Главная / Начальные классы / "Аяулы күз - 2015" сыныптан тыс шара

"Аяулы күз - 2015" сыныптан тыс шара

Тақырыбы: «Аяулы күз, Алтын күз-2015 »

Мақсаты:
1. «Аяулы күз, Алтын күз - 2015» сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын және күз ханшасын анықтау. Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау.
2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
3. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғаттысүюгетәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Мерекелік безендіру: Күзге байланысты қабырға газеттері мен шарлар ілу, жапырақтар, жеміс - жидектер, көкөністер т. б.


Жүргізуші:
Армысыздар, мейірімді ата - аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата - бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып,«Аяулы күз, Алтын күз - 2015» мерекесімен құттықтаймын.

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
Келтіретін әрдайым сезім күйін,
Көресіздер қызықтың неше түрін
Әншінің асқақтаған әнін естіп,
Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.
Осылай бәрі - бәрі болып жатса,
Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.

Сайыс 7 бөліммен тұрады:
1. Кел танысайық
2.Жалғасын тап (Мақалдың жалғасын табу)

3.Күз сыйы. (Күзгі жапырақтардан аппликация жасау)
4. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерін көрсету)

5. Күзгі сән үлгілерін көрсету

6. «Бұл қай жеміс,дәмінен ажырат».(ойын)

7. «Күзгі таңғалдырарлық сыйлық»


Жүргізуші:
Нағыз сары алтындай сары күз - қыркүйек айы. Ол - еңбек айы. Күз маусымының екінші ай – қазан. Бұл ай – мереке басы. Өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы - қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп - тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айырылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.

Жүргізуші:
Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал, бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан.
Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейік:


дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.....

1.

2.

3.


Жүргізуші:
Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша ән айтылып, би билейді.
 
Қошеметтеп қол соғып отырайық,
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе - тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз - деп «Аяулы күз, Алтын күз - 2015»атты байқауымызға қатысатын үміткерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз. Бүгінгі балымыздың үміткер ханзадалары мен ханшайымдары.
Қош келдіңіз көрермен,
 
«Аяулы күз, Алтын күз» кешіне.
 
Отырыңыз қол соғып,
 
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт - береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, алдымен топтың қайсысы бірінші болып шығатынын анықтап алайық. Ол үшін рет санын анықтайтын қағаз қиындыларын ала кояйық.

1.

2.

3.

4.

5.


Жүргізуші:

Құрметті көпшілік көрерменім,
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.
Ақжол тілеп үкілі үміттерге,
Таныстыру шартына кезек бердім.
 

Ендеше
бірінші бөліміміз «Кел танысайық» үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы.



Жүргізуші:

Олай болса, ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік. 
«Кел танысайық» бөліміне бағасын берсеңіздер екен.


Жүргізуші:

Екінші бөлімі «Жалғасын тап».(Мақалдың жалғасын табу) кезек берейік.

3-сынып: Күз дәнімен көрікті
Қыс қарымен көрікті.

3-сынып: Жердің сәні – егін,
Ердің сәні білім.

4-сынып: Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.
 

4-сынып: Сулы жер құрақсыз болмас,
Таулы жер бұлақсыз болмас.

«Мақалдың жалғасын тап» бөлімі бойынша әділ-қазылар алқасынан бағасын сұраймыз.

Жүргізуші:

Үшінші бөліміміз: «Күз сыйы»деп аталады.Алдарынызға жапырақтар беріледі.Солардан аппликация жасаймыз.Жұмысымызды таныстыру.

Осы бөлім бойынша әділ-қазылар алқасынан бағасын сұраймыз


Жүргізуші: Асыл тастан, өнер жастан, Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден.
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден-дей
төртінші бөліміміз «Өз өнерін көрсету».Ортада сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық.


Енді әділ қазы алқаларына сөз береміз. Жүргізуші: Күз келді, хан мен ханшайым,
Өткізді күзгі бал айын.
Ағызар сөйлеп сөз майын,
Ал ханымыз ақылды.
Барша жұртты шақырды,
Би де билеп ән айтты.
Қуаныштан шалқыды.


Ханзадаларымыз бен ханшайымымызды өз өнерлерін көріп болса, әділ-қазылар алқасынан бағасын сұраймыз.

Жүргізуші:Бесінші бөлімі «Күзгі сән үлгісін көрсету»

Жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.
Күз сәні өнерімен ортаға шығып,
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен
- деп қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған «Күзгі сән үлгілерін көрсету »сән үлгісінде ортаға шақырамыз. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.

1-жұбымыз:

2-жұбымыз:

3-жұбымыз:

4-жұбымыз:

5-жұбымыз:


Жүргізуші:

Салмақты ұлдар мен сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз берсек.

Жүргізуші: Келесі бөліміміз «Бұл қай жеміс,дәмінен ажырат» 
- Балалар, ойын ойнайық. Ендеше ойын шартымен таныстырайн. Сендер көздеріңді жұмасыңдар, мен ауыздарына не көкөніс немесе жеміс саламын. Сендер оны дәміне қарай ажыратып атайсыңдар. ..................


- Осы жемістердің барлығы еңбектің арқасында келді. Біз оларды қалай күтіп баптасақ, жемістер бізге сондай мәуесін береді екен. «Еңбекпен келген жемістің дәмі тәтті» деген мақал осыдан шыққан

Жүргізуші: Көрсетеді өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып

Мерекелік күзгі сыйды жасапты,

Ұлдарымыз бен қыздарымыз бірлесіп.

Соңғы бөліміміз :«Күзгі таңғалдырарлық сыйлық» бөлімінде қатысушыларымыз күзгі сыйдан өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген туындыларымен таныстырсын.

Жәнеде әділ қазылар алқасынан осы бөлім да қарап бағалап жіберсе.

Жүргізуші: Білім - теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,

Әдемі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- деп отырып бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз - 2015» байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін ортаға құрметті әділқазылар алқасын шақырамыз. Құрметті көрермендер! Жеңімпаздарымызға биік шындарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып,

Жеңімпаздарымызды марапаттайық !!!

Кешімізді осымен аяқтаймыз! Жеңісті күндерде жүздескенше!





























"Аяулы күз - 2015" сыныптан тыс шара
  • Начальные классы
Описание:

Тақырыбы: «Аяулы күз, Алтын күз-2015 »

Мақсаты:
1. «Аяулы күз, Алтын күз - 2015» сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын және күз ханшасын анықтау. Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау.
2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
3. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғаттысүюгетәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Мерекелік безендіру: Күзге байланысты қабырға газеттері мен шарлар ілу, жапырақтар, жеміс - жидектер, көкөністер т. б.


Жүргізуші:
Армысыздар, мейірімді ата - аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата - бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып,«Аяулы күз, Алтын күз - 2015» мерекесімен құттықтаймын.

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
Келтіретін әрдайым сезім күйін,
Көресіздер қызықтың неше түрін
Әншінің асқақтаған әнін естіп,
Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.
Осылай бәрі - бәрі болып жатса,
Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.

Автор Атауова Айнур Бактыгереевна
Дата добавления 12.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другое
Просмотров 177
Номер материала MA-065540
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓