Главная / Другое / Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары І.Жансүгіров "Құлагер "поэмасы

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары І.Жансүгіров "Құлагер "поэмасы

hello_html_7c84d9b.gifhello_html_2d29498f.gifhello_html_346b3d16.gifhello_html_m4d46b69f.gif Сабақ жоспары

Күні:

Тобы:7, 8 топ

Оқытушы: Акимбекова Қ

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров. «Құлагер» поэмасы.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі:тәжірибелік

Оқытушы:Акимбекова Қ.М.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: І.Жансүгіровтың өмірі мен шығармалары жайында білімдерін толықтыру. «Құлагер»поэмасының әдеби құндылығына тоқталып, әлеуметтік мәнін ашу. Ақан мен Құлагердің құдіреттілігіне көз жеткізу.

Тәрбиелілік: Студенттерді адамзат құндылықтарын сақтауға үндеу.Өнерді құрметтеуге баулу.Қазақ халқының салт-дәстүрін, төл мәдениетін насихаттау.

Дамытушылық:Оқушылардың шығарма талдау дағдыларын одан әрі ұштау.Оқушылардың ізденімпаздығын арттырып, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын ояту ,сөздік қорын,сөйлеу мәденитін дамыту.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, әдеби шығармалар,слайдтар, «Құлагер»әні,сөзжұмбақ ,т.б.

Сабақтың әдісі:,Студенттердің өз бетінше жұмысы, топтық жұмыс ,дамыта оқыту технологиясы,Венн диаграммасы, «Бәйге» әдісі бойынша сұрақ- жауап,сөзжұмбақ.

Пәнаралық байланыс:Тарих,геогафия,музыка.

Пайдаланылған әдебиеттер:Қазақ әдебиеті С.Мақпырұлы 2-бөлім .І.Жансүгіров «Құлагер» .Қазақ әдебиетінің тарихыГ. Умарова.

І.Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу,түгелдеу,сабаққа назарларын аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1Сәкен - өскен орта.

2.С.Сейфуллин шығармашылығына шолу.

3. «Көкшетау» поэмасының мазмұнын ашу.





Бөлім атауы

Оқиғаның барысы

1.

Кіріспе.

Көкшетаудың сұлу табиғаты.

2.

Негізгі бөлім.

Оқжетпес.

Жұмбақтас.

Қазақ-қалмақ қарым-қатынасының бір оқиғасына арналған. Ұрыста қолға түскен қалмақ қызына Абылай батырларының таласуы. Тұтқын қыздың батырларға қойған үш шарты. 1) Шың басындағы жаулықты атып түсіру. 2) Мың қадам жерден 4 жігітті арқалап жартасқа жүгіріп шығу. Оқжетпес, Жұмбақтас атауларының сыры. 3) Өлеңмен айтылған жұмбақты шешу.

3.

Адақ батыр.

Адақ батырдың ата тегі, шыққан жері, Абылайға еруі, есімінің Адақ аталғаны, мінез ерекшеліктері баяндалады. Қалмақ қызының басына қауіп төнген тұста әрекетке Адақтың араласып, қыз қойған шартты орындауы. Адақ батырдың қыз жұмбағын шешуі.

4.

Ерік алған қыз.

Абылай қойған, қыз құптаған шарт бойынша қыз Адақ ерге тимек еді, жылы жүректі батыр тұтқындағы қызға азаттық береді, өз тұлпары – Керкөжекті мінгізіп еліне қайтарады.



ІІІ.Үй жұмысын қорыту.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Мұғалімнің кіріспе сөзі . Дамыта оқыту технологиясы бойынша жаңа сабақ алдын-ала дайындалуға берілген болатын.

Жансүгіров Ілияс (1894-1938) – қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Алматы облысының Ақсу ауданы. Алғаш рет Қарағаш ауылындағы мектепте оқып, жәдитше сауат ашқан.



Лирикалары

Поэмалары

Балаларға арнаған өлеңдері

Сатиралық өлеңдері

Прозалары

«Бұлбұлға», «Замандасқа», «Ұлы күн», «Тоғысу», «Ұлы Октябрь екпіні», «Қазақстан»

«Күй», «Мақпал»,«Күйші», «Дала», «Жаңа туған», «Кәнпеске», «Құлагер», «Байкал»т.б

«Жазғытұрым», «Бөбек бөлеу», «Күз», «Оқимын», «Экскаватор», т.б.

«Шал мен келіні», «Ала бие», «Бейсенбек болыс», «Сайлау»,т.б.

«Жолдастар», «Жарапазан», «Сыйға –сый,сыраға бал», «құйрықты базар»т.б.









Толғану. Ақан

Тасқанда ,тау суындай көңіл жыры, Бурабай бір таза жер « пері» жүрген...

Қазақтың сусындасын ойы-қыры. Онда жоқ жын мен сайтан өріп жүрген,

Бұрқырат кер бұлаңды кең далаңа , Ағашқа атын байлап көлеңкелеп,

Бастырмай шөпке-шарға тоқтап құры. Ақан ғой анда-санда келіп жүрген.



Магынасын

ашу





Туған жер. АС

Мен өзім тауда туып,тасында өстім, Бастады әңгіменің былай басы,

Жасымнан мұз төсеніп ,қарды кештім, Болды оған жетпіс сексен жыл шамасы.

Асқарда Аршалыға қозы жайып, Арқада Ерейменді мекен еткен

Бұлыттың аспандағы қасында өстім. Керейййде Сағынайдың бопты асы.

Екі топ суденттері бірінің сөзін бірі жалғап ,бөлімдер бойынша мазмұнын ашады.

«Құлагер «әні тыңдалады.

Мінездеме Ақан ,Батыраш бейнесі

IV.Жаңа дәрісті бекіту

Поэманы сюжеттік талдау.

1.

Басталуы








2.

Дамуы








3.

Байланысуы








4.

Шарықтау шегі








5.

Шешімі










V.Қорытынды

«Бәйге». Сұрақ- жауап. Ой қорыту (психологиялық сезімдерін ортаға салу)



hello_html_28f89707.png

VI.Үй тапсырмасы. «Құлагер» поэмасынан үзінді жаттау. «Ат-ер қанаты»тақырыбында шағын шығарма жазу.

VII. Білімдеріне қарай бағалау.

талдау.

:  Дамыта оқыту технологиясы.. Алдын ала

тапсырма беру.

Сабақтың мақсаты:

Білім берушілік: Оқушыларды I. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасымен

таныстыру. «Құлагер» поэмасының әдеби құндылығына тоқталу. Автордың

негізгі идеясын талқылау. «Құлагер» поэмасының қазақ әдебиетінен алатын

орыны. Поэмаға тән әдеби ерекшеліктер.Өткен ғасыр басындағы қазақ

әдебиеті бойынша алған білімдерін одан әрі жалғастыру. Ұлт зиялыларының

калыптасуы. 20- ғасыр басындағы ақын -жазушылардың ел мүддесін көздеуі.

«Құлагер» поэмасының идеясы, композициясын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың шығарма талдау дағдыларын одан әрі ұштау.

I. Жансүгіровтың шығармашылығына қатысты білімдерін тереңдету. Әдеби

терминдердің мағынасын ажыратып, оларды әдеби шығармалардан таба білу.

Меңгертушілік: «Құлагер»_поэмасының қазақ әдебиетіндегі алатын орыны.

Поэмадағы жаңа заман саясатының сарыны. Поэмадағы өнер адамының

тағдыры. Шығармада суреттелген төл мәдениетіміз, қазақ халқының салт -

дәстүрлері. «Батыр Баян» (М. Жұмабаев), «Көкшетау» (С. Сейфуллин)

поэмаларының заңды жалғасы «Құлагер», «Күйші» поэмалары. Поэмадан

автор ұстанымын, көзкарасын анықтау.

Тәрбиелеушілік: Оқушыларды адамзат құндылықтарын сақтауға үндеу.

Өнерді қүрметтеуге баулу. Қазақ халқының салт — дәстүрін, төл мәдениетін

насихаттау.

Пән аралық байланыс: Қазақстан тарихы. Орыс әдебиеті.

Қолданылатын көрнекілік құралдар:

Интерактивтік тақта, видео – сұхбат, видео – сюжет, слайдтар, сөзжұмбақ. карточкалар, тестілер.Әдеби шығармалар, интернет, газет материалдары.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Қазақ әдебиеті» 11- сынып.

  2. «Қазақ әдебиеті» Оқушылар анықтамасы. 2005ж «Арман»

  3. I. Жансүгшіров. Мен осы — шынайы махаббат иесі. 2002ж «Рауан»

  4. I. Жансүгіров. Бес томдық шығармалар жинағы 1986ж «Рауан»

  5. «Қазақ әдебиеті» №18 07.05.2004.

  6. «Республика ұстаздары» 15.08.2006ж

Сабақтың барысы
 

р/с

Сабақтың кезеңдері

Өткізу әдісі

Мақсаты

уақыты

I

Ұйымдастырушылықкезең.

 

 

 

1

Оқушыларды сабаққажұмылдыру

 

 

1 -2

II

Үй тапсырмасын тексеру.Тест сұрақтары.

Сұрақ — жауап.Интерактивтіктехнология

Оқушылардыңбілімдерін тексеру

15-20

А

І. Жансүгіровтың өмірбаяны.

Сұрақ — жауапРеферат жұмысы

Ақынның өнегеліөмірін насихаттау

3-4

Ә

I. Жансүгіровтыңшығармашылығы.

Сұрақ — жауапБаяндама жасау

Шығармаларыныңтәрбиелік мәнінтүсіндіру.

3-4

 

I. Жансүгіровтың өлеңдері.

Үй тапсырмасы

Зейіндерін дамыту

3 -4

Г

Ақын өмірі несімен өнегелі?

Интерактивтіктехнология

өз ойларын жинақыәрі, нақты жеткізу

5-6

Д

Сөзжұмбақ шешу

Ойын элементі

Қызығушылықтарын арттыру

 

III

Жаңа сабақты түсіндіру

 

 

15 -20

1

Видео сұхбат

Видео сабақ

Қызығуш. арттыру

2 — 3

2

Мұғалімнің алғы сөзі.

Сұхбаттасу әдісі

Қарым — қ. орнату

5-6

3

I. Жансүгіровтың «Құлагер»поэмасы. Конспект.

Дәріс сабағы

Нақты ұғымдар,даталарды есте сақтау

5 — 6

4

Жекелеген оқушыларменсюжеттік талдау жасау.

Алдын ала тап.беру әдісі

Әдеби талдаушеберліктерін дамыту

4-5

IV

Жаңа сабақты бекіту.

 

 

25 -30

1

Блумның сұрақ қою жүйесі

Интерактивтік

Дүниент. ұлғайту

6

2

Поэмадағы әдебитерминдерді анықтау.

Жеке тапсырмаберу

Теориялык білімдерінұштау

7

3

Окушылармен поэмағамағыналық талдау жасау. Поэмадан келеңсіздік ,кұлдыраушылық, асқақтық,сұлулық ұғымдарын табу

Интерактивтіктехнология.

Дүниетанымдарынұлғайту.

7

4

«Екі түрлі түсінік күнделігімен» жұмыс

Жеке тап. беру

Шығармашылыққа

баулу

5

5.

Поэма кейіпкерлеріне хат жазу

Поэманы салыстыру

Жеке тап. беру

Шығармашылыққа

баулу

1.5

6

Видео сюжет тыңдау

Видео сабақ

Танымдық қасиеттерін ұштау

3

V

Жана сабақтықорытындылау

 

 

5 — 7

1

Окушылардын білімдерінбағалау

 

 

2-3

2

Үй тапсырмасы.«Құлагер» поэмасынан үзіндіжаттау. Жеке тапсырма. «Ер қанаты — ат»такырыбына шағын шығарма жазу.

Поэма үзіндісін жатқабілу. Өнерді құрмет.насихатттау.

1 -2

 

Мұғалімнің алғы сөзі: Ақындықтың құлагері атанған I. Жансүгіровтың алғашқы өлеңдері 1920 жылдардан бастап жариялана бастады. Өмірбаяндық деректерде көрсетілген Ілиястың ақын ретінде қалыптасуына 1925-28 жылдар аралығында Мәскеудегі Коммунистік журналистика институтында оқуы үлкен әсер еткен. Ол курстағылардың ең жасы үлкені болыпты. Сонда 31 -ге келіп қалған еді. Тынымсыз ізденіс, оқумен, ой қуумен ұйқысыз атқан таңдар, Маяковскийдің, Бедныйдың кездесу кештері бәрі-бәрі ақын жанын байыта түсті. 1928 жылы Қазақстанның бұрынғы астанасы Қызылордада Жансүгіровтің «Сағанақ» атты тұңғыш кітабы шыққан. 1936 жылы ақынның ақырғы шығармасы «Құлагер» поэмасы баспасөз бетінде жарық көреді. Не бәрі сегіз-ақ жылға созылған кәсіби ақындық өмір. Сол ап — азғантай уақыт ішінде қанша іс тындырған десеңізші.

Сегіз қырлы суреткер Ілияс Жансүгіровтың артына қалдырған поэзиялық, прозалық, драматургиялық, аудармашылық мұрасы жеке-жеке әңгіме тақырыбы боларлық. Көп қырлы талант иесі Ілияс Жансүгіровтың атын, даңқын шығарған — алдымен оның поэзиясы. Ілияс ақынның өлеңдері мен поэмаларын жинақтай алып қарасақ, уақыт өткен сайын ақын поэзиясындағы қасиет айқындалып, қадірі арта түсіп келе жатқанын байкаймыз.

Ақынның соғып кеткен поэзия күмбезінің ең әсем, биік тұсы -поэмалары. Оның қаламынан халық өмірінің арғы — бергі ахуалына арналған оннан астам поэма туды. Оның қай — қайсысының да ерекше тоқталарлық өзгешелігі бар. Солардың ішінен айрықша даңққа бөленгендері қатарынан «Дала», «Күйші», «Құлагерлерді» бөліп атауға болады. Бүлар тек ақын шығармашылығында ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясында қымбат бағаланатын шығармалар.

«Құлагер» атты поэмасының құрылысында, көркемдік түзілімінде құнарлыөзгешеліктер бар. «Құлагер» поэмасының Толғану деп аталатын беташар тарауындаақын өзінің әлеуметтік  қоғамдық позициясын, көркемдік  сұлулық идеалдарынашық жариялап, оқырманмен емен -жарқын сырласады. Мұрат Әуезов «Иппокрена»атты философиялық еңбегінде Құлагердің ажалы  көшпелі өркениеттің күйреуініңсимволы деп жазды. Атынан айырылған қазақ асылын, негізін, жаратылысынжоғалтады. Сондықтан салтанатынан айрыла бастаған ұлттық трагедия  поэманыңастары болса керек.

Бір айтылуы тиіс мәселе  сол тұстағы әлеуметтік  қоғамдық, тарихишындықты жаңа әдебиеттің өкілдері заман талабына сәйкес ұғынуы. Соныңнәтижесінде ақын  жазушылар насихаттық, үгіттік шығармашылыққа жол береді.

Қазіргі таңда Сәкенге немесе Ілиясқа кеңес үкіметінің идеалогиясын жырладыдеп кінә тағу, сол жылдардағы солайқайлықпен, содырлықты қайта бір еске салады. Бізтоқталып отырған кезеңдегі жазба әдебиет өкілдері ең алдымен көркемдігі жағынан,онда да орнымен, ыңғайымен сыналуы тиіс.

«Орнаттым алтын сөзден сүлу сарай»

I. Жансүгіров I.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы.

I. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы қазақ әдебиеті тарихында шоктығы биік тұрған көркем туындылардың бірі.

XIX ғасырдың екінші жартысында туып, XX ғасырдың бас кезінде дүние салған ардагер әнші, сазгер, әрі ақын — Ақан сері Қорамсаұлының аты қазақ мәдениеті тарихында елеулі орын алады. «Құлагер» поэмасы өз дәуірінің кұрбаны болған Ақан серінің трагедиясын сөз етеді. Әнге шөліркеген халқын сусындатып жүрген Ақан өнеріне жасалған шырмалғы — халық трагедиясы. Халықтың сүйікті әнші сазгерлері: Жаяу Мұса, Біржан сал өміріне Ақан өмірі өте ұқсас.

I. Жансүгіров қаза, қайғы қасіретті ғана суреттеумен тынбады, соны тудырған элеуметтік орта, заман туралы сыр шертті, Ақан өмір сүрген заманның реалистік картинасын жасады, сол заманға тән құбылыстарды айқын көрсете білді.

Поэмадағы тартыс негізінде Құлагерге байланысты өрбиді. Екі ел жүйрігінің бәйгеде бақ сынасар, өнер сайыстырар кезі келгенде, жұрт Құлагер аттты мақтаса, Батыраш оны қызғанып Ақанға тіл тигізеді. Осыдан уақиғаның желісі өрбиді. Басымнан сөз асырмаймын деген жалған намысқойлық Батыраш сияқты пасық кеуде, топас адамдардың психологиясына тән қүбылыстар. Батыраш қандай сұмдыққа болса да даяр, тек өз «абыройын» сақтаса болды. Міне, осы өзімшілдік бәйгеде озып келе жатқан Құлагерді жолдан тосып өлтіртеді. Поэмада Батыраш пен Ақан образы бір — біріне қарама — қарсы алынып отырады.

Поэмада оқиға динамикасы күшті. Ал жеке — жеке эпизодтарда сол линамикаәсіресе қатты сезіледі. Бұған бәйгеге шапқан аттардың жарысын суреттеген жердегі көріністер мысал. Құлагер өліміне байланысты Ақанның жан күйзелісін беретін лирикалық тебіреністер эпостық поэманың сиқын бұзбайды, қайта түр, әр беріп түр. Ақын кейіпкерлерінің іс — әрекетін көрсетумен ғана тынбайды, сол кейіпкер басындағы оқиғаны, ауыртпалық пен қуанышты өзі де бірге сезінеді.

Поэманың негізгі рухы өнер иесін, күш иесін паш ету болса, ол Акан жанының тебіренісі арқылы берілетін болса, сол Ақан жанының рухы да поэманың «Күрес» тарауында қатар жүреді. Мұнда да томырық кара күш иесі, өнері, әдісі бар балуаннан сазайын тартады. Балуандар сайысының этнографиялық мәнімен бірге поэманың композициялық кызықтылығына қызметі мол. «Құлагер» поэмасында негізгі түйіндіоқиғаға байланысты ел өмірі, халықтыің әдет — ғүрпы, салт — саналық жайлары кең түрде нақтылы суреттер арқылы көрінеді.

Әдеби ұғымдар

Эпитет (айқындау) - заттың, құбылыстың өзгеше белгілерін көрсету.

Коғалы көлдер, қом сулар, Кімдерге қоныс болмаған. Саздауға біткен қара ағаш Кімдерге сайғақ болмаған.

Тенеу — көркемдеп суреттеуде затты, құбылысты екінші зат, құбылыспен

салыстырып бейнелеу.

Орта жүздің көркі едің,

Коныраулы бұйра нарындай,

Ай мүйізді қошқардай,

Кол жетпейтін асқардай.

Метафора - ұқсастығына қарай бір сөзді екіншімен алмастыру.

Акын — жел, есер, гулер

Жүйрік желдей,

Акын — от, лаулап жанар

Аспанға өрлей.

Киялы, жан, жүрегі,

ойнаған от,

Акынды аласұртар,

Тыныштық бермей.

(Мағжан)

Синекдоха (мезгеу) - бүтіннің орнына бөлшекті, бөлшектің орнына

бүтінді қолдану.

Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жайылады. (мақал)

Ирония — сырттай жақсы баға берсе де, астарлап келекелеу, әжуалау.

Кайтсін қолы тимепті,

Өлеңші, әнші, есіл ер.

Ала жаздай ән салсаң,

Селкілде де, билей бер.

( Абай)

Литота - затты кішірейте көрсету.

От орындай тұяқтан

Оймақтай — ақ қалыпты

Етектейін еріннен

Екі елісі қалыпты.

Метонимия (алмастыру) - заттар мен құбылыстардың тек бір ғана жағын

алу.

Көк темірді киініп

Шықты батыр жекеге

(«Батырлар» жырынан)

Аллегория (пернелеп айту) — жан-жануарларға адам мінез-құлқының аттарын беру. Түлкі — қу, қоян -қорқақ, арыстан — озбыр, қасқыр — ащкөз мінез - сипаттарымен ашылады.

Аллитерация - шығармадағы дауыссыз дыбыстардың қайталануы. Өлең өрімін құбылтып, әсерін күшейтеді. Жан қысылса, жайтаңдап, Жанды еріткен жайдары-ау. Жан жай тапса, сен неге, Жат мінезсің, жабырқау.

(Абай)

Анафора (гр. апаріога-биікке шығу). Өлеңдегі әр жол, не болмаса әр тармақ ылғи бір сөзбен басталып, қайталана беруін айтамыз. Осы арқылы өлеңнің бояуын күшейтіп, естілу әсерін арттыра түседі. Мысалы: Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас, Ерлердіұмытса да ел, жел ұмытпас. Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас. Ел жауын зерттеп, өрт боп, тынбай жортқан Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас

(М. Жұмабаев.)

Антитеза (гр. Айту есоіё — қарама-қарсылық, шендестіру) — әдебиеттегі оқырман немесе тыңдаушыны ерекше әсерге жетелеу үшін жасалатын әдіс түрі. Бұл бұрыннан, ежелден бар. «Қара жерге қар жауар, қарды көр де етім қөр» (Ақжүніс) секілді ауыз әдебиеті көптеп, молынан қолданылған. Орыс әдебиетінде де А.С. Пушкин Онегин мен Ленскийдің образдарын көрсетерде былай дейді:

Они сошлись; война и камень,

Стихи и проза, лед и пламень

Не столь различны меж соббй.

(Евнегий Онегин)

 

Аңыз — қазақ ауыз әдебиетіндегі халық тарихы, батырлары, билері, хандары немесе нақты бір жер-су, аттары жөніндегі негізгі шындыққа сүйенетін туынды.

Арнау - шығарманың басында кімге арналғаны, қандай оқиғаға

байланысты жазылғанын айтатын автор сөзі. Арнау кейде бір адамға

немесе қалың оқырманға арналады. Орта ғасыр ақындары көптеген

шығармаларын белгілі бір ханға, билеушілерге арнай жазған.

Елі үшін күйген,

Еңбекті сүйген,

Ізгі тілек

Ержүректі

Жұртшылық көсемі -

Жалынды жастарға арнаймын.

(Ж. Аймауытов)

Ассонанс (үндес) - өлеңдегі дауысты дыбыстардың қайталануы. Өлеңнің

үйлесімін күшейтіп, ұйқасты біріктіре, жымдастыра түседі.

Еңсесі биік ақ орда,

Еңкейіп сәлем бер сана.

Ернеулі жұқа сары аяқ,

Ер сарқытын бер сана.

(Ер Едіге)

Әдебиет (араб. адаб — сөз, үлгілі сөз дегенді да білдіреді) -яғни бұл қазақ

халқының санасында сақталып, іріктеліп, сұрыптальш жеткен асыл

мұрамыз. А. Байтүрсынов «Әдебиет- нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін

сөзбен келістіріп айту» деген болатын. Өткен ғибратты, бағалы, керекті,

тәлімді оқиғаны сұлу сөзбен суреттеп жеткізу — әдебиеттің басты мақсаты.

Қазақ әдебиеті ақындарға, жазушыларға бай, демек, әдебиеті бай.

Сондықтан біздің әдебиет сөзге, келелі оқиғаға толы. Әдебиет елдің

дүниетанымына байланысты. Қазақ әлемді қалай көреді, солай әдебиетте

бейнеленеді.

Әдебиет теориясы (қисыны) — тек әдебиетті ғана емес, көбінесе әдеби

шығарманы зерттейтін ілім. Әдебиет теориясы төмендегідей салаларға

бөлінеді.

  1. Әдеби шығармадағы жазушы шеберлігі, шындыққа
    сай екендігін зерт
    теу.

  2. Әдеби шығармадағы қолданылған көркемдегіш
    әдіс-құралдар.

  3. Әдеби шығарманың сол кезендегі алар орны.
    Егер бірінші талдауда жазушы мүмкіндігі ескерілсе,

жазушы лабораториясы қарастырылса, екіншісінде шығарманың өзі жіліктеледі. Үшіншіде сол кезең, қоғам сипаты қарастырылады. Әдебиет теориясы шығарманың мәнін ашу үшін, түсіндіру үшін керек, бірақ ол жетекші рөл атқармау керек.

І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы саяси сарынды анықта. Поэманың қай тұсынан алынғанын анықтаңыз.

Шулатып, маңыратып қойдай көпті,

Қасына қарақшының айдап жетті.

«Ел түссін, енді балуан болады» — деп,

Кәрі ояз тор қасқалы арс — ұрс етті.

Құжынап құмырсқадай сала — сала, Мұнда жоқ қатын — қалаш, бала — шаға. Ояздың тәртібімен иірілді жұрт, Бодан ел, «тақсырлаған», жақ аша ма?

 

Ояздың тәртіп қылып айтуынан, Басқарып кісі шықты ата ұлынан. Көк дөңде дүрбі салып ояз отыр, Басына көлеңкелеп шатыр құрған.

 

Өлең жолдарында кездесетін ассонансты табыңыз. «Құлагер» поэмасының қай тұсынан алынғанын анықтаңыз. Аттатып, атандайын алшаңдатып, Ақситып бір балуанды арсаңдатып, Аруақтап жетелеген бір қараның Ноқтасын сыпырды әкеп, талтаңдатып.

 

 

Өлең жолдарында кездесетін аллегорияны табыңыз. «Құлагер» поэмасының

кай тұсынан алынғанын анықтаңыз.

Каратау көрген емес зорды мұндай,

Жетісу кісі таппай болды жымдай.

Балық боп Арал, Балқаш ауызын ашты,

Хауіп қып қорғалады Семей, Торғай.

 

 

«Құлагер» поэмасынан үзінді.

Құлагер, Ақаныңды қайғы басты, Қайғысы барған сайын арылмас — ты. Сан жүйрік, сан тұлпарды мінсем — дағы, Құлагер енді маған табылмас — ты! Бай — бай — бай …

Құлагер, атаң тұлпар,анаң сұңкар, Соғып ем семізіңде сегіз арқар. Серігім, жанымдағы жақсы көрген, Күйігің, қайран атым, қайтсем тарқар!

Құлагер, атаң тұлпар, анаң сұңқар, Соғып ем семізіңде сегіз арқар. Сен едің жан атым да, қанатым да, Табылмас енді маған сендей тұлпар!

Құлагер, жас күніңнен тайым едің, Солқылдақ тауға біткен қайың едің.Бәйгеге Құлагерді қосқанымда, Бір тайпы ел, бәйгесіне байып едің!

Құлагер, жас күніңнен құнаным ай, Сүйегің, еті таза бұланым — ай! Қасыңнан бөлек жерге жатпаушы едім, Айрылып Ақан сенен, қуардым — ай!…

Қарағым, шабушы едің, Құлагерім! Салбырап саптыаяқтай төменгі ерінің;Атығай, Қарауылға бәйге әперген, Айрылдым сенен нағып, ардагерім !?

 

Шығарманың композициясы (сюжеттік талдау)

Оқиғаның басталуы.

Сағынай асына Ақан серінің Құлагер атпен жалғыз келуі.

Көз тігіп, тұрған күтіп Көкшетауға

Даяршы шапты алдынан қарсылауға

«Қош келдің,Сері» деген сәлемменен

Түсірді Ақанды әкеп ақ отауға

Оқиганың дамуы.

Ақан сері мен Батыраш байдың кездесуі.

Атты айттық жоғарыда бір Көктұйғын

Әкелген асқа Батыраш сол жүйрігін

Қағатын қанаттыны өзген жүйрік

Қоймаған қырдан жылқы, бұл бір қырғын

Оқиғаның шиеленісуі.

Батыраш байдың қызғаныштан бірінші келе жатқан Құлагерді өлтірткізуі.

Нән,Жуан, мен-мен кеуде, намыс ері

Суық қол Батыраштың жібергені

Жалт етті Жайдың оты жүрегінен

Кек қайнап мұз құйылып жүре берді

Оқиғаның шарықтау шегі.

Ақанның қайғыруы. Елден-жерден кетуі.

Құлагер, қош-қош атым, жолдасым-ай!

Мен білдім түнесем де тұрмасыңды-ай!

Тигізбей топыраққа жоғары іліп

Сақтармын өле-өлгенше қу басынды-ай!

Оқиғаның шешімі.

Неше жылдар бойы ел есінде сақталған «Құлагер» әнінің өмірге келуі. Бүкіл

елдің өнер тағдырына бас ұруы.

Құйылған «Құлагердей» ән құлаққа

Күңіреніп Ерейменде өлген атқа

Алатау, кең даланың қыр, сырында

Ән тарап жатты осындай Арқа жақта.

 

Тест сұрақтары.

II - нұсқа

1І. Жансүгіровтың романы

А. Жолдастар

Ә. Бақытсыз Жамал

Б. Әнші

В. Жалғыз қазық

2. 1929 жылы жазылған поэмасы ?

А. Күй Ә. Күйші Б. Дала В. Қүлагер

3.1. Жансүгіровтың қандай поэмасында Кенесары ханның образы бар ?

А. Күй Ә. Күйші Б. Дала В. Құлагер

  1. 1730 — 1930 жылдар арасын, яғни 200 жыл уақытты түгел шолған туынды.
    А. Күй Ә. Күйші Б. Дала В. Қ
    ұлагер

  2. 1925-28 жылдары қандай оқу орнында оқыйды ?
    А. М
    әскеу журналистер институты

Ә. Семей мұғалімдер семинариясы

Б. Санкт — Петербург қызыл профессура

В. Омбы Рабфак

6.1. Жансүгіров қай жылдары танымал ақын — журналист бола бастады ?

А. 1918

Ә. 1920

Б. 1930

В. 1935

7.1. Жансүгіров ең алғаш кімнен сауат ашады ?

А. әкесінен

Ә. Ауыл молдасынан

Б. 2 жылдық орыс — қазақ мектебі

В. өз бетінше

8. «Құлагер» поэмасында кімнің асы суреттеледі ?

А. Сағынайдың

Ә. Бөжейдің

Б. Әлімқүлдың

В. Сағынбайдың

9.1. Жансүгіров Жетісуда қандай мектепте оқыйды ?

А. Мамания

Ә. Ғалия медресесі

Б. Мұғалімдер семинариясы

В. Уфа медресесі

10.1. Жансүгіров 1932 — 1934 жылдары қайда қызмет атқарды ?

А. Газетте

Ә. Ауылдық мектепте

Б. Жазушылар одағында

В. көркем әдебиетте

11. Акырамын басылмайды арыным

Тау селіндей екпін қайрат сарыным Жарлы — жалшы, жақыбайды жарылқау

Жандағы ауру, жүректегі жалыным, — қандай өлеңнен алынған үзінді ? А. Арыным Ә. Сарыным Б. Жан сөзі В. Жанар тау

12. «Құлагер» поэмасы I. Жансүгіровтың нешінші шығармасы ?
А. Алғашқы

Ә. Соңғы

Б. Үшінші

В. екінші

13.1. Жансүгіров Мәскеуден оралған соң қандай газетте қызмет атқарды ?

А. «Егемен Қазақстан» Ә. «Сарыарқа» Б. «Жас алаш» В. «Еңбекші қазақ»

14.1. Жансүгіровтың сүйген жары ?

А. Гүлсім Ә. Қарашаш Б. Фатима В. Ләйлә

15. 1928 жылы I. Жансүгіровтың қандай шығармасы жарық көрді ?
А. «Өткен күндер»

Ә. «Шолпан»

Б. «Шұғаның белгісі»

В. «Сағанақ»

16. Ұлттық бояуы айрықша қанық, қазақ тілінің бейнелеу қуатының айрықшы күші
танылған өлеңі ?

А. Көлге Ә. Жетісу суреттері Б. Бұлақ бойында В. Желді күн

17.1. Жансүгіровтың халықаралық тақырыпқа жазылған өлеңі ?

А. Гималай Ә. Тілек Б. Кедей тойы В. Қойшы ойы

18.1. Жансүгіровтың поэмасын көрсет.

А. Батыр Баян

Ә. Көкшетау

Б. Күйші

В. Сұлушаш

19.1. Жансүгіров қай қалада мұғалімдер дайындайтын курсты бітіреді ?

А. Ташкент

Ә. Алматы

Б. Семей

В. Омбы.

20. I. Жансүгіров қай жылы дүниеге келді ?

А.1894

Ә. 1900

Б.1902

В. 1845

 

Блумның сұрақ қою жүйесі арқылы жұмыс жүргізу.

 

 

Білім: Ақан сері образы қалай сомдалған

1.

Түсіну:Ақын поэма арқылы жүйрік ат құлагерге мәңгілік естерткіш орнатты Ол ескерткіш жүйрік аттан басқа немен астасады?

2.

Қолдану:

Алтайда ұрпағы бар Бегейдардың

Бұлар да бір биігі біткен нардың

Баласы Бегайдардың Батыраш бар

Өр көңіл, жуан кеуде, бірі аусардың

3.

Бағалау: Поэмадағы қай адаммен кездескіңіз келеді?

Осы поэманы оқи отырып, мен өзіме не алдым?

4.

 

Берілген өлең жолдарынан әдеби ұғ



Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары І.Жансүгіров "Құлагер "поэмасы
  • Другое
Описание:

Сабақ жоспары

Қазақ әдебиеті

Тақырыбы: С.Торайғыров «Қамар сұлу» романы

Сабақтың мақсаты:.

Білімділік: С.С.Торайғыров өмірі мен шығармашылығы , «Қамар сұлу» романының идеялық мазмұнын меңгерту,романдағы әлеуметтік мәселелерге талдау жасау арқылы көркем шығарманы саралай білуге жетелеу.

Тәрбиелілік: Кейіпкерлер іс-әрекетін талдай отырып,жаманнан жиреніп,жақсыдан үлгі алуға,адамгешілік қасиеттерін бағалауға,алдына қойған мақсаты үшін күресе білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Студенттердің шығарманы талдап,кейіпкер іс-әрекетіне баға бере білуін,ойын жүйелі баяндай білуге дағыдыландыру,қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды саралай отырып,өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі :Түсіндіру,сұрақ-жауап,топтастыру,проблемалық сұрақтар,композициялық талдау, ,тұжырымдық кесте,Венн диаграммасы.

Көрнекілігі: С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы ,слайд,интерактивті тақта,сөзжұмбақ.

І.Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі ,сәлемдесу,түгелдеу,назарларын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.М.Жұмабаев өлеңдері.

Сұрақ-жауап арқылы жүргізу

1Міржақып өскен ,тәрбие алған ортасы,туып-өскен жері.

2.Міржақыптың білім алған жылдары ,қоғамдық істерге араласуы.

3.М.Дулатовтың шығармашылығы, поэмалары мен әңгімелері.

.

ІІІ.Уй тапсырмасын бекіту.

ІҮ.Жаңа дәрісті меңгерту.

Сұлтанмахмұт Торайғыров – екі дәуір тоғысында,аса күрделі кезеңде тіршілік кешті.Ол Россия тарихының,Россияға біріккен қазақ халқы тарихының аса бір өрлеу кезеңінде – тарихи дамулар, күрес-көтерілістер,қиян-кескі соғыстар,дүрбелеңді революциялар дәуірінде жасады.
Сұлтанмахмұт 1893 жылы,29октябрь күні қазіргі Көкшетау облысының Қызылту ауданында туып,төрт-бес жасынан Павлодар облысының Баянауыл ауданында өседі.Ақынның арғы атасы – Торайғыр би,ел аузында аты аңызға айналған көптеген шешендік, билік,сөздері халық жадында сақталған адам.Ақынның өз әкесі, Әубәкір аты ұмытылып,Шоқпыт, Шоқа атанған момын кедей шаруа екен.
Болашақ от ауыз, орақ тілді ақын алты жасында әкесінен оқып ,хат таниды.Қара таныған баланы осыдан кейін кейде Шоқпыт өзі оқытып,кейде ауыл арасындағы молдаға беріп оқытып,
баласын оқудан үзбейді.Молдалардың ішінде Мұқан біраз оқыған, әдебиеттен хабардар,өзі де жадынан өлең шығаратын көңілінің желі бар жан екен. Ол араб,парсы ертегілерінен қазақша өлең етіп жазады;біреуді мақтап,біреуді мазақтап өлең шығарады

Ү.Проблемалық сұрақтар.

1.Романдағы салт- дәстүр қазіргі таңда сақталған ба?

2.Романдағы қарама-қайшылықтар осы өмірде кездесе ме?

3.Қамардың орнында сендер болсаңдар сол қиындықты қалай жеңген болар едіңдер?

4.Қазіргі әйел бейнесі суретте.

ҮІ.Венн диаграммасы бойынша М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» мен «Қамар сұлу» романдарын салыстыру

Жаңа сабақты бекіту

Романның композициялық құрылысына талдау жасау

Басталуы-Қамарды суреттеуі,Қамар мен Ахметтің бір-біріне хат жазысуы.

Дамуы-Нұрымның әйелінің қайтыс болуы,Қамарды айттыруы.

Шиеленісуі-Қамардың ұзатылуы

Шарықтау шегі-Қамардың науқастануы

Шешімі- Қос ғашықтың ажалы

ҮІІ.Қорыту .Сөзжұмбақ . Деңгейлеріне қарай бағалау

ҮІІІ. Уйге тапсырма Романнан үзінді жаттау

Статистика


Онлайн всего: 13

Гостей: 13

Пользователей: 0

Облако тэгов

Автор Акимбекова Карлыгаш Мелдебековна
Дата добавления 26.04.2015
Раздел Другое
Подраздел Планирования
Просмотров 5965
Номер материала 58281
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓