Главная / Начальные классы / Қазақ тілі 4-сынып "Одағай сөздер"

Қазақ тілі 4-сынып "Одағай сөздер"

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 сынып

Күні: 26.04.2013

Сабақ : №119

Cабақтың тақырыбы: Одағай сөздер.

Сабақтың мақсаты: Одағай туралы түсінік беру, оның мағынасын, тыныс белгісін

үйрету. Танымдық қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу тілін

дамыту. Қатесіз, сауатты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ізденіс, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, сызбалар, ребустар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 47-жаттығу. Аралап тексеру, оқыту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.

--Қандай сөз таптарын білеміз?

-- Шылау мен шылау тұлғалас сөздер қалай жазылады екен?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс.

а) оқулықпен жұмыс.

Сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойға қатысты әр алуан көңіл күйін білдіретін сөзді одағай деп атайды.Одағайлар сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түспейді,сөйлем мүшесі бола алмайды.

Одағай сөздер таңырқау, қуану, ұнату, ренжу, өкіну, шошыну, жекіру сияқты көңіл күйлерді білдіреді немесе жан-жануарларды, малды шақыру, қуу үшін айтылады.Мысалы: Шіркін, демалысқа ерте шықсақ

Сөйлеуші адамның назарын өзіне аудару үшін қолданылатын одағайлар: уа, әй, е, ой, а, э, оһ, т.б. Мысалы: Уа, халайық, наурыз құтты болсын!

Өкінішті білдіретін одағайлар: қап, дүние-ай, апырмай, пай-пай, оһ, әттеген-ай, т.б.

Мысалы: Қап, сабақ оқыганда нашар баға алмас едім.

Таңдану, сүйсінуді білдіретін одағайлар: бәсе, бәрекел-ді, пәлі, пай-пай, шіркін, уа, ахау, айхай т.б. Мысалы: Пай-пай, мына суреттің әдемісін-ай!

Жан-жануарларды, малды шақыру, қуу үшін айтылатын одағайлар: моһ-моһ, құрау-құрау, шөре-шөре. Мысалы: Құрау-құрау, құлыным, шөп берейін. Шуу, жануар, шуу, - деп атқа отырды.

Одағайлардың тыныс белгілері

Қосарланған одағайлар дефис арқылы жазылады.Мысалы: шөре-шөре, пай-пай.

Одағайлар сөйлем мүшесінен үтір немесе леп белгісімен бөлінеді.

Мысалы: Алақай, алақай! Атам ауылдан келді!

Одағайлар сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады.

Мысалы: Пай-пай, ауылдың кереметін-ай!

Одағайлар сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады.

Мысалы: Сөйлей беріп, түу, басымды ауырттың.

Одағайлар сөйлемнің соңында келсе, одан кейін леп белгісі қойылады.

Мысалы: Даусың қандай тамаша, пай-пай!

1-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, қарамен жазылған сөздерді талдау. Ережемен таныстыру. ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.

Пай-пай,мына аттыңжүйрігінай!Бәрекелді,келгендеріңжақсы болды! Алақай, алақай, ауылдан әжем келді! Апырай, ата қонысым еді! (М. Әуезов).

2-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, одағайларды табу.

Шіркін, мына атқа мінер ме еді! Бәрекелді, Сүйіндік аға, оныңыз жақсы ақыл (М. Әуезов). Әттеген-ай, көре алмай қалдым-ау! (С. Мщанов). Е, тәйір, күзектің шөбі бітуші ме еді? (М. Әуезов). Түу, қандай тымырсық түн! (С. Мұқанов).

3-жаттығу. Берілген одағайларды қатыстырып сөйлем құрап жазу.

Па, шіркін; әттең; ойпырай.

4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті одағайды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

1. ..., емтиханнан бес алдым! 2. ..., сенің жайбасарлығыңнан қалып койдық!

3. ..., киноактер болсам! 4. ..., сен қашан, келдің?

ҮІ. Бекіту. 5-жаттығу. Ребусты шешу.

hello_html_346509ba.jpg

hello_html_m43c7e9bc.jpg

Шешуіндегі сөзді шылаулармен салыстырып, бір-бірінен айырмашылығын айт.

ҮІІ. Қорытындылау.

--Балалар, бүгін қандай сөз табымен таныстық?

-- Одағай деген не?

--Одағайлар қандай көңіл күйді білдіреді?

--Одағай сөздер сөйлем мүшесі бола ала ма?

--Сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түсе ме?

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру.6-жаттығу.

ІХ. Оқушыларды бағалау.

.

Қазақ тілі 4-сынып "Одағай сөздер"
  • Начальные классы
Описание:

Автор Мусаева Айгул Сулайманкуловна
Дата добавления 22.04.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров 3309
Номер материала 58175
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓