Инфоурок Биология КонспектыАқуыздар және олардың қолданылуы

Ақуыздар және олардың қолданылуы

Скачать материал

Әдеп, адамгершілік жөніндегі қағидалар қашан да халқымыздың  өлең-жырларынан, тапқыр, шешендік сөздерінен, ауыз әдебиеті үлгілерінен, бабалар өсиеттерінен тиісті орын алып отырған.

«Адам арын ойлайды , надан дүниеге тоймайды    »,«Ақыл қайрат білімді тең ұстаған – зор болар», «Ойсыз, жігерсіз, білімсіз өмір кешкен қор болар», «Ақылды ұл-білім іздер, ақылсыз ұл-шылым іздер». Осындай адамгершілікке, имандылыққа баулитын нақыл сөздер халқымызда өте көп. «Ақыл тозбайтын тон, білім-таусылмайтын кен». «Бос өткізу өмірді-ақымаққа көңілді», «Ойға-терең бол, өсекке-керең бол».

Халық даналығы осылый тізбектеліп кете береді. Бабалар сөздеріне жөрегінің төрінен орын беріп, халқын, ұлтын сүйген, ана сүтінің құдіретене бас иген, әрбір жан өз тілін, тінін, дінін, ділін қадірлеп қастерлеумен қатар, мейірбан жүректі, жайдары жанды, жібек мінезді, таза рухты, ақылды, парасатты, инабатты, иманды, білімді болса, оның нағыз ел азаматына айналғаны.

Ислам әлемі мен дініміздегі аса көрнекті қайраткер, әрі ғұлама хазіреті Әли өзінің хикметтерінде (маржан сөздерінде): «Даналықтан асқан байлық жоқ, тербиеден асқан мұра жоқ, кеңестен асқан қорған жоқ», - деген екен.

Қазіргі кездегі әке-шешесін, ата-әжесін, туған баласын тастап кету, жетімсірету сияқты қатыгездіктің етек алуына себепші және арақ ішу, есірткі шегу, зорлық-зомбылық, ұрлық жасау сияқты жағымсыз қылықтарға ие жандар қоғамда бар екені рас.Әдептен алыс,жан баласына әрі жат, әрі жағымсыз қылықтарды бойына сіңірген адам адамгершілік қасиеттен де жұрдай. Оның қоғамға, өмір сүріп жатқан ортасына әкелер әлегі,қаупі де зор. «Құдайдан қорықпағаннан қорық»,- дейді дана халқымыз. Иманнан жұрдай кісінің қоғамға да пайдасы жоққа тән.

Қазіргі таңда да тәрбиенің маңызы орасан зор. Тәрбие бесіктегі баладан, еңкейген қартқа дейін қажет. Өйткені, тәрбие болғанда ғана, адамдық қасиетің пайда болып, өмірдегі роліңді біле аласың. Қазақтың батыр тұлғаларының бірі Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпсіз ел болмайды. Тәртіпке  бағынған құл болмайды» деп тәрбиенің маңызын ашып көрсеткен. Біздің аталарымыз да тәрбиенің негізгі мақсатын дап болып, өз өмірлерінде дұрыс қолданғандай сыңай танытады. Бұлай дейтін себебіміз атадан қалған ұлағатты сөздердің түп төркіні осындай тұжырымға еріксіз жетелейді. Мәселен тәрбиедегі әдептілікті мына сөзбен өрнектеген: «Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала». Міне мұнда тәрбиеге көңіл бөлініп қарастылатын ар мәселесін әдептілікке апарып теліп, жоғарғы деңгейге көтеріп отыр. Бізді тәрбиені ар-намыспен байланыстыра отырып, негізгі мақсатқа жетудің жолын тапқан. Осының нәтижесінде өміріне адамдықты ту етіп ұстайтын қанша арыстай ағаларымыз болашақ буын өкілдеріне өшпестей із қалдырған.
Дүние жүзіндегі бүкіл діндер адамзатқа тәрбиеге қатысты әр түрлі ойлар мен әдіс тәсілдер қалдырған. Мысалға, Хиндуларда ең үлкен тәрбие денеге емес, рухқа бағытталған. Олардың пікірінше адамның өлуі, дүниеден арылып Нирванаға қауышуы ең үлкен бақыт болып саналған. Тәрбиенің мақсаты жамандықтан ұзақ болу, қоғамға жақсы адам үлгісін тәрбиелеу болса да олардың бұл әдістері тәрбиені тек руханиятпенен шектеп дүние өміріне маңыз бермеуі, нәпсінен, бүкіл арман және қажеттіліктерінен алыс болуы тәрбиенің мақсатына кедергі болушы еді.

Араб тілінде тәрбие сөзінің үш түрлі түбірін кездестіруге болады.

1. Раба – ярбу: Көбейту, арттыру мағынасына келеді. Рум сүресінің 39-шы аятындағы Раба етістігі, осы мағынада.
2. Раба – ярби: (нәшә), болу пайда болу, бала өсіру, асырау, тәрбиелеу деген мағыналарға келеді.
3. Раба – яруббу: реттеу, арылту, басқару, жауапкершілікке алу, тәрбиелеу деген мағыналарға келеді.
Раб сөзі, тәрбиелеуші, реттеуші, нығмет беруші деген мағынадағы Аллаһ Тағаланың есімдерінің бірі. Бұл сөз Құранда 965 рет айтылады. Сондай-ақ Құранның алғашқы түскен 5-аятында да бар. Құранда ең көп айтылатын, яғни Аллаһ сөзі 2799 рет айтылса, екінші орында Раб сөзі тұрады.

Раб негізінде тәрбие сөзінің түбірі болса да, тәрбиеші сөзінің орнына қолданылады. Сондықтан Құрандағы мағынасы осыны меңзейді. Негізгі мағынада қолданар болсақ бүткіл әлемді тәрбиелеуші Аллаһ екендігі анық көрінеді. Яғни алғашқы әрі соңғы жаратушы, барша әлемді жоқтан бар қылған, Аллаһ Тағала үшін қолданылады.

Сонымен тәрбие сөзі жайында мынадай нәтижеге тоқталсақ болады:

1. Тәрбие іс-тәжірибе білімі, өзіне тән зерттеу жолы бар.
2. Ең ұлы тәрбиеші Аллаһ Тағала.
3. Тәрбиеге, мақсат пен нысанаға жету үшін өзіндік жоспары бар. Бала өскен сайын тәрбие беру жүйесін де өзгертіп отырады.
4. Оның негізгі қайнар бұлағы Аллаһ Тағалаға тірелуі тиіс.

Тәрбиені, басқару, білушінің білмейтінге үйретуі десек те болады. «Алдыңғы буын өкілдерінің кейінгі өкілдеріне ілім-білім мен пікірлерін үйретуі» деп айтқандар да бар.
Тәрбиенің Хз. Пайғамбар (с.а.у.) тұрғысынан қарастырар болсақ, тәблиғ және тұрғызу (аяқтандыру) деген мағыналарға келеді. Осылайша тәрбиенің оқу ісін де қамтитынын айтуға болады. Басқару, мұғалімдікке де келеді. Таблиғ, оқу мен тәрбиені қамтитын термин. Хз. Пайғамбар: «Мен көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім» деп айтуына қарағанда көркем мінезге жетудің жолы десек болады.

Таблиғ жайында ғалымдар былай дейді:

Имам Ағзам (ө.150) Тәрбие тұлғаны тәрбие ететін немесе бұзатын нәрсені білуді білдіреді деген.

Ал Маверди бұл жайында былай деген: «Тәрбие тірекке ұқсайды. Аллаһ ол арқылы ақылды кемелдендіреді. Тәрбие әсемдік, ұрпағын құруға айналғандарды, Аллаһ Тағала тәрбие арқылы көркемдейді».

Зернуси: «Білім, зейінді алатын нәрсе Тәрбие болса, білім мен үкім беру жүйелерін үйретеді» деген. Ибни Сина Тәрбиеге «қандай да бір нәрсені, әдетке айналдырғанша қысқа әрі ұзақ уақыт қайталау» деп анықтама берген.

Атақты тәпсірші, Бейзауи болса, тәрбиені, «Бір нәрсені бірте-бірте дамыта отырып, кемелдікке жеткізу» деп түсіндірген.

Ал Ислами тәрбие, Ислами қағидаларға лайық түрде адам пікірінің дамуы, іс-әрекеті мен мінездің кемелденуі, сондай-ақ, дүние мен ақыретте бақытқа жететін нағыз адамды тәрбиелеу өнері деп айтылады.
 
Өмірде адам баласы тұтынатын, өзінің  өмір бойы азығы  болатын, асыл екі қазынасы бар. Оның біріншісі –материалдық байлық (тән азығы) болса, екіншісі – рухани  байлық (жан азығы). Жан азығы адам баласының жан  қуатын арттырады. Жан азығының негізі - Иман (сенім) Имам -Ислам дінін түткасы. Дін - өте күрделі құбылыс. Ол олем, адам, құдай, алла туралы ғана айтылған көзқарас емес, сонымен бірге калмппіскап өдет-ғұрыптар, рәсімдер, дәстүрлер,қоғамдық өмірдін күрамдас бөлігіне кіретін зат, сот, мораль. құқық кодексі деуге болады.

Ислам дінінің уағыздары тек бір ұлтқа немесе мұсылман халыктарына ғана емес, бүкіл адамзат баласына арналған. Сонымен бірге Құранның өзінде айтылғандай «Дінде зорлау жок» деп Бақара сүресінің. (демек 2-ші сүре) 256 аятында ; айтып өткен (Бұл сүреден біз, дінге зорлап сендіру жок, оған әркім өзінің ойы, білімі, сенімі, ақылымсн  илануы керек деген түсінікті көреміз. Ислам діні, азғындықты баса көрсетіп оның салдарынан өмірге. тіршілікке зиян келетінін айта отырып, туралык, әділдік  істеген дұрыс деп көрсетті. БІЗДІҢ де айтайын деп отырғанымыз, Құран арқылы жастарды дінге жүгіндіру, бағындыру, сана-сезімін, дүмиетанымын діни тұрғыдан қалыптастыру емес, өмірге керекті тәрбиелік мәні бар кағидаларды халықтық тәрбиенің құрамына енгізіп, сол түрғыда дұрыс іске асыру. Ол – білім, көркем  мінез-құлық, акыл, адамгершілік имандылык, достык, бейбітшілік  т.б. қасиеттерді  қалыптастыратын дін. Бұны Бақара сүресінің 251-і аятында жазылған «Алла (Т) адам баласының бірін бірі арқылы қорғамаса жер-жүзі бұзылар еді. Алла, бүкіл әлемге кеңшілік иесі» деген сөзінен көреміз.  Өзіміз көріп отырғандай, бұл сүреде күнделікті ата-ананың бір-біріңе қайырымды  болыңдар, деп айтатын ақынының төркіні жатыр.

Жер беті кең, оған барлық адамдар сияды бір-біріңді қорғап-қолдап жүру керектігін айтады. Солай дей отырып, осы сүренің 263-і аятында: «Көркем сөз және кешірімділік, артынан  бұлдану, кейіту араласқан садақадан жаксы» деп ескерткен. Біреуге жақсылық жасасаң оған бұлданба, кейіме, шын жүрегіңмен жаса, сөз сөйлегенде әдепті бол, сонымен бірге адамдар бір-біріне кешірімді болғаны дүрыс деп уағыздаған.

Құран Алланың Мұхаммед Пайғамбарға түсіргсн кітабы деп берілгсн Кұран  кітабында. Әрине, діни түсінікке толы бұл кітаптан, адамзаттың  өмір сүруіне кажетті өсиет, насихаттар берілген ереже, уағыздарды көруге болады. Ислам дінін зерттеуші ғалым Меһмет Соймсн «Ислам діні... ең соңғы, ақыл, білім, мінез-құлық, бейбітшілік және ереже діні». «...сенім бойынша өмір сүру  діні...» дейді. Осы ойды белгілі тарихшы,  профессор С.Б. Дорженов: «Бұл дін жалған куәгер болуға , екі жүзді болуға, алдау-арбауға мүлдем қарсы. Сонымен қоса өтірік айтпауға, ұрлық жасамауға, темекі тартпауға, ата-ананы кадірлеугс, арақ ішпеуге, денені таза ұстауға, орынсыз дүние-мүлік шашпауға,  өлген адамды кадірлеп-кастерлеп қоюға шақырады»  деп жалғастырады.

Тілі басқа болғанымен, діні бір мұсылман халықтарының алғашқы заң кодексі, ереже тәртібі жазылған жазба ескерткіш - Куран. Қуран өлікке немесе қабір басында ғана оқылатын аяттар жинақталған. Кітап деген түсінік кең тараған, бірақ ол қате. «Тірі жүрген адамдарға оқылатын бір ереже және заң кітабы» деп түсіндірілген Құран кәрімнің түсініктемесінде. Расында да, өсиет уағыздарға толы ,үлкен тәрбиелік МӘНІ, бар аса құнды жазба ескерткіш тірі адамға керек сусындайтын қайнар бұлақ емес пе? Құран араб тілінен аударғанда «оку» дегем мағынаны білдіреді. АТЫ АЙТЫП тұрғандай ілім, білімге  шақырып тұрған Құран 114 сүреден тұрады. Ал сүрелер аяттардан тұрады.  Шығыстанушы, ғалым Ә.Дербісалиев, «айа» (көпше түрі аят) -  керемет құбылыс» немесе «көрініс»-деген мағына береді деп түсіндірген. Ал, Л.З. Рүстемов, «айәт» - «белгі», «ғажайып», «құранның өлең сөзі»- дегенді білдіреді деп  көрсеткен. Құран сүрелерінің барлығы окырман кауымды, адамзат баласын тек жақсылыққа, ілімге, білімге шакырады. Сөзіміз дәлелді болу үшін Күран сурелеріне ден коялык. Бакдра сүресінің 48-ші аятында: «Біреу үшіп ешкім араша түсе алмайтын, ешкімнің кайырымы кабмл болмайтын, ешкімнің болауы етілмейтін жөне оларға жөрдем болмайтын күннсм қоркыңдар». Мағынасына терең үңіле карасак, калайша керемет, орынды айтылған. Бір ауыз сөзбен, ғұлама тарихты, тәрбиені ашып тұр. Адамдар бір-біріне жәрдемдеспесе, карайласпаса, бір-біріне қайырымды, мейірімді, ақ ниетті болмаса, адам баласының басына қатер төнетінін айта келіп «қиямет күні» болатынын есте ұстап, содан қоркыңдар деп ескертеді. Кұран Кәрімде адамның жанына қас қылуға, оның рухани құқтарына шабуыл жасауға тыйым салынған. Мысалы: «Ьіреудін намысына, абыройына, адамгершілігіне дақ түсірстін бейнеде ойнау, мазақтау, сондай-ақ біреуді қорлау, ғайбаттау, жала жабу, күншілдік ісгеу, өсек айтуға тұжырымды түрде тыйым салынсын»   деп, жаман іске карсылык көрсеткен.

Әрине, Құран сияқты өте күрделі шығарманы окып тусіну, оңай шаруа емес. Өйткені сөзі астарлы тархка толы, жатқан шежіре Оны түсіндіріп, оқытып, таныстыру біздердің, атап айтканда педагоктардың. тарихшы, филолог, философ т.б. мамандардың міндеті. Құранның  тәрбиеге байланысгы сүрелеріне тоқтала кетейік: Кұран ең тура жолға бастайды, деп корсетеді Ісра (9) сүресінде. Аманатқа сенімділік және хиянаткерлік туралы Ниса (58) сүресінде «Адамдар арасында билік айтканда әділ болу, аманатты мойынға қарыз кылмай  несіне кайтару» туралы айтылса, Әнфал (27) сүресінде иманды адамдарға « Өздеріне - аманат еткендерге, біле тұрып, қиянат етпеңдер» (43, 74) деп ескертеді. Халкымыздың «Тура биде туған  жок, туғанды биде иман жок.», деп әділдікті шешіп  беретін билерге жоғары баға беруінің төркіні Құран сөзінен көрініп тұр. Мүминун (8) суресінде «Олар (мүминдер) аманаттарын, бергем уәделерін корғаушылар» (43, 292), ал, Мағарыж (32) сүресінде «...берген уәделеріне  қиянат кылмайды», деп, мусылман дініне сенуші адамдар уәдеге берік, алал екеніне токталады, сомымен катар жақсылар мен жамандар туралы: Бақара сүресінің (200, 202, 204, 207); Ынфиттар сүресінің(ІЗ, 14); дәлел (5-12); Бәийіна (6-8) аяттарында айтылады. Ар сактау туралы, Фуркам (68). сүресінле: «Алла тным салғаи істерлі істемейді, накак. қам гокпсйді. тима жаслмайды» (-43, 313) дслінгеи. Осы сүресінің 67-ші аятында: каражат жұмсағанда ысырап  етпейді, сараңдықта жасамайлы, өз жөнімен ғана жұмсайды», деп мұсылман дінін мойындағандар  жамандықка бармайды, әрі  ісін акылмем ойлап, сенімімеп сезіп, сараптап  істейді дейді Сонымен қатар әке-шешеге құрмет етіп бағыну туралы, Ісра (23—25), Ғанкәбүт (8), Лукман (14, 15). Ахкаф (15); Бала тәрбиесі туралы: Бакара (223), Кейф (45). Әнфау (28), Таһа (123), Тағабүн (14, 15), Тахрим (6) сүрелерінде айтылады.Осылайша жеке-жеке сүрелер мен аяттарда адамгершілік-. Имандылык, инабаттылық т.б. мәселелерді жіктеп, талдап көрсеткен.

Қасиетті Құран Кәрім кітабында, адам баласын сорлататын да, бақытқа бастайтын да нәпсі делінген. Атаққұмарлық, мәнсәпқорлық, өркөкіректік, өзін басқадан жоғары санау - нәпсінің түп төркіні дейді. Біз Құранға тек діни уағыз ретінде қарамауымыз керек, адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа, еңбекке, т. б. тәрбиелейтін алғашкы жазба ескерткіші ретінде қарағанымыз жөн. Бұл тұрғыда, белгілі ғалым, Құранды зерттеуші Саййид Муджтаба Мусави Ларидің «Мұсылмандар үшін Құранның кереметтігі - дінн сенімінде, ал зерттеуші ғалымдар үшін ғылыми сенімінде. Жеке тұлға мен коғамды басқарудың ғылыми мазмұны мен мүмкіндігін және дүние танымды ескеретін қабылдау өрістілігі Құранға тән» (49, 91), (орысшадан аударған Б. Ж.) деген ойы Құранның уақытша ғана қолданатын құрал емес, жалпы адамзаттың өмір бойы азығы екенін дәлелдей түседі. Құран терең зерттеуді талап ететін жазба ескерткіш. Оның қозғаған әр мәселесіне дұрыстап мән беріп, әр мәселені жеке-жеке карастырып, оқып, біліп зерттгеуімізді заман талап етеді. Әсіресе, тәрбие мәселесінде Құранның алатын орны ерекше екеніне еш күмән жоқ.

Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін зерттеуде Құран ең алғашқы дерек болып табылады. Құранның өмір сүргеніне XIV ғасырға жуық уақыт өтіпті, осыған карамастан ол өз құндылығын жоғалтпаған, керісінше арта түсуде. Өйткені Құран белгілі бір кезеңге ғана немесе аз ғана топқа арналған өсиет, ереже емес, ол мәңгі жасайтын мұсылмам халқының бәрі бірдей мойыңдайтын заңы, жазба мұрасы.

Құран жолы - білім, ғылым, тербие жолы екеніне оны окып, мазмұнына қанық болған адам еш күмән келтірмейді. Құранның білімге ең тура жолға бастайтынын біз төмендегі келтірілген сүре аяттарынан көреміз. Зүмәр (9, 10) сүресінде: «Білгендер мем білмегендер тең бе? Де, шын мәнінде ақыл иелері ғана үміт ала алады» (42, 459). Сонымен қатар «Жақсылык істегендерге жақсылық бар» деп, тек ақылды адамдар білімді, білгір болатынын айта отырып, тіршілікте жаксылык істеуге адамгершілік ізгі касиеттерді адам бойына сіңіруге шакырады. Н.Өсерұлы Құранның мақсаты: «...ерте заманда арабтар арасында тараған пұтқа табынушылықты түбірімен копарып жоқ ету, олардың имандылық қасиеттерін оятып, жақсы жақтарын, заңдары мен діни ғұрыптарын, жол-жораларын қалыптастыру, сол секілді яһудейлердіц дініне карсы тұру, Алла тағаланың өзі сүйген құлдарын адастырмай тура жолға салу еді» (62. 6) - дейді. Ислам дінінің уағыздары мен ереже, тәртіптері жазылған Құран жолы ақиқат жолы, адам баласын жамандықтан құтқаратын тура жол, дүние жүзінде ең ықпалды, қадірлі өсиет, білім жолы. Тағы да Құран сүрелерінен мысал келтірелік: Мүжадәла (11), «Әй иман келтіргендер, Сендерге жиналыста: «Орын беріңдер» делінсе ашылыңдар. Алла да сендерге кеңшілік етеді. Ал және «Тарқаңдар» делінсе, дереу тарқаңдар. Алла (Т) сендерден сондай иман келгіргендердің, ғылым бергенлердің дәрежелерін көтереді .. (42. 543), деп. тәрбиенің тілалғыштык сиякты, жаксы қасиетінің бірін кереміз. Сондай-ақ Ғалак (I —5) сүресінде окыңдар, ол Мұхаммед Пайғамбарға жіберген алғашқы аят. Оку аса ардақты деп келтірген . Құранның алам баласын дұрыс жолға бастайтынын Ғылымхалда былай көрсеткен «ҚҰРАН КӘРІМ АДам баласы қаншалық дамыса да, заттық рухани бүкіл мұң-мұқтаждарына жеткілікті. Құран: бір сәуле, нұр, білім және туралық бұлағы» (5.1, 15). деп, сонымен қатар«Дініміз, тіршілік, өмір сүру және белсенді түрдс дұрыс істеу діні» (53, 23), дей отырып, Құранның және діннің дұрыс жолға бастайтынын анықтай түседі.
Құраннан кейінгі касиетті кітап - Мұхаммед Пайғамбардың даналық сөздерінің жиынтығы - Хадистер. Бұл кітапта да, мұсылманшылыққа, имандылыққа,білімге, адамгершілікке, инабаттылыққа шақыратын ережелер жинақталған. Әсіресе, имандылықа үлкен мән беріліп, адамзат баласын дұрысты бұрыстан ажыратып, қараңғылықтан құтқарылатын, көркем мінез-құлыққа тәрбиелейтін иманды адам болуға шақырады. Хадистер алғашқы кезде ауызша тараған, кейіннен көптеп жазба түрінде таралып жүр. «Мың бір хадис», Алтай Халифтің «Таңдамалы Хадистер аудармасы»,  Раушановтың «Хадистері» (Мұхаммед Пайғамбардың өзі айтқан өсиеттер һәм оның өмірі мен кызметі туралы). Оқу, білім. ғылым - адам өмірінің, тіршілігінің мәні, мазмұны екенін Хадистерде де анық берген.

Мыса- лы: «Тіпті, Кытайда болса да білім алуға үмтылыңдар, неге дегенде білім алуға әрекеттену - әрбір мұсылманның парызы» (58, 6), деген екен, Мұхаммед Пайғамбар, немесе, «Бір сағат білім уйрену бір кеш бойы құлшылык етуден жақсы, бір күн бойы дәріс алу - үш ай непіл ораза Тұтқаннан жаксы» (58, 7) - деп, білім алуға, дәріс тыңдауға шақырады Хадистердіц тағы бірінде: «Перзенттеріңізге ізет-құрмет жасай отырып - ақыл-әдеп үйрету керегін үмытпаңыздар» (58, 12), деген ескерту жалпы педагогика саласында жеке адамды сыйлау, адамның өзін-өзі сыйлауы принципімен үндесіп жатыр. Сонымен қатар халыктық тәрбиеде кеңінен колданылатын «балаңды беске дейін патшаңдай күт, он беске дейін қосшыңдай жұмса, он бестен кейін құрдасыңдай сыйла», деген халқымыздың даналык, сөзімен де үйлесуде. Ал, мына хадисте: «Бүрынғылар мен кейінгілердің білімін  іздеген кісі Құранды ақтарсын» (68, 106) - деп, білімнің тамыры тереңде жатқанын, оның келешегінің алда екенін көріпкелдікпен айтып өткен. Хадистерде ілім-білімді, біреумен дауласу немесе жұртты аузына қарату үшін емес, жан байлығын дамыту үшін, акыл-кеңес берер - дана болу үшін, қоғамға, ұрпаққа, пайдасын тигізу үшін үйрену керек деп, тамаша айтылған. Хадистер жинағында әрбіржақсы-жаман касиеттерге байланысты гүсінік енгізілген. Әсіресе Мүхаммед Пайғамбардың: «Өзімнен кейінгі қалатын ұрпақтарымды ойласам, үш нәрседен қорқамын:

1. Құлқынның құлы боп, жолдан таюдан.
2.Нәпсіқұмарлыққа салынып, лас істерге ұрынудан.
3.Ілім-біяімі бола тұрып, қараңгы-наданның ісін істеуден» деген сөздері көңілге қонарлық. Шыныменде үшеуі де адам корқатын іс. Бұл сиякты жат кылықтан болашак үрпағын халқымыз бұрыннан-ақ сактандырған. Ар-ұятқа байланысты 13 Хадис берілген. Адамның ар-ұяты, ожданы — адамгершілік, имандылық, қасиеттерін жоғары түрі, дей отырып  Хадисте «Құрре Ибн Ыяс разиаллаһу ғанһүдан: Пайғамбардың жанында ұяттан сөз болды. ...Сахабалар: «Я, расулла! Ұят діннен бе? - деп сұрады. Сонда Хазірет майғамбар: Әрине, тіпті ол діннің тамамы», — деп былай жалғастырады:«Ұят деген нәрсе харамнан сақтану, жүрекке ие бола алмаса да тілге ие болу (ауыз бағу), абырой қорғау (зинадан сақтану) хманнан...» (58, 7), деген екен. «Ұят тұрған жерде иман тұрады» — деген сөз текке айтылмаған. Ар-ұят тұрған жерде әдеп те тұрады. Адмнан ұят кетсе арсыз болады. Арсыз адам әр нәрсеге ұрынады. Көрінгенге тіл тигізеді, ұятсыз адам өзінде ар-ұят болмағандықтан басқаның намысын қорлаудан тартынбайды, деп түсініктеме берген. Гылымхалдада «ар», «ұят» деген ұғымдарға жете назар аударған. «Аламның рухына жабысқан аурулардың бірі де арсыздық, ұятсыздық. Бұл дертке душар болған кісілер, ирадаларына ие бола алмайды. (ирада — ерік деген ұғымда).

Сондықтан олар, әр түрлі жамандықты істеуден тартынбайды. Бұндайлар Алладан қорықпайды да адамнан ұялмайды. Олар әр түрлі адамгершілік қасиеттерден қи сыпырылып хайуандықтың да ең төменгі дәрсжесіне түскен болады. Бұлардың қолынан әр түрлі бұзақылық келеді. Мұхаммед Пайғамбар «Ұялмағаннан кейін қалағаныңды істе» (53, 109-110» деп налыйды! Осы сөздерден арсыздық пен ұятсяздықты адамның рухына біткен дертке теңеу арқылы  олардың адам баласына жараспайтын, өрескел қасиеттер екенін көрсетіп тұрғанын аңғарамыз.«Қасарысу, карарсыздық(екі ойлылық), өте өршелену, тым қорқақтык, дандайсу, ынжықтық, арсыздық, ұятсыздық, өтірікшілік, айлакерлік, аманатқа киянат ету, ызақорлық, көрсе кызарлык, кекшілдік, күншілдік, әуесқойлық және- басқалары сияқты адамның рухани дүниесін меңгеріп алатын ауырулардан тазару үшін: мықты, байыпты, батыдық, нәпсіге ие болу, кішіпейілділік, байсалдылық, ұят, әдеп, туралык. (әділеттілік), ШЫНШЫЛДЫҚ, сенімділік, және осылар тәрізді рухымызды көтеретін қасиетеерге әзімізді әдеттендіруді, адамгершілігімізге байланысты, істеуге  борышты рухани міндеттерден екендігін білуіміз керек» (53, 113), деп түсіндірілген тағы бір хадисте. Ал, бұл ауырудың аузын алу, ата-ананың, үстаздардың, қоршаған ортаның, бүкіл адамзаттың борышы.

Қазақ өз перзентін арын сақтауға, ұяттылыкқа, әдептілікке тәрбиелеген. 12 Хадисте «Ұят пен иман бір-біріне жақын. Егер бірі көтерілсе, екіншісі де көтеріледі. Басқаша айтқанда бірі кетсе, екіншісі де кетеді», деп уағыздаған.

«Ұят» деген ұғымға тоқтала келіп, ұяттың иманнан екенін ескертіп, бірак көп жағдайда дейді Қайкаус: «Шамдан тыс ұяңдық өзіне зиян келтіреді. Әдетте тыс ұялшақ болмаған. Ұялшақтық әр кезде қателесуіңе, себепкер болып, бастаған ісіңе нұқсан келтіреді.

Жаман істерден, өтіріктен, қанағатсыздықтан ұял; тура сөз, ізгі тілек, жақсы бастамадан ұялма. Кейбір адамдар ұяламын деп, ойлаған мақсатьн орындай алмайды. Ұят - иманның жемісі дегендей, жарлылық, та ұялшақтықтың жемісі». Осылайша ұят пем ұялшақтықтың ар қатынасын көрсетеді. Әр нәрседен ұяламын деп, көп нәрседен құр калма дегісі келеді Кайқаус өзінің баласы Гилламшахқа арнап жазған өсиетнамасында. Сөзін аяқтай келе ол «қай жерде ұялып, қай жерде ұялмауды білгенің жөн, кайсысы жақсы болса, соны істеу қажет. Негізінде жақсылықтың бастапқы шарты - ар-ұятты сақтауда, жамандықтың ( бастапкы шарты - ар-ұяттан айырылуда» - , деп тұжырымдайды.

Тәрбие және ислам тәрбиесіне жалпы көзқарас:

Адам тумасынан адамгершілік қасиетке ие болып тумайды. Адамгершілік қасиеттер адамға тәрбие арқылы дамиды. Ендеше адамның жақсы не жаман болып өсуі тәрбиеге байланысты. Сондықтан да ата-ана үшін жақсы адам тәрбиелеп өсірубасты міндет. Бірақ та бұл айтуға оңай болғанымен іске асыру өте қиын.  Себебі уақыт, орта, заман адамға өз әсерін тигізуде. Қазақ халқы соңғы ғасырда тәрбиенің екі түрін басынан өткізді деуге болады. Оның біріншісі қазан төңкерісне дейінгі ұлттық тәрбие блса, екіншісі төңкерістен кейінгі коммунистік тәрбие.Қазақтың ұлттық тәрбиесі негізінде ислам дінінің қағидаларына негізделген имандылық жолы болатын, сондықтан да олар рухани құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қойған.

Ал коммуистік тәрбие болса атеистік саясат жүргізіп, дінді бас қатыратын “апиын” деп, материалдық құндылықты рухани құндылықтан жоғары қойып келеді. Соның кесірінен адамдар құдайға да сенбей заңды да сыйламай өмірдегі басты мақсат тіршілікке, ішіп жеп  бұл дүниенің рахатын көріп қалу деп ұқты. Мұндай тәрбие ақыры аяғында имандылық жолынан тайдырып, моральдық азғындыққа алып келді.

XX ғасыр адамзат үшін ғылым техниканың дамуы, көптеген ғылыми техникалық жаңалықтардың ашылу кезеңі болды. Бірақ та дамуды тек ғылыми жетістік деп ойлауымыз қате. Шынайы даму бұл қоғамдық өмірдегі сүйіспеншілік, құрметтілік және мейірімділік пен байланысты. Сондықтан да тәрбие мәселесі тек мемлекетімізде емес, бүкіл дүние жүзінде ең басты мәселелердің бірі болып отыр.
 
Ислам діні қазіргі таңда тәлім-тәрбие адамдардың бір-бірімен байланыстарының негізі болып отыр. Негізінде ислам діні керітартпалықты емес дамуды мақсат етеді. Шынайы даму иман мен басталады. Иман тек қана Құдайға сенумен шектелмейді.  Нағыз иман жақсы ғамалдарды қажет еттіреді. Егер де адамның Аллаһқа болған иманы қаншалықты күшті болса, иманның жемісі болған жақсы ғамалдар да соншалықты көп болады. Аллаһ тағала Құранның көптеген аяттарында өзіне сеніп жақсы ғамал жасағандардың құтылатындығын және жақсылыққа бөленетіндігін айтады.

Әуелі тәрбие сөзінің анықтамасы мен мақсатына тоқталып өтейін. Араб тілінде “тәрбие” сөзі “раб”, “риба” сөздерінен шыққан. Бала өсіру, асырау, арттыру, көбейту, тәрбиелеу, реттеу, арылту, басқару, жауапкершілікке алу деген мағналарды білдіреді. “Раб” сөзі тәрбиелеуші, реттеуші, нығмет беруші деген мағынадағы Аллаһ тағаланың есімдерінің бірі. Бұл сөз Құранда 965 рет кездеседі. Тәрбиені басқару, білушінің білмейтінге үйретуі десек те болады. Тәрбиені, алдыңғы буын өкілдерінің кейінгі буын өкілдеріне ілім білімімен пікірлерін үйретуі деп айтқандар да бар. Тәрбиені Мухаммед пайғамбар тұрғысынан алып қарайтын болсақ, “теблиғ”(жеткізу), муршид(дұрыс жолды көрсету) мағыналарға келеді.Мухаммед пайғамбардың “мен көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім” деп айтуына қарағанда,  көркем мінезге жетудің жолы десек болады.

Атақты неміс философы Гегель тәрбиенің мақсатын жақсы азамат өсіру деп тұжырымға келсе, Джон Девид тәрбиенің мақсатын адамдарды адамгершілікке қол жеткіздіру деп пайымдайды. Атақты тәпсірші Байзауи болса тәрбиені “бір нәрсені бірте бірте дамыта отырып, кәмелдікке жеткізу деп түсіндірген. Ислам дінінде тәрбиенің мақсатын төмендегідей түсіндіреді. Бақара сүресі 201 аятында “Эй Рааббымыз, бізді бұл дүниеде де және ахиретте де жақсылықтрға бөле және тозақтың азабынан сақтайгөр” делінеді. Бұл аятқа қарайтын болсақ ислам дінінің мақсаты адамды кәміл адам ету, шын ақиқатқа нағыз әділеттікке, шын бақыттылыққа апару болып табылады.

Дүние жүзіндегі бүкіл діндер адамзатқа тәрбиеге қатысты әр түрлі ойлар мен әдіс әсілдер қалдырған. Мысалға , Хиндуларда ең үлкен тәрбие денеге емес рұхқа бағытталған. Олардың пікірінше адамның өлуі, дүниеден арылып Нирванаға қауышуы ең үлкен бақыт болып саналады. Олардың бұл әдістері тек руханиятпен шектеп дүние өміріне маңыз бермеуі, нәпсінен, бүкіл арман және қаеттіліктерінен алыс болуы тәрбиенің мақсатына кедергі болатын еді. Осылайша тәрбие өз мақсатына жетпей нәтижесіз қалатын еді.
Адамды кәмілдікке жеткізу түсінігі тайпаларда түрліше көріне бастады. Мысалға Римдіктерде қиыншылықтарға шыдаған батыр әскер кәмілдікті білдірсе, гректерде дене әдемілігі және мінез-құлық тәрбиенің негізгі мақсаты еді. Яхудилерде қасиеттілігі бар адам кәмілділікті білдірген. Тәурат балалардың қолынан түспейтін, үнемі ұстаздарының мінез-құлық дәрістерін балаларға үйрететін кітабы болып, “балаларды бір қол менжазалап екі қол мен аялау дәстүрі пайда болды. Ежелгі түріктерде тәрбиенің негізі дін еді. Олардың алғашқы діні будда болған. Бұл діннің негізгі дәстүрлері әр уақыт қасиеттілікті жасырып, қателіктерін жариялау сипатта өмір сүру  еді. Адамдарды жақсы көру, басқаладың сенімін мазақтап қорламау еді. Сондықтан да олар қонақ сүйгіш барлыққа бірдей құрметте болатын еді.

Иранның ежелгі діні зердушт діні болған. Тәрбие дәстүрлері де сол дінге негізделген. Жақсылық Құдайы-Хурмуз, жамандық Құдайы-Ахирман деп аталған. Олар Құдайларына жету үшін Ахирманнан құтылу жолын іздестірген.

Европа мен Азия терең қараңғылыққа батқан кезде ислам мәдениеті жарқыраған күн сияқты дүниеге келді. Құран Кәрим адамдарға тәрбие негіздерін Мухаммед пайғамбар хадисі мен баяндады. Осылайша исламда тәрбие ислам дінінің негізін құрады. Жалғыз жаратушысына ықыласпен құлшылық, жаратылысқа Аллаһ үшін қызмет ету бұл діннің негізгі ерекшелігі болды.

Ислам ғалымдары тәрбиені екіге бөліп қарастырған. Жалпы және жеке тәрбие. Жеке тәрбие бұл Аллаһ тағала тарапынан пайғамбарлар арқылы адамдарға үйретілген сенімдер әдемі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Пайғамбарлар дәрігер іспетті адамдардың сырқаттарын айта отырып жақсылықтар игіліктер арқылы емдейді. Ал жалпы тәрбие болса әлемнің ең кішкентай бөлшегінен бастап ең үлкен болмысына дейін құдірет иесінің қолы мен тәрбиеленіп жатқандығын айтады. Жалпы тәрбиеде мәжбүрлілік болса жеке тәрбиеде қалау мен ерік бар. Жалпы тәрбие туралы Құранда ясин сүресінің ең соңғы аяттарында былай делінеді. “Егер ол бір нәрсені қаласа, бол дейді сол сәтте болады. Бүкіл нәрсе оның қол астында. Өмірді де өлімді де жаратқан сол. Еш бір нәрсе оның бақылауының сыртында қалмайды. Бірақ пайғамбарлар арқылы болатын тәрбиеде таңдау құқығы бар.

Ислам тәрбиесінің қайнар бұлағы Құран және хадис болып табылады. Құран мұсылмандардың қасиетті кітабы, шариғаттың негізі, адамзаттың тәрбиешісі. Құранның басты мақсаты адам болмысының жан тәнін кірден арылтып, рухына ғайыптық қанат тағып, жаннатқа лайық ету. Негізінде Құраннан тәлім-тәрбие алған адам рухының бұл дүниесі де жаннатқа ұқсас. Шығыс және батыс зерттеушілері Құранды дүниежүзілік мәдениетте кездеспейтін туынды деп есептейді. Пайғамбарымызға жиырма үш жыл бойы түскен Құранды сахабалар жаттап өзінен кейінгі ұрпақтарға жеткізген. Құран адамдарды татулыққа, ізгілікке теңдікке шақырады. Ислам адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтардан тиым салады. Құран адамгершілікті, сүйіспеншілікті, көркем мінез, руухани және мағыеауи пәктікті, адал еңбек етумен жақсы өмір сүруді әмір етеді. Құранның тәрбиесіне қарай отырып адамның рухани кәмілденуіне қаншалықты маңызы бар екендігін көруге болады.

Баршамызға мәлім кәміл адам өзінің білімділігімен белгілі болады. Коммунистік тәрбие кезінде, білімді кісі тек дінсіз болу керек, өйткені адамның білімі артқан сайын діннің бос екендігін түсінеді деп келінді. Алайда ислам мұсылмандарды дамуға білім алуға әмір етеді. Өйткені жеке адам және қоғам білімменен кәмілдікке жетеді. Адамдарды ғылымға тарту мақсатында Зүмәр сүресі 9 аятында былай делінеді: “Білетіндер мен білмейтіндер еш уақытта бір бола ма? Шындығында ақыл иелері ғана насихат алады”. Исламда адам ақылының дамуына қатты көңіл береді. Ғылым және ақиқатты айғақтар мен дәлелдеуде, исламның рационалдық, ақылға сүйенетін дін екендігіайқын көрінеді. Шын мәнінде де Құран е бір нәрсені дәлелсіз қабылдамау керектігін айтады. Еліктеу арқылы сенуге жол бермейді. Бұған Құранда 250 жерде “Ақылдарыңды қолданбайсыңдар ма?, ойланбайсыңдар ма?” деп айтылады. Ислам ғалымдары Аллаһқа сенуді екіге бөліп қарастырған.Тахқиқи иман және тақлиди  иман. Тахқиқи иман дегеніміз әр бір нәрсенің ақиқатын толық үйреніп, оның дұрыстығын таңдау және оған сену.  Құранда сондай сөзге құлақ салып, сонда оның ең көркеміне ілетесіңдер. Міне солар Аллаһ өздерін тура жолға салғандар. Ал, іне солар ақыл иесі”. Бұл аяттың нәтижесінде әр бір пікірді ойлап, түсініп кейін оларға амал еткендер, міне солар Аллаһ һидаят еткен кісілер деген мағына шығады. Әрине ілім ақыл жәрдемімен жүзеге асады. Сондықтан да Құранда ақылға мән беріліп, оның үлкен нығмет екендігі айтылады.

Сонымен қатар Құранда адамдарға тек діни ғылымдарды ғана үйренуді ғана емес, дүниеуи ғылымдарды да бірге үйренуді әмір етеді. Құран әдеп, ахлақ, этика мәселелеріне кеңірек тоқталады. Қоғамның дамуымен ілгерілеуінде адамның жек мінез-құлықтары маңызды рол ойнайды. Өйткені қоғам мүшесі болған әр бір жақсы мінез-құлықты азаматтың қоғамға қаншалықты пайдасы болса, жаман мінез-құлықты адам қоғамға одан да көп қоғамға зиянын тигізеді. Мухаммед пайғамбардан исламның не екендігі сұралғанда “ислам көркем ахлақ” деп жауап береді. Ислам дінінің негізі де осы болып табылады.

Қазір жыл сайын мешітке келіп, намаз үйреніп, Алла тағалаға құлшылық етушілер де, әр жұма күні өмірден өткен ата-бабалары мен әке-шешелеріне, туыстары мен әке-шешелеріне, дос-жарандарына Құран бағыштатып оқытушылар да көбейе түсуде. Айт жұма күндерінде келетіндердің көптігі соншалық, олар мешіттердің іші мен ауласына да сыймай, көшеде намаз оқуда.

Бұрынырақ өздерін зиялы қауым ретінде санап, бет сыйпап бата жасаудың өзіне салқын қарайтын кейбір бауырларымыз қазір мешітте намаз үйреніп жатыр. Осыдан бір шама уақыт бұрын намазды зейнетке шыққан  соң оқимын деушілер бүгінде Аллаға деген құлшылықты халқымыздың «жас кезде еткен құлшылық  тасқа басқан таңбадай », -деген нақыл сөзін ерте ұғынып,неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым көп сауап жинайтынына көзі жетуде.

Кешегі Кеңес дәуіріндегі 70 жыл бойы атеизммен бас қатырған, Құдайға қарсы қоғамның идеологиясымен суырылған,замандастарымыздың және одан тараған ұрпақтар – жастарымыздың өз діні жайлы білетінінен білмейтіні анағұрлым көп.    «Көп білгеннің» өзі адасумен қатар, басқаны да шатастырып жүргені де жетерлік.
Ай ортақ, күн ортақ, жақсы ортақ, тіліміз, дініміз отақ. Ақыл құсымызды тал түсте адаспай аспандатуымыз азаматтыққа сын. Дініміз-тәрбие кілті. Нағыз мұсылман жүрегі таза, мейірімді жан. Ол рухы күшті, көркем мінез-құлықты, ақыл парасаты бай, иманды және инабатты.

Имам хазіреті Әли (р.а.) өз хикметтерінде: «Ғылым-қымбат мирас, әдеп-жан мен тәннің сұлулығы, ой-пікірі-жарқыраған шарайна»,-деген.
Халқымыз ерте кезде ақ әдепті жоғары бағалаған. Еліміздің қай түкпірінде,  қай  ауылында, қаласында болсын қазақ ұлдары мен қыздарының өне бойынан әдептілік қасиеттері байқалып тұрған және қазір де солай.

Тәрбие процесінің мәні және заңдылықтары

Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Ең алдымен, оның тәрбие мақсатына бағытталған ықпалын көптеген жағдайларға байланысты қиындай түсетін өте күрделі диалектикалық сипатының болуы.

Тәрбиенің мақсатқа бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің бала (мектеп, үйелмен, көше, ресми емес топтар т. с. с) табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы мен ынта-ықыласы, әдеті мен талғамдарының болуы. Сондықтан оқушының ішкі рухани жан дүниесін ашудың қиындығы (оқушылар өздері тап болған жағдайдың себептерін, әрине, біле бермейді) бір педагогикалық ықпал нәтижесінің әр түрлілігінен, баланың қоғамдық мәнінен, өзіне тән әрекеті снпатынан келіп туады.

Тәрбие диалектикасы дегеніміздің өзі сыртқының (объективті) ішкі жағдайдың (субъективті) игілігіне айналатын адам санасының шеңберіне өткізілуі. Келешекте іс-әрекет нәтижесінде көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдык мәні дамудың қай жағдайда жүруіне байланысты қалыптасады. Дегенмен, адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында, оның осы жағдайлардағы нақты орны, катынасы жәнс сол жағдайлардағы іс-әрекетінің сипаты маңызды роль ойнайды. Бұл дамудың әлеуметтік жағдайы деп аталып кеткен. Тәрбие процесінде адамның қоғамдық мәнің қалыптастырудың козғаушы күші деп саналатын бір-қатар қарама-қайшылықтар тән. Олар сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар болуы мүмкін.

Сыртқы қарама-қайшылықтар қоғамда объективті белгіленген ережелер мен баланы коршаған адамдардың тәртібі арасындағы үйлеспеуден көрінеді. Көп жағдайда оқушы өз құрдастары мен ересектердің қоғамдық ережелерге қайшы келетін қылықтарының күәсі болады. Сыртқы қарама-қайшылыққа оқушының өзіне қойылатын талап пен нақты тәртібінің арақатынасы да жатады. Мысалы, үзіліс кезінде мектеп ішінде жүтірме деген талап қойылғанымен, бастауыш сынып оқушысы бұл талапты орындауға әлі дайын емес. Ішкі қарама-қайшылықтарға оқушының талабы мен оны орындауға мүмкіндігінің арақатынасы жатады. Адамның қоғамдық мәнінің дамуындағы негізгі көздерінің бірі қажеттіліктер мен оларды қанағаттандыру тәсілдері арасындағы қарама-қайшылық болып табылады. Қарама-қайшылықтың әртүрлі сатыларынан өтіп, адамның қоғамдық мәні өз дамуында жаңа басқышқа көтеріледі, яғни жана сапаларға, күрделірек міндеттерді шешу дайындығына ие болады. Іс-әрекет пен тәртіптің жетілген тәсілдерін меңгереді.
Тәрбие процессі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын қалыптастыруға, оның қоғамға, адамдарға, өзді-өзінің қатынастарын жасауға және олардың шеңберін кеңейтуге бағытталады. Адамның қоғамдық, мәнінің, өмірдің түрлі жақтарына қатынасының жүйесі неғұрлым аумақты, кең болған сайын, оның рухани жан-дүниесі соғұрлым жазиралы, бай болады. Тәрбиенің мәні-адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендіріп, оның ұжыммен және қоғаммен практикалық қатынастарының жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі педагогикалық міндеттердің төмендегідей   бірқатар мәселелерін шешуді қамтиды:

1.    Педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу. Сөйтіп, оқушылар тәрбиелілігінің  деңгейін анықтауды, оның қоғамдық мәні мен ұжымның дамуын белгілеуді, нақты педагогикалық міндетті бөлуді және қалыптастыруды, оны шешудің жолдарын анықтауды, тәрбиенің құралдары мен әдістерін таңдай білуді т. б. қажет етеді.

2.     Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру. Бұл өзінің мазмұны жағынан педагогикалық іс-әрекетті пайдалы бөліктерге және ықпалдарға бөлудің, оқушылардың іс-әрекетіне педагогикалық басшылық етудің, оқушылар ұжымдары мен шағын топтардың, жеке оқушымен дұрыс қарым-қатынастарды бекітудің, оқушылар тәртібінің әлеуметтік-психологиялық шарттары мен себептерін аңғара білудің, оқушыларға жеке тұрғыда қатынас жасау бірлігінің болуын талап етеді.

3.    Тәрбипелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу. Бұл мазмұны жағынан педагогикалық міндеттерге енгізілген түзетулерді орынды жүзеге асыруды, сыртқы ыкпалдардың қалыпты жағдайға өтуін немесе қабылданбауын қамтамасыз етеді, қоршаған ортаға сай баланы дамыту үшін қажетті материалды таңдап алуды, ұжым мен адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуді, бағыттауды, дамытуды, пайда болатын жеке шиеленістерді жоюды, оқушылар арасындағы достық пен жолдастық қатынастарды нығайтуды, педагогикалық жағдайға байланысты талап логикасын түрлендіруді, өзгерген жагдайларда тәрбиелік ықпал жасаудың бағытын дұрыс ашықтауды және тәсілдерді қайта құруды т. б. талап етеді.

4.    Қортынды есепке алу және бақылау. Мұның мазмұны әдепкі берілгендермен салыстырып, қол жетккен нәтижені талдау, қолданылған тәрбие әдістерінің тиімділік шеңберін анықтау, балалардың дамуындағы және тәртібіндегі ойластырылмаған, қажетсіз құбылыстардың туу себептерін белгілеу, орынды құралдарды, әдістерді, тәсілдерді жинақтау, өз тәжірибесіне енгізу мақсатында басқа мұғалімдердің іс-әрекетін зерттеу, педагогикалық теория мен тәжірибені сәйкестендіре білу деген сөз.

Тәрбие – бұл педагогикалық құбылыс. Олай болса педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелерін қарайық. Бұл жерде кейбір заңдылықтарды атауға болады.

1.    Тәрбие қоғам мұқтаждығына және жағдайын байланысты. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік экономнкалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне,  адамгершілік қасиеттерінің дамып қалыптасуына игі әсер етеді.

2.    Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуына белсенділіктің ролі зор. Іс-әрекет барысында белсенділіктің бірнеше түрлерін байқауға болады.

Олар: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.

Қарым-қатынас белсенділігі арқылы бала жолдастарымен, кейбір адамдармен қарым-қатынас жасайды, өзіне дос іздестіреді, тілектес дос табуға тырысады. Қарым-қатынас белсенділігінің нәтижесінде тұлғаның бойында мінез-құлық қасиеттері (қамқорлық, қайырымдылық, ілтипаттылық, жауапкершілік сезімі т. б.) қалыптасады.

Тұлғаның даму процесінде өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі сапа жағынан ішкі факторға айналады. Оқушы үлгі аларлық сөздермен, ережелермен толтырылған сауыт емес, ол шырақ, оны өзін-өзі тәрбиелеудің аса мейірімділік ынтымақтығымен тұтандыру керек. Демек жеткіншектер тек айналадағы дуниені танып қана қоймай, олар өзіне және өзінің ішкі дүниесіне үңіле қарай білулері қажет, яғни оқушы бір жағынан тәрбие объектісі, ал екінші жағынан тәрбие субъектісі болады.

3. Тәрбие іс-әрекетінің және қарым-қатынастың шешуші ролі. Тәрбие, оқыту және білім беру іс-әрекетіне байланысты, іс-әрекетінің бірнеше түрлері бар. Оларға ойын, оқу еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық саяси іс-әрекеттері т.б. жатады.

Іс-әрекетінің барысында қарым-қатынас іске асырылады. Қарым-қатынас бұл адамдардың зара әрекеттесіп, әр түрлі коммуникациялық құралдардың көмегімен бір-бірімен пікір алысуы. Қарым-қатынас әлеуметтік өмір құбылысы, ол хабарламалық нормативтік және таным процесі ретінде сипатталады. Қарым-қатынас оқушыларды мінез-құлқы, іс-әрекеттері, білім, әдебиет, өнер, қоршаған орта туралы, мол хабарламалармен байытып, ой-өрісін дамытады.

Қарым-қатынасты нормативтік процесс тұрғысынан қарастырсақ, оқушылардың қарым-қатынасы белгілі нормалар жинағымен реттеледі. Ол нормаларды қоғам реттейді. Қоғамдық нормалардың көзі-идеология, қоғамның әлеуметтік-саяси және экономикалық практикасы.

Қарым-қатынас - таным процессі. Таным және қарым-қатынас өзара байланысты, мұны оқушылардың іс-әрекетінен көруге болады.

4.     Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу.

5.     Педагогикалық процесте ұжым мен жеке адамның өзара байланысы. Оқушы тұлғасын қалыптастырудың негізгі көзі ұжым болады.

Көрнекті педагогтар бұрынғы Кеңес одағының Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. Д. Сухомлинский және қазақтың тұңғыш ағартушысы Ы. Алтынсарин ұжымдық қатынастарды қалыптастырудың теориялық негіздерін жасады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы қарым-қатынас -ұжымның даму процесі. Педагогикалық процесте ұжымның басты борышы - әрбір адамның түлеп өсуіне қамқоршы болуы тиіс. Тәрбиенің ерекшелігі, оның ұжымдық бағытта іске асырылуында, өйткені тәрбие екі жақты, бір текті процесс.

Міне, осы тұрғыдан жаңашыл мұғалімдердің тәрбиешілер мен балалардың бірлесу іс-әрекетінің идеясы шығармашылық ынтымақтас-тықтың шешуші шарттарының бірі болады. Сонымен тәрбие мазмұны қоғамның әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайын бейнелейтін міндеттерге тәуелді. Әрбір тәрбие жұмысына дайындалу үшін ең алдымен олардың мақсаттары мен міндеттерін нақты ойластырып, анықтаған жөн. Мақсатсыз тәрбие жақсы нәтиже бермейді. Өйткені тәрбие әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір баланың және ұжымының ерекшеліктерін еске алып, мұғалім тәрбие жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен окушылардың іс-әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.
 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ақуыздар және олардың қолданылуы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Қызық сөздер» ойыны. Мақсаты: логикалық ойлау деңгейін жетілдіру, сөз мағынасын түсіндіру . Ойын шарты: Мына сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздердің теріп жазу. Сөз мағынасын тусіндіру.Қолқанат Ішік ЕсекТымақ Қыран Балта Нағашы Шұлық ҚысымТүс Балта Ұршықмысалы: Ішік – кішіОрыс педагогы В.А. Сухомлинский: «Ойын - баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін де емес» - деп айтады.Ойын - балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Ойын мен ойын әрекеті мазмұны, әлеуметтік сипаты жағынан баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты.Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рөлдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Ойын – қоғам тәжірибесін қайта құруға және қабылдауға бағытталған.,бір шартты жағдайдағы қызметтің түрі.Сол бойынша өзін-өзі басқарады,тәрбиелеу жетіліп қалыптасады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 198 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Лабораторная работа "Наблюдение клеток растений и животных под микроскопом на готовых препаратах»
  • Учебник: «Биология. Общая биология (базовый уровень)», Сивоглазов В.И., Агафонова И.Б., Захарова Е.Т.
  • Тема: 2.9. Прокариотическая клетка
  • 03.01.2021
  • 1099
  • 18
«Биология. Общая биология (базовый уровень)», Сивоглазов В.И., Агафонова И.Б., Захарова Е.Т.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.03.2020 286
    • DOCX 36.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алферова Галина Максимовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алферова Галина Максимовна
    Алферова Галина Максимовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 94148
    • Всего материалов: 217

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 455 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 164 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания биологии в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 806 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 556 человек

Мини-курс

Современные вызовы педагогической профессии: развитие профессионализма педагогов в контексте улучшения качества образования

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные практики по работе с тревожностью

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 112 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 51 человек