6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Таза ауамен демалайық
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға айналадағы таза ауаның маңызы туралы
түсіндіру,сөз тіркестерін,қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға
үйрету,білімділік қабілетін арттыру.
Дамытушылық: Сұрақ-жауап жұмысын жүргізу,салт және сабақты
етістіктерді қайталау арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ауызекі сөйлеу тілін,сөздік қорын, ой-өрісін кеңейту
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты аялап,өзімізді қоршаған табиғи ортаны құрметтеуге
және қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Оқу,аудару,қайталау, сұрақ-жауап, мәтінмен
жұмыс.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта,суреттер (слайдпен), оқулық,грамматикалық
таблица
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды психологиялық тұрғыдан сабаққа
дайындау.
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгендеу
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Фонетикалық жаттығу
Таза ауа- денсаулық кепілі
Сабақтың атауымен және мақсатымен
таныстыру.
-Балалар,таза ауа болу үшін біз не істеуіміз
керек?
-Өзімізді қоршаған табиғи ортаны , табиғатты
аялап,құрметтеуіміз қажет.
-Иә, дұрыс айтасыңдар. Ағаш отырғызу,саябақтарды
тазалау сияқты жұмыстар жүргізуіміз керек.
-Сонымен Көкшетау өңірі асқақ тауларымен,қалың
орман-тоғай,ондаған көлдерімен,таза ауасымен белгілі.Әсіресе,Бурабай,Оқжетпес
тауларының сұлулығын айтып жеткізу қиын
«Бурабай» дегенде ойымызға қандай сөздер, сөз
тіркестері келеді?
-жаңа сөздермен танысып алайық
IV. Жаңа сөздер
Таза ауа–чистый воздух
Жарамсыз-непригодный
Дем-дыхание
Жұту-дышать
Көңіл-настроение
Үнемі-постоянно
Ойлайсыңдар-думаете
Неғұрлым-насколько
Соғұрлым-настолько
Жаңа сөздермен сөйлем құрастырамыз, есте
сақтаймыз.
V. Жаңа сабақ
Мәтінмен жұмыс: Мәтінді мұғалім оқиды, аударады
және түсіндіреді
Оқушылар мәтін бойынша тақтада берілген
суреттермен сөз тіркестерін және сөйлемдер құрайды
Қазір біз сіздермен Бурабайдың керемет табиғатын
бейне фильмнен тамашалап, кішігірім демаламыз. (бейнефильм)
3-тапсырма. Диалогті жалғастырып,рөлге бөліп оқу.
-Балалар , жаттығу жұмысын бастамас бұрын
грамматикалық тақырыпты еске түсіріп,қайталап алайық.
Сабақты етістік пен салт етістік
Табыс септігінің жалғауын қажет ететін етістікті
сабақты етістік деп атайды.Мысалы: көр (үйді көр),бер(кітапты бер), апар
(күректі апар) т.б.
Табыс септігінен басқа септіктердегі сөздерді
қажет ететін етістікті салт етістік дейміз.Мысалы:үйге кел, табиғатқа
шық,анасынан сұра, т.б.
1-тапсырма. Сөздіктегі сөздерден салт,сабақты етістіктерді
қатыстырып ,сөйлем құраңдар.
Сергіту ойыны "Кім тапқыр" ойыны.
Тақтадағы стикерде жазылған сұрақтарға екі топтан бір-бір оқушыдан шығып жауап
береді. Қай топ көп бал жинаса, сол топ
жеңіске жетеді
10 бал. Таза ауа, дем сөздерін орыс тіліне
аудар
20 бал. Әдемі, таза сөздерімен сөз
тіркестерін құра
30 бал. Салт етістік дегеніміз не?
10 бал. Орман,көл сөздерін орыс тіліне
аудар
20 бал. Мөлдір сөзіне синоним сөзді тап
30 бал. Сабақты етістік дегеніміз не?
10 бал. Таза ауа сөзіне антоним сөзді
табыңыз
20 бал. Қалың орман сөзінен сөйлем құра
30 бал. Таза ауа болуы үшін біз не істеуіміз
керек?
10 бал. Ту...ан жер таби...аты - хал...ымыздың
ұлт...ық мақтан...шы. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қой
20 бал. Сен мектепке кел. Етістіктің түрін
анықта
30 бал. Сен табиғатты аяла. Етістіктің қай
түріне жатады?
Деңгейлік тапсырмалар
ІІІ деңгей
1.Мәтінді мәнерлеп оқыңдар.
2. Мәтін бойынша сұрақ құраңдар.
3. Сөз тіркестеріндегі етістіктің мағынасына
қарай түрін анықтаңдар: ауа жұтады, тазалығын сақтайды,оттегін шығарады.
ІІ деңгей
1.Мәтінді ықшамдап мазмұндаңдар.
2.Салт және сабақты етістіктерді теріп
жазып,ерекшеліктерін анықтаңдар.
І деңгей
Демалыс, бар, орындары, Бурабайда.
Бекіту: «Бес жолды өлең» стратегиясын орындаймыз.
1 Зат есім /Табиғат
2 Сын есім /таза ауа , мөлдір
3 Етістік /демалады,отырғызу,қорғау
4-5 сөзден сөйлем құрастырамыз /Денсаулыққа таза ауа пайдалы
5 синоним /қоршаған орта
Жаңа сөздерді пайдалана отыра сұрақтарға жауап
беру
Бурабайдың ауасы қандай?
Қалай ойлайсыңдар, онда неге ауа таза?
Адамға үнемі қандай ауа керек?
Бурабайда адамдар не істейді?
Адам неғұрлым таза ауамен көп дем алса, соғұрлым
қандай болады?
Үйге тапсырма: жаңа сөздерді пайдалана отыра, диалог
құрастыру.
Бағалау .Оқушылар бір-бірінің білімдерін бағалайды.
№ Тапсырмалар: Жоғары ұпай «5»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.