Главная / Школьному психологу / Аутотренинг "Тұлғаның өзіне сенімділігін психологиялық жағынан дайындау."

Аутотренинг "Тұлғаның өзіне сенімділігін психологиялық жағынан дайындау."


Аутотренинг


Тақырыбы: Тұлғаның өзіне сенімділігін психологиялық жағынан дайындау.


Мақсаты:Оқушы бойындағы өзіне деген сенімділігін арттыру, әдемілікті, тазалықты сезіну, жағымсыз қасиеттерден арылту.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды ыңғайластырып отырғызу.

«Аяқталмаған сөйлем» жаттығу.

Бүгінгі күнге сәттілік тілеймін... (сөйлемді аяқтау)

Ыңғайлы отырыңыздар. Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар.

Дене демалады, ал сана-сезім сергиді. Қазір біз сіздермен әлемдегі ең әдемі баққа саяхат жасаймыз..Әдемі аспан ,жасыл желек,көк орман . Аспанға қарап отырмын, -деп ойлаңыздар. Ішіңізден аспанды сезініңіз.Сіздер ең әдемі гүл бағына келдіңіздер.Не деген керемет гүлбағы десеңізші! Осы жерден өзіңізге ұнаған , жаныңызға жақын әдемі гүлді алыңыз. Ол гүл сізге бақыт әкеледі.Сіз осындай керемет гүл бағына келгенде , өзіңізге «арманым орындалсын!»- деп, алғашқы тілегіңізді тілеңіз.Сіздің тілегіңіз орындалады.Сіздер табиғат көркемділігін байқадыңыз.Айналадағы шуылдаған құстардың шырылдаған дауыстары неткен керемет! Сіз көрмеген қызыл-жасыл әдемі көбелектер!

Кенеттен, сіз бір әсем әуенді естисіз. Әуен бағытына қарай ұмтыламыз.Сіз орман ішіне қарап ,зәулім сарайды байқайсыз. Зәулім сарайдың жартылай ашылған есігінен әсем әуен естіледі.

Сіз зәулім сарайдың ішіне кіресіз. Айналаңызды қоршаған төрт қабырғада көркем де керемет суреттер. Сол көркем суреттерді көру үшін Сіз әр қабырғаны жағалап, ұстап көресіз.Айналаңыздағы қоршаған төрт қабырғада көркем де керемет суреттер. Сол керемет суреттерді көру үшін Сіз әр қабырғаны жағалап өтесіз. Ол суреттерде сіздің қиял-ойларыңыз бейнеленген. Бірінші қабырғаға.., екінші қабырғаға..., үшінші қабырғаға..., төртінші қабырғаның соңында Сіз аппақ әрі жұмсақ демалатын жерді байқайсыз. Кенеттен, шаршағаныңызды сезіндіңіз. Сол жерде демалыңыз. Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз.Басыңыздан бастап, аяғыңыздың ұшына дейін... ,енді керісінше, аяғыңыздың ұшынан басыңызға дейін.

Сіздер демалыдыңыздар, жеңілдедіңіздер, жай ғана тұрып, осы бөлмеде ҰБТ-ке байланысты өз қорқынышымызды, үрейімізді, сенімсіздігімізді, барлық кері әсерлерді тастап ,артқа қарамай есіктен шығып, жауып кетеміз.

Сіздер көңілді, қайратты, қажырлысыздар. Сабырлы да салмақты жандарсыздар!

Ешқашан мойынсынба!

Табанды және қайратты болыңыздар!

Мен сіздерге өз қабілеттеріңізді қазір де, ертең де және одан кейінгі күндерде де үнемі жігерлілікпен дамытуларыңызға дем беремін... Сіз мықтысыз, Сіз ақылдысыз ,жігерлісіз. Өзіңізді сезініңіз және солай деп ойлаңыз. Сезініңіз-Сіз сергексіз! Сіз ештеңеден қорықпайсыз! Сіздің күшіңіз көп, қайратты, өзіңізге сенімдісіз! Сізде бәрі де болады.! Сіз шыдамдысыз!

Сіз бәрін жеңесіз!.

Сіз ойыңыздың айқындылығының артқанын, көңіл күйіңіздің жақсарғанын, сезгіштігіңіздің жоғарлағанын сезініңіз.

Өміріңізге жаңа күштердің қосылғанын сезінесіз. Сізде бәрі алда! Сіз таланттысыз! Сіз бақыттың шыңына шығасыз!

Сіз қайтадан гүл баққа ораласыз,табиғат аясындасыз. Шексіз аспан... Сол бақтан өзіңізге әдемі гүлдер теріп алыңыз. Өзіңіз жақсы көретін адамдарыңызға сыйлаңыз.

Ораламыз.

Тамаша... Жұмысымызды аяқтаймыз. Сіз өзіңіз туралы ойыңызды аяқтағаныңызды, өзіңіздің демалғаныңызды сезінген кезде көзіңізді ашыңыз.

Сонымен, әркім қашан көзін ашқысы келсе, сол кезде көзін ашады.

Рефлекция: Оқушы өзінің қандай сезімде болғанын баяндайды.


























Аутотренинг "Тұлғаның өзіне сенімділігін психологиялық жағынан дайындау."
  • Школьному психологу
Описание:

Аутотренинг

Тақырыбы: Тұлғаның өзіне сенімділігін психологиялық жағынан дайындау.

Мақсаты:Оқушы бойындағы өзіне деген сенімділігін арттыру, әдемілікті, тазалықты сезіну, жағымсыз қасиеттерден арылту.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды ыңғайластырып отырғызу.

«Аяқталмаған сөйлем» жаттығу.

Бүгінгі күнге сәттілік тілеймін... (сөйлемді аяқтау)

Ыңғайлы отырыңыздар. Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар.

Дене демалады, ал сана-сезім сергиді. Қазір біз сіздермен әлемдегі ең әдемі баққа саяхат жасаймыз..Әдемі аспан ,жасыл желек,көк орман . Аспанға қарап отырмын, -деп ойлаңыздар. Ішіңізден аспанды сезініңіз.Сіздер ең әдемі гүл бағына келдіңіздер.Не деген керемет гүлбағы десеңізші! Осы жерден өзіңізге ұнаған , жаныңызға жақын әдемі гүлді алыңыз. Ол гүл сізге бақыт әкеледі.Сіз осындай керемет гүл бағына келгенде , өзіңізге «арманым орындалсын!»- деп, алғашқы тілегіңізді тілеңіз.Сіздің тілегіңіз орындалады.Сіздер табиғат көркемділігін байқадыңыз.Айналадағы шуылдаған құстардың шырылдаған дауыстары неткен керемет! Сіз көрмеген қызыл-жасыл әдемі көбелектер!

Кенеттен, сіз бір әсем әуенді естисіз. Әуен бағытына қарай ұмтыламыз.Сіз орман ішіне қарап ,зәулім сарайды байқайсыз. Зәулім сарайдың жартылай ашылған есігінен әсем әуен естіледі.

Сіз зәулім сарайдың ішіне кіресіз. Айналаңызды қоршаған төрт қабырғада көркем де керемет суреттер. Сол көркем суреттерді көру үшін Сіз әр қабырғаны жағалап, ұстап көресіз.Айналаңыздағы қоршаған төрт қабырғада көркем де керемет суреттер. Сол керемет суреттерді көру үшін Сіз әр қабырғаны жағалап өтесіз. Ол суреттерде сіздің қиял-ойларыңыз бейнеленген. Бірінші қабырғаға.., екінші қабырғаға..., үшінші қабырғаға..., төртінші қабырғаның соңында Сіз аппақ әрі жұмсақ демалатын жерді байқайсыз. Кенеттен, шаршағаныңызды сезіндіңіз. Сол жерде демалыңыз. Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз.Басыңыздан
Автор Ойшиева Аля Калкеновна
Дата добавления 10.10.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Конспекты
Просмотров 829
Номер материала MA-061154
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓