- 01.01.2021
- 3087
- 3
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты : а) Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу; б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру; Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақСабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.бСабақтың көрнекілігі:, кітаптар, т.бПәнаралық байланыс: тарих, қазақ тіліСабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Демалыста оқыған шығармаларын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. б) Жаңа сабақты түсіндіру. Ауыз әдебиеті — халқымыздың асыл мұрасы. Ол — төгілген сөз маржаңдарына бай. Онда халқымыздың ғасырлар бойғы басынан кешірген тарихи белестері, елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік, батырлық қимылдары, халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, арман-мүддесі, қиялы, жастардың кіршіксіз пәк махаббаты сөз өнерімен кестеленген.Бұл тарауға тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, аңыз- әңгімелер, батырлық дастан мен лиро-эпостық жырлар, шешендік сөздер үлгілері сияқты ауыз әдебиетінің әр түрі енген. Оларды оқып-үйрену үстінде әдебиеттің көркемдік әлеміне енесіндер. Асыл сөз өрнектерімен сусыңдап, рухани жан дүниелерің байи түседі. Ауыз әдебиетінен сусындамаған, нәр алмаған бірде-бір шынайы суреткер болған емес. Ауыз әдебиеті — олардың құнарлы топырағы Ауыз әдебиеті — талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертегішілері оны сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген. Топпен жұмыс: .Ауыз әдебиетінің түрлерін топтастыру. Тұрмыс-салт жырлары мақалдар жұмбақтар Ауыз әдебиеті ертегілер аңыз әңгімелер мәтелдер шешендік сөздер айтыстарБілімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.1.Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?2.Ауыз әдебиеті дегеніміз не?3.Ауыз әдебиеті қандай салаларға бөлінеді?Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма: Ауыз әдебиеті және оның түрлері туралы оқып келу.
6 664 172 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Свечникова Людмила Анатольевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс повышения квалификации
72/180 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Мини-курс
4 ч.
Мини-курс
3 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.