Инфоурок Иностранные языки Конспекты«Ағылшын тілі сабағында фразеологиялық тіркестерді қолдану»

«Ағылшын тілі сабағында фразеологиялық тіркестерді қолдану»

Скачать материал



    «Ағылшын тілі сабағында фразеологиялық тіркестерді қолдану»

 

 

 

                                                                 Ж.Досмұхамедов атындағы

                                                                педагогикалық колледжінің

                                                                ағылшын тілі пәні оқытушысы

                                                                Куспанова Бақытгүл Маратовна

 

         Фразеологизм мағынасындағы елтану потенциясының пайда болу принциптері тіл арқылы елтану бағытының еншісі болып табылады. Тіл арқылы елтану теориясының пайда болып дамуы фразеология саласын жаңа қырынан, яғни фразеологизмдерді кез келген халықтың ұлттық мәдени дамуының айнасы ретінде қарастыруға мол мүмкіндік береді.Қабырғаңмен кеңес,қырық пышақ болу,түйе үстінен сирақ үйту,жүрек жалғау,көз тігу,сағы сыну,екі аяғын бір етікке тығу,жүнін жығу. Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны алар.
Жас келсе іске.
Түйесі көп қоныс бастайды.
Ел іші-алтын бесік.
Ел
іші-өнер кеніші. 
Ауру қалса да,әдет қалмайды.
Idiomatic combinations Proverbs-sayings
It is me,to knock one’s head against a break ,good ear for music,zip your lip ,
the apple of his eye,he just at the eleventh hour Nothing stake,nothiing draw.
Many a true word is spoken in jest.
Pride goes before a fall.
Little streams make great rivers. 

Когнитивтік үрдістің негізгі айырым белгісі тілді жаңаша зерттеуде жаңа тәсілдер еңгізуде ғана емес, таза танымдық бағдарының жаңалығында, тілді танымдық тұрғыдан қарауында.
Когнитивтік лингвистиканың негізгі мәселелерінің бірікогнитивтік мағына. Тілдік бірліктердің мағынасы адамның ойлау жүйесімен қатар қарастырылады. Бұл бағыттың басты назар аударатын негізгі ұғымдары: «әлем бейнесі», «әлемнің тілдік бейнесі», «әлем моделі» немесе «когнитивтік модель». Когнитивтік мағына тіл арқылы құрылып берілетін танымдық ақпарат ретінде қарастырылады. Когнитивтік семантикасол тіл арқылы құрылып берілетін адам санасындағы концептуалды білімді таным моделі арқылы зерттейтін ғылым.
Жұмыстың «Aғылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің концептілік құрылымы және коннотативтік мағынасы» деп аталатын екінші бөлімінде теңеуге логика-философиялық және лингвистикалық тұрғыдан мағлұмат беріліп, ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің мағына қалыптасу негіздері және мағыналық-тақырыптық топтары анықталып, екі тілдегі фразеологиялық теңеулердің концептілік құрылымы, концепт түрлері және коннотативтік мағынасы, фразеологиялық теңеулердің екі тілдегі «жағымды» және «жағымсыз» мазмұндағы концептілер түрлері топталып қарастырылып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары, әр тілге тән ерекшеліктері айқындалды.
Теңеуұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затпен салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды-экспрессивтік сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан таныстыратын әрі стильдік тәсіл, әрі таным құралы. Басқа тілдік бірліктер секілді тұрақты теңеулер де адамның танымдық мүмкіндігін тілдік қабілетімен сабақтастырудан бастау алатындықтан, басты назар олардың когнитивтік негіздеріне аударылады.
Фразеологиялық теңеулер фразеологизмдердің басқа түрлерінен өзінің логикалық құрылымы, компаративті мағынасы мен стильдік қызметі арқылы ерекшеленеді. Фразеологиялық теңеулер табиғатын зерттеуде фразеологиялық теңеу мен метафораның өзара байланысы, ұқсастығы мен айырмашылықтарына тоқталу қажет. Осы мәселеге арналған ғылыми еңбектерде фразеологиялық теңеулер мен метафоралар тілде қатар қолданылады, себебі олар өзара тығыз байланысты деген пікір бар. Теңеу мен метафораның ортақтығыолардың заттар мен құбылыстар негізінде фразеологиялық ассоциация жасауынан көрінеді. Алайда, оларды мазмұн жағынан ажыратып қарастырған жөн. Теңеуде салыстырушы теңеу заты және оған қажетті негіз бар. Ал метафораға ондай негіз қажет емес. Фразеологиялық теңеулер екі затты салыстырудың нәтижесі болса, метафораларолардың ұқсастығының нәтижесі She is a fox – ол түлкі; She is as sly as a fox – ол түлкідей қу, айлакер.
Фразеологиялық теңеулер кез келген тілдің фразеологиялық қорының елеулі бөлігін құрайды. Теңеукөркем ойлаудың ұлттық ерекшеліктері жинақталған, дүниетанымның ұлттық өзгешеліктері бас қосқан логика-философиялық және лингвистикалық категориялардың санатына жатады.
Теңеу лингвистикалық категория ретінде қазіргі тіл білімінің жаңа бағыттарының бәрінің де зерттеу нысаны бола алады. Бұл бағыттардың ішінде құрылымы әр түрлі тілдердегі фразеологиялық теңеулерді лингвомәдениеттану және когнитивтік лингвистиканың негізгі ұстанымдарына сүйене отырып салыстырмалы-салғастырмалы зерттеу жүргізудің мәні ерекше. Себебі халықтың дүниетанымы, өмірге және қоршаған ортаға деген көзқарасы, салт-дәстүрі, көңіл-күйі әр халықтың жалпы фразеологиясынан, оның ішінде әсіресе, фразеологиялық теңеулерден көрініс табады. Фразеологиялық теңеулер жекелеген өмір құбылысына нақты баға беретін, ғасырлар бойы атадан балаға мұра ретінде беріліп отыратын, әр халықтың өмірінен қызықты деректерді өз бойына жинақтаған халық мұрасы. Сондықтан, туыстас, не туыстығы жоқ тілдердегі фразеологиялық теңеулерді лингвомәдени және лингвокогнитивтік тұрғыдан зерттеу әр тілдің өрнек бояуын, ұлттық ерекшелігін, менталитетін, қайталанбас қасиетін танып білуге, олардың мағына қалыптасуындағы және тілдік қолданыстағы қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді. Осы тұрғыда туыстығы жоқ қазақ және ағылшын тілдерінің фразеологиялық теңеулерінің мағына қалыптасуының негізін ашу ерекше мәнге ие. Теңеулердің ішкі мазмұнын анықтауда уәжтану теориясына жүгінген жөн. Уәждеме теориясына сүйене отырып, бастапқы еркін тіркестер негізінде жасалған фразеологизмдердің түп төркініне зер салып, уәжін айқындау, сол арқылы тіркестің қалыптасу түп көзін тауып, өзіндік ерекшеліктерін ажырату арқылы олардың мәні мен мазмұнын ашуға болады. Фразеологизмдердің фразеологиялық мағынасы олардың ішкі мағыналық құрылымында жатқан бейне арқылы уәжделеді. Мысалы, қазақ тіліндегі құмырсқадай құжынаған, құмға сіңген судай, сүліктей жабысты, ағылшын тіліндегі dumb as a fish (балықтай тілсіз), as brave as a lion (арыстандай айбатты), dance like an elephant (пілше билеу) сияқты тіркестердің фразеологиялық мағыналарының ішкі формасы айқын, яғни олардың мағыналары ішкі формалары арқылы уәжделіп қалыптасқан.
Фразеологизмдердің ішкі формаларының тасалануынан олардың мағыналарының күңгірттенуі шығады. Ондай фразеологизмдердің сырын, жасалу төркінін тілдің ішкі заңдылықтарынан гөрі экстралингвистикалық факторлар мен этимологиядан іздеу қажет. Мысалы, кәрі қойдың жасындай жасы қалды фразеологизмі қой түлігінің тіршілік ету мерзімін (10 шақты жылдай) бақылаудан туған. Осы жайт ауыс мәнде жасы ұлғайған адамға қатысты айтылатын бейнелі тіркестің тууына негіз болған. Ағылшын тіліндегі to fight like Kilkenny cats (Килкени мысықтарындай айқасу) - өлімге бас тігіп қырқысу деген мағынада қолданылатын фразеологизмнің қалыптасуына ХVII ғ. Kilkenny мен Irishtawn қалалары арасындағы қантөгістің аяғы екі қаланың да қирап бітуіне әкелген тарихи уақиға негіз болды.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің басым көпшілігі «Адам» атты мағыналық макротопқа жатады, олардың мағынасы адам мен оны қоршаған әлемнің өзара әрекетін бейнелейді. Фразеологиялық теңеулердің негізінде адам өмірі мен қызметінің тұстарын бейнелейтініне байланысты екі тілде олардың төмендегідей мағыналық-тақырыптық топтары анықталды:
1. Адам мінезі мен ақыл-ой қабілетін сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: Қарабайдай қатыгез, дала бүркітіндей қырағы; Ағыл.: a memory like an elephant (сөзбе-сөз: есі пілдей), яғни еске сақтау қабілеті жоғары, тамаша, as blunt as a hammer (сөзбе-сөз: балғадай ақымақ) яғни топас, т.б. 2. Адамның жағдай-күйіне байланысты ФТ-лер: Қаз.: сең соққан балықтай, жарасын жалаған иттей, жаралы арыстандай аласұрды; Ағыл.: as miserable as a bandicoot – (қалталы қөртышқандай) – бақытсыз, аянышты, as still as a mouse – тышқандай жасырынып тұру т.б. 3. Адамның сыртқы келбетін сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: қырмызыдай ажарлы, ақ маралдай әдемі; Ағыл.: as fair as a lily – лилия гүліндей сұлу, pale as death - өліктей бозарған т.б. 
4. Адамның өмірі мен қызметін сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: түлкі қуған тазыдай соңына түсу, ит пен мысықтай өмір сүру; Ағыл.: as thick as thieves (бір-біріне ұрылардай жақын болу) – жан дос, айырылмас дос, to live like cat and dog – мысық пен иттей өмір сүру. 5. Адамның эмоциялық жағдайын сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: найза үстінде отырғандай, тышқан алған мысықтай;Ағыл.: to shake /quake/ tremble like an aspen leaf – көк теректің жапырағындай қалтырау, to sit on a powder keg – оқ-дәріге толы бөшкенің (күбінің) үстінде отырғандай. 6. Адамның басқа бір адамға немесе затқа қатынасын сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: жыландай жек көру, құлындай шыңғырту, қойдай бауыздау; Ағыл.: hate smb like poison – біреуді удай жек көру, flieng smb aside like an old boot – біреуді қажеті жоқ ескі аяқ киімдей лақтырып тастау, яғни пайдаланып алғаннан кейін өзінен алыстату, қуу. 
7. Құбылыстар мен заттардың сапасын сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: көздің жасындай таза (мөлдір), жаман түйенің жабуындай (келіссіз). Ағыл.: fresh as a daisy – маргаритка гүліндей жас, жаңа, cold as a frog – құрбақадай суық. 8. Түсті сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: ақ бөкеннің таңындай, орман түлкісіндей қызыл, сүттей ақ; Ағыл.: as white as driven snow/as milk – қардай/сүттей ақ, as red as a turkey-cock – күрке тауықтың айдарындай қызыл. 9. Адамның тамақтану процесін сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: бурадай қарш-қарш шайнау, егінге түскен сиырдай жайпау; Ағыл.: eat like a pig – шошқадай ішіп-жеу, drink like a fish – балықша ішу. 10. Заттар мен құбылыстардың көлемін сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: қойдың құмалағындай, ешкінің асығындай, иненің жасуындай; Ағыл.: as light as a drum – барабандай жеңіл, thin as a lath/rake – ескектей жіңішке.
11. Арақашықтықты сипаттайтын ФТ-лер: Қаз.: есік пен төрдей, ат шаптырымдай жер, қозы/қой өрісіндей жер. Ағылшын тілінің фразеологиялық теңеулерінің біз жинаған материал ішінде бұл топқа жататындары кездеспеді. 12. Уақытты сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: бие сауымдай уақыт, сүт қайнатымдай уақыт, қас қаққандай. Аталмыш топқа да ағылшын тілінің фразеологиялық теңеулері біз қарастырған материал арасынан кездеспеді.
Теңеу бейнесі қызметін орындаушы семалар негізінде қазақ және ағылшын тілдерінде фразеологиялық теңелеурдің мынадай топтары анықталды:
1. Күнделікті тұтыну заттар атауларынан жасалған ФТ-лер: Қаз.: сабынша бұзылу, тозған бөздей ыдырау; Ағыл.: to fit like a glove - қолғаптай дәл), as fat as butter - сары майдай толық. 2. Үй жануарлары атауларынан жасалған ФТ-лер: Қаз.: тағасыз аттай тайғанау, егінге түскен сиырдай жайпау; Ағыл.: stubborn as a mule – есектей қиқар, squeal like a stuck pig – шала бауыздалған шошқадай шыңғыру. 3. Табиғат және қоршаған орта құбылыстарының атауларынан жасалған ФТ-лер: Қаз.: бұлттай сұрлану, жауар күндей түнеру, желдей есу; Ағыл.: look like thunder – күннің күркіреуіндей көріну, яғни ашулы, ызалы, like greased lightning – найзағайдай шапшаң, жылдам. 4. Аң атауларынан жасалған ФТ-лер: Қаз.: қойға тиген қасқырдай, ақ маралдай керілу, жолбарыстай білекті; Ағыл.: as agile as a monkey - маймылдай икемді, as cross as a bear – аюдай ашулы, as cunning as a fox – түлкідей айлалы. 5. Құс атауларынан жасалған ФТ-лер: Қаз.: торға түскен қырандай, бұлбұлдай сайрау, жүнін жұлған тырнадай; Ағыл.: as drunk as (a boiled) an owl – жапалақтай мас, as gay as a lark – бозторғайдай көңілді, as a mild as a dove – көгершіндей жұмсақ. 6. Жәндік атауларынан жасалған ФТ-лер: Қаз.: қара құрттай қаптау, шыбындай қырылу, аш кенедей жабысу; Ағыл.: as merry as a grig – көк шегірткедей көңілді, ants in one’s pants – шалбар киген құмырсқадай, яғни ыңғайсыз, мазасыз сезіну. 7. Өсімдік атауларынан жасалған ФТ-лер: Қаз.: тікендей қадалау, қызыл гүлдей құлпыру, жел соққан қамыстай жапырылу; Ағыл.: grow up like mushrooms – саңырауқұлақтай өсу, көбею, shake as a leaf – жапырақтай дірілдеу, stick to smb like a bur – біреуге ошағандай жабысу. 8. Діни атауларға байланысты жасалған ФТ-лер: Қаз.: жын ұрғандай жұлқыну, көктен түскен періштедей, иманындай сақтады. Ағыл.: a certain as preachig – діни уағыздай шын, айқын, as safe as a church – шіркеудей сенімді, берік, as ugly as sin – күнәдай үрейлі, қорқынышты. 9. Азық-түлік атауларынан жасалған ФТ-лер: Қаз.: айрандай ұйып отыру, бал қаймақтай, балға ашытқан қымыздай. Ағыл.: as brown as a berry – жидектей қоңыр, яғни күнге күйген, as full as an egg is of meat – етке толы жұмыртқадай толық, толы, толтырылған. 10. Ауру атауларына байланысты жасалған ФТ-лер: Қаз.: сүзектен тұрғандай. Ағыл.: avoid like the leper – алапес ауруынан қашқандай, to avoid someone or smth like the plague – чума ауруынан қашқандай. 11. Балық атауларына байланысты жасалған ФТ-лер: Қаз.: ақ сазандай бұлқынды, тұмсығы тасқа тиген бекіредей, шабақтай шүпірлету; Ағыл.: as flat as a flounder – камбала балықтай теп-тегіс, жазық, close/dumb as an oyster – устрицадай үндемеу, мылқау, аузын ашпау, swim like a fish – балықтай жүзу. 12. Тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға байланысты жасалған ФТ-лер: Қаз.: Абылай аспас асудай, Атымтайдай жомарт, Наушаруандай әділ; Ағыл.: as game as Ned Kelly – Нед Келлидей күшті. Нед Келли атақты қарақшы, as old as Methuselah – Мафусаилдай (библия кейіпкері) кәрі, ескі, as pleased as Punch – Панчодай (көше кезіп жүретін қуыршақ театрының кейіпкері) разы, риза.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің жалпы мағынасы мен фразеологиялық мағынаны жасаудағы теңеу бейнесінде қолданылатын ұйытқы сөздерді зерделей келе төмендегідей тұжырым жасауға болады:
1. Мағыналық жіктелу тұрғысынан қазақ тілінде ФТ-дің 12 негізгі мағыналық тобы, ал ағылшын тілінде 10 мағыналық тобы анықталды. Ағылшын тілінде арақашықтық пен уақытты сипаттайтын ФТ-лер біз жинаған материалда кездеспеді.
2. Теңеу бейнесі қызметін атқаратын ұйытқы сөздер екі тілде де 12 тақырыптық топтың атауларынан жасалады. Дегенмен, бір тақырыптық топқа жататын ФТ-лер саны екі тілде бірдей емес. Мысалы, ағылшын тілінде өсімдік атаулары, діни атаулар, құс және жәндік атаулары көбірек кездессе, қазақ тілінде үй жануарлары, күнделікті тұтыну заттар атаулары саны жағынан ФТ-лер жасауда басымырақ қолданылады. Екі тілде де фразеологиялық теңеулер негізінде адамның өмірі мен қызметін, сипаты мен әртүрлі қасиеттерін, мінез-құлқын т.б. қасиеттерін бейнелі сипаттау үшін қолданылатыны байқалады.
3. Тілде көрініс табатын ұлттық ерекшеліктер фразеологизмнің құрамындағы ұлттық мәдени компонентімен байланысты. Мәселен, үй жануарларының тақырып тобын қарасақ, қазақ тілінің фразеологиялық теңеулерінде көбіне жылқы, қой, түйе компоненттері, ал ағылшын тілінде шошқа, тауық, қаз компоненттері жиі қолданылады, яғни кей атаулардың фразажасамдық белсенділігі қазақ тілінде жоғары, ағылшын тілінде төмен болса, ал кейбір атаулардың осы қасиеті керісінше ағылшын тілінде жоғары, қазақ тілінде төмен болып келеді. 
Дүниетаным, ойлау қабілетінде салғастырылушы тіл иелері халықтарда ортақ болғанымен, өмір сүру жағдайы, табиғи орталығындағы айырмашылыққа қатысты бейнелеу, суреттеу, әсерлеу нысандары мен эмоционалдық жағынан алғанда әр халықтың өзіндік ұлттық ерекшелігі бар. Мысалы, қазақ тіліндегі қыздың жиған жүгіндей деген фразеологиялық теңеудің ағылшын тілінде баламасын табу өте қиын. Бұлқазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігі, өмір салтымен байланысты әсемдікті танытудың көрінісі. Сол сияқты, ағылшын тіліндегі (as) dumb as a woolden Indian (сөзбе-сөз: дүкен алдында тұрған индеецтей), жалпы топас, ақымақ деген мағынада қолданылады. Жарнама ретінде Америкада темекі сататын дүкендердің алдында индеецтің ағаш мүсіндерін қою осы елдің дәстүріне жатады. Ал американдықтар түсінігінде ертеде индеецтер ақымақ, топас деп бағаланған.
Тіл білімінде «концепт» термині алғаш рет ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қоршаған орта құбылыстарын тіл әлемінде бейнелеу мәселелерін зерттеуге байланысты пайда болды. Соңғы жылдары тіл білімінде «концепт» теориясы лингвистикалық сипатта нақты, жан-жақты бір тілдің ішіндегі материалдар негізінде де, туыс немесе туыстығы жоқ әр түрлі тілдер материалдары негізінде де салыстыра-салғастыра зерттеле бастады. Ғылыми еңбектерде «концепт» ұғымына берілген әр түрлі анықтамалар кездеседі. Концепт сөзбен де, сөз тіркесімен де, фразеологиялық бірліктер арқылы да беріле алады. Сөздің концептісі оның мағыналық және ассоциативтік өрісі арқылы анықталады. Осы өрісте сақталған ақпарат когнитивті және прагматикалық мәні бар элементтерден тұрады. Концептілік зерттеу этностың лексикасы мен фразеологиясында сақталған әлемнің мәдени-ұлттық бейнесін ашуға мүмкіндік береді. Концепт этностың рухани өмірінің ұжымдық қазынасы және ол әрқашан мәдени реңкте болады, сондықтан да ол ұлттық ерекше дүниетанымды түсінуде басты компонент болып саналады. «Концепт дегенімізэтномәдени санада сақталған, белгілі бір ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ықшам, әрі терең мағыналы шындық болмыс, ұлттық мәдени құндылықтары жөніндегі сан ғасырлық түсінігін білдіретін құрылымТілдің когнитивтік кеңістігінде «Адам» концептісі әр түрлі тілдік бірліктер арқылы беріледі. Солардың ішінде осы концептіні көріністеуде фразеологиялық теңеулердің алатын орны ерекше, себебі олар адамның әр түрлі қыры мен сырын сипаттауда қолданылады. Адамның әр қилы қасиеттерін негізге ала отырып, қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық теңеулерді лингвокогнитивтік тұрғыдан концептілерге бөлініп талданды. Талдау негізінде екі тілдегі концепт түрлері анықталды:
«Ойсурет» концептісі белгілі бір ұлттың дүниетанымында қалыптасатын санадағы бейнелердің қарабайыр суреті. Мысалы, қазақ тіліндегі мұрнын тескен тайлақтай теңеуі тайлақты тұрмыста пайдалануға үйрету үшін екі жасында мұрнын тесетін әдет-ғұрыпқа байланысты пайда болған. Абстрактілену нәтижесінде адамға қатысты қолданғанда, осы сурет ойсурет болып көз алдымызға келеді. Бұл бейнелі теңеу айтқаннан шықпайтын адамдарға қатысты қолданылады.
Ағылшын тіліндегі Grin like a Cheshire cat (сөзбе-сөз: Чешир мысығы секілді күлу) фразеологизмі бір кездерде Англияның графтық ауданы Чеширде жасалатын ірімшіктің түрін жымия күліп тұрған мысықтың түріне келтіріп дайындаған. Осы оқиғаға байланысты пайда болған бұл тіркес тілде әр кез күлімсіреп жүретін жайдары адамға қатысты қолданылады, кейде мысқыл ретінде де айтылады.
Фреймбелгілі бір концепт төңірегінде жинақталған тілдік бірліктер. Бұл бірліктер нақты бір концептіге ассоциацияланған негізгі, қарапайым, мүмкін болатын ақпаратты береді. Сонымен қатар фреймдер сол қоғамға тән ерекшеліктерді анықтап суреттей алады. Фрейм концептісі ойсурет концептісіне ұқсас, дегенмен, ойсурет концептісінде статикалық күй басым болса, фреймде динамикалық күй басым. Мысалы: Қаз.: ала тайдай бүлдірді, құтырған бурадай зіркілдеді, құмырсқадай қаптады. Осы қатардағы ала тайдай бүлдірді фразеологизмінің пайда болуы халық өмірінің тарихи кезеңдеріне байланысты. Халық жырында қалмақтар тұтқиылдан, дамылсыз шабуыл жасап ноғайлы қазақтарын абыржыта бергені айтылады. Бір күні байлаудан босанып кеткен ала тай ауылды айнала дүрілдете шауып, малды үркітеді. Жау келіп қалды екен деп ойлаған қазақтар қоныстарын тастай қашады. Кейін байқаса, шапқан жау жоқ, елді бүлдіріп, малды үркітіп жүрген ала тай екен. Содан былай халық «елді ала тайдай бүлдірген», деп жұртты дүрліктіріп, абыр-сабырға душар ететін адамға байланысты қолданады.
Ағыл.: (as) cross as a bear (with a sore head) – сөзбе-сөз: басы ауырған аюдай ашулы болу.

 

            Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        Баяндама

 

  «Ағылшын тілі сабағында фразеологиялық тіркестерді қолдану»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             ағылшын тілі  пәні  оқытушысы:Куспанова Б.М.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Ағылшын тілі сабағында фразеологиялық тіркестерді қолдану»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по ипотечному кредитованию

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Ағылшын тілі сабағында фразеологиялық тіркестерді қолдану» Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің ағылшын тілі пәні оқытушысы Куспанова Бақытгүл Маратовна Фразеологизм мағынасындағы елтану потенциясының пайда болу принциптері тіл арқылы елтану бағытының еншісі болып табылады. Тіл арқылы елтану теориясының пайда болып дамуы фразеология саласын жаңа қырынан, яғни фразеологизмдерді кез келген халықтың ұлттық мәдени дамуының айнасы ретінде қарастыруға мол мүмкіндік береді.Қабырғаңмен кеңес,қырық пышақ болу,түйе үстінен сирақ үйту,жүрек жалғау,көз тігу,сағы сыну,екі аяғын бір етікке тығу,жүнін жығу. Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны алар.Жас келсе іске.Түйесі көп қоныс бастайды.Ел іші-алтын бесік.Ел іші-өнер кеніші.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 291 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.02.2020 483
    • DOCX 109.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Анохина Галина Владимировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Анохина Галина Владимировна
    Анохина Галина Владимировна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 81258
    • Всего материалов: 242

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (немецкий язык)

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Современные методы развития навыков эффективного и уверенного общения на английском языке у старших школьников

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 676 человек

Мини-курс

Музыка в мире: народные и культурные аспекты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе