Главная / Другое / қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспары (5 класс)

қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспары (5 класс)

Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (5-сынып әдебиет)

Сабақтың мақсаты: білімділік - оқыған шығарманың мазмұнын  меңгерту, мәтінге талдау; дамытушылық -  ізденушілік белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту, қорытынды ой түйіндету; тәрбиелік – адал достыққа, бауырмалдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Типі: Білімді бекіту

Түрі:Топтық сайыс, әдеби талдау

Әдісі:СТО стратегиялары, сұрақ - жауап

Көрнекілігі:интерактивтік тақта, сызба – кестелер, Қ.Смағұлов портреті,кітап көрмесі т.б.

Пәнаралық байланыс:қазақ тілі, тарих,бейнелеу

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

- Балалар, бүгінгі сабақ ерекше, өйткені бүгін бізге жаңа қонақтар келіп отыр. Ал, енді бір-бірімізге бүгінгі күнге сәттілік тілеп, жүрек жарды тілектерімізді айтып берейік.  «Шаттық шеңбері» 
Армысың күн, армысың аспан! 
Армысың сен, армысың мен! 
Міне менің қолым бос, 
Жылуыма жылу қос! 
ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Ғ.Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығын, «Жаңа достар» әңгімесін оқып келу.  

Қызығушылығын ояту. «Дискуссиялық карта»

1.Ғ.Мүсірепов 1902 жылы дүниеге келді ме?

2. Әңгіме «Екі ақсақ,бір желаяқ – үш боздақ, енді базарға қарай бет алдық» деп басталады ма ?

3. «Жаңа достар» «Қазақ солдаты» романынан үзінді ме ?

4. Оның болмайды, Костя! Оқу керек деген Шеген бе?

5.Ғ.Мүсірепов Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген бе?

6.Әңгімеде Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Балалар өмірі суреттеле ме?

7. «Қазақ батыры» «Қазақ солдаты»романының бұрынғы атауы ма?

8.Ғ.Мүсірепов әңгіме жазудың Бейімбеттен кейінгі шебері ме ?

9.Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай – қарай зытам... әңгіме осылай аяқтала ма ?

10. Қайрош бейнесі Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұлов бейнесі ме?

 ІІІ. Мағынаны тану. - «Жаңа достар» әңгімесінің басты кейіпкері кім? 
- Қайрош. 
- Ия, балалар, дұрыс айтасыңдар. Қайырғали Смағұлов өмірде болған адам. 
( Интербелсенді тақтадан Қайырғали Смағұловтың суреті көрсетіліп, өмірі таныстырылады.)  Қазақстан картасы. 
Қайырғали Смағұлов 1919 жылы Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) өмірге келген. 1939 жылы Қызыл арман қатарына шақырылды. Дондағы Ролстов, Орджоникидзхе түбегінде ерлікпен шайқасқан. Новороссискі үшін болған ұрысқа қатысқан. Эльтеген елді пункті үшін болған ұрыста, Қайырғали 20 жуық гитлершілердің көзін жойып, Керчь түбіндегі ұрыста асқан батырлық көрсеткен. 
Қайырғали Смағұлов 1943 жылы 17 қарашада Кеңес Одағының батыры атағын алған. Біз танысқан «Жаңа достар» әңгімесінен бала Қайрош, бақташы Қайрош, оқушы Қайрошты көреміз. 

Шығарма кейіпкерлері: Қайрош, Шеген, Бораш, анасы, Мария, апай, милиционер, базаршы әйелдер. Шығармадағы оқиға орны – Гурьев қаласы. (Атырау қаласы). Әңгіменің басталуы. (Зытып келем, зытып келем, артыма қарай беретінім – қорқып келемін. 
Композициялық құрылымы:
1. Шығарманың басталуы – Қайроштың қалаға қашуы
2. Шығарманың байланысы – Қайроштың Шегенмен, Борашпен танысуы, достасуы
3. Шығарманың дамуы – Тамақ табу үшін базар халқына өнер көрсетуі
4. Шығарманың шиеленісуі – Милиционердің балаларды қууы.
5. Шығарманың шарықтау шегі - Қайрошты балалар үйіне тапсыруы.
6. Шығарманың аяқталуы – Қайырғалидің балалар үйінде қалуы, оқуға ниет білдіруі

ІY. Тапсырмаларды орында: Мәтін ішінен әдеби – теориялық ұғымдарды табу. 
Кейіпкелерге мінездеме - Портрет

Пейзаж. Мақал – мәтел. Жер-су атаулары

Y. Кейіпкерлердің сөздерін табу :қай кейіпкердің сөзі екенін анықтаңдар. Шығарма кейіпкерлерінің сөзі. 
1.«Анау ағасы, мынау інісі екен...» деген ойдың келуі-ақ мұң екен, Айдаш есіме түсіп кетіп, жалғызсырай бастадым. Иегім кемсеңдеп, бет-аузым бұзыла бастады. 
2. «Қайырғали, Қайрөш, Қайрушке» деп, орысша-қазақша оңды-солды бұрмалап көрді де: 
- Атың ат емес екен.... Сендей жеке батырға түк лайығы жоқ.... Бүгіннен бастап Костя боласың! 
3.- Уай, мынауың болмайды, -деді, түсінемісің дегендей көзіме қадала қарап.- Ең алдымен адамға бас керек. Онсыз өмір оған молданың көрінен де қараңғы болады. 
4. – Соқаның үстіне құлап түстім.... Шеген ағам жазды ғой әйтеуір.... енді бір айда жүруге жарайсың дейді..... Балық майынан жазылды. Тіпті жазылып калып еді, әнеугүні «дегдом» ұстап ала жаздап, содан қашқанда тағы бүлдіріп алдым,-деді. 
5. – Сенің ешбір жерің ауырған жоқ. Өтірік бақырасың! 
6. – Қарағым-ау, өзің оқу іздеп келіп, қайдағы бәлеге қайдан кез болып кеттің, ә! Көшеде мені бір көрмедің бе? Аға, оқу іздеп келіп ем десең ғой, мен сені тұп-тура детдомға апарып тапсырамын. Әй, ақымақ бала!.... Шешеңе де хабар берем.... Оқуға да кіргізем, 
7. –Көресіз бе, балаңыз қандай ақылды. Оқу оқығысы келеді, 
8. – Қарғадай басыңмен қалай оқисын, құлыным-ау?... Тым болмаса, әкең де жоқ. Мен қаражатты қайдан табады дейсің?... Ақыл барма, өзіңде, жоқ па? 
YІ.сергіту сәті: ВЕНН диаграммасы : Адал дос ұқсастығы Амал дос

 - Балалар, сендер дос, жолдас туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер? 
YІІ. Қорытынды: . «Бәрін білгім келеді?» ойыны
Тест сұрақтары:
1. Қайрош кімнің прототипі? Қайырғали Смағұлов
2. Ол кезде қай жыл бейнеленген? 1941ж
3. Қайрош нешеге дейін санау білді? 2887
4. Шеген неше өсиет айтты? 3
5. Қайрош қандай бала? Талапты.
6. Бораш қандай бала? Қыз мінезді
7. Шеген Қайроштың аяғы ауырғанда не істеді? Йод пен май жақты.
8. Борашты өгей шешесі неден құлатып жіберді? Қораның төбесінен.
9. Бораштың аяғын не кесіп кетті? Соқа.
10. Олар қандай достар? Адал
11. «Салқын сарай» үйлері неден жасалған? Үңгір ішінен.
12. Балалар үйінде неше бала тәрбиеленді? 50
13. Тәрбиеші апай кім? Мария апай
14. Тәрбиеші анасына не ұсынды? Шай.
15. Қайроштың ағасы кім? Айдаш
16. Қай теңіз бейнеленген? Каспий.
17. Шеген ең алдымен адамға не керек деді? Бас.
18. Балалар күнкөріс жолында не істеді? Өнерлерін көрсетті.
19. Ақын неше жасында қайтыс болды? 83ж.
20. Қайрош қалаға не үшін қашты? Сиыр бақпау үшін.
Мұғалімнің сөзі: 
- Балалар, достық – өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірде қалмақ емес. Олай болса ұлы Абай атамыз да « Досыңа достық – парыз іс, дұшпаныңа әділ бол» және де « Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе оның басқа адамдар мен қарым – қатынасы» - деп достықты өте жоғары бағалаған. 
-Міне, біз осындай жоғары бағаланған достық қарым-қатынасты «Жаңа достар» әңгімесінен танып білдік. Адал достық пен амал достықтың қандай болатынын білетін болдық. 
Бағалау: Оқушылардың білімін бағалау. 
Үй тапсырмасы: «Менің достарым» атты шағын шығарма жазып келу.






қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспары (5 класс)
  • Другое
Описание:

5-сыныпқа арналған қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспары

Ғ.Мүсіреповтың "Жаңа достар" Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (5-сынып әдебиет)

Сабақтың мақсаты: білімділік - оқыған шығарманың мазмұнын меңгерту, мәтінге талдау; дамытушылық - ізденушілік белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту, қорытынды ой түйіндету; тәрбиелік – адал достыққа, бауырмалдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Типі: Білімді бекіту

Түрі:Топтық сайыс, әдеби талдау

Әдісі:СТО стратегиялары, сұрақ - жауап

Көрнекілігі:интерактивтік тақта, сызба – кестелер, Қ.Смағұлов портреті,кітап көрмесі т.б.

Пәнаралық байланыс:қазақ тілі, тарих,бейнелеу оқыту

Автор Адилмуратова Кымбат Адилмуратовна
Дата добавления 15.06.2015
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров 1610
Номер материала 60004
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓