Главная / История / «Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл»

«Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл»


2014-2015 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: «Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл»


Сабақтың мақсат-міндеттері:

Оқушылардың Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы білімдерін тереңдету. Ертістен Еділге дейін созылған сайын даланы өзіне бағындырып,1465жылы Шу өзенінің бойында алғаш «қазақ» деген атаумен Керей мен Жәнібек хандар ірге тасын қалаған Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл болған осы хандықтың тарихын білуге үйрету.

Оқушылардың тарихи –танымдық қабілеттерін өз бетінше ізденуге баулу,тіл байлығын дамыту.

Тұңғыш Қазақ мемлекетінің құрылуының негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже:

Қазақ елінің тарихын терең білу,тарихи тұлғаларды үлгі тұту,Қазақстанның дамуына өз үлесін қосу,өмірде қолдана алу.

Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы туралы білім мен түсінік қалыптасады.

Алған білімдерін сараптай, талдай отырып өзгерістерді анықтайды және болашақты бағдарлай алады.

Сын тұрғысынан ойлай алуға дағдыланады.

Өз бетінше шешім қабылдап, дәлелдемелер келтіреді, қорытынды жасай алады.


Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірме қағаздар, суреттер,карта.


Пәнаралық байланыс: әдебиет,география,бейнелеу


Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ - жауап.


Сабақтың түрі: Интеллектуалдық сайыс сабақ.


Кіріспе: Армысыздар бүгінгі «Қазақ хандығының құрылғанына – 550жыл» атты сайысымызға қатысушы оқушылар және қонақтар!

Қазақ хандығы — бүгінгі  Қазақстан Республикасы  мен көрші аймақтардың территориясында 1465-1847 жылдар аралығында құрылған мемлекет. Қазақ хандығы  Еділден  Жайыққа  дейінгі территорияны, Сырдария  мен Амудария өзнедерінің аралығын,  Хорасан  жерін қамтыған.

Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген  монархияға  негізделген. Мемлекет басшысы - хандар  саяси билік жүргізетін. Олар  төре  тұқымынан шыққан  сұлтандар  арасындағы таңдау негізінде сайланатын.

Қазақ хандығының тұңғыш ханы - Керей, соңғы ханы - Кенесары Қасымұлы.

1465 жылдары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымызбен ар – ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметіміз деп қабыл алыңыздар.Түріктің бір бұтағы қазақ еді,Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.Жәнібек, Керей хандар басын қосып,Өмірге келген еді қазақ елі.Алтай мен Атыраудың арасындаЖетісу, жеті өзеннің сағасында.Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,Хандық құрды қазақ өз даласында.

Елбасы 2015 жыл — ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды бес топқа бөлу.

I-топ: 8 «Ә» сынып оқушылары: «Білімділер» тобы.

II-топ: 8 «Б» сынып оқушылары: «Сұңқар» тобы.

ІІІ-топ: 8 «В» сынып оқушылары: «Алғырлар» тобы.

ІҮ-топ: 8 «Г» сынып оқушылары: «Жас ұлан» тобы.

Ү-топ: 8 «Ғ» сынып оқушылары: «Жас қыран» тобы.

(Әділ-қазы алқасын сайлау)

Сайыстың кезеңдері:

«Таныстыру» сайысы. Әр топ өз атын қорғайды.

«Білімділер» сайысы. Әр топқа қазақ хандығының құрылуы жайында сқрақтар беріледі.

«Шешендер» сайысы. Топтпрға тақтада әр түрлі сөздер беріледі. Топтық жұмыс жүргізу арқылы сөздердің мағынасына қарай мәтін құрастыру.

«Ой қозғау» сайысы. (Ассоциация). «Алаш», «Қазақ» сөзінің мағынасы туралы айтады. сөзінің мағынасы туралы айтады.

«Ойлан,тап!» сайысы. Суреттегі хандардың кім екенін анықтау.

«Шығармашылық тапсырма».

І тапсырма: «Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл» тақырыбында шағын шығарма жазу.

II тапсырма: «Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл» тақырыбында постер (плакат) қорғайды.

Қорытынды.


І кезең: «Таныстыру» сайысы. Әр топ өз топтарының атын және төсбелгісін қорғайды.


ІІ кезең: «Білімділер» сайысы. Әр топқа қазақ хандығының құрылуы жайында сқрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.

Сұрақтар:

Қазақ хандығының құрылуы екі мемлекеттің ішкі саяси жағдайына байланысты болды. Ол мемлекеттер: 

(Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан)

Қазақ халқының Жәнібек пен Керей бастаған бөлігінің Шығыс Дешті Қыпшақтан Моғолстанға көшуі қай ғасырда болды?

(XV ғасырдың ортасы)

Қазақ халқының Жәнібек пен Керей бастаған бөлігі қай хандықтан бөлініп кетті?

(Әбілхайыр хандығынан)

Жәнібек пен Керей Өзбек хандығынан қайта көшті?

(Моғолстанның батыс аймағына)

Жәнібек, Керей хандарымен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы.

(«өзбек-қазақтар»)

XV ғ. 50-70жж. Керей мен Жәнібек хандарға қосылған адам саны.

(200мың)

Моғолстан билеушісі Есенбұға Жәнібек пен Керей одағына ене отырып, олардың көмегімен неге үміттенді?

(өз шекарасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге)

Керей мен Жәнібек бастаған қазақтарды қолдаған Моғолстан ханы.

(Есен Бұға)

Қазақ жеріндегі ру - тайпалардың  XV ғ. басында басқа хандықтарға ауа көшуінің басты мақсаттары.

(ру-тайпалармен бірігу,тыныштықта өмір сүру үшін)

XVғ. жаңадан құрылған Қазақ хандығының билеушілерінің алдында тұрған міндет.

(Қазақ тайпаларының басын қосып,этникалық аумағын біріктіру)

Қазақ хандығы қай ғасырда құрылды?  

(XV ғасырдың ортасы)

Қазақ хандығы құрылуы жайында жазған тарихшы.

(М.Х.Дулати)

М.Х.Дулатидің жазуы бойынша Қазақ хандығы қашан құрылды? 

(1465-1466жж.)

Қазақ хандығының негізін салушылар.

(Жәнібек пен Керей)

Жәнібек ханның шын есімі.

(Әбусаид, халық Әз-Жәнібек деп атаған)

Қазақ хандығының алғашқы құрылған кездегі территориясы.

(Шу мен Талас өзендері маңы)

Алғашқы Қазақ хандығы құрылған жер.

(Жетісу)

Қазақ хандығының ұлттық туы тігілген жер.

(Қозыбасы)

Хандықтың нығаюымен байланысты кімдерге қараған халықтың бәрі қазақтар деп атала бастады? 

(Жәнібек пен Керейге)

XV ғасырдың соңына қарай Қазақ хандығының құрамында қалған қалалар.

(Созақ,Сығанақ)

Қазақ хандығы қай жылдары құрылды? 

(1465-1466жж.)

1470 жылы Керей хан бастаған қол шабуыл жасаған қала.

(Түркістан)

XV ғасырдың аяғына Қазақ хандығының негізгі қарсыласы.

(Мұхаммед Шайбани)

XV ғасырдың соңында Шайбани ұрпағы мен Қазақ хандығы арасындағы күрестің себебі.

(Сырдария қалалары үшін)

XV ғасырдың 70 ж. Қазақ хандарының басып алған жерлері.

(Сырдария мен Қаратау өңірі)

Жетісу жерінде  XV ғ. II ж қандай хандық құрылды? 

(Қазақ хандығы)

Қай жылы Қерей мен Жәнібек Сыр бойындағы қалаларға щабуыл жасады?

(1470ж)

Керейдің ұлы кім?

(Бұрындық)


ІІІ кезең: «Білімділер» сайысы. Топтпрға тақтада әр түрлі сөздер беріледі. Топтық жұмыс жүргізу арқылы сөздердің мағынасына қарай мәтін құрастыру. Дұрыс жауап он ұпаймен бағаланады.



Керей

ұлы

Қазақ

екі

негізін


хан -

хандығының

тарихи

қалаушы

тұлғаның


алғашқы

ханы

бірі,

қазақ

болатын.



Жауабы: Керей хан – Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы болатын.


ІҮ кезең: «Ой қозғау» сайысы. (Ассоциация). «Алаш», «Қазақ», «Қозыбасы», «Құрылтай», «Шежіре» сөздерінің мағынасы туралы айтады. Әр топқа үлестірме қағаздар беріледі. Дұрыс жауап бес ұпаймен бағаланады.


Ү кезең: «Ойлан,тап!» сайысы. Суреттегі хандардың кім екенін анықтау.

Тақтада әртүрлі түстермен ұяшықтар берілген. 10, 20, 30, 40 сандарын таңдап, сол ұяшықта берілген суретті тұғаның кім екенін анықтау. Дұрыс жауап ұяшық санымен бағаланады.

Бірінші баған: 10- Абылай хан, 20- Жәнібек хан, 30- Керей хан, 40- Кенесары хан

Екінші баған: 10- Әбілқайыр хан, 20- Қасым хан, 30- Есім хан, 40- Әз Тәуке хан

Үшінші баған: 10- Жәңгір хан, 20- Тәуекел хан


ҮІ кезең: «Шығармашылық тапсырма». Тақтада екі тапсырма берілген, сол тапсырманың бірін таңдап орындайды және қорғайды.

І тапсырма: «Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл» тақырыбында шағын шығарма жазу.

II тапсырма: «Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл» тақырыбында постер (плакат) қорғайды.


ҮІІ кезең: Қорытынды: Құрметті ұстаздар қауымы және оқушылар бүгінгі іс шараға қатысқандарыңызға үлкен рахмет. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген. Сондықтан әр қайсымыз өз еліміз тарихын әрқашанда жадымызда сақтап, мақтан етейік.Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,Бір мүдде бір мақсат алдына қойғаны.Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,Тәуелсіз мәңгілік ел болу арманы, - деп сайысымызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге рахмет.

Әділқазылар сайыста жеңімпаз топты анықтап, марапаттайды.







































ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ1456-1473ж – Керей хан. Керей – Болат сұлтанның баласы.1473-1480ж – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы1480-1511ж – Бұрындық хан қазақтарды басқарды. Керей ханның баласы1511-1518ж – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы1518-1523ж – Қасымның баласы Мамаш хан болды 1523-1532ж – Қасымның немере інісі Тақыр хан болды 1533-1534ж – Бұйдаш хан Тақырдың інісі хан болды 1534-1535ж – Қожа Мақмұт хан болды 1535-1537ж – хан атағы болған сұлтандар: Тоғым хан, Ахмет хан, Хақназар, Наурыз-Ахмет хан 1538-1580ж – Хақназар Қазақ хандығының ханы болды, Қасымның баласы 1580-1582ж – Жәнібектің немере інісі 80 жастағы Шығай таққа отырды 1582-1598ж – Шығай қайтыс болып, орнына баласы Тәуекел отырды 1598-1628ж – Есім хан билігі. Шығайдың баласы, Тәуекел ханның інісі1613-1627ж – Тұрсын хан билігі 1628-1652ж – Жәңгір хан болды. Есім ханның баласы 1680-1715ж – Әз-Тәуке хан билігі. Салқам Жәңгірдің баласы 1718-1726ж – Батырдың билігі1726-1730ж – Болат хан билігі. Болат-Тәуке ханның бел баласы1720-1740ж – Ұлы жүзді Жолбарыс хан басқарды1718-1748ж – Әбілхайыр Кіші жүзге хан болды1748-1786ж – Нұралы Кіші жүзге хан болды1791-1794ж – Ералы Кіші жүзге хан болды1795-1797ж – Есім Кіші жүзге хан болды1797-1805ж – Айшуақ Кіші жүзге хан болды1805-1824ж – Шерғазы Кіші жүзге соңғы хан болды1716-1719ж – Орта жүз ханы Қайып хан билігі1719-1734ж – Орта жүз ханы Сәмеке хан билігі1734-1771ж – Орта жүз ханы Әбілмәмбет билігі1771-1781ж – Орта жүз ханы Абылай билігі1781-1819ж – Орта жүз соңғы ханы Уәли билігі1815-1817ж – Орта жүз соңғы ханы Бөкей билігі1841-1847ж – Кенесары қазақтың соңғы ханы. Кенесары – Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы












Жаңаөзен 2015 ж






























































«Білімділер» тобы








«Сұңқар»

тобы







«Алғырлар» тобы







«Жас ұлан» тобы








«Жас қыран» тобы





















1

«Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл»
  • История
Описание:

2014-2015 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл»

Сабақтың мақсат-міндеттері:

Оқушылардың Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы білімдерін тереңдету. Ертістен Еділге дейін созылған сайын даланы өзіне бағындырып,1465жылы Шу өзенінің бойында алғаш «қазақ» деген атаумен Керей мен Жәнібек хандар ірге тасын қалаған Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл болған осы хандықтың тарихын білуге үйрету.

Оқушылардың тарихи –танымдық қабілеттерін өз бетінше ізденуге баулу,тіл байлығын дамыту.

Тұңғыш Қазақ мемлекетінің құрылуының негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Қазақ елінің тарихын терең білу,тарихи тұлғаларды үлгі тұту,Қазақстанның дамуына өз үлесін қосу,өмірде қолдана алу.

Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы туралы білім мен түсінік қалыптасады.

Алған білімдерін сараптай, талдай отырып өзгерістерді анықтайды және болашақты бағдарлай алады.

Автор Төлегенова Бақытгүл Мырзабековна
Дата добавления 05.05.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров 2272
Номер материала 58931
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓