- 31.12.2020
- 440
- 2
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Қазақ ағартушыларының өмірі мен шығармашылығын оқыта отырып ,оқушылардың бойына азаматтықты, патриотизмді және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру.«Әрбір халық өзінің болашағын өскелең ұрпақпен байланыстырады.» Н.Ә.Назарбаев Қандай адам қалыптастыру керек екендігін білмей тұрып , оқыту мен тәрбиелеудің мақсатын анықтамай тұрып оны жүзеге асыру мүмкін емес.Мақсатсыз іс әрқашан нәтижесіз. Оқу мен тәрбиенің мақсаты-қоғамдық құбылыстар, ондағы өндірістік қарым-қатынастар және әлеуметтік жай-күйлермен тығыз байланысты. Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Ал бүгінгі таңда мектептің,мұғалімнің ең қасиетті міндеті-рухани бай жан-жақты дамыған жеке дарынды тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет- салты,мәдениеті,өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі.Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап,іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру өмірге деген көзқарасын және оған сай мінез-құлқын қалыптастыру.Соның ішінде азаматтық тәрбиенің тірегі отаншылдық болып табылады.Мектеп барлық кезде оқушыларды Отанды сүю және қорғау сезімдерін дамытты және дамытып келеді.Интернационалдық және патриоттық тәрбие деген кең мағыналы қасиетті ұғым. «Отан отбасынан басталады »- деп айтады халқымыз. Әрбір адамның отбасы,туған жері өскен ортасы,ауылы, елі-оның Отаны.Өмірге келген адамның бәрінде міндетті түрде,бірден интернационалдық және патриоттық сезім туа қалмайды.Патриотизм ,отаншылдық,азаттық сезімі ананың құрсағынан даритын биологиялық құбылыс емес,бұл психологиялық құбылыс. Қазіргі оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді Білімді өз бетінше іздендіру,оның бойына азаттық ,отаншылдық қасиетті дарытуға қолайлы жағдай жасау-сол қағидалардың бірі.Білімді өздігінен іздене игере алу-жан-жақты білімділіктің өте зор құралы.Баланы кішкентайынан кітап оқуға дағдыландыру ,жетілдіру аса маңызды.Ол баланың тіл байлығын өсірумен бірге логикалық ойлау қабілетін жоғарылатады,оларға өмірдің құнын ұғындырады, ұлылар ұлағатын қабылтады.Өздігінен кітап оқу арқылы оқушы жас шағында уақытын қадіріне жеткізу ,уақытты қадірлеу,біртіндеп ілгерілеу сынды асыл қасиет қалыптастырады. Ал бос уақытын мәнсіз өткізген баланың тұтас өмірі де құнсыз нәрселер үшін сарп болары хақ.Олай болса ,әдебиет пәні оқушылардың көркем шығарманы өздігінен ізденіп оқуы үшін жағдай жасап,дұрыс бағыттама беріп отыру қажет.Әдебиет сабақтарында оқушылар ақын-жазушылардың шығармашылығына байланысты мәліметтер алады.Бірақ , жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашу,шығармашылық ойлау қабілетін қазіргі өсіп келе жатқан адамның қабілет,қасиеттеріне ықпал ететін тәлім-тәрбиелік қуаты жетілдіру үшін бұл жеткіліксіз.Отанын адамның өзі тану қажет.Оны жете біліп , қадір-қасиетін ұққанда тарихын,өткен жолын,қиындық мехнаттарын,рухын,тар жол,тайғақ кешулерін көза алдынан өткізіп,жанымен сезе білгенде ,елдің басын біріктірген,жат жұрттықтардан жерін,суын,даласын,тауын, қанын төгіп қайсарлықпен қорғап қалған ерліктерін сезініп болғанға ғана соған деген мақтаныш сезімі оянады .адам бүгінгі өзі басып жүрген топырағын ,суын қадір-қасиетін жете сезініп,өз еліне деген мақтаныш күшейе бастайды.Мектепте жас жеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеу қазақ халқының батырларының өмірі мен ерліктерін олардың туған жерін жауларынан қаймықпай қорғағанын баяндау арқылы жүзеге асырыларды. Қазақстан батырлары мен танымал тұлғалары көп ел екені даусыз.Мысалы Қобыланды батыр,Алпамыс батыр,Ер Тарғын ,Ер Көшке,Баян батыр,Қабанбай,Бөгенбай, Райымбек батырлар.Тарихты бағалау жастарға Отан қорғаудың үлгілі жолын көрсетіп тұрғандай әсер қалдырады.Жас жеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеуде ақын,жазушылардың тағалымдарын оқытудың мәні зор.Қорқыт ата жеткінешек,жас өспірімдердің жаны мен қоса тәнінің шынығуына елі мен жерін жан -тәнімен сүйіп,оны қасықтай қаны қалғанша жаудан қорғайтын жаужүрек батыр болғанын аңсайды. 19ғ. 30-40 жылдарда Қазақстанның батыс аймақтарын мекендеген ақын және батыр Махамбет Өтемісұлы мен оның жерлесі Исатай Тайманұлының ерліктері үшін күресуде және туған халқына қызмет етуде интернационалдық және патриоттық тәрбиенің жарқын үлесі болды. Сонымен қатар әлемдік озық шоқ жұлдыздары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин,А.Құнанбаев еңбектерінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі мол. Осы ғасырдың басында тәлімдік ой пікірімен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов,М.Жұмабаевтардың педагогикалық тұжырымдары жұртты қайран қалдырды. Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»деген.Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен ұлт тәрбиесіші мұғалімінің даярлығына,оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.Ж.Аймауытов: «Естеріңізде болсын: қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын,баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп,қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек.Орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды.Қазаққа аюдай ақырған шенеунік табылуы оңай; ерінбей-жалықпай,бақырмай-шақырмай іс бітіретін ,терісі қалың көнбіс табанды қызметкер табылуы қиын.Қазаққа зор кеуде ақсүйектің,ақша жегіш жалтырауық шенеуніктің,сұлу сөзді,құрғақ бектің керегі жоқ ; адал күшімен өгіздей өрге сүйрейтін жұмысшы керек. »-деп ,сол кезеңдегі қоғамның заманның әлеуметтік-саяси бет-бейнесін көрсетті.Жүсіпбек Аймауытов осы сөзі арқылы ұлттық батырларымызды аңсады, әрбір көкірегінде көзі бар ұрпақты намысты болуға шақырады.Профессор Махмуд Хадми Зақзұқ «Ұмытылмаған құндылықтар» кітабында : «Тап қазіргі кезде,қоғамның тек материалдық тұрғыдан ғана бір жақты дамуы ,ғалам тепе-теңдігінде әсер етуде.Ал рухани құндылық,азаттық отаншылдық өмірдің барлық саласын дамытуға қорғау салатын негізгі тірек болып табылады.Осы тіректен қалған дамушы күштер бастау алады,өйткені мұнсыз ешқандай нәрсе жасау мүмкін емес» - деп жазған, дана сөзі бар.
6 663 997 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Баженова Лариса Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
36/72/108 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.