Инфоурок Информатика Рабочие программыАйнымалылар типтері. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі.

Айнымалылар типтері. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі.

Скачать материал

Пән Информатика  сынып 7  Күні 19.11.15 ж.

сабақ №:11

Тақырып: Айнымалылар типтері. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі.

Мақсат:. Айнымалылар типтері. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі тақырыптары бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.

Білімділік – Оқушыларға айнымалылардың типтерін ажырата білу және практикада қолдану жағдайын қарастыру;

Дамытушылық – Есеп шығару барысында айнымалыларды айқындай білу дағдыларын дамыту;  жұмыс жасауда нәтижеге қол жеткізу;

Тәрбиелік – оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі:  аралас сабақ

Сабақ типі:  жаңа тақырыпты түсіндіру.

Құрал-жабдықтар:  ДК, интерактивті тақта, тұсаукесер, оқулықтар, дәптерлер, таратпа карточкалар, FreePascal бағдарламасы.

Сабақ барысы

 

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың іс - әрекеттері

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

3 мин

    Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Тренинг «Сөйлегіш қолдар» - Бірлескен ынтымақстастық құру.

 

     Орындарынан тұрып, амандасу, сабаққа зейіндерін аудару.

      Оқушылар екіге бөлініп, ішкі және сыртқы шеңберге тұрады. Ішкі шеңбер оңға, сыртқы шеңбер солға қозғалады да жүргізушінің айтқанын орындайды, мысалы: амандасамыз, қолымызбен күресеміз, шапалақ ұрып ойнау, қош айтысу, достасу, жанашырлық көрсету, арқасынан қағу, құшақтасу, екі қолмен амандасу т.б.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

7 мин

Сұрақтар:

1. Ақпаратты кодтау дегеніміз не?

2. Кодтауға қарама-қарсы үдеріс қалай аталады?

3. Компьютерде ақпарат қалай беріледі?

4. Ақпаратты сақтауға арналған құрылғы қалай аталады?

5. Пиксель дегеніміз не?

6. Операциялық жүйе дегеніміз не?

7. Компиляция деген не?

 

 

 Сұрақтарға ауызша жауап береді.

Жауаптары:

1. Ақпаратты кодтау – дабылды бір пішіннен екінші пішінге түрлендіру үдерісі.

2. Кодтауға қарама-қарсы үдеріс декодтау деп аталады.

3. Компьютерде барлық ақпарат екілік кодпен беріледі.

4. Ақпаратты сақтауға арналған құрылғы жад деп аталады.

5. Пиксель – компьютер экранындағы суреттің ең кіші элементі.

6. Операциялық жүйе – бұл программалық жабдықтама мен қолданушының, программалық жабдықтама мен компьютердің аппаратурасының араларында өзара іс-әрекетті қамтамасыз ететін программа.

7. Компиляция – бұл программаны программалау тілінен екілік кодқа ауыстыру үдерісі.

IІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

10 мин

   Өрнек - бір мәнді есептеу әдісін анықтайтын тілдің синтаксистік бірлігі   

   Өрнек константтарды, айнымалыларды, белгілерді қолданатын функцияларды және дөңгелек жақшаларды пайдалану арқылы құрастырылады.

       Сендерге белгілі қосу, көбейту, азайту және бөлу арифметикалық амалдарынан басқа өрнектерде div және mod амалдарын қолдануға болады:

div - бүтін сандарды бөлу, былай жазылады: 7 div 3; орындалу нәтижесінде 2 саны алынады;

mod - бүтін санды бөлуден қалған қалдықты алу, былай жазылады: 7 mod 3; орындалу нәтижесінде 1 саны алынады;

32-суреттен осы амалдардың міндеттері түсінікті болады.

әртүрлі типтегі мәндерді өнектерде қолдану

Өрнек типі оған кіретін шамалар типімен және сонымен бірге, орындалатын амалдарымен анықталады.

Қосу, көбейту, азайту және бөлу амалдары үшін нәтиже типі ++++ранд типіне байланысты болады (8-кесте):

8-кесте. Қосу, көбейту, азайту және бөлу

амалдарында нәтиженің мәліметтер типінің операнд

мәліметтер типіне тәуелділігі

1 операнд

2 операнд

Нәтиже

Integer

Integer

Integer

Integer

Real

Real

Real

Integer

Real

Real

Real

Real

      9-кестеде бөлу амалында нәтиже типі операнд типіне тәуелділігі анықталған.

9-кесте. Бөлу амалында нәтиженің мәліметтер типі

операнд мәліметтер типіне тәуелділігі

1 операнд

2 операнд

Нәтиже

Integer

Integer

Real

Integer

Real

Real

Real

Integer

Real

Real

Real

Real

        Мысалы, с:=а/Ь өрнегінде мәліметтер типін анықтағанда : real; b: integer с айнымалысының мәліметтер типін real деп жариялау керек.

Арифметикалық өрнекті жазу ережесі

        Pascal-да арифметикалық өрнекті жазу қарапайым математикалық жазбаға ұқсас. Бірақ көбінесе көбейту белгісі қойылмайтын (мысалы, 2А деп жазады) математикаға қарағанда, Pascal-да арифматикалық әрекеттердің барлық белгілері міндетті түрде қойылады: 2*А. Мысалы, математикалың өрнек:

3(А2 + В)-10   (1)

Pascal-да былай жазылады:

3*(А*А+В)-10           (2)

         Амалдардың орындалу тізбегі олардың басымдылығына (үлкендігіне) байланысты анықталады. Жоғары басымдылыққа: div, mod, /, * жатқызуға болады.     

         Қосу және азайту амалдары - кіші болып табылады. Ең алдымен жоғарғы амалдар орындалады. Қатарымен жазылған үлкен бірдей амалдар жазылу ретімен орындалады: солдан оңға қарай. Жоғарыда келтірілген арифметикалық өрнектер мына ретпен орындалады (есептеу реттері төбесінде цифрмен көрсетілген):

               3   12   4

                                                    3*(А*А+В)-10                                                            (3)

         Дөңгелек жақшаларға әдетте математикада жай бөлшектер түрінде жазылатын бөлшек өрнектердің алымы мен бөлімі орналасады. Мысалы, математикалық өрнек:

    2 а

                                                                    3 + 5а2                                                               (4)

былай жазылады:

2*а/(3+5*а*а)                                               (5

 

         Егер жақшаға алынған бірнеше жұп бар болса, онда алдымен ішкі жақшадағы амалдар орындалады.

Түйін

· Өрнек - бір мәнді есептеу әдісін анықтайтын тілдің синтаксистік бірлігі.

· div амалы - бүтін сандарды бөлу, былай жазылады: 7 div 3; орындалу нәтижесінде 2 саны алынады.

· mod амалы - бүтін санды бөлуден қалған қалдықты алу, былай жазы­лады: 7 mod 3; орындалу нәтижесінде 1 саны алынады.

· Өрнек типі оған кіретін шамалардың типімен және сонымен бірге, орындалатын амалдарымен анықталады.

· Амалдардың орындалу тізбегі олардың басымдылығы (үлкендері) бойынша анықталады. Жоғары басымдылыққа ие: div, mod, /, *.

· Егер жақшаға алынған бірнеше жұп бар болса, онда алдымен ішкі жақшадағы амалдар орындалады.

ІV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

10 мин

   Оқулықпен жұмыс, 76-77 б.б., компьютердегі тәжірибелік жұмыс тапсырмаларын орындайды.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

1- тапсырма

        Шабдалыдан тосап дайындау үшін қант, шабдалы және суды 1:1:3 қатынасында алады. Р кг тосап пісіру үшін әр азықтан неше кг алу қажет?

2- тапсырма

      Мектеп дәлізінде ұзындығы 56 м болатын еденді бояу қажет. Дәліздің 22 м бөлігін бояп, А кг бояу жұмсады. Дәлізді бояп бітіру үшін тағы қанша бояу қажет?

В деңгейі

1-тапсырма

       Сиқыршы көрермендерге белгілі бір санды ойлауды ұсынды. Садан кейін ол: «Ойлаған сандарыңа 5 санын қосыңдар. Енді нәтижесінен 2 ні алып тастаңдар. Содан кейін оған 7-ні қосыңдар». Сиқыршы нәтижені айтуды сұрады. Жауапты естіген соң ол бірден ойланған санды айтты Осы фокусты қайталайтын программа құрыңдар.

2-тапсырма

        Сыныпта N оқушы бар. Бақылау жұмысының нәтижесі бойынша мына бағалар алынды. А - бестіктер, В - төрттіктер, С - үштіктер. Үштіктер, төрттіктер және бестіктердің пайызын табыңдар.

С деңгейі

1-тапсырма

       Берілген төрт таңбалы цифрдың көбейтіндісін табатын программаны құрыңдар.

2-тапсырма

      х саны берілген. Есептеңдер: 2х4 - Зх3 + г - 5х + 6. Амалды үнемдеуді ойлаңдар.

V. Сергіту сәті

2 мин

 Видеода көрсетілген қимыл іс-әрекеттерді орындайды. 

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

Алақанды уқалау.

Қолды қысу

Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен  қарай 3-4 рет айналым жаса

VI. Бекіту

7 мин

    Оқулықпен жұмыс, 76 бет, бақылау сұрақтары мен тапсырмаларын орындайды, сұрақтарға ауызша жауап береді.                                                                                                                                                                                                                                                                                           

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

1. «Өрнек» терминіне анықтама беріңдер.

2. Өрнек қалай құрылады?

3. div және mod амалдарының әрекеттерін. сипаттаңдар.

4. Өрнектің muni қалай анықталады?

5. Арифметикалық өрнектерді жазу ережелерін айтыңдар.

6. Қандай амалдардың жоғары басымдылығы бар?

7. Жақшасы бар арифметикалық өрнекті есептеу қалай жүргізіледі?

8. Программалау тілінде бөлшек өрнектер қалай жазылады?

9. Бүтін сандарды бөлу амалдарын

қолданатын тапсырма ойлап табыңдар.

VIІ. Рефлексия

2 мин

      Оқушылар алдарында жатқан түрлі-түсті смайликтарды акеліп, тақтаға жабыстырыды.

· Қызыл - Мен барлығын өте жақсы түсіндім, маған сабақ өте қызықты болды.

· Сары - Маған барлығын түсінікті, бірақ кейбір ақпараттар маған қызықсыз болды.

· Жасыл - Мен аздап түсінген жоқпын, бірақ мен үшін сабақ қызықты өтті

· Көк - Мен мүлдем түсінбедім, сабақ маған қызықсыз болды

VIII. Оқушыларды бағалау

2 мин

    Оқушыларды сабақта орындаған жұмыстарына қарай бағалаймын.

Күнделіктеріне баға қойдырады.

ІХ. Үй жұмысы

2  мин

§12 оқу, ЦБР№1957

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Айнымалылар типтері. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Пән Информатика сынып 7 Күні 19.11.15 ж.сабақ №:11Тақырып: Айнымалылар типтері. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі.Мақсат:. Айнымалылар типтері. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі тақырыптары бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.Білімділік – Оқушыларға айнымалылардың типтерін ажырата білу және практикада қолдану жағдайын қарастыру;Дамытушылық – Есеп шығару барысында айнымалыларды айқындай білу дағдыларын дамыту; жұмыс жасауда нәтижеге қол жеткізу;Тәрбиелік – оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Сабақ түрі: аралас сабақСабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру.Құрал-жабдықтар: ДК, интерактивті тақта, тұсаукесер, оқулықтар, дәптерлер, таратпа карточкалар, FreePascal бағдарламасы.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 470 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

РАБОЧАЯ ПРОГРАММА Учебной дисциплины «ОП.09 Информационные технологии в профессиональной деятельности»
  • Учебник: «Информатика (базовый уровень)», Семакин И.Г., Хеннер Е.К., Шеина Т.Ю.
  • Тема: Глава 1. Информационные системы и базы данных
  • 02.01.2021
  • 593
  • 8
«Информатика (базовый уровень)», Семакин И.Г., Хеннер Е.К., Шеина Т.Ю.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.03.2020 436
    • DOCX 302.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шоренкова Анастасия Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 80132
    • Всего материалов: 234

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Разработка и сопровождение требований и технических заданий на разработку и модернизацию систем и подсистем малого и среднего масштаба и сложности

Системный аналитик

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 83 человека

Курс профессиональной переподготовки

Информационные системы и технологии: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информационных систем и технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс повышения квалификации

Теоретические и методологические основы преподавания информатики с учётом требований ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 154 человека из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 714 человек

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Дизайн и визуальная коммуникация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 14 регионов

Мини-курс

Современные тренды в физкультуре и спорте: организация обучения и методика тренировок

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе