Инфоурок Литература КонспектыҚазақ тілі мен әдебиет сабақтарында мәнерлеп оқуды

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында мәнерлеп оқуды

Скачать материал

Т.П.Праслов атындағы Прииртышск жалпы орта білім беретін мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыстың тақырыбы: Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында мәнерлеп оқуды дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          

 

                                                 Автор: Әліпаева Айгерім Қалиқанқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Прииртышск, 2016 жыл         

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

Кіріспе

Мәнерлеп оқу туралы түсінік..................................................................3

Негізгі бөлім

Мәнерлеп оқуды меңгерту жолдары......................................................5

Корытынды

Еңбегіне қарай өнбегі.............................................................................11

Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Мақсатым:

 

-         Шығарманы мәнерлеп оқыту арқылы оқушыны танысып отырған әр кейіпкермен бірге әрекет жасап, олармен бірге толғанып, тебірене білуге ұмтылдыру;

-         Нақышына келтіріп, мәнерлеп оқу арқылы оқушының жан-дүниесін байытып, асқақ армандарға жетелеу, әр тыңдаушысының жүрегіне, сезіміне әсер ете білуге үйрету;

-         Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;

-         Оқырмандық талғамды қалыптастыру;

-         Ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

 

  Міндетім:

 

-         Әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуге, мән-мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғыз;

-         Жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру;

-         Актерлік шеберлігін қалыптастыру, дамыту.

-         Көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту;

-         Жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру;

         Қай ұстаз болмасын өз шәкіртінің  дұрыс сөйлеп, ойын шебер жеткізе білгенін қалайды. Бұл орайда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің рөлі ерекше деп ойлаймын. Баланың сөз мағынасын, сөйлеу мәнін ұғынуда мәнерлеп оқудың да маңызы зор. Әдебиетті оқытуда мәнерлеп оқытуға көп мән бере қарау керек. Сондықтан да мен бұл  жұмысымды «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында мәнерлеп оқуды дамыту»тақырыбында алып отырмын.

         Мәнерлеп оқу – әдебиетті талдаудың негізі, бастау көзі. Әрбір әдеби шығарманы оқып меңгерудің басы көркем мәтінді мәнерлеп оқудан басталады.

         Мәнерлеп оқу – әдеби талдаудың ешқайсысымен алмастырылмайтын ерекше қабылдау үдерісі болып табылады. Әр буында, әр сөзде, сөз тіркесінде, әрбір сөйлемде орныққан интонация сол сөзді айтып тұрған кейіпкердің жан-дүниесін мәнерлеп оқып тұрған оқушыға бірден  ұғындыратыны сөзсіз.

         Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында бастауыш сатыдағы «Ана тілі» пәнінің негізгі міндеттерінің бірі ретінде «Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру (дауыстап оқу мен іштей оқу; дұрыс оқу, саналы оқу, мәнерлеп оқу)» екендігі аталып өтілген (1,49). Бастауыш сынып оқушыларын дұрыс оқуға үйрету үшін қойылатын талаптың бірі – мәнерлеп оқу. Дауыс интонациясын сақтап оқығанда ғана бала дұрыс оқиды әрі оқығанын түсінеді. Бұдан шығатын қорытынды: оқудың сапалары бірімен-бірі тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отырады.

Түсініп оқу үшін дұрыс оқу керек. Мәнерлеп оқу үшін оқып отырғанын түсініп оқу керек. Мәнерлі оқылмаса, дұрыс оқыды дей алмаймыз. Ендеше бастауыш сыныпта мәнерлеп оқуға үйрету сауат ашу кезеңінен басталады. Сауат ашу кезеңінің дайындық сатысынан бастап сөйлеуге үйретеміз. Ал оның басты үлгісі – мұғалімнің өзінің дауыс интонациясы арқылы сөйлем не мәтіндегі негізгі ойды жеткізу, мазмұндық ой екпінін қоя білу, кейіпкер көңіл-күйін сезіне оқу. Профессор С.Рахметованың анықтамасына сүйенсек, «мәнерлеп оқу дегеніміз – дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп, кейіпкердің көңіл күйін сезіне оқи білу» (2, 67). Мен зерттеу жұмысымда осы анықтаманы басшылыққа ала отырып, мәнерлеп оқуды қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу, дауысты құбылтып, тыңдаушысына әсерлі етіп жеткізу деген тұжырымға сүйенемін. 

           Жалпы мәнерлеп оқу дегенде тек поэзияны ғана мәнерлеп оқи білу деп түсінбеуіміз керек. Мен өзімнің қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында әрбір қарапайым сөйлемді дұрыс нақышына келтіре оқи білу, әрбір кейіпкер сөзін сол кейіпкер бейнесінде толғай білу, әрбір мақалдың негізгі ойын дұрыс айтып жеткізе білу, әрбір өлең жолдарын мәнімен, ұйқас, ырғақтарын ұғып тұрып жеткізу жолдарын үйретуге тырысамын. Ол үшін бала ең алдымен оқиын деп тұрған сөйлемнің, мақалдың немесе өлең жолдарының мағынасын, айтпақшы ойын анық түсіне білуі керек.

 Екіншіден, әрбір тыныс белгісінің мәнін ұғып, соны дұрыс пайдалана білуі тиіс.

Үшіншіден,   өлең сөздің  ұйқас ырғақтарын, бунақ тармақтарын ажырата білуі керек. Демек, бұдан келіп шығатын қорытынды нағыз мәнерлеп оқи білетін бала қазақ тілі мен әдебиеті теориясынан толық білімді болып шығады екен. Бұлай дейтін себебіміз, егер оқушы қазақ тіліндегі тыныс белгілерін (пунктуация) не үшін қойылатынын, әдебиет теориясында теңеу, эпитет, метонимия, метафора, т.б. сияқты ұғымдардың қандай жерлерде не мақсатпен жазылатынын білмесе, онда оқушының мәтін мазмұнын дәл ұғып, түсінуі қиындау болар еді.

    Мысал келтірсек:7-сынып, Қазақ тілі.

    -Ия, алдымен айта кетейін: Отан, ата-мекен, ата-баба, ұрпақ, қазан-ошақ, ағайын-туыс деген қасиетті сөздер сол шақта да нақ осы күнгі сияқты мән-мағынада болған. Осы сөйлемді тыныс белгілерін алып тастап оқысақ, сөйлем өзінің жеткізейін деп тұрған қасиетті ұғымынан мүлде алыстап, түсініксіз былдыр болып шығар еді. Немесе, «Бидайдың кеудесін көтергені – дақылының жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені – ақылының жоқтығы»- деген мақалдағы сызықша мен үтірді алып тастасақ та, жоғарыдағыдай жағдайға душар болар едік.

    Бірінші сөйлемді оқығанда бала түсінігінде « Отан, туған жер, туыс, ата-баба» сияқты сөздердің қасиетін ұғатындай ұғым болуы керек десек, мақалды оқығанда бала дарақылық, мақтаншақтық сияқты жаман қылықтардан жиренетіндей дәрежеде болуы керек. Сонда ғана мақал өз дәрежесіне сай жеріне жеткізіле айтылады. Сәкеннің «Сыр сандық» өлеңінен үзінді келтірейік:

     «Сыр сандықты// ашып қара,

       Ашып қара // сырласым.

       Сым пернені// басып қара;

       Басып қара// жырласын!

       Сұлу сымда// перне әуені

       Перне әуені// жыр айтар

       Көңіл ашар// тербеу әні,

       Тербеу әні //сыр айтар».

      Міне, бұл жолдарды оқығанда оқушы сыр сандықтың адамның жан дүниесі (метофора), сым перненің көңіл – күйі ( метафора) және әр шумақтың бунақ, тармақтан тұратынын ажырата білуі керек, сонда ғана ол ақын жанын түсініп, сезіміне еніп, тыңдаушы жүрегіне сол сұлу сазды, сырлы назды жеткізе алады.

     М. Әуезовтың « Көксерегінде» Құрмаштың әжесінің мына бір сөзіне назар аударайықшы:

    « Түу, мына кәпірдің екі көзі жап – жасыл боп кетіпті – ау, тұқымын сезген екен мына жүзіқара; Қой, балам, енді мұны өлтіріп, терісін алайық»,- деп еді.

      Бұл сөйлемді оқығанда оқушы ең алдымен көпті көрген көне көздің байқағыштық қасиетін көре білуі тиіс, екіншіден, бұл сөйлемнің иесі жас адам емес, қарт әже екенін ұмытпауы керек, үшіншіден, қасқыр тұқымының жыртқыштық қасиетін жан – дүниесімен сезінуі қажет. Сонда ғана қарт әженің аузынан шыққан бір ауыз құдіретті сөз тыңдаушысына өз мәнінде жетеді. 

      Енді осы қасиеттерді балаға қалай меңгертуге болады? Ол үшін мынадай сызбаны (1 сызба) негізге ала отырып, келесі жұмыстарды  жүргіздім:
  ¨ мәтінді жанрына қарай өзім оқып, таныстырамын; - тыныс белгілерінің қойылу ерекшеліктерін сұрап, білгенін өзім түсіндіріп өтемін:

  ¨ оқушыға іштей оқытып, сөйлем немесе шумақ мазмұнын ұғып алуына мүмкіндік беремін.

  ¨ жеке- жеке оқушыға даралап оқыттырамын;

  ¨балаларға кезекпен немесе барлық сынып оқушыларына бірден дауыстап оқытамын       ( бұл, әсіресе, төменгі сыныпқа қолайлы);

  ¨ егер кейіпкер сөзі не диалог болса баланың сол бейнеге енуіне жағдай жасаймын;

  ¨ теледидардан берілетін кештер мен айтыстарды үнемі көріп отыруын тапсырып, қадағалаймын;

  ¨ тек оқулық көлемімен шектелмей, өздерінің ұнатқан шығармаларын жаттап, сынып алдында айтуына мүмкіндік беремін ( бұл баланың ізденуіне мүмкіндік);

    ¨ мәнерлеп оқуды өте жақсы меңгерген оқушыларды сынып алдында  жеке оқытамын, әр түрлі шараларға қатыстырып отырамын;

    ¨ баланың бет – қимылын қозғалысын қалыптастыруға бағыт беремін ( бұл баланың алға ұмтылуына, талпынуына жағдай жасайды).

   Бұл талаптарды жаңа сабақтарда, блок сабақтарында, үй тапсырмаларын сұраған кезде жүзеге асырып отырамын.

      Көркем шығарманы мәнеріне келтіріп, әсерлі оқу үшін ең алдымен дыбыстау мүшелерінің қызметіне, әр дыбыстың жасалуына, естілуіне, оқылуына баса назар аударып, түрлі жаттығулар жасатып отырған жөн. Оқудың, сөйлеудің мәнерлі болуы дұрыс, еркін дем алуға байланысты. Оқу процесіне ауаны керегінше жұтып, сыртқа бірден сарқып шығармай, ерікті түрде дем алып, орынды пайдалана білсек, бұл мәнерлі оқудың негізгі құралы болмақ.

Мәнерлі оқуда дауыстың маңызы зор. Дауыс сөйлеу мүшелері мен ауаның бір-біріне соқтығысуымен жасалады. Соның ішінде дауыстың ажыратылуы дауыс шымылдығына тікелей байланысты. Дауыс шымылдығына пайда болған үн қуыс мүшелері арқылы өткенде әр түрлі реңге ие болады.

        Зерттеуші С.Желдербаеваның «Мәнерлеп оқу» деген  кітабында балаларды мәнерлеп оқуға жаттықтыру жұмыстарының түрлері келтіріледі. Атап айтсақ:

-   мұғалім әңгімелесу үлгісінің бірнеше түрлерін магнитофон таспасына жазып алып тыңдатуына болады;

-    сөйлеу техникасына жаттықтыру, дыбыстау мүшелерінің қызметін дұрыс түсіндіру. Ол үшін мұғалім әрине, сөйлеу техникасына нелер жататынын білуі тиіс. Сөйлеу техникасына мыналар жатады: тыныс алу (ауаны ішке жұту мен сыртқа шығару), дауыс, дикция.

Дыбыстау мүшелері негізі үш бөліктен тұрады:

    1. Өкпе

    2. Тамақ

    3. Қуыс мүшелері (ауыз қуысы мен мұрын қуысы) (3).

      Бастауыш сыныптарға арналған «Ана тілі» оқулықтарында(6) көркем мәтіндер қара сөзбен және өлең түрінде берілген. Бұл екі шығарманың ұқсастығы – екеуінің де белгілі бір ойға құрылғандығы, тақырып пен идеяның бірлігі, оқушының ой – сезіміне көркем сурет арқылы әсер, т.б. Өлең мен көркем қарасөздің өзара жақындығы мен қатар, айырмасы да үлкен. Мысалы, С.Бегалиннің «Қырдың жас түлегі» әңгімесінде келтірілген «Сібір өлкесіне көңілді көктем келді. Бұл кезде қала халқының назары Ертіс бойында болады. Өзенін қыста өркеш-өркеш болып жатқан мұздары еріп, сел жүре бастайды.

        Қорыта келгенде, стандартта атап көрсетілгендей, «бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру – осы сатыдағы білім  мазмұнына құрамдас бөлігі»(1). Оқу сапасы, атап айтқанда, дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқуға төселдірудің негізгі жолы – жаттықтыру әдісі. Әрбір сабақта мәтінді оқуға жаттықтыру арқылы баланы мәнерлеп оқу деңгейіне  жеткізу мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктейді.

Шығарманы мәнерлеп оқу деңгейіне жеткен оқушы шығарманың сұлу, тұтас бітіміне енеді, сол арқылы кейіпкер бойындағы ізгілік, адамгершілік сияқты асыл қасиеттерді тани алады. Мұның өзі баланы биік адамгершілікке бастайды. Демек, бастауыш сыныптарда оқу сапасын қалыптастыру және дамыту – оқушының жеке тұлғалық бітімінің айқын көрсеткіші. Баланы дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқуға баули алсақ пәндік құзыреттілікке қол жеткізгеніміз.

         Әрине, оқушы сол интонацияларды айқын беруге ұялатыны белгілі, бірақ, мұғалімнің міндеті – шынайы мәнерлеп оқу мен дұрыс оқымауды салыстыра көрсетіп, сөздің мәнісін сол сөзді қалай айтуы арқылы ғана беруге болатынын барынша түсіндіре алса дұрыс болады.

Әдеби шығармаларға түсініктеме бере отырып (комментарий беріп) оқу – мұғалімнің оқушыға көркем шығарманың терең мазмұнындағы мәнді қабаттарды тани білуіне көмектесетін тамаша әдіс. Көркем әдебиетті алғашқы оқу – көркем шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнын бірден түсіндіре алмасы белгілі. Екінші оқу – талдай оқудың жаңа сатыға көтерілген, сезімге ғана емес, ақыл-ойға әсер етуге бағытталған және басқа әдістермен араластырыла қолданылатын әдіс болып табылады.
Түсініктеме бере отырып оқудың лексикалық түсініктеме беру деп аталатын тәсілі – автордың көркем шығарма мазмұнындағы дәуірге сай қолданған сөздерін немесе автордың өзіндік дүниетанымдық деңгейіне лайықталған сөздерге лексикалық түсініктеме беру – тек көркем мәтіннің байлығын түсіндіріп қана қоймайды, сонымен бірге оқушының сөз байлығын да дамытады.
Мәнерлеп оқу дауыстың өзіне де қатысты. Дауыс неғұрлым таза, күшті шықса оқу да мәнерлі болады. Ол үшін әр оқушы даусын күте білуі қажет. Дауыс желбезегіне онша күш келтірмеу. Суық күндерде далада азырақ сөйлеу, суыққа шалдықпау – дауыс күші мен оның тазалығын, үнін сақтаудың басты шарты.
Дауыстың өзіндік белгілері бар. Олар: күші, жоғарылығы, қарқыны, тембрі. Сөйлегенде адам бірде жылдам, бірде баяу сөйлейді. Бұлар әр адамның дауыс қарқынына байланысты. Мұғалім жаттығу арқылы өз даусының орташа қарқынын анықтай алады. Ол жылдам сөйлеуден аулақ болғаны жөн. Егер жай сөйлей алмайтын болса, жаттығуы қажет.
Дауыстың тыңдаушыға әсерлі болуы тембріне байланысты. Құбылта оқу, дауыс ырғағына келтіре оқу да жаттықтыру арқылы қалыптасады. Мәнерлеп оқуда дикцияның мәні зор. Сөйлеушінің ашық, анық, айқын айтуы оның айтқанын ұғуға, әсерлі болуына ықпалын тигізеді. Дикциясында ақау болса, оны арнаулы жаттығулар арқылы түзету қажет. Дикциядағы кемшілік – сөйлеу мүшелеріне дұрыс жұмыс істете алмаудың салдары. 
         Мәнерлеп оқуда зор роль атқаратын – интонация. Интонация – сөйлеу сазы. Ол сөйлеудің ритмі мен үнін, дауыстың бірде жоғарылап, бірде төмендеуін білдіреді. Интонация мына элементтерден тұрады: сөз бен ой екпіні, сөйлеудің қарқыны, ритмі, пауза, сазы.
Көркем шығарманы мәнерлеп оқу үшін, онымен алдын ала танысып, сонан соң оқығанда ғана автордың идеясын жеткізе оқып шығуға болады. Көркем шығармада адам психологиясы жан-жақты суреттеледі. Оны өз мәнінде тыңдаушысына жеткізу үшін, мұғалім оқитын мәтіндегі қай сөздің, сөйлемнің қандай мағынаны, қандай көңіл күйді білдіретінімен алдын ала таныс болуға тиіс.

   

          Енді «Еңбегіне қарай өнбегі» демекші, осы жұмыстар негізінде қол жеткізген нәтижеме тоқталсам:  

    Өзім сабақ беретін орыс мектепте мәнерлеп оқуға аса мән беремін. Оқушылар бастауыш сыныптардан бастап, сөздің қадірін түсінуге баулып жүрмін. Мысалға, өзімізге әжеміз үйрететін:

 «Аю отыр партада,

Екі қолы қолы қалтада.

Мұғалім сабақ сұраса...

Ұйықтап қалды масқара!» - деген өлең жолдарын алайықшы. Сіз осы жолдарды қара сөзбен сапырып айтсаңыз, баланың қызығушылығы тұрмақ, өлең жолдарында не айтылғаны да ұғынықсыз болады. Сондықтан бұның бәрі төменнен басталады.

           Қазіргі таңда, өзімнің жұмыс жасап жатқан тобым бар, ерекше атап өтетін шәкіртім Нұрмақанова Әнел, 6-сынып оқушысы. Жұмыс жасап жатқаныма екі жыл уақыт болды, әнші-биші қызым. Абай оқуларына қатысады, айтулы тақырыптарға өлеңдер жазады, газет беттерінде де шығып жүр. Абайдың әндерін айтады, сол жолда осы  «Көзімнің қарасы» әнін  5- сыныпта беріп, мұғалім мына ән не туралы: «көзімнің қарасы» «черные глаза» ма деп, қызығушылық танытқан болатын, сөйтіп осы тақырыпта ғылыми жоба жасадық. Әрине 6-сыныпта әлемді таң қалдырмаса да өзі үшін талай жаңалықтар ашты, Әнелім. Сонымен қатар әртістік қабілеті бір басына жетерлік. Сахналық көріністер Әнелсіз өтпейді. Мен Әнелдің болашағына үлкен сеніммен қараймын.  

       Қорыта келгенде, « Сөйлеудің екі түрі болады: бірі – жалаң, екіншісі  - көрнекі. Көрнекі сөйлеуді жырлау – толғау дейміз. Жырлау – толғауда айтылатын әсерлі сөзді дарынды сөз деп айту қолайлы. Сөздің асыл болуы – адамға ұнауымен. Сөз мағына жағынан күштілігімен, көркемділігімен, ұнайды», - деп, А. Байтұрсынов айтқандай, мәнерлеп оқу жолдарын толық меңгерген оқушы «сөз асылын» табатын, «сөз мағынасын» ұғатын, «дарынды сөзді» тани білетін тұлға болып қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.     Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. –Алматы,РБК. 2002 ж.

2.     Рахметова С. Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы. – Алматы, «Абай атындағы ҚазҰПУ», 2007 ж.

3.     Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. – Алматы, «Мектеп», 1997 ж.

4.     Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. – Алматы, «Мектеп»,  1992 ж.

5.     Қазақстан Республикасы бастауыш білім беру бағдарламалары. – Алматы, «Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА», 2002 ж.

6.     Рахметова С., Қабатай Б. 2-4-сыныптарға арналған «Ана тілі» оқулықтары. – Алматы, «Атамұра», 2000-2004 ж.ж.

7.     Абай. Қалың елім қазағым. – Алматы, «Атамұра», 2002 ж.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында мәнерлеп оқуды"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по гимнастике

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсатым: -Шығарманы мәнерлеп оқыту арқылы оқушыны танысып отырған әр кейіпкермен бірге әрекет жасап, олармен бірге толғанып, тебірене білуге ұмтылдыру; -Нақышына келтіріп, мәнерлеп оқу арқылы оқушының жан-дүниесін байытып, асқақ армандарға жетелеу, әр тыңдаушысының жүрегіне, сезіміне әсер ете білуге үйрету; -Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; -Оқырмандық талғамды қалыптастыру;-Ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; Міндетім: -Әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуге, мән-мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғыз; -Жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру; -Актерлік шеберлігін қалыптастыру, дамыту. -Көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту;-Жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру; Қай ұстаз болмасын өз шәкіртінің дұрыс сөйлеп, ойын шебер жеткізе білгенін қалайды. Бұл орайда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің рөлі ерекше деп ойлаймын. Баланың сөз мағынасын, сөйлеу мәнін ұғынуда мәнерлеп оқудың да маңызы зор. Әдебиетті оқытуда мәнерлеп оқытуға көп мән бере қарау керек. Сондықтан да мен бұл жұмысымды «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында мәнерлеп оқуды дамыту»тақырыбында алып отырмын. Мәнерлеп оқу – әдебиетті талдаудың негізі, бастау көзі. Әрбір әдеби шығарманы оқып меңгерудің басы көркем мәтінді мәнерлеп оқудан басталады. Мәнерлеп оқу – әдеби талдаудың ешқайсысымен алмастырылмайтын ерекше қабылдау үдерісі болып табылады. Әр буында, әр сөзде, сөз тіркесінде, әрбір сөйлемде орныққан интонация сол сөзді айтып тұрған кейіпкердің жан-дүниесін мәнерлеп оқып тұрған оқушыға бірден ұғындыратыны сөзсіз. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында бастауыш сатыдағы «Ана тілі» пәнінің негізгі міндеттерінің бірі ретінде «Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру (дауыстап оқу мен іштей оқу; дұрыс оқу, саналы оқу, мәнерлеп оқу)» екендігі аталып өтілген (1,49). Бастауыш сынып оқушыларын дұрыс оқуға үйрету үшін қойылатын талаптың бірі – мәнерлеп оқу. Дауыс интонациясын сақтап оқығанда ғана бала дұрыс оқиды әрі оқығанын түсінеді. Бұдан шығатын қорытынды: оқудың сапалары бірімен-бірі тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отырады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 745 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Технологическая карта урока по теме "Русская крестьянка-праведница (по рассказу И.С.Тургенева "Живые мощи")
  • Учебник: «Литература (в 2 частях)», Чертов В.Ф., Трубина Л.А., Ипполитова Н.А. и др. / Под ред. Чертова В.Ф.
  • Тема: Живые мощи
  • 01.01.2021
  • 453
  • 17
«Литература (в 2 частях)», Чертов В.Ф., Трубина Л.А., Ипполитова Н.А. и др. / Под ред. Чертова В.Ф.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.07.2020 2554
    • DOCX 29.2 кбайт
    • 62 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Анищенкова Альбина Владимировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 95092
    • Всего материалов: 232

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и культура речи: теория и методика преподавания в дополнительном образовании

Педагог дополнительного образования по русскому языку и культуре речи

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 46 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Преподавание русского языка как неродного в образовательном учреждении

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 230 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Русский язык")

Учитель русского языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические аспекты развития и состояния личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Информационные технологии в науке и бизнесе: от концепции до реализации

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы налогообложения и формирования налогооблагаемых показателей

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе