Главная / Начальные классы / Қазақ тілі 3 сынып Х , Һ дыбыстары

Қазақ тілі 3 сынып Х , Һ дыбыстары

Пәні : Қазақ тілі 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Х , Һ дыбыстары

Сабақтың мақсаты: Дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін пысықтау . Х дауыссыз дыбыс негізінен орыс тілі арқылы кірген халықаралық сөздерде ал Һ дауыссыз дыбысы кейбір шығыс сөздерінде қолданылатындығын түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: дыбыстар жіктемесінің кестесі , карточкалар .

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі .

Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы дыбыстар туралы алған білімдері пысықталады.

-Дыбыс дегенді қалай түсінеміз?

-Дауысты дыбыс туралы не білеміз?

-Олар нешеге бөлінеді?

-Дауыссыз дыбыстар туралы не білеміз?

-Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырауынан жасалатын дыбыстарды

дауыссыз дыбыстар дейміз. Олар б, в ,г, ғ, ң ,қ ,һ ,й ,ц, к, н ,ш, щ, з ,х ,п ,р ,ч ,л д, ж , с, м ,т ,(у).

Қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар. Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі

-Дауыссыздарды айтқанда өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырайды.

-Дауыссыздарды айтқанда үн бәсең солғын болады.

-Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Х дауыссызының негізінен орыс тілі арқылы кірген сөздерде , Һ дауыссызы кейбір шығыс сөздерінде қолданылатындығын түсіндіру.Х, Һ дыбыстарының қатаң дауыссыз дыбыстар екенін айту. Осы дыбыстар кездесетін сөздерге мысалдар келтіру және оларға дыбыстық талдау жасату.Мысалы :

Хат сөзінде х дыбысы сөздің басында келіп тұр. Бұл сөз бір буыннан тұрады.

Х- қатаң дауыссыз дыбыс ;

а – жуан дауысты дыбыс ;

т - қатаң дауыссыз дыбыс .

Жаһан сөзінде һ дыбысы сөздің ортасында екінші буынында кездесіп тұр.

Ж-ұяң дауыссыз дыбыс ;

а - жуан дауысты дыбыс ;

һ – қатаң дауыссыз дыбыс ;

а – жуан дауысты дыбыс ;

н – үнді дауыссыз дыбыс .

Оқулықтағы жаттығуларды орындау барысында мынадай тапсырмалар орындалады:

-Сөйлемдерді көшіріп жазып х ,һ әріптері кездесетін сөздердің астын сызу.

- Х ,һ дыбыстарының қатаң дауыссыз дыбыстар екенін айту.

- көп нүктенің орнына тиісті х ,һ әріптерін қойып сөздерді көшіріп жазу.

- қ, х, һ дыбыстарының айтылуын салыстыру.

Сабақты қортындылау мақсатында төмендегідей сұрақтарды пайдалануға болады.

-Х және һ дыбыстары туралы не білдік?

-Х қандай дыбыс және қандай сөздерде кездеседі?

- һ қандай дыбыс және қандай сөздерде кездеседі?

Үйге тапсырма беру.





Қазақ тілі 3 сынып Х , Һ дыбыстары
  • Начальные классы
Описание:

Сабақтың тақырыбы: Х , Һ дыбыстары

Сабақтың мақсаты: Дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін пысықтау . Х дауыссыз дыбыс негізінен орыс тілі арқылы кірген халықаралық сөздерде ал Һ дауыссыз дыбысы кейбір шығыс сөздерінде қолданылатындығын түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: дыбыстар жіктемесінің кестесі , карточкалар .

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі .

Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы дыбыстар туралы алған білімдері пысықталады.

-Дыбыс дегенді қалай түсінеміз?

-Дауысты дыбыс туралы не білеміз?

-Олар нешеге бөлінеді?

-Дауыссыз дыбыстар туралы не білеміз?

-Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырауынан жасалатын дыбыстарды

дауыссыз дыбыстар дейміз. Олар б, в ,г, ғ, ң ,қ ,һ ,й ,ц, к, н ,ш, щ, з ,х ,п ,р ,ч ,л д, ж , с, м ,т ,(у).

Автор Мукажан Дианара Бакытбековна
Дата добавления 06.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров 1378
Номер материала MA-062020
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓