Инфоурок Другое Рабочие программыАвторлық бағдарлама. "Олимпиадаға дайындық" (8- сынып)

Авторлық бағдарлама. "Олимпиадаға дайындық" (8- сынып)

Скачать материал

Павлодар қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 -сынып оқушыларына арналған олимпиадаға дайындық бағдарламасы

(Шығарма жазу бойынша)

 

 

 

 

 

Құрастырғандар: Мұрынбаева Ғалия Исламғазықызы

                           \

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік хат

 

          Бағдарлама «Әдебиет» пәнінен шығарма жазу қызметі мен мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған, атап айтқанда, оқушыларды шығарма жазуға төселдіріп, оқырмандық мәдениетін жетілдіруді, қазақ халқының әдеби мұралары туралы жүйелі түсінік беруді және іскерлік құндылықтарын шәкірт бойына сіңіруді көздейді. Бағдарламаны түзуде білім мазмұнын ізгілендіру, адамгершілік-эстетикалық, мәдени-тарихи құндылықтарды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді таныту, оқушылардың тілдік қорын байыту, әдеби білімнің жүйелілігі мен үзіліссіздігі, сабақтастығы, білім мазмұнының тарихилық сипаты  және пәнаралық, пәнішілік байланыс сияқты ұстанымдар басшылыққа алынды.

         Бағдарламаның негізгі мақсаты – сөз өнерін адамзаттың көркем тарихы ретіндегі мәдени мұра, ұлттық құндылық деп бағалап, құрметтей алатын елжанды азамат тәрбиелеу, оқушыларға әдеби туындылар арқылы эстетикалық,  интеллектуалдық, адамгершілік тәрбие бере отырып, көркем шығарма табиғаты мен мазмұнын жете түсініп, шығарма жаза алатын өз ойын айқын жеткізе алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

-         оқушыларға төл әдебиеттің ұлттық сипатын, ондағы халықтың әдет-ғұрып, салт-санасының көрінісін, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін, көркем туындының идеялық-адамгершілік мәнін түсіндіру;

-         көркем шығарманы эмоционалды қабылдауға, бейнелі және зерделі ойлауға және қаламгердің көзқарасын түсінуге машықтандыру;

-         оқушылардың ішкі жан әлемін рухани-адамгершілік құндылықтармен байытып, көркемдік талғамын кеңейту және оқырмандық мәдениетін қалыптастыру, көркем шығармаларды өз бетінше іздеп, қызығып оқуға дағдыландыру;

-         оқушының өзіне сенімді түрде жұмыс істеуіне бағыт беріп, өз ойын еркін, шешен жеткізе алуға баулу;

-         әдеби-теориялық білімін сауатты қолдана алу, ауызша және жазбаша тілін дамыту;

-         қазақ әдебиетінен алған білім мен тәрбиенің нәтижесін өз өмірлеріне қолдана алуға үйрету.

 

Бағдарлама сабақтан тыс оқуға арналып, 84 сағатқа есептелген. Бағдарламаның мазмұндық құрылымы тақырыптан, тақырып бойынша берілген жоспардан, тақырып бойынша көмекші дәйектемелерден құрастырылған. Оқушы дайын жоспар бойынша дәйектемелерді қолдана отырып, шығарма жазып үйренеді. 

    

 

 

 

  Шығарма жазудың негізгі мәселелері:

 

  Шығарма – оқушының қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімінің нәтижесі ғана емес. Оның интеллектуалды дамуы мен эстетикалық талғамының да көрінісі. Шығарма оқушының көркем шығарма туралы білімін, оны талдау қабілетін пайымдау деңгейін, дүниетанымын көрсетіп береді, шығарманың негізгі ой желісін дұрыс түсініп, бағамдау мүмкіндігін тудырады.

Шығарма жазуға қойылатын басты талаптардың бірі – шығарма мазмұнының логикалық реттілікпен берілуі. Бұл дегеніңіз – тақырыптың нақты ашылуын, дәйектілігін, шығарманың жекелеген бөліктерінің өзара байланысын, ой жалғастығының сақталуы мен дәйектілігін көрсетеді. Шығармадаға негізгі ой желісі жоспар бойынша дамып отырады. Шығармаға талдау жасағанда оның идеясына ғана баса назар аудармай, көркемдік қырына да талдау жасау керек.

 

Шығармамен жұмыс істеу кезеңдері:

 

     І. Тақырыпты ойлау мен анықтау, оның шегін белгілеу, мазмұнын айқындау. Бұл талаптарды орындамаған жағдайда шығарма тақырыбы ашылмайды, тақырыпшалардың әр сөзінде мағына бар екенін түсіну керек. Жоспарда көрсетілген әр бөлімге лайықты маңызды мәселелерді анықтап, сұрақтарға жауап бергенде ғана шығарманың басты идеясы ашылатын болады.

ІІ. Шығарманың негізгі идеясын белгілеу.

    Шығарма жазу барысында «Мен осы шығарманы жазуда не айтқым келеді? Тақырыпты аша отырып, қандай қорытынды жасауым керек?» деген сұрақтарға жауап іздеу керек. Шығарманың негізгі идеясы – тезис түрінде анық, түсінікті, тұжырымды түрде беріледі. Тезис шығарма тақырыбында берілген тура жауап ретінде қабылданады.

ІІІ. Шығарманың негізгі идеясын ашуға арналған дәлелдемелер мен дәйектемелердің белгі ретпен берілуі.

   Дәлелдемелер мен дәйектемелер түрі жалпыдан жалқыға, яғни алдымен жалпы ой тезис түрінде беріліп, сосын жалпылама ойды дамытатын жекелеген ойлар беріледі немесе керісінше, алдымен жекеленген ойлар беріліп, сосын жалпыға қорытынды түйін жасалады.

ІҮ. Дәйектемелерді іріктеу.

   Айтылған ойлардың дәлелі болатындай дәйектемелерді жаттап алу керек. Бұл ең алдымен, өлең сөздеріне қатысты айтылады. Көркем проза мен әдеби- сын материалдардан келтірілген үзінділерді жаттап алу керек, себебі сөзбе – сөз келтірілмеген дәйектеме қате болып саналады немесе зерттеушінің пікірін тырнақшаға алмай, өз сөзіңізбен келтіруге болады. Сонымен, тезис пен дәйектемелер шығарманың маңызды бөлігі болып саналады.

 Эпиграф – шығарманың негізгі идеясын ашып көрсететін қысқаша дәйектеме.

 

 

 

 

Шығарманы рәсімдеуге қоятын талаптар:

 

1.     Егер шығарма тақырыбы цитата болмаса, тырнақшаға алынбай жазылады.

2.     Эпиграф тырнақшаға алынбай парақтың оң жақ бұрышына жазылады. Эпиграфтың астына автордың аты-жөні жазылады. Егер авторды ғана емес, эпиграф алынған шығарманы көрсету керек болса, автордан кейін үтір қойылады, шығарма атауы тырнақшаға алынады. Эпиграф шығарманың тұтас идеясын ашатын болуы керек.

3.     Эпиграфтан кейін Жоспар сөзі жазылады да нүкте қойылады.

4.     Шығарма бөлімдері рим сандарымен белгіленеді.

І. Кіріспе.

ІІ.Негізгі бөлім.

III.Қорытынды

Кіріспе мен қорытынды шығарманың 4/1 бөлігін құрайды.Негізгі бөлім тақырып кең ашылатындықтан, ол бірнеше бөліктерден тұрады.Бөліктер араб санымен белгіленеді.Араб санымен белгіленген бөліктер, бөлшектерге тағы да бөлінетін болса,онда ол әріптермен белгіленіп, жақша қойылады.

5.     Шығарма жазуға 4 сағат уақыт беріледі.Уақытты былайша тиімді пайдалануға болады:

1). Тақырыпты ой елегінен өткізуге 25-30 минут.

2). Тақырып бойынша жоспар құруға 30-40минут.

3). Шығарма жазуға 1,5 сағат.

4). Шығарманы таза параққа көшіруге 1 сағат.

5). Қалған уақытта шығарманы тексеріп оқып шығуғу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсынылатын шығармалар тізбесі

Сағат саны

Мерзімі

 

Шығарма тақырыбы:

«Елдіктің жыры, елдіктің туы - Күлтегін» - 3 сағат

1

1.Тақырып бойынша мәлімет қарастыру,

ақын-жазушылар мен ғалымдардың пікірін жинақтау.

Эпиграфтар:

Ақыл иесі, сөз иесі мен болдым!

Тоныкөк

Түркі халқының атақ-даңқы  өшпесін...

                                   Күлтегін жыры

 

1

 

2-3

2. Жоспар мен тірек ойлар негізінде шығарма жұмысын жүргізу.

Жоспар.

1.     Тастағы тарих

2.     «Күлтегін» жырындағы тарихи шындық және жырдың оқиғасы

3.     «Күлтегін жыры – түркілер сыры».

 

Шығармаға негізгі тірек болатын ойлар:

 

...Бастыны еңкейтті,

Тізеліні бүктірді,

Бек ұлдары құл болды,

Пәк қыздары күң болды.

...Тоғыз оғыз бектері, халқы,

Бұл сөзімді мұқият тыңда,

Терең ұқ.

Ілгері – күн шығысында,

Оң жақта – күн ортасында,

Кейін – күн батысында,

Сол жақта – түн ортасында,

Осының ішіндегі халықтың бәрі

Маған қарайды!

Халықты осыншама көбейттім!

...Бектерінің, халқының ымырасыздығынан,

Інілі-ағалының дауласқандығынан,

Бекті – халқының жауласқандығынан,

Түркі халқы елдігін жойды,

Қағандығынан айырылды.

 

2

 

 

Шығарма тақырыбы:

«Қорқыт ата және ұлттық әдебиет» - 3 сағат

 

4.

1.Тақырып бойынша мәлімет қарастыру,

ақын-жазушылар мен ғалымдардың пікірін жинақтау.

Эпиграфтар:

Жыраудың үлкен пірі –Қорқыт ата.

Бата алған барлық  бақсы асқан ата,

Таңғалып  жұрттың  бәрі  тұрады екен,

Қобызбен  Қорқыт ата  күй  тартқанда.

М.Жұмабаев

 

«Қорқыт алғаш қобыз тартып, сарын айтуда үйреткен ең бірінші бақсы».

Ш.Уалиханов 

1

 

5-6

2. Жоспар мен тірек ойлар негізінде шығарма жұмысын жүргізу.

Жоспар.

1.     Күй атасы – Қорқыт

2.     Қорқыт бабаның  қазақ  әдебиетіндегі  дәстүрі.

3.     Тарихи шежіре тәлімі

 

Шығармаға негізгі тірек болатын ойлар: 

Қолына қобыз ұстаған ұзан (абыз,жырау) елден елге жетеді – деп Қорқыт атаның өзі айтқандай, өнер-мәңгілік, ол елден елге,

ұрпақтан ұрпаққа тарайды.

 

2

 

 

Шығарма тақырыбы:

«Ахмет Йасауидың хикметтеріндегі адамгершілік мәселесі» -

3 сағат

7.

1.Тақырып бойынша мәлімет қарастыру,

ақын-жазушылар мен ғалымдардың пікірін жинақтау.

Эпиграфтар:
Түркістандық ғұламаның «Даналық кітабын» тек әдеби шығарма деу аздық етеді. Иманжүзділік оқулығы әділетті болар. Ол тұтқиыл тығырықтар тұсында тұйықтан шығарар жол көрсетіп, инабатшыл көңілге Иланым ұялатады».

                                                       Ерлан Арын

 (ҚР білім, экономика ғылымының докторы) 

 «Суфизм көзқарасындағы  ақындық дәстүрдің қазақ поэзиясындағы қалыптасуына түркілік әдебиет даму кезеңіндегі шығармаларда негізгі қаланған мәселелердің кейінгі ақындар арқылы жалғасатындығы табиғи заңдылық. Аллаға ғашықтық Йасауи және оның дәстүріндегі ақындар поэзиясында орныққан құбылыс. Жаратушыға арналған махаббат, ғашықтық ұғымдардың әлеуметтік сырлары жалпы азаматтық, гуманистік ойлармен де ұштасады »

                                                   А.Қыраубаева

1

 

8-9.

2. Жоспар мен тірек ойлар негізінде шығарма жұмысын жүргізу.

Жоспар.

1. «Махаббаттың дариясына шомылушы – ғылым, Амал қыл, қалар көп үлгісі» Иасауи шығармаларындағы ғылым, білім мәселесі.

2. «Патшалар әділдікпен үкім қылмас,

Қазылар пара алмай арыз алмас...»

Иасауи шығармаларындағы заман сипаты.

3.«Диуани хикмет» - әдебиетіміздегі сыншылдық дәстүрдің басы.

 

Шығармаға негізгі тірек болатын ойлар:

 «Өз көркіңе - өзің мәз бола берме,

Өзіңе - өзің сұқтанғаның, сірә, жөн бе?

Алланы айтып, тәубе қылғын, жөнге кел де,

Түн ұйқыңды төрт бөліп, алдыңды ойла».

...Қайда жүрсең көңіл жұмсақ, сыпайы болғыл,

Көре қалсаң мүсәпірді сырлас болғыл...

....Дүние малын сүйгендер

Мінбей, кимей өтеді...

2

 

 

Шығарма тақырыбы:

"Сәйф Сараи шығармаларындағы даналық"- 3 сағат

10.

1.Тақырып бойынша мәлімет қарастыру,

ақын-жазушылар мен ғалымдардың пікірін жинақтау.

 

1

 

11-12

2. Жоспар мен тірек ойлар негізінде шығарма жұмысын жүргізу.

Жоспар.

1.                «Түркіше Гүлстан» - өсиет-өнеге бағытында жазылған,  адамгершілік, жақсы қасиеттеріне үндейтін шығарма.

2.                Алтын Орда дәуіріндегі әдебиетте көтерілген өзекті мәселе. 

3.                «Ежелгі дәуір әдебиеті – даналықтың мәйегі»

 

Шығармаға негізгі тірек болатын ойлар: 

 «Бұл - әсемдіктің гүлстаны, гүл-бағы

Бұлбұл – сол бақтың әншісі ғана емес пе?!»

....Шын жүректен сүйе алмасаң халқыңды,

Бұзасың ғой сен патшалық салтыңды...»

2

 

 

Шығарма тақырыбы:

 «Лұқман хакім» - 3 сағат

 

13.

1.Тақырып бойынша мәлімет қарастыру,

ақын-жазушылар мен ғалымдардың пікірін жинақтау.

Эпиграфтар:

«Асылдың бірі - адалдық»

Заман қамын ойлаған –саналықтың белгісі.

Адам қамын ойлаған – даналықтың белгісі.

Халық мақалы

1

 

14-15

2.Жоспар мен тірек ойлар негізінде шығарма жұмысын жүргізу.

Жоспар.

1.Ежелгі түрік әдебиеті

2.Рабғузи- түркі елінің ғұламасы

3.Рабғузи қиссаларындағы адамгершілік идея

Шығармадан негізгі тірек ойларды

теріп алып, жаттау:

Қазақ жерінде XXI ғасырларда Алтын Орда мемлекеті құрылды.Түркілердің ол кезде де өзіндік әдебиеті мен мәдениеті болды.Сол дәуірде түркі тілінде жазылған оннан астам кітаптар бар.Олар: Қисса Жүсіп»,« Махаббатнама»,« Жұмжұма сұлтан» , «Хұсрау-Шырын» және «Қисса- сул- әнбиа.»

Рабғузидің 1370 жылы жазылған қиссалар кітабы- ежелгі шығыс мифтері мен аңыздары, өлең- әңгімелерінің жинағы.Кітаптағы әңгімелер күні бүгінге дейін қазақ ертегілері түрінде айтылып келеді.Кітапта жаратылыстың пайда  болуы, табиғат, әулие- әнбиелер, пайғамбарлар туралы, діни қайраткерлер жайлы баяндалған.Кітапты адамзатқа ортақ ежелгі мифтердің жинағы деуге болады.Біздің бүгінге дейін айтып жүрген көп аңыз-  ертегілеріміздің түпкі нұсқасы осы кітаптан алынған.Рабғузи қиссаларында Лұқман хакім туралы біраз әңгімелер бар.Лұқман- арабтың сөзі, данышпан деген мағына береді.Шығыс әдебиетінде көп айтылатын ақылды, дана адам.

2

 

 

Шығарма тақырыбы:

«Жырдың алмас қылышы».  (Махамбет Өтемісұлы шығармаларындағы патриоттық рух) - 3 сағат

16.

1.Тақырып бойынша мәлімет қарастыру,

ақын-жазушылар мен ғалымдардың пікірін жинақтау.

Эпиграфтар:

«… Махамбет бұрынғы, соңғы қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі деп саналуға тиіс. Махамбет жырлары өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні, өз тілі, өз арман талабы»

                                                  Мұхтар Әуезов

Бүкіл XIX ғасыр әдебиетінде қимыл мен күрес жырын махамбеттей ғып жырлаған өзгеше ақын болған емес.Алды да, арты да бір өзі сияқты.
                                                  Мұхтар Әуезов

«Махамбет - Абайға дейінгі ақындардың ақыны, Абайдан кейінгі батырлардың батыры,Махамбет есімі – өмірдегі қасіреттің синонимі, өмірдегі қасиеттің символы.Махамбет өлеңі қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті, шығармалары тап – таза қорғасыннан құйылған ап-ауыр асыл сөз, басқа жер бетіндегі елдің өлең жырында жоқ»

                                                          З. Қабдолов

МАХАМБЕТКЕ

О,даланың жолбарысы,

Көкжалы

Өзіңнен бе,

Сөзіңнен бе,

Әйтеуір

Сенен кепті дейді ханның ажалы.

Дұшпаныңнан қайтты кегің,

Қайтты есең.

Айтып сапсың ақиқатты

Айт десе,

Қандай бақыт ақын болып туғаным,

Сені ақын деп білер ме едім, әйтпесе!

Олжас Сүлейменов

1

 

17-18.

2. Жоспар мен тірек ойлар негізінде шығарма жұмысын жүргізу.

Жоспар.

1. «Қара қазан, сары бала қамы үшін...» Махамбеттің асқақ арманы.

2. «Исатай – басшы, мен - қосшы» Махамбет шығармаларындағы Исатай бейнесі.

3. Махамбет – ерлік поэзиясын жасаушы ақын.

 

Шығармаға негізгі тірек болатын ойлар: 

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку – еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай.....

...  Бұрынғы бақыт тайған күн,

Қатарланған қара нар

Арқанын қиып алған күн,

Алма мойын аруды

Ат артына салған күн,

Бұлаңдай ерді кескен күн,

Буулы теңді шешкен күн....

2

 

 

Шығарма тақырыбы: «Зар заман» әдебиеті өкілдері: Шортанбай мен Дулат - 3 сағат

19.

1.Тақырып бойынша мәлімет қарастыру,

ақын-жазушылар мен ғалымдардың пікірін жинақтау.

Эпиграфтар:

     «Зар заман деген XIX ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңінің аты. Шортанбайдың өлеңі ілгергі, соңғы ірі ақындардың барлық күй, сарынын бір арнаға тұтастырғандай жиынды өлең болғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына «Зар заман ақындары» деген ат қойдық. Зар заман ақындарының алғашқы буыны Абылай заманынан басталған, арты Абайға келіп тіреледі. Зар заман дәуірі толық жүз жылға созылады»

                                                     Мұхтар Әуезов

1

 

20-21.

2.Жоспар мен тірек ойлар негізінде шығарма жұмысын жүргізу.

Жоспар.

1.     Дәуір жыршысы

2.     «Заман қайтіп оңалсын...» (ақын өлеңдеріндегі заман бейнесі)

3.     Жұрт қамын жеген азамат ақын

Шығармаға негізгі тірек болатын ойлар: 

Шортанбай ақыннан:

Мына заман қай заман?

Азулыға бар заман,

Азусызға тар заман.

Тарлығының белгісі:

Мұсылманнан хал кетті

Тәңірім болғай демесін!

.... Тәубасынан қазақ жаңылды.

Тұс – тұсынан жау шығып,

Дұшпанға жаман табынды.

... Жамандықтың белгісі:

Ұлың көңілі бір бөлек,

Қызыңның көңілі бір бөлек,

Өзіңнің көңілің бір бөлек.

Дулат ақыннан

...Сауыр жерден айырылып,

Қазақ елі қаралы.

Сауыр емес, шап болды

Заманға сай адамы.

Қу заманға сұм басшы,

Сорымызға тап болды...( «Аягөз»)

«Мынау азған заманда

Қарасы – антқор, ханы – арам,

Батыры көксер басы аман.

Бәйбіше – тантық, бай –сараң,

Бозбаласы – бошалаң,

Қырсыға туды қыз балаң.

Нары – жалқау кер табан,

Жырғалаң жоқ, жобалаң.

Ебі кеткен ел болды,

Енді қайда мен барам?»

(«Ақжайлау мен Сандықтас»)

2

 

 

Шығарма тақырыбы:

 «Әбунасыр Әл-Фараби» - 3 сағат

22.

1.Тақырып бойынша мәлімет қарастыру,

ақын-жазушылар мен ғалымдардың пікірін жинақтау.

Эпиграфтар:

Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың

 қас жауы.

                                                          Әл - Фараби

Ал Әбу ше?
Кеңге жайды ол қанатын,
Әбуіміз - әрі ғалым, әрі ақын,
Әбуіміз - біздің ұлы бабамыз
Әбу-Насыр әл-Фараби болатын.

                               М. Шаханов "Арман" өлеңі

Отырар Әл - Фараби туған қала,
Таң қалған ол туғанда барша дала.
Бір өзі ғалым, сазгер, тарихшы да,
Дәрігер өз халқына болған шипа

                                                                       ...

Аристотельден кейінгі екінші ұстаз

                                                Шығыс ғалымдары

 

1

 

23-24.

2.Жоспар мен тірек ойлар негізінде шығарма жұмысын жүргізу.

Жоспар.

1. Әбунасыр Әл-Фараби- түркі елінің данасы

2. Әл-Фарабидің қазақ ауыз әдебиетінде алар орны

3.Кейінгі ұрпаққа бере тәлім- тәрбиесі.

 

Шығармадан негізгі тірек ойларды

 теріп алып, жаттау:

Ислам мәдениетін жасауда қазақ жерінен шыққан  көптеген ақындар мен ғалымдардың, ойшылдардың үлесі мол болды.Әбунасыр Әл- Фараби,Әл-Жауһара,Әл-Сығанақи сияқты ғұлама тұлғалар шықты.Ал бүкіл өмірін араб жерінде өткізген Әл-Фараби өз еңбектерін араб тілінде жазуға мәжбүр болды.

Шығыс ғалымдары әл-Фарабиге Аристотельден кейінгі екінші ұстаз деген атақ берген.Табиғат берген қабілетті шығармашылық ізденіспен толықтырып отыру керектігіне көңіл аударады.Ол өзі де  өлең жазған ақын, әлемдік өркениетке зор үлес қосқан ойшыл, ғұлама.

Қашықтасың, туған жер-қалың елім,

Небір жүйрік болдырар жарау деген,

Шаршадым мен,жанарым талды менің,

Шаңыт жолға сарылып қарауменен.

2

 

 

Шығарма тақырыбы: "Абай Құнанбаев шығармаларындағы оқу-білім тақырыбы"-

3 сағат

3

 

25.

1.Тақырып бойынша мәлімет қарастыру,

ақын-жазушылар мен ғалымдардың пікірін жинақтау.

Эпиграфтар:

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы - соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ.
                                           Ахмет Байтұрсынов

Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.
                                                     Мұхтар Әуезов

Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе,
Адалдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге
                                                      С.Торайғыров

«Данышпанның бәрі ақын емес, Ақынның бәрі данышпан емес Абай ақын да, данышпан да болған.»

                                                         С.Мұқанов

Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма.

Абай

Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілдім...

Абай

1

 

26-27.

2.Жоспар мен тірек ойлар негізінде шығарма жұмысын жүргізу.

Жоспар.

1.     «Дүние де өзі, мал да өзі» Оқу, білім тақырыбы

2.     «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» Толық адам идеясы. 

3.     «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» Абай шығармаларының тағылымы.

Шығармаға негізгі тірек болатын ойлар:

... Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оқу оқып, білім алған.

Би болған, болыс болған өнер емес,

Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.

2.     Ынсап, ұят, ар – намыс, сабыр, талап,

Бұларды керек қылмас ешкім қалап.

Терең ой, терең ғылым іздемейді,

Өтірік пен өсекті жүндей сабап.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек.

2

 

 

Шығарма тақырыбы:  "Шәкәрім Құдайбердіұлы – шебер суреткер"- 3 сағат

3

 

28.

1.Тақырып бойынша мәлімет қарастыру,

ақын-жазушылар мен ғалымдардың пікірін жинақтау.

Эпиграфтар:

 «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

                                                                    Абай

Қазақ әдебиетінің бес арысы – Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М.Дұлатов, Ж.Аймаутұлы, М.Жұмабаев білім, жалпы ұлттың руханият саласында ерек еңбек еткен.

 

"... Ондай ақын төртеу. Оның екеуі Ақылбай, Мағауия - Абайдың өз балалары, мұның екеуі де 1904 жылы Абай өлген жылы өлген. Қалған екеуі Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың толық мағыналы шәкірттері".

М.Әуезов

1

 

29-30

2.Жоспар мен тірек ойлар негізінде шығарма жұмысын жүргізу.

Жоспар.

1.     Шәкәрім – Абай дәстүрін жалғастырушы. Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы  үндестік

2.     «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық» Шығармаларындағы азаматтық әуен.

3.     «Шариғат қоса ма екен немерені?!»

4.     «Қалқаман-Мамыр» дастанының  әлеуметтік маңызы.

Шығармаға негізгі тірек болатын ойлар: 

 «Сен ғылымға болсаң ынтық, бұл сөзімді әбден ұқ,

Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенді біле бер...»

 

«...Жүз айтқанмен өзгенің бәрі надан,

Жалыналық Абайға, жүр, баралық!»

                                                         («Жастарға»)

«...Арам жиып мақтанған дәулет емес,

Алдымызда бір күн бар есеп берер»

                                                        («Бай мен кедей»)

2

 

 

Шығарма тақырыбы: "Жыр алыбы – Жамбыл".  (Жамбыл Жабаев шығармалары бойынша ) - 3 сағат

31.

1.Тақырып бойынша мәлімет қарастыру,

ақын-жазушылар мен ғалымдардың пікірін жинақтау.

Эпиграфтар:

...Жамбыл жырлары  теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

                                                         С.Сейфуллин

Жамбыл шығармаларының күші – оның шығармашылығының халықтық сипатында.                                                                                    

                                                               А.Толстой

Ұлы Отан соғысы тұсында көп ұлтты совет поэзиясында Жамбылдан жоғары көтерілген ақын болған жоқ. Даусы күркіреп шықты, жау жүрегіне оқ боп қадалды.

                                                              Ғ.Мүсірепов

1

 

32-33

2.Жоспар мен тірек ойлар негізінде шығарма жұмысын жүргізу.

Жоспар.

1.     «Асқақ Алатаудан жыр асырған» Ақындығы.

2.     «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» Жамбыл шығармаларының халықтығы.

3.     Сатираның садағын тартқан ақын. Сатиралық шығармалары.

4.     Айтыс өнерінің алыбы.

Шығармаға негізгі тірек болатын ойлар:

Жамбылдың 13-14-ке келген кезінде әкесінің үстіне домбырамен келіп, бата сұрауы.
Батаңды маған бер,әке,
Тіліме менің ер,әке,
Жапаның ұлы ақын боп,
Жақсы істепті ... дер әке!

 

Менің пірім Сүйінбай,
Сөз сөйлеген сыйынбай
Сырлы сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай.
Сүйінбай деп сөйлесем
Жыр келеді бұрқырап-
Қара дауыл құйындай

                                       Жамбыл

Жүз жасаған жүркетен,

Жырларымды төгейін.

Көктемнің күніндей,

Жауды жеңіп, күлімдеп,

Келгеніңді көрейін!

Қаһарманым, күнім деп,

Беттеріңнен өбейін!...

                                                   Ж.Жабаев

Қақаған қар аралас соғып боран,

Ел үркей, көк найзалы жау торыған.

Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын, Жамбыл деп қойылыпты атым содан.

                                                           Жамбыл

2

 

 

Шығарма тақырыбы:

М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы

Батыр Баян бейнесі - 3 сағат

34.

1.Тақырып бойынша мәлімет қарастыру,

ақын-жазушылар мен ғалымдардың пікірін жинақтау.

Эпиграфтар:

Не көрсем де Алаш үшін көргенім,

Маған атақ-ұлтым үшін өлгенім.

Мен өлсем де Алаш өлмес көркейер,

Істей берсін қолдарынан келгенін.

                                                      Мағжан.

Мағжан – культурасы зор ақын. Заманнан басып озып, ілгерілеп  кеткен  ақын  болады.Сондықтан  бүгінгі  күннің  бар  ақын- жазушыларының ішінен  келешекке  бой  ұрып,  артқы  күнге  анық  қалуға  жарайтын  сөз - Мағжанның сөзі .

                                                                          М. Әуезов

     Мағжан – сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті. Маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі мұңды зарымен күшті.

                                                     Жүсіпбек Аймауытов

        Қазақ өлеңінің Абайдан кейінгі алыптарының, айтулы алтын діңгектерінің бірі ғана емес, бірегейі – Мағжан Жұмабаев.

                                                         Зейнолла Қабдолов

    Мағжан – қазақ поэзиясының жарық күні. Күн нұр шашса, кейбір «әдебиеттің жұлдызы боламыз» деп жүргендер сөніп қалады.

  Ілияс ОМАРОВ, мемлекет және қоғам қайраткері

1

 

35-36

2.Жоспар мен тірек ойлар негізінде шығарма жұмысын жүргізу.

Жоспар.

1.     Мағжан – нәзік сыршыл лирика иесі.

2.     «Батыр Баян» - Мағжан Жұмабаевтың шоқтығы биік туындысы.

3.     «Баянның батырлығы алашқа аян» Баян бейнесі.

4.     «Көргенде-ақ сұлудың бір қарауынан

Ноянның жүрегінде ұшқын туған» Ноян бейнесі.

5.     «Балдырған бөбек дерлік он төрт жаста-ақ» Қалмақ қызының бейнесі.

6.     «Алайда ар алысқан жүрегімен

Теңізде алысқандай күшті сеңмен» Поэмадағы сезімдер арпалысы. Ашу мен намыс. Ыза мен кек.

7. Поэманың көркемдік ерекшелігі.

Шығармаға негізгі тірек болатын ойлар:

Мен де ой ағытамын қаламыма,

Арқаның көз жіберсем алабына:

Сарыарқа – сары  дария, қиыры жоқ,

Көз болсын, қандай қыран, талады да.

... Баласы алты алаштың Абылайдың

Астында ақ туының табысқан шақ.

Қазақтың батырлары бәрі қыран,

Сонда да бір батыр жоқ Баяндай тап...

 

Сол сұлу сұлу екен атқан таңдай,
Бір соған бар сұлулық жиылғандай.
Торғын ет, шапақтай бет, тісі меруерт
Сөздері – су сылдырлап құйылғандай.
Бір улап көзқарасы, бір айнытқан
Жұлдызы еркелеген сонбей – жанбай.
Лебізі – жібек лебі, жұмақ желі
Кәусардай татқан адам қалар қанбай.

 

Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл қолым емес, кісендеулі
Сондықтан жаным куйіп жанады да.

2

 

 

Шығарма тақырыбы:

 М.Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасындағы» Бақтығұл бейнесі -

3 сағат

37.

1.Тақырып бойынша мәлімет қарастыру,

ақын-жазушылар мен ғалымдардың пікірін жинақтау.

Эпиграфтар:

 «Әуезов үлкен гуманист адам еді. Ол өз халқын, оның биік мәдениетін шексіз сүйетін. өзге халықтың әдебиетін өз халқының әдебиетіндей, терең түсініп, оны құрмет тұтып, үнемі қошеметтеп отыратын».

                                                  Александр Корнейчук

«Мұхтар Әуезов - шақар шабытты және бақытты жазушы»-

                                                           Николай Тихонов

Мұхтар Әуезов – сарқылмайтын, бітпейтін, жасарып, жаңғыратын,өмірдің өзіндей, жапырағы мәңгі жап-жасыл, жалғаса беретін құбылыс..

                                                     Рымғали Нұрғалиев
«Қазақстан үшін Әуезов-екінші Абай»

                                                               Погодин

1

 

38-39

2.Жоспар мен тірек ойлар негізінде шығарма жұмысын жүргізу.

Жоспар.

1. Жазықсыз құрбан

2. Ызадан туған кек.

3. Зұлымдар ордасының ойраны

4. Өз заманының шындығы суреттелген шығарма

Шығармаға негізгі тірек болатын ойлар:

 «...Кескен теректей құлатты ғой мені. Қу жоқшылық бір құлатты. Аямас дұшпан соққы жазасы әпкетті, міне- бар дәрменімді... Нем қалды?...

Қыс бойы ауырған Тектіғұл, міне , бүгін кеуде  жараған арманын айтты.  «Қатын – балам , әке- шешем, аға- жеңгем», демейді, «кегім» ғана дейді ыза кернеген ыза кернеген шер кеуде, шерменде...»

... Бақтығұл «іздейтінім осы » дегендей, көп ойланбастан ,атына жабысқан бойында қаршыға тастайтын аңшыдай қисайыңқырап келіп, боз биенің мойнына қыл арқан бұғалықты тастап кеп жіберді.

... Далада жалғыз жорытқан көк бөріше бар сырын өз ішіне түйіп, тығып келген тіршілік  енді мұны талдырған: «Бағымды  осымен де бір сынап көрейінші. Қозыбақ аулының атаған абақтысыннан құтқарса, осы құтқарар болар ма?- деп, бір байлау жасаған.

... Бақтығұл өз- өзіне: «Желдің арты қай жақтан екенін білген шығарсың!» - деді.

2

 

 

Шығарма тақырыбы:

М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

поэмасындағы ана қасіреті мен аққу қасиеті - 3 сағат

40

1.Тақырып бойынша мәлімет қарастыру,

ақын-жазушылар мен ғалымдардың пікірін жинақтау.

Эпиграфтар:

...Мұқағали  мөлдірліктен, тазалықтан, биік адамгершіліктен  тұратын.
                                              Лашын  Әзімжанова 
Мұраты  мықты  Мұқағали,
Қуаты  мықты  Мұқағали.                          

                                                      Мұзафар  Әлімбаев
 «Балама ақындық  қасиетті  Аруақ, Құдай  берген   шығар.
Мұқағали  жайлы  айтылып  жатқан  жарты

 ауыз  сөздің  өзіне марқайып  қаламын»      

                                  Ақынның  анасы Нағима апа

                    Табиғат

                     Жанымды алсаң,

                    Алшы менің,

                    Бір түйір жерге түскен, тамшы едім.

                    Мұқағали жоғалса қайтер дейсің.

                   Артымда қалсын жерім,

                   Қалсын елім, —

                                                               деген  Мұқағали

Қазақтың қара өлеңі — құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген,

                                                                        Мұқағали

1

 

41-42

2.Жоспар мен тірек ойлар негізінде шығарма жұмысын жүргізу.

Жоспар.

1.     «Бір өлеңі бір елдің мұрасындай» Ақыннның шығармашылық мұрасы.

2.     «Аққулар ұйықтағанда» - асқан шеберлікпен жазылған шығарма.

3.     «Әлдилеп ақ төсіне бермей тыным,

Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын» Поэмадағы көркем сурет пен табиғат сұлулығы..

4.     «Дүние-ау, сен осындай керемет пе ең?!» Ана махаббаты мен аққу киесі.

5.     «Қиын екен қимасың екі бірдей

Көз алдыңнан ғайып боп жоғалғаны» Поэма түйіні.

Шығармаға негізгі тірек болатын ойлар:

«....Алаңсыз аққуымды атпасын деп,

Жатқа да дастарқанды жайдым төрге...»

«...Абыржып ана – көңіл мың ойланды.

Ғазиздің көзінде емес, көңілінде,

Айдын көл астан-кестен лайланды...»

«...Көзі тұнық бейбағың, топ аққуға,

Білмей қалды мылтықтың атылғанын...»

«...Ақ төсек – аппақ айдын, аққу – бала,

Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?...

***

  Cендерге де, маған да бұл поэма мұң тарту  етеді.     Бірақ бір бастап оқығаннан кейін тастай алмай соңына дейін бір-ақ оқисың. Бейне бір басқа күй кешесің. Көкірегінде ән ұялап, жырмен тербелесің. Көз алдыңнан Жетімкөлдің ерке аққуы баласы үшін дүниенің тыныштығын, кереметін бұзып, қасиетке оқ атқан ана бейнесін, ең соңында екі бірдей асылынан қасиетінен айырылған сорлы, зарлы ананы көріп, сен де аһ ұрасың.

                                                Тұманбай Молдағалиев:

М.Мақатаев шығар.жинағы 1991ж «Мұқағали жайлы ойласам»

2

 

 

Шығарма тақырыбы:

 Қ.Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі

 жазушы шеберлігі - 3 сағат

43.

1.Тақырып бойынша мәлімет қарастыру,

ақын-жазушылар мен ғалымдардың пікірін жинақтау.

Эпиграфтар:

«... Қабдеш – тілге аса бай және әр сөздің сиқырлы бояуын жан - тәнімен нәзік сезінетін жазушы»

                                                                Әкім Тарази

***

«Әркімнің туған жері – мысыр шаһары»

1

 

44-45

2.Жоспар мен тірек ойлар негізінде шығарма жұмысын жүргізу.

Жоспар.

1.     «Қабдеш - әр сөздің сиқырлы бояуын сезінетін жазушы»

2.     «Қаздар қайтып барады»- жұртшылық назарын елең еткізген туынды.

3.     Жігері – құш, еті – жүрек (Байтас шалдың бейнесі)

4.     Бұл қаздарды атуға болмайды.

 «Бұлар да жолаушы ғой...»

      5. «О, туған жер. О, қасиетті ата мекен»

Шығармаға негізгі тірек болатын ойлар:

«Күні бой жеткізбей, діңкесін құртқан шыңға ерегесті ме, болмаса «мұндай биікке үнемі көтеріле бермеспін» деді ме әйтеуір, осы арада біраз аялдағысы келді. Аппақ шоқша сақалы желге желпілдеп, сығырайған кәрі көзімен айналаны шолып, қарт жалдың басында бірталай тұрып қалды...»

«...Әйтеуір, қиын асудан өттім ғой, - деді талмаусырап жатып, - жолдың көбі кетіп, азы қалды. Құдай енді екі күндік ғұмыр берсе, көздеген жеріме де жетіп жығылармын...»

«...Я, Құдай, егер бар болатын болсаң, сүйегімді жат өлкеде қалдырма, ең соңғы тілегім ғой, маған енді екі-ақ күндік ғұмыр бер!» деп жалбарынды тағы да...»

«О, туған жер. О, қасиетті ата мекен. Торқадай топырағыңды қия гөр адасқан ұлыңа... Ел шетіне бір жеткізсең, екі дүниеде арманым жоқ деген сертім бар еді. О. Алла, аманат жанымды бүгін алсаң да разымын», - деді тәңірге жалбарынып.

2

 

 

Шығарма тақырыбы: Ш.Айтматов «Найман-ана» әңгімесіндегі көтерілген ғаламдық тақырып - 3 сағат

46.

1.Тақырып бойынша мәлімет қарастыру,

ақын-жазушылар мен ғалымдардың пікірін жинақтау.

Эпиграфтар: 

***

Ана жүрегі – перзенті үшін мәңгі соғады

***

Ақыл-ой – адам өле-өлгенше өзімен бірге болатын жалғыз қазына.

 

«Боранды бекет» романы өмір мен өлімді, қасиет пен қасиетсіздікті, жер-анаға адамдардың қарым-қатынасын, қазіргі әскери полигондағы Найман-ана бейітінің тарихынайтатын писхологиялық роман.
                                                               
Ш.Айтматов

1

 

47-48

2.Жоспар мен тірек ойлар негізінде шығарма жұмысын жүргізу.

Жоспар.

1.     Шыңғыс Айтматов - әлем әдебиетінің көрнекті өкілі.

2.     Мәңгүрттік мәселесі. Және оның әдебиеттегі көрінісі.

3.     Найман-Ана бейнесі.

Шығармаға негізгі тірек болатын ойлар: 

«...жаратқаннан бір-ақ тілек тілеген: мейлі мәңгүрт болсын, мейлі ессіз, ақылсыз пенде болсын, кім болса, ол болсын, әйтеуір, тірі көрсем екен... Бір көрсем –арманым жоқ!-деген»

 

«...Мәңгүрт те болса -өз перзенті, мәңгүрт болғаны- баласының кінәсі емес, тағдырдың салғаны, жойпауыт жаудың қатыгез қара жүректілігі; ал бірақ ана өз балапанын жау қолында құлдықта қалдырар емес...»

2

 

 

Шығарма тақырыбы: «Халық ауыз әдебиеті – халықтың асыл қазынасы» - 3 сағат

49.

1.Тақырып бойынша мәлімет қарастыру,

ақын-жазушылар мен ғалымдардың пікірін жинақтау.

Эпиграфтар:

«Халық немесе тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін, бірақ оның поэзиясы болмауы мүмкін емес», -

                                                                    Белинский
«Халық ауыз әдебиетін білмейінше,
 еңбекші халықтың нағыз
 тарихын білу мүмкін емес»

                                     Алексей Максимович Горький

1

 

50-51

2.Жоспар мен тірек ойлар негізінде шығарма жұмысын жүргізу.

Жоспар.

1.     Халық ауыз әдебиеті – халық өмірінің

шежіресі.

2. Тұрмыс-салт жырларындағы халықтық дәстүр.

3. Көшпелі мәдениет сарқыты

Шығармаға негізгі тірек болатын ойлар:

«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТI — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады. Халық фольклоры мен поэзиясының негiзi сол тайпалар шығарған ертегi, аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр».

2

 

 

Шығарма тақырыбы: «Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең» Тұрмыс-салт жырларындағы ұлттық болмыс көрінісі - 3 сағат

52.

1.Тақырып бойынша мәлімет қарастыру,

ақын-жазушылар мен ғалымдардың пікірін жинақтау.

Эпиграфтар:

  «Тұрмыс-салт жырлары батырлар жырында, ғашықтық дастандарда жиі кездеседі. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу дастанын алсақ, онда тек «жоқтау», «қоштасу», «естірту», «көңіл айту», «жар-жар», «сыңсу» ғана емес, эпоста аса сирек ұшырасатын «сүйінші» жыры да, яғни тұрмыс-салт жырларының түр-түрінің бәрі бар»

                                                                        М.Әуезов

 «Елдің тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпы, түрлі наным-сенімдерге байланысты туған сюжетсіз ұсақ өлеңдерді тұрмыс-салт жырлары дейміз»

                                                             Ә.Қоңыратбаев

1

 

53-54

2.Жоспар мен тірек ойлар негізінде шығарма жұмысын жүргізу.

Жоспар.

1.     Асыл қазына, асыл мұра

2.     Тумысы, тұрмысы тудырған жырлар.

3.     Әдет-ғұрыпқа байланысты туған өлең-жырлар және оның халық тұрмысындағы көрінісі

4.     Тұрмыс-салт жырларының тәрбиелік мәні, танымдық мазмұны

 

Шығармадан негізгі тірек ойларды

 теріп алып, жаттау:

     Тұрмыс-тіршілігі төрт түлікпен тығыз байланысты болған қазақ халқы әр түліктің ерекшелігін де тани білген және оған байланысты көптеген өлеңдер туғызған. Соның бірі – «Малдың баласын сүюі» өлеңі.

Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,

«Ештеңені білмеген момыным» деп.

Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,

«Қараңғыда баспаған қорқағым» деп.

Түйе сүйеді баласын «боташым» деп,

«Жаудыраған көзіңнен тоташым» деп.

Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,

«Тастан-тасқа секірген шұнағым» деп.

Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,

«Тұлпар болар жүгірген жұрыным» деп.

2

 

 

Шығарма тақырыбы:

"Ертегідегі ел арманы" - 3 сағат

55.

1.Тақырып бойынша мәлімет қарастыру,

ақын-жазушылар мен ғалымдардың пікірін жинақтау.

Эпиграфтар:

Қиял ертегісі – адамзат туралы, адам қуаты туралы қасиетті ой ойлаған шынайы үмітшіл әңгіме.

                                                                            М.Әуезов

«...ертегілер бір ғасырдың ғана жемісі емес. Ол – талай ғасырдың, талай тарихи дәуірдің жемісі»

М.Ғабдуллин

1

 

56-57

2.Жоспар мен тірек ойлар негізінде шығарма жұмысын жүргізу.

Жоспар.

1.     Ертегі – халық арманының асылы.

2.     Қиял-ғажайып ертегілер, оның мазмұндық-танымдық сипаты

3.     Хайуанаттар жайындағы ертегілер

4.     Шыншыл ертегілер және оның адамзат мүддесімен сабақтастығы.

5.     Ертегі – ел шежірешісі

 

Шығармадан негізгі тірек ойларды теріп алып, жаттау: 

 

 «...ертегі» деген атау әрі саны мол, әрі алуаны көп шығармалардың тобына арналған жинақты атау болады. Жалпы, барлық ертегілерге ортақ ерекшелік: бұлар қара сөзбен айтылатын оқиғалы көркем әңгіме».

                                                                       М.Әуезов

Халық ерте кезде-ақ әрқашан зұлымдықты әділеттік жеңеді, адам табиғаттың асау сырларын біліп, қолдана алатын болады деп сенген. Жақсы өмірді аңсаған қашықтарға тез жетуді, ғажап күшті болуды, көкке ұшуды, жер асатына түсіп, асыл қазынасын алып, пайдалануды армандаған. Соның бәрі ертегілерге арқау болған.     

2

 

 

Шығарма тақырыбы:

«Айтыс – жыр додасы, сөз барымтасы»- 3 сағат

58.

1.Тақырып бойынша мәлімет қарастыру,

ақын-жазушылар мен ғалымдардың пікірін жинақтау.

Эпиграфтар:

«Ауызша әдебиет ішінде айтыстан көп кездесетін өлең жоқ...Бұл өлеңдер өте көп, көптігі жұрттың бәріне мәлім. Бұл күндері баспаға басылып, ол жазба күйінде жиналып жүрген айтыстардан басқа талай-талай жақсы айтыстардың әлі күнге жазылмай, жиналмай жүргені де толып жатыр. Бұдан айтыс сөз қазақ ескілігінде өте жанды, өте қызулы, бағалы сөз болғанында дау жоқ»

                                                                            М.Әуезов

 «Айтыс – сөз барымтасы»

                                                                            М.Әуезов

 «Айтыс – ат бәйгесімен пара-пар»

                                                                         С.Мұқанов

1

 

59-60

2.Жоспар мен тірек ойлар негізінде шығарма жұмысын жүргізу.

Жоспар.

1.     Айтыс – қазақ халқының төл өнері

2.      «Сөз мәні айта білсе ашылар»

3.     «Біржан-Сара айтысы»-  ақындар айтысының үздігі.

4.     «Ішінен Ер Қаптағай шыққан дара» Сара образы.

5.     «Сайраған Орта жүздің бұлбұлымын» Айтыстағы Біржан образы.

6.     «Киесі, иесі бар өнер»

Шығармадан негізгі тірек ойларды

 теріп алып, жаттау:

«Айтыс- поэзиялық жанр, топ алдында қолма – қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы».

 

«Айтыс- синкреттік жанр, ол тұрмыс- салт жырларынан бастау алып, келе – келе ақындар айтысына ұласқан. Айтысқа осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады».

 

«Айтыс мазмұндық сипатына қарай әдет- ғұрып айтысы, және ақындар айтысы деп жүйеленеді.  Айтыс түрлері: 1. Тұрмыс – салт, бәдік, жар – жар, Қыз бен жігіт,; 2. Ақындар айтысы: дін айтысы, жұмбақ айтысы, жазба айтысы..  Қазақ айтысы жанрлық сипатына қарай түре айтысы, сүре айтысы болып екіге бөлінеді. Түре айтысы- бір-бір ауыз сөзбен қайтарылатын айтыс, сүре айтысы – келелі, кесек ақындар айтысы».

2

 

 

Шығарма тақырыбы:

«Қыз Жібек» жыры - 3 сағат

61.

1.Тақырып бойынша мәлімет қарастыру,

ақын-жазушылар мен ғалымдардың пікірін жинақтау.

Эпиграфтар:

«Қыз Жібек» әңгімесі  көп заманнан бері ел аузында сақталып, жыр болып айтылып келген әңгіме және ол қазақтың романтикалық ғашықтық жырлары ішіндегі бір көркемі, көлемдісі»

                                                                           М.Әуезов

«Төлеген – жырдағы басты кейіпкердің бірі. Ол өзіне тең жар – жолдасқа ескі салт бойынша ата-ананың айттыруымен қосылуды көздемейді. Сүйген жарын өзі таңдап алуды мақсат етеді».

                                                                     М.Ғаблуллин

1

 

62-63

2.Жоспар мен тірек ойлар негізінде шығарма жұмысын жүргізу.

Жоспар.

1.     «Падишадан кем емес, Ер Төлеген бейнесі».

2.     «Айдын көлдің қуындай» (Қыз Жібек жырындағы Жібек бейнесі)

3.     Жырдың көркемдік ерекшелігі.

Шығармадан негізгі тірек ойларды

 теріп алып, жаттау:

  «Қыз Жібек» жыры-идеялық мазмұны, сюжеті, композициясы,көркемдік айшықтары жағынан лиро-эпостық дастандардың ішіндегі үздік туындылардың бірі.

Жырға өзек болған оқиға-Төлеген мен Қыз Жібектің арасындағы шанайы махаббат. Олардың бірімен-бірі табысқан шуақты сәттері де,қайғылы күн кешкен кездері де барынша шанайылықпен өренектелген.

 Дастанда қазақ ауылының көшпелі тіршілігінің сән-салтанаты,Төлегенннің өлім алдындағы әуелгі алты қазбен қоштасқан сәті,Жібектің асыл жары Төлегеннің  өліміне егілген жан азабы ғажап,бейнелі сөз  кестелеріме өріледі.

   Бұл жыр- “ Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырынан кейінгі        әйел теңсіздігі, қыз бен жігіт арасындағы шынайы  сүйіспеншілік сезімді суреттейтін туындылардың бірі.

Төлеген бейнесі:

Базарбай сексен жасқа келген шақта

Тауыпты кіші қатын бір ұғылды .

Оны тапқан қатыны қырық төрт жаста ,

Бала жоқ өзгесінде мұнан басқа .

Періште сипатты бір ұл берді Құдай ,

Жүргенде көзі толып қандай жасқа .

Төлеген деп қойыпты ұлдың атын ,

Құдай артық жаратқан оның затын .

Жібек бейнесі:

Қыз жібектің дидары –

Қоғалы көлдің құрағы ,

Көз сипатын қарасаң-

Нұр қызының шырағы .

Дүр жауһар сырғасын

Көтере алмай тұр құлағы .

Бой нұсқасын қарасаң ,

Бектер мінген пырағы .

2

 

 

Шығарма тақырыбы: 

«Жыраулар поэзиясы – зергерлік сөз тұнығы» - 3 сағат

64.

1.Тақырып бойынша мәлімет қарастыру,

ақын-жазушылар мен ғалымдардың пікірін жинақтау.

Эпиграфтар:

..Тақпақ пен мақал тағы артық,

Суырып салма жағы артық,

Айтады олар ойланбай,

Сыпыра жырау, шортанбай,

Үмбетей мен марабай

Алды – артына қарамай,

Соққанда жырды суылдап,

Жел жетпейтін құлындай.

                                                    Шәкәрім

Бұқар мен тәттіқара жырлағанда

Толқынды тұңғиық боп төгілді жыр.

                                               М.Жұмабаев

1

 

65-66

2.Жоспар мен тірек ойлар негізінде шығарма жұмысын жүргізу.

Жоспар.

1.     «Қайран да менің Еділім...» Жыраулар поэзиясындағы ел, жер мәселесі

2.     «Бір жақсымен дос болсаң...» Жыраулар поэзиясындағы дидактика.

3.     «Бірінші тілек тілеңіз...» Жыраулар поэзиясындағы ел бірлігі мәселесі.

4.     «Таза мінсіз асыл сөз» Жыраулар поэзиясының көркемдігі

 

Шығармадан негізгі тірек ойларды

теріп алып, жаттау:

       «Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің, -ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген қария – Асан. Бұл заман сыншысы сөйлесе, шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді, өзі туған заманның белгілерін қарап, келешек заман  не айтарын болжайды: сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйленеді. Айтпақ жайларын ашып, ұғымды қылып айтып бермейді. Әдейі көмескілеу жұмбақ қып айтады. Жыраудың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да көптің мұңы, көптің жайы туралы, не көпке арналып ақыл, өсиет есебінде айтылады».

                                                                          М.Әуезов

2

 

 

Шығарма тақырыбы:

«Тура би де туған жоқ» -  3 сағат

67.

1.Тақырып бойынша мәлімет қарастыру,

ақын-жазушылар мен ғалымдардың пікірін жинақтау.

Эпиграфтар:

Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.
                                                                           Абай
Мәңгі өлмес, мейлі, заулап көшер заман,
Жиреншедей дария шешен бабам.
Қазыбек, Төле, Әйтеке ердің құнын,
Екі ауыз сөзбен шешкен көсем бабам.

1

 

68-70

2.Жоспар мен тірек ойлар негізінде шығарма жұмысын жүргізу.

Жоспар.

1.Халық ауыз әдебиеті- халықтың асыл қазынасы

2.Шешендік сөздер- сонау Майқы билерден бастау алады.

3.Шешендік сөздердің XXI ғасырдағы рөлі.

Шығармадан негізгі тірек ойларды

теріп алып, жаттау:

Шешендік өнердің қиындығы турлы Бұқар жырау:

...Көш бастау қиын емес-

Қонатын жерде су бар.

Қол бастау қиын емес-

Шабатын жерде жау бар.

Шаршы топта сөз бастау қиын-

Шешімін таппас дау бар,-деп дұрыс аңғарады.Төле би атынан айтылатын толғаулар да аз емес:

Жаңбыр жаумаса,жер-жетім,

Басшысы болмаса,ел-жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз-жетім...

Айнала жиналған халықтың алдына шығып, Қазыбек би бірде былай толғайды:

Өркенім өссін десең,

Кекшіл болма-

Кесапаты тиер еліңе.

Еліс өссін десең,

Өршіл болма-Өскеніңді өшірерсің...

2

 

 

Шығарма тақырыбы:

 «Жұмбақтар- ақыл-ойдың айнасы»- 3 сағат

71.

1.Тақырып бойынша мәлімет қарастыру,

ақын-жазушылар мен ғалымдардың пікірін жинақтау.

Эпиграфтар:

Жұмбақ  дамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді.

                                                                      М.Әуезов

"Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора”

                                                                        Аристотель

1

 

72-73

2.Жоспар мен тірек ойлар негізінде шығарма жұмысын жүргізу.

Жоспар.

1.Ауыз әдебиеті- рухани ұлттық мұра.

2.Жұмақ шешу

3. «Шашудай болып шашылар,

Меруерттей асыл сөз...»

Шығармадан негізгі тірек ойларды

 теріп алып, жаттау:

Жұмбақ ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі.Ол баланы жастайынан қиялдай білуге, табиғатты, қоршаған ортаны бақылап, аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа баулуды көздеуден туған.Жұмбақтардың тақырыбы алуан түрлі болып келеді.Ол көбінесе адамның күнделікті өмірінде кездесетін үй құралдары, төрт түлік мал.

Мысалы: Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

Сақалы жоқ, шашы бар,

Бет-аузы жоқ, басы бар.деген жұмбақтарды бейнелік ұқсастығына қарап табуға болады.

 

2

 

 

Шығарма тақырыбы:

«Қамбар батыр» жыры - 3 сағат

74.

1.Тақырып бойынша мәлімет қарастыру,

ақын-жазушылар мен ғалымдардың пікірін жинақтау.

Эпиграфтар:

***

Батыр туса-ел ырысы

1

 

75-76

2.Жоспар мен тірек ойлар негізінде шығарма жұмысын жүргізу.

Жоспар.

1.Ауыз әдебиеті- талай ғасыр жемісі.

2.Батырлар жыры –ауыз әдебиенің қомақты да асыл мұрасы.

3.Кәмшат бөрік келісіп,

Лақыл, маржан қойды басына....(Назым образы)

4.Жұрт үшін белді буайын,

Асырып белден қуайын... (Қамбар образы)

5.Жырдың көркемдік ерекшелігі

Шығармадан негізгі тірек ойларды

теріп алып, жаттау:

Қамбар батыр туралы жыр-қазақ халқының ұйып тыңдайтын, сүйіп оқитын жырларының бірі. «Қамбар батыр»  жырының нұсқалары көп.Алайда барлық нұсқаларына ортақ нәрсе-эпос қаһармандарының іс-әрекеттері мен оқиғалардың баяндалуының бір-біріне ұқсастығы.Жырдың барлық нұсқаларында Қамбар- кедей, ол өзінің ағайын-жұртын аңшылықпен асырайды.Бастарына ауыр күн түскенше көршілес бай ауылы оны елемейді.Бай ауылдың бойжеткен аруы Назым Қамбардың даңқына сырттай ғашық болады.Ол Қамбардың аңшылықтан қайтар жолына өрмек керіп,оны тоқып отырып батырды тосып жүреді.Алайда батры көпке дейін қызға назар аудармайды.Екеуі екі түрлі әлеуметтен екенін батыр түсінеді.Дегнмен екі жастың арасы барған сайын жақындап, бір- бірін сүйетін дәрежеге жетеді

2

 

 

Шығарма тақырыбы:

«Аңыз әңгіме-даналық көзі» - 3 сағат

77.

1.Тақырып бойынша мәлімет қарастыру,

ақын-жазушылар мен ғалымдардың пікірін жинақтау.

Эпиграф:

   Аңыз – мифологиялық геройлар мен тарихи адамдар жайында айтылатын әңгімелер.

                                                       «Қазақ эпос түркология»

 

Заман толқыны тарихи теңізінің жағалауындағы көркем өнердің, әдебиеттің баға жетпес меруерт – маржандарын қалдырды.

                                                                   М. Әуезов

 

 

1

 

78-79.

2.Жоспар мен тірек ойлар негізінде шығарма жұмысын жүргізу.

Жоспар.

1.Халық ауыз әдебиеті- талай ғасыр жемісі

2.Аңыз әңгіме рухани асыл қазына.

3.Аңыз әңгімелердің тірегі-тапқырлық пен қулық

4. Аңыз әңгімелердің өмірлік маңызы

 

Шығармадан негізгі тірек ойларды

 теріп алып, жаттау:

Аңыз дегеніміз- мифологиялық геройлар мен тарихи адамдар жайында айтылатын әңгімелер.Қазақ халқының оқиғасын шыңдық өмірден алып, ауызша шығарған көркем шығармаларының бір саласы- аңыз әңгімелер.Аңыз әңгімелер- тарихта болған адам атына байланысты туады.Онда халықтың қоспасы болғанмен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады.Олардың өміріне байланысты әңгімелерде ертегілердегідей көп қиялдау кездеспейді....

2

 

 

Шығарма тақырыбы:

«Мақал-мәтелдер- ғасырлар шежіресі»- 3 сағат

 

 

80.

1.Тақырып бойынша мәлімет қарастыру,

ақын-жазушылар мен ғалымдардың пікірін жинақтау.

Эпиграфтар:

«Тегінде мақал-мәтел - қай халықтың да мінез-бітімінің айнасы; ол сол халықтың сөздік қорының байлығы»

                                                      Өтебай Тұрманжанов

1

 

81-82.

2.Жоспар мен тірек ойлар негізінде шығарма жұмысын жүргізу.

Жоспар.

1.Мақал- мәтелдер- ой- сананың айнасы.

2.Мақал- мәтелдердің тақырыптық ерекшеліктері

3.Мақал-сөздің атасы

Шығармадан негізгі тірек ойларды

 теріп алып, жаттау:

Мақал- мәтел, жұмбақтар бір ғасырдың ғана жемісі емес.Олардың алғашқы үлгілері еста туып, өзінің қалыптасу, даму, өсу процесінде талай ғасырмен бірге жасасқан.Бұл жолда әр түрлі қоғамдық, таптық тілектерге сәйкес өзгеріп, жаңарып отырған.   (М.Ғабдуллин.)

    Мақал-мәтелдерден халықтың ой-санасы, дүниеге көзқарасы, ақыл- өнегесі мол көрініс тапқан.

Мақал- мәтелдер ой дәлдігімен, мазмұн тереңдігімен, түр жағынан ықшамдығымен ерекшеленеді.Онда өмірдің сан салалы құбылыстарына баға беріліп, ой түйінделіп, халықтың ғасырлар бойғы тәжіребиесі негізінде пікір айтылады.

Халық терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, шебер беруге тырысады.Сөйтіп, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жинақтап, қорытып береді.

2

 

83-84

Тақырыптық шығармалар жазу

2

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Авторлық бағдарлама. "Олимпиадаға дайындық" (8- сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по маркетингу (тур. агенства)

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

8- сынып оқушыларына арналған олимпиадаға дайындық бойынша құрастырылған авторлық бағдарлама. Бағдарлама 84 сағатқа құрылған. Оқушыны шығарма жазуға үйретеді. Жоспар құрудың дұрыс жолдарын көрсете отырып, тірек сөздерді орынды қолдана білуді қарастырады.Эпиграфты көрсетеілген ойшылдар пікірінен мысалдар келтіріп, оқушылардың шығармашылық ізденісіне жол сілтейді. Сондай - ақ шығарманы дұрыс жаза білу шарттарымен таныстырады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.06.2020 996
    • DOCX 305 кбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сабетова Ольга Геннадьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сабетова Ольга Геннадьевна
    Сабетова Ольга Геннадьевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 63313
    • Всего материалов: 217

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Мини-курс

Современные методики базальной стимуляции и развивающего ухода для детей с тяжелыми множественными нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе