2
Гректің “тетро” – “төрт бүктелген” деген сөзінен қандай оқу
құралының
атауы шыққан ?
(Тетрадь – дәптер)
3
Күнделікке не жазамыз ?
(Сабақ кестесін)
4
Күз айларын атаңыз.
Қыркүйек
Қазан
Қараша
5
“Косуля” жануарының қазақша атауы қандай?
(Елік)
6
“Физическое воспитание” пәнінің қазақша аудармасы қалай болады?
(Дене тәрбиесі)
7
Қазақстанның астанасы қай қала?
(Астана)
8 Бір
сағатта неше минут бар?
(60 минут)
9 Қазақ
тіліне тән дыбыстарды атаңыз.
( ә,ө,і,ұ,ү,қ,ң,ғ,һ)
10
Қазақстан Республикасының президенті кім?
(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
VІІ кезең “Ойынға
әркімнің ақ бар таласы” (көрермендермен ойын)
Берілген
буындардан сөздер құрау керек.
Слайд №
34-36
Қорытындылау:
Жеңімпаздарды марапаттау.
Жүргізуші:
Құрметті оқушылар, сайысымызды аяқтай келе қазақ тілінің кемелденіп, көркейе
беруіне ат салысыңдар, қазақ тілін оқыңдар дей отырып, сөзімді мына жолдармен
аяқтағым келіп тұр:
Барам десең болашаққа
Тіліңді таза сақта....
Тіліңді биіктет,
Өзгеге сүйікті ет!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.